27-10-2022 00-29-45
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6678 Сәлеметсіздер ме!Біз 2-курс студенттері "Филология және көптілді білім беру" институтының мұғалімі Кулекенова Жанар Габбасовнаға профессионалдығы үшін, студенттерге түсіністікпен қарап, қолдап отыратындығы үшін алғыс білдіреміз! Еңбегіңіз ақталып, жемісін жеңіз! Оқытқан студенттеріңіз жақсы маман иесі болып, биіктерден көрінсін дейміз
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Ұстазыңыздың еңбегін бағалап, пікір білдіргеніңіз үшін рахмет!
26-10-2022 16-42-32
Басқа
Сұрақ қоюшы: Оспанов Еділбай Сұрақ № 6677 Құрметті Дархан Біләлов мырза! Мен ҚазҰПУ-да аға оқытушы болып қызмет атқарамын. Менің "Өнер, мәдениет және спорт институты" ғимаратында сенбі сайын сабағым болады. Мен 22 қазан күні төменгі қабатта орналасқан кофехана арқылы аудиторияға бара жатқан едім. Сатушы кофехана арқылы жүруге болмайтынын орыс тілінде ескертті, бірақ мен ол кісінің қазақша түсіндіруін сұрағанымда ол кісі маған дөрекі жауап берді, қазақ тілінде "кетші бары" деп ұрсып берді. Егер есікте ол жер арқылы оқу ғимаратына кіруге болмайтыны жөнінде ақпарат болса немесе бұл туралы мен білсем, кофехана арқылы жүрмес едім. Мен "Болшақ" бағдарламасы арқылы оқығанмын және батыс ЖОО-дарын да оқып, жұмыс жасағанмын. Ондағы оқу ғимараттарында мұндай кофеханалар арқылы жүруге болады. Себебі олар әдейі студенттер мен оқытушылардың ары-бері жүріп тұруына ыңғайлы болу үшін жасалған. Мен бұл кофехана да сол үлгіде жасалған екен деп түсіндім. Бірақ олай емес екен.
Ол кісінің қоғамдық орында, менің шәкірттерімінің көзінше маған дөрекі сөйлегендігіне байланысты көшірім сұрауын сұраған кезімде, ол кісі кешірім сұраудан бас тартты. Кешіріңіз, сол күні менің сабақ өтуге деген ынта-жігерім өте төмен болды. Педагог ретінде маған қатысты этикалық талаптардың сақталмағаны мені қынжылтты. Егер Сандуғаш ханым оқытушылармен осылай сөйлессе, студенттермен қалай сөйлеседі екен деген ой мені қатты мазалауда. Біздің ЖОО педагогтар дайындайды. Ертең біздің студенттер мұндай қарым-қатынасты көріп, қандай мұғалім болмақ? Қалай ұрпақ тәрбиелемек? Сондықтан Сандуғаш ханымға қандай да бір шара қолдануыңызды сұраймын. Егер шара қолданылмаған жағдайда өз еркіммен жұмыстан босатуыңызды сұраймын. Себебі педагог ретінде этикалық тұрғадан қорғалмайтын ұйымда педагогикалық қызмет атқара алмаймын. Құрметпен, Еділбай Төлеубайұлы.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз назарға алынды. Мәселені шешу үшін жауапты тұлғаларға тапсырма берілді. Рахмет!
26-10-2022 12-40-12
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6676 Сәлеметсіз бе, мен Жанна Муслимовнаға алғысымды білдіргім келеді. Ол кісінің оқыту үрдісі басқа мұғалімдерге мүлде ұқсамайды. Ешқандай студентті бөліп жармай, әрқайсысына шынайы баға қойып өзінің білімімен бөліседі. Менің ойымша Жанна Муслимовна сияқты мұғалімдер көп болу қажет.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Алғыс білдіргеніңіз үшін рахмет айтамыз!
25-10-2022 18-10-06
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6675 Сәлеметсіз бе,4-курс студенттеріне шетелде академиялық мобильность бойынша оқуға мүмкіндік бар ма?Рақмет!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Академиялық ұтқырлық бағдарламасына 2-3 курста оқитын бакалавриат студенттері (үшінші семестрден алтыншы семестрге дейін) қатыса алады. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 4 курс (7-8 семестр) студенттері оқуды аяқтауларына байланысты жіберілмейді. Толық ақпарат университет сайтында берілген: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/2677/page/ . Рахмет!
25-10-2022 17-29-40
Басқа
Сұрақ қоюшы: Карибжанова Екатерина Александровна Сұрақ № 6674 Я, Карибжанова Е.А., к.и.н.,доцент кафедры "Истории Казахстана" возмущена несправедливым Положением, принятым отделом кадров, по отношению к сотрудникам, работающим на 0,5 ставки. В университете я проработала 26 лет (общий педагогический стаж составляет почти 40 лет). На день Учителя меня лишают премии, хотя я являюсь штатным преподавателем, и прошла конкурс. Чем я отличаюсь тогда от совместителя? Та же история повторяется и на День Республики!!!
Моё возмущение разделяют и другие преподаватели. Разве мы не являемся гражданами Республики Казахстан? И не полную педагогическую нагрузку мы получили не потому, что уклоняемся от работы, а потому, что не хватило часов.
Уважаемый господин ректор! Просим Вас рассмотреть вопрос об отмене этого несправедливого Положения.
С уважением, Карибжанова Е.А.
Жауап:
Здравствуйте! Согласно Положению о Правлении НАО «Казахский национальный педагогический университет имени Абая», утвержденному решением Совета директоров от 19.02.2021., одной из прерогатив Правления является утверждение документов, принимаемых в целях организации деятельности Общества и его структур.
Так, согласно Положению об оплате труда, материальном стимулировании и социальной поддержке работников, утвержденному протокольным решением Правления и приказом председателя Правления – ректора от 01.09.2021., сотрудникам университета, работающим неполный рабочий день (менее шестидесяти процентов рабочего времени), премии не полагаются.
25-10-2022 13-40-39
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6673 Сәлеметсіз бе ректор мырза! Сізге Филология және көптілді білім беру институтының мұғалімі Кулекенова Жанар Габбасовнаға қатысты шара қолдануыңызды сұраймыз! Мұғалім өте дөрекі адам, үнемі ұрысып жауап береді. Тапсырмаларды системаға оқу басталғаннан кейін 3-4 аптаға кешіктіріп салғанымен қоймай, студенттердің барлығына аз балл қойды! Біз ДОТ студенттеріміз! Бізде сабақпен қатар практика жүріп жатыр. Практикада активті түрде, яғни мектепте күндіз бойы жүруіміз керек! ДОТ болған соң, барлығымыз жұмыс істейміз, үлгермей жүрміз. Практика жетекшісі Айжан Айымбет деген мұғалім де практикаға қатысты түк білмейді. Ескі договор ғана берді,сұрақ қойсақ жауап бере алмайды! Бәрін өзіміз ізденіп немесе кураторымыз арқылы біліп отрамыз. Мәселені қарап беруіңізді сұраймыз
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз басшылыққа жолданды.
25-10-2022 13-02-10
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6672 Дорожный кашан туседи? Бұл түсеме? Түспейтін болса неге ашық айтпайсыздар? Тағы қанша күту қажет?
Жауап:
Құрметті студент! Егер Сіз жол жүруге төленетін төлемақы ережесіне сәйкес құжаттардың тұпнұсқасын тапсырған болсаңыз, міндетті түрде төленеді. Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін институт директорымен хабарласуыңызды сұраймыз. Рахмет!
24-10-2022 14-16-22
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Канат Кубиев Сұрақ № 6671 Сәлеметсізбе, мен ақылы бөлімнен грант ауысып жатыр едім, соның жауабы әлі шықпады яғни приказ шықпады. Осы семестр грантпен оқуым керек еді негізі, институт басшысынан сұрасам приказ шығу керек дейді. Ол қашан шығады?
Осы мәселе қараусыз қалған сияқты, қолға алып қарап жібересізбе. Рақмет!
МФжИи, 2 курс студенті Канат Кубиев
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Университет тарапынан бос грант орындарының үміткерлері министрлікке жолданды. Грант иегерлері туралы ресми құжат рәсімделгеннен кейін институт тарапынан хабарланып, сайтқа жарияланады. Шыдамдылық танытуларыңызды сұраймыз. Рахмет!
23-10-2022 17-46-03
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6670 Сәлеметсіз бе! Кешириниз, білуге бола ма магистранттарға президенттік стипендиянын нәтижелер қашан шыгады?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Президенттік стипендия иегерлерінің тізімі бекітілгеннен кейін сайтқа немесе "Univer" жүйесінде хабарлама беріледі. Сұрағыңыз үшін рахмет!
22-10-2022 11-10-16
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6669 Саламатсыз ба! Қызыл диплом алу үшін, гостың барлығы 5, gpa 3,5 тен жоғары, бірақ 10-11 “4” болса қызыл диплом үміткер бола аламыз ба?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Университеттің Академиялық саясатының 368, 369 тармақтарына сәйкес:
368. А, А- «өте жақсы», В+, В, В -С+ (С+ 2019 ж. 1-ші қаңтардан бастап), «жақсы» бағаларымен емтихан тапсырған және оқудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ кешенді мемлекеттік емтихан тапсырған немесе А, А- «өте жақсы» бағаларымен дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлық бойынша бағаны есепке алмағанда) беріледі.
369. Оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсыруы немесе қайта тапсыруы бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.
22-10-2022 08-35-25
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6668 Мен 4 курс студентімін. Қызыл дипломды алу үшін GPA балл қанша болу керек. Лето, пересдача болса қызыл диплом алуға мүмкіндік жоқ па? Или главное GPA жоғары болса болды ма? Менде GPA балл жоғары, бірақ 1 курста летога қалып қалған болатынмын.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Университеттің Академиялық саясатының 368, 369 тармақтарына сәйкес:
368. А, А- «өте жақсы», В+, В, В -С+ (С+ 2019 ж. 1-ші қаңтардан бастап), «жақсы» бағаларымен емтихан тапсырған және оқудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ кешенді мемлекеттік емтихан тапсырған немесе А, А- «өте жақсы» бағаларымен дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлық бойынша бағаны есепке алмағанда) беріледі.
369. Оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсыруы немесе қайта тапсыруы бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.
21-10-2022 20-07-08
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6667 Құрметті ректон мырза! Хаттамада әр тілде жазылған эссеге жеке марапаттсу болады деп көрсетілген! Бірақ олай болмады! Ақша тағы да жымқырылып қалды! Біздің университетте коррупция әрдайым орын алады. Тіпті марапаттауға (орын алмадық, бірақ марапаттауға іліктік) , 22-і күні ректордан жеке мақтау қағазын аласыңдар деген еді. Оны да концерттің бағдарламасынан алып тастап, басқа күні аласыңдар деді!!! Дәл осы сайыс бойынша басқа университеттер ешқандсй кикілжінсіз орындарын алады, барлық студенттер бойынша үш ақ орын емес, бірнеше орындар бар.
Марапаттау рәсіміне байқауға қатысқан барлық студенттер шақырылады.
Байқау жеңімпаздары - І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдар мен ақшалай сыйақылармен марапатталады. Жалпы жүлде қоры 450 000 теңге.
3 тілдегі эссе байқауының нәтижесінде:
І орын - 70 000 тг
ІІ орын - 50 000 тг
ІІІ орын - 30 000 тг
(Бұл ақшалай сыйлықтармен 3 тілде жеке-жеке марапатталады)
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Республика күніне орай 2022 жылдың 7-19 қазан аралығында университет көлемінде «Менің арманымдағы – Қазақстан» эссе жазудан конкурс өткізілді. Конкурс эссе жазудың талаптары мен шарттарына сай үш тілде – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазылды. Ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша конкурс нәтижесінде жеңімпаз атанған қатысушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар мен ақшалай сыйлықтар, алғыс хаттарға ұсынылды. Конкурс жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар сомасының сертификаттары Республика күніне арналған салтанатты жиында арнайы табыс етілді. Алғыс хат иелері келесі жиында марапатталады.
Конкурс нәтижесімен келесі сілтеме арқылы тануға болады: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/24429/news/ . Рахмет!
21-10-2022 14-11-02
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6666 Құрметті Дархан Билялов, ЖГИ, 3 курс 6В0531-химия мамандығынан жазып тұрмын. Бізге Ғылыми Жобаларды дайындау әдістемесінен Физика кафедрасының қауымдастырылған профессоры Рыстығұлова Венера Ботабаевна сабақ береді. Бізге баллды дұрыс қоймайды. Қазіргі кезде 1- ші рубеждік бақылау тапсырып жатырмыз. Ең көп дегенде 50-60 балл қойып беріп осымен қорытыласыздар деді. Студенттер шулаған соң 20 балл бонус деп қосып берді. Және әр сабағынан қалмай, тапсырмасын орындап жүргеннің өзінде максималды балл осы 70-80 ді қойып берді. Тапсырма барлығын жасап жүрміз, сабағына да қалмай қатысқан студентті неге дұрыс бағаламайды? Балл туралы айтсаңыздар, қосқан бонус 20 баллын алып тастаймын деп қорқытады. Неге бонус 20 балл? Бұл бонус емес, өзіміздің сабаққа қатысу барысында алған баллымыз емес пе? Осы жағдайды қарастырсаңыз.Өзі тіпті бастапқы сабақ кездерінде лекция әзірге тек орысша болып тұр, соны реттеп алғансоң түсіндіремін деді. Лекцияларды да өзіміз аударып жазып жүрдік
Жауап:
Құрметті студент! Қауымдастырылған профессор Венера Рыстығұлова Математика, физика және информатика институтында ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан тәжірибелі ұстаз. Ол 3 курстың "6В0531-Химия" мамандығына Ғылыми жобаларды дайындау әдістемесінен 7 топ, 173 студентке сабақ жүргізеді. Осы аралық бақылау бойынша барлық жүргізілген сабақтарының түпнұсқасы, студенттердің кері байланысы Microsoft Teams бағдарламасында сақталған. Сондай-ақ, студенттердің жеке WhatsApp нөмірлерінде жазған пікірлері де бар. Аралық бағалау нәтижелері "5" - 11,6%, "4"-42,8% , "3"-27,7%, "2"-17,9%. Бұл нәтижелер кредиттік технология талаптарына қайшы келмейді. Дегенмен, профессор В.Рыстығұлова студенттердің өтінішіне түсіністікпен қарай отырып, 2022 жылдың 28 қазанында сағат 9.00-12.00 аралығында "3" және "2" алған студенттердің балдарын көтеру мақсатында қайта аралық бақылау жұмыстарын тапсыруына келісімін берді. Осы мүмкіндікті пайдаланып, өз балдарыңызды көтеруге болады. Рахмет!
20-10-2022 11-00-53
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6663 Сәлеметсіз бе, Дархан Нұрланұлы.
Біздің асхана жұмысына тексеру жүргізсеңіздер дейміз.
Бағасы көрсетілген жапсырма жоқ, бір затты әр түрлі бағамен сатады, столдарды уақытында тазалап отырмайды, тамақты дұрыс жылытпайды.
Және шай 1 стакан 200 теңге студентке қолайлы ма?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сіздің өтінішіңіз назарға алынды. Жауапты тұлғаларға тапсырма беріледі. Рахмет!
20-10-2022 09-39-04
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6662 Саламатсыз ба құрметті Ректор мырза. Көңіл аударасыз деген үміттеміз. Біздер 4 курс студенттеріміз. Қараша айынан бастап өндірістік практика басталады. Сол практиканы әркімнің тұрғылықты мекен жайы бойынша жіберуіңізді сұраймыз. Қазіргі таңда Алматы қаласындағы пәтерлердің бағасының шамадан тыс көтерілуі қиындық тудырып тұр. Сонымен қатар арамызда отбасылы , денсаулығында ахауы бар студенттер де бар. Түсіністік танытып өндірістік практиканы тұрғылықты мекен жайы бойынша жіберуге рұқсат беруіңізді сұраймыз!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін «Мансап» орталығына хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.: 291-83-50.
19-10-2022 12-03-40
Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6661 Құрметті ректор Дархан Нұрланұлы, сізге ата-ана ретінде жазып отырмын. Оқуға түсерде шетел филиологиясына тапсырдық, бірден нақты мамандықты таңдайын дегенде 2 курста тандалады делінген. Біз құжат тапсырғанда нақтылап сұрап алдық: - ағылшын-қытай тілін оқытады ма? -деп. Енді студентіміз 2 курс оқиды, бірақ біз қалаған қытай -ағылшын тілін емес, ағылшын -неміс тілін оқуда. НЕГЕ? Неге студент өз қалаған мамандығында оқымайды? Тем более Ақылы бөлімде оқимыз. Ақшаны қайда төлеп жатырмыз сонда? Неге калаған мамандықта оқи алмаймыз??? Айтыңызшы ректор мырза Дархан Нұрланұлы?????!!!! Оқуға түсерде қыбылдап аласыздарда, топқа бөлерде ол тіл жоқ(қытай) оқысаңдар тек неміс тілі немесе француз тілін таңдайсыідар дейді. НЕГЕ??? Қытай тілін оқытпайтын болса , неге әуел баста ескертпеске. Өтірік инфлрмация беріп, абитуриенттің болашағын құртасыздар. Менің студентімді қытай -ағылшын тіліне ауыстыруыңызды сұраймын. Бұл іс реттелмесе білім министрініе шығуыма тура келеді. Тағы айта кетерлік жайт. Ақылы бөлімде оқи тұра сабақ кестесі 1 ай кеш шығады, онысымен қоймай 1045 рет өзгереді . Соңында ортасында 6 сағаттық окошкаларымен. Жатахқанада тұрмайтын бала сол окошка уакытында қайда бармақ? Қыста не істейді? Барлық студент универ маңайында тұрмайды. Бұл не сұмдық? Кабинет тапшы дейды. Тапшы екен деп танғы 8-10 аралығына сабақ , сосын сол күні кешкі 5 те сабақ. Ол қалай? Расписания 1ай кеш шығып, сиуденттерді қинайсыздар, рубежка уже деп. 7 аптала жинайтын бағасын қалай 3-4 аптада жинап үлгереді? Осы сұрақтарымның шешімін берсеңіз. Рахмет. Құрметпен ата-ана
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Хатыңыз басшылыққа жолданды. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің басшылығымен хабарласуыңызға болады. Байланыс деректері: 291-13-71, 291-16-65, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!
18-10-2022 13-33-07
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6660 Сәлеметсіз бе,Жауап бересіз деген үміттемін. Мен дорожный бойынша жазып тұр едім.Басқа университет студенттеріне июнь және июль айларында түсіп қойған. Мен бір жаман нәрсе жазып тұрғаным жоқ бірақ ол ақша студенттерге беріледі ме деген сұрақ туындап тұр.6 айдай өтіп кетті, біз осы доржканы тосып жүргенде басқа екі айдан соң тағы ауылға қайтатын уақыт келеді. Өздеріңіз білетіндей қазір барлығы қымбаттап жатыр, ал бұл ақша барлық студеттерге кішкене болсын көмек болар еді.
Нақты уақытын немес түседі/немес түспейді деген нақты жауапты күтеміз.
Ол ақша төленбейтін боса студеттерді қинамай тіек айтсаңыз. Не кафедраден не Институттан нақты жауап алмадық, бар қалғаны сізден нақты жауап сұрау болып тұр. Назарыңызға рахмет. КазНПУ студенттері атнан.
Жауап:
Құрметті студент! Жол жүру (жол) өтемақысын қалааралық теміржол және автомобиль көлігінде (таксиден басқа) жол жүруді растайтын құжаттарды (жол жүру билеті мен отырғызу талонын (түпнұсқа), автобуспен жол жүру бойынша тек жол жүру билетін (түпнұсқа) тапсырған студентттерге міндетті түрде төленеді. Ол үшін белгіленген талапқа сәйкес құжаттардың түпнұсқасы тапсырылуы қажет. Рахмет!
18-10-2022 11-55-38
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6659 Сәлеметсіз бе, Дархан Біләлов!
“Бас кеспек болғанмен, тіл кеспек жоқ”- деп, біз, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс студенттері сабақ кестесінің өзгертілуін сұранамыз. Кесте мүлдем қолайсыз. Таңғы 8-ден кешкі 7-ге дейін сабақ оқу біздер үшін ауыр, өйткені қала шетінде, алыс аймақтарда тұратын студенттер бар. Олар таңғы 8 дегі сабаққа үлгеру үшін үйден 6 да шығып, кешкі 8-9 дарда қайтады, одан кейін шаршаған студент демала ма, келесі күнгі сабаққа дайындалады ма, тамағын іше ме, күн көруге ақша таба ма? Тіпті сабақ араларында тамақтануға үзіліс жоқ. Ол былай тұрсын практикада болған 1айымызда өтілмеген сабақтарымызды үстін-үстін жаудырып, қазіргі таңда өтелмеген сабақтың орнын толтырып барлығына үлгеру қиынға соғып жатыр. Сізден өтінеріміз сабақ кестесін не таңғы, не түстен кейінгі ауысымға сәйкестендіріп, студенттердің ыңғайына қарай ауыстырып берсеңіз. Ол мүмкін болмаған жағдайда, үйімізде отырып онлайн жалғастыра берсек. Дәл бұндай күйге түсуімізге біздің кінәміз жоқ деп ойлаймыз, бізге де түсіністікпен қарасаңыздар. Рақмет!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Филология институты қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3-ші курстарына оффлайн сабақтар 8.00-14.50 аралығында, ал онлайн сабақтар (СОӨЖ) кешкі сағат 17.00 ден 19.50 дейінгі аралықта қойылған. Жоспар бойынша белгіленген 5 STS-тің (1 дәріс + 2 семинар сабағы) толық игерілуі үшін педагогикалық практика кезіндегі сабақтар есепке алынып, аптасына 2 дәріс + 4 семинар сабақтары қойылып отыр. Сабақ кестесі Академиялық күнтізбеге сәйкес жасалған. Қосымша сұрақтарыңыз бойынша институт басшылығымен хабарласуыңызды сұраймыз. Рахмет!
18-10-2022 11-11-41
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6658 Құрметті Дархан Билялов, ЖГИ,3 КУРС 6В05301-химия мамандық студенттері сізге жазған хатты көріп көпшілік студенттер өте түсініксіз күйде болып отыр. Жазған студент басқа адамдармен ақылдаспай бәрінін атынан жазып отыр. Қыркүйекте барлығы офлайн оқу болады деп, квартира алып, дайындалған болатын. Оған біріншіден, студенттердің уақыты, екіншіден ақшасы кетті, бірақ ол жағдайда ешкім шағымданбады, себебі, бәрі универдің жағдайына түсіністікпен қарады. Бәрімізге белгілі жағдайларға (миграция саны өсуі, бағаның қымбаттауы) байланысты, қазіргі жағдайда офлайн оқу студенттерге қолайсыз. Барлығы пәтерлерін тапсырып, ауылдарына қайтты. Келген күннің өзінде 1-шіден жатақханада орын жоқ,2-шіден соңғы ресейлік азаматтары қаптап кетуіне байланысты пәтер бағалары ұшып тұр. Ұшып тұрған бағаға да пәтер таппай далада қаңғып жүрген студенттер де аз емес ( дәлел ретінде де көрсете аламыз). Бізге университет қабырғасына барып оқу-*проблема* емес.Қоныстанатын жеріміз жоқ. Сізге жазылған хат басқа топтардың келісімінсіз, жеке дара шешім қабылдап жазған студент! Біз күзгі семестрді онлайн оқытуларыңызды сұраймыз!!!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Оқу үрдісін түсіндіру мақсатында 2022 жылғы 18 қазан күні институт директоры К.Д. Каймулдинова, директордың орынбасарлары, топтардың эдвайзерлерінің қатысуымен "6В05301-Химия" білім бағдарламасының 3-ші курс студенттерімен жиналыс өткізілді. Жиналыста 31 қазаннан бастап университет базасында сабақтарды ұйымдастыру мәселелері талқыланып, студенттер тарапынан жатақхана мәселесін шешу туралы ұсыныс берілді. Студенттермен кездесу барысында жатақханаға мұқтаж студенттер өтінім беруі қажет екендігі хабарланған болатын. Директорат тарапынан университеттің әлеуметтік мәселелер бойынша жауапты тұлғаларымен осы білім бағдарламасының студенттерінің Алматы қаласында тұру жағдайын шешуге қатысты жұмыс жүргізілді. Студенттер тарапынан түскен өтініштердің негізінде тек 11 студент ғана жатақханаға мұқтаж екендігін расталды. Жатақханаға мұқтаж студенттер әлі де болсын өтінім беруіне мүмкіндік бар екендігін мәлімдейміз.
17-10-2022 22-46-18
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6646 Құрметті Дархан Билялов, ЖГИ,3 КУРС 6В05301-химия мамандық студенттері сізге жазған хатты көріп көпшілік студенттер өте түсініксіз күйде болып отыр. Жазған студент басқа адамдармен ақылдаспай бәрінін атынан жазып отыр. Қыркүйекте барлығы офлайн оқу болады деп, квартира алып, дайындалған болатын. Оған біріншіден, студенттердің уақыты, екіншіден ақшасы кетті, бірақ ол жағдайда ешкім шағымданбады, себебі, бәрі универдің жағдайына түсіністікпен қарады. Бәрімізге белгілі жағдайларға (миграция саны өсуі, бағаның қымбаттауы) байланысты, қазіргі жағдайда офлайн оқу студенттерге қолайсыз. Барлығы пәтерлерін тапсырып, ауылдарына қайтты. Келген күннің өзінде 1-шіден жатақханада орын жоқ,2-шіден соңғы ресейлік азаматтары қаптап кетуіне байланысты пәтер бағалары ұшып тұр. Ұшып тұрған бағаға да пәтер таппай далада қаңғып жүрген студенттер де аз емес ( дәлел ретінде де көрсете аламыз). Бізге университет қабырғасына барып оқу-*проблема* емес.Қоныстанатын жеріміз жоқ. Сізге жазылған хат басқа топтардың келісімінсіз, жеке дара шешім қабылдап жазған студент! Біз күзгі семестрді онлайн оқытуларыңызды сұраймыз!!!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Хатыңыз ескеріледі. Рахмет!
Барлығы: 4046