Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректордың блогына қош келдіңіз!

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
 
Ректор блогы университет студенттерімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер сұрақтарыңызды қойып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және үнемі талқылау университет басшылығының жемісті жұмысына көмектеседі.
 
Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.
 

Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

 
 
Электронды пошта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz
 
 
Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы оқу жылы бойы әр айдың 1-ші және 3-ші жұмаларында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
16-08-2022 13-54-29   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Тасболатова Махаббат

Сұрақ № 6510
Сәламатсыз ба менің қызым осы жылы 2 курс студенті. Бүгін естіп отырмыз екінші курс студенттеріне жатақхана берілмейтіндігін. Мен екінші топ мүгедек жұмсықа жарамсызбын. Әкесі қайтыс болған. Мен алатын жәрдемақыма 50мын тг тамақ аламынба, үй квартпалат толеймін әлде қызыма квартираға толеймін ба. Бірінші курс көп түсті биыл ешкімге берілмейді деп айтты дит. Неге университет толық қамтамасыз етпейжі жатақханамен. Сонда мен нестеуім керек
Жауап:

Құрметті ата-ана! Білім алушы, яғни қызыңыз жатақханадан орын алуы үшін «Univer» жүйесі арқылы өтініш беруі тиіс. Өтінішті әр институт жанынан құрылған арнайы комиссия құрамы қарастырып, шешім шығарады. Жатақханадан орын беру критерийлерінде студенттердің әлеуметтік, денсаулық жағдайы ескерілетінін мәлімдейміз. Рахмет! 

15-08-2022 13-41-01   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6509
добрый день еще раз на счет своего брата писала ранее, так и не ответили Әлімбеков Әлімжан сдавал на физкультурный ????пришел отказ хотя у него высокие баллы, 120 баллов, 30 из 35 творческий экзамен???
Жауап:

Здравствуйте! За подробной информацией по вопросам приема документов просим обращаться к сотрудникам Приемной комиссии. Контактные телефоны: 8 727 291 57 68; Call-центр: 8 727 221 85 14.
В Абай университет можно подать документы онлайн по ссылке https://abiturient.abaiuniversity.edu.kz. На сайте представлена подробная информация об образовательных программах бакалавриата, магистратуры и докторантуры.
 
 
15-08-2022 10-21-13   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6508
Добрый день уважаемый ректор хотели обратиться к вам, потому что другого выхода не видим, телефон приемной комиссии бесконечно занят, коллцентр тоже, либо тупо не поднимают, мой брат сдал документы на грант, набрав 120 баллов, творческий из 35,набрал 30, пришло письмо об отказе, почему отказ? он окончил с хорошими успехами Алматинскую спортивную школу, выбрал Ваш универ, хочет и желает учиться, он из многодетной семьи,он из ВКО Тарбагатайский р-н, до какого подать на аппеляцию? и тд, кто нам уточнит, беспредел какой то, проходной сколько должно быть на грант, он сдавал на физкультурный,? и сейчас он находится в районе, а не в Алматы, чтобы не упустить время даже не можем дозвониться и тд?!
Жауап:

Здравствуйте! Ваш вопрос направлен руководителю Приемной комиссии Нурмахану Ауесбековичу. Он свяжется с Вами. Контакты - 8 727 291 57 68; Call-центр: ​ 8 727 221 85 14. Спасибо!

13-08-2022 15-22-35   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Серикжан Ерасыл

Сұрақ № 6507
116 балмен дене шынықтыру мұғалімі жалпы конкурстан өте алмадым. Ректорлық грант қарастырылған ба? Қарастырылса, қай уақытқа дейін тапсыру керек
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Ректор гранты қарастырылмаған.Ақылы оқитын білім алушыларға бірқатар жеңілдіктер қарастырылған.Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін қабылдау комиссиясының қызметкерлеріне хабарлассаңыз болады. Байланыс телефондары: 8 727 291 57 68; Call-центр: 8 727 221 85 14.

12-08-2022 00-09-17   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6506
Саламатсыз ба
Мен 4 курс студенті едім
Срогым октябрде окуымды 1 семестрін онлайн окысам 2 барып офлайн окысам болама академический отпуск алмаяк ,группада 3студентпіз .
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Оқу үрдісіне қатысты сұрағыңыз бойынша толық ақпаратты директорат басшылығынан алсаңыз болады.

11-08-2022 16-26-48   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6505
Сәлеметміз бе, "Қазақстан халқына" қорынан бөлінетін грантқа өтініш қалдырған едім! оның жауабын кімнен білсем болады?
өтініш қалдырған студенттер кімге хабарласса болады? универге келіп құжаттарды тапсырумыз керек пе?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Білім грантына үміткерлер:

1) ЖОО-на күндізгі оқу түрі бойынша талапкерлер (оқу орындарының тізбесі Қордың сайтында орналасқан) бакалавриат бағдарламалары бойынша конкурстық негізде қабылданады.

Бұл ретте Қор ЖЖОКБҰ-ға өтінімдер қабылдауды және конкурс өткізуді жүзеге асыру құқығын қалдырады.

2) ЖОО студенттері қатысушыларды іріктеу критерийлеріне сәйкес бакалавриат бағдарламалары бойынша күндізгі оқуды жалғастырады. Қордың грантына (стипендиясына) үміткер студенттерді іріктеу жүргізіледі:

- "Taiburyl" қоғамдық бірлестігі арқылы (сайтта грантқа өтінім қалдыра аласыз);

- "Эндаумент КАЗГЮУ" корпоративтік қоры (КАЗГЮУ студенттерін іріктеу үшін).

Төмендегі критерийлер бойынша студенттер қатыса алады:

- мүмкіндігі шектеулі, оның ішінде мүгедек болып табылатын студенттер;

- жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз Кәмелетке толғанға дейін қалған студенттер;

- ауылдық жерлердегі аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттер;

- 1 және 2 топтағы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған толық емес отбасылар қатарындағы студенттер;

- ата-анасы/ата-анасы 1 және 2 топтағы мүгедектер болып табылатын студенттер.

Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпаратты "Қазақстан халқына" қорының сайтынан білсеңіз болады. Рахмет!

09-08-2022 11-38-11   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Ата-ана

Сұрақ № 6504
Салематсыздарма университет ректоры және университет ұжымы! Менің қызым осы университтің 2 курс студенті еді.Сіздерден сұрайын дегенім жатахана беріледі ме екен 2 курс студенттеріне.Былтыры 1-ші курста 2 семестрде алып еды, бірақ келесі жылы болмайды деп ескертті деген.Енді сабақ жақындап қалды сабаққа барғанда қайда орналасар екен деген ой мазалап тұр.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Оқып жатқан институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына хабарласуыңызға болады.

05-08-2022 08-27-04   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6503
Сәлеметсіз бе. Басқа ЖОО-дан ауысып келушілерді қай уақытқа дейін қабылдау жүреді?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысу жолдары бойынша ақпарат алу үшін «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының мамандарымен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291 64 97, centr.shapagat@mail.ru.

04-08-2022 19-05-57   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6502
Салеметсизбе! Мен сизгден сурайын дегеним не себепии лето окып жауып болгандарга стипендия туспи жатр жанеде биз 7 ай бойы стипендиямыз отырык брак осы коктемдик семестирде лето калгандарга 3 айдын стипендиясы тусти не себепти бизге тиесили акша туспи жатыр?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сіздің стипендияңыз бүгінгі күнге дейін барлық өзгерістері енгізілген 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 Жарлықтың негізінде есептеледі. Мемлекеттік стипендияларды тағайындау және төлеу тәртібі осы қаулының 4-тармағына сәйкес жүргізіледі, яғни мемлекеттік стипендия аралық аттестаттаудың (емтихан сессиясының) нәтижелері бойынша "өте жақсы", "жақсы" бағаларын алған, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстырылған студенттерге, интерндерге, магистранттарға тағайындалады. Мемлекеттік стипендия аралық аттестаттаудан (емтихан сессиясынан) және каникулдардан кейінгі келесі айдың бірінші күнінен бастап академиялық кезең, аралық аттестаттау мен каникул аяқталатын айды қоса алғанда, оның соңына дейін ай сайын төленеді. Бітіруші курстардың білім алушыларына мемлекеттік стипендия білім беру ұйымдарын бітіруіне байланысты оқудан шығарылған күніне дейін төленеді.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, қысқы сессияның қорытындысы бойынша стипендия 01.02.2022 ж. бастап 31.08.2022 ж. дейін, жазғы сессияның қорытындысы бойынша 01.09.2022 ж. бастап 31.01.2023 ж. дейін тағайындалады.
04-08-2022 15-00-06   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6501
Құрметті Дархан Нұрланұлы Сізге инфрақұрылымды дамыту департаментінің аға маманы Ғайни Есентайқызы Ахатаева апайдың үстінен шағым айтайық деп едік.
Сізге барлық орын алған жағдайды басынан бастап баяндайтын болсақ, біз яғни филология факультетінің алты студенті 29.07.2022ж.тұрып жатқан пәтеріміздің тұру мерзімі аяқталуына байланысты және де 31.07.2022ж. үйімізге қайтуға ұшаққа,поездқа билет алып қойғандықтан екі күнге баратын жеріміз болмай кеш арасында далада қалғандықтан өзіміз жатқан №3жатақханадан пана сұрадық.Біз жатақханаға заттарымызды көтеріп кешке қарай бардық. Сол күнгі вахтада отырған Ұлбала апай мен сендерді кіргізе алмаймын, жатақхана меңгерушісі Ардақ апайларыңа хабарласыңдар деп айтты.Біз вахтаның жанында тұрып Ардақ апайға хабарластық ол кісі қыздар мен өзім еңбек демалысындамын сендер барып Шыңғыс Нұрланұлынан рұқсат алыңдар деп айтты.Біз рұқсат сұрайқ деп барсақ жұмыс уақыты аяқталуына байланысты ол ағаймен жолыға алмадық. Содан бәріміз жатақханаға келіп өтініп рұқсат сұрадық. Ардақ апай жарайды екі күн қоныңдар бірақ өтініш жазып Ұлбала апайларыңа беріп қойыңдар деп айтты,біз жазып өткіздік.Жұма 29.07. күні тыныш қонып шықтық. 30.07.вахтаға Қадиша апай келді сол кісінің кезекшілігінде жатақханада келеңсіз жағдай орын алды.Біз қыздар болып таңертең ертемен жолға шығатын болғандықтан кейбір қыздар ұйықтап жатқан кейбір қыздар жолға дайындалып жатқан сол мезетте түңгі сағат 2.30.шамасында терезені қолымен итеріп ашып жіберіп бөлмемізге қолында ақ парақтары,қаламы бар бір әйел кісі секіріп кірді де жүгіріп барып светті жағып жіберіп қане тез тұрыңдар неге жатырсыңдар деп қолына телефонын алып жіберіп видеоға түсіре бастады.Ол жерде ұйықтағанда киетін киіммен жатқан қыздар да болды.Сендер мені видео,фотоға түсірмеңдер әкеліңдер телефондарыңды, түсіретін болсаңдар ертең заңға тартыласыңдар,оқудан шығартқызып жіберемін деп қоқан-лоқы көрсетті,дөрекі сөздер айтты.Біз мүлдем қатты шошынғандықтан мән-жайды түсінбей тұрып қалдық.Қолында алып келген ақ парағын бәрімізге таратып беріп барлығың да менің айтқанымды жазасыңдар жазбасаңдар осы университтетте әрі қарай оқуларың екі талай деп айтты.Біз ол кісіге айттық апай сіздікі дұрыс емес біріншіден сіз терезеден кіріп тұрсыз,екіншіден сіз өзіңіздің кім екеніңізді таныстырмадыңыз бұл қалай болғаны біз не үшін сіздің айтқаныңызды жазуымыз керек біз қалай бар солай жазамыз деп айттық және де солай жазып бердік.Содан кейін барып өзінің кім екенін,қандай қызмет жасайтынын айтты.Ал келесі бөлмедегі қыздарды қорқытып өз айтуымен жаздырып алған.Ол кісі мен қонақтан келе жатырмын жатақхананы қарауға,кез-келген уақытта келуге құқығым бар деп айтты.Ол кісі ішімдік ішіп алған, жағымсыз иіс шығып тұрды.Және де ұйықтап қалған Жансая деген қызды жұлқылап тұр-тұр түсініктеме жазасың деп айтты ,ол қыз мән жайды түсінбей ұйқысын аша алмай отыр еді сен немене массың ба ішіп алғансың ба деп қатты-қатты сөйледі.Содан әрлі-берлі жүріп терезеден секіріп шығып кетті.Терезені жабайық деп қарасақ қолына сіріңке ұстап алған бес-алты ақ парақты өртеп тұр. Апай не істеп жатырсыз қағаз жақпасаңызшы өртенеді деп айтсақ мен кілтімді жоғалтып алдым жарық болсын деп жағып кілтімді іздеп жүрмін деді.Ол апайдың іс-әрекеті бір түрлі болды. Дархан Нұрланұлы Сізге жеткізгіміз келіп тұрғаны департаменттің аға маманымын деп түңгі кез-келген уақытта терезеден кіріп шыға беруге құқығы бар ма? Ол кісінің сол түнгі іс-әрекетін дәлелдейтін фото,видео айғақтар бар.
Филология факультетінің студенттері: Ермекқызы Аяулым,Тілеуханова Мерей,Турдақын Мерей,Хайруллина Альбина,Күнібек Жансая.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Хатыңызда аталған мәселелер назарға алынды. Инфрақұрылымды дамыту департаменті Инфрақұрылым қызметінің аға маманымен өз қалауы бойынша еңбек шартының бұзылуына байланысты өтініште көрсетілген мәселені қарау мүмкін еместігін хабарлаймыз.​ Сонымен қатар, қазіргі уақытта Университеттің ішкі жағдайына сәйкес іс-шаралар өткізіліп жатқанын атап өтеміз.​ Рахмет!

