Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректордың блогына қош келдіңіз!

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
 
Ректор блогы университет студенттерімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер сұрақтарыңызды қойып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және үнемі талқылау университет басшылығының жемісті жұмысына көмектеседі.
 
Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.
 

Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

 
 
Электронды пошта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz
 
 
Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы оқу жылы бойы әр айдың 1-ші және 3-ші жұмаларында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
16-11-2018 09-22-32   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 645
Саламатсызба
Біз 4 курс студенттері сіге сұрағымыз бар.Воудтан біз проходной бал жинадық.Алдын біз сол болса болды деген.Және Біз Тарбие теориясын мүлде өтпегенбіз,сонда да тапсырдық.
Бірақ қайта келіп қорқытып баға қоймаңдар деп мазамызды алуда. Неге бұлай.Заң бойынша бұл сырттай бақылау және ешқандай пәнге әсері жоқ деген.Сонда бұл қалай?
Енді диплом алмайсыңдар,т.б қорқутулар көп болып кетті.енді ғана кредиттік жүйе туралы айтып,таңдау құқықтарын болған пәндерді деп бізге кінані үйіп төгуде.Соңғы курсымның мұндай болатынын білмедік.
Аман-есен бітіріп шықсақ екен.
Басшыларға айсаңыз екен біздің басқа сабақтан алған балымызға зиянын тигізбесін.
Сіз бір шешімін табады деп үміттенеміз.
Рахмет!
Жауап:

Құрметті студент! Шағымыңызда мамандығыңыз және пәннің атауы көрсетілмегендіктен, бұл мәселе бойынша шара қолданылмайды. Сондықтан оқу үрдісіне байланысты шағымыңызды қарастыру үшін Университетіміздің оқу ісі жөніндегі проректоры Сәтмырзаев Асан Адасбекұлына жолығуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 293-81-53. Сұрағыңызға рахмет!

15-11-2018 19-38-55   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 644
Салеметсизбе!оқу ақысы қанша заочный факультет биология жалпы 113 кашан жане сабактары басталады?казир Деканат Ким жаратылыстану география факультетинде?жане группада бир Гана студент оки атама?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сұрақтарыңыз бойынша нақты ақпарат алу үшін Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Дүйсенбайқызы Каймулдиновамен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-47-66, 291-64-57.

15-11-2018 02-53-17   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 643
Сәлеметсіз бе ректор мырза! Мен осы жылы магистратурага тапсырып едым,екі емтиxанды қоскандағы балым 155 болды,грантка тусе алган жоқпын.Менің сізге қояр сұрағым,мен егерде мемлекет тарапынан берілетін қосымша грат берілсе,маған беруін сұрап өтініш қалдырғанмын,менің жағдайым жетпегендіктен ақылы оқи алмадым.Мемлекет тарапынан қосымша граттар бөлінеме?егер бөлінген жағдайда мен универде оқымасамда грантты ала-аламын ба?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Қосымша грант мемлекет тарапынан бөлінетіндіктен, грант туралы нақты ақпарат бере алмаймыз.

Сұрағыңыз бойынша ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефоны: 8 (727) 291-13-71.

15-11-2018 00-06-25   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 642
Сәлеметсіз бе, құрметті Тахир Оспанұлы! Мен 1 курс, магистрантымын. Академиялық ұтқырлыққа байланысты сұрақтарым бар еді. Қазір ешқандай конкурс жарияланбады, біран шақырту алу өз мойнымда бола ма, әлде белгілі бір демартамент қол ұшын созады ма? Рахмет!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Академиялық ұтқырлық бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан қаржыландырылады. Мемлекет тарапынан арнайы қаржы бөлінген жағдайда ғана Халықаралық ынтымақтастық басқармасының академиялық ұтқырлық секторы конкурс өткізеді. 
Сіз білім алушыларға арналған Эразмус+, DAAD, MEVLANA сияқты халықаралық алмасу бағдарламалары туралы қосымша ақпаратты Халықаралық бағдарламалар мен ынтымақтастық бөлімінің қызметкерлерінен алуыңызға болады. Байланыс телефондары: 291-36-92, 291-12-45. Сұрағыңызға рахмет! 
 
14-11-2018 14-09-46   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Кульзифа Абылкасымовна Жанабердиева

Сұрақ № 641
Сәлеметсизбе Такир Оспанович! Мен сизбен бирге Казақ Білім академиясында жұмыс істедим. Қазир пенсиядамын.Әли де жұмыс істегим келеді. Осы институттың түлегімін. Бірақ неше жыл болды орналасамаймын. к.п.н., доцент, биолог, методист. педагог. "Салауаттану" оқулығының авторы Көмегіңізді сұраймын. Рахмет.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Түйіндемеңізді Әкімшілік департаментінің персоналды басқару бөліміне өткізуіңізге болады. Байланыс телефондары: 291-71-91, 291-18-29.

13-11-2018 16-30-42   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 640
Ағай сәлеметсіз бе? Маған жатақхана керек еді ӨТІНІШ! Ақылы бөлімде оқитындар мен Алматы Тараз Шымкент облыстарынан алып жатыр. Неге маған берілмей жатыр!
Жауап:

Құрметті студент! Білім алушыларға жатақханадан орын бөлу мәселесін оңтайлы жүргізу мақсатында әрбір институт жанынан арнайы комиссия құрылған. Егер Сіздің әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттар болса, онда өз институтыңыздың жанынан құрылған комиссияға өтінішіңізді беруіңізге болады. 

11-11-2018 13-06-46   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 639
Сәлеметсіз бе ! Мен 1 ші курс студентімін . Университетте қашықтан оқытуға шет елдерге жібереді екен. Ол үшін қандай талаптарға сай болу керек IELTS міндетті түрде керек пе және оны қай уақыттан бастап жібереді соны толығырақ түсіндіріп беруіңізді өтінемін .
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша толық ақпарат алу үшін Халықаралық ынтымақтастық басқармасының қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-36-92, 291-12-45. 

10-11-2018 23-02-12   Студенттен

Сұрақ қоюшы: АЙЖАН ОРАЗБАЙ

Сұрақ № 638
Құрметті Такир Оспанович, сізден сұрарым қашан қысқы демалысқа шығамыз? Екінші аралық бақылау қашан басталатынын нақты айтсаңыз.Біз алыстан келген едік сол себепті алдын ала билет алуымыз керек еді.Жауабыңызға алдын ала рахмет!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Екінші аралық бақылау ағымдағы жылдың 10-15 желтоқсан аралығында өтеді. Аралық бақылау, емтихан және қысқы демалыс  уақыттары туралы сұрақтарыңызға әр топқа бекітілген эдвайзерлер жауап беруге міндетті. Оқу үрдісіне қатысты ақпаратты институт директоратынан білуіңізге болады.    

10-11-2018 21-03-44   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 637
Сәлеметсіз бе, мен 2-курс студентімін. Осы оқу жылы басталғаннан бері менде бір сұрақ туындап жүр. Қай курстан бастап біз өзіміз оқитын сабақтарды таңдауға мүмкіндік береді?
Жауап:

Құрметті студент! Оқу үрдісіне байланысты туындаған сұрақтарыңызға жауап алу үшін институт директорымен немесе Академиялық мәселелер жөніндегі департамент қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-13-71, 291-71-06.

08-11-2018 04-58-26   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 635
Здравствуйте, уважаемый Такир Оспанович! Я доктор наук и профессор (ККСОН МОН РК), стаж работы в нашем вузе в этом году в декабре будет 20 лет. Но, получаю эти 20 лет до сих пор приблизительно одну и ту же зарплату, без повышения, хотя, как я думала, с повышением стажа работы должна повышаться и зарплата. По Расчетному листку за сентябрь месяц этого года, выданный мне бухгалтерией, моя зарплата за 1 ставку составляет 174.254 тенге из них 20% = 34.850 тенге - уходит на пенсионные отчисления и подоходный налог, кроме этого я обнаружила только в этом месяце, что у меня снимают ежемесячно еще и партвзносы - 283 тенге, хотя я не состою ни в какой партии и уже более 10 лет назад написала отказ от членства каких-либо партий. А также еще ежемесячно снимают профвзнос - 1% = 1.743 тенге, хотя за все 20 лет работы в вузе я не получила ни одной социальной поддержки от профсоюза, даже когда скончался мой отец не было никакой материальной поддержки, хотя обещали в отделе кадров. В итоге получается зарплата на руки -137.378, хотя почему-то я получала всегда на карту меньше 124-125.000 тенге. Но, сейчас, второй год уже я работаю на 1,25 ставки. И на эти 0,25 ставки мне начислено всего 29.421, из них: 12.609- коэфф.за нац.статус и всего лишь 16.812 - оклад по совместительству за мои 0,25 ставки. Вопрос: почему у доктора и профессора с 20-летним стажем в одном нашем вузе и с 37 летним общим науч-пед.стажем такая маленькая зарплата? Мне даже самой стыдно перед собой. И, почему, как я понимаю, не учитываются ученая степень и ученое звание, а также вузовская должность при работе на более 1 ставки, ведь это в одном вузе, где статус преподавателя подтвержден и нет необходимости доказывать свою проф.компетентность как в другом вузе. Итого на сегодня я получаю за 1,25 ставки - 164 тыс. тенге, хотя нам приходится работать всегда с пед.нагрузкой в часах больше положенных по положению согласно степени и должности, не учитывая еще огромной общественной и научной-исследовательской нагрузки. Более того, я заметила, что зарплата уменьшилась в этом году на 8-10 тыс. по сравнению с прошлым годом, и это при нашем ожидании наоборот повышения, с чем это связано? Хотелось бы задать вопрос также нашему МОН РК: в связи с повышением статуса педагога рассматривается ли вопрос повышения зарплаты педагогам вузов? Буду весьма признательна за ответ!
Жауап:

Здравствуйте!

Изменение коэффициента для исчисления заработной платы производится каждые три года, свыше 20 лет работы коэффициент остается неизменным. Увеличение заработной платы с учетом повышающего коэффициента составляет примерно до 1500 тенге один раз в три года.

С 1 марта 2015 года удерживается  (на основания Вашего заявления)  1%  из заработной платы - это партвзносы в «Нұр-Отан». Если Вы в данный момент не состоите в партии «Нұр Отан», Вы должны письменно уведомить об этом Финансово-экономический департамент, чтобы удержание не производилось.

Что касается профсоюзного взноса. Каждый сотрудник, когда заполняет индивидуальный трудовой договор, «автоматически» становится членом профсоюза. В случае отказа от этого сотрудник пишет заявление о том, чтобы взносы не удерживали.

Для получения более подробного ответа Вам следует обратиться в Финансово-экономический департамент. Спасибо за вопрос.

07-11-2018 16-32-43   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 634
Құрметті Такир Оспанұлы!Мен кафедра оқу шеберімін, жалақым 38 000 тенге! Бұл жалақы жолмен тамаққа жұмсалып кетеді, оған қоса мен жалғаз басты анамын. Жалақы 38 000 болсада жұмысы өте көп, барлық ректораттан және институттан келген барлық хаттармен тапсырмаларды оқу шеберлері мен лаборанттар істейді. Алдыңғы жылдары мейрамдарда сыйлықақы берілген ол біз үшін сәл болсада дем беретін, ал осы жылы не Тәуелсіздік күніне, не Мұғалімдер күніне сыйлықақы берілмеді, біз үшін 38 000 тенгеге өмір сүру қиындап бара жатыр.Сізден сұрайтыным өтініш жалақыны көтеруге ықпал жасасаңыз НҰР үстіне НҰР болар еді!!! Тағы бір ұсынысым: жалғыз басты аналарға университет тарапынан бір көмек немесе жеңілдік (льготы)беруге ықпал тигізуіңізді сұраймын!Бұл хатымды назарсыз қалдырмағаныңызды сұраймын!Алдын ала рахмет!!!
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Университет қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесі міндетті түрде қарастырылады. Жалақы мәселесі бойынша арнайы жұмыстар жүргізілуде. Сіздің ұсынысыңызды қарастыру үшін әлеуметтік қолдауға мұқтаждығыңызды растайтын тиісті құжаттарыңызды жинап, өтініш жазуыңыз қажет. Өтінішіңіз  университеттің арнайы комиссиясында қарастырылып, басшылық тарапынан тиісті шешім қабылданады. Сұрағыңызға рахмет!

05-11-2018 23-27-29   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 633
Сәлеметсізбе? қысқы демалысқа қашан шығамыз және екінші семестр қашан басталады, айтып жіберсеңіз?
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Аралық бақылау, емтихан уақыттары және оқу кестесі туралы сұрақтарыңызға әр топқа бекітілген эдвайзерлер жауап беруге міндетті. Оқу үрдісіне қатысты ақпаратты институт директоратынан білуіңізге болады.    

05-11-2018 15-24-57   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 632
Құрметті, Тахир Оспанұлы! Универ жүйесіне кірген кезде неге қарыздеп 1 деп шығады? басқа студенттердеде бұрын летникке қалған пәндері шығып тұр,бірақ транскрипте сол пән 2 рет көрсетілген, бұл пәндеріміздің ақшасын төлеп оқығанбыз, офис регистраторға барып төленген қағазымызды таптық бірақ жеке ведомость қағазымыз жоғалған, бұл мәселені тіркеу басқармасының бастығы шешуге де асықпайды
Жауап:

Құрметті студент! Егер Сіздің төлем ақыңыз банк есеп шотына өз уақытында енген болса, ол техникалық қателіктен болған. Ведомость жоғалған жағдайда, офис тіркеушісі табуға міндетті. Бұл мәселені шешу үшін тіркеу офисінің бастығы  Бақыт Мырқайқызы Күзембаевамен хабарласыңыз.

Тіркеу офисінің бастығы тарапынан шешілмесе, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековке жолығуыңызды сұраймыз.

05-11-2018 14-35-28   Студенттен

Сұрақ қоюшы: студенттер тобы

Сұрақ № 631
Саламатсызба, Такир Оспанович!
Біз осы жылдың 14 шілдесінде Сізге әскери кафедрасындағы жағдайлар туралы хат жазған студенттерміз. Ол хатта біз өзіміздің аттарымызды жазбаған едік, кесірі тиіп кетпесін деп. Бүгінгі күнде, Ректор мырза, дұрыс істеген екенбіз деп ойлаймыз. Не дегенмен полковник Баймаганбетовта, старшина Ахметовта орындарында жүр! Оларға ештеңе болған жоқ. Біздің білетініміз олардың жасаған қылмыстары университеттің жемқорлыққа қарсы отырысында қарастырылмаған, бұл мәселемен ешқандай тексеріс жүргізілмеген. Тіпті кафедраның өзіндеде ешқантай әңгіме болмаған. Олардың контрактілеріне қол қойылын, жұмысының кезеңі созылған. Кафедраның офицерлері Сізге жазған хат туралы студенттерден қырқүйектің соңында есітіп, таң қалған. Олар неге әлі күнге дейін жұмыс істеп жүр? Сіз олардың «Біз ондай нәрсе істеген жоқпыз», - дегеніне сене қалдыңызба? Жоқ олардың арқасында Сіз қорқатын біреулер тұрма? Жоқ қазір сондайлардық дәуірі ма? Бүгін кімге сенуге болады? Енді студенттердің айтуына қарағанда жаңағы әскерилер оларды бір-біріндеп шақырып, «хат жазғанды табыңда» деген сауалдар қойып жатыр екен. «Горбатого и могила не исправит» дегендей жақында старшина әскери кафедраның екінші курс студенттеріне бокс грушасы мен оны ілетін шынжыр алып әскери техника паркіне ілесіңдер депті. Паркте старший – Баймағанбетов, старшина көмекшісі. Ол неден? Ол олар «ешнәрседен қорқпаймыз» дегеннен дейміз. Біз Сізге хат жазғанда бұл мәселелер университеттің 90 жылдығына орай еш жақа шықпасын деп ойлап едік. Окінішке орай болмады. Енді біз бұл мәселе шешілмесе, олар осы айдың соңына дейін өз еріктерімен кетпесе, инстаграмға салуға және прокуратураға жазуға мәжбүр боламыз. Мүмкін ол екеуіне ондай жаман нәрселерді істеу норма ретінде болса, бізден алған ақшалар олар үшін тиын болса, моралдық балағаттағаннан басқа, бізге көп ақша. Прокуратура оларды ұстаған кезде, біздегі материалдарды береміз.
Жауап:

Құрметті студент! Шағымыңызда көрсетілген мәселені анықтау үшін арнайы комиссия жұмыс жасап жатыр. Әскери кафедра қызметкерлеріне қатысты жолданған шағым бойынша жүргізілген тексеріс нәтижесі қарастырылып, қабылданған шешімге сәйкес тиісті шара қолданылады. Қазіргі таңда әскери кафедра қызметкері Б.Н. Ахметовтің жұмыстан шығарылғандығын хабарлаймыз.

05-11-2018 12-20-59   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 629
Сәлеметсіз бе құрметті ректор мырза! Осы жылы магистратурага тапсырған талапкерлерге доп граттар бөлінеме?
Жауап:

Құрметті талапкер! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Университетіміздің Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.:  8(727)291-57-68, 291-73-71, 291-87-80. Сұрағыңызға рахмет!

05-11-2018 08-59-56   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 627
Здравствуйте Тахир Оспанович!Я студент института ИИиП. Я хотела задать такой вопрос я перевелась к вам на втором курсе, на данный момент я на третьем курсе,у меня вышла разница, связи с тем что в прошлым летом у нас была археологическая и по причине что я перенесла операцию я не смогла её оплатить и пройти обучение. Я хотела узнать если я закрою разницу в конце третьего курса никаких проблем не будет? Зимой я её не могу закрыть по финансовому положению,потому что я учусь на платной основе. И хотелось бы уточнить этот момент можно ли закрыть летом и поменяется ли сумма кредита?
Жауап:

Здравствуйте. Да, сможете, сумма не будет меняться (в данное время не планируется), а если даже будет меняться, то незначительно.

Для уточнения Вам следует обратиться директору Департамента по академическим вопросам Хайрулле Нышановичу Жанбекову.

04-11-2018 19-45-03   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Баймолда Айғаным Ермекқызы

Сұрақ № 626
Сәлеметсіз бе? Мектепке дейінгі оқыту мамандығының 2 курс студентімін. 11 сыныптан кейін Ұбт дан 93 балл жинап осы мамандыққа түстім(өзім қалап емес). Егер де мен басқа мамандыққа ауысқым келсе, міндетті түрде разница төлеу керек пе? Оның орнына емтихан тапсыруға болмайды ма?
Жауап:

Құрметті студент! Қазіргі кредиттік оқыту технологиясына сәйкес бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысуыңызға болады. Ауысу барысында оқу жоспарындағы пәндердің айырмашылығының көлемі белгіленеді. Қосымша семестр кезінде міндетті түрде кредит санына байланысты төлем жасап, оқымаған пәндеріңізді оқып, тиісті балыңызды алуыңыз қажет. 

04-11-2018 15-29-36   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 625
Сәлеметсіз бе Таxир Оспанұлы Сізге айтарым қол астыңыздағы қызметкер соның ішінде Жаратылыстану және география институтының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жатаxанаға жумысыннан тыс уақытта(19:00 мен 22:00арасында)келіп 1 курс студенттердің мазасын алып дөрекі сөйлейді.Бұл қандай тәрбие? Мен ата-ана ретінде бұл жағдайға шара қолдануыңызды сұраймын!!
Жауап:

Құрметті ата-ана!

Жаратылыстану және география институтының білімгерлері орналастырылған №2 жатақханада әр күнге профессор-оқытушылардан сағат 18:00-ден 23:00-ге дейін кезекшілік қойылған. Кезекші оқытушылар жатақхананың тәртібін, тыныштығын, әр студенттің бөлмелері мен қоғамдық бөлмелердің тазалықтарын қадағалайды. Сонымен қатар, студенттердің қауіпсіздігі үшін жатақханаға себепсіз қонбай қалған студенттер де тізімге алынып отырады. Осы талапты орындамаған студенттерге ескерту жасалады. Жатақхана меңгерушісі де, жатақханада студенттерден белгілі бір тәртіп бұзушылық бола қалса, бірден директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына хабарлап отырады. Сол кезде Нұрлан Манаповтың тарапынан студенттерге түсіндіру жұмысы жүргізіліп, тиісінше студенттерден түсініктеме алынады. Сондықтан бұл мәселеге  түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз.

Егер Нұрлан Манаповтың бір өрескел, келеңсіз немесе педагогикалық іс-әрекеттерге сай келмейтін әрекеттері болса, нақты шағыммен Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Дүйсенбайқызы Каймулдиновамен хабарласуыңызға болады. Байлыныс тел.: 8(727) 29147- 66.

04-11-2018 14-09-15   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Salim

Сұрақ № 624
Құрметті ректор қауымы. Сізден өтінеріміз 1 жатақxанадағы кір жуу мәселесін шешуіңізді сұраймыз, өйткені бүкіл жатақxанаға 1 ғана кір жуғыш машина. Қалғандары болғанымен істен шыққан. Раxмет.
Жауап:

Құрметті студент! Өтінішіңіз міндетті түрде қарастырылады. Рахмет

03-11-2018 23-52-19   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 623
Сəлеметсізбе! Тахир Оспанұлы мен Физика математика жəне информатика институтының 1-курс студентімін. Ақылыда күндізгі бөлімде оқимын ускоринник 3 жылдық мен оқу ақысының 30%-ын оқу басында төледім енді тағыда сессияға қатысу үшін 20%-ын төлеймінба? Бірақ мен педагогика жəне психологияға мамандығына ауыспақшы едім 1-семестрдан соң сондада төленедіма? Толық мəлімет бере кетсеңіз сізден өтініш алдын ала рахмет.
Жауап:

Құрметті студент! Сұрағыңыз бойынша толық мәліметті алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлына немесе Математика, физика және информатика институтының директоры Бекпатшаев Мұрат Жүсіпәліұлына жолығуыңызға болады. Сұрағыңызға рахмет!

Барлығы: 4039

« перв. ... < пред. ...  172  173  174  175  176 177  178  179  180  ... след. > ... посл. »

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Сәуір, 2024
7
Наурыз, 2024
5
Ақпан, 2024
20
Қаңтар, 2024
11
Желтоқсан, 2023
21
Қараша, 2023
19
Қазан, 2023
17
Қыркүйек, 2023
25
Тамыз, 2023
39
Шілде, 2023
29
Маусым, 2023
60
Мамыр, 2023
41
Сәуір, 2023
49
Наурыз, 2023
22
Ақпан, 2023
42
Қаңтар, 2023
68
Желтоқсан, 2022
55
Қараша, 2022
50
Қазан, 2022
62
Қыркүйек, 2022
52
Тамыз, 2022
33
Шілде, 2022
32
Маусым, 2022
49
Мамыр, 2022
139
Сәуір, 2022
64
Наурыз, 2022
45
Ақпан, 2022
46
Қаңтар, 2022
57
Желтоқсан, 2021
29
Қараша, 2021
43
Қазан, 2021
70
Қыркүйек, 2021
75
Тамыз, 2021
109
Шілде, 2021
79
Маусым, 2021
62
Мамыр, 2021
69
Сәуір, 2021
74
Наурыз, 2021
47
Ақпан, 2021
42
Қаңтар, 2021
68
Желтоқсан, 2020
61
Қараша, 2020
62
Қазан, 2020
42
Қыркүйек, 2020
48
Тамыз, 2020
57
Шілде, 2020
81
Маусым, 2020
88
Мамыр, 2020
65
Сәуір, 2020
86
Наурыз, 2020
57
Ақпан, 2020
37
Қаңтар, 2020
28
Желтоқсан, 2019
47
Қараша, 2019
72
Қазан, 2019
70
Қыркүйек, 2019
61
Тамыз, 2019
88
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений