Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті РЕКТОР БЛОГЫ |
![]() |
Казахский национальный педагогический университет имени Абая БЛОГ РЕКТОРА |
||
ҚАЗ РУС ENG |
Ректордың блогына қош келдіңіз!
Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.
Сәлеметсіз бе! Биыл Университетіміздің қызметін автоматтандыру және оқу үдерісін тиімді басқару мақсатында «UNIVER» жүйесі іске қосылды. Биылғы бітіруші студенттерге диплом және оның қосымшасы орталықтандырылған «UNIVER» жүйесі арқылы берілетін болады. Диплом қосымшаларымен қамтамасыз ету жұмыстарына институт директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары жауапты.
Жоғалған диплом мен қосымшаларын беру үшін алдымен тіркеу бөлімінде жасалынған транскрипт директорат қызметкерлеріне қосымшаны жасау үшін беріледі, ал дипломды студенттік офис қызметкерлері толтырады. Сұрағыңыз бойынша толық ақпаратты Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінен алуыңызға болады. Байланыс телефондары: 8 (727) 291-13-71, 291-71-06.
Сәлеметсіз бе! Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректордың хатшысы Әсел Исатаеваға қатысты «жемқорлықпен айналысты» делінген шағымыңыз бойынша нақты дәлелдеріңізбен бірінші проректор Бектемесов Мақтағали Әбдімәжитұлына жолығуыңызға болады.
Шағымыңызға қатысты анықталған мәліметтер: Әсел Исатаева «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығында Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің мақсатты мемлекеттік гранты негізінде, үш жақты келісім шарт бойынша білім алуда. Университетте жатақхана білім алушы студенттерге, магистранттарға және алыс аймақтан келген докторанттарға берілетіндігін және Әсел Исатаеваның отбасылық жағдайын ескере отырып, жатақханадан орын берілген. Білім алушыдан өз тарапынан ережеге сай жатақханаға қажетті төлем ақысын төлегендігі туралы құжаты алынды.
Қызметкердің дөрекі сөйлеуіне қатысты шағымыңыз бойынша түсініктеме алынып, басшылық тарапынан ескерту жасалды.
Сіз көтеріп отырған мәселелер қарастырылып, қабылданған шешімнің нәтижесіне байланысты тиісті шаралар қолданылатын болады.
Құрметті талапкер! Біз «Абай сыйы» олимпиадасының өтетіні туралы барлық облыстық Білім басқармалары мен аудандық білім бөлімдеріне хат жіберген болатынбыз. Егер мектеп директорының атына қатынас хат керек болса, олимпиадаға келетін оқушылардың және мектеп директорының аты-жөні, мектептің толық атауы мен ауданы (облысы) көрсетілген мәліметтерді жіберулеріңіз қажет. Олимпиадаға қатысты сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 8(727)291-57-68, 291-73-71, 291-87-80.
Құрметті талапкер! 2017-2018 оқу жылында «Дефектология» мамандығы бойынша оқу ақысы 506 мың теңге болды. Ал 2018-2019 оқу жылына оқу ақысы әлі бекітілген жоқ. Бұл сұрақтың нақты жауабы мамыр айының соңына қарай белгілі болады.
Сәлеметсіз бе! Химия пәні бойынша олимпиада қорытындысы «Абай сыйы» сайтында жарияланған. Олимпиада пәндерінің тестілеу нәтижелерін көрсетілген сілтеме арқылы қарай аласыз: http://olymp.kaznpu.kz/kz/result2018/
Уважаемая Майя Николаевна! Спасибо за обращение. Мы обязательно рассмотрим Вашу просьбу о направлении выпускников нашего университета, обучающихся по указанным Вами специальностям, для трудоустройства в Вашу школу. Сотрудники Центра карьеры КазНПУ им. Абая свяжутся с Вами в ближайшее время.
Құрметті талапкер! Білім гранты тек ҚР Үкіметі тарапынан беріледі. Егер Сіз грантқа түсе алмай қалсаңыз, біздің университет тарапынан ақылы негізде білім алушыларға төмендегідей жеңілдік түрлері қарастырылған:
1. «Алтын Белгі» жеңілдігі. Бұл жеңілдік күндізгі оқу бөлімінің бірінші курсына (бакалавриат) түскен «Алтын белгі» иегерлеріне беріледі. Талапкер ақылы бөлімге түскен жағдайда, бір академиялық мерзімдегі оқу ақысына 100 % жеңілдік беріледі. Ары қарай, студент аталмыш жеңілдік түрін сақтап қалу үшін «үздік» оқуы тиіс және GPA 3,67 балдан төмен болмауы қажет;
2. «Озат» жеңілдігі. Бұл жеңілдік түрі күндізгі оқу бөлімінің бірінші курсына (бакалавриат) түскен «Үздік» аттестат/диплом иегерлеріне беріледі. Жеңілдік бір жылдық оқу ақысының 20% құрайды.
3. «Отбасылық» (бір отбасының балаларына) жеңілдігі. Жеңілдіктің бұл түрі оқуға түсуші талапкерлер бір отбасынан шыққан балалар болған жағдайда (ағалы-қарындас, әпке, сіңілі, күйеуі, әйелі) оқу жылының төлемақысынан әрбір студентке 10% жеңілдік беріледі. Ата-анаға көмек ретінде қарастырылған жеңілдік барлық оқу кезеңіне және әрбір студентке жеке қарастырылады;
4. Колледж бітірушілеріне арналған жеңілдік. Педагогикалық мамандыққа келіп оқуын жалғастырған барлық педагогикалық колледж түлектерінің жылдық оқу ақысына 30% жеңілдік беріледі.
5. «Белсенді студент» жеңілдігі. Жеңілдік барлық білім алушыларға университетке өзімен бірге алып келген білім алушы санына байланысты беріледі:
– 5 талапкер алып келген жағдайда жылдық оқу ақысына 10% жеңілдік;
– 10 талапкер алып келген жағдайда жылдық оқу ақысына 20% жеңілдік;
– 15 талапкер алып келген жағдайда жылдық оқу ақысына 30% жеңілдік.
6. «Абай сыйы» пәндік олимпиадасының жеңімпаздары мен қатысушыларына олимпиада ережесіне сәйкес жеңілдік беріледі.
7. «Жетістіктер» жеңілдігі. Халықаралық, республикалық олимпиадалар мен жарыстар жеңімпаздарының жылдық оқу ақысына 50% жеңілдік беріледі. Жеңілдік бір оқу жылына беріледі. Халықаралық, республикалық олимпиада мен жарыстарда Қазақстан Республикасының және Абай атындағы ҚазҰПУ беделін көтеріп, жүлделі орынға ие болған студенттерге жеңілдік келесі жылдары да жалғасатын болады.
Уважаемый абитуриент! В соответствии с пунктом 17 статьи 47 Закона «Об образовании» предусматривается обязанность обучающихся отработать регламентированное законом время в соответствующих профилю подготовки организациях. Граждане, обучающиеся по педагогическим и медицинским специальностям на основе государственного образовательного заказа, обязаны отработать в государственных организациях образования и здравоохранения. Срок отработки составляет не менее 3 трех лет после завершения обучения. Согласно пункту 17-4 статьи 47 Закона «Об образовании» за неисполнение обязанности по отработке молодой специалист обязан возместить расходы бюджетных средств, затраченных на его обучение.
Уважаемый студент, умения и практические навыки студента оцениваются преподавателем в течение 15 недель и по окончании семестра выставляется два рубежных контроля, в совокупности составляющих 60% итоговой оценки. Остальные 40% направлены на выявление уровня усвоения теоретического материала, что позволяет сдавать экзамены в тестовой форме.
Здравствуйте! По результатам рассмотрения Вашего обращения сообщаем:
1. На данный момент заправка картриджей не производится ввиду выхода из строя заправочной станции. Идут ремонтные работы по возобновлению ее работы, ориентировочный срок запуска - 15 апреля текущего года. В дальнейшем работу по заправке картриджей и ремонту оргтехники планируется передать аутсорсинговой компании, готовятся конкурсные документы для открытого тендера через портал госзакупа.
2. Ремонт компьютеров моложе 2011 года не производится из-за отсутствия комплектующих (блоков питания, кулеров, линеек памяти, жестких дисков). Отдел госзакупок не принимает заявки на покупку данных комплектующих.
3. Установка программ осуществляется за день до начала той или иной дисциплины. Установка пиратских версий невозможна.
Сәлеметсіз бе! Университет қызметкерлері тарапынан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Шешілмеген сұрақтарыңыз бойынша аптаның бейсенбі күні сағат 15:00-17:00 дейін қабылдауыма келсеңіз болады. Сұрағыңызға рахмет!
Уважаемый выпускник! Благодарю Вас за высокую оценку виртуального тура по нашему университету.
Что касается работы музея, то для посетителей он открыт в будние дни с 9:00 до 17:00.
Құрметті Аружан! Талапкерлеріміз үшін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің есігі әрдайым ашық. Қазіргі уақытта бөлінетін мемлекеттік білім беру тапсырысын нақты айту қиын, бірақ биыл еліміздің жоғары оқу орындарына бөлінетін грант сандары артады. Мемлекеттік гранттар саны туралы ақпарат шілде айында Университетіміздің ресми сайтында (http://www.kaznpu.kz) жарияланатын болады.
Құрметті студент! Бірінші сұрағыңыз бойынша университеттің академиялық ұтқырлық бағдарламасымен өзге мемлекеттердің университеттерінде белгілі бір семестр көлемінде университет тарапынан оқуға мүмкіндігіңіз бар. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы туралы толығырақ университетіміздің академиялық ұтқырлық секторынан (тел.: 291-12-45), институт басшылығынан, университет сайтынан біле аласыз. Сондай-ақ, университетімізбен келісім-шарт жасасқан, әрі сіздің мамандығыңызды оқытатын ЖОО-на университет тарапынан белгілі бір семестр көлемінде оқуға жолдама алуыңыз үшін шет тілінен емтихан тапсырасыз. Егер ақылы бөлімде оқи отырып, өзге ЖОО-на академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша жолдама алсаңыз, өзге мемлекетте (ЖОО-да) оқығаныңызға қарамастан университетке төлейтін оқу төлемақысын толық төлеуге міндетті екендігіңізді ескертеміз.
Екінші сұрағыңыз бойынша білім беру бағдарламасына сәйкес аталмыш пәннің пререквизиттері де оқытылатындығын ескертеміз. Университет оқытушылары туралы пікіріңіз үшін рахмет!!!
Құрметті ата-ана! Сіздің шағымыңыз бойынша Математика, физика және информатика институты қызметкерлеріне басшылық тарапынан ескерту жасалды. Қазіргі уақытта аталған фактілерді жою және университетіміздің профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру мақсатында конкурс және аттестациялау жұмыстары жүргізілуде. Аттестациялау кезінде шағымыңыз ескерілетін болады.
Құрметті студент! Ұсыныс білдіргеніңізге рахмет! Әрбір сабақтың оқу кредиті санына қатысты тест сұрақтары ҚР Білім және ғылым министрлігінің Оқу үрдісін кредиттік технология бойынша ұйымдастыру туралы Ережелеріне сәйкес дайындалады. Сессия кезінде емтихан тапсырылатын пәндердің жазбаша, ауызша немесе тест түрінде қабылдануы туралы Университеттің ректорат немесе Ғылыми кеңес отырысында жан-жақты қаралып, тиісті шешім қабылданады.
Сәлеметсіз бе! Сіздің шағымыңыз міндетті түрде қарастырылатын болады.
Құрметті студент! Емтихан кезінде қателіктерге бой алдырмау үшін өте мұқият болу керек. Сұрағыңызға келетін болсақ, 1 пәнннің кредит сомасы - 10500 теңге.
Уважаемый студент! Количество тестовых вопросов зависит от количества кредитов изучаемых вами предметов. Хотел бы отметить, что не все предметы сдаются в тестовой форме, есть также письменные и устные экзамены.
Со следующего учебного года мы планируем сократить количество экзаменов в сессионный период.
Құрметті студент! Пікіріңізге рахмет! Ұсынысыңызды міндетті түрде ескеретін боламыз.
Маусым, 2023 | 5 |
Мамыр, 2023 | 41 |
Сәуір, 2023 | 49 |
Наурыз, 2023 | 22 |
Ақпан, 2023 | 42 |
Қаңтар, 2023 | 68 |
Желтоқсан, 2022 | 55 |
Қараша, 2022 | 50 |
Қазан, 2022 | 62 |
Қыркүйек, 2022 | 52 |
Тамыз, 2022 | 33 |
Шілде, 2022 | 32 |
Маусым, 2022 | 49 |
Мамыр, 2022 | 139 |
Сәуір, 2022 | 64 |
Наурыз, 2022 | 45 |
Ақпан, 2022 | 46 |
Қаңтар, 2022 | 57 |
Желтоқсан, 2021 | 29 |
Қараша, 2021 | 43 |
Қазан, 2021 | 70 |
Қыркүйек, 2021 | 75 |
Тамыз, 2021 | 109 |
Шілде, 2021 | 79 |
Маусым, 2021 | 62 |
Мамыр, 2021 | 69 |
Сәуір, 2021 | 74 |
Наурыз, 2021 | 47 |
Ақпан, 2021 | 42 |
Қаңтар, 2021 | 68 |
Желтоқсан, 2020 | 61 |
Қараша, 2020 | 62 |
Қазан, 2020 | 42 |
Қыркүйек, 2020 | 48 |
Тамыз, 2020 | 57 |
Шілде, 2020 | 81 |
Маусым, 2020 | 88 |
Мамыр, 2020 | 65 |
Сәуір, 2020 | 86 |
Наурыз, 2020 | 57 |
Ақпан, 2020 | 37 |
Қаңтар, 2020 | 28 |
Желтоқсан, 2019 | 47 |
Қараша, 2019 | 72 |
Қазан, 2019 | 70 |
Қыркүйек, 2019 | 61 |
Тамыз, 2019 | 88 |
Шілде, 2019 | 47 |
Маусым, 2019 | 71 |
Мамыр, 2019 | 54 |
Сәуір, 2019 | 70 |
Наурыз, 2019 | 51 |
Ақпан, 2019 | 45 |
Қаңтар, 2019 | 75 |
Желтоқсан, 2018 | 87 |
Қараша, 2018 | 51 |
Қазан, 2018 | 54 |
Қыркүйек, 2018 | 77 |
Тамыз, 2018 | 105 |
Шілде, 2018 | 46 |
Маусым, 2018 | 43 |
Мамыр, 2018 | 45 |
Сәуір, 2018 | 36 |
Наурыз, 2018 | 30 |
Ақпан, 2018 | 28 |
Қаңтар, 2018 | 17 |
Желтоқсан, 2017 | 17 |
Қараша, 2017 | 12 |
Қазан, 2017 | 2 |