03-08-2022 14-31-14   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6498
Добрый день.

По поводу курса ПЕРЕПОДГОТОВКИ ПО СПЕЦИАЛЬНОСТЯМ, сегодня получили Некорректный сертификат, ошибка в переводе ФИО на русский язык. Выдала Байғұтты Альфия Қайратқызы, ссылаясь что данные взяты с НОБД, ей выдали так и т.д.

Насколько мы знаем паспортные данные НОБД берётся с первоисточника как ЦОН, при выяснений обстоятельств Байғұтты А.Қ. сказала, что будут переделанны в пятницу и т.д.
Често говоря мы устали от этих завтраков, который говорится завтра и завтра.

С данного курса у 5 участников не правильны ФИО.

Согласно статье 20 Закона Республики Казахстан от 11 июля 1997 года № 151-I «О языках в Республике Казахстан» написание личных имен, отчеств, фамилий в официальных документах должно соответствовать законодательству и нормативным правовым актам Республики Казахстан.

Просим принять во внимание и ответить в письменном виде.

Регистрационный номер сертификата №31.

Контекст официальный документ означает документ, который выписывается государственным органом.
Жауап:

Здравствуйте! По разъяснению ситуации дано поручение ответственным лицам. Для получения информации просим обращаться к проректору по академическим вопросам Мактагали Абдимажитовичу. Тел.:8 (727) 293-81-53.

02-08-2022 16-27-13   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6497
Салеметсиз бе?!Кайырлы кун!Мен Казнпу-нин 2022 жылгы тулеги боламын.Биз дипломды маусым айынын басында алганымызбен студенттер тизиминен али кунге дейин шыгарылмаппыз.Арада уже 1 айдай уакыт отти.1 айдын ишинде жумыска туру ушин бир емес бирнеше конкурска «студенттер тизиминде» тургандыктан катыса алмай калып отырмыз.Не себеп екенин ешким накты жауап бермейди.Не себепти ешким накты жауап бермейди?Барлык университет студенттери уже студенттер тизиминен алынып тасталган.Не ушин Казак улттык университет студенттери не ушин али студенттер тизиминде тур?Осы маселени тез арада шешип берунизди сураймын.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз бойынша жауапты тұлғаларға тапсырма берілді. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс деректері: 291-13-71, 291-16-65, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!

 
02-08-2022 00-16-05   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6496
Сәлеметсізбе менің сіздерге өтінішім жане сұрағым бар еді.
Менің келіншегім сіздерде оқып қызыл дипломмен оқуын аяқтады. Ендігі мәселе жұмысқа кіре алмай отыр себебі сіздерде әлі күнге студент ретінде тіркеуде тұр. Сол тіркеуден тез арада алып тастауға көмек бере аласыздарма.
Сұрағым неге әлі күнге бітірген студенттерді тіркеуде ұстап тұрсыздар?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Хатыңыз жауапты тұлғаларға жолданды.Сұрағыңыз бойынша ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс деректері: 291-13-71, 291-16-65, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!

01-08-2022 16-02-42   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6494
Сәлеметсіз бе, мен 2021жылы оқу бітірдім. Қазір балам 1жаста әлі жұмысқа шыққан жоқпын. Осы жылы да декреттемін, мендегі мәселе, егер мен осы жылы да жұмысқа шықпасам маған гранттың отработкасын өтеу
мен грант ақшасы туралы қағаз келе ма? Әлде декретте болған соң босатыламын ба. Документ өткізу керек болса, қайда өткіземіз цонға ма әлде Мансап орталығына ма?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс деректері: 291-13-71, 291-16-65, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!

30-07-2022 12-31-54   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6493
Салеметсиз бе.
1-ши сурак: 4 Курска коштим. Кыркуйек айында Сабили болатыныма байланысты уакытша онлайн, немесе белгили бир уакыт аралыгында демалыс алу жагдайы карастырылган ба?
2-ши сурак: 1 жаска дейин баласы бар жас аналар дипломдык жумыс жазады ма? Кандай женилдиктер карастырылган? Осы жайлы айтып жиберинизши. Накты жауап ала алмай журмин.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Біріншіден,Сізге Академиялық демалыс алу керек. Екіншіден, үш жасқа дейін баласы бар студенттерге дипломдық жұмыс орнына кешенді емтихан тапсыру қарастырылған. Қосымша ақпаратты директорат басшылығынан алсаңыз болады. Рахмет!

30-07-2022 02-45-27   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6492
Саламатсыздар ма! Қоятын сұрағым дорожка қашан түседі екен?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасына хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 2913754.

29-07-2022 17-26-03   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6491
Сәлеметсіз бе. Биыл университетті тәмәмдаған студентпін. Жұмысқа орналасу барысы бойынша жазып отырмын. Университет нобд базасынан бітірген түлектерді алып тастау керек екен. Ол қашан алынады, кімге хабарлассақ болады. Вазадан шығарғанын қалай білсек болады. Нақты ақпарат берсеңіз. Өте маңызды. Қалай хабарлассақ. Нақты адамның нөмерін жазсаңыздар.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша Студенттік бөлімге хабарласуыңызды сұраймыз.Тел.:  291-37-54. РАхмет!

29-07-2022 15-15-12   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6490
Салеметсизбе степендия кыстык лето окыгандарга кашан туседи екен?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасына хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 2913754.

27-07-2022 13-34-22   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6489
Почему на вашем сайте НЕ опубликованы программа экзамена вступительных экзаменов докторантуры 2022г всех образовательных программ, кроме 8D01101-Педагогика и психология, 8D01201-Педагогика дошкольного воспитания и обучения, 8D01301-Начальное образование, 8D01901-Специальная педагогика, 8D03105-Психология, 6D02304 - «Лингвистика»? Ссылка на ваш сайт с вопросами экзамена: https://www.kaznpu.kz/ru/2153/page/. Меня конкретно интересуют экзаменационные вопросы института Математики, физики и информатики.

Прошу обеспечить равные условия для поступающим на докторантуру 2022г, а конкретно выкладывать на сайт программу экзамена для подготовки к вступительным экзаменам по всем институтам и по всем образовательным программам, согласно закону.

Цитата и ссылка на закон прикреплен внизу:

Параграф 2. Прием и проведение вступительных экзаменов в докторантуру: 20-2. ОВПО утверждает коллегиальным органом управления темы эссе, вопросы по профилю группы образовательной программы за два месяца до начала вступительных экзаменов и размещает, утвержденные коллегиальным органом управления темы эссе, вопросы по профилю группы образовательной программы на официальных сайтах ОВПО. https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017650
Жауап:

Здравствуйте! Ваше обращение направлено руководителю Приемной комиссии Нурмахану Ауесбековичу. Для доступности всей информации касательно работы Приемной комиссии создан отдельный сайт: https://abiturient.abaiuniversity.edu.kz/kaz/. Спасибо!

27-07-2022 13-26-06   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6488
Сәлеметсіз бе!
2022-2023 жыдғы оқу қалай болады 4 курс 6В01513-биология мамандықтарына
Онлайн немесе оффлайн түрде боладыма?
Ертерек айта аласыздарма
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Оқу форматына қатысты ақпарат директорат тарапынан алдына ала хабарланады. 

Барлығы: 4046

« перв. ... < пред. ...  33  34  35  36  37 38  39  40  41  ... след. > ... посл. »

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Мамыр, 2024
4
Сәуір, 2024
10
Наурыз, 2024
5
Ақпан, 2024
20
Қаңтар, 2024
11
Желтоқсан, 2023
21
Қараша, 2023
19
Қазан, 2023
17
Қыркүйек, 2023
25
Тамыз, 2023
39
Шілде, 2023
29
Маусым, 2023
60
Мамыр, 2023
41
Сәуір, 2023
49
Наурыз, 2023
22
Ақпан, 2023
42
Қаңтар, 2023
68
Желтоқсан, 2022
55
Қараша, 2022
50
Қазан, 2022
62
Қыркүйек, 2022
52
Тамыз, 2022
33
Шілде, 2022
32
Маусым, 2022
49
Мамыр, 2022
139
Сәуір, 2022
64
Наурыз, 2022
45
Ақпан, 2022
46
Қаңтар, 2022
57
Желтоқсан, 2021
29
Қараша, 2021
43
Қазан, 2021
70
Қыркүйек, 2021
75
Тамыз, 2021
109
Шілде, 2021
79
Маусым, 2021
62
Мамыр, 2021
69
Сәуір, 2021
74
Наурыз, 2021
47
Ақпан, 2021
42
Қаңтар, 2021
68
Желтоқсан, 2020
61
Қараша, 2020
62
Қазан, 2020
42
Қыркүйек, 2020
48
Тамыз, 2020
57
Шілде, 2020
81
Маусым, 2020
88
Мамыр, 2020
65
Сәуір, 2020
86
Наурыз, 2020
57
Ақпан, 2020
37
Қаңтар, 2020
28
Желтоқсан, 2019
47
Қараша, 2019
72
Қазан, 2019
70
Қыркүйек, 2019
61
Тамыз, 2019
88
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений