02-02-2022 10-26-06
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6011 Обращается к Вам, отец студента КазНПУ им Абая г.Алматы Байгеловой А.М. .
Мы учимся на третьем курсе, на платной основе. Живем мы в с.Кордай, Кордайском районе Жамбылской области. Для обучения студента дочери приходится снимать квартиру в г.Алматы. Квартиры в последний год сильно подорожали, все об этом знают. И нам родителям очень нелегко поднимать такие расходы. В свете последних событий в Казахстане, и обращений Президента РК к народу, мы надеялись на улучшение некоторых аспектов жизни студентов. Однако, думаем что руководство КазНПУ в этом плане еще долго запрягают.
В чем суть вопроса, у студентов намечается профессиональная практика. Об этом мы узнали в последний момент. Хотя, согласно Положению о профессиональной практике КазНПУ студентов должны были уведомить о предстоящей практике за месяц. Мы поняли что прохождением профессиональной практики студентов занимается Центр Карьер Мансап. Хотя в Правилах о прохождении практики №107 от 29.01.2016г. об этом ничего не сказано, что практикой занимаются посредники (за что деньги платим, за прокладки).
И вот, в последний нас ставят перед фактом, что наша дочь должна проходит практику в г.Алматы, в школе гимназии №148, расположенный при въезде в г.Алматы со стороны г.Талгара. В общем далеко от центра города. Это с пересадками минимум два часа дороги в пути. Прямого сообщения автобуса нет. Хочется спросит у руководства КазНПУ и Центр Карьер Мансап– чем они руководствуются при выборе место прохождения практики для студентов. Мы родители платим за обучение, разве у нас нету никаких прав, требовать рационального метода обучения. По соображениям своей семейной экономической политики, мы увидели что было бы нам выгодно, прохождение практики дочери по месту жительства. У нас имеется один из лучших школ гимназии в Жамбылской области. Мы предложили этот вариант. Они почему что не хотят об этом разговаривать. Почему они Центр Карьер Мансап не должны это учитывать, а навязывать нам свои видения. Разве в нынешней ситуации, они (КазНПУ) не должны прислушиваться к чаяниям народа. Похоже у них застой в умах, раз ищут легкие пути в своих действиях. Посидеть получить наши деньги. А говорит с народом не удосужились.
Надеюсь последние обращения Президента РК Токаева К., все слушали и читали. Может КазНПУ и Центр Мансап тоже начнут стараться изменить жизнь к лучшему (преобразовываться).
Центр Мансап. Целью деятельности центра является реализация государственной молодежной политики в области образования и самоопределения.
Жауап:
Здравствуйте! По Вашему обращению ответственным лицам даны соответствующие указания. Постараемся максимально положительно решить Вашу проблему. Сотрудники Департамента по академическим вопросам свяжутся с Вами. Уверяю, эта проблема обязательно решится. Спасибо!
01-02-2022 22-28-38
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6010 Здраствуйте! Я получаю второе высшее образование по специальности "Учитель начальных классов с ИКТ". Вопрос: " Сколько четверок допускается при получении красного диплома?"
Жауап:
Здравствуйте! Для получения нужной Вам информации просим обратиться к сотрудникам Департамента по академическим вопросам. Контакты: 291-13-71, 291-71-06, e-mail: okubolimi220@mail.ru. Спасибо!
01-02-2022 22-07-28
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6009 Салеметсіз бе ,Ректор мырза! Мен ППИ 3 кірс студентімін. Менің сұрағым: біз Казнпу студенттері медициналық көмекті қайдан ала аламыз? Біздін универ 1 поликлиникаға қарайды екен және мен 1 курста сол жаққа қаралып жүргенмін. Енді тағы қаралайын десем ,прописканыз алматыда емес дейді, себебі біз 2 курста онлайн оқығанда мен басқа қалаға временный пропискага тұрғанмын. Енді мен осы универге временный пропискага тұрайын десем, сіз 3 курссыз общагада тұрмайсыз, сізді тұрғыза алмаймыз дейді. Ал мен квартира жалдап тұрамын,ол жерге үй иелері пропискаға тұрғызбайды. Сонда біз қалада өз үйлері жоқ студенттер медициналық көмекті қайдан алуымыз керек? Разве студенттер оқу уақытында 4 жыл бойы студенттік поликлиникаға қаралу керек қой, ал біздің универдің больницасы ол -1 поликлиника. Бірақ мен ол жерден көмек ала алмай отырмын. Сонда мен платный больница баруым керек пе? Маған жауабын беріңізші.
Жауап:
Құрметті студент! Хатыңыз бойынша жауапты тұлғаларға тапсырма берілді. Денсаулық сақтау пунктінің қызметкерлері Сізбен хабарласып, емханаға тіркелуге көмектесетін болады. Рахмет!
01-02-2022 20-09-30
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6008 Сәлеметсіз бе? Мен 2-курс студентімін. 1-семестрде жатақхана алған болатынмын. Мен 1-тізімде болдым. Енді 2-семестрде сол тізім сақталады ма? Жатақхана беріледі ме? Мен 3-ақпан күні Алматыға жолға шығамын. Алматыда таныс ешкімім жоқ.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша институт басшылығынан ақпарат алсаңыз болады.
01-02-2022 13-25-28
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6006 Қайырлы күн ‼️ бітіруші түлектер (3 курс ССО, 4 курс, 2 курс(маг), 2 курс ДОТ) арасында жүкті не 3ке толмаған балалары бар студенттерге спец пәндерден ауызша емтихан тапсырады не диплом жұмысын жазады таңдау еріктері өздерінде, егер ауызға емтихан тапсырамын десе өтініш жазулары тиіс, өтінішке растайтын құжат тіркеу керек (аяғы жүкті болғаны туралы анықтама не 3ке толмаған бала туу куәлігінің көшірмесі) Енды сұрақ біздің универде осындай таңдау барма ?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Жоғары оқу орнының Академиялық саясатының 326 тармағына сәйкес бакалавриатта білім алушыларды қорытынды аттестаттау дипломдық жұмысты немесе дипломдық жобаны жазу және қорғау нысанында өткізіледі. Сондай-ақ, білім алушылар дипломдық жұмыстың немесе жобаның орнына мынадай негіздер бойынша екі кешенді емтихан тапсыра алады:
1) денсаулық жағдайы бойынша стационарда ұзақ емделу;
2) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар, оның ішінде мүгедек балалар, бала кезінен мүгедектер, I топтағы мүгедектер;
3) жүкті немесе 2 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеуші;
4) сырттай оқу бөлімінің студенттері.
Бұл ретте білім алушы ректордың атына өтініш жазып, қажетті құжаттарын ұсынады.
01-02-2022 11-05-55
Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6005 Сәлеметсіз бе! Қысқы сеесиядан кейін босаған бос мемлекеттік грант орындарына арналған конкурс нәтижесі қашан шығады? Конкурс талаптарында өтініш, транскрипт, GPA орта балы ғана қажет деп тұр. Осы талаптарға сай конкурсқа қатысуға өтініш берген үміткерлердің орта балы көрсетілген толық тізімі шықса дұрыс болар еді? Ашықтық болғаны дұрыс
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Бос білім беру грантын тағайындау бойынша университетішілік конкурс нәтижесі оқу орнымыздың ресми сайтына және "Univer" жүйесіне жарияланды. Босаған грант орындарына үміткерлер тізімі Білім және ғылым министрлігіне жіберілді, министрлік тарапынан бұйрық шыққан кезде барлық білім алушыларға хабар беріледі.
01-02-2022 10-29-24
Басқа
Сұрақ қоюшы: Абдыкадырова Жулдыз Сейтжановна Сұрақ № 6004 Здравствуйте! Я являюсь директором средней школы им.Х.Бижанова с.Шелек Енбекшиказахского района Алматинской области. В школе нехватка кадров, особенно преподавателей русского языка, казахского языка, английского языка, художественного труда для мальчиков. Что можно сделать, чтобы ваши выпускники были трудоустроены именно у нас?
Жауап:
Здравствуйте! По вопросам трудоустройства выпускников просим обращаться в Центр «Карьера». Контакты: 291-83-50, opit_kaznpu@mail.ru. Спасибо!
01-02-2022 07-04-02
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Чалабаева Ясмина Гайратуллаевна Сұрақ № 6003 Здравствуйте, уважаемый Дархан Билялов.
К сожалению, я знаю ответ на свой вопрос, но, имея долю сомнения, и надежду на положительный ответ, хотела бы уточнить, могу ли я получить диплом с отличием, если мои оценки соответствуют всем критериям, но меня оставили на летний семестр( несправедливо и я ничего не могу с этим сделать, кроме как обратиться к вам). Я разочарована в том, что в лучшем педагогическом ВУЗе Казахстана так необъективно оценивают качество знаний студентов, что никто не посмотрел на качество моей работы, на то, что у меня 95 баллов за рубежный контроль, на то, что я сама 2 года преподаю предмет, по которому меня оставили на летний семестр, даже не дали возможности подать на апелляцию или пересдать, из-за чего я лишаюсь стипендии и красного диплома, к которому стремилась с 1 курса. Я была бы очень признательна Вам, если бы Вы решили данный вопрос, иначе мне придётся обратиться в МОН, чтобы наша система оценивания была проверена. Спасибо!
Жауап:
Здравствуйте! Для разъяснения Вашей ситуации и получения ответа просим подойти к проректору по академическим вопросам Мактагали Абдимажитовичу Бектемесову. Тел.: 293-81-53. Спасибо!
01-02-2022 00-36-14
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6002 Ассалаумағалейкум Дархан мырза сізге 1 сурак мен басқа колледж бітірдім медицина колледжін бітірдім диплом алдым сол колледжден кейін сол дипломды тапсыруға бола ма және тағы 1 сурак аттестат міндетті түрде керек пен.Мен педагогикаға тапсырсам деп едім медицина жалғастырғым келмейді
Жауап:
Құрметті талапкер! Медицина колледжінен кейін жоғары оқу орнына бітірген мамандығыңызға классификатор бойынша сәйкес келетін мамандыққа ғана тапсырып оқуды жалғастыра аласыз. Толығырақ ақпарат алу үшін Қабылдау комиссиясының қызметкерлеріне хабарласуыңызға болады. Байланыс телефондары – 8 727 291 57 68; Call-center: 8 727 221 85 14. Рахмет!
28-01-2022 18-09-52
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6001 Сәлеметсіз бе, Дархан мырза!
Мен 2 курс студентімін, офлайн сабақ басталғаннан бері жатақханадан орын сұраған едім, бірақ ешқандай нәтиже болмады. Неліктен университетіміздің дәл қасында тұрған жатақханадан орын берілмейді? Бір ғана жолмен құтылып кете береді ( жатақхана тек 1 курс студенттері үшін деп). Әділдік қайда? Бәрінің пәтер жалдап тұратын жағдайы жоқ қой!
Әлде, декан жатақхананы пәтер ретінде басқа адамдарға жалға беріп жүрме? Онда жатақхананын не керегі бар??? 1 курс,1курс деп айта береді, вакцина алмаған деп олар сабаққа келмеді, вакцина алған студенттерге неліктен берілмейді?? Және осы 2 курстың 2 жарты жылдығын онлайн форматта өтуін сұраймын, өйтекені 1ж.ж-тағы сияқты 1-2 сабаққа барып жүргеннен миымыз дамып, басқалардан өзгеше болып кеткен жоқпыз! Сондықтанда, осы мәселені қарастырып көрсеңіз) алдын ала рақмет.
Жауап:
Құрметті студент! Жатақханадан орын алуыңыз үшін өтінішіңізді жазып, әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды тапсыруыңыз керек. Білім алушылардың өтініштері міндетті түрде қарастырылады. Жатақхана бойынша қосымша ақпаратты институт директорының орынбасарларынан алуыңызға болады. Рахмет!
28-01-2022 15-49-21
Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 6000 Сәлеметсізбе! Менің қызым 3 курс студенті денсаулығы бойынша онлайнда оқып жүрген еді. Енді практиканы өту туралы сұрап хабарластық. Ешкім жауап бермейді. Біздің сұрағымыз практиканы өз жергілікті қаласында өтуге болама. Өтінішті жаздық, директордың қолы қойылған.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Практикадан өту мәселесі бойынша Мансап орталығының мамандарымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-83-50. Рахмет!
28-01-2022 14-55-14
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5999 Қайырлы күн, 2 семестрді студенттер атынан онлайн форматқа көшіруді өтінемін. Қазіргі жағдайға байланысты ауру жұқтырып алу қауіпі өте жоғары болғандықтан онлайн/офлайн формат қауіпті болып отыр. Сол себептен, осы семестрді онлайн форматқа көшіруді өтінемін.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Университеттің Ғылыми кеңес шешіміне сәйкес 1-ші курс студенттерi үшін оқу үрдісі келесідей ұйымдастырылады:
- 2022 жылдың 7 ақпаннан бастап «6В01402-Музыкалық білім», «6В01404-Дене шынықтыру және спорт», «6В02109-Хореография», «6В02113-Кескіндеме», «6В02114-Графика», «6В02118-Дизайн», «6В05101-Биология», «6В05301-Химия», «6В05302-Физика» білім беру бағдарламалары үшін дәстүрлі/аралас форматта;
- 1 курстың басқа білім беру бағдарламаларының студенттері үшін оқу үрдісі 2022 жылдың 21-ші наурызына дейін онлайн форматта ұйымдастырылады.
27-01-2022 16-38-43
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5997 Қайырлы күн! Мен Филология институтының, екі шет тілі мамандығының 2 курс студенті едім. Ақылы бөлімінде оқимын. Президентский грантқа келесі жылы заявление жазайын деп едім, алайда бір ғана сабағымнан (1 курс 1 рубежка кезінде алған баға) 4 болып қалып еді. Сол әсер етедіме? грант үшін толығымен бәрі 5 деген баға болу керек па? Ешқандай жеңілдік жасалынбайды ма? Тек бір ғана сабағым 4 болып тұр.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сұрақтарыңыз бойынша толық ақпаратты Тіркеу кеңсесінің мамандарынан алуыңызға болады. Байланыс тел.. 291-18-53. Рахмет!
27-01-2022 15-58-45
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5996 «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі, дамуымыздың катализаторы. Университетімізді де өз алдына шағын мемлекет ретінде қарастырып, сіз де білім алушылардың пікіріне құлақ асасыз деген үміттеміз!
Жаһандану контекстінде және соңғы жылдары қоғамда орын алған жағдайға байланысты онлайн білім алудың өзектілігі артты. Дамыған әлем елдері үшін бұл қалыпты құбылыс, себебі үздік ЖОО-лар да онлайн,қашықтан білім беру формасын тиімді деп есептейді.
Онлайн форматқа көшкенде, ҚР білім беру жүйесі сынға ұшырады, соккыны көтере білмеді. Оның басты себебі -АКТ-ны меңгермеген, сабақта интерактивті әдістерді қолдана алмайтын, компьютерлік сауаттылық деңгейі төмен әрі базалық білімі жоқ, танымдық ресурстарды сабақ процессіне кіріктірместен бұрын олар жайлы тіпті білмейтін кадрлар, педагогтер. Әрине, оқытушыларымыздың дайын болмауына олардың өздерін ғана кіналай алмаймыз, дегенмен осы қателіктен сабақ алғанымыз дұрыс болар?
Студенттерге сабақ беруді , дәстүрлі формада оқытуды магистранттардың барлығы біледі , себебі 80% өз мамандығы бойынша жұмыс істеп көргендер. Ал келесі буын өкілдерін оқытушы ретінде біз онлайн оқытуды “шемішкедей шағып тұруымыз” керек, себебі білімнің болашағы- ақпараттық технологиялар арқылы меңгертілетін қашықтықтан білім беру технологиясында.
Қазіргі таңда онлайн білім алу - live-long-learning мен self-development құндылықтарының негізін құраушы.
Үлкен буын өкілдері, оқытушыларымыз
компьютерді тек пайдасыз ойын құралы, ойын-сауық үшін ғана қажет деп біледі, бірақ қазіргі таңда өзін-өзі дамыту философиясы қоғамда кең таралған, әр адам өз білімі үшін жауапты екенін толық сезінген кезең.
Онлайн оқу,жұмыс шынымен өмірімізге ойып тұрып кіргендіктен, біз білім алушы ретінде оны таңсық немесе жеңіл дүние ретінде қабылдамаймыз.
Онлайн білім беру мегаполистегі көлік кептелісіне кететін уақытты да сақтайды, күйзелістің де алдын алады.
Магистранттардың өзін-өзі қадағалау дағдысы қалыптасқанын ескере отырып, сізден магистратура сабақтарын онлайн режиміне ауысуңа рұқсат беруіңізді сұраймыз. Дифференциалдылық принципін ескеріп, түсіністікпен қарайсыз деген үміттеміз.
Магистранттар кеше мектеп бітіріп, ауылдан келген, аузынан сүті кетпеген жас балалар емес. Сабақ айту үшін университетке барып отыру қажет деп ойламаймын. Онлайн оқытуға жіберудің өзін эксперименттік тұрғыдан қарап зерттейтін, кемшілігін айқындап, мүмкіндіктерін талдайтын объектіге де айналдыруға болады. Ірі корпорациялар мен мемлекеттік деңгейдегі коллоквиумдар мен жиындар онлайн форматында өткізіледі - бұл жаһандық желі арқылы байланысқа шығудың тиімділіктерін дәлелдейді.
Елдегі эпидемиологиялық ахуал әлі тұрақталмады, қауіп әлі де сейілмеді сондықтан бұл денсаулығымыз үшін жасалған шара.
Көп жағдайда магистранттарға “сендер оқуға келдіңдер! Жұмыс дегенді қысқартыңдар!” дегенді естиміз. Реалистік тұрғыдан 78.000 теңгеге мегаполисте өмір сүру мүмкін емес екенін мойындайық. Әсіресе, пандемиядан кейінгі бағаның күрт өсуін ескерсек жалпы күнделікті базалық қажеттіліктердің өзіне жетуі екіталай. Ескеретін жағдай, магистранттардың 90%-ы өз мамандығы бойынша қызмет етіп жүргендер.
Сонымен қатар, университеттің оқытушялар құрамын, жалпв университет философиясын реформалауыңызды өтінемін. Әр оқытушыны құрметтеймін, дегенмен қазір заман минут сайын өзгеруде және білім саласына флексибл, жаһандану призмасы арқылы көзқарасы қалыптасқан ПРАКТИК мұғалімдер оқытуы қажет деп ойлаймын. Біздің мұғалімдер өте білімді тамаша адамдар, бірақ көбі мектепте практикалық тұрғыда тәжірибесі аз әрі ол (уже) өзекті емес. Соған орай ПӘНДЕРДІ де жаңартуыңызды сұраймын. Мысалы мен өз басым мықты практиктер НЗМ немесе соған ұқсас CIS, IB жүйелерінде жұмыс істеп көрген, халықаралық деңгейдегі білім беруді меңгерген адамнан сабақ алғым келеді. Алматының өзінде Англия, Америка, Финляндия және т.б. елдер білім беру жүйесінде оқытатын мектептер бар, сол мектептермен коллаборация болса, соның негізінде өз өнімімізді жасап, өз жүйемізді құрай алсақ жақсы болар еді. Расын айту керек, біздің оқытушыларымыздың басым бөлігі советтік идеологияны, сол кезеңдегі жүйені қолдаушылар. Шетелден тәжірибе алып, бәрін көрген адам ретінде сіз мені түсінесіз деп үміттенемін. Лишь оқытушыларға сағат болу үшін қажетсіз, өзекті емес пәндерді қоспауын қадағалауыңызды өтінемін.
Мен университетіміздің ПЕДАГОГИКАЛЫҚ бола тұра, техникалық,IT бағыттарына негізделген SDU, UIB оқу орындарында практиктердің көп болуына көңілім түседі.
Барлығын саралап, құлақ асып, дұрыс шешім қабылдайсыз деген үміттемін!
Жауап:
Құрметті магистрант! Білім берумен қатар білім алудың өзекті мәселелері бойынша ой-пікіріңізді жан-жақты жазғаныңыз өте орынды. Ғылыми-педагог жолына түсіп, магистр дәрежесін алу талабыңызды қолдаймыз. Диссертация бойынша ғылыми-зерттеу ізденісіңіз бен кәсіби біліктілігіңізді ұштастыру мақсатында педагогикалық жұмыс жасағаныңыз да өте құптарлық.
Ал 2021/2022 оқу жылының көктемгі семестрінің оқу үрдісін ұйымдастыру форматына келетін болсақ, қаладағы санитарлық-эпидиомиологиялық жағдайды ескере отырып, ҚР БҒМ нұсқаулық хаты мен университеттің Ғылыми кеңес шешіміне сәйкес оқу үрдісі аралас форматта ұйымдастырылады. Магистратура бойынша сабақтар 24.01-06.02.2022 ж. аралығында онлайн, 2022 жылдың 7 ақпаннан бастап дәріс онлайн, семинар, зертханалық және практикалық сабақтар офлайн форматта өтеді.
Алдағы уақытта ҚР БҒМ жоғары білім беру жүйесіне оқытудың жаңа құралын енгізуді жоспарлап отыр. «Онлайн-оқу» білім алудың жаңа форматына көшу жоғары оқу орындарына техникалық-материалдық талаптарды қанағаттандыратындай нормативтік-құқықтық ережелерін енгізілілгеннен кейін жүзеге асырылады. Ұсыныстарыңызды ескереміз. Сұрағыңыз үшін рахмет!
27-01-2022 15-57-00
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5995 Сәлеметсізбе Ректор мырза!Мен 1-курс магистрантымын. Денсаулығыма және отбасылық жағдайыма байланысты осы семестрді онлайн режимде оқуға рұқсат беруіңізді сұраймын. Барлық сабақтарды толық меңгеріп, тапсырмаларды уақтылы орындап жіберіп отырамын. Өтінішімді қабылдауыңызды сұраймын.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша оқып жатқан институт директоратына хабарласуыңызды сұраймыз.
27-01-2022 15-56-07
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5994 Сәлеметсіз бе?! Мен, Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1-курс магистрантымын. Еліміздегі жағдайларға және қазіргі уақытта аурудың өршіп бара жатқанына байланысты сабақтарды офлайн форматтан онлайнға ауыстыруыңызды сұраймын. Көп адам ауырып жатыр, жұмыстың өзінде тез жұғуда. Отбасымыз мен балалардың үнемі ауырып қалатынына байланысты кешкі 8-ге дейін универде отырып, ұзақ жолмен кері қайту (кеш жету) кедергі тудырады. Өтінішімді жерде қалдырмайсыз деген үміттемін.
27-01-2022 14-49-11
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5993
Құрметті ректор мырза!
Магистранттардың өзін-өзі қадағалау дағдысы қалыптасқанын ескере отырып, сізден магистратура сабақтарын онлайн режиміне ауысуына рұқсат беруіңізді сұраймыз. Дифференциалдылық принципін ескеріп, түсіністікпен қарайсыз деген үміттеміз.
Елдегі эпидемиологиялық ахуал әлі тұрақталмады, қауіп әлі де сейілмеді сондықтан бұл денсаулығымыз үшін жасалған шара.
Барлығын саралап, құлақ асып, дұрыс шешім қабылдайсыз деген үміттемін!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! 2022 жылдың 7 ақпаннан бастап бакалавриаттың (2-5 курс), магистратура, PhD докторантура білім беру деңгейлеріне арналған оқу үрдісі келесі форматта: дәріс - онлайн; семинар, зертханалық және практикалық сабақтар офлайн форматта өтеді.
27-01-2022 14-25-20
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5991 Қайырлы күн! Дархан Біләлов мырза, мен 1- курс , филология факультетінің магистрантымын. Бізге 2-семестрдегі сабақтардың толықтай онлайн форматта өткені ыңғайлы. Осы мәселені қарастырсаңыздар екен. Басқа қаладан келіп оқитындақтан аптасына 2 мәрте университетке бару, басқа уақытта жұмыс жасауға ыңғайсыз оқу кестесі мені қанағаттандырмайды. Біз кішкентай бала емеспіз, техникалық құралдарды, ғаламторды жақсы меңгерген магистрантпыз. Дамыған елдерде қашықтықтан білім беру формасы жақсы дамыған,тиімді саналған. Біздің де ұстаздарымыздың оған қабілеті жетеді. Елдегі жағдай әлі орынан келмеді. Денсаулық бәріміз үшін маңызды. Бір студент аурып келсе , келесі күні сабақта жарты группа аурып отырады. Бұны бірінші семестрде байқадық. Біздің сұранысымыз жылы жауаппен қалмаса екен, толық онлайн жүйеге ауысуын қарастыруыңызды сұраймыз.
27-01-2022 13-09-43
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5989 Салеметсизбе, бос билим грант иегерлеринин тизими кай уакытта жарияланады?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Бос білім беру грантын тағайындау бойынша университетішілік конкурс нәтижесі оқу орнымыздың ресми сайтына және "Univer" жүйесіне жарияланды. Босаған грант орындарына үміткерлер тізімі Білім және ғылым министрлігіне жіберілді, министрлік тарапынан бұйрық шыққан кезде барлық білім алушыларға хабар беріледі.
26-01-2022 22-51-12
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 5988 Саламатсыз ба. Магистратура 1курс,сабақты офлайн форматтан онлайн форматка ауыстырсаныздар. Алдынгы семестр сабақтың 90% онлайн форматта өткен. Бізге сол формат ынгайлы. Көбі жұмысы бар, себебі мегаполисте степендия 77.000 теңгеге өмір сүрі мүмкін емес .Сол жағын қарастырсаңыздар.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Оқу форматына қатысты сұрағыңыз бойынша институт директорымен хабарласуыңызға болады. Рахмет!
Барлығы: 4046