19-10-2018 13-15-56
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 582 Здравствуйте Уважаемый Такир Оспанович!В 2017 году заведующая N 1 общежитии Турысбекова Маржан взяла мою знакомую в общежитию за 15 тысячи тенге в месяц!!!И когда летом была проверка она её выгнала потому что все узнали об этом,и она не одна левая была в общежитии.И вот проверка была,и в сентябре моя знакомая хотела вернуться и поговорила с заведующим,мы зашли в её кабинет и она сказала что моя знакомая должна сделать годовую оплату,то есть по 15 тысячи на 12 месяцев.Естественно она не может такие деньги найти в короткий срок,и попросила её хотя бы за пол года отдать,заведующая согласилась и она сделала оплату.И в конце сентября мы узнали что её уволили с работы.И она не вернула ей деньги!!!И даже когда зимой была проверка она её выгнала в 40 градусную холод,хотя тогда она за 2 месяца отдала деньги,не смотря на это она выгнала её когда ей некуда было идти.Она за ремонт ещё 2000 тысячи собрала.Я хочу с этим сказать что мы не хотим чтобы она вернулась!!!Она думает только о себе,и о деньгах.Не умеет работать со студентами.В выходные дни когда студенты отдыхали она нам не дала нормально поспать утром,пинала дверь и кричала!!!Мы не хотим чтобы она вернулась!!!Прошу вас оставьте Гульжан Есеналиевну,в отличии от Маржан Турысбековой она умеет работать со студентами ,с её приходом уже многое изменилось в общежитии в хорошую сторону!!!Во время Маржан Турысбековой было беспредел ,студенты выходили из окон ночью,когда вздумается приходили а им открывали окна.А сейчас такого нету вообще!!!Прошу вас не дайте ей вернуться!!!
Жауап:
Здравствуйте! Администрация университета рассматривает ряд вопросов, непосредственно касающихся заведующей общежитием №1 Маржан Турысбековой. Решение будет принято (с учетом Вашего мнения) в ближайшее время.
19-10-2018 12-00-13
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аргынбай Әсет Сұрақ № 578 Курметти Тахир Оспанович! Биз 5 жатакхананын бир топ студенттери Сизге жатакхана менгерушисинин устинен шагым айткымыз келеди. Ол киси жатакханага орналастырганда студенттерден фонд деген сылтаумен акша жинайды.
Жауап:
Құрметті студент! Жатақхана меңгерушісіне қатысты шағымыңызды растайтын мәліметтеріңізді rector_blog@kaznpu.kz электронды поштасына жіберуіңізді сұраймыз. Сұрағыңызға рахмет!
18-10-2018 23-22-01
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 577 Құрметті ректор мырза!
Мен Педагогика және психология институтының 3курс студентімін.Біздің группамызда 20 студент болса оның 15і оқу ақысын төлемеді.Сол төлемеген студенттерді бүгін болған жиналыста оқудан шығарылсын деген мәселе көтеріліпті.Сонда біз не істейміз? 2жыл босқа оқып,ақша төлеп жүрміз бе?Жағдайды түсіну керек қой.Төлемейміз емес төлейміз!Мен өзім жартылай жетім,көпбалалы отбасынанмын!Сол себептен қаражат жағынан қиындықтар болып жатыр.Түсіністік танытқаныңызды қалаймыз!
Жауап:
Құрметті студент! Оқу орнының келісім-шарты бойынша әрбір білім алушы оқу ақысын уақытылы төлеуге міндетті. Оқудан шығарылған студент оқу ақысын төрт апта ішінде төлесе, оқуға қайта қабылдануына мүмкіндік бар.
Егер Сіз әлеуметтік жағдайыңызға байланысты оқу ақысын уақытында төлей алмасаңыз, өтініш жазу арқылы рұқсат алсаңыз болады. Сұрағыңызға рахмет!
18-10-2018 15-26-12
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 576 Құрметті Тахир Оспанұлы! Мен жаратылыстану жəне география институтының студентімін. Жатақхана мәселесімен. Шымкент қаласы, көп балалы отбасынанмын.қазіргі таңда квартира жалдап тұрып жатырмын. Əке- шешем жұмыссыз. Квартирада тұру қымбат болып тұр . Жатақхана өте қажет . Қиналып тұрмын. Замдеканға бірнеше рет бардым. Айтатыны сол баяғы орын жоқ.
Жауап:
Құрметті студент! Биыл оқу орнымызға қабылданған студенттер санының көбеюіне байланысты жатақхана тапшылығы ең күрделі мәселе болып отыр. Сондықтан бірінші кезекте 1 курс студенттерін және әлеуметтік жағдайы төмен, толық жетім, мүмкіндігі шектеулі студенттер және әлеуметтік қолдауға зәру студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта студенттерімізді жатақханамен қамтамасыз ету үшін бірқатар жұмыстар жоспарланып отыр. Жатақхана мәселесін түбегейлі шешу уақыт пен қаражатты талап етеді, сондықтан бұл мәселеге түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
18-10-2018 00-42-27
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 575 Сәлеметсіз бе! Менің сұрағым мемлекет тарапынан игерілмей калған қосымша гранттар берілдіме?
жәнеде 1курс магистранттар шет елге жіберіледі ме?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Қазіргі уақытта магистратура бағдарламасы бойынша білім алушыларға мемлекет тарапынан қосымша грант бөлінген жоқ. Қосымша грант берілген жағдайда, институт директораттарына ақпарат беріледі.
Академиялық ұтқырлық бойынша шетелдік университеттермен жасалған келісім-шарттарға сәйкес қаржы бөлінсе, шет елге баруыңыз мүмкін. Екінші сұрағыңыз бойынша нақты ақпаратты Халықаралық ынтымақтастық басқармасынан білуіңізге болады. Байланыс тел.: 291-36-92, 291-12-45.
17-10-2018 18-21-11
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 574 Біз 1 жатақхана студенттеріміз 12 қыркүйектен бастап жатақхана меңгерушісі Тұрысбекова Маржан апай еңбекке жарамсыз болып жатыр. Сол күннен бастап бізде Искакова Гүлжан апай жатақхана меңгерушісінің жұмысын атқарып жүр. Гүлжан апайға рахмет. Сол кісі келгелі жатақханамыз тыныш, ешбір артық адам жоқ. Студенттерге өте мейірімді. Жатақханамызда тәртіп, тазалық, студенттер арасында бір-біріне сыйластық пайда болды. Біз ендігі жерде Тұрысбекова Маржан апайдың келуін қаламаймыз. Ол кісі студенттердің арасында жұмыс жасай алмайды. Онысымен қоймай студенттерге дөрекі сөйлейді. Техаспын, еркек қатынмын, қан көрген адаммын деп қорқытады. Маржан апайдың жатақханамызға қайтып келуіне қарсымыз. Жатақхана студенттерінің пікірлерін сұрауыңызды өтінеміз. Ергер Тұрысбекова Маржан апай қайтып 1 жатақханаға оралса студенттер көтерілуге дайын. Бір шешімін жасауыңызды сұраймыз.
Жауап:
Құрметті студент! №1 жатақхана меңгерушісі Маржан Тұрысбекованың мәселесі қазіргі таңда университет басшылығымен толықтай қарастырылуда. Қысқа мерзімде бұл мәселе шешіледі.
16-10-2018 18-14-41
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 572 Құрметті Т.О.Балықбаев мырза мен 1жатақхана студентімін.Бізге Маржан апай қайтадан комендат болып келейін деп отыр екен.Біз Маржан апайдың келгенін қаламаймыз.Маржан апай жұмыс істеген уақытта жатақханада тәртіп болған жоқ.Тазалық жағынан да тәртіп жағынан да ең соңғы орында болдық.Жеке өзінің жұмысын дұрыс атқара алмайды.Өзінің өтініш арыздарын студенттерге жазғызады.Өзі жаза
алмайды.Студенттерге дөрекі сөйлейді.Таңда ұйқы бермейді.Бөлмеміздің есігін теуіп тұрып ұрады.«Мен тахаспын,мен еркек әйелмін,көрсетем мен сендерге»үнемі айтатыны осы.Фондқа бізден 600 теңгеден жинап,алып кетті.Оны бізге қолданған жоқ.Жалпы айтқанда біз Маржан апайдың келуіне қарсымыз.Қазіргі комендат Искакова Гүлжан апай болғанын қалаймыз.
Жауап:
Құрметті студент! Бұл мәселе қазіргі уақытта басшылық тарапынан қарастырылу үстінде, қысқа мерзімде қызметкерге қатысты тиісті шешім қабылданады.
15-10-2018 20-52-30
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Магистрант Сұрақ № 570 Добрый день! Я являюсь магистрантом 2 курса, обучаюсь на гос. гранте двухгодичное, научное направление, гуманитарная дисциплина Философия. Должен ли я отрабатывать свой гос. грант в течении 3 лет? Кто занимается этим вопросом?
Жауап:
Здравствуйте! По данному вопросу Вам следует обратиться к директору Департамента по академическим вопросам Хайрулле Нышановичу Жанбекову (Главный учебный корпус, каб. 221). Контактный тел.: 291-13-71.
15-10-2018 13-58-14
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 569 Курметти Такир Оспанович! 1 курс магистранттарына степендия кашан тусетини жайлы акпарат алгым келеди. Улкен рахмет
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Шәкіртақы 20-30 қазан аралығында беріледі.
15-10-2018 00-06-55
Басқа
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 566 Салеметсизбе. Сиздерден гаражды тексеруди сураймын. Гараж бастыгы бензин мен дизельди озинин калтасынан бергендей бизге толык бермейди. Списанияда кобейтилип жащылады. Бизди озинин жеке шаруаларымен жумыс истетип кояды. Бензин жагын шешип беринизши
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Шағымыңызда көрсетілген мәселені қарастыру үшін арнайы комиссия құрылып, тексеріс жүргізіледі. Тексеріс барысында шағымыңызда аталған мәселелер анықталса, жауапты тұлғаларға шара қолданылады. Сұрағыңызға рахмет!
14-10-2018 14-00-26
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 565 Қайырлы күн! Құрметті Такир Оспанович, осы жылы магистратураға gmat тапсырып, грантқа оқуға түстім. Енді белгілі жағдайларға байланысты оқуымды дәл осы мамандыққа басқа қалаға ауыстыру қажеттігі туындап отыр. Сұрақ: ауысуға болады ма, ауысқан жағдайда грант және степендия сақталады ма? Egov сайтының мәліметі http://m.egov.kz/cms/ru/articles/20students
Жауап:
Құрметті студент! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бекітілген жалпы ережелеріне сәйкес білім алушыны бір мамандықтан екіншісіне, бір оқыту нысанынан екіншісіне ауыстыру ақылы негізде ғана жүзеге асырылады, яғни екінші мамандыққа ауысу кезінде білім гранты сақталынбайды. Бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысу жолдары туралы Университетіміздің Академиялық мәселелер жөніндегі департаментіне келіп немесе 8 (727) 291-13-71, 291-71-06 телефон нөмерлері арқылы толық ақпарат алсаңыз болады. Сұрағыңызға рахмет!
13-10-2018 21-57-47
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 564 Салеметсизбе!Менин сурагым сонгы курстын январында окуымды тастагам.Грант болиминде енди сырттайга ауыстырыпты Маган акша толеу керекпе?
Жауап:
Құрметті студент! Егер Сіз қаңтар айынан бастап оқудан шығарылған болсаңыз, оқуыңызды тек ақылы бөлімде жалғастыра аласыз. Сұрағыңызға толық жауап алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент қызметкерлеріне жолығуыңызға болады. Сұрағыңызға рахмет!
13-10-2018 20-30-49
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 563 Сәлеметсіз бе!!! Тарих және құқық институтындағы 2 ауысымда оқитын темекі шегетін студенттерге қатысты шара қолданса деп сұраймын. Оқу мекемесінде тыныс алу мүмкін емес. Темекінің иісінен зардап шегетін біз,сондықтан зиянды әдетті студенттерге шара қолданған жөн.
Жауап:
Құрметті студент! Шағымыңызда көрсетілген мәселе бойынша арнайы комиссия құрылып, тексеру жүргізіледі. Студенттердің зиянды әдеттеріне бей-жай қарамағаныңыз үшін рахмет!
13-10-2018 11-42-45
Басқа
Сұрақ қоюшы: Ұстаз Сұрақ № 562 Құрметті, п.ғ.д, профессор Балықбаев Такир Оспанович !
Мен Сіз басқарып отырған оқу ордасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты, 15 жылдан астам ұстаздық қызмет атқарып жүрген қызметкермін.Сіздің білім саласына жанашырылық танытып, қолға алған әрбір тың жұмыстарыңыздың арқасында университет беделі одан әрі көтерілу үстінде. Менің осы білім ордасының бір мүшесі ретінде мынадай қоятын сұрақ-өтінішім бар.
1) Отандық біліктілікті арттыру орталығымен қатар, шетелдік үздік оқу орындарына өз бетімізше шақырту алып, сол білім ордаларының үздік білім беру технологияларын үйреніп, кәсіби біліктілікті жетілдіру курсына баруға университет тарапынан қаржылай көмек ұсынылса. Өйткені, қазіргі ұстаздың жағдайы өзін-өзі қаржыландырып барып келуге жағдайы келе бермейді.
2) Университетімізде ағылшын тілінде жүргізілетін жаратылыстану (биология, химия, информатика (ИКТ), физика) пәндерінен ағылшын тілінде сабақ өткізетін оқытушыларға қосымша жалақысына үстеме ақы қосылуын сұраймыз. Ағылшын тілінде осы пәндерді өткізуде оқытушылар әрі пәннің өзін, әрі ағылшын тілінде мән мазмұнын түсіндіріп, болашақ кадрларымызды халықаралық тіл ағылшын тілінде білім мен ғылымға баулиды. Ағылшын тілінде кез келген оқытушы өз пәнін бере алмайды. Ағылшын тілінде сабақ беру үшін оқытушы өзінің деңгейін арттырып, әр түрлі курстарға қатысып, сертификатпен нақтыланады. Бұндай кезеңдерден өтуде оқытушы бірнеше уақыты мен қаржысын жұмсайды. Соған байланысты, университет тарапынан қосымша үстемақы беруіңізді сұраймыз. Бұл өтінішті Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры мен проректорларға емес тікелей Сізге жетуін сұраймыз.
Ұстаздардың өтініші жақын арада қарастырылса деген өтініш білдіреміз.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Рахмет, өте орынды сұрақ. Елбасы жақында жариялаған Жолдауында білім және ғылым саласын дамытуға бағытталған нақты тапсырмалар берді. Онда мұғалім мәртебесі туралы бастамалар айтылғаны бәрімізге мәлім. Сондықтан биылғы оқу жылында оқытушыларымыздың тәжірбие жинақтауын, кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыру қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілетін болады.
Сұрағыңызға жауап беретін болсам, біріншіден, өзіңізге белгілі былтырдан бері Назарбаев университетінде біраз оқытушылар біліктілікті арттыру курстарына қатысып қайтты. Университетімізде оқытушыларымыз үшін арнайы ағылшын тілі курстары ұйымдастырылды. Бұл Университетіміз тарапынан оқытушыларымызға деген үлкен қолдау деп ойлаймын. Егер тілді жеткілікті деңгейде меңгерген болсаңыз, шетелдік оқу орындарынан шақырту алу туралы ұсынысыңызды Біліктілікті арттыру және қашықтықтан білім беру орталығының басшыларымен ақылдаса отырып қарастыруға болады.
Екінші сұрағыңызға келетін болсақ, 2018 жылдың 8 маусымындағы Ғылыми кеңес шешімімен ағылшын тілінде сабақ жүргізетін профессор-оқытушылар құрамына оқу жүктемесіндегі сағат көлеміне байланысты негізгі айлықтарына қосымша 20% үстеме жалақы ағылшын тілін меңгеру деңгейіне байланысты қарастырылып, бекітілген.
Болашақ жас мамандарға сапалы білім беру мақсатында білімін көтергісі келетін оқытушыларымыздың қадамдарын әрқашан қолдаймыз. Сұрағыңызға рахмет!
12-10-2018 11-52-49
Басқа
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 561 Уважаемый Такир Оспанович!!! Хотели донести до вашего сведения что в университете в административном депортаменте творится мы жаловались Сабиту директору адм депортамента отвечающий за кадры, на творящийся произвол устроиный людьми занимающие руководящие должностя а частности директор депортамента Кенишбек продоющий места комендантов не умеющий работать с людьми вообще,при этом прекрывающийся вашим Советриком Каныбеком а так же Докторант который по Закону не имеет права занимать какую либо должность началтник госзакупок Амирхан который вымогает со всех.А Сабит бездейсивует будто с ними за одно уже нет сил разберитесь пожалуйста иначе нам придется обратится в уполномоченные органы. Надеемся на Вас
Жауап:
Здравствуйте! По данному вопросу было проведено собрание директором Департамента Сабитом Даубасовым – с комендантами и и.о. директора Департамента инфраструктуры и развития. Ваша жалоба о продаже места комендантом не потвердилась. Начальник отдела госзакупок Амирхан Баялиев с сентября переведен на полставки, так как обучается в докторантуре.
Если у Вас по указанным в Вашем обращении нелицеприятным фактам есть доказательства, прошу записаться ко мне на прием или отправить информацию на rector_blog@kaznpu.kz .
12-10-2018 11-19-15
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Бисенбаева Мира Сұрақ № 560 Құрметті Таxир Оспанұлы!
МФжИ институтының 4 курс студенті Бисенбаева Мира боламын. 3 жыл бойы N5 жатақxанада тұрып, 2-3 курсымда өзін-өзі басқару ұйымының төрайымы міндеттін атқардым. Студенттермен тығыз байланыста болып, жатақxанадағы жағдайды да қадағалайтынмын. 3 жыл бойы жатақxанадағы өмірімде ешқандай жамандық көрмедім. Иә, біздің меңгерушіміз қатал. Тәртіпке және тазалыққа аса мән береді. Бізге де кезінде ұрысып алатын. Бірақ барлығы орнымен. Осы тәртіп болмаса, жатақxананың күйі кетпей ме? тәрбие жөніндегі директордың орынбасары Біргебаев Ақтай Біргебайұлы ағайымызбен де тығыз байланыста отырамыз. Осы екі басшының арқасында Наурыз, Құрбан айт т.б. Мерекелерде мал сойып, студенттерге үлкен дастарxан жайылатын. "Ең белсендi бөлме", "Ең таза бөлме" номинациялары бойынша марапатталып, Тұрмыс жағдайға керек заттарды сыйлайтын. Басқа жатақxаналарды болдым. Достарым сол жақта тұрады. Бірақ дегенмен де еш жатақxанадан бұндай тәртіп және тазалық көрмедім. Мен ешкімді жақтап отырған жоқпын. Тек менің 2-ші үйімдей болып кеткен жатақxанымды және оның басшысын жазықсыз даттағанына қарап отыра алмаймын. Тәртіп бұзбаған, тазалық сақтаған адамға кім жазықсыз тиіседі?! Осыған дейін бұндай мәселе болмаған. Мүмкін 1-курс студенттері бұндайға үйрене алмай жүргені шығар. Қазіргі таңда ас бөлмелердегі тұрмыстық теxникалар, себезгілер жаңартылды. Әрқашанда студенттердің жағдайын ойлап жүретін адамға жала жапқанына қарап отыра алмаймын. Өзіңіз келіп көрсеңіз де болады. Рақмет.
Жауап:
Құрметті Мира! Қызметкер жұмыс барысында кәсіби-этикалық принциптерді ұстанып, лауазымына сай қызмет атқарса, ешқандай мәселе туындамайтынына сенімдімін.
Университетіміздің қызметкерлеріне қатысты жолданған арыз-шағымдар жан-жақты қарастырылып, дәлелдер негізінде ғана шешім қабылданады. Жоғарыда көрсетілген мәліметтер міндетті түрде ескеріледі. Меңгеруші Ғайни Ахатаеваның қызметін бағалап, пікір білдіргеніңіз үшін рахмет!
12-10-2018 10-48-08
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 559 Қайырлы күн! Құрметті Такир Оспанович, сізге қояр сұрағым: биыл "gmat" тапсырып магистратураға грантқа түстім. Енді белгілі жағдайлар бойынша басқа қалаға ауысу қажеттігі туындауда. Енді, дәл осы мамандығым бойынша басқа оқу орнында оқуымды жалғастыруыма болады ма? Ауыстырған жағдайда грант және степендия сақталады ма?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Мемлекеттік білім беру гранты Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне бөлінгендіктен, мамандығыңыз бойынша басқа жоғары оқу орнына ауысу кезінде мемлекеттік грант сақталмайды. Бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысу туралы толық мәліметті Академиялық мәселелер жөніндегі департамент қызметкерлерінен алуыңызға болады. Байланыс телефондары: 8 (727) 291-13-71, 291-71-06.
10-10-2018 08-57-55
Басқа
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 558 Саламатсызба Ректор мырза
Мен биылгы жылы Магистратурада 6М011600
География мамандыгынын акылы болымыне окуга тустым.
Мемлекеттен болынген 64 гранттын 63 иемделген калган 1 орын колданылмаган.
Менын Мемлекеттык грантка ауысуга мумкындыгым барма? Менын жинаган жалпы балым 157.
Отбасылык жагдайыма байланысты мены Мемлекеттык грантка ауысуыма комектесуынызды сызден отынемын?
Жауап:
Құрметті студент! Мемлекеттік білім беру грантына ауысуыңызға мүмкіндік бар, ол үшін Сіздің барлық емтихандарыңыздың көрсеткіші жоғары болуы керек. 1 семестрдің қорытындысы бойынша GPA көрсеткішіңіз жоғары болып, мемлекеттік грант үміткерлеріне қойылатын талаптарға сай келсеңіз, өтінішіңізді жолдауыңызға болады. Міндетті түрде қарастырылады. Сұрағыңызға рахмет!
08-10-2018 12-32-47
Басқа
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 557 Саламатсыз ба ректор мырза
Мен Атагази Олжас Сапарбайұлы қазіргі таңда Қостанай қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде Биотехнология мамандығы бойынша 1курсата білім алып жатырмын. Шынымды айтайын маған өз мамандығым ұнамайды. Кейін ұнап кетеді деген оймен келген болатынмын бірақ ұанған жоқ. Менің сізге кояр сұрағым мен осы жылы сіздің универдің дайындық курсында оқып келесі жылы КТ тапсырып Химия пәні бойынша білім ала аламын ба?
Мен бұл туралы әлуметтік желі арқылы оқыған болатынмын. Сол жайлы толық мағұлмат білейін дегенмін. Маған Мұғалім болып балаларға білім берген қатты ұнайды әсіресе химия пәнінен. Химия пәнін көптеген оқушылар ұната бермейді. Мен сол балаларға химия пәнінің қандай қызықты пән екенін үйреткім келеді.Мен қазіргі таңда грантымнан бас тартып сізге барап ақылы түрде оқиын десем отбасылық жағдайым оны көтере алмайды.
Жауап:
Құрметті талапкер! «Биотехнология» мамандығының келешегі зор, сондықтан берілген мемлекеттік грант бойынша өз мамандығыңызды оқығаныңыз дұрыс. Еліміз бойынша барлық ЖОО-да 1 және 2 курс пәндері жалпы білім беретін пәндер болып табылады. Тек 3-4 курста ғана мамандыққа сәйкес пәндер оқытылады. Сіз мемлекеттік гранттан бас тартқан жағдайда, дайындық курсында тегін оқи алмайтындығыңызды ескеріңіз.
07-10-2018 08-12-38
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 556 Сәлеметміз бе?!
Сізге қояр сұрағым: биыл магистратураға грантқа (gmat-пен) оқуға түстім. Енді, оқу орнын басқа қалаға ауысуға болады ма? Және ауысқан жағдайда грант және степения сақталады ма?
Жауап:
Құрметті студент! Мемлекеттік грант Қазақ ұлттық педагогикалық оқу орнына берілгендіктен, білім алушы басқа оқу орнына ауысқан жағдайда білім гранты сақталынбайды. Бір оқу нысанынан екінші оқу нысанына ауысу ережелері туралы институтыңыздан немесе Академиялық мәселелер жөніндегі департамент қызметкерлерінен білуіңізге болады. Сұрағыңызға рахмет!
Барлығы: 4046