Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректордың блогына қош келдіңіз!

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
 
Ректор блогы университет студенттерімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер сұрақтарыңызды қойып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және үнемі талқылау университет басшылығының жемісті жұмысына көмектеседі.
 
Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.
 

Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

 
 
Электронды пошта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz
 
 
Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы оқу жылы бойы әр айдың 1-ші және 3-ші жұмаларында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
26-01-2022 16-44-44   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5986
Сәлеметсіз Дархан Біләлов мырза
Мен діл қазір денсаулығыма байланысты өз қаламдас ем алып жатырмын, ал 7 ақпаннан бастап университетке аралас форматта окуға шақырып жатыр. Ендігі қояр сұрағым оқуды ем біткенге дейін онлайн форматқа ауыстыруға болама
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Денсаулығыңызға байланысты онлайн форматта оқуыңызға болады. Ол үшін Университет ректорының атына өтінішіңізді жазып, ем алып жатқаныңызды растайтын құжаттарыңызды тіркеп эдвайзеріңізге тапсыруыңыз қажет. Өтінішіңіз бойынша институт директорына хабарласыңыз. Рахмет!

26-01-2022 13-07-19   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5984
Сәлеметсіз бе ?! Дархан Біләлұлы!
Мен филология факультетінің бірінші курс магистранты боламын. Жаңа семестрдің сабақ кестесін алдық . Бірақ неге біз кешкі 8 ге дейін оқимыз ? 4 тен 8 ге дейін , аптасына 5 күнге сабақ кестесі қойылыпты , бірақ неге студенттердің жағдайы мен уақытын еаептемейсіздер ? Кешкі 8 ге дейін отыру мүлде ақылға сыймайды . Ең болмаса 6 ға дейін қойсаңыздар болмайды ма ?! Барлық мемлекеттік қызметтер тек 6 ға дейін ғана ғой , біз неге 8 ге дейін отыруымыз керек?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Оқу форматына қатысты сұрақтарыңыз бойынша толық жауап алу үшін Филология және көптілді білім беру инcтитутының басшылығымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-16-06, 291-18-35. Рахмет!
26-01-2022 08-02-42   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5983
Здравствуйте, я студентка первого курса и сегодня объявили что отдельные факультеты первого курса будут учится в смешанном формате а некоторые так же остаются в онлайн формате. Я хочу вас попросить перевести всех студентов первого курса на смешанный формат. Сидеть по 4,5 часов над ноутбуком это ужасно и уже повлияло на наше зрение. Получается так что мы абсолютно сидим перед ноутбуком сначала сидя на парах а после выполняя задание которые нам даются.Прошу вас ещё раз пересмотреть ваше решение на счёт формата обучения.
Жауап:

Здравствуйте! По вопросу  касательно учебного процесса Вы можете обратиться к директору Департамента по академическим вопросам Жанбекову Хайрулле Нышановичу. Контактный тел.: 291-13-71, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Спасибо! 

25-01-2022 18-45-51   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5982
Қайырлы кеш! Мен 1-курс студентімін. Неліктен дефектология факультеті онлайн форматта оқиды? Оларда қалыпты(оффлайн) фарматқа көшіруін сұрайды! Қалай дегенмен онлайн мен оффлайн форматта оқудың айтарлықтай айырмасы бар, бұл әсіресе 1 курс студенттеріне өте қажет. Білім сапасынада әсер етеді.
Жауабыңызға алдын ала рақмет!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Оқу форматына қатысты сұрағыңыз бойынша институт басшылығымен хабарласуыңызға болады. Институт басшылығының байланыс телефондары келесі сілтемеде берілген: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/2600/page/. Рахмет!

25-01-2022 16-55-36   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5981
Сәлеметсіз бе! 2021-2022 оқу жылы бойынша босаған білім беру грантының бос орындарына арналған конкурсқа қаңтар айында өтініш беріп едім. Нәжижесі қашан шығады? Қайдан көруге болады?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Бос білім беру грантын тағайындау бойынша университетішілік конкурс нәтижесі оқу орнымыздың ресми сайтына және "Univer" жүйесіне жарияланып, босаған грант орындарына үміткерлер тізімі Білім және ғылым министрлігіне жіберілді. Министрлік тарапынан грант иегерлерінің тізімі бекітілген жағдайда сайтқа жарияланып, барлық білім алушыларға хабарланады.

25-01-2022 16-28-05   Басқа

Сұрақ қоюшы: Шапатова Клара

Сұрақ № 5980
Мен Е-Gov арқылы желтоқсан айында өтініш жіберген едім. Жауап әлі жоқ. Қалалық мұрағаттан Сіздің мекенжайыңызға бағытталды деген жауап келді. Маған осы университетте оқыған жылдарым көрсетілген мұрағаттық анықтама қажет еді. Қалай жылдамырақ алсам болады? Осы блогқа да жазғанмын. Бірақ жауап ала алмадым. Көрсетілген номерге хабарласқанымда Е-Gov арқылы өтініш жібересіз деді.Сіздер тарапынан 15 күнде жауап беру керек болғансыздар!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін оқу орнымыздың Мұрағат қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-84-04, arhiv_kaznpu@mail.ru.

25-01-2022 15-16-52   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5979
Сәлеметсіз бе! Поезиденттік шәкіртақы осы қаңтар айы бойынша түспеді, қашан түсетінін сұрауға бола ма?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Шәкіртақы бойынша сұрақтарыңызбен бухгалтерияға хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.: 291-37-54.

25-01-2022 09-30-05   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Байтулеуова Асем

Сұрақ № 5977
Здравствуйте уважаемый Дархан Нұрланұлы !Пишет вам мама студента первого курса который был зачислен условно с 60 баллами на факультет истории и права.При сдаче документов в приемной комиссии сказали что в течении года он должен сдать ент и набрать хотя бы 65 баллов чтобы остаться на платной основе если нет то в конце учебного года выдаётся справка о том что он проучился на первом курсе казнпу.Нас такие условия устраивали.Но я надеялась что сын наберёт пороговый балл ,ведь ент можно было сдать несколько раз.В период сессии его к экзаменам не допускают потому что по двум предметам была задолженность.Так как первый курс сын столкнулся с этим первый раз и не знал что делать.Куратор заверила что можно сдать в летний период эти два предмета и что в первую очередь надо сдать ент.Мой сын зарегистрировался на ент но несмог попасть потому что мы иногородние и ЧС повлияло на это.После чего сыну позвонила куратор и сказала что его отчисляют по причине задолженности. Задаётся вопрос почему она дала неверную информацию.Я была у зам.декана но мне предложили перевод в другой университет .Перевод не рассматривается так как сроки прошли. И что нам теперь делать? Никакой поддержки со стороны педагогов, хотелось бы чтоб учитывали то что первый учебный год тем более в режиме онлайн.Учителя грубые до конца не выслушивают во время урока . Конечно не все но есть такие .Я многодетная мама воспитываю детей одна так как супруг умер, я понимаю что не одна такая. Сын мой старший в семье и он сам выбирал университет потому что есть военная кафедра и меня по оплате устраивало. В других университетах оплата дорогая я не осилю.Очень прошу вас помочь мне разобраться в данной
ситуации.
Жауап:

Здравствуйте! Согласно типовым правилам приема в высшие учебные заведения РК и приказа МОН РК № 600 от 30 октября 2018 года Ваш сын имеет право сдать ЕНТ в весенний период прохождения тестов (март, май). Для освоения кредитов академической задолженности он должен зарегистрироваться на дополнительное обучение летнего семестра. За более подробной информацией можете обратиться в директорат Института истории и права. Тел.:8(727)291-03-09, 291-47-89. Спасибо!

24-01-2022 22-33-41   Басқа

Сұрақ қоюшы: Есмаханова Жаркынай Шарабдиновна

Сұрақ № 5974
Құрметті Дархан Біләлов!!!

Мен Шымкент қ. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті. «8D01505 - Биология педагогін даярлау» мамандығының 2 курс PhD докторантымын. Сіз басқарып отырған университет кітапханасының диссертация бөлімінде тақырып бойынша жұмыс жасауға, деректер жинауға өз университетінен рұхсатнама алып баруға міндетттімін ба?

Рахмет!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Ғылыми кітапханасының диссертациялар қорымен жұмыс істеу үшін кітапхана ережесіне сәйкес университетіміздің зерттеу қызметі жөніндегі проректоры Ермек Әбілтайұлы Бөрібаевтың атына хат жазып, диссертациялар қорынан мәліметтер алуға рұқсат алу қажет. Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін Ғылыми кітапхана қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Тел.:261-22-43. Рахмет!

24-01-2022 21-52-18   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5973
Ректор мырза салематсыз ба?Менің қызым 2курс студентті.1семестрде жатақхана берілді.Желтоқсанның аяғына дейін келісім шартпен тұрды.Босатыңдар деген соң шығып кетті.2семестрде 1курс оқымайды екен.Енді жатақханаға неге ертерек құжат қабылдай бермейді?7ақпанда сабаққа барғанда қайда барып тұрады,?Ертерек құжаттарың жинай берсе.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Жатақханадан орын алу ережесіне сәйкес жатақханаға мұқтаждығы туралы өтінішін жазып, әлеуметтік жағдайын растайтын құжаттарын институт директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына тапсырса болады. Өтініші міндетті түрде қарастырылады. Рахмет!

24-01-2022 20-35-16   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5972
Добрый день! Хотела бы узнать когда выйдут результаты вакантных грантов. Я сдала все документы. Как можно узнать результаты?
Жауап:

Здравствуйте! Результаты внутриуниверситетского конкурса были вывешены на сайте университета и в системе Универ. Этот список был направлен в Министерство образования и науки РК. При издании соответствующего приказа со стороны министерства все обучающиеся будут уведомлены.

24-01-2022 19-32-19   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Сабитқызы Ділназ

Сұрақ № 5971
Сәлеметсізбе Дархан Біләлов мырза. Мен Химия-Биология мұғалімдерін даярлау мамандығының 1 курс студентімін. 1 семестрде емтихан қорытындылары бойынша барлық пәннен 90 және одан да жоғарға баллдарға иеленген болатынмын, тек Абайтану пәнінен ғана ойымдағыдай балл қойылмаған болатын. Оның себебі оқытушының әділ бағаламауында деп ойлаймын. Себептері: біріншіден Абайтану пәнінен семестр бойы 75 студентке семинарға 1 сағат бөлінді, менің ойымша бұл соншама студентке өз аз болып табылады. Оқытушы мұндай жағдайда студенттің білім деңгейін анықтай алмайды деген ойдамын. Семинарда тіптен студенттің көптігінен және олардың барлығына уақыт жетпейтін болғандықтан, сабақ айталмай қалған кезде болды. Екіншіден 1 семестр бойы 3 оқытушы ауысты. Үшіншіден, соңғы балл қойылатын кезде, ( Абайтанудан семестр бойы тек бір балл қойылып қорытынды балл шығады) оқытушы балл қояр алдында старостадан студенттер тізімін сұраған. Сонда ол студенттерінің білім деңгейін білмейме? Төртіншіден мен семестр бойы лекция мен семинарлардан бірде-бір рет қалған емеспін. Үзбей қатыстым. Оқытушымыздың берген тапсырмасында уақытында жібердім. Бесіншіден Жабал Шойынбет( алғашында берген болатын, бірақ артынан оқытушымызды өзгертіп жіберді) ағайдың көмекшісінен баллды өзгерту мүмкіндігін сұрағанда, аттестацияға да, жоғары шәкіртақығада ( повышкаға) әсер етпейді деп сұрақты жылы жаба салған еді. Шын мәнінде олай емес, әсері бар екен. Сонымен қатар, ауыстыру мүмкіндігін тағы қарастырғанда дөрекілік көрсеткен болатын. Студент ретінде оқытушының осындай әдебі университет қабырғасында болмау керек деп ойлаймын. Жауап болады деген үміттемін.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Бекітілген жұмыс оқу жоспары бойынша "Абайтану" пәніне 2 кредит бөлінген (15 сағат дәріс, 7,5 сағат семинар). Сұрағыңыз ескеріледі. Рахмет!

24-01-2022 16-31-32   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5970
степендия қашан түседі неге кешігіп жатр
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Стипендия 24 қаңтар күні төленді. Рахмет! 

24-01-2022 16-17-33   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Анастасия

Сұрақ № 5969
здравствуйте уважаемый ректор!!
пишем вам бывшая студентка вашего Вуза. я окончила Вуз в тяжелые 90 годы, но в то время был порядок и четкость в работе каждого сотрудника. я хочу пожаловаться на вашу сотрудницу Нурсагиля Бикеновну, которая занимается восстановлением дубликатов дипломов и приложении, такую безответственную, наглую и бездарную сотрудницу никогда, наверное, не встречала, ее безграмотность, просто поражает.... летом ссылалась на то, что она испортила все дипломы выпускников и ей видите некогда, потом отбила все желание для дальнейшего восстановления документа. прошу разобраться с данной ситуацией и уволить такого бездарного сотрудника, заранее спасибо!!!
Жауап:

Здравствуйте! Ваше обращение направлено для рассмотрения проректору по академическим вопросам Мактагали Абдимажитовичу Бектемисову. Для подготовки дубликата диплома необходимы Ваши данные (ФИО, время поступления и окончания вуза, специальность). По результатам рассмотрения Вашей жалобы будут приняты соответствующие меры. Более подробную информацию можете направить на мою электронную почту rector_blog@abaiuniversity.edu.kz. Спасибо!

24-01-2022 15-43-47   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5968
Здравствуйте! Я хотела бы сказать своё мнение насчёт формата обучения. Мне кажется будет справедливо, если первокурсники тоже будут ходить на занятия. Во-первых, мы с 2019 года мы не ходили на занятия, учились онлайн из-за этого наше образование ухудшается с каждым годом. Во-вторых, вы сами сказали что с 27 сентября будем ходить на занятия, но к сожалению отменили. Во-третих 27.12.2021 года вы были готовы на традиционной формат обучения, а сейчас вы опять подумали насчет этого. Но, недавно по новостям передали что "В колледжах и вузах страны обучение пройдет в комбинированном формате: практические, лабораторные, семинарские занятия, производственная практика – в штатном режиме, лекции – в онлайн-формате. Почти что все университеты нашей страны учатся оффлайн, мы тоже хотим качественное образование. Прошу взять под контроль этот вопрос.
Жауап:

Здравствуйте! Решением Ученого совета университета учебный процесс для студентов 1-го курса будет организован:

- с 7 февраля 2022 года для образовательных  программ «6В01402-Музыкальное образование», «6В01404-Физическая культура и спорт»,  «6В02109-Хореография», «6В02113-Живопись», «6В02114-Графика», «6В02118-Дизайн», «6В05101-Биология», «6В05301-Химия», «6В05302-Физика» в традиционном/смешанном формате;

- для других образовательных программ 1-го курса учебный процесс будет организован  в онлайн-формате до 21 марта 2022 года.

24-01-2022 14-11-34   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5967
Сәлеметсіз бе. 3 курс грантта оқитын едім шәкірт ақы осы ай түседі ма?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Стипендия 24 қаңтар күні төленеді.  

24-01-2022 12-32-47   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5966
Добрый день.Почему 106 кабинет «Студенческий офис», не выполняет свои обязанности? Я специально приехала ради одного документа, а они в 12:10!!!! Уходят в обед говоря что, уже обеденное время и якобы сейчас нет ассистентки кто будет подавать документы! Примите меры, это что такое?
Жауап:

Здравствуйте! Режим работы всех сотрудников университета - с 09.00 до 18.00 часов, обед - с 13.00 до 14.00. Сотрудники вышеуказанного подразделения являются квалифицированными специалистами, которые на должном уровне исполняют свои функциональные обязанности, в том числе все поручения руководства университета. Основная задача - своевременно решать вопросы наших студентов. Что касается инцидента относительно раннего обеденного перерыва в 12.10, то в данное время сотрудница этого офиса согласовывала нормативные документы с юридическим отделом. После согласования она была на своем рабочем месте, так как в этот период (5-21 января т.г.) студенты восстанавливались, отчислялись из университета и переводились в другие вузы. Вместе с тем, Ваша жалоба будет принята во внимание.

24-01-2022 10-36-57   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5964
Сәлеметсізбе Дархан мырза! PhD докторанттардың шетелдік тағылымдамадан өту үшін біздің университет тарапынан бұйрық шықпай жатыр? Неліктен кешігіп жатыр? 3 курс докторанттардың бітіруіне аз уақыт қалды, сондай ақ шетелдік кеңесшімен және университет арасындағы екі жақты келісім шарт барлығы жасалды енді қаржыландыруға келгенде біздің университет үнсіз отыр. Бұған дейін докторанттар шетелдік кеңесшіні іздеу, оның келісімін алу ұзақ процесс екенін ескергеніңіз жөн болар еді! Шетелдік тағылымдамадан докторанттардың ғылымға жаңа көзқарас, жаңа идеялар алатыны сөзсіз! Сондықтан осы мәселені тезірек шешсеңіздер!?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Шетелдік тағылымдамаға байланысты сұрақтар бойынша Халықаралық ынтымақтастық департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 291-36-92, 293-85-79. 

22-01-2022 22-38-05   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5962
Сәлеметсіз бе!
Практикадан өз жергілікті жерінен өтуге бола ма? (ақылы оқитындар)
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша ақпарат алу үшін Мансап орталығының қызметкерлерімен хабарласуыңыз қажет. Тел.:291-83-50.

22-01-2022 00-24-12   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 5958
Саламатсыз ба Ректор мырза
Меним синилим осы универде 1 курс окиды. Инстаграм паракшасынан грант болинип жатканын корип Рахат агайга барлык кужаттарын тапсырып едим 14 кантар куни. Алган алмаганын билмей отырмын. Жауабы кашан шыгады екен. Синилим кешеги куни акесинен айырылды. Жагдайы нашарлап, даригердин каралуында. ОЛ грант болинбесе , толык жетимге кандай комек корсетиледи? Зан аясында 100 пайыз тойленеди деп корсетилген. Сабакты жаксы окиды. Грантка тусуине 1 бал гана жетпей калган. Жауабынызга лдын ала рахмет
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Өтінішіңіз бойынша жауапты тұлғаларға тапсырма берілді. Хатыңыз бойынша Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.:291-13-71. Рахмет! 

Барлығы: 4046

« перв. ... < пред. ...  53  54  55  56  57 58  59  60  61  ... след. > ... посл. »

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Мамыр, 2024
4
Сәуір, 2024
10
Наурыз, 2024
5
Ақпан, 2024
20
Қаңтар, 2024
11
Желтоқсан, 2023
21
Қараша, 2023
19
Қазан, 2023
17
Қыркүйек, 2023
25
Тамыз, 2023
39
Шілде, 2023
29
Маусым, 2023
60
Мамыр, 2023
41
Сәуір, 2023
49
Наурыз, 2023
22
Ақпан, 2023
42
Қаңтар, 2023
68
Желтоқсан, 2022
55
Қараша, 2022
50
Қазан, 2022
62
Қыркүйек, 2022
52
Тамыз, 2022
33
Шілде, 2022
32
Маусым, 2022
49
Мамыр, 2022
139
Сәуір, 2022
64
Наурыз, 2022
45
Ақпан, 2022
46
Қаңтар, 2022
57
Желтоқсан, 2021
29
Қараша, 2021
43
Қазан, 2021
70
Қыркүйек, 2021
75
Тамыз, 2021
109
Шілде, 2021
79
Маусым, 2021
62
Мамыр, 2021
69
Сәуір, 2021
74
Наурыз, 2021
47
Ақпан, 2021
42
Қаңтар, 2021
68
Желтоқсан, 2020
61
Қараша, 2020
62
Қазан, 2020
42
Қыркүйек, 2020
48
Тамыз, 2020
57
Шілде, 2020
81
Маусым, 2020
88
Мамыр, 2020
65
Сәуір, 2020
86
Наурыз, 2020
57
Ақпан, 2020
37
Қаңтар, 2020
28
Желтоқсан, 2019
47
Қараша, 2019
72
Қазан, 2019
70
Қыркүйек, 2019
61
Тамыз, 2019
88
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений