Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректордың блогына қош келдіңіз!

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
 
Ректор блогы университет студенттерімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер сұрақтарыңызды қойып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және үнемі талқылау университет басшылығының жемісті жұмысына көмектеседі.
 
Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.
 

Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

 
 
Электронды пошта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz
 
 
Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы оқу жылы бойы әр айдың 1-ші және 3-ші жұмаларында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
07-10-2022 09-42-25   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Жапсарбай Жанерке

Сұрақ № 6604
Салеметсіз бе ? Осы жылы бітіруші студент едім ,1 айлық қызым бар . Қоятын сұрағым :кішкентай баласы барларға қандай да бір жеңілдік беріледі ма?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Егер 3 жасқа дейін балаңыз болса, академиялық демалыс алуыңызға немесе дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауды екі кешенді емтихан тапсырумен ауыстыруыңызға болады. Рахмет!

06-10-2022 15-34-28   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6603
Сәлеметсіз бе Дархан Біләлов мырза! 4 курс студенттерінің атынан өтінішіміз емтихандарымызды жазбаша(ашық) немесе тест қылып өткізуді сұраймыз. Себебі апта санының қысқаруына орай ауызша сессия тапсыру бізге көп дайындықты қажет етеді. Осы мәселені қарастыруыңызды өтініп сұраймыз
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Хатыңыз жауапты тұлғаларға жолданды.Рахмет!

05-10-2022 17-40-47   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Ахметова Айдана Сайлауқанқызы

Сұрақ № 6602
Саламатсыз ба, мен дорожный мәсселесі бойынша мазалап жатырмын, ЖГИ жаздың әркім ауылға қайтатын кезде бізге отырған пойездарыңыздан талон алыңыздар, талонсыз берілмейді деп еді, енді біз талонды алып, Алматыға келген кезде, дорожныйға өткізген билеттеріңіз қате, қайтадан шығарып, талонымен өткізіңіздер деді, біз жақсы деп оны да 5 қазанға дейін өткіздік, енді жаңалық ашып, барған билеттеріңіз де талондарыңызда оригинал печатьпен болсын дейді, неге оны бізге ескертіп, алдын ала айтпайды, кейбірі онлайн талон алды, ол жарамыз деп отыр, өздері талонды қалай онлайн алатыны туралы видео жіберді бірақ, оны өткізбесек дорожный төленбейді дейді, қазір қымбатшылық заманда осы 12 мың біздің біраз жыртығымызды жамар еді, квартира бағалары удай, беріп бөліп жатқан жатаханаларыңыз жоқ, осы талон деп жинамай барлығына төлене берсе не болар еді? Сол талонды алып қаншама ақша кетті, уақыт кетті, екі талонды алып шығарып өткізіп. Онымен қоса самолёт пен жүретіндерге неге төленбейді, керсінше көп ақша жұмсап отырғандар сол студенттер емес пе? Батысқа 2 күн пойезда отыратын емес қой ол студенттерге, әрине 1 ай ерте самолётке алады ғой. Басқа универлер беріп жатыр ғой бұрынғыдай, тіпті талон десе де, не керек қандай құжат керек ертерек айту керек, талон енді 40 күннен аса алынбайды. Осы мәсселені шешсеңіздер! Бермейміз дегенге келтіріп отыр ешкімге ол біздің кінәміз емес, өздерінің кінәсі алдын ала ескертпеген, егер біздің құқық қорғалмаса, біздің телевидениеға жүгінерден басқа амалымыз жоқ, деканат ол біз шешпейміз дейді, бухалтерлер біздің мәселе емес дейді, біз жаңа заман жастарымыз, өз құқығымызды қорғаймыз!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Жоғары оқу орындарының студенттері мен түлектеріне жол жүру үшін өтемақы төлеу тәртібінің өзгеруіне байланысты жол жүру өтемақысы ҚР БҒМ 2022 жылғы 6 қаңтардағы бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
 
Жол жүруге өтемақы білім алушы студенттер мен магистранттарға қысқы және жазғы каникул кезеңінде жылына 2 рет, бітіруші​ студенттер мен магистранттарға жылына 1 рет төленеді. Бұдан әрі жол жүру өтемақысын төлеудің негізгі шарттары қалааралық теміржол және автомобиль көлігінде (таксиден басқа) жол жүруін растайтын құжаттардың түпнұсқасы (жол жүру билеті және отырғызу талоны, автобуспен жол жүру бойынша тек жол жүру билеті) болған кезде ғана жүзеге асырылады. Жаңа ережелерге байланысты институттар билеттер мен отырғызу талонының түпнұсқасын, автобустар бойынша билеттердің түпнұсқаларын жинайды, олардың негізінде жол жүруге өтемақы төленеді. Сұрақтарыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін институт басшылығымен хабарласуыңызды сұраймыз.  Рахмет!
05-10-2022 16-11-53   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Ахметова Айдана Сайлауқанқызы

Сұрақ № 6601
Саламатсыз ба, мен дорожный мәсселесі бойынша мазалап жатырмын, ЖГИ жаздың әркім ауылға қайтатын кезде бізге отырған пойездарыңыздан талон алыңыздар, талонсыз берілмейді деп еді, енді біз талонды алып, Алматыға келген кезде, дорожныйға өткізген билеттеріңіз қате, қайтадан шығарып, талонымен өткізіңіздер деді, біз жақсы деп оны да 5 қазанға дейін өткіздік, енді жаңалық ашып, барған билеттеріңіз де талондарыңызда оригинал печатьпен болсын дейді, неге оны бізге ескертіп, алдын ала айтпайды, кейбірі онлайн талон алды, ол жарамыз деп отыр, өздері талонды қалай онлайн алатыны туралы видео жіберді бірақ, оны өткізбесек дорожный төленбейді дейді, қазір қымбатшылық заманда осы 12 мың біздің біраз жыртығымызды жамар еді, квартира бағалары удай, беріп бөліп жатқан жатаханаларыңыз жоқ, осы толон деп жинамай барлығына төлене берсе не болар еді? Сол толонды алып қаншама ақша кетті, уақыт кетті, екі талонды алып шығарып өткізіп. Онымен қоса самолёт пен жүретіндерге неге төленбейді, керсінше көп ақша жұмсап отырғандар сол студенттер емес пе? Батысқа 2 күн пойезда отыратын емес қой ол студенттерге, әрине 1 ай ерте самолётке алады ғой. Басқа универлер беріп жатыр ғой бұрынғыдай, тіпті талон десе де, не керек қандай құжат керек ертерек айту керек, талон енді 40 күннен аса алынбайды. Осы мәсселені шешсеңіздер!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Жоғары оқу орындарының студенттері мен түлектеріне жол жүру үшін өтемақы төлеу тәртібінің өзгеруіне байланысты жол жүру өтемақысы ҚР БҒМ 2022 жылғы 6 қаңтардағы бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
 
Жол жүруге өтемақы білім алушы студенттер мен магистранттарға қысқы және жазғы каникул кезеңінде жылына 2 рет, бітіруші​ студенттер мен магистранттарға жылына 1 рет төленеді. Бұдан әрі жол жүру өтемақысын төлеудің негізгі шарттары қалааралық теміржол және автомобиль көлігінде (таксиден басқа) жол жүруін растайтын құжаттардың түпнұсқасы (жол жүру билеті және отырғызу талоны, автобуспен жол жүру бойынша тек жол жүру билеті) болған кезде ғана жүзеге асырылады. Жаңа ережелерге байланысты институттар билеттер мен отырғызу талонының түпнұсқасын, автобустар бойынша билеттердің түпнұсқаларын жинайды, олардың негізінде жол жүруге өтемақы төленеді. Сұрақтарыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін институт басшылығымен хабарласуыңызды сұраймыз.  Рахмет!
04-10-2022 23-37-25   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6600
Біз Аударма ісі 6В02302 201 тобының студенттері, оқытушы мен біздің арамызда түсініспеушілік туындады, екі тарап та өз пікірлерін айтты, екі тараптың да ойы ескерілді.
Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Сержанұлы Біржаннан кешірім сұраймыз және сабақты өзінің жүргізгенін қалаймыз.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Өтінішіңіз жауапты тұлғаларға жолданды Рахмет!

04-10-2022 20-47-26   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6599
Біз Аударма ісі 6В02302 201 тобының студенттері, оқытушы мен біздің арамызда түсініспеушілік туындады, екі тарап та өз пікірлерін айтты, екі тараптың да ойы ескерілді, сол себепті әрі қарай бұндай іс кайталанбайды. Оқытушымыз өз орнында қалып, әрі қарай бізге сабақ берсе дейміз.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Өтінішіңіз ескеріледі. Рахмет! 

04-10-2022 13-24-30   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6598
Сәлеметсіз бе, әкем жиырма жыл мемлекеттік қызметте (құқық қорғау органында) жұмыс істеген,
зейнеткер. Осы санат бойынша студенттерге қандай жеңілдік қарастырылған?
Оқу ақысына жеңілдік тағайындалады ма?
Жауап:

Құрметті білім алушы! «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғам білім алушыларының оқу ақысына жеңілдіктер беру тәртібі туралы Ережесіне сәйкес «Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан және басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің балаларына» санаты қарастырылған. Бұл санат бойынша Комиссия шешімі негізінде 15%-ға дейін оқу ақсына жеңілдік қарастырылады. Жеңілдік алу үшін өтініш жазып, міндетті түрде әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарын тіркеу қажет. Өтінім «Универ» жүйесі арқылы беріледі. Рахмет! 
03-10-2022 18-26-27   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6597
Сәлеметсіз бе, ректор мырза! Біз жол ақысын алу үшін билетіміз жарамайды екен жол ақысын алу үшін проводниктерден талон алуымыз кажет екен олай болса неге ертерек ескертіп айтпайды, бұған дейін ондай талон талап етілмеген. Осы сұраққа жауап берсеңіз
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Жоғары оқу орындарының студенттері мен түлектеріне жол жүру үшін өтемақы төлеу тәртібінің өзгеруіне байланысты жол жүру өтемақысы ҚР БҒМ 2022 жылғы 6 қаңтардағы бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
 
Жол жүруге өтемақы білім алушы студенттер мен магистранттарға қысқы және жазғы каникул кезеңінде жылына 2 рет, бітіруші​ студенттер мен магистранттарға жылына 1 рет төленеді. Бұдан әрі жол жүру өтемақысын төлеудің негізгі шарттары қалааралық теміржол және автомобиль көлігінде (таксиден басқа) жол жүруін растайтын құжаттардың түпнұсқасы (жол жүру билеті және отырғызу талоны, автобуспен жол жүру бойынша тек жол жүру билеті) болған кезде ғана жүзеге асырылады. Жаңа ережелерге байланысты институттар билеттер мен отырғызу талонының түпнұсқасын, автобустар бойынша билеттердің түпнұсқаларын жинайды, олардың негізінде жол жүруге өтемақы төленеді. Сұрақтарыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін институт басшылығымен хабарласуыңызды сұраймыз.  Рахмет!
02-10-2022 22-28-05   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6596
Здравствуйте! Где можно найти «Правила внутреннего распорядка»? Хотелось узнать учебную нагрузку студента, время перерыва, сколько часов минимум и максимум должен обучаться, со скольки до скольки?
Жауап:

Здравствуйте! В соответствии с Академической политикой университета разъясняем:

Пункт 6: Объем учебной нагрузки обучающихся измеряется в кредитах, осваиваемых в течение учебного года по каждой учебной дисциплине. За весь период обучения обучающийся должен освоить необходимое количество кредитов, определяемое государственным общеобязательным стандартом высшего и послевузовского образования.

Основным критерием завершенности обучения по программам бакалавриата является освоение обучающимся не менее 240 академических кредитов за весь период обучения, включая все виды учебной деятельности студента по программам магистратуры не менее 60-120 академических кредитов, докторантуры не менее 180 академических кредитов.

Учебные занятия организуются:
      1) для обучающихся очной формы в две смены - с 8.00 часов до 20.00 часов;
      2) для обучающихся ДОТ – в течение дня, с 8.00 до 20.00 часов в зависимости от наличия свободного аудиторного фонда.

Пункт 65: Один академический час равен 50 минутам для разных видов учебной работы, всех видов практики, научно-исследовательской работы (экспериментально-исследовательской), итоговой аттестации обучающихся.

Пункт 68: Полная учебная нагрузка одного учебного года соответствует 60 академическим кредитам или 1800 академическим часам. При этом в течение одного семестра студент осваивает 30 академических кредитов. Допускается освоение за семестр меньшего или большего числа академических кредитов. Для отдельных категорий студентов, в зависимости от формы и технологий обучения, фактическое время достижения результатов обучения может отличаться.

Пункт 69: 30 кредитов = 900 академических часов, из них 270 - аудиторные работы (30%), 510 академических часов СРОП (60%), 90  академических часов - подготовка и прохождение промежуточной аттестации (10%). 1 неделя = 18 академических часов аудиторных занятий + 36 академических часов. СРОП = 54 академических часов – среднедельная нагрузка студентов.

30-09-2022 16-21-08   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6595
Қайырлы күн Дархан Нұрланұлы! Жол жүру ақысын төлеу тәртібі өзгертілді деп бару, қайту билеттерінің барлығын сұраттыңыздар. Бәрін өткіздік. Қыркүйек айына жоспарлануда дедіңіз. Бүгін қыркүйек айының соңғы күні. Не деген жауапсыздық? Қанша уақыт күтуге болады? Стипендияны да әлі бұйрық келген жоқ деп, ескі стипендия бойынша түсті. Басқа университеттерге 58800 түскен. Барлық универге келіп, бізге келмейтін ол қандай бұйрық? Бухгалтерия бізде қалай баяу жұмыс жасайды? Жауап беруіңізді өтінемін.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Жоғары оқу орындарының студенттері мен түлектеріне жол жүру үшін өтемақы төлеу тәртібіне сәйкес құжаттарыңызды тапсырсаңыз, міндетті түрде төленеді. Төленбеген жағдайда институт басшылығымен хабарласыңыз. Рахмет!

30-09-2022 11-05-16   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6594
Саламатсызба ректор мырза, студенттерден жол ақысының құжаттарын жинағанына 4ай өтті, бірақ әлі төленбеді. Одан кейін басында барған билеттің копиясын жинап алып, енді түпнұсқа мен отыру талонын сұрап жатыр. Самолётпен ұшқан студенттерге берілмейді дейді. Олардың не айырмашылығы бар? Керісінше автобусқа емес самолётпен кеткен студенттерге беру керек секілді. Төленетіні 12мың теңге соның өзі жыр болып кетті. Жол ақысы барлық студентке төленуі керек емеспа? Самолёт , автобус, поезд деп неге бөліп жатыр? Барлығының жан жақтан келетіні анық емес пе?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Жоғары оқу орындарының студенттері мен түлектеріне жол жүру үшін өтемақы төлеу тәртібінің өзгеруіне байланысты жол жүру өтемақысы ҚР БҒМ 2022 жылғы 6 қаңтардағы бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
 
Жол жүруге өтемақы білім алушы студенттер мен магистранттарға қысқы және жазғы каникул кезеңінде жылына 2 рет, бітіруші​ студенттер мен магистранттарға жылына 1 рет төленеді. Бұдан әрі жол жүру өтемақысын төлеудің негізгі шарттары қалааралық теміржол және автомобиль көлігінде (таксиден басқа) жол жүруін растайтын құжаттардың түпнұсқасы (жол жүру билеті және отырғызу талоны, автобуспен жол жүру бойынша тек жол жүру билеті) болған кезде ғана жүзеге асырылады. Жаңа ережелерге байланысты институттар билеттер мен отырғызу талонының түпнұсқасын, автобустар бойынша билеттердің түпнұсқаларын жинайды, олардың негізінде жол жүруге өтемақы төленеді. Сұрақтарыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін институт басшылығымен хабарласуыңызды сұраймыз.  Рахмет!
29-09-2022 23-30-39   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6593
Здравствуйте хотела пожаловаться на систему обучения в нашем университете. А точнее на расписание, которое нам составляют. Учимся 6 дней в неделю, расписание совсем не нормированное, под конец недели по 5-6 пар. И разве 1 день это выходной? Всё воскресенье уходит на то, чтобы выполнять домашнее задание. А многие студенты не только учатся, но и работают. Почему наше руководство вообще не заботится о студентах? Условия в аудиториях ужасные, стулья не работают, крутятся на все 360 градусов. Преподавателей не слышно на потоковых лекциях. Надеюсь вы не проигнорируете данное сообщение.
Жауап:

Здравствуйте! В соответствии с Академической политикой университета:

Пункт 6: Объем учебной нагрузки обучающихся измеряется в кредитах, осваиваемых в течение учебного года по каждой учебной дисциплине. За весь период обучения в университете обучающийся должен освоить необходимое количество кредитов, определяемое государственным общеобязательным стандартом высшего и послевузовского образования.

Основным критерием завершенности обучения по программам бакалавриата является освоение обучающимся не менее 240 академических кредитов за весь период обучения, включая все виды учебной деятельности студента по программам магистратуры не менее 60-120 академических кредитов, докторантуры - не менее 180 академических кредитов.

Учебные занятия организуются:
      1) для обучающихся очной формы в две смены - с 8.00 часов до 20.00 часов;
      2) для обучающихся ДОТ – в течение дня, с 8.00 часов до 20.00 часов в зависимости от наличия свободного аудиторного фонда.

Пункт 65: Один академический час равен 50 минутам для разных видов учебной работы, всех видов практики, научно-исследовательской работы (экспериментально-исследовательской) обучающихся, итоговой аттестации обучающихся.

Пункт 68: Полная учебная нагрузка одного учебного года соответствует 60 академическим кредитам или 1800 академическим часам. При этом в течение одного семестра студент осваивает 30 академических кредитов. Допускается освоение за семестр меньшего или большего числа академических кредитов. Для отдельных категорий студентов, в зависимости от формы и технологий обучения, фактическое время достижения результатов обучения может отличаться.

Пункт 69: 30 кредитов = 900 академических часов, из них 270 академических часов - аудиторные работы (30%), 510 академических часов СРОП (60%), 90  академических часов - подготовка и прохождение промежуточной аттестации (10%). 1 неделя = 18 академических часов аудиторных занятий + 36 академических часов. СРОП = 54 академических часов – среднедельная нагрузка студентов.

29-09-2022 21-13-03   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6592
Мы магистранты учащиеся по образовательному гранту в КазНПУ, на основании указания главы государства должны получать повышенную на 15% ежемесячную стипендию. Но в сентябре нам было начислено без повышения, в тот момент когда другие национальные ВУЗы начислили своим магистрантам увеличенную стипендию. Почему наша бухгалтерия не выполняет указания Президента?!
Жауап:

Здравствуйте! На Ваш вопрос сообщаем следующее. На момент перечисления стипендии в сентябре 2022 года не было приказа о повышении стипендий от Министерства науки и высшего образования РК. В дальнейшем после получения приказа будет перерасчет стипендии. 

27-09-2022 14-52-39   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6591
Біз 201 топ, аударма ісі - 6B02302 студенттері, дене шынықтырудан беретін Сержанұлы Біржанды басқа мұғалімге ауыстыруды сұраймыз. Себебі, Сержанұлы Б. студенттерге дөрекілік көрсетеді, ойланбай сөйлейді. Мысалы: біз доп сұрағанда, “мен сендерге доп туамын ба?”; “Қақылдама!”; “Свои права мне не качай”. 40 минут сабақты бастамады. Сабақтың болмайтының алдын ала ескертпей, келесі сабақта “я не обязан вас предупреждать” деп айтқан еді. Және ауырып тұрған қыздарды отырғызбай, жүгіртіп қояды. Осы келтірілген мысалдарды бүкіл группа растап бере алады. Бұл мәселені қолға алуларыңызды сұраймыз, және кері хабарды күтеміз.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз назарға алынды. Электрондық нысанда берілген өтінішке Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 63-бабына (тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы және т.б.) сәйкес талаптар қойылады.​
 
Сонымен қатар, өтініште баяндалған фактілер бойынша Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы және университеттің ішкі құжаттары аясында іс-шаралар өткізілетінін хабарлаймыз.​
 
Қорытынды шешім туралы қосымша хабарланатын болады.
27-09-2022 02-22-41   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6590
Орыс тілі филология факультетінің кураторы кім, аты -жөні? Тағы да арнайы ата аналар үшін куратор чат ашып келмеген баланы қадағаламай ма? аты-жөні, қажет?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Филология институтының директоратына хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.: 291-18-35, 291-16-06. Рахмет!

26-09-2022 17-45-28   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6589
Сәлеметсізбе құрметті ректор?! Менің сұрағым мынадай: неге жатақханада тұратын студенттер туған-туыс үйіне баруына болмайды. Біздің отбасымыздағы студент ол №5 жатақханада тұрады. Бұл мәселені жатақханадағы староста шешеді екен, оның айтуы бойынша(яғни студент-староста): жатақхананы не үшін аласыңдар, егер туысқан үйіне сұрана беретін болсаңдар, айына тек 2 реттен артық баруға болмайды. Бұлай дөрекі сөйлегені маған унамады, өзі енды 1курс түскен уақытында, қажеттілік болмаса осы жатақхана алмайтын едік. Бұл жерде кімдікі дұрыс және кімдікі бұрыс, егер мен дұрыс емес ойлап турған болсам қай заңда жазылған айына 2 рет қана баруға болады деген, жауабыңызды күтеміз!
Жауап:

Құрметті ата-ана! Оқу орнымыз үшін студенттердің қауіпсіздігі маңызды болғандықтан, жатақханамен қамтылған студенттердің тәртібі қадағаланады. Жатақханада студент өмірін ұйымдастыру мақсатында әрбір жатақханада жоғары курс студенттері қатарынан құрылған Студенттік кеңес жұмыс жасап, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Жатақхана ережесіне сәйкес студенттердің кіріп-шығуына таңғы сағат 7.00-ден 23.00-ге дейінгі аралықта рұқсат беріледі. 

Университет тарапынан жатақханаға мұқтаж студенттерге барынша жағдай жасалуда. Қазіргі уақытта тұрғын үй жалдау бағасының жоғарылауына байланысты студенттер тарапынан жатақханаға сұраныс артып жатқанын білесіздер. Сондықтан осы мәселеге түсіністік танытып, жатақханадан орын алған білім алушылар барынша білім алуға көп көңіл бөлуі қажет. Сұрағыңыз үшін рахмет!

26-09-2022 14-50-12   Басқа

Сұрақ қоюшы: аноним

Сұрақ № 6587
құрметті ректор мырза!!! біз осымен екі рет сізге Исабаева Нурсагиля Байкеновна туралы хат жіберген едік, бәрақ біреуіде жарияланбайды, неге? ол кісінің келісім шарты қазан айының 15 не дейін созылды деп естідік, бірақ жұмысын өткізбей, туған туыс, таныстары қоңырау соғып отыр, сол баяғы жар тас демекші, жұмысы салғырт өтуде, сол баяғы дөрекі мінезі, жұмысын шала орындауды. біздің өтінішіміз, жұмысын қабылдап, білікті маманға өткізсін, ракмет
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Хатыңыз жауапты тұлғаларға жолданды. Сұрағыңыз бойынша академиялық мәселелер жөніндегі проректор Мақтағали Әбдімәжитұлы Бектемесовпен хабарласуыңызға болады.Тел.: +7 (727) 293-81-53. 

24-09-2022 16-24-48   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6586
Здравствуйте, Дархан Билалов. Я студент магистратуры МФиИ по специальности математика. Нам поставили уроки в четверг с 8 утра до 12 дня. По положению составления расписания нашего университета должен учитываться контингент студентов по группам. Эту информация я взяла с положения нашего университета (1. общие положения 1.7) Многие магистранты работают учителями в первую смену. Так как нас уведомили что занятия будут проходить после обеда, мы работаем в первую смену. У многих студентов отработка. У нас на этой неделе была лекция на которой присутствовали только 30% учащихся. Мы бы хотели чтобы нам поменяли расписание. ММок-223
Жауап:

Здравствуйте! Ваше мнение учтено. Расписание будет изменено на вторую смену. Спасибо!

24-09-2022 16-24-41   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6585
Құрметті басқарма төрағасы-ректор Дархан Біләлов! Біз МФИ институты, “Математика” мамандығының 1 курс магистранттарымыз. Магистранттар түсте сағат 15:00-ден кейін оқиды делінген соң, 100-ге тарта магистранттар таңғы ауысымға мектептерге жұмысқа дипломмен орналасқанбыз. Енді, сабақ кестесін бейсенбі күні аудитория жоқтығының кесірінен таңертеңге қойып, жұмыстарыңды өздерің реттеңдер деп жатыр. Сізден сұрайтынымыз:
Аудитория жетіспесе бейсенбі күнгі дәрістерді онлайн форматта өтілсе немесе 15:00-ден кейін офлайн қойылса!
Таңертеңгі дәріс үшін 100 магистрант өз жұмыс уақытын және мектепте бекітілген сабақ кестесін өзгерте алмайды, сол себепті түсіністік танытуларыңызды сұраймыз! Рахмет!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сабақ кестесіне қатысты пікіріңіз ескеріледі. Кесте екінші ауысымға өзгертіледі. Сұрағыңыз үшін рахмет!

24-09-2022 16-23-47   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6584
Здравствуйте, Дархан Билалов. Я студент магистратуры МФиИ по специальности математика. Нам поставили уроки в четверг с 8 утра до 12 дня. По положению составления расписания нашего университета должен учитываться контингент студентов по группам. Эту информация я взяла с положения нашего университета (1. общие положения 1.7) Многие магистранты работают учителями в первую смену. Так как нас уведомили что занятия будут проходить после обеда, мы работаем в первую смену. У многих студентов отработка. У нас на этой неделе была лекция на которой присутствовали только 30% учащихся. Мы бы хотели чтобы нам поменяли расписание.
Жауап:

Здравствуйте! Ваше мнение учтено. Расписание будет изменено на вторую смену. Спасибо!

Барлығы: 4046

« перв. ... < пред. ...  29  30  31  32  33 34  35  36  37  ... след. > ... посл. »

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Мамыр, 2024
4
Сәуір, 2024
10
Наурыз, 2024
5
Ақпан, 2024
20
Қаңтар, 2024
11
Желтоқсан, 2023
21
Қараша, 2023
19
Қазан, 2023
17
Қыркүйек, 2023
25
Тамыз, 2023
39
Шілде, 2023
29
Маусым, 2023
60
Мамыр, 2023
41
Сәуір, 2023
49
Наурыз, 2023
22
Ақпан, 2023
42
Қаңтар, 2023
68
Желтоқсан, 2022
55
Қараша, 2022
50
Қазан, 2022
62
Қыркүйек, 2022
52
Тамыз, 2022
33
Шілде, 2022
32
Маусым, 2022
49
Мамыр, 2022
139
Сәуір, 2022
64
Наурыз, 2022
45
Ақпан, 2022
46
Қаңтар, 2022
57
Желтоқсан, 2021
29
Қараша, 2021
43
Қазан, 2021
70
Қыркүйек, 2021
75
Тамыз, 2021
109
Шілде, 2021
79
Маусым, 2021
62
Мамыр, 2021
69
Сәуір, 2021
74
Наурыз, 2021
47
Ақпан, 2021
42
Қаңтар, 2021
68
Желтоқсан, 2020
61
Қараша, 2020
62
Қазан, 2020
42
Қыркүйек, 2020
48
Тамыз, 2020
57
Шілде, 2020
81
Маусым, 2020
88
Мамыр, 2020
65
Сәуір, 2020
86
Наурыз, 2020
57
Ақпан, 2020
37
Қаңтар, 2020
28
Желтоқсан, 2019
47
Қараша, 2019
72
Қазан, 2019
70
Қыркүйек, 2019
61
Тамыз, 2019
88
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений