Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректордың блогына қош келдіңіз!

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
 
Ректор блогы университет студенттерімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер сұрақтарыңызды қойып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және үнемі талқылау университет басшылығының жемісті жұмысына көмектеседі.
 
Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.
 

Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

 
 
Электронды пошта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz
 
 
Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы оқу жылы бойы әр айдың 1-ші және 3-ші жұмаларында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
22-12-2022 17-42-30   Басқа

Сұрақ қоюшы: Ппс

Сұрақ № 6791
Сәлеметсіз бе, Дархан мырза! "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша тұрғын үйге кезекке тұру үшін құжаттар тапсырып едік, жауапсыз қалды. Көмектесіңізші, осы сұраққа жауап алып беріңізші министрліктен. Жалдамалы пәтерде бала-шағамен Алматы қаласында тұру үлген мәселе екені өзіңізге белгілі. Сізден көмектесуіңізді сұраймыз. Біздің университетте біршама оқытушылар жалдамалы пәтерде өмір сүріп жатыр. Жоғарғы білім министрлігі құжаттарды жинатып алып, жауапсыз күттіріп қойды бізді.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сіздің сұрағыңыз бойынша 2022 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне университет тарапынан хат қайта жолданған болатын, бүгінгі күнге дейін аталған ведомстводан ресми жауап берілмеді. Біздің тарапымыздан деректерді жинап, тізім жіберу талабы толығымен орындалғанын хабарлаймыз. Министрліктен жазбаша немесе ауызша ақпарат алған жағдайда, кері байланыс алу үшін кадр саясаты басқармасына хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.: 291-82-57.

21-12-2022 22-10-14   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6790
Сәлеметсіздер ме! Біз 3 курс студенттері емтиханға байланысты сұрақ қоймақшы едік. Бізге “Қазақ тілін оқыту әдістемесі” пәнінен ашық кітап арқылы тапсыру керек еді. Бізге күнтізбелік-тақырыптық жоспар жасау қажет, бірақ бұл құжаттар алдын-ала дайындалып қойылған. Антиплагиаттан өткізу жағы қалай болады?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Оқулық жүйесіне “Жауаптар” (Ответы) өрісіне сұрақтың жауабын енгізсеңіздер, мәтін бірегейлікке тексеріледі.

21-12-2022 15-58-47   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6789
Саламатсыз ба! Серікбай Мөлдір Молдағалиқызы Студенттермен дұрыс сөйлесіп білмейді, өте тәкәппар адам бір нәрсе сұрасақ адамға дұрыс жауап бермейді. 3 курсмда мені дұрыс бағаламады бағаға сараң! Студенттерді шеттетіп қояды бағаны!!!!!!!!! Ондай мұғалімді бірінші рет көріп отырмын!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз бойынша жауапты тұлғалар тарапынан тексеру жүргізіледі. Тексеру нәтижесіне сәйкес шешім қабылданады.

20-12-2022 20-32-39   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Балнур

Сұрақ № 6788
Сәлеметсізбе құрметті Дархан Нұрланович! Антиплагиат жүйесін универдің шәкірттері үшін ақылы түрде болса да, ашық қолданысқа рұқсат берсеңіз
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Антиплагиат жүйесін қоюдағы негізгі мақсат - білім алушылардың өз бетімен ойын жаза алу қабілетін дамыту, адалдық қағидаттарын сақтауға дағдыландыру. Сонымен қатар, антиплагиат жүйелері авторлық құқығы сақтала отырып, университет пен әзірлеуші компания арасындағы келісімшарт негізінде қолданылады.
20-12-2022 03-59-55   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6787
Сәлеметсіздер ме?!
Дорожный жайлы сурайын деген едим. Бизге 07.12.2022-24.01.2023 аралыгындагы билеттерге толенеди деп айтылды. Биз кайтарда билет алмай, осы кундер аралыгында Алматыга кайтып келу билетин откизсек дорожный толенема?
Алдын ала рахмет!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша институт басшылығымен хабарласып, толық ақпарат алсаңыз болады. Байланыс деректері: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/3/page/ .

18-12-2022 13-53-29   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6786
Сәлеметсіз бе! Мен 3 курс студентімін. Біз 1 семестрда мектепке пассивті практикаға барған болатынбыз. Практикадан өтетін мектепті өзіміз таңдамадық. Осы мектепті 2 семестрде болатын практика кезінде өтініш жазу арқылы ауыстырса болады ма? Мектеп қаланың сыртында,күнделікті барып келу өте қиын. Университет договорға отырған мектептер арасынан ыңғайлысына ауыссам болады ма?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Білім алушыларды мектептерге бөлу рәсімі институт тарапынан берілген ұсыныстардың негізінде жүргізіледі. Басқа мектепте практиканы өту туралы өтінішіңізді жазып, "Мансап" орталығына немесе институт басшылығына тапсырсаңыз болады. Өтінішіңіз қарастырылады. Рахмет!

15-12-2022 16-39-53   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6785
Қайырлы күн, құрметті ҚазҰПУ ректоры!

Мен, “Ғылыми физика” мамандығының 3 курс докторантымын.

Қазіргі таңда группаласым екеуіміз Франция мемлекеті, Париж қаласы, Париж -Сакле университетінің «Физика плазмасы» лабораториясында ғылыми тәжірибе өтіп жатырмыз.

Біз 3 айға келдік. 22 қараша 2022 мен 17 қаңтар 2023 аралығында осы жерде боламыз. ҚазҰПУ бізге 3 айға 1 200 000 теңгеден қаражат бөлді, бірақ Европа үшін бұл өте аз сумма. Тек ұшақ билеті мен 1 айлық пәтер ақымызға жетті.
Бізге университетіміз тағы қаржылай көмек көрсетсе дейміз, өйткені, бұл жердегі тәжірибе алмасу ғылыми жұмысымызға пайдасын тигізуде.

Сізден жауап күтеміз.
Рақмет!

Құрметпен, PhD докторанты
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті магистранттары мен докторанттарының  шетелдік және жергілікті  ғылыми тағылымдамасын ұйымдастыру туралы ережеге және «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі №2 бұйрығына сәйкес докторанттар үшін ғылыми тағылымдамадан өту мерзімі 30 (отыз) күнтізбелік күнді құрайды, жалпы оқу кезеңінде екі реттен артық болмауы тиіс. Алайда, ұзақ мерзімге докторанттар өз қаражаты есебінен өтуге мүмкіндігі  бар. Докторантқа ғылыми жетекшінінің және кафедраның ұсынымы бойынша  қосымша тағылымдамадан өтуге және/немесе іссапар мерзімін ұзартуға рұқсат етілуі мүмкін. Бұл ретте докторант қосымша қаржылай шығындарды төлеуді өз қаражатынан қаржыландырады. 
Мемлекеттік білім беру гранты бойынша докторанттардың ғылыми тағылымдамасына арналған қаржыландыру Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті магистранттары мен докторанттарының  шетелдік және жергілікті ғылыми тағылымдамасын ұйымдастыру туралы ереженің 4-қосымшасына сәйкес әрбір оқу жылына жоспарланған шығыстар сомасына сәйкес жүргізіледі. Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін Халықаралық ынтымақтастық департаментінің мамандарымен хабарласуыңызға болады.Тел.:8(727)-291-12-45.
14-12-2022 15-14-51   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6784
Здравствуйте уважаемый ректор можно ли найти список список студентов 2 го курса обучающихся на платной основе и на гранте
, так как просмотрев все сайты не было найдено никакой информации
Жауап:

Здравствуйте! В связи с тем, что мы не имеем права разглашать личные данные студентов, сведения об обучающихся хранятся только в информационной системе «Универ». Спасибо!

14-12-2022 10-42-48   Басқа

Сұрақ қоюшы: Қайрат

Сұрақ № 6783
Құрметті ректор, "Қысқы емтиханның түсіндіру жұмыстары" бойынша 12 желтоқсан 2022 15:00 тест орталығымен болған түсіндірме жұмыстарының жазбасын неге студенттерге беруге болмайды, ол жерде емтиханға байланысты көптеген мәселелер айтылды ғой. Осыған жауап берсеңіз
Жауап:

Құрметті студент! Техникалық ақауларға байланысты видео жазылмаған. Егер қысқы сессия форматына қатысты тағы түсіндіру жұмыстары жүргізілу керек болса, Тестілеу орталығы түсіндіру жұмыстарын жүргізуге дайын. Емтиханға қатысты барлық нұсқаулықтармен "Univer" жүйесінің Жаңалықтар бөлімінен танысуға болады. Рахмет!

13-12-2022 20-16-59   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6782
Бірінші семестрді өте жақсыға аяқтаған магистрантқа оқу ақысына жеңілдік жасай аласыздар ма? Абай түлегі скидкасын биыл алып тастапты, сол жеңілдік жақсы бағаланып еді
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Оқу ақысына Университет тарапынан берілетін жеңілдік туралы Ережемен келесі сілтеме арқылы таныссаңыз болады: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/2844/page/. Сұрағыңыз бойынша институт басшылығымен хабарласып, толық ақпарат алуыңызға болады. Институт басшылығының байланыс деректері: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/3/page/. Рахмет!

12-12-2022 15-40-55   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6781
Сәлеметсіз бе! Мен магистрантпын. Бізге басқару психологиясынан беретін ағай 12.12.2022 күнгі сағат 16:00 де болатын лекциямыздың орнын расписанияда тұрған корпустан басқа корпусқа ауыстырып жатыр. Және де келмесеңіздер бар балыңызбен жабамын дейді. Бізде ол кісінің сабағынан кейін тағы сабақ бар біз сонда 10 минуттық үзілісте Қазыбек би 30 дан Төле би 86 ға қалай үлгеруіміз керек? Мұндай өзгерістер жасауға ол кісінің құқығы бар ма? Бұл әрекет дұрыс па жауап берсеңіз.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз бойынша оқытушыдан түсініктеме алынып, ескерту жасалды. Берілген түсініктемеде семестр бойы сабақтар кестеге сәйкес өткізілгені, магистранттар тарапынан ешқандай талап болмағаны туралы айтылған. Қазіргі уақытта магистранттардан аттестация қабылданып, тиісті балл қойылған.

12-12-2022 11-11-14   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6780
Сәлеметсіз бе, біз химия-биология 3 курс студенттері сізге алдыңғы таңда өз өтінішімізді қалдырып едік, сессия уақыты туралы, нақтырақ айтсақ екі ауызша пәнді қатарынан қойылған деп, біздің кафедра осы туралы шешім қабылдап, біздің ескерпемізді қабыл алып, жағдайымызды түсініп, органикалық химия пәнінен кейін бізге дайындалуға 3 күн уақыт берді, енді бізде де төмен баға алуға сылтауымыз жоқ, барынша дайындалып, оқыған білімімізді дәлелдеп шығамыз, барлық келесі емтихандарда сәттілік! Рахмет!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Пікір білдіргеніңіз үшін рахмет айтамыз. Емтиханда білім алушыларымызға сәттілік тілейміз!

10-12-2022 12-51-57   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6779
Сәлеметміздер ме,желтоқсан айының стипендиясы қашан беріледі?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Шәкіртақы 23 желтоқсанға дейін беріледі. Рахмет!

09-12-2022 17-49-39   Басқа

Сұрақ қоюшы: аноним

Сұрақ № 6778
бұл жолы Гульжан Жарасоваға осы хатты жолдағым келып тұр!!! біздің университеттің айнасы ол диплом, кысқаша жазайын... диплом дубликаттарымен Исабаева Нурсагиля Байкеновна айналысып келген, енды орнына жаксы жас маман алды. орнына келген адамға түгел құжаттарды өткізудің орнына , айзына келгенын айтып, сейфынын кілтін тапсырмай, акт жасамай қашып жүр. өзінің жасаған құжаттары бәрі қате, қате болғанда осы сайтты оқысаңыз күнде үстінен арыз түсуде, бырақ анаған айтып, таныс тамыр іздеп, жұмыста қалудың әрекетын жасап жүр, дөрекі сөйлеп, былықтары ашыладау деп, жұмысын өткізбей жүр, енді сіз осы жұмысты орнына келтіреді деп ойлаймыз.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз жауапты тұлғаларға жолданды. Хатыңызда аталған мәселелер міндетті түрде ескеріледі. Егер Сізде Н.Б. Исабаеваның қызметіне қатысты нақты дәлелдеріңіз болса, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Гүлжан Сағидуллақызы Жарасованың қабылдауына жазылсаңыз болады. 

Бұған қосымша, Сіздің хатыңыздағы мәселені толық қарастыру үшін ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІнің 63-бабы 2-тармағының 1) тармақшасындағы талаптарға сай келуі керек екенін ескертеміз. Яғни жолданымда жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде) мен пошталық мекенжайы көрсетілуі керек.

 

09-12-2022 11-31-45   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6777
Сәлеметсіз бе, Дархан Біләлұлы!
Неге ұшақпен ұшқан жағдайда жол ақысы берілмейді?
Ұшақпен ұшсақ та, пойызбен барсақ та, бәрі бір баратын жеріміз ғой?
Шалғай өңірде тұратын студенттердің жағдайын түсінуіңізді СҰРАЙМЫН!
Әсіресе Атырау, Ақтау, Ақтөбе сынды қалалар.
Қыстың кезінде үш күн пойызда жүру де қиын!
Түсінесіз деген үміттемін!
Рахмет!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Жол ақысына берілетін төлемдер тек министрлік тарапынан бекітілген Ережеге сәйкес төленеді. Рахмет!

08-12-2022 17-10-31   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6776
Құрметті ректор мырза, мен осы 2022-2023 оқу жылының қысқы семестрінде академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Польшада оқып жатқан едім. Қазақстандағы пәндерімді онлайн оқып, аралық бақылау бағаларын алдым. Және де сессияның бастапқыда оффлайн болуына байланысты, бізге сессияны келгеннен кейін тапсырасындар деп еді. Алайда, қазір сессия студенттердің өтініш жазуы арқылы онлайнға ауыстырылыпты Соған орай академиялық ұтқырлықпен шетелдегі жүрген студенттерге де сессияны онлайн тапсыруға рұқсат беруіңізді сұраймын. Себебі, сессия тапсырмаған жағдайда қаңтар және ақпан айында степендия берілмесе, бізге бұл қиындық тударатындығын ескерсеңіз екен деймін.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Ағымдағы сессия емтихан кестесіне сәйкес жүргізіледі. Қысқы сессия форматына қатысты Университеттің Академиялық кеңес құрамының кеңейтілген мәжілісінде төмендегідей шешімдер қабылданды:

- былтырғы жылдарғы тәжірибені ескере отырып, прокторинг жүйесі жасанды интеллект көмегімен жетілдірілсін;

- емтихан қабылдаудың цифрлық платформасына сәйкес емтиханның барлық түрлері (тест, ауызша, ашық жене жабық кітаппен жазбаша, шығармашылық, жобалық, практикалық, кешендік, аралас) онлайн форматта да, оффлайн форматта да жүргізілсін;

- студентке бағытталған қағидат негізінде онлайн емтиханды кестеде көрсетілген күніне сәйкес бір тәулік ішінде тапсыру мүмкіндігі қарастырылсын.

Осыған орай, сіздердің қысқы емтиханды онлайн тапсыруға мүмкіндіктеріңіз бар екенін хабарлаймыз. Рахмет!

08-12-2022 17-08-48   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6775
Құрметті ректор мырза, мен осы 2022-2023 оқу жылының қысқы семестрінде академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Польшада оқып жатқан едім. Қазақстандағы пәндерімді онлайн оқып, аралық бақылау бағаларын алдым. Және де сессияның бастапқыда оффлайн болуына байланысты, бізге сессияны келгеннен кейін тапсырасындар деп еді. Алайда, қазір сессия студенттердің өтініш жазуы арқылы онлайнға ауыстырылыпты Соған орай академиялық ұтқырлықпен шетелдегі жүрген студенттерге де сессияны онлайн тапсыруға рұқсат беруіңізді сұраймын. Себебі, сессия тапсырмаған жағдайда қаңтар және ақпан айында степендия берілмесе, бізге бұл қиындық тударатындығын ескерсеңіз екен деймін.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Ағымдағы сессия емтихан кестесіне сәйкес жүргізіледі. Қысқы сессия форматына қатысты Университеттің Академиялық кеңес құрамының кеңейтілген мәжілісінде төмендегідей шешімдер қабылданды:

- былтырғы жылдарғы тәжірибені ескере отырып, прокторинг жүйесі жасанды интеллект көмегімен жетілдірілсін;

- емтихан қабылдаудың цифрлық платформасына сәйкес емтиханның барлық түрлері (тест, ауызша, ашық жене жабық кітаппен жазбаша, шығармашылық, жобалық, практикалық, кешендік, аралас) онлайн форматта да, оффлайн форматта да жүргізілсін;

- студентке бағытталған қағидат негізінде онлайн емтиханды кестеде көрсетілген күніне сәйкес бір тәулік ішінде тапсыру мүмкіндігі қарастырылсын.

Осыған орай, сіздердің қысқы емтиханды онлайн тапсыруға мүмкіндіктеріңіз бар екенін хабарлаймыз. Рахмет!

08-12-2022 16-54-27   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6774
Құрметті ректор мырза, мен осы 2022-2023 оқу жылының қысқы семестрінде академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Польшада оқып жатқан едім. Қазақстандағы пәндерімді онлайн оқып, аралық бақылау бағаларын алдым. Және де сессияның бастапқыда оффлайн болуына байланысты, бізге сессияны келгеннен кейін тапсырасындар деп еді. Алайда, қазір сессия студенттердің өтініш жазуы арқылы онлайнға ауыстырылыпты Соған орай академиялық ұтқырлықпен шетелдегі жүрген студенттерге де сессияны онлайн тапсыруға рұқсат беруіңізді сұраймын. Себебі, сессия тапсырмаған жағдайда қаңтар және ақпан айында степендия берілмесе, бізге бұл қиындық тударатындығын ескерсеңіз екен деймін.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Емтихан қабылдаудың цифрлық платформасына сәйкес емтиханның барлық түрлері (тест, ауызша, ашық жене жабық кітаппен жазбаша, шығармашылық, жобалық, практикалық, кешендік, аралас) онлайн форматта да, офлайн форматта да жүргізіледі. Студенттерге бағытталған қағидат негізінде онлайн тапсыруға бірнеше мүмкіндік қарастырылған:

- онлайн емтиханды кестеде көрсетілген күніне сәйкес бір тәулік ішінде тапсыруға болады;

- емтихан тапсыру кезінде ғаламтор желісінің жылдамдығына, техникалық құралдардың қолжетімсіздігіне байланысты жағдайлар орын алса, білім алушы оқу орнына келіп, универсиеттің ғаламтор желісі мен техникалық құралдарын пайдаланып тапсыра алады;

- емтихан тапсыру күні техникалық ақаулық орын алған жағдайда арнайы http://retake.kaznpu.kz/  сайты арқылы өтініш білдіріп, қайта тапсыруға болады.

Сессия форматына қатысты қиындықтар туындаған жағдайда институт басшылығымен хабарласуыңызға болады. Рахмет!

08-12-2022 16-48-36   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6773
Қайырлы күн! Сіздерге мүлдем байланысқа шыға алмаймыз Cull центр-де, қабылдау комиссиясы да жауап бермейді. Тек сигнал ғана. Зум конференция да тек тұр, телеграм боттарыңызда да жауасыз? Оның барлығы не үшін.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз жауапты тұлғаларға жолданды. Абай университетіне оқуға түсу және құжаттарды тапсыру бойынша толық ақпарат қабылдау комиссиясының сайтында жарияланған: https://abiturient.abaiuniversity.edu.kz/. Сұрағыңыз бойынша Рекрутинг және қабылдау кеңсесінің жетекшісі Нұрмахан Әуесбекұлымен хабарласуыңызға болады. Тел.: 8(727) 291-57-68. Рахмет!

08-12-2022 13-34-44   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 6772
Сәлеметсіз бе, педагогика және психология институтының оқытушысы, Жакупова.А.Ж. сабақтарды дұрыс өткізбей, 1-2 РК кезінде әділ емес бағалады. Сабаққа келіп, тапсырмаларды орындап, сабақ айтып жүрген студенттер сабаққа еш қатыспаған, тапсырма орындамаған студенттермен бірдей бағаланды.
Өзі сабақты дұрыс өткізбейді. 1РК кезінде түгелдей дерлік практикалық сабақтарды практиканттар өткізді, оның қатысуынсыз. Сөйтіп практиканттар қойған бағаны қоймай, төмен бал қойды.
2РК кезінде 4 аптаның 2 аптасында сабаққа келіп тұрып, сыртқа шығып кетеді (деканат,анау мынау шақырып жатыр деп), группамен өзіміз 5 сағаттай отырдық. Сабақтан бос уақытта сол жұмысьарын істесе дейміз. Дұрыс сабақ өткізілмегенсоң дұрыс баға ала алмадық.
Заслуженный бағамды алмағаныма өте ренжулімін. Дұрыс түсініп, тағыда оқытушылармен осындай жағдайлар қайталанбауын сұраймын.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз бойынша Педагогика және психология институты басшылығынан түсініктеме алынды. Берілген түсініктеме бойынша келесіні хабарлаймыз.

Педагогика және психология институтының оқытушысы А.Ж.Жакупова жүргізетін пәндер бойынша шағымдану себептері негізсіз. Себебі оқытушы өз  қызметіне жауапкершілікпен қарап, уақытылы оқу процесін жүргізгендігін және "Univer" жүйесінде білім алушыларды уақытылы бағалап отырғандығын көруге болады. Десекте, кейбір студенттердің өз білім алу процесіне немқұрайлы қарағандығын, жиі кешігулер мен сұранулар салдарынан өзге студенттерден қорытынды бағаларындағы айырмашылыққа қатысты баға сұрау жағдайлары орын алған. Сонымен қатар Академиялық күнтізбеге сәйкес магистрант және докторанттардың педагогикалық практика барысында белгіленген пәндері бойынша семинар сабақтарды жүргізуі қалыпты жағдай екенін, олардың қатысуымен жүргізілген семинар практикалық сабақтардың оқытушы тарапынан қадағаланып, уақытылы бағаланып отырғандығы анықталды. Оқу ғимаратына жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты кабинеттің жеткіліксіздігінен келеңсіз жағдайлардың орын алғандығы рас, алайда ол оқу поцесіндегі өтілуі керек кредиттік сағат санының толық қамтылып, өтуіне кедергі келтірілмегендігін айта аламыз.

Барлығы: 4046

« перв. ... < пред. ...  22  23  24  25  26 27  28  29  30  ... след. > ... посл. »

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Мамыр, 2024
4
Сәуір, 2024
10
Наурыз, 2024
5
Ақпан, 2024
20
Қаңтар, 2024
11
Желтоқсан, 2023
21
Қараша, 2023
19
Қазан, 2023
17
Қыркүйек, 2023
25
Тамыз, 2023
39
Шілде, 2023
29
Маусым, 2023
60
Мамыр, 2023
41
Сәуір, 2023
49
Наурыз, 2023
22
Ақпан, 2023
42
Қаңтар, 2023
68
Желтоқсан, 2022
55
Қараша, 2022
50
Қазан, 2022
62
Қыркүйек, 2022
52
Тамыз, 2022
33
Шілде, 2022
32
Маусым, 2022
49
Мамыр, 2022
139
Сәуір, 2022
64
Наурыз, 2022
45
Ақпан, 2022
46
Қаңтар, 2022
57
Желтоқсан, 2021
29
Қараша, 2021
43
Қазан, 2021
70
Қыркүйек, 2021
75
Тамыз, 2021
109
Шілде, 2021
79
Маусым, 2021
62
Мамыр, 2021
69
Сәуір, 2021
74
Наурыз, 2021
47
Ақпан, 2021
42
Қаңтар, 2021
68
Желтоқсан, 2020
61
Қараша, 2020
62
Қазан, 2020
42
Қыркүйек, 2020
48
Тамыз, 2020
57
Шілде, 2020
81
Маусым, 2020
88
Мамыр, 2020
65
Сәуір, 2020
86
Наурыз, 2020
57
Ақпан, 2020
37
Қаңтар, 2020
28
Желтоқсан, 2019
47
Қараша, 2019
72
Қазан, 2019
70
Қыркүйек, 2019
61
Тамыз, 2019
88
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений