Абай атындағы Қазақ Ұлттық
Педагогикалық Университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский Национальный Педагогический
Университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Добро пожаловать в блог ректора!

Уважаемый посетитель!

 

Буду рад обсудить ваши вопросы, касающиеся деятельности Казахского национального педагогического университета имени Абая.

У вас есть возможность оставлять свои комментарии, задавать вопросы, вносить предложения.

 

С уважением, доктор педагогических наук, профессор Такир Балыкбаев

 e-mailrector_blog@kaznpu.kz 

 

 
Прием у ректора по личным вопросам осуществляется во вторник и четверг - с 15.00 до 17.00.
  • Вопросы-ответы
  • Задать вопрос
  • Статистика
02-10-2019 22-54-49   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1538
Сәлеметсізбе Такир Оспанович мен сіздердің универлеріңізге ауысқым келеді қазіргі таңда 1курс студентімін.Және ішкі гранттар бөлінген бе сіздерде Жауап берсеңіз күтемін
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде білім алғыңыз келсе, Сіз үшін әрдайым есігіміз ашық.

Университетіміздің барлық мамандықтарына мемлекет тарапынан гранттар бөлінген. Сондай-ақ, білім алушыларымызға университет тарапынан 100%-ға дейін бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Оқу орнымызға ауысу талаптары бойынша толық ақпаратты Академиялық мәселелер жөніндегі департаментіне келіп немесе 8 (727) 291-13-71, 291-71-06 телефон нөмерлері арқылы алсаңыз болады. Рахмет!

30-09-2019 16-52-28   От родителей

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1536
Құрметті Такир Оспанови!Сіздерде онай карточкасы неге дайын емес? Оқу басталғалы 1 ай өтті.Онайға звандасақ баламыздың картасы әлі мектеп күйінде тұр дейді.Деканат әлі жібермеген.Сосын читательская книжка берілмеді.Бітіп қалған депті.
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Оңай және ID карталарын «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының қызметкерлерінен алуыңызға болады. Тел.: 8(727) 291-37-54. Рахмет!

29-09-2019 22-24-26   От абитуриента

Автор вопроса: Шакирова Садина Акимбекқызы

Вопрос № 1535
Құрметті,Тахир Оспанұлы!Сіз келгелі университетіміздің мерейі асып,үстем болып келеді.Осының бір дәлелі биылғы жылғы-жасыл ел,студенттік құрылыс жасағы!Осы жасақта жұмыс жасағанымыз үшін ризамыз)Биыл жатақханаға орналасуымыздың да себепшісі.Осы жұмыстарды ұйымдастырып,басы-қасында жүрген тәрбие департаментіне де алғысымыз шексіз!
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті қызметкерлеріне жолдаған алғысыңыз үшін рахмет!

28-09-2019 21-32-34   Другие

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1533
Сәлеметсіз бе! Мен 2-ші семестрде сіздерге ауысқалы жатырмын.Менде 3-ші топ мүгедектігі бар ауысқан жағдайда қандай жеңілдіктер бар? және жақсы үлгерімде оқыған жағдайда грантқа ауысуға мүмкіндік бар ма?
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Оқу орнымызда білім алғыңыз келсе, Сіз үшін әрдайым есігіміз ашық.

Білім алушыларға университет тарапынан 100%-ға дейін жеңілдіктер (http://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/Skidka_kaz_2019_page-0001.pdf) қарастырылған. Оқу үлгерімін «өте жақсы» көрсеткішпен аяқтаған білім алушылар мемлекеттік бос грант орындарына ауыстырылады.

Сұрағыңызға байланысты қосымша ақпаратты Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті қызметкерлерінен алсаңыз болады. Тел.: 8 (727) 291-13-71, 291-71-06. Рахмет!

28-09-2019 11-46-05   Другие

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1532
Жеке меншік университеттен мемелекеттік университтетке ауысуға болама.Толық мәлімет берсеңіз.
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысу туралы толық ақпаратты Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті қызметкерлерінен алсаңыз болады. Тел.: 8 (727) 291-13-71, 291-71-06. Рахмет!

27-09-2019 15-03-47   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1531
Құрметті Тахир Оспанұлы біз 3 курс 5в010700 Бейнелеу өнерінің қазақ бөлімінің студенттеріміз.Сізге өтініш жазу себеміміз Өнер және мәдениет институтына қарасты #1 жатаханаға орналасуға мүмкіндік болмағандықтан ,пәтер жалдап немесе жұмыс орныныда қонуға,түнеуге мәжбүрміз.Бірнеше рет Институтымыздың басшыларына (тәрбие басқармасы , жастар комитеті) осы мәселемен жолықтық,сөйлестік.Бірақ бүгінгі күнге дейін мәселеміз шешілген жоқ! Осы проблемамызды шешіп ,бір жақты қылуыңызды сұраймыз.
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Қазіргі уақытта университетіміздің 3-4 курс оқитын әлеуметтік жағдайы төмен (толық жетім, көпбалалы отбасынан шыққан, мүмкіндігі шектеулі) студенттеріне ғана жатақхана қарастырылды. Оқу орнымыздың барлық студенттерін жатақханамен қамтамасыз ету мүмкін емес. Жатақхана мәселесін түбегейлі шешу уақыт пен қаражатты талап етеді, сондықтан бұл мәселеге түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.Рахмет!

26-09-2019 23-57-31   От студента

Автор вопроса: Серикова Рамина Дауреновна

Вопрос № 1529
Здравствуйте,уважаемый Такир Оспанович!Я студентка 3 курса специальности Биология (образование с английским языком обучения) Серикова Рамина. Хотела бы отметить ваш неоценимый вклад в развитие платформы английского языка в нашем университете. Учитывая все средства, и объем работы,который проводится на данный момент со стороны университета мы понимаем, сколько труда в нас вкладывают.В связи с этим, от имени всей группы выражаем искреннюю благодарность за все предоставленные возможности. С каждым годом качество преподавания на английском языке улучшается, что очень радует, спасибо , что учитываете все пожелания и стараетесь всегда отслеживать работу как преподавателей, так и студентов.Имея доступ непосредственно к носителям языка,мы способны без каких-либо затрат на дополнительные курсы сдавать все необходимые нам зарубежные экзамены для дальнейших целей.Таким образом, на своем примере я смогла сдать один из таких экзаменов, не прибегая к подготовке вне университета и это дало мне шанс выиграть грант на обучение в следующем семестре в университете Цукубы, чему я несказанно рада.Также,выражаю благодарность нашему департаменту академической мобильности за организацию TOEFL и проведение сотрудниками консультаций,их открытость и помощь. Помимо этого, хотела бы отметить высокий уровень организации международных конференций,именно конференции,прошедшей в марте прошлого учебного года, это мотивирует стараться участвовать в них и показывать лучшие результаты, набирая ценный опыт.В целом,КазНПУ дает возможность всесторонне развиваться всем желающим и открывает способности студентов, благодаря отзывчивости преподавателей, и это все кропотливый труд каждого работника университета. Хочу выделить работу администрации, преподавателей и директора института ЕГИ Куляш Дуйсенбаевной, как пример людей, относящихся к своей работе с любовью и искренностью.Надеюсь, что в будущем мы оправдаем весь этот труд и будем достойно представлять наш университет, как лидирующие педагоги нашей страны. Спасибо!
Ответ:

Здравствуйте, Рамина!

Благодарим Вас за приятный отзыв о работе нашего университета и его отдельных сотрудников. Желаем дальнейших успехов в реализации Вашей мечты. 

26-09-2019 21-07-36   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1528
Мен 2курс студенты боламын. Мен сызге жатахана жонынде жазып турмын. Коп балалы отбасынан щыкканмын. Анам жумыссыз. Квартирада турып жатырмын осы аптада босатуым керек. Комектесуынызды отынемын. Баратын туыстарым жок. Квартирада туруга жагдайым келмейды
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Өтінішіңізді және әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды алып, институт директорына немесе «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының директоры Тимур Абдрашұлы Сейлхановқа  жолығуыңызды сұраймыз. Тел.: 8 (727) 291-64-97. Рахмет!

24-09-2019 22-32-14   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1525
Құрметті Такир Оспанұлы!Біз Филология және көптілді білім беру институтының студенттеріміз.
Сизге айтарымыз бар және айтқанымызға құлақ асады деген сенімдеміз. Мемлекеттік практикага бару және мектептерге бөлініп қойған бұйрық шықса да коптеген студенттер Мансап орталығының басшысы Рақымберді ағай және филология институтындағы практикага жауапты оқытушылармен келісіп таңдаған мектептеріне қалай болса солай кетіп жатыр.Биз еки үш пересадкамен практикага баратын мектебіміз қашық биздинде тұратын жерімізге жақын мектепке барғымыз келеді.Бирак биздин акша беретин жағдайымыз жоқ. Былтыр да бираз студенттер акша беріп рұқсат алып практиканы ауылдарында өтіп келгенін естигенбіз. Приказда кай мектепте тұр сол мектепке бару керек деп ойлаймыз барлығымыздын құқығымыз бірдей. Осыған бир шара қолдансаныз
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Сұрағыңызда көрсетілген мәселе бойынша «Мансап» орталығынан биылғы іс-тәжірибеде отбасы мәселесіне байланысты 2 студент ауылына жіберілгені  туралы ақпарат алынды. Студенттерді мектептерге бөлу жұмысын әр кафедра өзі жүргізеді. Сондықтан іс-тәжірбиеден өту орындарын келісіп таңдау үшін ақша талап еткен тұлғаның аты-жөнін көрсетуіңізді сұраймыз. Шағымыңыз бойынша қабылдауыма жазылсаңыз болады. Рахмет!

24-09-2019 16-33-05   От родителей

Автор вопроса: Куанышбаева Мадина Аблаевна

Вопрос № 1524
Здравствуйте, уважаемый ректор! Я являюсь многодетной матерью. В Вашем ВУЗе учится моя старшая дочь. Кроме нее в семье три школьника. Может ли моя дочь получить скидку в оплате за обучение? Что для этого надо сделать? В данный момент мы оплачиваем 100 процентов стоимости обучения.Дочь учится отлично. Буду очень благодарна за ответ!
Ответ:

Здравствуйте, Мадина Аблаевна!

Да, определенную скидку Вы получить можете. Для определения ее размера  Вам  необходимо сдать документы в директорат вуза.

24-09-2019 14-20-35   От студента

Автор вопроса: Абай Раушан Әзімханқыз

Вопрос № 1523
Сәлеметсіз бе,Құрметті Тахир Оспанұлы! Мен 2011-2015 жж 5В012200-Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті 4 курс,күндізгі бөлімінен Абай Раушан!2015 жылы 1-ші мамырынан университетпен байланыс үзгендігім үшін оқудан шығарылдым! Қазір Диплом алуым үшін не істеуім керек! Гранттан,ақылы бөлімге ауысатыным хақ! Енді неше ақша төлеуім керек?! Қайда барамын,кімнен ақпарат ала аламын! Және дипломымды бірден ала аламын ба? Әлде тағы 1 курстан бастап оқуым қажет па?
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Сұрағыңыз бойынша толық ақпаратты Академиялық мәселелер жөніндегі департаментіне келіп немесе 8 (727) 291-13-71, 291-71-06 телефон нөмерлері арқылы алсаңыз болады. Рахмет!

24-09-2019 12-42-17   От абитуриента

Автор вопроса: Саттибаева Айсулу

Вопрос № 1522
Сәлеметсіз бе? Менин кайын синилим сиз басшылык ететин оку орнында 4 курс окиды.ози 3-топтагы мүгедек.бирак жатақханадан бөлме ала алмай жүр.Мумкиндиги шектеули студенттерге неге жағдай жасалмайды?
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Жатақханаға орналасу үшін әлеуметтік жағдайын растайтын құжаттарын және өтінішін алып,институт директорына немесе «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының директоры Тимур Абдрашұлы Сейлхановқа жолығуы қажет. Тел.: 291-64-97. Рахмет!

23-09-2019 10-24-53   От студента

Автор вопроса: Нурымов Ермек

Вопрос № 1520
Құрметті Тахир Оспанұлы!
Қара шаңырағымыз еліміздің беделді университеттің бірі. Бірақ соған бір нәрсе жетіспей тұр. Әлем 5G интернет саласына көшіп кеткеніне біраз жыл болды. Бізде соған енді келіп жатырмыз. Айтайын деген бір мәселем: Университет қабырғасына толығымен интернет жүйесімен жабыдықтау керек. Ол қалай болады. Қазір IT - деген бір маман бар. Барлық оқу корпусы Wi-Fi мен жабыдқталса арнайы IT-кабинетте студенттерге интернет қосып беретін жер болса дұрыс. Студенттерге бір бөлек, Ұстаздарға бір бөлек қосылу атаулары болуы керек. Студент еркін түрде білім алып, еш кедергісіз кез келген жерде ноутбугын ашып дайындала берсе білім сапасының артатынына сенім білдіремін.
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Биыл университеттің оқу ғимараттарын Wi-Fi сымсыз желісімен қамту мақсатында 120 құрылғылар сатып алынды. Қазіргі уақытта орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Студенттерге және университет персоналының жеке атаулары бойынша ұсыныстарыңызды қарастырамыз.  Рахмет!

23-09-2019 10-13-26   От студента

Автор вопроса: Нурымов Ермек

Вопрос № 1519
Құрметті Тахир Оспанұлы!
Сіздің Университет қабырғасына келеглі бері білім ордасын қан жүріп біраз өзгерістер мен жаңартулар енгізілуде. Бірақ, мына нәрсеге де мән беруіңізді сұраймын. Мен осы жылы докторантураға оқуға қабылдандым.
Осы қара шаңыраққа ең алғаш 2003 жылы аяқ басып, білім нәрімен сусындап шықтым. Сол жылдары оқыған кезеңдегі кітапхана жүйесі сол қалыпында 17 жыл өтседе әлі күнге дейін өзгеріс таппай межелеп тұрғаны қынжылтады. Нақты атап айтсам бас корпус кітапханасы және 7 қабатты корпус кітапханасы. Батыста "Болашақ"бағдарламасымен білім алып сол жердің тәжірбиесін көріп, біздің де қара шаңырағымыз 100% соған лайықты деп есептеймін.
Нені өзгерту керек:
- Кітап базасын (жаңа кітаптарға толтыру) біздегі кітаптар бұрынғыдан қалғандар, қазір заман күнделікті дамуда
- Кітапхана аудиториясын кеңейту әрі ашық ету
- Кітапхананы компьютермен қамтамасыз ету
- Кітапханада түрлі акциялар өткізіп тұру (мысалы: bookcrosing жобасы) және тағы басқа
- Кітапханаға психологиялық мотивациялық кітаптарын қол жетімді ету
- Кітапханада кітап беру жүйесін өзгерту.
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Ғылыми кітапхана Физика, математика және информатика институтының ғимаратында орналасқан, ал №7 оқу ғимараты мен бас оқу ғимаратында оқу залдары және шағын филиал орналасқан. Ол жерлердің аумағы шағын болғандықтан, кітаптар шамалап қана бөлінеді. Негізгі кітап қоры орталық кітапханада жинақталған (Төлеби 86, 2-қабат). Онда 2000 000 жуық кітап бар. Жылына орта есеппен 50 мыңға жуық жаңа кітап түседі.

Қазіргі таңда орталық кітапхана толық жөндеуден өтті. Оқу залында барлық электронды оқу-әдебиеттерге қолжетімді,  студенттер жеке логині арқылы керекті әдебиетін қарай алады. Кітапхана сайтында 10-нан астам толық мәтінді базалар, 100 мыңнан аса ресурстар бар. Толық ақпаратты кітапхана сайтынан (Lidrari kaznpu.kz) көруіңізге болады. Жоспар бойынша барлық оқу залдарына компьютерлер қойылады. Кітапхана жұмысына қатысты сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңыз болса, Ғылыми кітапхана директоры Нүргүл Жайлауқызы Имансыдықовамен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.:  8 (727) 261-22-43, 272-81-97. Ұсынысыңыз үшін рахмет!

22-09-2019 21-28-31   Другие

Автор вопроса: Родители ребенка

Вопрос № 1518
Здравствуйте, Такир Оспанович! Хотим выразить благодарность студенческо-волонтерскому клубу «Мейірім», под руководством очень доброго и отзывчивого человека -проф. Ширинбаевой Г.К., за оказанную помощь в сборе средств на лечение нашей маленькой дочери Айару, за границей. В организованной акции, в мае 2019 года, приняли активное участие огромное количество студентов , профессорско-преподавательский состав, администрация университета, а также просто добрые люди. На собранные средства были приобретены авиабилеты, остаток мы прибавили к сумме оплаты лечения. Огромное Всем спасибо! Уважаемый, Такир Оспанович! От всей души благодарим Вас за поддержку и помощь! Ниже имена всех студентов, принимавших непосредственное участие в организации и проведении акции: Аманжолова Диана (рук. клуба«Мейірім» 4 курс), Абу Инабат, Әнуарбек Айжұлдыз, Тоқтасын Ақпейіл, Еркебаева Акерке, Кудайбергенова Айзада, Халмахан Айнұр, Тілекова Динара, Тансық Ұлболсын, Орынбек Назира, Аманжанова Гүлвира, Құдайберген Жансая, Әлімбек Салтанат, Медетова Лаура, Жұмабек Дінмұхаммед, Құдайберген Ұлжан, Сейткерім Айжан, Сейтқазы Ажар, Утегенова Айнура 1 курс, Кәдірбек Динара, Зұлпан Айсұлу, Тилешова Мадина, Әшімхан Ақерке 3 курс, спец. «Соц. педагогика и самопознание», Бейсембиева Аида 1 курс, спец «Психология», Алдибекова Жанеля 1 курс, спец. «Дошкольное образов. и соц. педагогика», Байғоңырова Аяулым, Сайлаубекова Сымбат, Қылышбайқызы Жанила 1 курс, спец. «Дефектология».
Ответ:

Здравствуйте!

Спасибо за добрые слова. Мы всегда готовы поддержать и помочь детям. Обязательно передам коллективу и обучающимся Вашу искреннюю благодарность.

21-09-2019 11-45-51   Другие

Автор вопроса: Несипбаева Индира Ерсинбаевна

Вопрос № 1516
Сәлеметсізбе! Мен Несипбаева Индира Ерсинбаевна 2008 жылы География және биология факультетін осы университеттен бітіргенмін. Дипломның приложениесін жоғалтып алуыма байланысты Сіздерден қайтадан көшірмесін алуыма болады ма?Факс арқылы жібере аласыздар ма? Рахмет!
Ответ:

Құрметті Индира Ерсінбайқызы!

Тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш беруіңіз қажет. Өтінішіңіз қарастырылып, 30 күннің ішінде университеттің Құжатпен қамтамасыз ету және бақылау бөлімі арқылы дипломдық қосымшаңыз берілетін болады. Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Тел.: 8 (727) 291-64-97. Рахмет!
 

20-09-2019 13-52-39   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1515
Құрметті Тахир Оспанұлы! Өзім 2 курс студентімін. Менің сұрайын дегенім осы ҚазҰПУ дан ЖенПу га ауыскан жағдайда грант сақталады ма? Толығырақ жауап берсеңіз. Алдын ала рахмет.
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Егер студентке білім беру гранты университет квотасы негізінде берілген болса, грант сақталынбайды.Мемлекеттік грант республикалық конкурс нәтижесінде берілген болса, грант сақталады.

19-09-2019 22-28-29   От студента

Автор вопроса: Өтеш Диана Сапарғалиқызы

Вопрос № 1514
Сәлеметсіз бе Тахир Оспанұлы. Мен Өтеш Диана Сапарғалиқызы филология және көптілді білім беру институты екі шет тілі мамандығының 2 курс студентімін. Мен жатақхана бойынша өтініш білдірмекпін. Қазіргі уақыттағы жағдайыма байланысты жатақханамен қамтамасыз етуіңізді өтініп сұраймын.Анам үшінші топтағы мүгедек. Қаржы жағынан қиналып жүрміз. Қазіргі кезде пәтер жалдап тұрудамын.Бірақ пәтер ақысын төлей алмай жүрмін. Сізден өтініш жатақхана мәселесін қарастырып беріңізші.
Ответ:

Құрметті Диана!

Жатақханадан орын алуыңыз үшін өтінішіңізді және әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды алып, «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының директоры Тимур Абдрашұлы Сейлхановқа  жолығуыңызды сұраймыз. Тел.: 8 (727) 291-64-97. Рахмет!

19-09-2019 21-31-30   От студента

Автор вопроса: Ерболганова Айжан

Вопрос № 1512
Сәлеметсіз бе Тахир Оспанұлы! Мен сізге жатақхана мәселесімен жазып тұрмын.Әлеуметтік жағдайым жартылай жетіммін,аз қамтылған отбасыданмын,әлеуметтік жағдайым төмен.Жатақханаға онлайн өтініш беріп едім,дұрыс қаралмапты.Тұратын тұрақты баспанам жоқ.Қазіргі дейін жалдамалы пәтерде тұрған едім,бірақ ақысын төлей алмаған соң,шығарып жатыр.Сізден өтініш осы әлеуметтік жағдайларымды ескере отырып,жатақханамен қамтамасыз етуіңізді өтініп сұраймын!Жатақханаға өте қатты мұқтажбын.
Ответ:

Құрметті Айжан!

Жатақханадан орын алуыңыз үшін өтінішіңізді және әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды алып, институт директорына  немесе «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының директоры Тимур Абдрашұлы Сейлхановқа жолығуыңызды сұраймыз. Тел.: 8 (727) 291-64-97. Рахмет!

19-09-2019 21-20-23   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 1511
Сәлеметсіз бе Тахир Оспанұлы. Мен жатақана бойынша біраз нәрсе айтайын. Филология және көптілді білім беру инситутының тәрбие және білім жөніндегі орынбасарлар Алмас және Ерлан ағайларға ең алдымен мәдениетті сөйлеуді үйретсеңіздер екен. Ол кісілер студенттермен өте дөрекі. Келген жеріңе қайтып сонда оқы деп жатады. Сонымен қатар таныс арқылы кейбір студенттерге ешқандай әлеуметтік жағдайы болмаса да орын беріп жатыр. 3 жатақана меңгерушісі таныс қыздарын айына 15 мың теңгемен тұрғызып жатыр
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Филология және көптілді білім беру инcтитутының қызметкерлеріне қатысты шағымыңыз назарға алынды. Жатақхана бойынша берген ақпаратыңыз міндетті түрде тексеріледі. Рахмет!

Всего записей: 2333

« перв. ... < пред. ...  53  54  55  56  57 58  59  60  61  ... след. > ... посл. »

Фамилия имя отчество: *

Убедительно просим внимательно заполнять все пункты заявки. Обращения в электронном виде, поступившие с неполной информацией об отправителе, рассмотрению не подлежат. Анонимные обращения не рассматриваются. Данные (ФИО, e-mail, телефон) лица, задающего вопрос, не будут публиковаться на сайте и передаваться третьим лицам, они нужны исключительно для предоставления Вам уведомлений. Обращаясь с вопросом, Вы имеете право поставить отметку о неразглашении Вашего имени.

Е-майл:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Телефон:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Тематика вопроса:


Вопрос: *


Введите код с картинки: *


Количество вопросов

Апрель, 2021
63
Март, 2021
47
Февраль, 2021
42
Январь, 2021
68
Декабрь, 2020
61
Ноябрь, 2020
62
Октябрь, 2020
42
Сентябрь, 2020
48
Август, 2020
57
Июль, 2020
81
Июнь, 2020
88
Май, 2020
65
Апрель, 2020
86
Март, 2020
57
Февраль, 2020
37
Январь, 2020
28
Декабрь, 2019
47
Ноябрь, 2019
72
Октябрь, 2019
70
Сентябрь, 2019
61
Август, 2019
88
Июль, 2019
47
Июнь, 2019
71
Май, 2019
54
Апрель, 2019
70
Март, 2019
51
Февраль, 2019
45
Январь, 2019
75
Декабрь, 2018
87
Ноябрь, 2018
51
Октябрь, 2018
54
Сентябрь, 2018
77
Август, 2018
105
Июль, 2018
46
Июнь, 2018
43
Май, 2018
45
Апрель, 2018
36
Март, 2018
30
Февраль, 2018
28
Январь, 2018
17
Декабрь, 2017
17
Ноябрь, 2017
12
Октябрь, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений