02-03-2022 17-56-49
От абитуриента
Автор вопроса: Жолшиева Шолпан Куанышевна Вопрос № 6056 Добрый день! Уважаемый Дархан Нурланович, я родительница студента очного платного отделения 1 курса юридического факультета, вынуждена обратиться к Вам с вопросом о том, что многие иногородние студенты очного отделения Вашего ВУЗа не имеют возможности получить место в общежитии. При подаче документов приемная комиссия заверяла, что всем иногородним предоставляется общежитие. Требования ВУЗа при подаче документов о 25% оплате выполнено нами, уже позже к сентябрю при распределении мест в общежитиях нам отказали, на вопрос почему? было сказано, что согласно правил Вашего ВУЗа по предоставлению мест в общежитие мы не прошли. Теперь мой первый вопрос:"Почему при приеме студентов, на очное платное отделение не учитывается такой критерий, как способность ВУЗа предоставления общежития иногородним студентам. Количество принятых иногородних студентов должно фиксироваться и соответствовать фонду мест в общежитиях. Второй вопрос:"Почему не берется в зачет проживание в экологическом районе сельской местности? Каковыми мы являемся. Мы проживаем в Созакском районе, который является экологически вредным и студенты нашего поселка во всех ВУЗах страны получили общежития , кроме КАЗНПУ.
В связи с обьявленным онлайн обучением я этот вопрос поднимать не стала, на данный момент обучение планируется начаться с 24 марта. Очень остро стоит вопрос о продолжении обучения и места проживания. Прошу Вас решить положительно вопрос о возможности предоставления мест в общежитиях для своих студентов.
Ответ:
Здравствуйте! КазНПУ имени Абая имеет пять общежитий общей вместимостью 1287 человек. Работа по заселению обучающихся в общежития проводится в системе «Univer» по заявкам, которые рассматриваются специальным составом комиссии. Места распределяются в соответствии с установленными социальными категориями.
Приоритетное право на получение места в общежитии предоставляется студентам первого курса, детям-сиротам и детям, оставшимся без попечения родителей, лицам, один или оба родителя которых являются инвалидами; лицам из многодетных и малообеспеченных семей. С Правилами предоставления мест в общежитии можно ознакомиться на нашем сайте:
https://abaiuniversity.edu.kz/ru/2660/page/ .
Просим проявить понимание и в соответствии с установленным порядком предоставить свои заявления и документы, подтверждающие социальное положение студента. Спасибо!
02-03-2022 10-00-42
От родителей
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6055 Сәлеметсізбе! 23 наурыздан бастап 1 курсқа сабақ оффлайн болады деп жатыр. Ал жатақханада орын жоқ дейді. Сонда басқа қаладан баратын студенттер қайда тұрады? Жылдың ортасында арзан квартира жоқ, ал табылғаны қаланың шетінде,ол жерден Алматының кептелісімен сабаққа уақытында бару мүмкін емес. Қаланың ортасындағы квартиралардың бағасы ұшып тұр, әсіресе ақылы бөлімде оқитын студенттерге оны төлеу мүмкін емес. Студенті көп іргелі оқу орны болғандықтан жатақхана саны неге студенттер санына сай емес. Бұл менің ғана емес, басқа қалада тұратын барлық студенттің ата-анасының жан айқайы деп білемін.
Ответ:
Сәлеметсіз бе! 2022 жылдың 24-ші наурыздан бастап 1 курс студенттері үшін оқу үрдісі дәстүрлі/аралас форматта ұйымдастырылады.
01-03-2022 17-32-44
Другие
Автор вопроса: ақын ағаларың Вопрос № 6054 Сәлем бердік ректор мырза!!! сіз басқарып отырған киелі оқу орны, 90 жылдан астам тарихы бар... Бақ қызметкерлерінізге қарап қарным ашады... мысалы, менің немерем дипломын жоғалтып бір ай бойы сандалды. айтатындары анда бар, мында бар. Бәрін Нұрсағила деген қызметкер біледі деп, ол орнында болмайды, оның жоқтығын жасырып қасындағылары әуре. неге осы қызмет электронды түрінде жасалмасқа, болмаса қолынан келетін іскер қызметкер алсаңыз, нұр үстіне нұр болар еді. жұмысыңызға табыс тілей отырып, ретке келтіреді деп ойдамын
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Университет түлегі дипломын жоғалтқан жағдайда тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы (ЦОН) арқылы өтініш беруі керек. Өтінішіңізді ескереміз. Рахмет!
28-02-2022 17-23-53
Другие
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6053 Сәлеметсіз бе? 1,0 штат әрбір тазалайтын алаңның 500 шаршы метріне есептелсе. Сырланған қабырғалар жуылады, бұл жоғарыда аталған шаршы метрге қосылады ма, жоқ әлде тек еден ғана 500шаршы метр болу қажет па? Сіздерге қоятын екінші сұрағым - 1,5 штат еден жуушыларға рұқсат етілген ба?
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Инфрақұрылымды дамыту жөніндегі департаментінің директоры Барлыбай Әбдірахманұлы Мейірмановпен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-12-01. Рахмет!
24-02-2022 18-42-15
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6052 Сәлеметсіз бе!21-наурыздан бастап педагогикалық бағытта оқитын студенттер нақты оффлайн форматына көшеді ме?Осы сұраққа нақты жауап беруіңізді өтінемін.Себебі қырқүйекте де,ақпан айында да оффлайн форматқа көшеміз деп,3-4 күн қалғанда ғана жоққа шығарады.Барлық жоғарғы оқу орындары дәстүрлі форматқа көшкелі қай заман.
Ответ:
Сәлеметсіз бе! 2022 жылдың 24 наурызынан бастап 1 курс студенттері үшін оқу үрдісі дәстүрлі/аралас форматта ұйымдастырылады.
24-02-2022 12-27-25
Другие
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6051 Университеттің ішкі нормативтік құжатына сай бір еден жуушы неше шаршы метр еден жуу қажет жәнеде сырланған қабырға неше шаршы метр болу қажет?
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Қызметтік үй-жайларды тазалаушылардың қызмет көрсету нормалары қызметтік үй-жайларды, яғни ғимараттарды жинаушы лауазымының 1,0 штат бірлігі тазалайтын алаңының әрбір 500 шаршы метріне сәйкес есептеледі.
24-02-2022 00-02-01
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6050 Сәламатсыз ба мен степендиядан құладым,
Сіздерге қояр сұрағым 1 курусқа грантқа түскен студент неше ай степендия ала алады, құлап қалған жағдайда,
Егерде қысқы степендиядан құласа, январь, февраль да степендия ала алама?
Мұғалімдер айтуынша, степендия беріледі деп айтып жатыр, бірақ түскен жоқ
Рахмет, жауап күтем
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпаратты Сіз оқып жатқан институт директоратынан немесе директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарынан білуіңізге болады. Рахмет!
22-02-2022 19-18-06
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6049 Қайырлы күн! Дархан мырза , осы жерде жазылған нәрселер шынымен міздің құлағыңызға жетеді деген үміттемін.
Бұл универде оқып жатқаныма біраз уақыт болды.. өкінішке орай осындай ұлттық универде "алжып" кеткен мұғалімдер өте көп. Біздің айтқанымызды ол , оның айтқанын біз түсінбейміз. Баллды тааартып созып сооонша сабаққа дайындалып слайд жасап келсең 2 балл ғана қояды.. еңбегімізді жеп отыр. Аттарын ашып айтқым келмеді.. бірақ жасы 70 ке таяған мұғалімдер не бітіріп жүргенін түсінбейміз. Профессионализм жок.. "әй сен" , "ақымақ" т.б дөрекі сөздерді қолданады. Егер шағымымыз ескерілмесе жоғары сотқа шағымданамыз!
Ответ:
Құрметті білім алушы! Сұрағыңыз назарға алынды. Рахмет!
22-02-2022 16-38-13
От студента
Автор вопроса: Қожан Арайлым Вопрос № 6048 Құрметті, Дархан Біләлов! Менің жазып отырған хатыма көңіл бөлесіз деген ойдамын! Бүкіл ҚазҰПУ студенттерінің атынан жазып отырмын. Университеттің ішінде студенттерге арналған жағдай жасасаңыз деймін! Жәй ғана су ішетін диспенсер де жоқ, корпустан басқа не нәрсе сұрауға болады? Бірақ, мен басқа нәрсе сұрамаймын да, әр кабинетке диспенсер орнатсаңыздар! Орнатып қана қоймай, үнемі су толы тұрсын деген өтініш. Қазіргі таңда пандемия заманы болғандықтан, адамға жиі су ішіп отыру керек, ал үздіксіз сабақтан біз дүкенге барып су ала беруге мүмкіншілігіміз жетпейді. ОСы жағдайды ескеріп, әр этажда және әр кабинетке пластмасса стакан мен диспенсермен су орнатуыңызды күтемін. Осыған дейін өзгеріс орнатпаған басқа ректорлардан ерекшеленіп тарихи әрекет жасайсыз деген үміттенемін!
Ответ:
Құрметті студент! Ұсынысыңыз үшін рахмет. Аудиториялардың барлығын диспенсерлермен қамтамасыз ете алмаймыз. Оқу орнымыздың ғимараттарында асханалар жұмыс істейді. Сондай-ақ, жақында университетіміздің екі ғимаратында арнайы сусындар сатып алуға арналған автоматтар орнатылған болатын, алдағы уақытта оқу орнымыздың басқа да ғимараттарына орнатуды жоспарлап отырмыз. Рахмет!
18-02-2022 14-56-41
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6047 Сәлеметсіз бе! Шәкіртақы қашан беріледі?
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Стипендия 22 ақпан күні беріледі. Рахмет!
18-02-2022 08-32-39
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6046 Сәлеметсіз бе?! Практикада бізге 3 сағаттан артық сабақ бермисіңдер деп айтқан. Бірақ мектепте біз 3 күнде 15 сағат өтеміз. Мектептің басшылығына айтсақ солай өтесіңдер деді. Осы мәселені реттеулеріңізді сұраймыз
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Практика кезінде білім алушылардың мектепте өткізетін уақытының ұзақтығы әрбір мамандықтың практика бағдарламасына байланысты болады. Мәселен, 3 курс білім алушылары үшін дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, 4 курс білім алушылары үшін - сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері практикаға қатысу қажет. Практика мамандық бойынша және мектептің ішкі жұмыс кестесіне сәйкес 3-6 сағаттан өтуі керек. Мамандық бойынша мектепте болу ұзақтығын тәжірибе жетекшісінен анықтауға болады. Рахмет.
17-02-2022 06-33-54
От студента
Автор вопроса: Ботакөз Вопрос № 6045 Сәлеметсіз бе, математика, физика және информатика институтының жатақханасына қайтадан студенттердің өтініш қараса екен. себебі жатақханаға орналаспаған студенттер қаншама. мен осымен 3 ші мәрте өтініш айтып отырмын, көп балалы деген критерий бар,әлі өтінішім қабылданбады
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Өтінішіңіз жауапты тұлғаларға жолданды. Рахмет!
14-02-2022 10-18-18
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6043 Сәлеметсіз бе ректор мырза! Біз Шапағатқа Оңай картасын жасатуға барып, оңайымызды ала алмай жүрмиз. Оңаймен айналысатын апай постоянно орнында болмайд, онымен қоймай звондасаң ұрсып береді. Шара қолдануыңызды сұраймын
Ответ:
Cәлеметсіз бе! Шағымыңыз бойынша Шапағат орталығының қызметкеріне ескерту жасалды. Оңай картасын алу туралы өтінішіңізбен орталықтың жауапты қызметкерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-64-97. Рахмет!
10-02-2022 13-54-03
От родителей
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6042 ҚұрметтіДархан Нұрланұлы
Мен ата-ана ретінде айтайын дегенім сабак офлайн басталып балаларымыз
жатақханаға орналасты.Бірақ бір улкен кемшілік жатақхана комендаттары өдерінің жұмыстарын студенттерге істетіп өздері әңгіме соғып бос отырады екен.Менің жатақханаға орналасқан балама комната бөлу тағы басқа жұмыстарды студенттер кабылдаған.Жаксы комната беру ушин подарка сураған.Тоқ етері коменданттың кабинетіне видеокамера коюларыңызды сураймын Сол кезде коресиздер.Білдей Ұлттық университетте осындай былық бар екені катты ренжитеді.Шешим кабылдайды деп сенемін.
Ответ:
Құрметті ата-ана! Шағымыңыз назарға алынды. Жатақхана қызметкерлеріне қатысты мәселе міндетті түрде қарастырылады. Рахмет!
10-02-2022 11-29-58
От абитуриента
Автор вопроса: Айнур Вопрос № 6041 Сәлеметсізбе ректор мырза!!! сіз келгелі бері университет біраз тазарып қалды, жыланның ордасына айналып кеткен мекеме еді қазір өте жақсы болып қалды. мен өзім осы мекемеде көп жылдар бойы жұмыс жасап келем.енді бір өте үлкен мәселе ол зейнеткерлер әліде келім шарттарын таныс тумаларына айтып создырып, жұмыс жасап жүр? екемдері жоқ, техника құралдарын қолдана алмайды, жастардың арасында жұмыс ырғағына ілесе алмай жүреді. жұмыстыңда сапасы болмай, тек сіздің блогыңызда жамандаулар оқып отырамыз. сіз өз блогыңыздағы жазулармен өзіңіз танысады деп үміттенеміз, осы зейнеткерлерді зейнеттеріне жіберіп жастарды жұмысқа тартады деп үміттенеміз.
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Ұсынысыңыз үшін рахмет! Қазіргі уақытта қызметкерлерді жұмысқа қабылдау үрдісі конкурс арқылы жүзеге асырылып, арнайы комиссия құрамының шешімі бойынша іріктелуде. Жаңа оқу жылында профессор-оқытушылар құрамы конкурс қорытындысы бойынша жұмысқа қабылданған болатын. Жұмысқа қабылдау кезінде қызметкерлердің біліктілігімен қатар еңбек өтілі, цифрлық сауаттылығы және жұмысқа қабілеттілігі ескеріледі. Оқу орны болғандықтан, ұрпақтар сабақтастығын ұмытпағанымыз жөн. Біз аға буын оқытушыларына құрмет көрсетуіміз керек. Олардың жемісті жұмысының арқасында біздің көптеген түлектеріміз ғылым мен білім саласында үлкен жетістіктерге жетті, ҚР мемлекеттік органдарында басшылық қызметтер атқарады, халықаралық жобаларға қатысып, әлемнің көптеген елдерінде жұмыс істейді. Ардагер ұстаздарымыз жас әріптестеріне тәжірибе алмасу, білім мен дағдыларды беру үшін қажет. Рахмет!
09-02-2022 18-54-54
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6040 Сәлеметсіз бе Дархан Біләлов. Біз 3 курс, МФжИ институтының студенттері. Біз алдағы қойылған сабақ кестесінің уақытына түбегейлі қарсымыз. Себебі, сабақ уақыты таңғы 8:00 ден, кешкі 19:00 ге дейін. Оның үстіне арасында жарты сағат үзілісте жоқ. Бірінен кейін бірі болады сабақтар. Бұл не масқара!!! Расписаниені қандай адам жасаған өзі. Куратор, деканатқа айтсақ болмайды өзгертпейміз дейді. Сонда біз 8 ден 19:00 ге дейін тапжылмай отырып, араснда окошка жоқ тем более, жұмыс уақытыда сәйкес келмейді. Белден бел, бастан бас қалмайдығо олай болса. Біз бұл сабақ кестесін ӨЗГЕРТУІН ТАЛАП ЕТЕМІЗ, немесе ҚАЖЕТ ЕМЕС ПӘНДЕРДІ ҚЫСҚАРТСЫН!!! Егер бұл ұсыныс шешімін таппаған жағдайда, барлық студенттер жоғары жаққа шағым түсіруге дайынбыз!!!
Ответ:
Құрметті студент! Оқытудың кредиттік жүйесінің қағидалары және университеттің Академиялық саясатына сәйкес оқу үрдісі күндізгі бөлім студенттері үшін сағат 8.00 мен 20.00 аралығында ұйымдастырылады. Педагогикалық мамандықтарда дуальды оқыту элементерінің енгізілуіне байланысты, яғни 3 күн педагогикалық тәжірибе, 3 күн теориялық оқыту, сабақтар 3 күнге жинақталып, сабақ кестесіне қойылып отыр. Сабақтар арасындағы демалыс уақыты бойынша Математика, физика және информатика институтының директорына жолығуыңызды сұраймыз. Сабақ кестесіне оқытушының жұмыс кестесін ескере отырып, білім алушының өтінішінің негізінде ғана өзгеріс енгізіледі.
09-02-2022 18-53-48
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6039 Сәлеметсіз бе Дархан Біләлов. Біз 3 курс, МФжИ институтының студенттері. Біз алдағы қойылған сабақ кестесінің уақытына түбегейлі қарсымыз. Себебі, сабақ уақыты таңғы 8:00 ден, кешкі 19:00 ге дейін. Оның үстіне арасында жарты сағат үзілісте жоқ. Бірінен кейін бірі болады сабақтар. Бұл не масқара!!! Расписаниені қандай адам жасаған өзі. Куратор, деканатқа айтсақ болмайды өзгертпейміз дейді. Сонда біз 8 ден 19:00 ге дейін тапжылмай отырып, араснда окошка жоқ тем более, жұмыс уақытыда сәйкес келмейді. Белден бел, бастан бас қалмайдығо олай болса. Біз бұл сабақ кестесін ӨЗГЕРТУІН ТАЛАП ЕТЕМІЗ, немесе ҚАЖЕТ ЕМЕС ПӘНДЕРДІ ҚЫСҚАРТСЫН!!! Егер бұл ұсыныс шешімін таппаған жағдайда, барлық студенттер жоғары жаққа шағым түсіруге дайынбыз!!!
Ответ:
Құрметті студент! Оқытудың кредиттік жүйесінің қағидалары және университеттің Академиялық саясатына сәйкес оқу үрдісі күндізгі бөлім студенттері үшін сағат 8.00 мен 20.00 аралығында ұйымдастырылады. Педагогикалық мамандықтарда дуальды оқыту элементерінің енгізілуіне байланысты, яғни 3 күн педагогикалық тәжірибе, 3 күн теориялық оқыту, сабақтар 3 күнге жинақталып, сабақ кестесіне қойылып отыр. Сабақтар арасындағы демалыс уақыты бойынша Математика, физика және информатика институтының директорына жолығуыңызды сұраймыз. Сабақ кестесіне оқытушының жұмыс кестесін ескере отырып, білім алушының өтінішінің негізінде ғана өзгеріс енгізіледі.
09-02-2022 16-09-25
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6038 Саламатсыз ба! "Онлайн туралы қозғамаймыз.Офлайн оқу ректор бұйрығы" деп онлайн жайлы тіпті сөз қозғауға тыйым салу қаншалықты дұрыс? Білім алушы ретінде менің құқығым қаншалықты сақталуда? Куратордың осылай тыйым салуға құзіреттілігі бар ма, өтінемін, нақтылап жіберіңізші? Бәлкім, мен қателесіп тұрған шығармын... себебі сіздің блогта өтініш жазуға болады, ал группаға ол жайлы тіпті айтпаңдар дейді...
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Оқу форматына қатысты барлық ақпаратты институт қызметкерлерінен алуыңызға болады. Егер Сізде оқу үрдісіне байланысты қиындықтар туындаса, өтінішіңізбен институт басшылығына тікелей хабарласуыңыз керек. Ректордың блогына өтінішіңіз бен ұсынысыңызды жолдасаңыз болады. Рахмет!
08-02-2022 13-27-01
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6037 Құрметті Дархан Біләлов! 1 наурыз күні Шет тілдері кафедрасынан 100 студентті Түркияға жібереді екен. 100 студентті іріктеген кезде біздің мамандыққа айтылмады. Турцияға біздің мамандықтың да студенттері баруға толықтай құқылы еді. Тек ек шет тілі мамандығынан іріктеген. Әр оқытушы оз студентін ғана жіберген. Ол хабарлама универ жүйесіне де, старосталар группасына да жетпеді. Біз оны енді ғана естіп жатырмыз. Осы шет елге жіберу бағдарламасын күткен едік, бағдарлама шыққан кезде әділетсіздікпен бізге айтылмады. Осы мәселені қадағалауыңызды сұраймыз! Тағы да қосымша орындар қосылсын. Ата-анамыз білім министріне дейін барамыз деп отыр.
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Түркияға академиялық ұтқырлық бағдарламасы Абай атындағы ҚазҰПУ мен Түркия университеттері арасындағы екіжақты келісімдер негізінде жүзеге асырылады. Семестрлік оқуға 2-3 курс студенттері жіберіледі. Түркияда оқу үшін студенттерді іріктеуді кафедра мен институт жүргізгендіктен, Халықаралық ынтымақтастық департаментіне Түркияда білім алатын студенттердің бекітілген тізімдері берілді. Түркияға оқуға барғысы келетіндер болса, институт директоратына немесе кафедрасына хабарласуы қажет. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқу орны тек екі жаққа ұшу билетінің шығындарын өтейді, қалған шығындар студенттің өз есебінен төленеді. Сапарды Халықаралық ынтымақтастық департаменті ұйымдастырады. Сұрағыңыз үшін рахмет!
07-02-2022 22-32-43
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6035 Сәлеметсіз бе! Жоғары оқу орнының Академиялық саясатының 326 тармағына сәйкес бакалавриатта білім алушыларды қорытынды аттестаттау дипломдық жұмысты немесе дипломдық жобаны жазу және қорғау нысанында өткізіледі. Сондай-ақ, білім алушылар дипломдық жұмыстың немесе жобаның орнына мынадай негіздер бойынша екі кешенді емтихан тапсыра алады:
1) денсаулық жағдайы бойынша стационарда ұзақ емделу;
2) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар, оның ішінде мүгедек балалар, бала кезінен мүгедектер, I топтағы мүгедектер;
3) жүкті немесе 2 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеуші;
4) сырттай оқу бөлімінің студенттері.
Бұл ретте білім алушы ректордың атына өтініш жазып, қажетті құжаттарын ұсынады
Осындай магистранттарга барма?
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Магистратурада кешенді емтихан тапсыру қарастырылмаған. Сұрағыңыз бойынша толық жауап алу үшін Ғылым департаментіне хабарласуыңызға болады. Тел.:291-10-22, 291-65-29. Рахмет!
Всего записей: 4046