07-02-2022 16-35-23
Другие
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6034 Сәлеметсіз бе құрметті Дархан мырза.мен 3 курсс студенті практика өту мектебімбі,практика жетекшімді ауыстырғым келеді.себебі мен практика отетин орын мен практика жетекшісі психологиялық тұрғыдан маған ауыр тиуде.
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Практика базасы мен жетекшіні ауыстыру мәселелері бойынша институт директорына немесе Мансап орталығының мамандарына хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.: 291-83-50. Рахмет!
07-02-2022 15-17-51
От родителей
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6033 Қайырлы күн! Мен бірінші курс студентінің ата-анасымын. Біз Қостанай облысынанбыз. Алматыда тұратын жеріміз жоқ. балам сіздің университеті таңдап алды, бірақ жатақхана мәселесі шешілмей жатыр әлі. Бірінші семестр онлайн оқыды, екінші семестр онлайн болады деді де, енді оффлайн болады деп шешті. жатақхананы 50 пайыз ғана толтырамыз дейді, сонда біздің балалар қайда жатады? Алматының бағаларын үйде отырып қарасақ өсіп жатыр, біз жеткенше өсіп кетеді. Ең болмағанда сырттан, басқа қаладан келетін бірінші курс студенттерін жатақханамен қамтамасыз етсеңдер екен, соны сұраймын ең бастысы.Бүгінге екі тізім шықты, олардың ішінде балам жоқ. Мәселені шешуге көмек беруіңізді сұраймын. Аударма ісі, қазақ тобына түсті қызым. Рахмет.
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Білім алушы жатақханадан орын алуы үшін жатақханаға мұқтаждығы туралы өтініші мен әлеуметтік жағдайын растайтын құжаттарын институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына тапсыруы қажет. Жатақхана мәселесі бойынша толық ақпаратты институт басшылығынан алуыңызға болады. Институт басшылығының байланыс телефондары: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/3/page/ . Сұрағыңыз үшін рахмет!
07-02-2022 12-50-35
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6032 Саламатсызба! Неге дорожный туспей жатыр баска универлер тусип жатыргой кашан туседи?
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша Студенттік бухгалтерияға хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 8(727) 291-37-54.
06-02-2022 19-37-21
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6031 Қайырлы күн?! Магистратура студенті боламын. Сабақтар мүлде ретсіз орналасқан , кешкі сағат 8ге дейін расписание қойылыпты тіпті сұмдық. 8 де сабақтан шығып 10 да жетеміз ба үйге?!!!!! Бізмюбен санасатын тіпті адам жоқ. Деканаттан шешіңіздер деген жауап көрдім .. бірақ осы күнге дейңн деканат студенттерді қанағаттандырғанын көрген емеспін, осы жолы да "магистратура уақыт сол" деп қысқа қайырып , жұмысты ысыра салды. Сіздер оларға олар сіздерге жіберіп ортада бцлайша айтқанда ит болдық.
Аптасына 5 күн салпақтатпай сабақтарды жинап қойса болмайды ма? Күніне 2 сағат қана сабақ болатын күндер көп 2 сағат сабаққа қатысу үшін қаншама жол жүріп келеміз. Аптасына 3-4 күнге ғана жинап , 8ге дейін емес максимум 6 ға дейін сабақ кестесі құрылуын талап етеміз!
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Қазіргі уақытта сабақ кестесіне қатысты магистранттардың өтініштері қарастырылып жатыр. Бірақ Сіз жазғандай 2 күнге жинақтап қою мүмкін емес, себебі оқытушылардың жүктемесіне сәйкес келмейді. Сұрағыңыз бойынша толық мәлімет алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс деректері: 291-13-71, 291-71-06, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!
05-02-2022 22-34-50
От абитуриента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6030 Сәлеметсізбе! мен 2 курс студентімін. 7 айлық бөпем бар. Алматы қаласына бөпемді тастап келіп едім практика болады деген соң. Бірақ бөпем менсіз жылап жатыр екен. Жалпы онлайн қылуға мүмкіндік барма?
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Оқу үрдісі бекітілген Академиялық кестеге сәйкес жүргізіледі. Егер Сіздің 3 жасқа толмаған балаңыз болса, академиялық демалыс алуыңызға болады. Рахмет!
