| Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті РЕКТОР БЛОГЫ |  | Казахский национальный педагогический университет имени Абая БЛОГ РЕКТОРА | ||
| ҚАЗ РУС ENG | 
Ректордың блогына қош келдіңіз!
	
Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.
 02-09-2018 15-09-37
 02-09-2018 15-09-37    Басқа
 БасқаСәлеметсіз бе! Марапаттауға ұсынылған тізім толық комиссиямен қаралып, Ғылыми кеңесте бекітілген. Сұрағыңызға рахмет!
 02-09-2018 12-00-31
 02-09-2018 12-00-31    Студенттен
 СтуденттенҚұрметті магистрант! Университеттің 5 жатақханасына 1800 ғана білім алушыны орналастыруға мүмкіндігіміз бар. Биыл оқу жылына 2000-нан астам 1 курс студенттері қабылданды. Сондықтан бірініші кезекте комиссия 1 курс студенттеріне жатақхана бөлуде. Жатақханадағы орындардың тапшылығын ескере отырып, бұл жағдайға түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз. Сіздің өтінішіңізді комиссия қарастырып, қысқа мерзімде жауабын өзіңізге хабарлайды. Сауалыңызға рахмет!
 02-09-2018 10-57-36
 02-09-2018 10-57-36    Талапкерден
 ТалапкерденҚұрметті Гүлбану! Шағымыңыз бойынша толыққанды жауап алу үшін Оқу ісі жөніндегі проректор Сәтмырзаев Асан Адасбекұлына жолығуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 293-81-53.
 02-09-2018 00-07-11
 02-09-2018 00-07-11    Талапкерден
 ТалапкерденҚұрметті талапкер! Университет тарапынан Білім және ғылым министрлігіне жалпы магистратура және докторантура бағдарламаларының игерілмей қалған гранттары бойынша және қосымша грант туралы хат жіберілді. Грант берілген жағдайда бірінші кезекте жоғары балл жинаған үміткерлердің өтініштері қарастырылып, жоғары балл жинаған үміткер ұсынылады.
 01-09-2018 11-19-54
 01-09-2018 11-19-54    Талапкерден
 ТалапкерденҚұрметті Нүргүл! Университетімізде білім алушыларды жатақханаға орналастыру тәртібі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Аталмыш бұйрыққа сәйкес әрбір институтта құрылған арнайы комиссия шешімінің негізінде жатақханаға аса мұқтаж студенттерге және оқу орнымыздың шалғай жатқан аймақтардан келген 1 курс студенттеріне жолдама беріледі. Сондықтан, жаңа оқу жылында жатақханаға мұқтаж екендігіңізді көрсете отырып, өтініш жазуыңыз қажет. Өтінішіңізді және әлеуметтік жағдайыңызды растайтын тиісті құжаттарыңызды институт директоратына тапсыруыңызды сұраймыз. Қазіргі таңда жатақханаға қатысты мәселелерді шешу мақсатында бірқатар жұмыстар жоспарланып отыр. Жатақхана мәселесін түбегейлі шешу уақыт пен қаражатты талап етеді, сондықтан түсіністік танытуларыңызды сұраймыз.
 31-08-2018 22-05-10
 31-08-2018 22-05-10    Студенттен
 СтуденттенҚұрметті студент! Биылғы оқу жылында университетке 2000-нан астам білім алушы оқуға қабылданды. Қазіргі күні комиссия 1 курс студенттерін жатақханаға орналастыру мәселесімен айналысып жатыр. Одан бөлек еліміздің шалғай облыстарында тұратын 1 курс студенттері әлі де болса толық келіп болған жоқ. Сондықтан кішкене сабырлық сақтап, кезегіңізді күтуіңізді сұраймыз. Мүмкіндігінше Сіздің өтінішіңізді тез арада шешуге тырысамыз.
 31-08-2018 18-56-29
 31-08-2018 18-56-29    Талапкерден
 ТалапкерденЗдравствуйте! Ваше обращение было направлено проректору по учебной работе Асану Адасбековичу Сатмырзаеву и директору Департамента по академическим вопросам Хайрулле Нышановичу Жанбекову. Для получения подробного ответа Вам следует обратиться в Главный учебный корпус, каб. 210. Конт. тел.: 293-81-53.
 31-08-2018 17-05-37
 31-08-2018 17-05-37    Талапкерден
 ТалапкерденҚұрметті талапкер! Біріншіден, шағымыңызда аталған мәселеге қатысты нақты ақша талап еткен қызметкердің аты-жөнін және пара алу фактісін растайтын нақты дәлелдеріңізді rector_blog@kaznpu.kz электронды поштасына жіберуіңізді сұраймыз.
Екінші сұрағыңызға келетін болсақ, басшылық тарапынан Білім және ғылым министрлігіне қосымша грант туралы арнайы хат жолданды. Министрліктен қосымша гранттар бөлінген жағдайда, берілген грант орындарына өтініш берушілер қатарынан ең жоғары балл иеленген үміткерлер ұсынылатын болады.
Сұрағыңызға байланысты толық ақпаратты Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттен білуіңізге болады.
 30-08-2018 16-10-55
 30-08-2018 16-10-55    Талапкерден
 ТалапкерденҚұрметті талапкер! Білім және ғылым министрлігіне Университет тарапынан қосымша грант туралы арнайы хат жолданды. Жоғары оқу орындарына гранттар мемлекеттің тарапынан бөлінетіндіктен, мамандықтар бойынша қосымша гранттың бөлінуі министрліктің қабылдаған шешіміне сәйкес жүргізіледі.
 30-08-2018 13-55-29
 30-08-2018 13-55-29    Талапкерден
 ТалапкерденҚұрметті студент! «Білім күніне» арналған мерекелік іс-шара 1 қыркүйек күні сағат 10.00-де өткізіледі. Аталмыш іс-шара туралы ресми сайтымыздың «Хабарландырулар» бөлімінде берілген.
 29-08-2018 16-17-12
 29-08-2018 16-17-12    Студенттен
 СтуденттенҚұрметті студент! Шағымыңызды ескереміз.
 29-08-2018 13-58-19
 29-08-2018 13-58-19    Талапкерден
 ТалапкерденҚұрметті талапкер! Университетіміздің Денсаулық сақтау пункті №1 жатақханада орналасқан. Мекен-жайы: Төле би көшесі, 10, Уәлиханов көшесінің қиылысы.
 28-08-2018 17-35-34
 28-08-2018 17-35-34    Студенттен
 СтуденттенҚұрметті Әлия! Жатақхана туралы мамандығыңыз бойынша институт директоратынан сұрасаңыз болады.
 28-08-2018 12-10-23
 28-08-2018 12-10-23    Талапкерден
 ТалапкерденҚұрметті Гүлбану Бахытбекқызы! Шағымыңыз бойынша тексеріс жүргізілді. Тексеріс барысында шағымыңызда аталған Дана Қуатбаева денсаулығына байланысты 15 тамыз күні кешігіп келгендіктен емтиханға кіргізілмеген. Талапкер өтініш жазып, 19 тамыз күні әр мамандық бойынша белгілі-бір себептермен тапсыра алмаған үміткерлермен бірге емтихан тапсырғандығы анықталды. Арнайы мамандықтар бойынша құрылған комиссияның қатысуымен өткен емтихан нәтижесінде І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетіне бөлінген 1 мақсатты даярлау орнына грантқа Дана Қуатбаева өткен. Типтік ережеге сәйкес мақсатты даярлау орнына шектік 150 баллдан кем емес жинаған үміткер өтетіндігін ескеру қажет.
«6D011000-Физика» мамандығы бойынша мақсатты даярлауға бөлінген грантқа қатысты сұрағыңыз бойынша жауап беретін болсақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №109 Қаулысында бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының» 31,32 тармақтарына сәйкес аталмыш мамандық бойынша игерілмеген 1 орын Білім және ғылым министрлігіне қайтарылғандығын хабарлаймыз.
Сұрағыңызға қатысты нақты ақпаратты алу үшін Оқу ісі жөніндегі проректор Сәтмырзаев Асан Адасбекұлына жолығуыңызға болады. Байланыс тел.: 293-81-53.
 28-08-2018 00-44-15
 28-08-2018 00-44-15    Талапкерден
 ТалапкерденСәлеметсіз бе! Оқуға тапсыру бойынша сұрағыңызға толық ақпаратты Университетіміздің Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығынан білуіңізге болады. Байланыс тел.: 291-87-80, 291-73-71.
 27-08-2018 16-42-16
 27-08-2018 16-42-16    Талапкерден
 ТалапкерденҚұрметті Жанерке! Басшылық тарапынан Білім және ғылым министрлігіне қосымша грант туралы арнайы хат жолданды. Министрліктен қосымша гранттар бөлінген жағдайда, берілген грант орындарына өтініш берушілер қатарынан ең жоғары балл иеленген үміткерлер ұсынылатын болады. Сұрағыңызға байланысты толық ақпаратты Академиялық мәселелер жөніндегі департамент қызметкерлерінен білуіңізге болады.
 27-08-2018 16-21-35
 27-08-2018 16-21-35    Талапкерден
 ТалапкерденҚұрметті талапкер! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлына (221-кабинет) жолығыңыз.
 27-08-2018 15-16-32
 27-08-2018 15-16-32    Студенттен
 СтуденттенҚұрметті студент! Оқу орнымызда ақылы бөлімде оқитын білім алушыларға бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Жеңілдіктер туралы ақпарат сайтымызда берілген: http://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/skidka_kaz.pdf. Білім алушыларға жеңілдік беру кезінде студенттің оқу үлгерімі мен әлеуметтік жағдайы ескеріледі. Ол үшін білім алушы жеңілдіктер Ережесіне сәйкес тиісті құжаттарын тапсыру қажет.
Жеңілдік бойынша нақты ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаментімен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефондары: 291-71-06, 291-16-65.
 27-08-2018 14-47-54
 27-08-2018 14-47-54    Студенттен
 Студенттен
	Здравствуйте! Докторанты и магистранты прежде всего должны выполнять задания по учебе и работать над курсовыми и диссертационными исследованиями. Помощь кафедре обучающимися осуществляется лишь на добровольной основе.
	 
 26-08-2018 22-00-14
 26-08-2018 22-00-14    Студенттен
 СтуденттенҚұрметті студент! Жатақханаға білім алушыларды орналастыру туралы бұйрыққа сәйкес білім алушыларға жатақхана беру 29 тамыздан бастап жүргізілетінін хабарлаймыз.
| Мамыр, 2024 | 4  | 
| Сәуір, 2024 | 10  | 
| Наурыз, 2024 | 5  | 
| Ақпан, 2024 | 20  | 
| Қаңтар, 2024 | 11  | 
| Желтоқсан, 2023 | 21  | 
| Қараша, 2023 | 19  | 
| Қазан, 2023 | 17  | 
| Қыркүйек, 2023 | 25  | 
| Тамыз, 2023 | 39  | 
| Шілде, 2023 | 29  | 
| Маусым, 2023 | 60  | 
| Мамыр, 2023 | 41  | 
| Сәуір, 2023 | 49  | 
| Наурыз, 2023 | 22  | 
| Ақпан, 2023 | 42  | 
| Қаңтар, 2023 | 68  | 
| Желтоқсан, 2022 | 55  | 
| Қараша, 2022 | 50  | 
| Қазан, 2022 | 62  | 
| Қыркүйек, 2022 | 52  | 
| Тамыз, 2022 | 33  | 
| Шілде, 2022 | 32  | 
| Маусым, 2022 | 49  | 
| Мамыр, 2022 | 139  | 
| Сәуір, 2022 | 64  | 
| Наурыз, 2022 | 45  | 
| Ақпан, 2022 | 46  | 
| Қаңтар, 2022 | 57  | 
| Желтоқсан, 2021 | 29  | 
| Қараша, 2021 | 43  | 
| Қазан, 2021 | 70  | 
| Қыркүйек, 2021 | 75  | 
| Тамыз, 2021 | 109  | 
| Шілде, 2021 | 79  | 
| Маусым, 2021 | 62  | 
| Мамыр, 2021 | 69  | 
| Сәуір, 2021 | 74  | 
| Наурыз, 2021 | 47  | 
| Ақпан, 2021 | 42  | 
| Қаңтар, 2021 | 68  | 
| Желтоқсан, 2020 | 61  | 
| Қараша, 2020 | 62  | 
| Қазан, 2020 | 42  | 
| Қыркүйек, 2020 | 48  | 
| Тамыз, 2020 | 57  | 
| Шілде, 2020 | 81  | 
| Маусым, 2020 | 88  | 
| Мамыр, 2020 | 65  | 
| Сәуір, 2020 | 86  | 
| Наурыз, 2020 | 57  | 
| Ақпан, 2020 | 37  | 
| Қаңтар, 2020 | 28  | 
| Желтоқсан, 2019 | 47  | 
| Қараша, 2019 | 72  | 
| Қазан, 2019 | 70  | 
| Қыркүйек, 2019 | 61  | 
| Тамыз, 2019 | 88  | 
| Шілде, 2019 | 47  | 
| Маусым, 2019 | 71  | 
| Мамыр, 2019 | 54  | 
| Сәуір, 2019 | 70  | 
| Наурыз, 2019 | 51  | 
| Ақпан, 2019 | 45  | 
| Қаңтар, 2019 | 75  | 
| Желтоқсан, 2018 | 87  | 
| Қараша, 2018 | 51  | 
| Қазан, 2018 | 54  | 
| Қыркүйек, 2018 | 77  | 
| Тамыз, 2018 | 105  | 
| Шілде, 2018 | 46  | 
| Маусым, 2018 | 43  | 
| Мамыр, 2018 | 45  | 
| Сәуір, 2018 | 36  | 
| Наурыз, 2018 | 30  | 
| Ақпан, 2018 | 28  | 
| Қаңтар, 2018 | 17  | 
| Желтоқсан, 2017 | 17  | 
| Қараша, 2017 | 12  | 
| Қазан, 2017 | 2  |