21-11-2022 18-37-51
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6724 Сәлеметсіз бе! Стипендия қашан түседі? Әр айдың 20сы түсуші еді ғой
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Шәкіртақы 25 қарашаға дейін беріледі.
19-11-2022 16-53-55
Басқа
Сұрақ қоюшы: Қызметкер Сұрақ № 6723
Сәлеметсіз бе, Дархан Нұрланұлы! Сізден сұрайын дегенім, неге соңғы жылдары біздің университетімізде бюрократия күшейіп барады? Айлықты көтергендеріңізге рақмет, бірақ, қит етсе "айлыққа әсер етеді", "табель кезінде есептейміз", "түсініктеме жазуға тура келеді", "рапорт жазылады" деген ескертулер көбейіп кетті Уотсаптағы чаттарды ашуға қорқатын болдық әуелі. Тексеру, толассыз қызметтік хаттар, ескертулер. Әлде басшылық ПОҚ құрамы шалқадан түсіп, демалып жүр деп ойлай ма?Біз әр алған тиынды маңдай термен ақтап отырмыз: оқу жұмысы, тәрбие жұмысы, мектеппен байланыс, мерекелік іс-шаралар, қоғамдық жұмыстарымыз бар. Одан қала берсе, ата-аналармен жұмыс жасаймыз, әр студенттің капризын көтереміз. Оқу ақысын төлейтін кезде, сессия, аралық бақылау кезінде ата-аналардың сұрағы көбейеді, бәрімен сабырмен жұмыс жасаймыз. Неше түрлі ата-ана, студент бар, эмоцияларын жасырмайды, жоғары тонда сөйлейтіндері бар. Бәрі жүйке-жүйемізге әсер етеді. Демалыс күндері, мейрам күндері де жұмыстың қағаздарымен отырамыз. Мектепте практиканттарды қараймыз, бәріне жазбаша есеп береміз. Ертең сессия басталса, 24 сағат чаттарға тыныштық жоқ, сағат сайын эдвайзерлер есеп береміз. Әр студенттің проблемасын бізден сұрайды, екі алса да, ұрсады, телефонға түн жарымға дейін тыныштық жоқ. Бір қате кетсе, чатқа оқытушының аты-жөнін жазып, ұрсып та жатады. Ол деген үлкен стресс қандай адамға болса да. Ешбір ПОҚ құрамы бос жүрген жоқ.
Исакова К.Т. деген кісі біздің ұжымға келгелі жаңалық бітпейтін болды. Бір емес бірнеше рет үстінен шағым түсіпті, өзіңіздің блогыңыздан оқыдық. Келгеніне бір жылдан енді асыпты. Неге ол кісіге шара қолданбайды? Неге ол кісі орнында отыр? Жазылған шағымдарды блогыңыздан оқып, таң қалдық. Неге қарапайым оқытушыларға ғана шара қолданады, түсініктеме жазғызады?
Ол кісі педагог емес, университетінің ішкі саясатына неге жиі араласады? Бізде өз жұмысымызды, құқығымызды білеміз. Қажет жағдайда біз де жоғарғы білім министрлігінен көмек сұраймыз.
Бар сұрарымыз: стрессіз жұмыс істеуге мүмкіндік жасасаңыздар.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің (бұдан әрі – Кодекс) 64-бабының талаптарына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін өтініштер осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралады.
Мәселен, өтініш кодекстің 63-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, лауазымды адам өтініш берушіге өтініштің қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетіп, оны талаптарға сәйкес келтіру үшін ақылға қонымды мерзімді белгілейді.
Бұдан басқа, Сіздің өтінішіңізде келесі мәліметтер көрсетілмегенін хабарлаймыз: тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса), жеке тұлғаның пошталық мекен-жайы немесе заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса), осыған байланысты, келіп түскен өтініш талаптарға сәйкес келмейтінін хабарлаймыз.
Алайда, Сіздің өтінішіңізде өтініштің мәні көрсетілмеген және құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері бұзылған тұлғалар туралы мәліметтер жоқ. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде тиісті шаралар қабылдау үшін өтінішіңізде көрсетілген дәлелдер бойынша растайтын құжаттарды (материалдарды) қоса беруіңізді сұраймыз.
18-11-2022 20-04-03
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6722 Здраствуйте, Дархан Билялов. Я студентка 4 курса, пишу по поводу нашего обучение. Нас без нашего согласия переводите на оффлайн обучение, как тем временем у других студентов спрашивают у них же разрешения. Наше слова пустой звон? 2 недели обучение оффлайн, будет сложным для нас так как, не живу в Алматы и по поводу квартиры также нет, средства для снятия квартира тоже нет. Так как я еще студент, не работаю, потому что студентам не позволено работать. Но каким образом мне выжить в Алматы без средств и без квартиры. Я все это пишу чтобы нас оставили на онлайн обучений
Жауап:
Уважаемый обучающийся! В соответствии с приказом Министерства науки и высшего образования РК учебный процесс в вузах страны будет организован в офлайн-формате. Обучение в вузах страны проходит в смешанном формате: практические, лабораторные, семинарские занятия, производственная практика - в штатном режиме, лекции – в онлайн-формате. Спасибо!
18-11-2022 13-48-08
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6721 Біз биология наука 4 курс сабағымыз онлайн жалғасқанын қалаймыз.Себебі бізде оффлайн түрде өтуді қажет ететін сабақтар жоқ! Біз екі аптаға бола оффлайнға өтуді қаламаймыз.
Жауап:
Құрметті білім алушы! ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрығына сәйкес еліміздің жоғары оқу орындарында оқу үрдісі офлайн форматта ұйымдастырылады. Еліміздің жоғары оқу орындарында оқыту аралас форматта: практикалық, лабораторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе – штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта өтеді. Рахмет!
18-11-2022 13-42-30
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6720 Құрметті Дархан Біләлов! Біздің сұрақты жауапсыз қалдырмаңызшы! Біз екі аптаға бола пәтер немесе жатақханаға ақшамызды шығындап жатқымыз келмейді. Сол екі аптада бірдеңе өзгереді деп ойламаймын! Біз онлайн оқуды қалдыруыңызды сұраймыз. Өтініш!!!
Жауап:
Құрметті студент! 2022 жылғы 24 қаңтардан бастап Қазақстан бойынша барлық білім беру ұйымы дәстүрлі түрде офлайн форматта жұмыс істейді. Еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарында оқыту аралас форматта: практикалық, лабораторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе – штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта ұйымдастырылады.
Сессия офлайн форматта өтеді. Білім алушының денсаулығына немесе отбасылық басқа себептер бойынша сессияны онлайн форматта тапсыру үшін Институт басшылығына хабарласу қажет. Сессияны білім алушылар онлайн форматта AERO прокторингімен тест тапсырады. Білім алушы жазбаша емтиханды (ашық, жабық сұрақтар және жоба қорғау) Oqylyq көмегімен онлайн, офлайн форматта тапсыруға мүмкіндігі бар. Ал шығармашылық емтиханды тек офлайн форматта тапсырады. Рахмет!
18-11-2022 08-51-26
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6719 Құрметті, Дархан Біләлов! Біз 4курс наука мамандығы онлайн оқуды жалғастыруды сұраймыз. Бізде оффлайн түрде өткізуді міндеттейтін зертханалық сабақтар жоқ. Бізді екі аптаға бола оффлайн оқуға шақырып жатыр.Студенттердің сол бір екі аптаға бола жатақханаға немесе басқа тұрғын үйге төлейтіндей жағдайлары керемет емес. Студенттерге түсінікпен қарауыңызды және онлайн оқуды жалғастыруды сұраймыз.!!!
Жауап:
Құрметті ата-ана! 2022 жылғы 24 қаңтардан бастап Қазақстан бойынша барлық білім беру ұйымы дәстүрлі түрде офлайн форматта жұмыс істейді. Еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарында оқыту аралас форматта: практикалық, лабораторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе – штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта ұйымдастырылады.
16-11-2022 09-07-32
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6718 Сәлеметсізбе! Қайырлы күн! Мен 4 курс студентімін. Бізде педпрактика басталғалы 2-ші апта өтті. Қайтадан мектеп ауыстыруға мүмкіндік бар ма? Өзімізге жайлы емес мектептен,мұғалім-оқушылармен сабақ өткіміз келмейді. Мектеп ауыстыру мүмкіндігі болса қалай жасаса болады? Назарларыңызға рахмет!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Мансап орталығының мамандарымен хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.: 291-83-50. Рахмет!
14-11-2022 18-48-15
Басқа
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6717 Здравствуйте! Мне сказали , что мне перечислили стипендию, на самом деле на мой счёт ничего не поступало. Помогите разобраться в данном вопросе. Магистрант 1 курса Малибаева Асемгуль. Спасибо!
Жауап:
Здравствуйте! Мы связались с бухгалтерией, по ее сведению стипендия Вам выплачена. Просим связаться с главным бухгалтером-начальником Управления бухгалтерского учета и отчётности Ламбековой Торгын Ерсайновной по тел. 291-30-67.
14-11-2022 13-26-09
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Акашова Айым Берікқызы Сұрақ № 6716 Абай атындағы
Қазақ Ұлттық Педагогикалық
университетінің басқарма төрағасы
Біләлов Дархан Нұрланұлына
Өтініш
Құрметті Дархан Нұрланұлы,
Мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ның Жаратылыстану және география институтының 4 курс 6В05203-Ғылыми география мамандығының студенті Акашова Айым 2022-2023 жылдың академиялық күнтізбесіне сәйкес, күзгі семестрдің 14-15-ші оқу аптасына жоспарланып отырған оффлайн оқуды онлайн форматта оқуға рұқсат етуіңізді сұраймын. Себебі 2 апта оқуға коммерциялық жатақхана немесе пәтер жалдауға отбасылық жағдайымыз көтермейді. Сонымен қатар, академиялық күнтізбе бойынша оффлайн оқуды талап ететін зертханалық сабақтар жоқ. Осы орайда, шешімді қайта қарастыруыңызды сұраймын.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! 2022 жылғы 24 қаңтардан бастап Қазақстан бойынша барлық білім беру ұйымы дәстүрлі түрде офлайн форматта жұмыс істейді. Еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарында оқыту аралас форматта: практикалық, лабораторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе – штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта ұйымдастырылады.
Сессия офлайн форматта өтеді. Білім алушының денсаулығына немесе отбасылық басқа себептер бойынша сессияны онлайн форматта тапсыру үшін Институт басшылығына хабарласу қажет.
14-11-2022 13-17-14
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Байтемірова Назерке Муратқызы Сұрақ № 6715 Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің басқарма төрағасы Біләлов Дархан Нұрланұлына
Өтініш
Құрметті Дархан Нұрланұлы,
Мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ның Жаратылыстану және география институтының 4 курс 6В05203-Ғылыми география мамандығының студенті Байтемірова Назерке Муратқызы 2022-2023 жылдың академиялық күнтізбесіне сәйкес, күзгі семестрдің 14-15-ші оқу аптасына жоспарланып отырған оффлайн оқуды онлайн форматта оқуға рұқсат етуіңізді сұраймын. Себебі 2 апта оқуға коммерциялық жатақхана немесе пәтер жалдауға отбасылық жағдайымыз көтермейді. Сонымен қатар, академиялық күнтізбе бойынша оффлайн оқуды талап ететін зертханалық сабақтар жоқ. Осы орайда, шешімді қайта қарастыруыңызды сұраймын.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! 2022 жылғы 24 қаңтардан бастап Қазақстан бойынша барлық білім беру ұйымы дәстүрлі түрде офлайн форматта жұмыс істейді. Еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарында оқыту аралас форматта: практикалық, лабораторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе – штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта ұйымдастырылады.
Сессия офлайн форматта өтеді. Білім алушының денсаулығына немесе отбасылық басқа себептер бойынша сессияны онлайн форматта тапсыру үшін Институт басшылығына хабарласу қажет.
14-11-2022 13-16-41
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Өтегенов Абзал Сұрақ № 6714 Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің басқарма төрағасы Біләлов Дархан Нұрланұлына
Өтініш
Құрметті Дархан Нұрланұлы,
Мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ның Жаратылыстану және география институтының 4 курс 6В05203-Ғылыми география мамандығының студенті Өтегенов Абзал 2022-2023 жылдың академиялық күнтізбесіне сәйкес, күзгі семестрдің 14-15-ші оқу аптасына жоспарланып отырған оффлайн оқуды онлайн форматта оқуға рұқсат етуіңізді сұраймын. Себебі 2 апта оқуға коммерциялық жатақхана немесе пәтер жалдауға отбасылық жағдайымыз көтермейді. Сонымен қатар, академиялық күнтізбе бойынша оффлайн оқуды талап ететін зертханалық сабақтар жоқ. Осы орайда, шешімді қайта қарастыруыңызды сұраймын.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! 2022 жылғы 24 қаңтардан бастап Қазақстан бойынша барлық білім беру ұйымдарында оқу үрдісі дәстүрлі түрде офлайн форматта ұйымдастырылады. Еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарында оқыту аралас форматта: практикалық, лабораторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе – штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта өтеді.
Сессия офлайн форматта өтеді. Білім алушының денсаулығына немесе отбасылық басқа себептер бойынша сессияны онлайн форматта тапсыру үшін Институт басшылығына хабарласу қажет. Сессияны білім алушылар онлайн форматта AERO прокторингімен тест тапсырады. Білім алушы жазбаша емтиханды (ашық, жабық сұрақтар және жоба қорғау) Oqylyq көмегімен онлайн, офлайн форматта тапсыруға мүмкіндігі бар. Ал шығармашылық емтиханды тек офлайн форматта тапсырады. Рахмет!
14-11-2022 13-16-18
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Айтжанова Балауса Сұрақ № 6713 Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің басқарма төрағасы Біләлов Дархан Нұрланұлына
Өтініш
Құрметті Дархан Нұрланұлы,
Мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ның Жаратылыстану және география институтының 4 курс 6В05203-Ғылыми география мамандығының студенті Айтжанова Балауса 2022-2023 жылдың академиялық күнтізбесіне сәйкес, күзгі семестрдің 14-15-ші оқу аптасына жоспарланып отырған оффлайн оқуды онлайн форматта оқуға рұқсат етуіңізді сұраймын. Себебі 2 апта оқуға коммерциялық жатақхана немесе пәтер жалдауға отбасылық жағдайымыз көтермейді. Сонымен қатар, академиялық күнтізбе бойынша оффлайн оқуды талап ететін зертханалық сабақтар жоқ. Осы орайда, шешімді қайта қарастыруыңызды сұраймын.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! 2022 жылғы 24 қаңтардан бастап Қазақстан бойынша барлық білім беру ұйымдарында оқу үрдісі дәстүрлі түрде офлайн форматта ұйымдастырылады. Еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарында оқыту аралас форматта: практикалық, лабораторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе – штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта өтеді.
Сессия офлайн форматта өтеді. Білім алушының денсаулығына немесе отбасылық басқа себептер бойынша сессияны онлайн форматта тапсыру үшін Институт басшылығына хабарласу қажет. Рахмет!
14-11-2022 13-12-46
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Абдикаримова Акбаян Сұрақ № 6712 Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің басқарма төрағасы Біләлов Дархан Нұрланұлына
Өтініш
Құрметті Дархан Нұрланұлы,
Мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ның Жаратылыстану және география институтының 4 курс 6В05101-Ғылыми биология мамандығының студенті Абдикаримова Акбаян 2022-2023 жылдың академиялық күнтізбесіне сәйкес, күзгі семестрдің 14-15-ші оқу аптасына жоспарланып отырған оффлайн оқуды онлайн форматта оқуға рұқсат етуіңізді сұраймын. Себебі 2 апта оқуға коммерциялық жатақхана немесе пәтер жалдауға отбасылық жағдайым көтермейді. Сонымен қатар, академиялық күнтізбе бойынша оффлайн оқуды талап ететін зертханалық сабақтар жоқ. Осы орайда, шешімді қайта қарастыруыңызды сұраймын.
14.11.2022ж
Жауап:
Сәлеметсіз бе! 2022 жылғы 24 қаңтардан бастап Қазақстан бойынша барлық білім беру ұйымдарында оқу үрдісі дәстүрлі түрде офлайн форматта ұйымдастырылады. Еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарында оқыту аралас форматта: практикалық, лабораторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе – штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта өтеді. Рахмет!
14-11-2022 12-53-36
Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Алия Сағитқызы Сұрақ № 6711 Дархан Біләлұлы, менің 2 қызым 3,4 курс студенттері. Оның біреуі химмя мамандығында екіншісі биология мамандығында оқиды. Ұстаздардың айтуымен қыздарым тек қана сессияға барады деп екеуіне билет бағасы арзан кезде самолетке алған болатынбыз. Енді оның уақытын ауыстыру ия болмаса возврат жасау ақылы болып отыр. Екі қызымның билеттері босткр босқа күйгелі тұр. Не үшін тақалғанда өзгертесіздер, ия онлайн ия офлайн екенін ойнап тұрып шешесіздер ма? Бастапқы қаулы бойынша 3,4 студенттері қысқа емтиханға ғана келеді делінді. Енді келіп 28інен бастап деп отырсыздар. Бұны қолға алатын адам бар ма? Ата- ана болып қайда шағымдана аламын? Менің балаларымның келіп кетуі ойыншық нарсе емес қой. Алматыға жақын облыс, қалада емес, батыс қазақстанда тұрамыз! Поездбен бару 3 күнге созылып кетеді. Сіз де ректор ретінде студеттің, ата ананың өтінішін қарастыруыңызды сұраймыз. Саналы адам ретінде оқуды қай топ қандай форматта жалғастырғысы келетінін шешуге мүмкүндік беру керек деп ойлаймын. Топ эдвайзерлері студенттің аузын жабу тек.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! 2022 жылғы 24 қаңтардан бастап Қазақстан бойынша барлық білім беру ұйымдарында оқу үрдісі дәстүрлі түрде офлайн форматта ұйымдастырылады. Еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарында оқыту аралас форматта: практикалық, лабораторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе – штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта өтеді. Рахмет!
12-11-2022 13-46-39
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6710 Сәлеметсіз бе! Бізді ремонт болып жатыр деп, онлайн оқуға жіберген еді. Енді бір апта қалғанда, қайтадан офлайнға оқуға келіңдер деп жатыр. Біз күн суықта, бір аптада пәтерді қайдан табамыз? Пәтердін бағасы ұшып тұр, бәріне белгілі. Жатақхана болсада берілмейді, берілседе екі күннең соң шығыңдар дейді. Жатақхананың жыры белгілі. Бір бір айға бола офлайнға барамыз ба сонда? 1 семестр толықтай онлайн оқып шықсақ, студенттерге де өте жақсы болар еді.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! 2022 жылғы 24 қаңтардан бастап Қазақстан бойынша барлық білім беру ұйымдарында оқу үрдісі дәстүрлі түрде офлайн форматта ұйымдастырылады. Еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарында оқыту аралас форматта: практикалық, лабораторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе – штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта өтеді. Рахмет!
11-11-2022 19-29-15
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6707 Қайырлы күн Шыңғыс Нұрланұлы! Сізге барлық 8-жатақхана студенттерінің атынан жазып отырмын. Неге 8-жатақхананың вахтершалары өте ұрысқақ, қашан көрсең ұрсады да жүреді. Неге олар үнемі көңілсіз? Біз неге үнемі олардың ұрысын естіп өмір сүру керекпіз. Кілең шаршаған кәрі апайлар, неге жас, әлі өмірге құштарлығы бар апайларды жұмысқа алмайсыздар? Қашан қарасаң шаршайды да отырады. Сұрақ қойып қалсаң ұрысып шығады. Осы сұрақты қарастыруыңызды өтінемін. Немесе бізге басқа органдарға шағымдануға тура келеді.
Алдын-ала рахмет!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сіздің өтінішіңізді қарап, лауазымдық міндеттер шеңберінде университеттің №8 жатақханасының қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін және ұсыныстар енгізілгенін хабарлаймыз.
Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекстің (бұдан әрі – Кодекс) 64-бабының талаптарына сәйкес, жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы келіп түскен өтініштер Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жататынын қосымша хабарлаймыз.
Мәселен, өтініште: Тегі, Аты, Әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса), жеке тұлғаның пошталық мекенжайы немесе заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы (бар болса) көрсетілуі тиіс. Осыған байланысты, келесіде өтініш берген кезде жоғарыда аталған Кодекстің талаптарын сақтауыңызды сұраймыз. Сауалыңыз үшін рахмет!
11-11-2022 12-52-05
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6706 Сәлеметсізбе Дархан Біләлұлы! Мен ЖГИ 3 курс студенті бізге оқу жылы басталарда нақты қандай формада болатынын айтпай мен ұшаққа билет алып қойған болатынмын оқу басталарда бірнеше күн қалғанда ғана онлайн деді одан мен ұшақ билетін штраф төлеп келесі айға ауыстырдым ол билетімде күйіп кетті өзіңізде ұшақ билеттері бағасын білетін қанша тұратынын білетін шығарсыз! Енді бізге 10 күн қалғанда сабақ оффлайн басталады келіңдер деп отыр . Мен Атыраудан Алматыға ары бері жүретін ұшаққа билет қайдан табамын бұл уақытта табылсада бағасы ұшып тұр. Және де жататын орынымыз жоқ жалдамалы пәтерлердің бағасын білесіз бізге 1айға кім береді пәтерін . Осы жағдайларды ескере отырып осы семестрді онлаин өтсе екен!!!!!!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрығына сәйкес еліміздің жоғары оқу орындарында оқу үрдісі офлайн форматта ұйымдастырылады. Еліміздің жоғары оқу орындарында оқыту аралас форматта: практикалық, лабораторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе – штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта өтеді. Рахмет!
10-11-2022 19-30-33
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6704 Салеметсиз бе. Неликтен оку уакытын озгерте бересиздер? Сессия аптасы басталганда келесиздер деп айтып , енди 3, 4 курс 6В05101 мамандыктарына оку 28 карашада басталады деп шыгарып жатсыздар? Биз билеттерымызды сессия уакыты карай алган болатынбыз. Онын барлыгы ойыншык емес кой, алып, тапсыру каншама каражат? Билетты возврат истеудин ози биршама акша. Билетты бир ай бурын алады, казир алматыга ешбир билет жок. Нестеймыз сонда? Биз билетты желтоксан айына алган болатынбыз. Неликтен ондай аяк астынын озгерте саласыздар? Отиниш сизден ректор мырза, окуымызды онлайн аяктап, сессияга баратындай кылып жасанызшы!
Жауап:
Құрметті білім алушы! ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрығына сәйкес еліміздің жоғары оқу орындарында оқу үрдісі офлайн форматта ұйымдастырылады. Еліміздің жоғары оқу орындарында оқыту аралас форматта: практикалық, лабораторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе – штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта өтеді. Рахмет!
10-11-2022 19-10-24
Басқа
Сұрақ қоюшы: Рубец Олег Иванович Сұрақ № 6703 Здравствуйте Дархан-мырза! У меня не вопрос, а просьба. На этом сайте неправильно написано имя уважаемого Валерия Алексеевича Коваленко. Поручите исправить ошибку, пожалуйста.
Жауап:
Здравствуйте! Данные Валерия Алексеевича Коваленко с сайта удалены, т.к. он уже не работает в университете. Тем не менее спасибо за информацию! Приносим извинения.
10-11-2022 12-23-59
Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Бұрханбаева Анжир Кайнарбековна Сұрақ № 6702 Құрметті Билялов Дархан мырза, сізге ата- ана ретінде сұрақ қойғым келіп отыр. Бұдан да бұрын жазған болатынмын, бірақ сұрағым жарияланбады. Менің қызым 3-курс екі шет тілінде оқиды. Оқуға түскен кезде 2-ші шет тілін, яғни түрік тілін таңдаған болатын. ЖОЖ-да 5-6 семестрде де түрік тілі сабағы таңдалмаған. Сонда студенттер оқитын екінші шет тілі қайда қалды? Осы сұрағыма жауап берсеңіздер екен. Алдын ала рақмет.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Хатыңыз басшылыққа жолданды. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлымен хабарласуыңызға болады.Байланыс тел.:291-13-71. Рахмет!
Барлығы: 4046