04-02-2022 15-51-04
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6029 Ақпан айының шәкіртақысымен жол ақысы қашан беріледі?
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Жолақысына берілетін төлем бойынша Студенттік бухгалтерияға хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.: 291-37-54.
04-02-2022 14-41-16
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6028 Менің сізде өтінішім қайттан FX тестін тапсыруыма рұқсат беруіңізді сұраймын. Бұлай өтініш жасай алатын құқығым бар деп есептеймін. Кінә менен болған жағдайда мен өз мойныма алып жазда оқыр едім, бұл жерде олай емес, қанша ДОТ сырттай оқысақта бізге сәл болсын бағыт беру керек , яғни қай уақытта тапсыру керек студент уақыттын өткізіп алмау үшін жұмыс жасау керек , себебі біз бұл системамен жұмыс жасап немесе оқып көрмедік бұрын соңды. Бірінші курс студенттеріне қиын болады. Өзімде гос орында жұмыс атқарамын әр адаммен немесе оқушымен кері байланысқа шығамыз немесе бағыт бағдар береміз. Және де тағы айтқым келіп отырғаны тест орталығының қызметкері Даража Нагашыбаевнамен телефон арқылы сөйлескенде уақытын кешкі 12ге дейін созып беретінін айтып алып, аяғында басқалай сөйлегені. Жұмыс телефонын көтерген адам тым дөрекі. Сонда мынандай сұрақ келеді ойға қалай жұмыс атқарады , студенттердің сұрағына жауап бере алмаса онда қызметтік мансабын доғарғаны жөн. Менің ашуым келетіні кінәмді айтпай жатып даже менің кінәм жоқ болғанын біле тұра жазда оқыңыз дегені нені түсіндіреді. Менікі және техникалық ахуалға байланысты мен уақытылы тапсыра алмаған едім, ал базаға менікін басқалай енгізіпті тек пересдачи дегенін түсіндіре алмайды.Шын мәнінде техникалық ахуал бола тұрып оны басқалай базаға енгізгені қалай жәнеде техникалық ахуалға байланысты тапсыра алмаған студенттердің уақыты әлі келмеген бұны қалай түсіндірп бере аласыздар! Менің жазғанымды оқып кері байланысқа шығуларыңызды сұраймын.
Ответ:
Сәлеметсіз бе! "Univer" жүйесіне емтиханда FX (25-49%) алған және техникалық ақауға байланысты емтихан тапсыра алмаған студенттер үшін қайта тапсыру күндері туралы ақпарат жарияланған болатын. Әр студентке жеке күн қойылмайды. Білім алушы емтихан тапсыру ережелеріне сәйкес белгіленген күндері емтиханды тапсырып үлгеруі керек. Емтиханды студент жеке мәселесіне (сырқатына, отбасы жағдайына, дәлелді себептерге) байланысты тапсыра алмаған жағдайда ректордың атына өтініш жазуы керек. Өтініш негізінде студенттің цифрлық ізі қаралып, емтиханды тапсыру немесе тапсырмау мәселесі шешіледі. Қызметкерлерге қатысты шағымыңыз назарға алынды.
04-02-2022 13-21-44
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6027 Менің сіздерге жазу себебім тест центрда жұмыс атқаратын қызметтерлеріңізге көңілім толмайды. Маған бүгін базадан тест уақытын ашқанын қазір айтып отыр уақыты аяқталғанда не сұмдық өткенде пробный тесттің өзін әрең дегенде аштырып едік енді келесі істеп отырғандары осы.Мен 1 курс ДОТ та оқимын сонда біреулердің қателігі үшін мен летоға қалғаным ба? Гос органда менде қызмет атқарамын әр сөзді дұрыстап сөйлеу керек. Маған десе сен докторантура бітірп келіп ДОТта оқы ерешесін түсіндіру керек ол олардың жұмысы. Менің байқағаным орында отырып алып жөрекі сөйлеуді адам деген бірінші амандасып өзін таныстыру керек че папало айтып отырса қызметтік орында не себепті отырады. Барған жерімде айтып жүретін болдым Агуге оқуға тапсырмаңдар қызметкерлері студенттермен жұмыс атқара алмайды деп.
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Қызметкерлерге қатысты шағымыңыз назарға алынды. Емтиханды қайта тапсыру туралы ақпаратқа келетін болсақ, хабарландыру "Univer" жүйесінде жарияланған болатын. Білім алушы емтихан тапсыру ережелеріне сәйкес белгіленген күндері емтиханды тапсырып үлгеруі керек. Әр студентке жеке күн қойылмайды. Емтиханды студент жеке мәселесіне (сырқатына, отбасы жағдайына, дәлелді себептерге) байланысты тапсыра алмаған жағдайда ректордың атына өтініш жазуына болады. Өтініш негізінде студенттің цифрлық ізі қаралып, емтиханды тапсыру немесе тапсырмау мәселесі шешіледі. Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін Тестілеу орталығының мамандарымен хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.: 291-57-50. Рахмет!
04-02-2022 13-04-04
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6026 Сәлеметсіз бе ректор мырза! Біз ДОТ студенттері Тесілеу орталығына шағым түсіргіміз келеді. Пробный тестілеуді әрең жалынып жүріп аштырып едік, енді пересдачаға қалған студенттерге тестті кешкі 18-00-ге дейін тапсыруға болады деп жалған ақпарат беріп, тестілеуді 12-де жауып тастаған. Қанша мәрте звондадық, инженер Жанель деген қыз ұрсысып, 5 ай болды істегеніме, дым білмеймін деп трубканы тастай береді. Даража Қуанышбаевнаға звондасақ ұрысып, трубкасын тастайды, Мақпал апай тоже самое... Мен түсінбедім, бұл жұлдыздар жұмыс істемесе неге отыр орындарында? Біз ақылы оқып,университетке қанша қаражат құямыз, дұрыс жауап алуға хақымыз жоқ па??? Өз қолыңызға алып шешіп беруіңізді сұраймыз
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Тестілеу орталығының қызметкерлерге қатысты шағымыңыз назарға алынды. Рахмет!
04-02-2022 03-48-34
От родителей
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6024 Менын кызыма университеттен грант иегеры атандын деп еды. Бырак списоктан аты-жонын коре алмадык? Не себептен?
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Босаған білім беру грант орындарына үміткерлер тізімі ҚР Білім және ғылым министрлігіне жолданды. Үміткерлер тізімі министрлік тарапынан бекітілген жағдайда грант иегерлерінің тізімі ресми сайтқа жарияланып, хабарланатын болады. Сұрағыңыз бойынша институт басшылығымен хабарласуыңызға болады. Рахмет!
03-02-2022 18-59-00
Другие
Автор вопроса: Ғалия Вопрос № 6023 Сәлеметсіз бе! Үш күн болды тазалықпен айналысып жатқанымыз. Ахатова Гани Есентаева отырып алып, әр оқу ғимараттарынының крышасына шығып тазалатып, біздің міндетімізге кірмейтін жұмыстарды істеткізіп, істемесе жұмыстан шығартамын деп қорқытады. Ақша жинайды. Әр коменданттар арасына сөз салады, еден жуғыштарға ұсыныс жасайды коменданттық жұмысқа ауысам десең сөйлесіп 1 лимонға кіргіземін дейді екен.Не деген сұмдық!! Өзі ауырып жатыр қазіргі кезде бірақ телефонмен тыныштық бермейді. Қайта қайта звандап штраф салдыртамын, жұмыстан шығартамын деп қорқытады. Проректордың оң қолымын мен деп бізге қысым жасайды. Кімге қайда барарымызды білмей Сізге жаздық. Оқу ғимаратының барлық коменданттары атынан Сізге жазып отырмыз.
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Қызметкер Ғани Ахатаева Инфрақұрылымды дамыту жөніндегі департаментінде ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп келеді. Жұмыс барысында өзін жауапты жұмыскер ретінде көрсете білді. Шағымыңызда көрсетілген ақпараттарды растайтын дәлелдер болмағандықтан, Ғ. Ахатаеваны себепсіз жұмыстан шығара алмаймыз. Егер Сізде оның заңсыз әрекеттері туралы фактілер болса, материалдарды rector_blog@abaiuniversity.edu.kz электронды поштасына жолдауыңызды сұраймыз. Хатыңызда аталған мәселелер бойынша қызметкермен түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.Рахмет!
03-02-2022 18-34-17
От студента
Автор вопроса: Бейсетай Гүлнұр Вопрос № 6022 Константин Станиславский айтқандай
“Білімдеріңізді толықтырмаған әр күн – сіз үшін текке кеткен және енді қайтып оралмайтын күн деп есептеңіз”. Қай уақытта да білімді толықтыру, жетілдіру артық етпейді. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті болашақ мамандарға «2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ДУАЛДЫ ОҚЫТУ БОЙЫНША ҮШІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІН ДАЙЫНДАУ» курсын өткізген болатын. Бұл студенттер үшін берілген үлкен мүмкіндік болды.
Бүгінгі бала - ертеңгі болашағымыз. Ағашты қалай бағыттасаң, солай өседі. Бала да сол секілді. Курс барысында мектепке дейінгі ұйымдардағы нормативтік-құқықтық актілер, соның ішінде 11 нормативтік құжатты толтыруды егжей-тегжейлі түсіндірді. Және тәрбие мен оқуту барысында қолданылатын түрлі әдіс тәсілдерді үйреніп, өзіміз де ойлап тауып, оны оқыту процесінде ұтымды пайдаланудың жолдарын меңгердік.
Сонымен қатар, спиральды оқуту мен үлгілік оқыту бағдарламасын талдап, преспективалық жоспар, циклограмманы қалай, кіммен құру керегін түсіндік. Балалардың бойындағы қабілеттерін, таным-түсініктерін қалыптастыру жолында қалай еңбектену керегін де назардан тыс қалдырмады.
Заманына қарай адамы демекші, дамыған қоғамға сауатты мамандар керек. Білім көкжиегімізді кеңейтуге үлкен мүмкіндік берген университет ұжымына, курс ұйымдастырушыларына, және жетекшілік етіп курсты жүргізген Сауле Жомартқызына үлкен алғысымызды білдіреміз.
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Пікір білдіріп, алғыс жолдағаныңыз үшін рахмет айтамыз. Сізге жемісті еңбек және ел игілігі жолындағы қызметіңізде үлкен табыс тілейміз!
03-02-2022 13-01-59
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6020 1. Біздің материалдық техникалық базамыз онлайн оқытуға мүмкіндік бермейді.
Окытушы окытушыга “Неге біз оз жумысымызды озіміз киындатамыз” деген университет өкілінің сөздерін калай түсінуге болады?
Офлайн окыгысы келмесе, академиялык демалыс алың дейд. Сонда баска университеттер онлайн окытуга мумкін береді, соган дайын, ал біздің оквтушылар артык жауапкершілік алмай кашып турганы ма? Педагогикалык университет бола тура, білім саласы автоматтандырылып онлайнга тенденция артканда біздің жагдайымыз осы ма шынымен???
Уже угрожать ету басталды, сондыктан анонимді жазып турмын. Мулде студенттің де магистранттың да алдында дым беделі калмады. Ректор блогына бекер жаза бермендер дейді. Айтарга соз жок.
Филфак.маг
Ответ:
Құрметті студент! Сабақ кестесі Академиялық күнтізбеге сәйкес жүргізіледі. Оқу форматы туралы ақпарат пен сабақ кестесі ресми сайтта жарияланған. Шағымыңыз бойынша институт қызметкерлеріне ескерту жасалды.
03-02-2022 12-46-35
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6019 Қайырлы күн! Аз адамы бар топты онлайн кылганнын мәнісі неде? Біз де сабактын толвк онлайн откенін калаймыз. Жуык арада елде онлайн униаерситеттер пайда болатынын айткан, сонын алгы шарты ретінде казірден бастап магистратранттарды онлайгга жиберуинизди отинемиз. Директоратка айтканнан ешкандай пайда жок кой. Осы уакытка дейін директорат аукымында маселелер шешімін таппаган. “ Жогары жактан келген буйрык” деп отінішті караудан тубегейлі бас тартады. Артыкка бас ауырткылары келмейді. Жазда дипломнын кателігін 1 кунде болатын жумысты 1 апта созып журген еды, тек Хайролла мырзанын ыкпалымен барин реттеп берді. Директорат,деканат студенттердін еш суранысын отінішін орындамас бурын, тіпті кулак та аспайды. Деканат ректор мен білім алушыларды байланыстырушы копір болуы керек кой негізі жуйе бойынша, бирак биздегі деканаттарга лишь бы артык жумыс болмаса болды. Отініш жазсан, оны карамайды да “руксат бермеді” деп кайыра салат Мен филология факультетінің магистрантымын және бізжің пандер университетке келуді кажет етпейді. Біз озіміз де бір- бір мектептің мугалімдеріміз тартіп сактауды білеміз. Жай гана акпаратты келіп аудиторияда айткызудын мәні неде ??? И то сабак кешкә уакытта боогандыктан коп жагдайда аудиторияда болганда сонына дейін болмайды да. Сонда час пик уакытында я ары емес я беры емес калып каламыз. Сабак 20.00-де аякталса, уйге 9-дан оте жетемыз. Жалпы физикалык адамгершілік тургысынан окытушы га да білім алушы га да бул киын гой.
Ответ:
Құрметті магистрант! Директорат қызметкерлеріне қатысты шағымыңыз назарға алынды, ескерту жасалады. Алдағы уақытта бұл мәселе қайталанбайды деген сенімдеміз. Оқу форматына қатысты өтінішіңізді жазып, институт басшылығына өткізуіңіз қажет. Өтінішіңіз қарастырылады. Рахмет!
03-02-2022 10-50-35
Другие
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6018 Добрый день, Уважаемый Ректор Дархан Нурланович! Обращаюсь к Вам с просьбой решить проблему с которой мы сталкиваемся последние полгода, это: постоянная задержка заработной платы (уже 40 дней ждем зарплату), нестабильная дата оплаты (аванс + зп, или только зп). По сравнению с другими национальными вузами РК, в нашем учебном заведении, а именно в административных отделах, размер заработной платы очень низок. А также мы сталкиваемся с неравномерным размером заработной платы среди работников одного департамента.
Очень прошу Вас пересмотреть систему заработной платы и оказать содействие в решении данного вопроса и удовлетворить наше обращение.
Благодарю Вас за уделенное время!
Ответ:
Здравствуйте! В соответствии с п. 51 Положения об оплате труда, материальном стимулировании и социальной поддержке работников НАО «КазНПУ имени Абая», начисление и выплата заработной платы осуществляются не позднее пятого числа следующего месяца, кроме того согласно п. 52, часть зарплаты за текущий месяц в размере 40% (аванс) выплачивается не позднее 20-го числа каждого месяца. При совпадении дня выплаты заработной платы с выходными или праздничными днями выплата производится накануне. Выплаты за январь произведены 16 января и 4 февраля 2022 года.
Также сообщаем, что на 1 сентября 2021 года зарплата всего персонала была повышена, в целях улучшения положения низкооплачиваемых категорий сотрудников была применена система - чем меньше оклад, тем больше процент увеличения.
03-02-2022 10-18-18
Другие
Автор вопроса: Қызметкер Вопрос № 6017 құрметті ректор мырза, айдың аяғында алатын жалақы туралы сұрайын деп едім. Жалақымыз айдың соңында түсетін еді, оны да заңды алдыға тартып айдың 5не дейін қылды, келістік. Енді ипотекамыз, жеке мүлік алған кредитімізге де анықтаманы да апарып бердік. Бірақ міне айдың 5і болды, жалақы әлі жоқ. Бухгалтерлер тарапынан толыққанды жауап айтылмайды. кімнен және қайдан сұраймыз? Ипотекамызға қандай жауап тартамыз? Осы уақытқа дейін қалай түсірсе де көніп келдік, бірақ шыдамның да шегі бар. Жеке басқа өтпеймін, бірақ бұл жүйенің тездетуіне де сіздің де қатысыңыз бар деп ашық айта аламын. Жауап қайтарылмайтына да мен сенімдімін, бірақ сізде халық баласысыз. Сізден толыққанды жауап ала аламын деген сенімдемін және де ешбір проректордың, расчет.бухгалтердің номерін жазып та қажеті жоқ, өйткені қоңырау шалдық, жауабы түсініксіз. Сәттілік.
Ответ:
Сәлеметсіз бе! 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап барлық қызметкерлердің жалақысы көтерілген болатын. Еңбекақыны есептеу кезінде жалақысы төмен санаттағы қызметкерлердің жағдайын жақсарту мақсатында жалақы неғұрлым төмен болса, өсу пайызы соғұрлым жоғары болатын жүйе қолданылғанын хабарлаймыз.
Жалақыны төлеу тәртібі мен мерзіміне келетін болсақ, «Абай атындағы ҚазҰПУ» КеАҚ қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, материалдық ынталандыру және әлеуметтік қолдау көрсету туралы Ереженің 51-тармағына сәйкес жалақыны есептеу және төлеу келесі айдың бесінші күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады, сонымен қатар 52-тармаққа сәйкес ағымдағы айдағы жалақының бір бөлігі 40% (аванс) әр айдың 20-күнінен кешіктірілмей төленеді. Егер жалақыны төлеу күні демалыс немесе мереке күндеріне сәйкес келсе, төлем бір күн бұрын жүргізіледі. Қаңтар айының төлемдері 2022 жылдың 16 қаңтары мен 4 ақпанында жасалды.
02-02-2022 21-00-39
От родителей
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6016 Сәлеметсіз бе! Бос білім беру грантын тағайындау конкурсы бойынша алдында қойған сұрағыма жауап бергеніңізге рақмет! Бірақ ресми сайтта жарияланған университетішілік конкурс нәтижесінде GPA орта балы төмен студенттер өткен. Конкурс талабында GPA орта балынан басқа ешнәрсе көрсетілмеген. Орта балы жоғары студенттер өту керек еді ғой. Осы жағы түсініксіз боп тұр.
Ответ:
Құрметті студент! Босаған білім беру грант орындарына іріктеу конкурсының талаптары мен нәтижесіне қатысты сұрақтарыңыз болса, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлымен хабарласуыңызға болады.Байланыс тел.:291-13-71. Рахмет!
02-02-2022 20-46-27
От родителей
Автор вопроса: Нұрпейсов Оразбек Разовия Вопрос № 6015 Сәлеметсіз бе? Менің айтқым келгені қызым 3курс ССО екі шет тілі мамандығында оқиды соңғы жыл енді зимний семестр кезінде сессиядан 24балл(арт білім беру пәні) алып қалыпты енді оған ешқандай мүмкіндік жоқ дейді сонда бітіретін кезде құлатып тастайсыздарма бұл деген дұрыс емесқой басқа пәннен 0балл алғандарға 50балл қойып беріпті сонда неге олай бөлесіздер ертең менің қызым бірдеңеге ұрынып қалса не болады соны ойладыңыздарма кім жауап береді мен өзім жалғызбасты әкемін бұлай істеуге болмайдығой оқу ақысын онсызда әрең құйып жатырмыз
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен хабарласуыңызға болады.Байланыс тел.: 291-13-71,е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!
02-02-2022 16-40-43
От студента
Автор вопроса: Аноним Вопрос № 6014 Сәлеметсіз бе? Дорожный бізге қай уақытта түседі екен? Мүмкін болса жауап бере аласыз ба?
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Білім алушыларға жолақы төлемі 4 ақпанда берілген болатын. Жолақысын алмаған болсаңыз, Студенттік бухгалтерияға хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.: 291-37-54. Рахмет!
02-02-2022 12-22-39
От студента
Автор вопроса: Саламат Бекбаев Вопрос № 6013 Саламатсыз ба? Мен магистрант 1курс студентімін. МФИ институты. Бізде шетелге стажировка мәселесі қарастырылғанба? Егер қарастырылған болса қай елдерге бара аламыз? Университет шығынды төлейді ме? Қай уақыт аралығында бара аламыз? Толық жауап күтемін. Рахмет
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша Халықаралық ынтымақтастық департаментінің қызметкерлерімен хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 291-36-92. Рахмет!
Всего записей: 4046