Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректордың блогына қош келдіңіз!

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
 
Ректор блогы университет студенттерімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер сұрақтарыңызды қойып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және үнемі талқылау университет басшылығының жемісті жұмысына көмектеседі.
 
Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.
 

Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

 
 
Электронды пошта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz
 
 
Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы оқу жылы бойы әр айдың 1-ші және 3-ші жұмаларында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
06-10-2018 18-05-51   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 555
У вас в корпусе на Жамбыла в туалете 3 этажа мужчина избивает мальчика.
06 октября, 18 ч. 00 мин
Моя квартира напротив. Мне передал рабочий, который делает ремонт и видит это в окно.
Я сейчас не дома, никак не могу прекратить это безобразие. Ни одного телефона дежурных нет на сайте.
Еще раз такое случится, вызову сразу полицию.
Жауап:

Здравствуйте! 
Спасибо за информацию. По данному инциденту уже проведена внутренняя проверка.Если Вам станет еще известно о чем-либо подобном, просим сразу вызвать полицию.

05-10-2018 14-22-05   Басқа

Сұрақ қоюшы: Лобарант

Сұрақ № 554
Құрметті Такир Оспанұлы. Біз Сізге былтырғы оқу жылында хат жазған едік. Кафедра жұмыстың басым бөлігін атқаратын лобаранттардың материальдық жағдайын көтеруді қолға алсаңыз деген едік. Айлығымыз 37 000 теңге, жұмыс уақытымыз 9.00 ден 17.00 ге дейін. 37 000 теңге жолымыз,түскі асымыз, бала-шағамыздың нанына бәріне бірдей жеткізу мүмкүн емес. Осы мәселеде Сізден алған жауабымыз: Жаңа оқу жылында Университеттің стратегиялық жоспарына байланысты құрылымдық өзгерістер мен оқу көмекші кұрамының жалақыларын көбейту жоспарлануда. Университет қызметкерлерінің жалақы мәселесі міндетті түрде қарастырылатын болады деген едіңіз. Алайда биылғы оқу жылының жалақысы еш өзгеріссіз 37 000тг алдық. Биылғы Абай атындағы ҚазҰПУ-ң 90 жылдығына премия болады деп қуанған едік, алайда премия да болмады. Тахир Оспанұлы осы мәселеге бей жай қарамай, айлық мәселесін қолға алуыңызды өтінеміз. Рахмет.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Жалақы мәселесі қарастырылып жатқаны рас. Қызметкерлердің жалақысын көтеру Университетіміздің жаңа стратегиялық жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Сұрағыңызға рахмет!

04-10-2018 10-47-41   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 553
Құрметті, Такир Оспанұлы! Мен екінші курс магистрантымын. Магистратураны бітірген магистранттар 3 жыл мемлекеттік орында жұмыс жасау керек деген қаншалықты рас? Жеке меншік колледждерде, жоғары оқу орындарында жұмыс жасауға болмай ма сонда?
Жауап:

Құрметті студент! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 қаулысымен бекітілген «Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату» қағидаларына сәйкес жас мамандарды және философия докторларын (РhD) жұмысқа жіберу тәртібі бойынша педагогтік және медициналық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары ЖОО-ны бітіргеннен кейін мемлекеттік білім беру ұйымдары мен мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында кемінде үш жыл жұмыс жасауы қажет. Толығырақ ақпарат алу үшін Университеттің Мансап орталығымен хабарласыңыз. Байланыс тел.: 291-83-50.

03-10-2018 12-59-31   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 551
Пожалуйста АНОНИМ. Аноним. Аноним.
Здравствуйте уважаемый ректор Балыкбаев Тахир Оспанович. Я просто молчу и молчу, но мне надо высказаться. Я магистрант 2-курса. Я сдавала документ 25.07.2018г на практику за руб. Раньше моей группы. И из моей группы некоторые магистранты сдавали документы в сентябре и им уже позвонили и сказали что они полетят в ноябре, а мне не позвонили. Потом сама позвонила, ну я данные сказала и спросила якобы почему меня нет в списке так как я раньше сдавала документы , а специалисты которые сидят в 403(ГУК) они перезвонили и сказали что потеряли документы МОИ (ещё говорили и твердили мол ты не сдавала, может сама не помнишь и.т.д.) я была в ужасе так как там (загран.паспорт +деньги 60евро+5000тенге(на страховку) и прочие как фото, копия удостоверения, адресная справка. А я им говорю не может быть я все сдавала и помню когда и во сколько. А потом они сказали как найдём позвоним. Ну и они мне позвонили и сказали что нашли. Летом специалист которая принимает документы была в отпуске, и документы принимала лаборант Арай( я ей ещё говорила пожалуйста не потеряйте, боялась, ну вот чувствовала что что-то произойдёт). Ну и вот потеряли. Но потом мне позвонили сказали что вот эта девушка Арай поступила учится на докторанта, не знаю куда, вот и она спрятала документы в 403 кабинете(шкаф или тумбочка) и забыла сказать специалисту которая пришла после отпуска, а этот специалист не знает насчёт этих моих документов. Прошу чтобы все было анонимно. Просто мне обидно что из-за халатного отношения лаборантки Арай я с группой не полечу на практику. Тем более сама я староста группе сказала сдайте и тому подобное. И они полетят а я нет. Прошу обратную связь. Просто не красиво поступили люди которые там работают. Как будто я виновата во всем. А если на принцип пойду, они конечно же назло меня отправят в Москву( не в Турцию, не В Литву, не в Польшу и.т.д). Пожалуйста сделайте что-нибудь. Больше ничего не прошу. Я не конфликтный человек, просто мне обидно и все. Если не поняли суть я могу с ректором лично поговорить и рассказать что да как.
Жауап:

Здравствуйте! По результатам рассмотрения Вашего обращения сообщаем:

Согласно Государственному общеобязательному стандарту послевузовского образования от 13 мая 2016 года № 292, у магистрантов предусматривается обязательное прохождение научной стажировки.

Инспектор сектора академической мобильности Арай Амантаева приняла Ваши документы и во избежание утери документов, так как другие сотрудники были в отпуске, убрала их в тумбочку стола, не поставив об этом в известность других сотрудников сектора. 

Так как в Вашей группе обучается всего 4 человека, чтобы не допустить срыва занятий, двое из них направляются на стажировку в университет Мармара (Турция) в ноябре. Вы и Ваш одногруппник будете направлены на прохождение научной стажировки в университет Мармара (Турция) в декабре 2018 года.

Просим прощения за доставленные неудобства. Спасибо за обращение!

03-10-2018 09-54-18   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 550
Тұңғыш жоғары білім ордасы атты Егемен Қазақстан газетіндегі мақаланыңызда Жұмабек Жүнісбекұлы Жүнісбеков бұрынғы ректорды аты-жөні дұрыс емес. Дұрысы Жүнісбек Жұмабекұлы Жұмабеков
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Мәтінде техникалық қателік кеткен. Берген мәліметіңізді ескеретін боламыз. Сұрағыңызға рахмет!

02-10-2018 13-25-08   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 549
Сəлеметсіз бе? Тахир Оспанұлы. Мен магистратураға биыл тапсырдым. Грантқа іліне алмай қалдым. Маған қосымша гранттар бөлінетінін айтты.Қосымша гранттын жауабы қашан шығады. Нақтырақ айтсаныз.
Жауап:

Құрметті талапкер! Қосымша грант мемлекет тарапынан бөлінетіндіктен, нақты уақытын айта алмаймыз. Егер мемлекеттік грант орындары берілген жағдайда, университеттің ресми сайтына хабарландыру беріледі. Сайтымыздың хабарландыру бөлімін қадағалауыңызды сұраймыз.

01-10-2018 14-34-25   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 548
Жатақхананы танысы барлар алып жатырғо.сонда бізде таныс тамыр жоқ далада қалуымыз керекпа?Карупцияны кою керекқо.Жатақханада бос орындар толып тұр шындығына келгенде.Беруге боладығо əлеуметтік жағдайы нашарларға?Жауап кутем
Жауап:

Құрметті студент! Егер Сіздің шағымыңызға байланысты нақты дәлеліңіз болса, Жемқорлық комиссиясының төрағасы бірінші проректор Бектемесов Мақтағали Әбдімәжитұлына жазбаша шағымдануыңызға болады. Сауалыңызға рахмет!

01-10-2018 14-09-46   Студенттен

Сұрақ қоюшы: ППИ студенті

Сұрақ № 547
Құрметті Таxир Оспанұлы, біз ППИ 2курс айналдырған 5 жігітке 8 жатақxанадан орын бермей(бос орындар бар болғанымен) ,ӨМСИ-ге тиесілі 1 жатақxанаға жіберді. 8 жатақxанаға ауыстыруыңызды өтінеміз.
Жауап:

Құрметті студент! Қазіргі таңда №8 жатақханада университетіміздің Сорбонна-Қазақстан институты, Филология және көптілді білім беру институты, Педагогика және психология институтының және одан бөлек, ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық, үкіметаралық келісім-шарт негізіндегі білім алушылар орналасуда. Шетелдік білім алушылар құжаттар рәсімдеу себептерімен әліде болса толықтай келіп, жатақханаға орналасып болған жоқ. Осы орайда шетелдік білім алушыларға тиісті орындар бос болып тұр. Сондықтан өтініштеріңізді институт жанындағы комиссияға ұсынуларыңызға болады.

28-09-2018 15-52-41   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 545
Ассалаумагалейкум ага менин айелим сиздердин университетте 2013—15 жылда окыган.Сол университетте окыган дегенди калай билуге болады
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде оқығандығын растайтын анықтаманы Әкімшілік департаментіне қарасты Мұрағат бөлімінен алуларыңызға болады. Байланыс тел.: 291-84-04.

28-09-2018 15-39-50   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 544
Qurmetti Tahi’r Ospanuly! Sizge o’tinis’ jazy’ sebebim, Tarih ja’ne Quqyqtany’ i’nsti’ty’nynyn’ sty’dentter li’ftin istely’ine yqpal etsen’iz!
Jumysyn’yzg’a tabys, isinizge bereke tilei’min!
Жауап:

Qurmettі stýdent! Qazіrgі ýaqytta Tarıh jáne quqyq ınstıtýty ornalasqan ýnıversıtettіń №10 korpýsyna qatysty shaǵymyńyz boıynsha jumystar júrgіzіlýde. Tіlegіńіzge rahmet!

28-09-2018 01-16-05   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Мұратқан Гүлсім

Сұрақ № 543
Салеметсізбе мен өнер мәдениет жəне спорт институтының бейнелеу өнері мамандығының 3курс студенті боламын. Сізге жазып отырған себебім біз алі жатахана ала алмай жүргенімізге 1айдай болып қалды. Баратын жерім жоқ,күнде үйден катынап келіп жүрмін.Институтымыздың осы іспен айналысатын Саят ағайға барып абден шаршадық. Ол кісінің айтуынша:"Менің қолымнан қазір ештеңе келмейді,сендерден аянайын деп отырғанымыз жоқ,менің қолымда емес"-дейді.Сосын біз Жанатбек ағайға кіріп едік:"жаңадан грантқа ауысқан балаларға береміз,мобильностьпен ауысып келген балаларға береміз,алі 1 курстарды орналастырып жатырмыз ,қалса сендерге береміз.Мен ректормен ертең сөйлесем сен дүйсенбі кел,дүйсенбі барсак 5-ші күні кел"-дейді.Бізді қашанғы алдамақ?! Менің квартира жалдап тұруға жағдайым жетпейді,біз көп балалы отбасымыз,ата-анам жұмыс істемейді. Осы маселені шешіп берсеңіз.
Жауап:

Құрметті студент! Өздеріңізге белгілі биылғы оқу жылы білім алушылардың саны артып, 1 курсқа 2500-ден астам студент қабылданды. Солардың 80 пайызы жатақхана мұқтаж студенттер. Сондықтан бірінші кезекте 1 курс студенттері жатақханамен қамтамасыз етілді. Бүгінгі таңда жатақхана тапшылығы мәселесі күрделі мәселе болып тұр. Осы орайда Сізден бұл мәселеге түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз.

27-09-2018 15-32-11   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 542
Сəлеметсiз бе? Мен осы жылы магистратураға тапсырдым жəне ағылшын пəнiнен 87, келесi емтиханнан 65 жинадым.Ортақ балл 152 болып,менен бiр балл артық жинағандар iлiнiп кеттi. Ендi қосымша грант келе ма осы жылы? Кро мамандығы бойынша?
Жауап:

Құрметті талапкер! Биылғы жылға берілетін қосымша гранттың бөлінуі туралы толық ақпаратты алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлына (221-кабинет) жолығыңыз.Сұрағыңызғы рахмет!

26-09-2018 14-01-49   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 541
Аса құрметті Тахир Оспанұлы
Биз студенттер сизге айтар назымыз бар
№5 жатақхананың комендантының этикасы туралы айтқымыз келеді.
Ол киси айқайлап арасында намысымызға тиетін сөздер айтып жібереді.
Әсіресе қыздарға
Сосын былтырдан қалған студенттердің кейбір нарселерін күштеп сатып алуға міндеттейді.
Оқу залында сабақ оқуға мүмкіндік жоқ себебі коменданттың айқайынан құлағымыз ауырады.
Керек кезде жұмыста болмайды. Әртүрлі мәселемен іздесек таппаймыз.
Қарсы келсек кімге барсандар оған барындар деп айқайлайды.
Өтініш сізден ауыстырыңызшы
Әйтпесе видеоға түсіріп білім және ғылым министрлігіне жибереміз
Жауап:

Құрметті студент! Шағымыңызда аталған жатақхана меңгерушісінің қызмет барысындағы тәртібі міндетті түрде тексеріледі. Егер шағымыңыз расталған жағдайда, заңға сәйкес шешім қабылданады. Жатақхана меңгерушілеріне қатысты мәселелерді шешу Тәрбие ісі жөніндегі проректор Ішпекбаев Жанатбек Ешенқожаұлына жүктелген болатын.Сондықтан қосымша ақпараттарыңыз болса, проректормен жолығуыңызға болады. Сұрағыңызға рахмет!

26-09-2018 09-23-28   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Медина

Сұрақ № 540
Салеметсізба!!агай сіздерде дистанционый оку урдісі ендима? Мен университетке тапсырсам болама сол бағдарламамен?колледжди битіргенмін!инфарматика багытында!
Жауап:

Құрметті Медина! Университетімізде қашықтықтан білім беру оқу үрдісі енгізілген. Аталмыш оқу үрдісің жұмысын Біліктілікті арттыру және қашықтықтан білім беру орталығы атқарады. Орталықтың қызметі мен білім беру бағдарламалары туралы келесі сілтеме арқылы танысуыңызға болады: http://dis.kaznpu.kz.

25-09-2018 11-04-15   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 539
Қайырлы күн Таxир Оспанұлы! Сізге жолданған 3 курс студенттерінің сұрағы мен өтінішін жауапсыз қалдырмауыңызды сұраймыз
Жауап:

Құрметті студент! Ректор блогына жолданған шағымдар мен ұсыныстарға мүмкіндігінше уақытылы жауап беруге тырысамыз. Келіп түскен кейбір күрделі мәселелерді қарастыру және заңға сәйкес әділ  шешім қабылдау уақыт пен нақтылықты, заңдылықты  қажет етеді. Сондықтан әр нәрсеге шыдамдылық пен түсіністік танытуларыңызды сұраймыз. Себебі жоғары оқу орнының жүйелі жұмыс жасауында атқаратын басқа да мәселелер бар екенін ескеру қажет. Сұрағыңызға рахмет!

 

24-09-2018 12-11-09   Басқа

Сұрақ қоюшы: Куланбаева Галия

Сұрақ № 538
Саламатсизба Такир Оспанұлы! канцелярия бөлімінің қызметкерлеіне әсіресе үлкен кісіне өкінішке орай аты жөнін білмеймін, xабарласxан кісілермен өте дөрекі сөйлеседі, керек мағлұматты әлі ала алмай журмін. Бір біріне сілтеп жүр. Мәселенің бәрі арзивтік справеадан басталды, арзивтен канцеоярияға жіберді, енді канцеляриядан ала алмай жатырмын.
Жауап:

Құрметті Ғалия! Шағымыңыз Әкімшілік департаментінің құрамындағы бөлім қызметкерлеріне қатысты болғандықтан, департамент директоры  Даубасов Сәбит Шынжырханұлына жолданды. Құжатпен қамтамасыз ету және бақылау бөлімі мен Мұрағат бөліміне байланысты мәселеңіз бойынша  департамент директорына жолығуыңызды сұраймыз. Байланыс телефоны: 8(727) 291-71-91.

22-09-2018 11-31-36   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 536
Құрметті Таxир Оспанұлы!Педагогика және Псиxология институтынан екі апта бойы жәрдемақы алу үшін тапсыру керек анықтаманы ала алмай жүрмін. Анықтаманы беретін жұмысшылар яғни секретарь қыздар мүлдем қызметін атқара алмайды және мейлі ол студент немесе ата-ана болсын дұрыс сөйлесе алмайды. Үнемі түстен кейін немесе ертен кел деп бүгін бітіре алатын жұмыстарын кейінге қалдырады.Мен ол анықтаманы басқа қалаға беріп жіберетіндіктен ол маған қиын және анықтаманы тапсыратын мерзім өтіп бара жатыр. Сізден осы мәселені қарастыруыңызды сұраймын өйткені анықтаманы ала алмай жүрген студенттер көп.
Жауап:

Құрметті студент! Шағымыңызда аталған мәселе бойынша институт дирекциясы қызметкерлеріне басшылық тарапынан ескерту жасалды. Оқу үрдісіне қатысты мәселелеріңіз институт тарапынан уақытылы шешілмеген жағдайда, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлына (221-кабинет) жолығуыңызға болады. Сұрағыңызға рахмет!

21-09-2018 02-56-20   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 535
Құрметті Такир Оспанұлы мырза! ПиП институтының 2курс студенті боламын.Сұрағым жатақхана қашан беріледі? осы уақытқа дейін əлі берілмей жатқанына таң қаламын.Өзім ОҚО тұрамын Жəнеде ата- анам жұмыссыз,Квартира жалдауға жағдайым жетпейді.Маған 1орын тауып беруіңізді өтінемін.Мені ызаландыратыны направление алмай көптеген студенттер тұрып жатқаны,2курста орын берілмесе 3-4курста үмітте жоқ болып тұрғой шамасы.
Жауап:

Құрметті студент! Қаламызға келіп оқитын білім алушылардың басым бөлігі республикамыздың шалғай аймақтарынан  келіп оқитын студенттер болғандықтан, барлық білім алушыларды жатақханамен қамтамасыз ету мүмкін емес. Университетімізге қарасты  5 жатақхананың жалпы сыйымдылығын ескере отырып, бірінші кезекте жатақхана 1 курс студенттеріне және әлеуметтік қолдауға мұқтаж білім алушыларға үлестіріледі. Осыған орай, әлеуметтік қолдауға мұқтаждығын растайтын  құжаттары (толық жетім, көп балалы отбасы, мүмкіндігі шектеулі туралы т.б. анықтамалар) бар кез-келген білім алушы өзінің институты жанындағы арнайы комиссияға өтініші мен құжаттар топтамасын ұсынуына болады. Жатақханаға орналасу әрбір институт жанынан құрылған комиссия шешімі негізінде жүргізіледі.  

Қазіргі таңда жатақханаға қатысты мәселелерді шешу мақсатында бірқатар жұмыстар жоспарланып отыр. Жатақхана мәселесін түбегейлі шешу уақыт пен қаражатты талап етеді, сондықтан түсіністік танытуларыңызды сұраймыз. Сұрағыңызға рахмет!

20-09-2018 23-02-05   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 533
Сəлеметсіз бе? Ректор мырза. Мен магистратураға осы жылы тапсырып едім.Грантқа түсе алмай қалдым. Қосымша грантқа өтініш жазған болатынмын. Қосымша гранттың жауабы қашан шығады????7
Жауап:

Құрметті талапкер! Мемлекет тарапынан қосымша грант бөлінген жағдайда, белгіленген тәртіппен грант орындарына үміткерлердің өтініші міндетті түрде қарастырылады. Қосымша грант бойынша толық ақпаратты Академиялық мәселелер жөніндегі департамент қызметкерлерінен білуіңізге болады. Байланыс тел.: 291-13-71.

20-09-2018 21-55-21   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 532
Здравствуйте, уважаемый Такир Оспанович! При выходе на академический отпуск по беременности сохраняется ли грант у студентки, учащейся на грантной основе?
Жауап:

Здравствуйте! Предоставление академических отпусков обучающимся в вузах, осуществляется в соответствии с Правилами предоставления академических отпусков, обучающимися в организациях образования утвержденным приказом Министра образования и науки Республики Казахстан. При предоставлении академического отпуска лицу, обучающемуся на основе государственного образовательного заказа, право на дальнейшее обучение на основе государственного образовательного заказа сохраняется за ним, а финансирование его обучения прерывается (за ) По вопросам оформления академического отпуска Вам следует обратиться в Отдел организации учебного процесса Департамента по академическим вопросам. Контактные данные: 8(727) 291-71-06, e-mail: okubolimi220@mail.ru.

Барлығы: 4046

« перв. ... < пред. ...  176  177  178  179  180 181  182  183  184  ... след. > ... посл. »

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Мамыр, 2024
4
Сәуір, 2024
10
Наурыз, 2024
5
Ақпан, 2024
20
Қаңтар, 2024
11
Желтоқсан, 2023
21
Қараша, 2023
19
Қазан, 2023
17
Қыркүйек, 2023
25
Тамыз, 2023
39
Шілде, 2023
29
Маусым, 2023
60
Мамыр, 2023
41
Сәуір, 2023
49
Наурыз, 2023
22
Ақпан, 2023
42
Қаңтар, 2023
68
Желтоқсан, 2022
55
Қараша, 2022
50
Қазан, 2022
62
Қыркүйек, 2022
52
Тамыз, 2022
33
Шілде, 2022
32
Маусым, 2022
49
Мамыр, 2022
139
Сәуір, 2022
64
Наурыз, 2022
45
Ақпан, 2022
46
Қаңтар, 2022
57
Желтоқсан, 2021
29
Қараша, 2021
43
Қазан, 2021
70
Қыркүйек, 2021
75
Тамыз, 2021
109
Шілде, 2021
79
Маусым, 2021
62
Мамыр, 2021
69
Сәуір, 2021
74
Наурыз, 2021
47
Ақпан, 2021
42
Қаңтар, 2021
68
Желтоқсан, 2020
61
Қараша, 2020
62
Қазан, 2020
42
Қыркүйек, 2020
48
Тамыз, 2020
57
Шілде, 2020
81
Маусым, 2020
88
Мамыр, 2020
65
Сәуір, 2020
86
Наурыз, 2020
57
Ақпан, 2020
37
Қаңтар, 2020
28
Желтоқсан, 2019
47
Қараша, 2019
72
Қазан, 2019
70
Қыркүйек, 2019
61
Тамыз, 2019
88
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений