29-10-2018 11-40-45
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 605 Саламатсыз ба Тахир Оспанұлы.Филология және көптілді білім беру институтының 4 курс студенттері, оқу ақысына байланысты сауалымыз бар.Қараша айының отызыншы жұлдызына дейін оқу ақысын 100% төлеу керектігі жөнінде деканаттан хабарлаған болатын.Ізденушілердің көпшілігінде қаржы жағынан мәселе туындауда. Қараша айының отызына дейін 100% төлем жасай алмайтынымызға байланысты, бізге желтоқсан айының 15-20 дейін оқу ақысын төлеуге рұқсат берсеңіз екен.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Университеттің оқу жоспарына сәйкес оқу ақысын екінші ағымдық бақылауға дейін төлеу қажет. Егер қаржы жағынан мәселелер туындауына байланысты оқу ақысын уақытылы төлей алмайтын болсаңыз, институт директорына өтініштеріңізді қалдырсаңыздар болады. Өтініште көрсетілген мерзімді ескере отырып, жауабы міндетті түрде хабарланатын болады.
28-10-2018 19-46-54
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 603 Құрметті, ректор ағай! Сізге үлкен рахметтен өзге айтарым жоқ. Ауырмаңыз, сырқамаңыз! Және 28
10.2018 жылғы студенттермен Бутаковкаға барғаныңыз, көрсеткен үлгіңіз үшін көп рахмет! Сізді қатты сыйлаймын. Сіз сияқты кемеңгер басшы біздікі екенімен мақтан тұтамын!
Жауап:
Құрметті студент! Тілегіңізді айтып, пікір білдіргеніңіз үшін үлкен рахмет!
26-10-2018 21-10-59
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Mereke Сұрақ № 602 Уважаемый Такир Оспанович! Я студент! Я хочу поблагодарить девушку, которая является секретарем проректора по учебной работе Айнур. Потому что получил ответы на все мои вопросы, и сразу поставили роспись на мои документы, и сказала следующую месту прибывание. Мы очень рады, что у вас работают такие культурные девушки. Мне очень понравилась ее вежливость.Спасибо еще раз!
Жауап:
Уважаемая Мереке! Спасибо за отзыв.
26-10-2018 16-25-53
Басқа
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 601 Сәлеметсіз бе, 30 қазан күні Сіз басқаратын университетте ҚР Білім және Ғылым вице министрінің төрағалығымен конференцияға қатысу үшін жолға шыққалы тұрмын, өкінішке орай қай мекен -жайда өтетіні туралы ақпарат ала алмай отырмын. Қандай телефонға байланысуға болады? Алдын ала кешірім сұраймын
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Конференция Жамбыл көшесі, 25 (Уәлиханов көшесінің қиылысы) мекен-жайында өтеді.
26-10-2018 01-44-31
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 600 Құрметті Такир Оспанұлы! Менің "Шапағат" студенттерге цифрлы көмек көрсету орталығының жұмысына көңілім толмайды.Бұл жерге барсаң қызметкерлер орнында болмайтынына, дөрекілігіне және жұмыс жасау тәртіптеріне көңіліміз толмайды. Толығырақ айтатын болсақ, мен 3 курс студентімін, 1-2 курста "Оңай" картасын алуға қажеттілік болмады. Және де осыдан 2-3 апта бұрын "Оңай" студенттік картасын жасатуға бардым, маған қызметкердің айтқаны: "Ұялмайсың ба? Осы күнге дейін не істедің? Өзіміз үлгермей жатқанда 1 курстармен жағаласып, не істеп жүрсің?" - деп айтты. Қызмет көрсету орталығы болғандықтан, өз қызметтерімен айналыспай, конфликтке келіп жұмыстарын дұрыс атқармауда. Мұндай жағдай менің ғана басымнан өткен жағдай емес, группаластарымда осы жағдайды айтуда. Осы мәселеге байланысты бір шара қолдануыңызды сұраймын!
Жауап:
Құрметті студент! Шағымыңыз бойынша басшылық тарапынан «Шапағат» орталығының қызметкеріне ескерту жасалды. Бұл мәселе қайталанған жағдайда, Университетіміздің оқу ісі жөніндегі проректоры Асан Адасбекұлы Сәтмырзаевқа хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 293-81-53.
Қызмет көрсету барысында келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Сұрағыңызға рахмет!
25-10-2018 16-02-12
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Қалибек Игнат Сұрақ № 599 Құрметті Тахир Оспанұлы!
Біз Өнер,мәдениет және спорт институтының 4-курс студенттеріміз. 2018 жылы әскери кафедраны тәмамдадық.4-ші маусыммен 11-ші шілде аралығында өткен әскери оқу жиынын сәтті аяқтадық.Сіздің сайтыңызға жарияланған әскери кафедра оқытушылары Полковник Баймаганбетов Е.Н, старшина Ахметов Б.Н. қатысты сайтыңызға жарияланған ақпаратты жоққа шығарамыз.Осы жазылған барлық мағлұмат жалған.Студенттер атынан жариялап,өтірік жала жауып отыр.Керісінше біз осы әскери қызметшілердің арқасында нағыз әскери өмірге тәрбиелендік.Әскери және дене дайындығымызды үнемі жоғары деңгейде ұстауға осы кісілердің қосқан үлесі зор.Бұл оқытушылар өз істерінің кәсіби мамандары деп білеміз.Сол себепті жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды.Керек десеңіз,есімдері аталған студенттермен кездесу өткізуіңізді сұраймыз.2016-2018 жылдар аралығында әскери дайындықтан өткен 4 курс студенттері:Кален Жақсылық,Қалибек Игнат,Қалибекұлы Ерғанат,Жақсылықбай Ернат,Абен Абзал,Кудабек Елтінді,Женисов Асан,Жақсылық Ерік,Болатбеков Амандық,Сембаев Асет,Түгелбай Жамбыл,Сыдықбек Айдар,Қапизаев Мақсат,Сатылхан Әділет,Маметов Мадияр,Төретай Мерей,Ашимов Мухиддин,Жармұханбет Болашақ,Ғабит Сұлтан,Умиртай Султан,Зауытбек Айдар,Кожаханов Нурсултан,Құрмаш Азамат,Қасымхан Дастан,Аманқұл Әділ,Сакенов Абылайхан,Илиев Мухиддин,Зиявдинов Асимжан,Марис Ильшат,Абдуваитов Рамзат,Азербайжан Ердан,Қасымжан Уларбек және 1-ші рота студенттері атынан.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Жоғарыда аталған Әскери кафедра қызметкерлеріне қатысты шағымға байланысты жолданған хатыңыз міндетті түрде ескеріледі. Рахмет!
25-10-2018 14-11-50
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 598 Салеметсіз бе құрметті Таркир Оспанович?!
Академиялық ұтқырлық болынша магистранттарға бір семестр Қазақстанның өзге қалаларындағы университеттерде алмасып оқуып келуіне болады ма?
Жауап:
Құрметті студент! Магистранттардың академиялық ұтқырлық бойынша Қазақстанның басқа жоғары оқу орындарында семестрлік білім алуға мүмкіндіктері бар. Академиялық ұтқырлық бойынша қажетті ақпаратты Халықаралық ынтымақтастық басқармасының қызметкерлерінен білуіңізге болады. Байланыс тел.: 291-36-92, 291-12-45.
25-10-2018 13-14-34
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Кайролдина Ж. Сұрақ № 597 Уважаемый Такир Оспанович. Такой вопрос: участие в общественно-развлекательных мероприятиях (спортивных, субботниках и т.д.) сторого обязательна для всех или это добровольная инициатива, которая приветствуется? Заранее спасибо за ответ!
Жауап:
Уважаемый студент! Активное участие обучающихся в социально значимых и культурных мероприятиях, проводимых в Университете, безусловно, необходимо. Это помогает развивать личностные качества будущих профессионалов, формируя их организационные способности. Мероприятия, направленные на создание эффективного досуга студентов, должны проводиться во внеучебное время, не мешать успеваемости в учебе, быть хорошего качества при оптимальном количестве. Спасибо за вопрос.
24-10-2018 22-29-37
Басқа
Сұрақ қоюшы: р Сұрақ № 596 Саламатсызба!Такир Оспанұлы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде киім дизайнер мамандыгы барма ,оқу ақысы және неше жыл
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Университетіміздің Өнер, мәдениет және спорт институты «Дизайн» мамандығы бойынша мамандарды даярлайды. Оқу ақысы 506 000 тенге. Өнер, мәдениет және спорт институтында оқытылатын мамандықтар мен оқу ақысы туралы ақпаратты сайтымыздың талапкерлерге арналған бөлімінен (http://www.kaznpu.kz/kz/2150/page/) қарауыңызға болады. Сұрағыңызға рахмет!
23-10-2018 23-04-57
Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 595 Здравствуйте ! 1 вопрос : как записаться на приём к ректору?
2 вопрос : почему сборы за учебу собирают до конца этого года!? А не до конца мая как указано в договоре ?
3 вопрос : по какому принципу идёт допуск к дипломной работе
Заранее спасибо
Жауап:
Здравствуйте! 1. На прием к ректору можно записаться во вторник и четверг с 15.00 до 17.00. 2. Время оплаты определено согласно договору, когда Вы поступали в вуз, Вас об этом уведомили. 3. Разрешение на допуск к диплому выдается обучающимся, которые сдали все экзамены и практики; освоили все кредиты; имеют Gpa 2.33.
23-10-2018 21-50-46
Басқа
Сұрақ қоюшы: Даркен Ардақ Сұрақ № 594 Сәлеметсіз бе? Тахир Оспанұлы!Сіз басқарып отырған университеттің жалпы орталық ғылыми кітапханасының (Төле би, 85) қызметкерімін.Университетіміздің 90жылдық мерейтойына орай Сіздің бұйрығыңыздың негізінде түскен 72000 теңге көлеміндегі сыйақыны алдым.Сізге үлкен алғысымды білдіремін.Біздің университетіміге жасап жатқан еңбегімізді бағалағаныңыз үшін рахмет!Менің айтайын дегенім осы сыйақыны бізді алды дегенді естіп кітапханадағы әріптес кісілер өз наразылықтарын білдірді.Сыйақы алмаған кісілер біз алған сыйақыны толығымен қайтар деп отыр.Мен оларды түсініп жарты ақшасын қайтармақшы болдым.Бірақ ол кісілер оны қанағаттанбай толық ақшаны талап етіп отыр.Мен ол алған сыйақыны өз қажетіме жаратып қойдым.Енді олар алдағы айлығымыздан ұстап қаламыз дейді.Ол сыйақы менің еңбегімнің бағаланғанына түскен ақша ғой.Мен ол ақшаны өзге адамға беруге тиісті емеспін.Кеше,бүгін осы мәселе қозғалып,менің жанымдағы әріптестерім жерге алып-салумен болды.Жұмыста маған қысым көрсетіп,жұмысты жасауыма мүмкіндік бермеді.Университетіміздің 90жылдық мерейтойына өткізлген іс-шарада ол кісілер көмектесуге келмеді.Біз таң атқаннан көрмені ұйымдастырып,басы аяғында жүрдік.Осы еңбегімізді бағалап директорымыз сыйақы алушылардың тізіміне ұсынды.Ал қалған сыйақы алмаған әріптестер басшымыздың бұл шешіміне қарсы шықты.Ешқандай еңбектері болмай тұра сыйақыны талап еткендері дұрыс емес деп ойлаймын. Тахир Оспанұлы сізден осы мәселені қарастырып,бір шарасын қолдануыңызды өтінемін.
Жауап:
Құрметті Ардақ! Сізге сыйақы ректордың бұйрығымен берілгендіктен, оны бөлісуге ешкімнің құқығы жоқ. Бұл мәселе қадағаланатын болады. Сұрағыңызға рахмет!
23-10-2018 10-49-44
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Жусупова Жанерке Сұрақ № 593 Сәлеметсіздер ме? Менің қоятын сұрағым осы Қазан айында менің грантқа өтуге мүмкіндігім бар ма? Мен ректорский грантта 50 пайыз скидкамен оқимын.
Жауап:
Құрметті Жанерке!
Оқу барысында мемлекеттік білім беру гранты бойынша орын босаған жағдайда, белгіленген тәртіппен грант орындарына үміткер білім алушылардың өтініштері қарастырылады. Нәтижесі бойынша тиісті құжаттар рәсімделіп, бұйрық шығарылады. Сұрағыңызға рахмет!
23-10-2018 03-53-16
Басқа
Сұрақ қоюшы: Аскар Магзумов Сұрақ № 592 Ассалаумугалейкум Тахир Оспанович! Мен осыдан 3 ай бурын собеседованиядан откенмин Сиздин университеттен, алайда отпей калдым, тажиберем аздык етти, алайда кейн бир мумкиндик тагы болар деп умиттенип журмин, уйымдастыру жумыстарына кабилттимин жане осы багытта жумыс тажиберем 10 жылдай бар, TV саласында уйымдастыру жумыстармен айналыстым. Мамандыгын журналист. Егер мумкиндик болып жатса Алматыга ауыскым келеды Астанадан. Рахмет
Жауап:
Құрметті Асқар! Университетіміздің Қоғаммен байланыс бөлімінде бос орын болмағандықтан, Сіздің өтінішіңізді қанағаттандыра алмайтынымызды назарыңызға саламын.Сұрағыңызға рахмет!
22-10-2018 16-35-24
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 591 Уважаемый Такир Оспанович! У меня вопрос такой, откроется ли доп.семестр для 4 курсов?
Жауап:
Здравствуйте!
По кредитной технологии обучения для обучающихся выпускных курсов дополнительный семестр не предусмотрен.
22-10-2018 14-57-48
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 590 Сəлеметсіз бе ректор мырза!Мен педагогика жəне психология институтының 4курс студентімін.Мен 3курста 2 пəннен жазғы сессияға қалғам едім.Отбасылық жағдайыма байланысты ол пəндерді жаба алмай қалдым.Енді сол пəндерді жабу үшін офис регистраторларға барсам ол жақтағылар бұл сабақтар 4курста оқытылмайтын пəндер болмаған соң кесте шықпайды деп қайтарып жіберді.Енді не істесем болады?Менің бұл сұрағымды ескерусіз қалдырмасаңыз екен!
Жауап:
Құрметті студент! Кредиттік технология жүйесі бойынша бітіруші курстарда қосымша жазғы сессия ұйымдастырылмайды. Сондықтан Сіз биылғы оқу жылын, яғни 4-курсты академиялық қарызбен бітіресіз. Академиялық қарызыңызды жою үшін келесі оқу жылы пән айырмашылығын тапсыруыңыз керек.
21-10-2018 07-27-40
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 589 Құрметті Такир Оспановаич, университетімізде магистранттарға академиялық ұтқырлық бойынша бір семестр Қазақстанның басқа қалаларында барып оқуға мүмкіндік бар ма?
Жауап:
Құрметті студент! Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша толық ақпаратты алу үшін Халықаралық ынтымақтастық басқармасының қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-36-92, 291-12-45.
20-10-2018 22-39-43
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 588 Құрметті, Тахир Оспанұлы! Мен Тарих және құқық институтының 5В011400 Тарих мамандығының 1курс ЖО (жоғарғы оку орнынан кейін) сырттай бөлімінің студентімін. Анам осы оқу орнында 19 жылдай жұмыс атқарып келеді.Осыған байланысты оқу төлемакыма жеңілдік ала аламын ба?
Жауап:
Құрметті студент! Жеңілдік берілу үшін университетімізде анаңыздың 19 жыл қызмет атқарғандығы туралы мәліметтер көрсетілген анықтаманы және өтінішіңізді институт директоратына өткізуіңіз қажет. Өтінішіңізді институт жанынан құрылған комиссия қарастырып, университет деңгейіндегі арнайы комиссия қарауына ұсынады.
20-10-2018 10-54-57
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 586 Добрый день, уважаемый Такир Оспанович!
У меня такой вопрос. Мной, и еще несколькими студентами 31 августа сего года было написано заявление на присуждение вакантных образовательных грантов. О такой возможности мне стало известно так же 31 августа и от третьих лиц. Результатов присуждения грантов нам так и не озвучили.
На нашем сайте выложили список тех, кому присудили гранты по приказу от 29.08.18. И вот в чем вопрос - это и есть те самые гранты? и если это так, то как получилось так что у нас взяли заявление 31.08, а приказ вышел 29.08?
Жауап:
Здравствуйте! По рассмотрении данного вопроса сообщаем следующее: после окончания сессии (в каникулярное время) на высвободившиеся места были выбраны по три претендента на одно место из тех, кто имел максимально высокий GРА балл. Все заместители директоров институтов 20 августа были уведомлены о кандидатурах студентов, назначенных на грантовое обучение. Что-либо изменить сейчас не представляется возможным.
К сожалению, все последующие действия исполнителей, в том числе сотрудников директората, были некорректными. И по всей видимости, произошедшее вызвано их, мягко говоря, неосведомлённостью об истинном положении дел со сроками зачисления и условиями приема заявлений.
Директорам и заместителям директоров институтов руководством университета сделано предупреждение о недопустимости подобных ситуаций.
Просим в аналогичных случаях записываться на прием к проректору по учебной работе Асану Сатмурзаеву. Тел.: 293-81-53.
20-10-2018 10-09-26
Басқа
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 585 Сәлеметсізбе!менің білгім келгені неге хатшы,инженер,лобаранттардын айлыгы аз біздің универде.Айлык аз болған менен талап етілетін жұмыс көп. Еки есе көп десем қателеспеймін.Айлыкты истеген жұмысына карай алгымыз келеді. Алып жүрген айлык жолымыз бен түскі асымызга гана жетеди.Осы жагын карастырып корсениздер деймін.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Қызметкерлердің жалақы мәселесі оқу орнымыздың жаңа стратегиялық жоспарына сәйкес қарастырылып жатыр.
19-10-2018 14-33-49
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Бисенбаева Мира Сұрақ № 584 Құрметті Таxир Оспанұлы!
МФжИ институтының 4 курс студенті Бисенбаева Мира боламын. 3 жыл бойы N5 жатақxанада тұрып, 2-3 курсымда өзін-өзі басқару ұйымының төрайымы міндеттін атқардым. Студенттермен тығыз байланыста болып, жатақxанадағы жағдайды да қадағалайтынмын. 3 жыл бойы жатақxанадағы өмірімде ешқандай жамандық көрмедім. Иә, біздің меңгерушіміз қатал. Тәртіпке және тазалыққа аса мән береді. Бізге де кезінде ұрысып алатын. Бірақ барлығы орнымен. Осы тәртіп болмаса, жатақxананың күйі кетпей ме? тәрбие жөніндегі директордың орынбасары Біргебаев Ақтай Біргебайұлы ағайымызбен де тығыз байланыста отырамыз. Осы екі басшының арқасында Наурыз, Құрбан айт т.б. Мерекелерде мал сойып, студенттерге үлкен дастарxан жайылатын. "Ең белсендi бөлме", "Ең таза бөлме" номинациялары бойынша марапатталып, Тұрмыс жағдайға керек заттарды сыйлайтын. Басқа жатақxаналарды болдым. Достарым сол жақта тұрады. Бірақ дегенмен де еш жатақxанадан бұндай тәртіп және тазалық көрмедім. Мен ешкімді жақтап отырған жоқпын. Тек менің 2-ші үйімдей болып кеткен жатақxанымды және оның басшысын жазықсыз даттағанына қарап отыра алмаймын. Тәртіп бұзбаған, тазалық сақтаған адамға кім жазықсыз тиіседі?! Осыған дейін бұндай мәселе болмаған. Мүмкін 1-курс студенттері бұндайға үйрене алмай жүргені шығар. Қазіргі таңда ас бөлмелердегі тұрмыстық теxникалар, себезгілер жаңартылды. Әрқашанда студенттердің жағдайын ойлап жүретін адамға жала жапқанына қарап отыра алмаймын. Өзіңіз келіп көрсеңіз де болады. Рақмет.
Жауап:
Құрметті Мира! Сұрағыңызда аталған мәліметтер міндетті түрде ескеріледі. Университет қызметкерінің еңбегін жоғары бағалап, пікір білдіргеніңізге рахмет!
Барлығы: 4046