08-06-2022 19-36-26
Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6411 Құрметті Дархан Нұрланұлы! Сізге 1 курста білім алушы студенттің ата-анасы ретінде хат жазып отырған себебім, Университеттегі әскери кафедраның жабылуына байланысты ақпарат алдық.Қаншама уақыт құжат жинақтап, медициналық тексеруден бірнеше күн жүріп өтіп, енді тиісті емтихандарды тапсыруға келгенде, әскери кафедра қызметін тоқтатқандығын естідік. Әскери кафедрадағы жауапты тұлғалар мән -жайды ректораттан білесіздер деп, 11.05.2022ж. №15-05-07-27/992 хатты басшылыққа алып, Сізге қарай бағыттады.Әскери кафедрасы ұзақ жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан Университетте, кафедраның жабылу себебін білуге бола ма? Құжат жинақтап, өтінім берген студенттердің ендігі жағдайы не болады?Былтыр құжат қабылдағанда әскери кафедра жұмыс істейді деп неге үгіт жасады? Әскери кафедраны жабуға не себеп болды?Бұл сұрақты көптеген ата-ана қойып та жатқан болар. Жауапты өзіңізден білу мақсатында осы хатты жазып отырмын.Өзіңізден толық және нақты жауап күтеміз.Рақмет!
Жауап:
Құрметті ата-ана! 2021-2022 оқу жылында әскери кафедраға қабылданған студенттер оқуын толығымен аяқтайды, яғни оқуын жалғастырады.
Әскери кафедрада 2023 жылы студенттер оқу-жаттығу жиындарынан (кәсіптік практикасынан) өтеді және әскери кафедра түлектеріне «запастағы лейтенант» әскери атақтары беріліп, олардың жеке істері жергілікті әскери басқару органдарына есепке қойып жіберілгенге дейін әскери кафедра өз жұмысын атқарады.
08-06-2022 11-32-08
Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Талипов Елямжан Азатович Сұрақ № 6410 Абай атындағы Қазақ Ұлттық
педагогикалық университетінің ректоры
Дархан Нұрланұлы Билялов мырзаға
Әскери кафедрада оқитын
студенттердің ата-аналар атынан
Құрметті Дархан Нұрланұлы!
Соңғы күндері Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы әскери кафедра жабылады деген ақпарат тарап жатыр.
Сіз басшылық ететін университеттің еңбек пен ережені, психологиялық дайындықты талап ететін әскери кафедрасында балаларымыз бір жыл оқыды. Бұл әскери кафедраның балаларымыз үшін де, біз үшін де қолайлысы олар оқудан қол үзбей, әрі уақыттарын бос өткізбей мамандықтарымен бірге әскери қызметкер атағын да алып шыға алады. Әскери кафедрада оқу мерзімі 2 жыл. Балаларымыздың бітіруіне 1 жыл қалғанда олардың басқа университетке ауысулары немесе мүлдем аяқсыз қалдырулары орынсыз деп ойлаймыз.
Сондықтан, Сізден жас жеткіншектердің болашағына бей-жай қарамай, әскери кафедраны осы университетпен аяқтап шығуларына ықпал етсеңіз деп өтініш білдіреміз.
Қол қоюшылар:
Әскери кафедрада оқитын студенттердің ата-аналары:
1. Айтупова У.Т.
2. Алимбеков А.Т.
3. Қаипназарова Роза
4. Қонирбаева Эльмира Рыскулбековна
5. Даргужина Баян Биязбаевна
6. Атабаев Бейсенқұл
7. Қожахметов Ержан Куантаевич
8. Қалбырова Айнұр Ағабековна
9. Баетова Жанар
10. Қалабаева Роза
11. Бакимбаев Қалыбек
12. Қалмуратова Роза Жәлелқызы
13. Улмесова Назира Ыдырысовна
14. Жуманова Меруерт Стамчаловна
15. Чиликбаева Гүлмира Нұрбосыновна
16. Сәрсенбекова Майгүл Болатовна
17. Байманова Күнзада Жамиевна
18. Жазыкбекова Алмагуль Ерболатовна
19. Алданазова Сая Жолдасхановна
20. Баяхметова Ақбидай Оразовна
21. Мейрханова Ботагөз Әуесхановна
22. Турганбаева Шолпа Едильбаевна
23. Шакейбаева Назым Избасаровна
24. Серикбаева Арман Курмангасовна
25. Гүлиев Шахамжан Гуламдунович
Байлыныс үшін:
+ 7708 925 4081
karahan_oguz@mail.ru
Талипов Елямжан Азатович
Жауап:
Құрметті ата-ана! 2021-2022 оқу жылында әскери кафедраға қабылданған студенттер оқуын толығымен аяқтайды, яғни оқуын жалғастырады.
Әскери кафедрада екінші курс студенттері оқу-жаттығу жиындарынан (кәсіптік практикасынан) өтеді және әскери кафедра түлектеріне «запастағы лейтенант» әскери атақтары беріліп, олардың жеке істері жергілікті әскери басқару органдарына есепке қойып жіберілгенге дейін әскери кафедра өз жұмысын атқарады.
08-06-2022 11-21-20
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6408 Саламатсыз ба!
Универде неге әскери кафедра жабылғалы жатыр?
Студенттердің барлығы әскери кафедраға қажетті құжаттарын түгіндеп, медициналық тексерістен өттіп, қаншама күнді осы әскери кафедраның шаруасына жұмсадық,тек психологиялық тест және нормативтер ғана қалған еді,соны күтіп жүргенде бізге әскери кафедра жабылдып жатыр деп айтты.Оны неге бізге алдын ала айтпайды,біздің де өздеріңіздіңде уақыттарыңызды алып,олай болмайды ғой?!
Біз студенттер әскери кафедраның жабылуына қарсымыз!
Жауап:
Құрметті ата-ана! 2021-2022 оқу жылында әскери кафедраға қабылданған студенттер оқуын толығымен аяқтайды, яғни оқуын жалғастырады.
Әскери кафедрада 2023 жылы студенттер оқу-жаттығу жиындарынан (кәсіптік практикасынан) өтеді және әскери кафедра түлектеріне «запастағы лейтенант» әскери атақтары беріліп, олардың жеке істері жергілікті әскери басқару органдарына есепке қойып жіберілгенге дейін әскери кафедра өз жұмысын атқарады.
Жаңа оқу жылында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың әскери кафедрасына талапкерлерді қабылдау жүзеге асырылмайды. Рахмет!
07-06-2022 13-09-11
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6405 Саламатсыз ба?! Дорожный кашан туседи
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Жол жүру өтемақысы білім алушы студенттер мен магистранттарға қысқы және жазғы каникул кезеңінде жылына 2 рет, бітіруші студенттер мен магистранттарға жылына 1 рет 4 еселенген АЕК мөлшерінде төленеді, 1 АЕК 3180 теңгені құрайды. Бұдан әрі жол жүру өтемақысын төлеудің негізгі шарттары қалааралық теміржол және автомобиль көлігінде (таксиден басқа) жол жүруін растайтын құжаттар (жол жүру билеті және отырғызу талоны, автобуспен жол жүру бойынша тек жол жүру билеті) болған кезде ғана беріледі. Қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін ғана жол жүру өтемақысын алуыңызға болады. Рахмет!
07-06-2022 09-32-39
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6404 Сәлеметсіздерме! Жазғы семестр онлайн оқуға болады ма? Өтінемін онлайн оқытылсыншы! Жәнеде күнде болады ма? Әлде аптасына 1 рет қана ма?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Жазғы семестр 1, 2 пән онлайн форматта оқытылады. Толық ақпаратты институт директоратынан алуыңызды сұраймыз. Рахмет!
06-06-2022 20-53-01
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6403 Құрметті Дархан Нұрланович!
Мен өткенде блокқа жазған едім антиплагиат жөнінде.
Сұрақты шештім. Сұрақ бойынша көмектескен кафедра қызметкерлеріне, оның ішінде Нағима Әбзелбекқызына, директор орынбасары Лаззат Табиғатовнаға, офис регистраторов қызметкері Асемаға алғыс айтамын.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сіздің мәселеңіз шешілгеніне қуаныштымыз. Кері байланыс үшін рахмет!
06-06-2022 18-43-59
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6402 Құрметті ректор мырза. Мен 1-ші курс студентімін. Осы университетті таңдауымның бір себебі әскери кафедрасы болғандығы еді. Өзім ақылы бөлімде оқимын. Мен сияқты келген студенттер көп деп ойлаймын. Әскери кафедраға түсу үшін, барлық құжаттарды жинап, медициналық комиссиядан өттік. Енді кафедра жабылды, биыл қабылдамаймыз дейді. Неге бұл мәселе аяқ асты шешілген. Бізге ешкім түсіндірмеді, неге кафедраның биыл студенттерді қабылдамайтынын.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! 2021-2022 оқу жылында әскери кафедраға қабылданған студенттер оқуын толығымен аяқтайды, яғни оқуын жалғастырады.
Әскери кафедрада 2023 жылы студенттер оқу-жаттығу жиындарынан (кәсіптік практикасынан) өтеді және әскери кафедра түлектеріне «запастағы лейтенант» әскери атақтары беріліп, олардың жеке істері жергілікті әскери басқару органдарына есепке қойып жіберілгенге дейін әскери кафедра өз жұмысын атқарады.
Жаңа оқу жылында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың әскери кафедрасына қабылдау жүзеге асырылмайды.
06-06-2022 15-40-12
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6401 Хочу выразить свое негодование по магистратуре в институте истории и права. Я магистрант 1 курса, будущего 2 курса
Во всех дисциплинах полный провал , никакого продвижения в знаниях , которые в свою очередь не несут никакой пользы . Учащиеся изучают их только ради того что бы сдать экзамены и не получают от этого пользы . Да воздаст вам всевышний благом и надеюсь в скором времени все изменится и люди не будут терять время в таких институтах…неоднократные обращения к директору института. Постоянная занятость или его отсутствие. Постоянные намеки. Все желание перебили учиться. Анкетирование заполняли в надежде изменении. Пока толку никакого
Жауап:
Здравствуйте! Каждый человек получает знания не ради оценки или сдачи экзамена, а ради своего будущего. Тем не менее в университете проводится постоянная работа по повышению качества образования. Ваше обращение принято к сведению. По обращению даны указания ответственным лицам Спасибо!
06-06-2022 15-26-09
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6400 Саламатсыз ба!
Біз әскери кафедраның жабылуына толықтай қарсымыз!!!
Керекті құжаттардың барлығын өткізіп, тек норматив пен психологиялық тест қана қаланда, әскери кафедра жабылды деген болмайдығо.Әскери кафедраның жабылуына толықтай қарсымыз!!!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! 2021-2022 оқу жылында әскери кафедраға қабылданған студенттер оқуын толығымен аяқтайды, яғни оқуын жалғастырады.
Әскери кафедрада 2023 жылы студенттер оқу-жаттығу жиындарынан (кәсіптік практикасынан) өтеді және әскери кафедра түлектеріне «запастағы лейтенант» әскери атақтары беріліп, олардың жеке істері жергілікті әскери басқару органдарына есепке қойып жіберілгенге дейін әскери кафедра өз жұмысын атқарады.
06-06-2022 14-26-44
Басқа
Сұрақ қоюшы: Малика Сұрақ № 6399 Сәлеметсіз бе, Дархан Нурланович! Бізге өткен 2021 жылы мамыр айында өтемақы берген болатын, отпускнойға дейін. Биыл неге берілген жоқ? Неге бізге ешкім түсіндірмеді? Бухгалтерлік бөлім үндемейді. Мамыр айында премия алатын едік жылда, биыл ол да жоқ. Сізден жауап күтеміз. Болмаса, білім және ғылым министрлігіне хат жазуға мәжбүр боламыз.
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Өздеріңіз білетіндей, оқу процесінің аяқталуына байланысты 2022 жылғы 31 мамырда профессор-оқытушылар құрамынан қосымша жүктемелер алынып тасталды.
Осыған байланысты, 2022 жылғы 17 маусымда ZOOM конференциясы арқылы сағат 11-де Әкімшілік және қаржы қызмет жөніндегі проректор К.Т.Исакованың және Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен профессор-оқытушылар құрамына (250-ден астам адам) жыл сайынғы еңбек демалыстарының төлемін есептеу және оларды есептеу тәртібі мәселелері бойынша түсініктемелер берілді. Онлайн-кездесу барысында Университет қызметкерлері қойылған сұрақтарға жауап алды.
04-06-2022 19-07-03
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6398 Құрметті ректор мырза! Сізге бітіруші магистранттар атынан өтініш: бұйыртса алатын дипломымыздың мұқабасын көк емес, қанық қызыл түс етіп берсеңіздер.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз ескеріледі. Рахмет!
04-06-2022 14-56-02
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6397 Сәлеметсіз бе! Неге жазғы семестрге оқу жайлы процесс дұрыс жүргізілмей жатыр? Біз өтініш бере алмай, универ жүйесінде қателіктер болып, өтініш берілмейді. Осыған жауапты адамдар дұрыс нақты жауап бермей отыр! Өтініш универ жүйесін тезірек дұрыстап берсе жақсы болар еді. Рахмет!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Институт басшылығымен хабарласып, ескертсеңіз болады. Рахмет!
03-06-2022 13-18-55
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Нуршат Дилдабекова Сұрақ № 6396 Можно ли узнать когда выйдет точная сумма за обучение на 2022-2023 год?
02-06-2022 21-29-23
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6395 Саламатсыз ба Дархан Біләлов айтайын дегенім неге летоның ақшасының күнін 4 не дейін ғана қойып қойған студенттердің барлығының жағдайы асып тасып жатқан жоққой тағы бір мәселе Fx пен тех ақау жайында барып сөйлесейін десең қызметкерлер тест орталығы дұрыс жауап бермейді ылғи да өтініш ешкімнің жағдайы керемет емес студенттерді түсінуін сұраймын сол себепті летоны төлейтін күнді ұзартуларыңызды ешкім аяқ асты ақша тауып бере алмайды қазіргі кезде күн көріс қыйын кез тем более студенттерге қайда барсаңда біз шешпейміз дейді шешіп бере алмаса жұмыс орындарын босатсын тыңдап көңіл бөлгеніңізге рахмет менің сұрағым жауапсыз қалмайды деген үміттемін және күнінің ұзартылуын сұрап талап етем
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша институт директорымен жолығуыңызды сұраймыз. Рахмет!
01-06-2022 17-31-26
Басқа
Сұрақ қоюшы: ППС Сұрақ № 6394 Здравствуйте, Дархан Нурланович! В 2020/21уч.году в мае нам (ППС) кроме заработной платы оплатили компенсацию. В этом году нам оплатили заработную плату, но компенсация не поступила. Университет будет оплачивать в этом уч.году компенсацию? Спасибо!
Жауап:
Здравствуйте! 17 июня 2022 года проректор по административной и финансовой деятельности Исакова Клара Толемисовна встретится с профессорско-преподавательским составом и проведет разъяснительную работу по вопросам заработной платы. Если есть вопросы, можете задать ей на этой встрече. Спасибо!
31-05-2022 23-26-53
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6393 Саламатсыз ба!
Мен биыл 1 курссты ақылы бөлімде оқып бітімдім.2021-2022 оқу жылына 516 мың тг бекітілді.Енді 2 курсста яғни 2022-2023 оқу жылына оқу ақсында өзгерстер болады ма?
Және оқу ақысында қандай жеңілдіктер болады?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Оқу ақысын келісім шартқа сәйкес төлейсіз. Жеңілдік жөніндегі сұрақтарыңыз бойынша толық жауап алу үшін институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен хабарласуыңызды сұраймыз. Рахмет!
31-05-2022 15-57-02
Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6391 Сәлеметсіз бе?Менің қызым екі шет тілі факультетінде 1 курс оқиды.Абайтану пәнінен онлайн эссе жазған.Бірақ бағалау көрсеткіші 0 балл көрсетіп тұр екен.Қайта апелляциялық тексеруден өткізуге өтініш жазып қол қойдыру керек екен.Бірақ зам.декан қол қоймай отыр.Бізге осы мәселені шешіп берсеңіз.
Жауап:
Құрметті ата-ана! Университеттің ішкі талабына сай, жазбаша (ашық) емтихан бойынша плагиат көрсеткіші 40 пайыздан төмен болған жағдайда жұмыс бағаланбайды. Сол себептен, аппеляциялық тексеруге өтініш қарастырылмайды.
31-05-2022 00-44-40
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6390 Сәлеметсізбе.Қояйын деген сұрағым,магистратура 2 жыл,екі шет тілі мамандығын аяқтап отырмыз.Бізде барлығы 120 кредит болу керек.Сынақ кітапшамызда 119 кредит санын көрсетіп тұр. Кредит санын дұрыстап есептеп берулеріңізді сұраймыз.Себебі сол 120 кредит саны мектепте жұмыс істеуімізге үлкен рөлі бар.30 % жалақымызға сол кредит саны 120 кредиттен төмен болмау керек.Осыны шешіп беріңіздер.Шеше алмасаңыздар министир сайтына видео сұрақ қойып сұрайын ба?Осыған жауап күтем
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Институт директорына немесе директордың оқу iсi жөнiндегi орынбасарымен хабарласуыңызға болады. Институт басшылығының байланыс деректері келесі сілтемеде берілген: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/3/page/ . Рахмет!
30-05-2022 19-23-17
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Найманбаева гүлзипа Сұрақ № 6388 Саламатсыз ба? Мен 2005-2009жж аралығында қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша сырттай білім алдым, оқу жарнасын төлеп те тұрдым. Соңғы 2009жылғы сессияны бітіріп, ақша төлей алмай, мемлекеттік экзаменге кіре алмай, дипломымды сол күйі ала алмай қалдым, тұрмыстық жағдайым өте нашар болып оқу орнына бара алмадым, қазір сол дипломды қалай алуыма болады? Өте үздік оқып бітірген едім, алуына мүмкіндігім бар ма? Жауап қата жатсаңыз алғысым шексіз
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс деректері: 291-13-71, 291-16-65, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!
30-05-2022 14-18-02
Басқа
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6386 Здравствуйте! На новый 2022-2023 учебный год нужны 2 преподавателя русского языка и литературы с русским языком обучения. Наш адрес: Алматинская область, Енбекшиказахский район, с.Шелек, ул.Бижанова,91. Можете оказать содействие?
Жауап:
Здравствуйте! По Вашему запросу дано поручение ответственным лицам. Им переданы Ваши контактные данные. Мы обязательно с Вами свяжемся. Спасибо!
Барлығы: 4046