
13-03-2018 10-46-03

Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Айша Сұрақ № 116 Саламатсыз ба,ректор мырза!Менің айтайын дегенім оқуға түсу кезінде колледжден кейн келгендер КТ тапсырады.Сол кезде Кенжебек пен Жиренов Саян деген кисилер грантка откізуге 600-1000 000 арасында акша сурады комектесуге.Егер грантка отпеген жагдайда проходной баллдын акшасын устап калды. Осы мәселеге тосқауыл қойсаныз екен.
Жауап:
Құрметті студент! Сіздің шағымыңыз бойынша Филология және көптілді білім беру институтының және Математика, физика және информатика институтының директораттарында 2017 жылғы қабылдау комиссиясының құрамында болған қызметкерлер Саян Жиреновтен және Кенжебек Жантлеуовтен түсініктеме алынып, басшылық тарапынан ескерту жасалынды. Егер шағымыңызда көрсетілген қызметкерлерге қатысты нақты дәлелдеріңіз болса, аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 15:00-17:00 аралығында қабылдауыма келсеңіз болады. Сұрағыңызға рахмет!

12-03-2018 19-09-39

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 115 Сəлеметсіз бе. Ағылшын мен орыс тілі сессиясы жазбаша емес тест күйінде болғанын сұраймын. Себебі оларға уақыт көп кетеді оған қоса ағылшынша жазу қиын. Бұны қайта қарастырыңызшы. Біз ағылшыннан при интермедия мыз бұл деңгейде грамматикаға көп көңіл бөлеміз. Мысалы мен оқыған мектепте ағылшын ды мүлде түсіндірмейтін енді енді универге келіп ағылшынша көп көңіл бөлдім сол себеп тен жазбаша маған қиынырақ болады енді грамматикасын дұрыс түсіне келемін
Жауап:
Құрметті студент! Емтихандық сессиялар академиялық күнтізбеге сәйкес жүргізіледі, ал емтихан түрлері ректорат мәжілісінде қарастырылып, тиісті шешім қабылданады. Тілдік пәндер бойынша емтихан тапсырудың тест түрін қолдайтындығыңыз туралы пікіріңізге рахмет!

12-03-2018 19-02-14

Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 114 Сəлеметсіз бе. Сессия жазбаша болғанына қарсымын. Бұл мәселеге қайта қарауыңыз ды сұраймын. Тест күйінде қалғанын талап етемін. Жазбаша ға уақытты алады. Ағылшынша қалай жазамыз соны ойладыңыз ба
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Емтихандық сессиялар кезінде тапсырылатын пәндердің жазбаша, ауызша немесе тест түрінде қабылданатындығы жоғары оқу орнының ректорат немесе Ғылыми кеңес отырысында талқыланып, емтиханның әр оқу пәні бойынша тиісті шешім қабылданады.

12-03-2018 16-49-07

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Анонимно Сұрақ № 111 Сәлеметсіз бе менің өтінішім осы көктемгі яғни мамыр айындағы сесия тест күйінде өтуі тиіс деймін. Себебі ағылшын пәні өте қиын грамматикасын білмеген студент қалай тапсыра алады. Өз басым менің ағылшынан деңгейім элементри. Ал универде при интермедия деңгейімен үйретіп жатыр. Бұл деңгей ашық түрде грамматикасын толықтырады əрі ауызша еркін сөйлеуге бағытталған. Ауызша сөйлеудің бастапқы қадамдары. Қарапай мектептен "begin" этабын бытырген окушы калай жазбаша тапсырмақ. Олай болатын болса студент 0 бал алуда ықтимал. Əлде жазғы оқуға қалдырмақсыз ба студенттерді. Менің ағам ағылшын тілі мұғалімі болып ОАУ Орта Азия Университетінде оқиды. Ағылшын тілін 3 жыл бойы тест бойынша əр уривин нен өтіп жүр. Қарапайым ағылшын курсында да тест алып уривинін анықтап береді. Не сіздердің орыс, ағылшын жазбаша аламыз деп. Мен айтты дейсіз 100% студенттер құлайды. Бұл бастама дұрыс бірақ универ қай уривинді өтіп жатқанын ескеріңіз. Əлі орыс тілін білмейтін студенттер де бар. Мүлдем білмейді емес өз ойын орысша ашық айта алмайды яғни қысылады. Олай жаңалық ашпай ақылы оқып жатқан студенттерге жеңілдіктер түрін қарастырып шет елден келген қандастарымыздың жатақханада тұрғаны үшін 150000 мың төлейтін мазаламайды ма. Ағылшын орыс тілі тест күйін де қалсын деген сұранысым бар. Олай жазбаша десеңіз мен универ үстінен шағым түсірем.
Жауап:
Құрметті студент! Сессия кезінде емтихан тапсырылатын пәндердің жазбаша, ауызша немесе тест түрінде қабылдануы туралы Университеттің ректорат немесе Ғылыми кеңес отырысында жан-жақты қаралып, тиісті шешім қабылданады.

12-03-2018 10-07-12

Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 110 Здравствуйте, я в данный момент обучаюсь на заочном отделении в НГПУ (психолого-педагогическое образование) на 2 курсе, возможно ли мне перевестись на тот же курс обучения?
Жауап:
Здравствуйте! В соответствии с утвержденным приказом Министра образования и науки Республики Казахстан «Правила перевода и восстановления обучающихся по типам организации образования» перевод обучающихся из зарубежного вуза в казахстанский вуз осуществляется при представлении документов об окончании колледжа или второго высшего образования.
Подробную информацию о правилах перевода КазНПУ им. Абая Вы можете получить у директора Департамента по академическим вопросам Жанбекова Хайруллы Нышановича. Тел.: 291-13-71.

11-03-2018 23-58-43

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 109 Здравствуйте! Подскажите пжл почему информация на сайте не обновляется в разделе поступающим, также многие вкладки выдаются 404 ошибку.
Я хочу поступать на магистратуру в КазНПУ и элементарно хотелось бы понимать, что мне сдавать, когда и какие тесты.
Заранее спасибо
Жауап:
Уважаемый студент! В главном меню официального сайта Университета в разделе «Магистратура» размещена информация за 2017/2018 учебный год для поступающих: список специальностей и типовые правила приема,список необходимых документов для поступления в магистратуру, а также правила приема в магистратуру и докторантуру (PhD) КазНПУ имени Абая, программы вступительного экзамена по специальностям магистратуры.
Информация на 2018/2019 учебный год будет размещаться с июня 2018 года, когда приемная комиссия начнет работу. Просим следить за обновлением информации о приеме магистрантов на новый учебный год.
Подробную информацию о поступлении в магистратуру Вы можете получить в Центре профориентационной работы и приема обучающихся. Контактные телефоны: 291-87-80, 291-87-80, 291-73-71.

08-03-2018 18-34-03

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 108 Сәлеметсізбе құрметті Таxир Оспанұлы! Мен Өнер,мәдениет және спорт институтының Графикалық дизайнер мамандығының ақылы бөлімінде оқимын. 3 курс студенті Маулешова Акзер Ерлановна.Биылғы оқу жылында 15%-тік жеңілдікке іліндім.Сізге улкен раxмет.Болашақта оқып жатырған мамандығыма грант бөлінеме.
Жауап:
Құрметті студент! Оқу жылының әрбір оқу семестрі аяқталғаннан кейін Білім және ғылым министрлігі әрбір мамандық бойынша босаған мемлекеттік грант орындарына конкурс жариялайды. Егер Сіздің оқып жатқан «Графика» мамандығының оқу курсына байланысты мемлекеттік грант орны босап, сол орынға конкурс жарияланатын болса, оқу үлгеріміңіз бен әлеуметтік жағдайыңызды ескере отырып, босаған білім гранты орнына ауыстыру мүмкіндігі бар. Сұрағыңызға қатысты толық ақпарат алу үшін Университетіміздің Академиялық мәселелер жөніндегі департаментімен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефондары: 291-71-06, 291-16-65.

05-03-2018 10-13-06

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Кенжебеков Есенгельды Ниетбекович Сұрақ № 107 Кұрметті Тахир Оспанұлы.Мен Кенжебеков Есенгельды 1курс студенті шартты қайта кта тапсырып 108 балл алдым маған оқу ақысына жеңілдіктер қарастырылама.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сіздің жағдайыңызда жеңілдік мүмкіндігі ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін кешенді тестілеуді қайта тапсырушыларға байланысты қарастырылатын болады.

04-03-2018 13-34-55

Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 106 Сәлеметсіз бе? Мен мына сұрақтар мен шаағымдарды оқып отырып, бұл оку орнына түсуге ойланып қалдым... Сұрайын дегенім музыкалық білім беру бағыты бойынша сабақ беретін мұғалімдеріңіз қазір қандай? Сіздерде жоғарғы музыкалық білім алуға бола ма? Содан соң, тағы бір мәселе, оқуға түсу үшін алдын ала сіздерге ақша беруіміз қажет пе? Қазіргі кезде көп оқу орындарында оқуға түсушілерден ақша талап етіледі.
Жауап:
Құрметті талапкер! Сұрақтарыңыз өте орынды. Қоғаммен жұмыс жасау барысында шағымдар мен ұсыныстар болады, ол қалыпты жағдай. Университет жұмысындағы орын алған мәселелерді шешу үшін білім алушылар тарапынан түскен шағымдар мен өтініштер қадағаланып, сол бойынша тиісті тексеру шаралары жүргізіліп, заңды шешімдер қабылданады.
Жоғары оқу орындарына талапкерлерді қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары» ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Яғни, жоғары оқу орындарына талапкерлерді ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) немесе кешенді тестілеу (КТ) нәтижесі бойынша берілетін сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде қабылдайды. Оқуға тапсыру кезінде алдын-ала ақша талап етілмейді.
Сіз қызығушылық танытып отырған «5В010600-Музыкалық білім» мамандығы бойынша мамандарды даярлайтын Өнер, мәдениет және спорт институтының Музыкалық білім беру және хореография кафедрасында кәсіби біліктілігі жоғары ұстаздар қызмет етеді. Кафедра құрамы туралы ақпараттар Университетіміздің ресми сайтының «Институттар» бөлімінде (http://www.kaznpu.kz/kz/861/page/) орналасқан. «Музыкалық білім» мамандығына қатысты толық мәлімет алу үшін институт директоры Исабек Нұрдәулет Еркінұлымен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефоны: 291-76-08.

03-03-2018 20-48-37

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Хайретдинова Камиля Рамильевна Сұрақ № 105 Здравствуйте, Такир Оспанович! Возможно, поздно,но все же хотелось бы обратить внимание на работу комиссии во время сдачи сессии. Хотелось бы отметить не их строгость, а отношение к студентам. Преподаватели садятся к студентам, тем самым сбивая с толку, грубят, мешают, слишком близко подходят, торопят. Мы будущие педагоги, взрослые люди, не школьники. Почему такое отношение? Научите преподавательский состав тактичному отношению к студентам. Мы не звери в клетках. Хочется добавить, что это сбивает с толку, давит психологически в итак напряженной обстановке. Скоро нас ожидает весенняя сессия, не хотелось бы, чтобы такая ситуация повторялась снова.
Также хочу отметить работу апелляционной комиссии. Не идут на встречу студентам, не хотят элементарно услышать. Никакого содействия с их стороны. Некоторым студентам не хватило по одному или два балла. Писали заявления на апелляцию, а ответа так и не было получено.
С уважением студенты Института Педагогики и психологии.
Жауап:
Здравствуйте! Спасибо за обращение! Проведение экзаменов во время сессии - очень ответственный период, которому мы уделяем особое внимание. Мы прилагаем все усилия, чтобы оценивание знаний обучающихся проводилось в строгом соответствии с существующими правилами. Подчеркнем, что во время проведения зимней экзаменационной сессии каких-либо нарушений со стороны экзаменаторов зафиксировано не было.
Директоратами институтов будут еще раз организованы беседы о необходимости соблюдения «Этического кодекса профессорско-преподавательского состава и сотрудников» с целью предотвращения конфликтных ситуаций и недоразумений во время экзаменационной сессии.
Что касается работы апелляционной комиссии, то она проводилась в соответствии с инструкцией по проведению тестирования. До экзаменов студенты всех институтов были ознакомлены с соответствующей инструкцией. Заявление на апелляцию рассматривалось в том случае, если заявление было оформлено в установленный срок. Обращавшимся с апелляцией добавляли по 1-2 балла при выявлении некорректно составленных тестовых заданий.
При возникновении каких-либо вопросов Вам следует обращаться к директору департамента по академическим вопросам Хайрулле Нышановичу Жаныбекову или директору института педагогики и психологии Берикжану Айткуловичу Альмухамбетову. Контакты: 291-13-71, 291-33-53.

03-03-2018 19-14-29

Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Жанат Умирзакова Сұрақ № 104 Сəлеметсізбе!Құрметті Такир Оспанович мен осы жыл педогогика психология мамандығына тапсырайын деп едім.5 пəн болады деп жатыр 3 пəні міндетті оларды білемін бірақ қалған екі пəні биология мен химия болама соны білмей жатырмын мен басқа қаладанмын толық мəлімет алайын деп едім.Жауабыңыз үшін алдын ала рахмет
Жауап:
Құрметті Жанат! Университетіміздің «5В010300-Педагогика және психология» мамандығына түсу үшін 1-ші бейіндік пән - биология, 2-ші бейіндік пән - география пәндерінен тест тапсырылады. Сұрағыңызда көрсетілген мамандық туралы нақты ақпарат алу үшін 8 (727)-291-57-68 телефонына хабарласуыңызға болады.

02-03-2018 13-45-34

Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 102 Салеметсизбе, құрметті Тахир Оспанұлы сиз біздің университетіміздің беделін котеру мақсатында коптеген жұмыстар атқарып жатырсыз. Сізге қоятын екі сұрағым бар. Біріншісі, Сіздің бастамаңызбен биыл мұғалімдердің "Жаңартылған білім беру мазмұны" бойынша біліктілікті арттыру мақсатында "Қысқы мектеп" жұмыс істеді. Біз сол курста оқып сертификать алдық, біздің еңбек жалақымызға Елбасымыздың жолдауында көрсеткендей пайыздық ақша қосылмайма? екінші сұрағым, оқуға қабылдау комиссиясы бойынша былтыр 2017 ж.қабылдау комиссиясында жұмыс істеген "Тарих және құқық институтының" қызметкерлері магистратураға, доктарантураға бакалавриатты биология, филология ж.т.б. мамандықтар бойынша бітірген студенттерді қабылдады, факт бар, қазіргі таңда олар оқып жатыр. Базалық білімі жоқ талапкерлерді қандай жолмен тарих факультетіне қабылдап жатыр? Тарихтан білімі жоқ магистранттар мен доктаранттар ертенгі күні жасұрпақтарға қандай білім береді?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Елбасы Жолдауларында білім саласына қатысты айтылған мәселелерді жүзеге асыру және Университетіміздің деңгейін көтеру мақсатында бірқатар жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атқарылған жұмыстарымыздың нәтижесі ұжымымыздың жетістігі болып есептеледі. Сол себепті оқытушыларымызға және білім алушыларымызға мүмкіндігінше жағдай жасау біз үшін басты міндет. «Кәсібилік және педагогикалық шеберлік» қысқы мектебінің аясында жүргізілген «Жаңартылған білім беру мазмұны» бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен университет оқытушы-профессорлар құрамының еңбекақысын көтеру мәселесі Елбасы Жолдауында және Үкімет бағдарламасында көрсетілген мерзімнен бастап жүзеге асырылады. Жалақыны көтеру кезінде оқытушылардың ағылшын тілін меңгеру деңгейі және IELTS сертификаты ескеріледі.
Сұрағыңыздағы екінші мәселеге келетін болсақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысының 2 тармағындағы 15 пунктіне сәйкес магистратураға түскен үміткердің бакалавриат бойынша мамандықтары сәйкес келмей, қажетті пререквизиттер болмаған жағдайда магистрантқа оларды ақылы түрде меңгеруге рұқсат берілген. Сұрағыңызға қатысты нақты мәлімет алу үшін Университетіміздің Оқу ісі жөніндегі проректоры Сәтмырзаев Асан Адасбекұлымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 293-81-53.

02-03-2018 11-39-50

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Эмиль Сагинтаев Сұрақ № 101 Добрый день!
Я увидел план благоустройства территории перед главным корпусом. Выглядит хорошо, но на схеме показано меньше деревьев, чем уже есть сейчас. Значит ли это, что деревья будут спиливать? Хотел бы попросить не спиливать уже растущие деревья, а если возможно то провести и высадку дополнительно. Деревья - наше достояние, надо, чтобы их было как можно больше.
С уважением.
Жауап:
Добрый день! Спасибо за обращение!
Проект по благоустройству и озеленению территории КазНПУ им. Абая в первую очередь предполагает пересадку деревьев, а также газонное покрытие с декоративными растениями. Все это делается для того, чтобы студенты и гости нашего университета имели комфортные условия для отдыха и ожидания.
За подробной информацией по благоустройству и озеленению университетской территории Вы можете обращаться к советнику ректора Каныбеку Ережеповичу Калдыбаеву (пр. Достык, 13, главный учебный корпус, кабинет 203).

01-03-2018 15-06-38

Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Даулбаева Сапура Буркитбековна Сұрақ № 100 Ұстаз - жас ұрпақтың рухани жанашыры, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі.
Олар сол сенімді ақтай отырып, зерделі шығармашылығы мол, өз бетінше шемім қабылдай алатын, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғалар тәрбиелеуде.
Осы тұста айтар болсақ,ақпан айының 15-і мен 23-і аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың "Педагогика және психология" институтының " Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығының 3-ші курс студенті Кеңес Гүлжанат №181 Жалпыға білім беретін мектепте практикадан өтті. Практика барысында Гүлжанат өзінің теориялық білімі мен практикалық білімін ұштастыра алды. Гүлжанат сабақты оқушыларға ұғынарлықтай әрі жаңа әдіс-тәсілдермен іздене жүріп қызықты өткізді. Ол әр баланың мінез-құлқына қарай қадам жасады. Әрбір өткен сабақтарына оқушылар: "Гүлжанат апай сабақты қызықты өткізді, біз оны жақсы көреміз!" - деп баға береді.
Біз ата-аналар осындай студент тәрбиелегені үшін " Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" кафедрасына, кафедра жетекшісі Жұмабаева Әзия Елупанқызына,әсіресе студенттермен көп жұмыс жасап, тәжірибесін аянбай үйреткен ұлағатты ұстаз - практика жетекшісі Омарова Гүлнар Жолдасқызына алғысымыз шексіз.
Осы мақаланы пайдалана оытрып, ұрпақты ұлы мұраты жолында талмай еңбек ететін тағы бір маман тәрбиелегені үшін үлкен рақмет!
Алғысымызды айта отырып,Сізден өтініш: ата-аналардың сұрауымен 3-курс студенті Кеңес Гүлжанатты 2018-2019 оқу жылындағы өткізілетін өндірістік практикаға №181 Жалпы білім беретін мектепке қайта жіберуіңізді өтінеміз. Ата-аналар тарапынан жасалынған бұл ұсынысымыз жауапсыз қалмайды деген үміттеміз.
Жауап:
Құрметті Сапура Бүркітбекқызы! Ұстаздарымыздың еңбегін, студентіміздің қабілетін бағалап, жақсы пікір білдіргеніңіз үшін Сізге алғыс айтамыз.
Университетіміздің Педагогика және психология институты тарапынан «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының білім алушылары ағылшын тілі және информатика пәндері бойынша қосымша мамандандыру мақсатында білім беру нысандарына жіберіледі. 2018-2019 оқу жылында білім беру нысандарының оқу жоспарларына сәйкес «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенттерін өндірістік тәжірибеге жіберу кезінде Кеңес Гүлжанатты №181 жалпы білім беру мектебіне жіберу туралы өтінішіңізді міндетті түрде ескеретін боламыз.

01-03-2018 14-16-42

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Кенжебеков Есенгельды Ниетбекович Сұрақ № 99 Салеметсиз бе?Мен филология жане коптилди билим беру иниститутынын 1 курс студентимин.Шартты оку жуйесимен окып кта-дан 108 балл алдым.Алеуметтик жагдайыма байланысты маган женилдиктер карастыралама?Ата анам жумыссыз.
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сіздің жағдайыңызда жеңілдік мүмкіндігі ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін кешенді тестілеуді қайта тапсырушыларға байланысты қарастырылатын болады.

28-02-2018 18-32-42

Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 98 Сәлеметсіз бе Тахир мырза!менің балам Жги-да ағылшын бөлімінде 2 курста оқиды.бірақ 1курстан бері көріп келе жатқанымыз мұғалімдердің барлығы дерлік ағылшын тобындағы студенттерге төмен баға қойып,жазғы семестрге калдырып жатыр.осы жолы кыскы семестрде баламды жане онын тобының жартысынан көбін жазға қалдырды.тестті жақсы жаттап 3 қана сұрақтан қате бар екенін тексерді.бірақ аппеляцияға бере алмадық.баланың көз жасына қалып отыр ғой.тағы бір шағымым Унербаева Зульфия Оралбаевна менің жұмысымды істемесеңдер рубежкаларына жақсы балл қоймаймын деп боп салап жатыр.тек менің өзімнің жұмысымды жасаған студенттерге баллды жақсы коямын дейди.сабагын отпейди.тек жұмысын жасатады екен.дәлел бар.балалар ертен сессияны калай тапсырмақ.сонда біз не үшін шырылдап ақша жинап баламызды оқытып отырмыз ұстаздары осылай болса.ұстаз деуге де тілім бармайды.балама зияны тиеп кете ме деп коркам.себеби 4курска дейін озим берем депті.осы жағдайға көз жұма карамасаныз деймін.Нәтиже күтемін.Ертеңгі күнде сіздің тарапыңыздан нәтиже болмаса, ол кісіні сотқа беруге дейін барам!рахмет!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Сіздің Жаратылыстану және география институтының «5В011200-Химия» мамандығының оқытушыларына қатысты шағымыңыз қарастырылып, Зульфия Унербаевадан түсініктеме алынды. Аталған шағымдар бойынша тиісті тексеріс жұмыстары жүргізілді. Хатыңызда «1 курстан бері көріп келе жатқанымыз мұғалімдердің барлығы дерлік ағылшын тобындағы студенттерге төмен баға қойып, жазғы семестрге қалдырып жатыр.осы жолы кыскы семестрде баламды жане онын тобының жартысынан көбін жазға қалдырды» деп көрсетілген шағымыңыз бойынша тексеріс нәтижесінде анықталған мәліметтер: Топта оқитын 25 студенттің 5-уі ақылы бөлімде оқиды. Топтың 1 курстан бері оқу үлгерімдерін талдау барысында 1 курстағы сессиялар қорытындысы бойынша тек 1 студент, ал 2017-2018 оқу жылындағы қысқы сессия қорытындысы бойынша «Ақпараттық-коммуникациялық технология» пәнінен 3 студент тест тапсыра алмай, жазғы семестрге қалдырылғаны туралы мәлімет алынды.
Тестілеу кезінде кеткен қателіктерге келетін болсақ, директорат тарапынан студенттерге апелляция туралы толық мәлімет берілді. Апелляцияға өтініш тестілеу кезінде бірнеше мәрте тест тапсырмаларының сәйкессіздігі айғақтары немесе тестілеу нәтижелерін есептеудегі техникалық ақаулар орын алған жағдайдаларда беріледі. Тест қорытындысы бойынша шағымыңызға байланысты жоғарыда аталған жағдайларды ескеру қажет. Оқытушы Зульфия Унербаеваның білім беру талаптарын сақтамауына қатысты нақты дәлелдеріңіз болса, аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 15:00-17:00 аралығында қабылдауыма келсеңіз болады. Сұрағыңызға рахмет!

26-02-2018 15-11-32

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Сүгірбаев Әкежан Қайратұлы Сұрақ № 97 Салеметсиз бе құрметті Такир Оспанович! Мен биыл Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтын екі шет тілі мамандығы бойынша бітіремін! Менің сізден сұрайын дегенім сіздердің университеттеріңіз магистратураға бөлетін мақсатты (целевой) грант жайында болып отыр. Сіздер басқа жоғары оқу орнын бітірген студенттерге магистратура үшін мақсатты грантты бере аласыздар ма және осы грант түрі екі шет тілі мамандығы бойынша сіздердің жоғары оқу орындарыңызға жыл сайын білім және ғылым министрлігі тарапынан қанша грант бөлінеді? Алдын ала үлкен рахмет!
Жауап:
Құрметті Әкежан Қайратұлы! Абай атындағы ҚазҰПУ өз мамандықтарына сіздер үшін мақсатты грант сұрай алмайды. «6М011900-Шет тілі: екі шет тілі» мамандығына Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтынан мақсатты грантқа түскіңіз келетін болса, Білім және ғылым министрлігінен мақсатты грантқа орын бөлуді өзіңіз бітіргелі отырған жоғары оқу орны сұрауы қажет.
Университетімізге 2017-2018 оқу жылында «6М011900-Шет тілі: екі шет тілі» мамандағы бойынша 12 мемлекеттік грант бөлінген болатын,бірақ мақсатты грант болған жоқ.

25-02-2018 23-50-18

Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Абильхаирова Р. Р. Сұрақ № 96 Здравствуйте! Я заканчиваю бакалавриат по специальности "Информационные системы" могу ли поступить на второе высшее на специальность"Сурдопедагогика"? Подскажите сроки обучения, заочно или очно?
Жауап:
Здравствуйте! Для получения второго высшего образования Вы можете поступить на любую специальность. Обучение заочное, срок обучения - 2 года.

25-02-2018 14-00-51

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Студент Сұрақ № 95 Құрметті Ректор мырза, мен Педагогика және психология институтында 5В050300-Психология мамандығында оқимын. Бізге өткен аптада институт директоры мен орынбасарлары жиналыс өткізді. олардың айтуынша, 1 курс студентінің ата-анасы менің қызымды жұмсай береді деп арыз жазыпты. Бұрын блокта не жазылатынын білмейді екенмін. Содан соң бүгін кіріп оқып отырып таң қалдым. Егер ол кісіге ұнамаса өзі жеке өтініш айтуына болар еді ғой, неге бәріміздің атымыздан сөйлейді? Мысалы, менің ата-анам сабағыңды да оқы, қоғамдық жұмыстарға да қатыс, үлкендердің айтқанын орында, одан жаман болмайсың деп отырады. Өзім барлық болып жатқан қосымша жұмыстардан тыс қалмауға тырысамын. Бұл маған ұнайды. Өз жұмыстарына жұмсап жатқан да ешкім жоқ қой, тек түрлі концерт, жиналыс, спорттық жарыстарға алып барады. Оның несі жаман? Қатысқысы келмесе ашық айтуына болады ғой арыз жазып шулатпай. Сабақты да оқимыз, коғамдық жұмыстарға да қатысамыз, студенттік өмір осынысымен қызық емес пе?
Жауап:
Құрметті студент! Пікіріңіз үшін рахмет! Оқу үдерісімен қатар университеттің қоғамдық-мәдени өміріне белсене араласып, жоғары жетістіктерге жетіп жүрген білім алушыларды әрқашан қолдаймыз.

23-02-2018 16-52-42

Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 94 Сәлеметсіз бе,ректор мырза! Сіз басшылыққа келгелі оң өзгерістер болып жатқаны белгілі.Жатақханаға келіп студенттер жағдайын біліп тұрғаныңыздың өзі бір қуаныш. Сол дәстүрден адаспаспыз деп үміттенемін. Менің 1 мәселем, 1 ұсынысым бар. Менің мәселем ғана емес, жалпы барлық студенттерге ортақ мәселе.
1.Интернет желісі "КАЗНПУ" деп "уайфай" шығып тұрғанынан не пайда, ешқашан жасамайды. Жатақханада да сол жағдай интернеттің аты бар да, заты жоқ. Студенттер игілігіне қолданбаса ол интернеттің неғып тұрғанын түсінбедім. Бүкіл университетке, жатақханаға ғаламторды қолжетімді ету қиын мәселе емес деп ойлаймын. Ғаламтор ылғи керек нәрсе екені анық. Осы мәселе тезірек шешілер деп үміттенемін.
2. Университте тіл үйірмесі ашылса, нақтылап айтқанда ағылшын тілі үйірмесі. Ағылшынсыз қайда бармақпыз? Менің ағылшын курсына баруға қаржылық жағдайым жетпейді.Егер ағылшын тілі үйірмесі ашылар болса, студенттер шексіз риза болушы еді деген ойдамын. Ойымды жақсы жағынан түсініңіз. Жалпы көптеген қызықты үйірмелер қатары көбейсе біз тек қуанамыз. Қолөнер, домбыра деген сияқты үйірмелер ашылса да біз шексіз қуанамыз.
Одан кейінгі айтарым, жастарға арналған көптеген қызықты шаралар ұйымдастырылып, студенттік өміріміз білім мен қызықтарға толы болса ғой деп тілеймін.
Жұмысыңыз жемісті болғай! Осы бетіңіізден таймай, жемісті жұмыстар жасай беріңіз!
Жауап:
Құрметті студент! Ағымдағы жылда Университетіміздің барлық жатақханаларында, кітапханалар мен оқу ғимараттардың фойесінде жоғары жылдамдықтағы Wi-Fi желісін орнату жоспарланған. Қазіргі уақытта Wi-Fi желісін күшейту мен Wi-Fi зоналарын кеңейту жұмыстары мемлекеттік сатып алу ережелеріне сәйкес жүргізіліп жатыр. Сұрағыңызда көрсетілген ұсыныстарыңыз міндетті түрде қарастырылатын болады.
Барлығы: 3791