02-12-2018 15-12-58
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 678 Салеметсизбе, Тахир Оспанулы! Осы жылгы кыскы демалыс уакыты 14-15 кантарда аякталады деп жатыр. Мысалы: Сатпаев,КазАТК, АэСа сынды университеттерде 1 ай демалыс деп жарияланыпты. Бизде гана неликтен 2 гана апта? Накты уакытын айтсаныз? Кайтарга билет алу да маселе гой билесиз озиниз де.
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Университеттің Академиялық күнтізбесіне сәйкес, 1-12 қаңтар аралығы қысқы каникул күндері, 14 қаңтар көктемгі семестрдің басталу күні болып бекітілген. Академиялық күнтізбе оқу жылының басында университет сайтына жарияланған болатын: http://kaznpu.kz/kz/2246/page/.
02-12-2018 00-02-17
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Дьяченко Авелина Ильинична Сұрақ № 677 Здравствуйте! Хотела бы узнать, почему студенты учащиеся на платной основе не могут претендовать на бесплатное обучение в других вузах по программе " Академическая мобильность студентов", участие на присуждение грантов в другие страны могут принимать только те, кто в данный момент имеет грант в нашем вузе.Заранее спасибо за ответ.
Жауап:
Здравствуйте!
Согласно Приказу МОН РК от 11.04.2018 г. № 145 «Об утверждении Планов реализации программы академической мобильности», в программе могут участвовать студенты, обучающиеся на государственном образовательном гранте.
Студенты, которые обучаются на платной основе, могут участвовать в программе академической мобильности, но только за свой счет.
Студенты – «платники» могут самостоятельно выиграть зарубежный грант и пройти обучение на бесплатной основе.
01-12-2018 00-38-42
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Студент 4 курса. Сұрақ № 676 Салеметсизбе құрметті Такир Оспанұлы!
Мен Тарих жане құқық институтының 《ҚҰҚЫҚТАНУ》мамандығының 4 курс студентимин. Оқу ақысын 50% төлеп қойдым.Сізге жазған себебім,осы 2018 оқу жылының 2 ағымдық бақылауына (рубежный контроль) дейін, (8семестр) 4 курс студенттеріне, оқу ақысын 100% толесін деген талап қойылуда.Толық төлеуге қаржы жағынан шама жетпейтінде студенттерде жетерлік. Алайда келісім шарт бойынша бітіруші курстар оқу ақысын сауір (апрель) айына мемлекеттік емтиханға дейін толеуге құқылы деп жазылғандай. Сол себепті, біз 4 бітіруші курстарға, оқу ақысын келер 2019 жылдың сауір (апрель) айына дейін, оқу ақысын төлеуге толық 100% толенуіне рұқсат беруіңізді сұраймыз.
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Оқу орнымызда ақылы негізде оқитын білім алушылар оқу төлемақысын келісім-шартта көрсетілген мерзімге дейін төлеуі тиіс. Сұрағыңызға рахмет!
30-11-2018 18-10-48
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 675 Қайырлы кеш, Тахир Оспанұлы! Сізге 4-курс бітіруші түлектердің атынан арыз айтқым келіп отыр. Бізге осы 2018 жылдың желтоқсан айына дейін 100 пайыз оқу төлемін төлеу қажет болған. Алайда, барлық факультеттердің ішінде дәл осы филология факультетінде қысым өте жоғары. Студенттерге ескертпей, оқудан шығару туралы бұйрықтар шығарылуда. Деканат тарапынан бітіруші түлектерге аз да болса көмектесіп желтоқсан айының ортасына дейін мүмкіндік беруіңізді сұраймын. Біздің арамызда әлеуметтік жағдайлары төмен, 1 айлыққа қарап, сабақ үлгерімі жоғары студенттер өте көп.Былтығы түлектер үшін 1 қаңтарға дейін уақыт бергенсіз. Және де келісімшартта 100 пайыз деген бөлім жоқ. Енді бір ай қалғанда жыламсырап жүрген студенттерге ата-ана ретінде түсіністік танытып, өтінішімізді жерге қалдырмауыңызды сұраймын.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз міндетті түрде ескеріледі. Рахмет!
30-11-2018 16-28-47
Басқа
Сұрақ қоюшы: Гулинова Айгуль Кайратовна Сұрақ № 674 Уважаемый Такир Оспанович! Приказ ректора не может покрыть постановление правительства, оно может распространятся только на учебный процесс. В связи с этим хочу спросить почему красный день календаря 03.12.2018 является рабочим днем для тех у кого 5-ти дневный рабочий день? Заранее благодарю за ответ.
Жауап:
Здравствуйте. Для сотрудников административно-управленческого аппарата университета 1,2,3 декабря 2018 года нерабочие дни. С приказом ректора Такира Балыкбаева можно ознакомиться в Отделе по управлению персоналом Административного департамента университета. Спасибо.
29-11-2018 09-42-43
Басқа
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 670 Саламатсыз ба Такир Оспанұлы! Сіздердің университетте биыл бекітілген "Положение о порядке реализации образовательных программ докторантуры РНД" деген ереже бар, ол сайттарыңызда да тұр. Алайда, оның қазақшасы жоқ, ол жасалмаған, жасалса қайда? Бұл дегеніміз еліміздегі осындай белді Ұлттық университеттің мемлекеттік қазақ тіліне деген қарым қатынасын білдіре ме, әлде бұл қазақ тобындағы докторанттарға деген менсінбеушілік пе? Осы жағы мүлдем түсініксіз!!!!!!!!!!!!!
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Бұл Ғылым департаментінің кемшілігі, жуық арада жөнделеді. Басшылық тарапынан департамент қызметкерлеріне ескерту жасалды. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтініп, түсіністік танытуыңызды сұраймыз.
Мемлекеттік тілге деген құрметіңізге рахмет!
28-11-2018 19-24-35
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 669 Сәлеметсіз бе, Балықбаев Такир Оспанович! Мен Жаратылыстану-география кафедрасының 4 курс студентімін. Бізге осы жылы оқу ақысын желтоқсанның 10на дейін төлеп бітіріңдер деп деканат айтып жатыр. Бірақ, оған әркімнің жағдайы келе бермейді ғой. Тіптен желтоқсан соңына дейін созылса да. Келісім шарт бойынша университетпен контрактіге қол қойғанда біз мамыр айына дейін 100% төлеу керекпіз. Ал енді келіп асықтырып жатыр. Мүмкіндік болса төлер едік бірден. Алдында воуд болды. Жұмыс істесемде сол ақшаны тауып беруге тырысар едім. Мұғалімдер жұмыс істемеңдер, воудқа дайындалыңдар деп қысты. Мен воудты жақсы тапсырдым. Және сабағымды да жақсы оқимын . Бірақ универдің ешбір түсунушілік танытпайтынына қынжыламын. Оқудан шығарамыз дейді төлемесеңдер. Бұл стутенттерге өте үлкен стресс. Ойламайтын күнім жоқ. Шығып кетсем де дұрыс па деген ойлар туындай бастады. Мен 4/3 бөлігін төледім деуге болады. Ал қалған ақшаны қалай төлерімді, үлгеретінімді білмим. Отбасылық жағдай да проблемалық жағдайлар бар қазір материалдық. Мұғалімдерден сұрасақ, практикаға кеткенде сендерді кейін ұстай алмаймыз дейді, сондықтан төлеу қажет деп, диплом алмай қайда барамыз біз. 4 жыл бойы соны аңсап келеміз ғой. Тек менің емес , көп студенттерде осы проблема. Жақсы оқысамда грант бөлінбегендіктен бұйырмады. Студенттердің сұрауына көңіл бөлсеңіз. Бұл тек менің атымнан емес, барша жаратылыстану-география кафедрасы. Нақты биология! сұрайтыным тек осы. Студенттерге көмек болсыншы!...
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Шағымыңызға байланысты Жаратылыстану және география институтының басшылығы түсініктеме берді.
-
Жаратылыстану және география директораты «4 курс студенттері оқу ақысын желтоқсанның 10-на дейін төлеп бітірсін» деген ұсыныс бойынша эдвайзерлер барынша студенттерге түсіндіру жұмыстарын жүргізген, «100 пайыз төлемесеңдер, оқудан шығарыласыңдар» деген хабарлама айтылмаған.
-
Директорат және биология кафедрасы тарапынан студенттердің сабаққа қатысуы қатаң қадағаланып, сабаққа келмейтін студенттермен арнайы жұмыстар жүргізіліп, сабаққа дұрыс қатыспай жүрген 4 курс студенттеріне «жұмыс істемеңдер» деп директор тарапынан ескерту жасалған. Себебі күндізгі бөлімде оқитын студенттер ең алдымен сабаққа қатысуы тиіс.
-
Грант мемлекет тарапынан бөлінгендіктен, институттың грант беруге мүмкіндігі жоқ. Мемлекеттік грант орны босаған жағдайда, грант GPA балл ең жоғары студенттерге университет ректораты деңгейінде арнайы коллегиялық шешім негізінде бөлінеді.
-
2018-2019 жылдың қысқы сессиясына іс жүзінде 50 пайыздан артық төлегендердің барлығы жіберіліп, 50 пайыздан кем төлеген бір ғана студент сессияға жіберілмеген.
28-11-2018 18-41-02
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 668 Құрметті ректор мырза.Мен 4 курс студенті,ақылы бөлімде оқимын Казак тілі мен Әдебиеті мамандаығында.Сізге қоятын сұрағым мен жыл сайын оқу ақысына жеңілдік алып жүрген едім.Осы жылы беріледі ме жеңілдік және де,мен оқу ақысын 100% төлеген едім.Жеңілдік шықса қалған ақшамды қайтара алам ба.Мен көп балалы отбасы және әкімнің қайтыс болуына байланысты жартылай жетім деген себептермен алып журген едім.Сұрағымды ескеруіңізді сұраймын...
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сізге университет тарапынан жеңілдік берілген болса, көрсетілген жеңілдік көлеміне сәйкес оқу ақысын қайтару туралы өтініш жазуыңыз қажет.
28-11-2018 12-23-37
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Жансерикова Азизв Сұрақ № 667 Здравствуйте
Я к вам обращаюсь насчёт библиотеки ,Я сегодня 28 ноября зашла в библиотеку так как я редко захожу в библиотеку я там посмотрела книги Казахстан 2050 и я ещё хотела посмотреть очередную книгу Там есть интересные книги ещё фотоальбомы про Казакстан..и сотрудник библиотеки мне кричала ты что делаешь Я сказала я смотрю книгу и она мне говорить нельзя ты не можешь смотреть эти книги и потом я ответила а что они тогда зачем здесь стоять А если мы не будем посмотреть.. А кто будет посмотреть вот эти книги.. я была возмущена ..Я думаю что вы решите такие проблемы (минусы)это институт Физика математики. Спасибо за внимание ..
И еще один момент
Нас не пускает студентов туалет который находящем 1 этаже физмате..это ужас.просто..4этаже есть девчаший туалет но предьставте там только 4 кабинки...А мы 15 минут должны ждать очередь.это кошмар...
Жауап:
Здравствуйте. По рассмотрении Вашей жалобы получены объяснения от директора Научной библиотеки и проведен дополнительный инструктаж ее сотрудников о тактичном отношении к каждому посетителю.
Что касается вопроса с туалетными комнатами. Об этом проинформирован директор Департамента по развитию инфраструктуры (ему отправлено Ваше письмо). Необходимые меры будут приняты незамедлительно. Спасибо.
27-11-2018 19-45-29
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 666 Абай атындағы КазҰПУ ректоры Балыкбаев Тахир ОспанҰлы, биз Абай атындағы КазҰПУ футболшыларымыз. Сиз келгели жарыстарға шығып көзіміз ашылып, футбол деңгейі көтерілді оған себеп күзде өткен академик Садыков турнирынде 3 орын ға ие болдық. Биыл ұлттық студенттер лигасында футзал дан 7 орынмен аяқтадық. 5 ОРЫНМЕН АЯҚТАУГА МУМКИНДИК БАР ЕДИ. ОЗИМИЗДИН ТУРНИРДЕ (Садыковтын) ойын болып қалды.НСЛ ге бара алмай қалдық. Техникалық женилис жазды. БИЗГЕ 3 ОРЫН АЛСАНДАР РЕКТОРСКИЙ ГРАНТ БОЛАДЫ ДЕГЕН ЕДИ. БИРАК БИЗГЕ ЕШКАНДАЙ ЖЕНИЛДИКТЕ ЖОҚ. АПТАСЫНА 2 РЕ ТРЕНЕРОВКА ЖАСАП ЕНБЕКТЕНИП ЖУРМИЗ. Ректор мырза биз барлығымыз ақылы болимде оқимыз. БИЗГЕ сәл болсада жағдай жасасаңыз. БИЗ 12 ҒАН БАЛАМЫЗ. БАСҚА УНИВЕРСИТЕТТИН ФУТБОЛШЫЛАРЫНА ЖЕНИЛДИКТЕР КАРАСТЫРЫЛГАН.МЕНИН КАСЫМДАГЫ БАЛАЛАРДЫҢ БИРАЗЫН БАСҚА ЖОО ШАҚЫРЫП ЖАТЫР. МЕН ОСЫ КОМАНДАНЫҢ КАПИТАНЫ РЕТИНДЕ ЖАЗЫП ОТЫРМЫН. БИЗГЕ БИР ЖЕНИЛДИКТЕР КАРАСТЫРЫЛСА БИЗ УШИН БУЛ ҮЛКЕН МОТИВАЦИЯ БОЛАР ЕДИ. БАПКЕРЛЕРГЕ РАХМЕТ 16:00 ДЕН 19:30 ДЕЙН БИЗБЕН ЖАТТЫҒУ ЖУРГИЗИП АЛТЫН УАКЫТТАРЫН БОЛЕДИ.ЖАНАДАН КЕЛГЕН КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІНЕДЕ ҮЛКЕН РАХМЕТ. СПОРТ ЗАЛДЫН ЖАҒДАЙЫН ЖАКСАРТЫП БЕРИП ЖАТЫР. ТРЕНЕРОВКАМЫЗДЫ КОРИП КЕТЕДИ. МЕНИ КАБЫЛБАУЫНЫЗГА ШАКЫРСАНЫЗ. РЕКТОР МЫРЗА БИЗ АЛИ ЖАС КОМАНДАМЫЗ. АЛАР БЕЛЕСТЕРИМИЗ АЛДА. РАХМЕТ СИЗГЕ.
Жауап:
Құрметті студент!
Сұрағыңызда көрсетілген мәселелер бойынша аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 15:00-17:00 аралығында қабылдауыма жазылсаңыз болады.
27-11-2018 12-35-22
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Тулебаева Аида Сұрақ № 665 Здравствуйте, уважаемый Такир Оспанович. Не могли бы вы выделить из бюджета средства для приобретения в столовую физмата чайных ложек. С начала учебного года их не было.
Жауап:
Здравствуйте. Необходимые приборы для столовой были закуплены в июле 2018 года способом запроса цен через портал государственных закупок.
Для приобретения необходимых приборов зав. столовой нужно подать заявку в Отдел госзакупок Департамента по развитию инфраструктуры университета. По данному вопросу Вам следует связаться с Отделом госзакупок. Тел.: 291-88-96.
26-11-2018 17-37-56
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 664 Саламатсыз ба? Мына 4 курстардын задолжниктери келесі жылға қалады дейді.Біз қайта тапсыруға кеш қалдық.Ал дипломды 2020 да аласыңдар дейді.Біз қалай істесек болады.Бір шарасын жасаңыздаршы.Менің қалғым келмейді.Рұксат беріңіздерші өтініш.Менің қайта оқуға жағдайым жоқ.Өтініш қалдырмаңыздаршы бізді келесі жылға Қайта ақшасын төлеп оқуға рұқсат беріңіздерші
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековке немесе институт директорына жолығуыңызға болады. Байланыс телефоны: 8 (727) 291-13-71.
26-11-2018 16-09-28
Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 663 Құрметті Такир Оспанұлы! Менің қызым Қостанай педагогикалық университетінің дефектология мамандығының 2 курс студенті.Ақылы бөлімде оқиды.ЖОО-ның арасындағы келісім шарттар бойынша олардан бір семестрге ҚазҰПУ-не мамандығы бойынша алмасып оқуға жіберу мүмкіндігі қарастырылған екен. Егер 2 семестрін ҚазҰПУ-де оқыса, оқу ақысы қалай және қай уақытта төленуі керек?Жатаханадан бөлме алуға мүмкіндік бар ма? Әкесі 2 топтағы мүгедек.
Жауап:
Құрметті ата-ана! Жатақханаға орналасу үшін әлеуметтік мұқтаждығыңызды растайтын құжаттарыңызды және өтінішіңізді институт жанынан құрылған комиссия қарауына ұсынуыңыз қажет. Ұсынылған құжаттар негізінде комиссия өтінішіңізді міндетті түрде ескереді.
Сұрағыңыз бойынша нақты ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефоны: 8 (727) 291-13-71.
26-11-2018 14-02-58
Басқа
Сұрақ қоюшы: Гак Галина Владимировна Сұрақ № 662 Здравствуйте, уважаемый Такир Оспанович и весь коллектив университета!
От имени педагогических кафедр университета Мирас хочу поблагодарить за проведенный 15-16 ноября на базе вашего ВУЗа семинар, посвященный интеграции обновленного содержания среднего образования в образовательные программы вузов.
Проведенный семинар был весьма содержательным и полезным. Будем рады вновь принять участие в подобных мероприятиях.
Жауап:
Уважаемая Галина Владимировна! Благодарим за приятный отзыв. Будем всегда рады видеть Вас!
26-11-2018 10-32-51
Басқа
Сұрақ қоюшы: Жания Сұрақ № 660 Құрметті Тахир Оспанұлы сиз басқарып отырған университеттің бугалтері А.Орынбаева ғылыми қызметкерлермен өте дөрекі сөйлесет ойына кегенін істейт, бір есептеген нарсесін он рет есептетіп ұрсып бақырып елді жынды қылады мүмкін ол кісінің жасы үлкендіктен болунан шығар бірақ сол бөлімге этика-эстеикалық норманы сақтай алатын адам ауыстырсаныз екен. Өзі сескенетін адамдарға олай істемейт.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Қаржы-экономикалық департаментінің басшылығы тарапынан шағымыңызда көрсетілген мәселе бойынша Айсұлу Айткожаеваға ескерту жасалды.
25-11-2018 17-31-34
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 658 С уважением,профессор Балыкбаев Такир Оспанович,я студент 1 го курса,и хотел узнать в какие числа мы отдыхаем в декабре?
Жауап:
Здравствуйте!
Информацию о днях проведения экзаменов, рубежных контрольных и каникулярном времени вам должны предоставлять кураторы и сотрудники директората.
23-11-2018 22-00-15
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Галымова Нуржанар Сұрақ № 657 Сәлеметсіз бе, құрметті Такир Оспанұлы?! Сіздің және ректорат жанынан құрылған "Мансап" орталығының ұйымдастырылуымен жүргізіліп жатырған "I teach in English" жобасының қатысушы студентімін. Мен, Галымова Нуржанар ЖГИ-ның 4-курс, Химия білім беру мамандығында оқимын.
Бүгін "Мансап" орталығы және АТОУ шет тілдер үйрету орталағының ұйымдастыруымен "Жаңа заман - жас маманы" атты семинар-тренингінің куәгері болдық. НЗМ-бі химия пәнінің оқытушысы Әбеу Нұргелді ағамыз көптеген ғажап, пайдалы да құнды пікірлерімен бөлісті. Осы кездесу арқылы ой - өрісіміз тағы бір қырынан кеңіп, жадымызға қажетті дүниелерді түйдік. Алдағы уақытта осындай мәліметтерді көбірек білгіміз келеді.
Біздің қамымызды ойлап арнайы құрылған жобаларыңызға рахмет. "Білгенім бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз" демекші біздің де алда үйренеріміз өте көп... Үйрене отырып, түйсігімізге қабылдай отырып білікті де білімді, сұранысқа ие, қара шаңырағымыздың атын асқақтатар, заман талабына сай маман болып шығатынымызға толықтай сенімдімін!
Жауап:
Құрметті Нұржанар! Пікір білдіргеніңізге рахмет!
23-11-2018 16-12-21
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 656 Здравствуйте,Такир Оспанович! Я студент первого курса института истории и права. Мой вопрос связан с рассписанием экзаменов. Дело в том, что я купила билет на 28-ое и сдать ее не могу, так как билетов нет. А точное расписание наших экзаменов все еще не вышло, но говорят 29ого заканчиваются, о чем оповестили нас позже. Что можно сделать?
Жауап:
Здравствуйте.
Вам нужно обратиться с заявлением к директору Департамента по академическим вопросам Хайрулле Нышановичу Жанбекову (главный учебный корпус, каб. 201).
23-11-2018 13-42-31
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Жуматаев Галымжан Сұрақ № 655 Здравствуйте, Ташир Оспанович. Я студент 1-го курса факультета Международного Права Института Сорбонна-Казахстан. Хотел бы поблагодарить центр обслуживания студентов "Шапағат". Особую благодарность хочу выразить инспектору Кайбрахмановой А.М. по делам Оңай.
Оңай карту сделали быстро , объяснили что и как нужно сделать, всё чётко и грамотно
Жауап:
Уважаемый Галымжан!
Спасибо за приятный отзыв касательно деятельности Цифрового центра обслуживания студентов «Шапағат» и его сотрудницы Алимы Мусаевны Кайбрахмановой.
23-11-2018 10-47-49
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Сейлбек Жәния Жанайдарқызы Сұрақ № 654 Мен Сейлбек Жания Жанайдарқызы ҚазҰПУ-дың Филология және көптілді білім беру институтының 1 курс студентімін. Мен "Шапағат" орталығына үлкен алғысымды білдіргім келеді. Соның ішінде Кайбрахманова Әлима Мұса қызына ерекше алғысымды білдіргім келеді.Біздің оңай карточкамызды уақытында жасап өте сыпайы мінезімен бізді қуанышқа бөледі. Шет қаладан келген біз үшін бұндай көмек пен мейірімділік танытқаны үшін апайымызға үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді. Және осындай қызметін атқарып білетін мамандардың көп болуын қалаймыз.
Жауап:
Құрметті студент!
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығының қызметіне қатысты жолдаған пікіріңіз үшін алғысымызды білдіреміз!
Барлығы: 4046