10-01-2022 11-19-57
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 5918 Саламатсыз ба? Сессия тапсыру барысында интернеттері өшіп тапсыра алмай қалған студенттер қай уақытта тапсырады нақты айтсаңыз. Студенттерге өтініш толтырасыңдар деген сол өтініштің бәрін толтырдық енді тек қаңтардың 13-іне дейін, FX алған студенттер ғана тапсырады дейді,ТЕХ.ақауға байланыстылар қай уақытта тапсырад
Ответ:
Құрметті студент! Қазіргі уақытта техникалық ақауға байланысты емтихан тапсыра алмай қалған студенттердің өтініштері қаралуда. Емтиханды тапсыру уақыты туралы хабарлама "Univer" жүйесінде жарияланатын болады. Сұрағыңыз үшін рахмет!
10-01-2022 09-36-38
От студента
Автор вопроса: Нұрханқызы Нұрсұлу Вопрос № 5917 Сәлематсызба!Абай универінен Ақтөбе қаласындағы универге ауысайындеп едім.Соған өтінішті қайда жазып,қайда тапсырамын,универге барсам жасайма?
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Өтінішті «Шапағат» студенттерге қызмет көрсету орталығына тапсырасыз. Құжаттарыңызды тапсыру жолдары туралы орталықтың мамандарынан біле аласыз. Байланыс тел.: 291-64-97, Қазыбек би көшесі, 30, 1 этаж.
04-01-2022 22-09-36
От абитуриента
Автор вопроса: Assel Вопрос № 5916 Салеметсізбе ректор мырза, бізге кеше ватсаптан егерде январь айына дейін оқу ақысын төлемейтін болсақ оқудан шығарамыз деген хат келді төменгі жағында Алуа Василийқызынан деп жазылған.Мүлде документальный деловой стильде жазылмаған жәй ғана оқудан шығарылсын ал төлесе шығарылмайды деп жазылыпты.Бұл хат нағыз қоқан лоққы көрсету! Арамызда жағдайы келмейтін студенттерде бар.Өте заңсыз әрекет студенттерді бұлай қорқытуға құқықтарыңыз жоқ! Бұл жіберілген хат үшін сіздерді сотқада бере аламын!
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Хатыңызда аталған мәселелер тексеріледі. Рахмет!
04-01-2022 12-47-21
От студента
Автор вопроса: Әкімова Сымбат Жанатқызы Вопрос № 5914 Қайырлы күн! Жаңа жылыңызбен! Сізге босаған грант орындарына өтініш беру бойынша жазып тұр едім. Ағылшын тілін меңгерген шығыс тілі пәні мұғалімі мамандығының 1-курс студентімін. Босаған гранттар біздің мамандыққа беріле ме? Біздің мамандық биыл ғана ашылған жаңа мамандық еді және бізде грантта оқитын студент жоқ. Осы мамандықта оқитын студент саны аз. Ешкім нақты жауабын айта алмай отыр. Бұл жаңа мамандық болған соң қиындық туғызып отыр грант мәселесі. Нақты, толық жауап беруіңізді сұраймын, өтініш. Алдын ала рахмет!
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Босаған бос грант орындары бойынша ақпаратты өзіңіз оқып жатқан институт директоратынан біле аласыз. Грант орындары туралы қосымша ақпарат ресми сайтта және әлеуметтік желілерде жарияланады.
04-01-2022 12-08-42
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 5913 Қайырлы күн! Сізден алдында инстаграм парақшасында шыққан гранттарға өтініш беру деген история шыққан болатын. Сол туралы ақпаратты қайдан ала аламын? Инстаграмнан көріп үлгермедім, себебі кеш естідім. Қай жерден өтініш беруге болады?
03-01-2022 11-23-05
От студента
Автор вопроса: Zhaidarbek Вопрос № 5912 Доброго времени суток. Хотел узнать, когда вы наконец опубликуете расписание в системе универ. Думаю нету толка раздела "Расписание" если там ничего не публикуете (учусь в магистратуре, даже когда учился в бакалавре не публиковали, за исключением одного раза когда студенты жаловались). Прошу вас добавлять расписание в систему, или убрать этот раздел напрочь, так как смысла нету заблуждать студентов. Спасибо
Ответ:
Здравствуйте! Расписание весеннего семестра будет размещено на сайте университета и в групповых чатах для удобства студентов. Спасибо!
30-12-2021 13-34-27
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 5906 Салеметсиз бе! ФилКББИ, екі шет тілі факультетінің 2 курс магистранттарынан өтініш: Когнитивти лингвистика пәнінен біздің биылғы сессиямызды антиплагиат жүйесі 55%дан аз деп, 0 балл қойып тастаған. Ал біз ол жұмыстарымызды жүктемес бұрын бірнеше антиплагиат жүйесінен бірнеше мәрте тексеріп, 100% шыққан соң ғана салған болатынбыз. Сондықтан 0% болуы мүмкін емес! Сене алмай отырмыз! Қанша пайыз алғанымызды да ешкім көрсетпей отыр! Антиплагиат жүйесін қайта тексеріп, қараңыздаршы деген өтінішімізді ешкім естігісі де келмейі. Летоға қалдыңдар деп отыр.
Өтініш! 2 курс магистранттарының әділетсіздікке тап болып, естірте алмай жатқан жан айқайын естіңіздерші!!!
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Когнитивтік лингвистика пәні бойынша антиплагиаттан тексеруге жіберілмеген жұмыстар қайта тексерілуде. Нәтижесін институт директорының академиялық жұмыс жөніндегі орынбасарынан біле аласыздар. Рахмет!
28-12-2021 16-25-52
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 5901 Сәлеметсіз бе! Қысқы сессиядан өтіп стипендияға ілінген студенттерге стипендия қай айдан бастап беріледі?
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Ақпан айынан бастап шәкіртақы аласыз.
28-12-2021 13-13-47
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 5900 Сәлеметсіз бе, менің сұрайын дегенім аппеляция жөнінде ақпаратты қайдан алсам болады, эдвайзерге жазсам жауап жоқ.
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Емтихан нәтижесіне байланысты сұрақтарыңызбен Тестілеу орталығының қызметкерлеріне хабарласуыңызға болады. Байланыс телефоны: 291-57-50.
28-12-2021 13-03-26
От студента
Автор вопроса: Кален Гулсая Вопрос № 5899 Саламатсызба?! мен закрытая книга окулыктагы экзамен кезінде система өте қатты қатты, келесі сұраққа өтерде ұзақ уақыт алды,сосн өзімнің де ноутбугымның клавитурасындағы А әрпі сынып қалып жауабымды түгел жазып үлгермедім,жартылай жазсамда антиплагиаттан 80,96,90 шықты.Бірақ апайлар 0,25,29 қойып ортақ балл 18 ғана қойылған.Басқа группадағылар айтады универдің антиплагиат тексеретін сайты дұрыс істемегендіктен бір қыз қайтадан тапсырыпты .Техникалық ақауға байланысты аппеляцияға 4 күн бұрын бердім ,әлі жауап жоқ.Тех.отделге жазсам емтихан уақыты аяқталаған возобновить не могу диді.Осы сабаққа бола летоға қалып шәкіртақымнан айырылғым келмиді,қалған пәндерім 100,90 болып тұр.Пересдача тапсырайын десем баллым жетпиді.Түсіністікпен қарап , пересдачаға мүмкіндік берулеріңізді сұраймын.ФилКББИ.3 курс .РКО 302.Методика преподавания русского литературы
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Тестілеу орталығының қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефоны: 291-57-50.
28-12-2021 12-40-05
От абитуриента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 5898 Сәлеметсізбе?!Біз летога қалған студенттер аппелляцияға беріп едік.бір апта өтті әлі жауап жоқ .Техотделдегілер жұмыс жасап жатырма өзі?
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Емтихан нәтижесі бойынша барлық өтініш 2022 жылдың қаңтарында қарастырылады. Аппеляцияға өтініш емтихан сұрақтарының мазмұны бойынша пәннің оқу жоспарына сәйкес келмеген жағдайда қабылданады. Сұрағыңыз бойынша Тестілеу орталығының қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефоны: 291-57-50.Рахмет!
27-12-2021 21-25-16
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 5895 Қайырлы кеш, қаңтар айында сабақ дәстүрлі форматта өтетін болса, 2 курс студенттеріне жатақхана беріле ме? Өйткені пәтер жалдап тұрған өте қымбат, 1 семестр оқу үшін жұмыс істедік( , түсінемін оқудың аты оқу, дегенмен студенттердің жағдайына да қарау керек. Көбісінің ата-анасы ауылды жерде карантин үшін жұмысынан айырылды. Бірақ бұл жайтты ешкім қарапта, мән беріп жатқан жоқ. Сондықтанда, Құрметті ҚазҰПУ ректоры Дархан мырза, осы мәселені қарастырып көруіңізді сұраймын
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Келе жатқан жаңа 2022 жыл құтты болсын!
2021/2022 оқу жылының көктемгі семестрі оқу орнымыздың Академиялық күнтізбесіне сәйкес 2022 жылдың 17 қаңтарында басталады. Сабақтар дәстүрлі форматта (оқу ғимаратында) өтеді. Жатақханадан орын алу үшін "Univer" жүйесі арқылы өтініш берсеңіз болады. Сұрағыңыз бойынша институт директораты қызметкерлерімен хабарласып, толық ақпарат алуыңызды сұраймыз. Рахмет!
26-12-2021 22-45-38
Другие
Автор вопроса: преподаватели Вопрос № 5893 Уважаемый Дархан Нурланович! От имени преподавателей, подавщих заявки на "Конкурс на грантовое финансирование молодых ученых по научным и научно-техническим проектам на 2022-2024 годы" хотим выразить большую благодарность проректору по исследовательской деятельности Ермеку Абильтаевичу Бурибаеву, за организацию работы помощи в консультации подачи заявки на грантовое финансирование. Очень приятно удивлены тем что, под чутким руководством Е.А.Бурибаева сотрудники департамента науки в частности Раушан и сотрудник бухгалтерии Айсулу Орынбаевна не смотря на праздники оказали помощь в любых не понятных для нас вопросах. Если наши проекты будут одобрены, большая заслуга в этом будет и Ермека Абильтаевича. Спасибо большое за то что такие высоко квалифицированные менеджера работают в нашем университете. Думаем в будущем благодаря такому менеджменту у наших молодых ученых будет много побед!!!
Ответ:
Здравствуйте! Ваши теплые слова будут доведены до сведения наших сотрудников. Хотим, в свою очередь, поблагодарить Вас за то, что подали заявки на грант. Желаем успехов в нашем конкурсе!
26-12-2021 20-49-03
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 5892 Сәлеметсіз бе! Ректор мырза! Мен 1 курс студенті боламын. 2 семестр онлайн форматта аяқталмағанын қалаймын Себебі денсаулығымызға алаңдаймыз әле вакцина алмадық. Қыс уақытында пәтер жалдау қиын, бағасы қалтамызды көтермейді. Ата-анамыз алаңдаулы. Онлайн болған барлығына тиімді деп ойлаймын. Онлайн оқуға үйренісіп кеттік. Оффлайн болса қаншама студенттерге жатақхана жетіспейді. Алыс аймақта туратындар бар. Тиімді шешім қабылдайсыздар деп ойлаймын. Рахмет!
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Университеттің Академиялық күнтізбесіне сәйкес 2021/2022 оқу жылының көктемгі семестрі 2022 жылдың 17 қаңтарында басталады. Сабақтар дәстүрлі форматта (оқу ғимаратында) өтеді. Оқу форматына қатысты қосымша ақпарат алу үшін институт директорымен хабарласуыңызға болады. Рахмет!
26-12-2021 01-40-06
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 5891 Салеметсізбе, келе жатқан мереке құтты болсын!!!
Сізден өтінеріміз 2 семестр онлайн форматқа өтейікші. Елімізде омикрон штаммы пайда болып жатыр ғой. Әр универ өз еркінде, қандай форматта оқитынын. Өтініш ректор мырза, онлайн форматқа өтейікші
Ответ:
Құрметті студент! Университеттің Академиялық күнтізбесіне сәйкес 2021/2022 оқу жылының көктемгі семестрі 2022 жылдың 17 қаңтарында басталады. Сабақтар дәстүрлі форматта (офлайн) өтеді. Рахмет!
25-12-2021 13-15-21
От родителей
Автор вопроса: Толганай Вопрос № 5890 Салеметсиздер ме! Менин маселем жатакхана жонинде. Биринши курстын барлыгы жатакхананын бир болмесиндеги бир тосек орнымен камтамасыз етилетиндей Улы Оку орнымыздын шамасы жететин шыгар?! Менин кызым жаздай жугирип ала алмабы, неше турли категорияларды атап. Биз СКО жерди мекенинен боламыз. Алматыда туган туыс жок. Калага, окуга уйренискенше жатакхана бериулеринизди сураймыз. Жауап бересиздер деп умиттенемин. Рахмет.
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Абай университетіне қарасты жалпы сыйымдылығы 1287 білім алушыға арналған 5 жатақхана бар. Білім алушыларды жатақханаға орналастыру жұмыстары автоматтандырылған «Универ» жүйесі бойынша жүргізіледі. «Универ» жүйесіне түскен өтініштерді арнайы комиссия құрамы қарастырады, жатақханалардағы орындар білім алушыларға белгіленген әлеуметтік категорияларға сәйкес үлестіріледі.
Жатақханаға өтінішіңізді «Универ» жүйесі арқылы жолдасаңыз болады.
Жатақханадан орын беру ережесімен сайтымыздан танысуыңызға болады: https://abaiuniversity.edu.kz/docs/kazyna/Kriterii_predostavleniya_mest_v_obshchezhitiyakhKaz.pdf .
24-12-2021 20-31-25
От родителей
Автор вопроса: Садыкова Лаззат Вопрос № 5889 Сәлеметсізбе Дархан Біләлов мырза!Мен ата-ана ретінде 1курс студенті қызымның оқуы 2ші семестрде онлайн форматта болғанын сұранамын.Себебі қыс ортасында тұрақты жататын жеріміз табылмай тұр.
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Университеттің Академиялық күнтізбесіне сәйкес 2021/2022 оқу жылының көктемгі семестрі 2022 жылдың 17 қаңтарында басталады. Сабақтар дәстүрлі форматта (оқу ғимаратында) өтеді.
24-12-2021 20-06-28
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 5888 Сәлеметсіздерме,1 курс студенттері 2 семестр онлайн форматында оқуын өтінеміз.
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Университеттің Академиялық күнтізбесіне сәйкес 2021/2022 оқу жылының көктемгі семестрі 2022 жылдың 17 қаңтарында басталады. Сабақтар дәстүрлі форматта (оқу ғимаратында) өтеді.
24-12-2021 18-34-09
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 5886 Сәлеметсіз бе,мен 2курс студенті боламын,мен емтиханнан 20 балл алып қалған едім,енді маған пересдача тапсыруға мүмкіндік бар ма?Шәкіртақыдан құлағым келмиді,куратордан сұрағанда тапсыруға болады деген еді.Бірақ көп студенттер пересдача тек 25-49 аралығында болады деп айтып жатыр,қатты қорқып тұрмын.Өтінемін жауап жазыңызшы!
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша Тестілеу орталығынан немесе институт басшылығынан ақпарат алуыңызды сұраймыз. Тестілеу орталығының байланыс телефоны: 291-57-50. Рахмет!
23-12-2021 21-15-50
От студента
Автор вопроса: Заутбай Рулан Маратбайұлы Вопрос № 5885 Саламатсыз ба!
Мен Заутбай Рулан Маратбайұлы БӘД ДШжС кафедрасының 1 курсс 2 топ студенті.20.12.2021ж орыс тілінен тапсырған сессия бойынша ауылдық жерде тұрғандқытан сеть нашар болуы мен техникалық ақауларға байланысты 25 балл (F) төмен алып қалдым,летада оқуға жағдай жеткіліксіз.Орыс тілінен қайтадан сессия тапсыруға рұқсат беруіңізді сұраймын.
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Емтихан нәтижесі 25fx балл болғандықтан, қайта тапсырға мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін "Univer" жүйесінің қайта тапсыру бөлімін таңдап, өтініш бере аласыз.
Всего записей: 4046