Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Добро пожаловать в блог ректора!

 

 

Уважаемые посетители сайта!
 
 
Блог ректора создан для установления контактов со студентами, сотрудниками и преподавателями университета. Вы можете оставлять свои комментарии, задавать вопросы, вносить предложения. Открытое и регулярное обсуждение вопросов поможет плодотворной работе руководства университета.
 
Надеюсь, что эта площадка расширит возможности для решения многих проблем в нашей общей работе, станет важным механизмом эффективного взаимного обмена информацией и реализации поставленных задач.
 
Мы открыты для диалога, все обращения будут обязательно рассмотрены. Ни один вопрос не останется без внимания.
 
 

Электронная почта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 

 
Приём ректора по личным вопросам осуществляется в 1-ю и 3-ю пятницы каждого месяца в течение учебного года - с 15.00 до 17.00 часов.
  • Вопросы-ответы
  • Задать вопрос
  • Статистика
01-02-2022 07-04-02   От студента

Автор вопроса: Чалабаева Ясмина Гайратуллаевна

Вопрос № 6003
Здравствуйте, уважаемый Дархан Билялов.
К сожалению, я знаю ответ на свой вопрос, но, имея долю сомнения, и надежду на положительный ответ, хотела бы уточнить, могу ли я получить диплом с отличием, если мои оценки соответствуют всем критериям, но меня оставили на летний семестр( несправедливо и я ничего не могу с этим сделать, кроме как обратиться к вам). Я разочарована в том, что в лучшем педагогическом ВУЗе Казахстана так необъективно оценивают качество знаний студентов, что никто не посмотрел на качество моей работы, на то, что у меня 95 баллов за рубежный контроль, на то, что я сама 2 года преподаю предмет, по которому меня оставили на летний семестр, даже не дали возможности подать на апелляцию или пересдать, из-за чего я лишаюсь стипендии и красного диплома, к которому стремилась с 1 курса. Я была бы очень признательна Вам, если бы Вы решили данный вопрос, иначе мне придётся обратиться в МОН, чтобы наша система оценивания была проверена. Спасибо!
Ответ:

Здравствуйте! Для разъяснения Вашей ситуации и получения ответа просим подойти к проректору по академическим вопросам Мактагали Абдимажитовичу Бектемесову. Тел.: 293-81-53. Спасибо!

01-02-2022 00-36-14   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6002
Ассалаумағалейкум Дархан мырза сізге 1 сурак мен басқа колледж бітірдім медицина колледжін бітірдім диплом алдым сол колледжден кейін сол дипломды тапсыруға бола ма және тағы 1 сурак аттестат міндетті түрде керек пен.Мен педагогикаға тапсырсам деп едім медицина жалғастырғым келмейді
Ответ:

Құрметті талапкер! Медицина колледжінен кейін жоғары оқу орнына бітірген мамандығыңызға классификатор бойынша сәйкес келетін мамандыққа ғана тапсырып оқуды жалғастыра аласыз. Толығырақ ақпарат алу үшін Қабылдау комиссиясының қызметкерлеріне хабарласуыңызға болады. Байланыс телефондары – 8 727 291 57 68; Call-center: 8 727 221 85 14. Рахмет!

28-01-2022 18-09-52   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6001
Сәлеметсіз бе, Дархан мырза!
Мен 2 курс студентімін, офлайн сабақ басталғаннан бері жатақханадан орын сұраған едім, бірақ ешқандай нәтиже болмады. Неліктен университетіміздің дәл қасында тұрған жатақханадан орын берілмейді? Бір ғана жолмен құтылып кете береді ( жатақхана тек 1 курс студенттері үшін деп). Әділдік қайда? Бәрінің пәтер жалдап тұратын жағдайы жоқ қой!
Әлде, декан жатақхананы пәтер ретінде басқа адамдарға жалға беріп жүрме? Онда жатақхананын не керегі бар??? 1 курс,1курс деп айта береді, вакцина алмаған деп олар сабаққа келмеді, вакцина алған студенттерге неліктен берілмейді?? Және осы 2 курстың 2 жарты жылдығын онлайн форматта өтуін сұраймын, өйтекені 1ж.ж-тағы сияқты 1-2 сабаққа барып жүргеннен миымыз дамып, басқалардан өзгеше болып кеткен жоқпыз! Сондықтанда, осы мәселені қарастырып көрсеңіз) алдын ала рақмет.
Ответ:

Құрметті студент! Жатақханадан орын алуыңыз үшін өтінішіңізді жазып, әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды тапсыруыңыз керек. Білім алушылардың өтініштері міндетті түрде қарастырылады. Жатақхана бойынша қосымша ақпаратты институт директорының орынбасарларынан алуыңызға болады. Рахмет!

28-01-2022 15-49-21   От родителей

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 6000
Сәлеметсізбе! Менің қызым 3 курс студенті денсаулығы бойынша онлайнда оқып жүрген еді. Енді практиканы өту туралы сұрап хабарластық. Ешкім жауап бермейді. Біздің сұрағымыз практиканы өз жергілікті қаласында өтуге болама. Өтінішті жаздық, директордың қолы қойылған.
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Практикадан өту мәселесі бойынша Мансап орталығының мамандарымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-83-50. Рахмет!

28-01-2022 14-55-14   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 5999
Қайырлы күн, 2 семестрді студенттер атынан онлайн форматқа көшіруді өтінемін. Қазіргі жағдайға байланысты ауру жұқтырып алу қауіпі өте жоғары болғандықтан онлайн/офлайн формат қауіпті болып отыр. Сол себептен, осы семестрді онлайн форматқа көшіруді өтінемін.
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Университеттің Ғылыми кеңес шешіміне сәйкес 1-ші курс студенттерi үшін оқу үрдісі келесідей ұйымдастырылады:

-  2022 жылдың 7 ақпаннан бастап «6В01402-Музыкалық білім», «6В01404-Дене шынықтыру және спорт», «6В02109-Хореография», «6В02113-Кескіндеме», «6В02114-Графика», «6В02118-Дизайн», «6В05101-Биология», «6В05301-Химия», «6В05302-Физика» білім беру бағдарламалары үшін дәстүрлі/аралас форматта;  

- 1 курстың басқа білім беру бағдарламаларының студенттері  үшін оқу үрдісі 2022 жылдың 21-ші наурызына дейін онлайн форматта ұйымдастырылады.

27-01-2022 16-38-43   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 5997
Қайырлы күн! Мен Филология институтының, екі шет тілі мамандығының 2 курс студенті едім. Ақылы бөлімінде оқимын. Президентский грантқа келесі жылы заявление жазайын деп едім, алайда бір ғана сабағымнан (1 курс 1 рубежка кезінде алған баға) 4 болып қалып еді. Сол әсер етедіме? грант үшін толығымен бәрі 5 деген баға болу керек па? Ешқандай жеңілдік жасалынбайды ма? Тек бір ғана сабағым 4 болып тұр.
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Сұрақтарыңыз бойынша толық ақпаратты Тіркеу кеңсесінің мамандарынан алуыңызға болады. Байланыс тел.. 291-18-53. Рахмет!

27-01-2022 15-58-45   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 5996
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі, дамуымыздың катализаторы. Университетімізді де өз алдына шағын мемлекет ретінде қарастырып, сіз де білім алушылардың пікіріне құлақ асасыз деген үміттеміз!

Жаһандану контекстінде және соңғы жылдары қоғамда орын алған жағдайға байланысты онлайн білім алудың өзектілігі артты. Дамыған әлем елдері үшін бұл қалыпты құбылыс, себебі үздік ЖОО-лар да онлайн,қашықтан білім беру формасын тиімді деп есептейді.

Онлайн форматқа көшкенде, ҚР білім беру жүйесі сынға ұшырады, соккыны көтере білмеді. Оның басты себебі -АКТ-ны меңгермеген, сабақта интерактивті әдістерді қолдана алмайтын, компьютерлік сауаттылық деңгейі төмен әрі базалық білімі жоқ, танымдық ресурстарды сабақ процессіне кіріктірместен бұрын олар жайлы тіпті білмейтін кадрлар, педагогтер. Әрине, оқытушыларымыздың дайын болмауына олардың өздерін ғана кіналай алмаймыз, дегенмен осы қателіктен сабақ алғанымыз дұрыс болар?

Студенттерге сабақ беруді , дәстүрлі формада оқытуды магистранттардың барлығы біледі , себебі 80% өз мамандығы бойынша жұмыс істеп көргендер. Ал келесі буын өкілдерін оқытушы ретінде біз онлайн оқытуды “шемішкедей шағып тұруымыз” керек, себебі білімнің болашағы- ақпараттық технологиялар арқылы меңгертілетін қашықтықтан білім беру технологиясында.
Қазіргі таңда онлайн білім алу - live-long-learning мен self-development құндылықтарының негізін құраушы.
Үлкен буын өкілдері, оқытушыларымыз
компьютерді тек пайдасыз ойын құралы, ойын-сауық үшін ғана қажет деп біледі, бірақ қазіргі таңда өзін-өзі дамыту философиясы қоғамда кең таралған, әр адам өз білімі үшін жауапты екенін толық сезінген кезең.
Онлайн оқу,жұмыс шынымен өмірімізге ойып тұрып кіргендіктен, біз білім алушы ретінде оны таңсық немесе жеңіл дүние ретінде қабылдамаймыз.
Онлайн білім беру мегаполистегі көлік кептелісіне кететін уақытты да сақтайды, күйзелістің де алдын алады.

Магистранттардың өзін-өзі қадағалау дағдысы қалыптасқанын ескере отырып, сізден магистратура сабақтарын онлайн режиміне ауысуңа рұқсат беруіңізді сұраймыз. Дифференциалдылық принципін ескеріп, түсіністікпен қарайсыз деген үміттеміз.

Магистранттар кеше мектеп бітіріп, ауылдан келген, аузынан сүті кетпеген жас балалар емес. Сабақ айту үшін университетке барып отыру қажет деп ойламаймын. Онлайн оқытуға жіберудің өзін эксперименттік тұрғыдан қарап зерттейтін, кемшілігін айқындап, мүмкіндіктерін талдайтын объектіге де айналдыруға болады. Ірі корпорациялар мен мемлекеттік деңгейдегі коллоквиумдар мен жиындар онлайн форматында өткізіледі - бұл жаһандық желі арқылы байланысқа шығудың тиімділіктерін дәлелдейді.
Елдегі эпидемиологиялық ахуал әлі тұрақталмады, қауіп әлі де сейілмеді сондықтан бұл денсаулығымыз үшін жасалған шара.
Көп жағдайда магистранттарға “сендер оқуға келдіңдер! Жұмыс дегенді қысқартыңдар!” дегенді естиміз. Реалистік тұрғыдан 78.000 теңгеге мегаполисте өмір сүру мүмкін емес екенін мойындайық. Әсіресе, пандемиядан кейінгі бағаның күрт өсуін ескерсек жалпы күнделікті базалық қажеттіліктердің өзіне жетуі екіталай. Ескеретін жағдай, магистранттардың 90%-ы өз мамандығы бойынша қызмет етіп жүргендер.
Сонымен қатар, университеттің оқытушялар құрамын, жалпв университет философиясын реформалауыңызды өтінемін. Әр оқытушыны құрметтеймін, дегенмен қазір заман минут сайын өзгеруде және білім саласына флексибл, жаһандану призмасы арқылы көзқарасы қалыптасқан ПРАКТИК мұғалімдер оқытуы қажет деп ойлаймын. Біздің мұғалімдер өте білімді тамаша адамдар, бірақ көбі мектепте практикалық тұрғыда тәжірибесі аз әрі ол (уже) өзекті емес. Соған орай ПӘНДЕРДІ де жаңартуыңызды сұраймын. Мысалы мен өз басым мықты практиктер НЗМ немесе соған ұқсас CIS, IB жүйелерінде жұмыс істеп көрген, халықаралық деңгейдегі білім беруді меңгерген адамнан сабақ алғым келеді. Алматының өзінде Англия, Америка, Финляндия және т.б. елдер білім беру жүйесінде оқытатын мектептер бар, сол мектептермен коллаборация болса, соның негізінде өз өнімімізді жасап, өз жүйемізді құрай алсақ жақсы болар еді. Расын айту керек, біздің оқытушыларымыздың басым бөлігі советтік идеологияны, сол кезеңдегі жүйені қолдаушылар. Шетелден тәжірибе алып, бәрін көрген адам ретінде сіз мені түсінесіз деп үміттенемін. Лишь оқытушыларға сағат болу үшін қажетсіз, өзекті емес пәндерді қоспауын қадағалауыңызды өтінемін.
Мен университетіміздің ПЕДАГОГИКАЛЫҚ бола тұра, техникалық,IT бағыттарына негізделген SDU, UIB оқу орындарында практиктердің көп болуына көңілім түседі.
Барлығын саралап, құлақ асып, дұрыс шешім қабылдайсыз деген үміттемін!
Ответ:

Құрметті магистрант! Білім берумен қатар білім алудың өзекті мәселелері бойынша ой-пікіріңізді жан-жақты жазғаныңыз өте орынды. Ғылыми-педагог жолына түсіп, магистр дәрежесін алу талабыңызды қолдаймыз. Диссертация бойынша ғылыми-зерттеу ізденісіңіз бен кәсіби біліктілігіңізді ұштастыру мақсатында педагогикалық жұмыс жасағаныңыз да өте құптарлық.

Ал 2021/2022 оқу жылының көктемгі семестрінің оқу үрдісін ұйымдастыру форматына келетін болсақ, қаладағы санитарлық-эпидиомиологиялық жағдайды ескере отырып, ҚР БҒМ нұсқаулық хаты мен университеттің Ғылыми кеңес шешіміне сәйкес оқу үрдісі аралас форматта ұйымдастырылады. Магистратура бойынша сабақтар 24.01-06.02.2022 ж. аралығында онлайн, 2022 жылдың 7 ақпаннан бастап дәріс онлайн, семинар, зертханалық және практикалық сабақтар офлайн форматта өтеді.

Алдағы уақытта ҚР БҒМ жоғары білім беру жүйесіне оқытудың жаңа құралын енгізуді жоспарлап отыр. «Онлайн-оқу» білім алудың жаңа форматына көшу жоғары оқу орындарына техникалық-материалдық талаптарды қанағаттандыратындай нормативтік-құқықтық ережелерін енгізілілгеннен кейін жүзеге асырылады. Ұсыныстарыңызды ескереміз. Сұрағыңыз үшін рахмет!
27-01-2022 15-57-00   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 5995
Сәлеметсізбе Ректор мырза!Мен 1-курс магистрантымын. Денсаулығыма және отбасылық жағдайыма байланысты осы семестрді онлайн режимде оқуға рұқсат беруіңізді сұраймын. Барлық сабақтарды толық меңгеріп, тапсырмаларды уақтылы орындап жіберіп отырамын. Өтінішімді қабылдауыңызды сұраймын.
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша оқып жатқан институт директоратына хабарласуыңызды сұраймыз. 

27-01-2022 15-56-07   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 5994
Сәлеметсіз бе?! Мен, Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1-курс магистрантымын. Еліміздегі жағдайларға және қазіргі уақытта аурудың өршіп бара жатқанына байланысты сабақтарды офлайн форматтан онлайнға ауыстыруыңызды сұраймын. Көп адам ауырып жатыр, жұмыстың өзінде тез жұғуда. Отбасымыз мен балалардың үнемі ауырып қалатынына байланысты кешкі 8-ге дейін универде отырып, ұзақ жолмен кері қайту (кеш жету) кедергі тудырады. Өтінішімді жерде қалдырмайсыз деген үміттемін.
Ответ:

Құрметті студент! Оқу форматына қатысты өтінішіңізбен Филология және көптілді білім беру инcтитутының басшылығымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-16-06, 291-18-35. Рахмет!

27-01-2022 14-49-11   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 5993

Құрметті ректор мырза!
Магистранттардың өзін-өзі қадағалау дағдысы қалыптасқанын ескере отырып, сізден магистратура сабақтарын онлайн режиміне ауысуына рұқсат беруіңізді сұраймыз. Дифференциалдылық принципін ескеріп, түсіністікпен қарайсыз деген үміттеміз.


Елдегі эпидемиологиялық ахуал әлі тұрақталмады, қауіп әлі де сейілмеді сондықтан бұл денсаулығымыз үшін жасалған шара.

Барлығын саралап, құлақ асып, дұрыс шешім қабылдайсыз деген үміттемін!
Ответ:

Сәлеметсіз бе! 2022 жылдың 7 ақпаннан бастап бакалавриаттың (2-5 курс), магистратура, PhD докторантура білім беру деңгейлеріне арналған оқу үрдісі келесі форматта: дәріс - онлайн; семинар, зертханалық және практикалық сабақтар офлайн форматта өтеді.

27-01-2022 14-25-20   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 5991
Қайырлы күн! Дархан Біләлов мырза, мен 1- курс , филология факультетінің магистрантымын. Бізге 2-семестрдегі сабақтардың толықтай онлайн форматта өткені ыңғайлы. Осы мәселені қарастырсаңыздар екен. Басқа қаладан келіп оқитындақтан аптасына 2 мәрте университетке бару, басқа уақытта жұмыс жасауға ыңғайсыз оқу кестесі мені қанағаттандырмайды. Біз кішкентай бала емеспіз, техникалық құралдарды, ғаламторды жақсы меңгерген магистрантпыз. Дамыған елдерде қашықтықтан білім беру формасы жақсы дамыған,тиімді саналған. Біздің де ұстаздарымыздың оған қабілеті жетеді. Елдегі жағдай әлі орынан келмеді. Денсаулық бәріміз үшін маңызды. Бір студент аурып келсе , келесі күні сабақта жарты группа аурып отырады. Бұны бірінші семестрде байқадық. Біздің сұранысымыз жылы жауаппен қалмаса екен, толық онлайн жүйеге ауысуын қарастыруыңызды сұраймыз.
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Оқу форматына қатысты өтінішіңізбен Филология және көптілді білім беру инcтитутының басшылығымен хабарласып, сұрақтарыңызға толық жауап алсаңыз болады. Байланыс тел.: 291-16-06, 291-18-35. Рахмет!

27-01-2022 13-09-43   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 5989
Салеметсизбе, бос билим грант иегерлеринин тизими кай уакытта жарияланады?
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Бос білім беру грантын тағайындау бойынша университетішілік конкурс нәтижесі оқу орнымыздың ресми сайтына және "Univer" жүйесіне жарияланды. Босаған грант орындарына үміткерлер тізімі Білім және ғылым министрлігіне жіберілді, министрлік тарапынан бұйрық шыққан кезде барлық білім алушыларға хабар беріледі.

26-01-2022 22-51-12   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 5988
Саламатсыз ба. Магистратура 1курс,сабақты офлайн форматтан онлайн форматка ауыстырсаныздар. Алдынгы семестр сабақтың 90% онлайн форматта өткен. Бізге сол формат ынгайлы. Көбі жұмысы бар, себебі мегаполисте степендия 77.000 теңгеге өмір сүрі мүмкін емес .Сол жағын қарастырсаңыздар.
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Оқу форматына қатысты сұрағыңыз бойынша институт директорымен хабарласуыңызға болады. Рахмет!

26-01-2022 16-44-44   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 5986
Сәлеметсіз Дархан Біләлов мырза
Мен діл қазір денсаулығыма байланысты өз қаламдас ем алып жатырмын, ал 7 ақпаннан бастап университетке аралас форматта окуға шақырып жатыр. Ендігі қояр сұрағым оқуды ем біткенге дейін онлайн форматқа ауыстыруға болама
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Денсаулығыңызға байланысты онлайн форматта оқуыңызға болады. Ол үшін Университет ректорының атына өтінішіңізді жазып, ем алып жатқаныңызды растайтын құжаттарыңызды тіркеп эдвайзеріңізге тапсыруыңыз қажет. Өтінішіңіз бойынша институт директорына хабарласыңыз. Рахмет!

26-01-2022 13-07-19   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 5984
Сәлеметсіз бе ?! Дархан Біләлұлы!
Мен филология факультетінің бірінші курс магистранты боламын. Жаңа семестрдің сабақ кестесін алдық . Бірақ неге біз кешкі 8 ге дейін оқимыз ? 4 тен 8 ге дейін , аптасына 5 күнге сабақ кестесі қойылыпты , бірақ неге студенттердің жағдайы мен уақытын еаептемейсіздер ? Кешкі 8 ге дейін отыру мүлде ақылға сыймайды . Ең болмаса 6 ға дейін қойсаңыздар болмайды ма ?! Барлық мемлекеттік қызметтер тек 6 ға дейін ғана ғой , біз неге 8 ге дейін отыруымыз керек?
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Оқу форматына қатысты сұрақтарыңыз бойынша толық жауап алу үшін Филология және көптілді білім беру инcтитутының басшылығымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-16-06, 291-18-35. Рахмет!
26-01-2022 08-02-42   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 5983
Здравствуйте, я студентка первого курса и сегодня объявили что отдельные факультеты первого курса будут учится в смешанном формате а некоторые так же остаются в онлайн формате. Я хочу вас попросить перевести всех студентов первого курса на смешанный формат. Сидеть по 4,5 часов над ноутбуком это ужасно и уже повлияло на наше зрение. Получается так что мы абсолютно сидим перед ноутбуком сначала сидя на парах а после выполняя задание которые нам даются.Прошу вас ещё раз пересмотреть ваше решение на счёт формата обучения.
Ответ:

Здравствуйте! По вопросу  касательно учебного процесса Вы можете обратиться к директору Департамента по академическим вопросам Жанбекову Хайрулле Нышановичу. Контактный тел.: 291-13-71, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Спасибо! 

25-01-2022 18-45-51   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 5982
Қайырлы кеш! Мен 1-курс студентімін. Неліктен дефектология факультеті онлайн форматта оқиды? Оларда қалыпты(оффлайн) фарматқа көшіруін сұрайды! Қалай дегенмен онлайн мен оффлайн форматта оқудың айтарлықтай айырмасы бар, бұл әсіресе 1 курс студенттеріне өте қажет. Білім сапасынада әсер етеді.
Жауабыңызға алдын ала рақмет!
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Оқу форматына қатысты сұрағыңыз бойынша институт басшылығымен хабарласуыңызға болады. Институт басшылығының байланыс телефондары келесі сілтемеде берілген: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/2600/page/. Рахмет!

25-01-2022 16-55-36   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 5981
Сәлеметсіз бе! 2021-2022 оқу жылы бойынша босаған білім беру грантының бос орындарына арналған конкурсқа қаңтар айында өтініш беріп едім. Нәжижесі қашан шығады? Қайдан көруге болады?
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Бос білім беру грантын тағайындау бойынша университетішілік конкурс нәтижесі оқу орнымыздың ресми сайтына және "Univer" жүйесіне жарияланып, босаған грант орындарына үміткерлер тізімі Білім және ғылым министрлігіне жіберілді. Министрлік тарапынан грант иегерлерінің тізімі бекітілген жағдайда сайтқа жарияланып, барлық білім алушыларға хабарланады.

25-01-2022 16-28-05   Другие

Автор вопроса: Шапатова Клара

Вопрос № 5980
Мен Е-Gov арқылы желтоқсан айында өтініш жіберген едім. Жауап әлі жоқ. Қалалық мұрағаттан Сіздің мекенжайыңызға бағытталды деген жауап келді. Маған осы университетте оқыған жылдарым көрсетілген мұрағаттық анықтама қажет еді. Қалай жылдамырақ алсам болады? Осы блогқа да жазғанмын. Бірақ жауап ала алмадым. Көрсетілген номерге хабарласқанымда Е-Gov арқылы өтініш жібересіз деді.Сіздер тарапынан 15 күнде жауап беру керек болғансыздар!
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін оқу орнымыздың Мұрағат қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-84-04, arhiv_kaznpu@mail.ru.

25-01-2022 15-16-52   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 5979
Сәлеметсіз бе! Поезиденттік шәкіртақы осы қаңтар айы бойынша түспеді, қашан түсетінін сұрауға бола ма?
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Шәкіртақы бойынша сұрақтарыңызбен бухгалтерияға хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.: 291-37-54.

Всего записей: 4039

« перв. ... < пред. ...  52  53  54  55  56 57  58  59  60  ... след. > ... посл. »

Фамилия имя отчество: *

Убедительно просим внимательно заполнять все пункты заявки. Обращения в электронном виде, поступившие с неполной информацией об отправителе, рассмотрению не подлежат. Анонимные обращения не рассматриваются. Данные (ФИО, e-mail, телефон) лица, задающего вопрос, не будут публиковаться на сайте и передаваться третьим лицам, они нужны исключительно для предоставления Вам уведомлений. Обращаясь с вопросом, Вы имеете право поставить отметку о неразглашении Вашего имени.

Е-майл:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Телефон:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Тематика вопроса:


Вопрос: *


Введите код с картинки: *


Количество вопросов

Апрель, 2024
7
Март, 2024
5
Февраль, 2024
20
Январь, 2024
11
Декабрь, 2023
21
Ноябрь, 2023
19
Октябрь, 2023
17
Сентябрь, 2023
25
Август, 2023
39
Июль, 2023
29
Июнь, 2023
60
Май, 2023
41
Апрель, 2023
49
Март, 2023
22
Февраль, 2023
42
Январь, 2023
68
Декабрь, 2022
55
Ноябрь, 2022
50
Октябрь, 2022
62
Сентябрь, 2022
52
Август, 2022
33
Июль, 2022
32
Июнь, 2022
49
Май, 2022
139
Апрель, 2022
64
Март, 2022
45
Февраль, 2022
46
Январь, 2022
57
Декабрь, 2021
29
Ноябрь, 2021
43
Октябрь, 2021
70
Сентябрь, 2021
75
Август, 2021
109
Июль, 2021
79
Июнь, 2021
62
Май, 2021
69
Апрель, 2021
74
Март, 2021
47
Февраль, 2021
42
Январь, 2021
68
Декабрь, 2020
61
Ноябрь, 2020
62
Октябрь, 2020
42
Сентябрь, 2020
48
Август, 2020
57
Июль, 2020
81
Июнь, 2020
88
Май, 2020
65
Апрель, 2020
86
Март, 2020
57
Февраль, 2020
37
Январь, 2020
28
Декабрь, 2019
47
Ноябрь, 2019
72
Октябрь, 2019
70
Сентябрь, 2019
61
Август, 2019
88
Июль, 2019
47
Июнь, 2019
71
Май, 2019
54
Апрель, 2019
70
Март, 2019
51
Февраль, 2019
45
Январь, 2019
75
Декабрь, 2018
87
Ноябрь, 2018
51
Октябрь, 2018
54
Сентябрь, 2018
77
Август, 2018
105
Июль, 2018
46
Июнь, 2018
43
Май, 2018
45
Апрель, 2018
36
Март, 2018
30
Февраль, 2018
28
Январь, 2018
17
Декабрь, 2017
17
Ноябрь, 2017
12
Октябрь, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений