13-12-2020 19-53-06
From students
Author: Anonymous Question # 4461 Сәлеметсіз бе Тахир Оспанұлы?
Мен ӨМСИ дің 1 курс студентімін.Сізден сұрағым келгені,мен ауылдық жерден болғандықтан сетьттің нашарлығымен кей сабақтарда толық қанды қатыса алмадым.Сол себепті рубежканың баллы 70/71 болып қалды.Степендия неше баллдан жоғары беріледі,соны толық білгім келеді.
Answer:
Сәлеметсіз бе! Оқу үлгерімі мен емтихан қорытындысы бойынша толық ақпаратты директорат қызметкерлерінен білсеңіз болады. Рахмет!
13-12-2020 19-32-16
From students
Author: Anonymous Question # 4460 Сәлеметсіз бе, Такир Оспанұлы. Мен 3 курстың студентімін, сабақ нәтижем тек қана бес, енді президенттік степендияға қалай және қашан набор болады, факультеттегі жауапты адамдардан хабар ала алмаған соң сұрап отырмын, жауап берерсіз деген үміттемін.
Answer:
Құрметті студент! Президенттік шәкіртақы мемлекет тарапынан тағайындалатындықтан, нақты уақытын айта алмаймыз. Шәкіртақыны тағайындау туралы толық ақпарат сайтта жарияланып, директорат тарапынан хабарланады. Ресми ақпаратты сайтымыздан бақылап отыруыңызды сұраймыз. Рахмет!
12-12-2020 22-44-08
From students
Author: Anonymous Question # 4458 Қайырлы күн,құрметті Такир Оспанұлы!
Біз сіз басқарып отырған білім ордасында қанша жылдар бойы педагог қызметін атқарған,қаншама студенттерге сапалы білім беріп,болашаққа нық қадам басуына және ең бастысы әрбір студент өзін болашақ педагог ретінде тәрбиелеуіне өз үлесін қосқан ,біздің сүйікті апаймыз-Жұмашева Светлана Сатыбалдықызына алғыс айтқызым келеді.
Құрметті,Жұмашева Светлана Сатыбалдықызы сіздің университетке сіңірген еңбегіңіз ерен!Біздер студенттер сіздің сол еңбегіңізге,бізге берген сапалы біліміңізге үлкен алғыс айтамыз.Біз осыған дейін өз жұмысының майталманы,студенттер,сабақ десе ішкен асын жерге қоятын педагогты алғаш көруіміз.Жақсының жақсылығын айт дегендей,біздің сізге айтар алғысымыз шексіз!!!Жұмысыңызға табыс тілейміз.Шәкірттеріңіз үмітіңізді ақтай берсін!Біз сізді жақсы көреміз,апай!
Answer:
Сәлеметсіз бе! Алғыс білдіргендеріңіз үшін сіздерге рахмет айтамыз. Алдағы сессияда сәттілік тілейміз!
12-12-2020 18-28-17
From students
Author: Anonymous Question # 4457 Сәлеметсіз бе! Желтоқсан айының степендиясы қай уақытта түседі. Рахмет!
Answer:
Сәлеметсіз бе! Шәкіртақы 15 желтоқсан күні беріледі. Келе жатқан Тәуелсіздік күні құтты болсын!
12-12-2020 14-06-32
From students
Author: Әмірханова Арайлым Оразбайқызы Question # 4454 Біз МФжИ 6В01501 - Математика, мамандығының 2-курс МОК-191 студенттеріміз.
Біз аталған өз алғыс тілегімізді ақпараттық коммуникация пән мұғалімі Құрметті Нургул Курмагалиева білдіреміз.
Себебі қазіргі пандемия кезінде оқу қанша қиын болсада, бізге бар білгеніңізбен, біліміміңізбен бөлістіңіз. Жай ғана wordтың өзінен біз білмейтін нәрселер көп екенін ұқтырдыз және біздің техникалық білімімізді арттырдыңыз. Барлық тапсырманы бір ссылкамен ақ ұтымды көрсетуді сізден үйреттіңіз.
Бұл аталған кішкене ғана word біздің үйреуіміздегі біліміміздің тек кішкене бөлігін ғана құрайды. 15 апта бойы сапалы да заман талабына сай біліміңіз бізге үлкен септігін тигізіп біз тек Акт сабағынан ғана емес үштілді білім алып білімге деген тынысымызды кеңейттік.
Әр кезде түсіністік танытқаныңызға мың алғыс!!! Студенттер сұрағына кез-келген уақытта жауап беріп, түсінбеген жағдайда қайта мүмкіндік жасап алтын уақытыңызды бөлгеніңіз үшін рақмет! Қанат бітірер жігерлі сөздеріңіз бізге білім жолымызда үлкен қуаныштар сыйлады! Сіздей Ұстаздың студенті болғанымызға қуанамыз.
Сізге жұмысыңызға табыс, отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілейміз. MOK-191 топ студенттері сізге шын жүректен алғысытарымызды айтамыз!
Answer:
Құрметті студенттер! Ұстаздарыңыздың еңбегін бағалап, алғыс жолдағандарыңыз үшін рахмет айтамыз. Келешекте сіздердің жоғары дәрежелі маман иесі болуларыңызға тілектеспіз!
12-12-2020 11-15-49
From students
Author: Anonymous Question # 4449 Қайырлы күн Такир Балықбаев мырза ! Мен 4-ші курс студентімін.Әлемдік пандемия әсерінен қашықтықта оқутылуымыз себеп, тұрғылықты жерде интернет әлсіздігі мен керекті құралдармен жабдықталмағандықтан, мен күзгі семестрде бір пәннен емтиханға рұқсат ала алмай қалдым.Мұндай жағдайда келесі жылы оқытуға қалдырылып,дипломды бір жыл кешіктіріп алатындығынан енді ғана хабардар болып тұрмын. Осы мәселеде уақытша болған қиындықтарды ескере отырып, жазға қалып қойған пәнімді ақысын төлеп,қысқы семестрден соң оқуға рұқсат берсеңіз.
Answer:
Сәлеметсіз бе! Хатыңызда көрсетілген мәселе бойынша Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.: 8 (727) 291-13-71. Рахмет!
11-12-2020 19-33-54
From students
Author: Anonymous Question # 4446 Салеметсізбе Тахир мырза!Сізден сұрайын дегенім жаратылыстану институтының биылғы жатақхана ақшасы соңғы 2 ай қайтарылды.Ал номері 5 ші жатақхана ақшасы қашан қайтарылады?Неге бәрін бірге қайтармайды?
Answer:
Сәлеметсіз бе! Өтінішіңізді және жатақхана орнына төленген төлемді растайтын түбіртекті өткізсеңіз қайтарылады. Рахмет!
11-12-2020 17-42-13
From students
Author: Anonymous Question # 4445 Құрметті, Такир Балықбаев!!! Мен физика-математика факультетінің 4 курс студентімін 2020 ж 1 семестрде онлайн сабақтар болуына байланысты өз білімімді толқ көрсете алмай бір сабақтан 1рк және 2 рк және аралық бақылаулардың соммасы 27 балл болп қалды. Ереже бойынша 30 баллдан асу керек екен. Енді сұрағы пандемияға байланысты осындай кедергілер болуына байланысты лето сабақтарына мемлекеттік емтиханға дейін төлеп тапсыруға болады мекен? 4курста летога қалып тағы бір жыл оқу міндеттіма?
Answer:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс телефондары: 291-13-71, 291-71-06, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!
11-12-2020 17-04-15
From students
Author: Лабакова Айгерим Question # 4444 Біз 1курс МОК-201у тобының студентіміз. Осы семестр бойынша сабақ берген барлық педагогтарға алғысымыз шексіз! Әрқашан жүздеріңізден күлкі кетпей, тәрбиелеп шығарған студенттеріңіздің құрметіне бөленіп жүре беріңіздер. Атқарып жүрген қиындығы мен қызығы қатар жүретін қызметтеріңіздің тек жемісін көре беріңіздер!
Әсіресе, тобымызбен бірге осы семестр бойынша Капарова Рымкуль, Алмагуль Кайырбаевна, Жансейтова Лаззат апайларға ерекше алғыс айтамыз! Барлығын нақты үйретіп, түсіндіріп, көмектескеніне. Алдағы семестрлерде де сабақ бергенін қалаймыз! Мықты педагогтар.
Answer:
Құрметті студенттер! Ұстаздарыңызға жолдаған алғыстарыңыз үшін рахмет айтамыз. Сіздерге білім және еңбек жолында тек сәттілік тілейміз!
11-12-2020 16-02-11
From students
Author: МОК191 тобының студенттері Question # 4443 Құрметті профессор Балықбаев Такир Оспанұлы!
Біз Математика, Физика және Информатика институтының 6В01501- Математика пәнінің мұғалімдігін даярлау мамандығының 2курс студенттері МОК 191 тобы психология пәнінен берген Сәлмеке Салтанат Аманқызына алғысымызды білдіреміз. Әрбір сабағын қызықты, түсінікті өткізгенініздің арқасында психология пәні туралы біраз мәліметтермен таныстық. Әрбір оқушының өзінше бір ерекшеліктері бар. Сол оқушылармен қандай қарым-қатынаста болу керектігін, қалай жұмыс істеу керектігін жетік меңгердік. Алған білімімізді болашақ педагог ретінде қолданарым сөзсіз!Өзінің ұтқыр ойлауымен, қызықты сабақ өткізуімен МОК191 студенттерінің жүрегіне жол тапқан ұстазым сізге алғысымыз шексіз!
Answer:
Сәлеметсіз бе! Ұстаздарыңыздың еңбегін бағалап, алғыс білдіргендеріңіз үшін рахмет айтамыз. Білім және еңбек жолында толағай табыстар тілейміз!
11-12-2020 15-34-40
From students
Author: МОК191 тобының студенттері Question # 4442 Құрметті профессор Балықбаев Такир Оспанұлы!
Біз Математика, Физика және Информатика институтының 6В01501- Математика пәнінің мұғалімдігін даярлау мамандығының 2курс студенттері МОК 191 группасы 2020-2021 оқу жылында психология пәнінен сапалы білімі мен өнегелі тәрбиесін берген Жігітбекова Бахыт Дастанқызына ерекше алғыс білдіреміз! Құрметті Жігітбекова Бахыт Дастанқызы, әрбір бағажетпес дәрістеріңіз мен өмірлік жолымызда қажет болатын тәжірбиелеріңізбен бөліскенінізге көп рахмет! Әрбір дәріс сабақтарыңызда студенттермен кері байланыс жасап, әрбір студентті бағалап, қазіргі жағдайға байланысты студенттерге моралдық тұрғыдан көмек көрсеткенініз үшін рахмет! Бізді қанша жерден қашықтықтан болсада таласып тармасып сабақ айтатын, дебат жасайтын, пікір алмасатын, жан-жақты айтқан пікірімізді бағалайтын сіздей маманнан сабақ алғанымыз үшін қуанамыз.МОК191 тобы сізге шығармашылық табыс тілейді!!
Answer:
Құрметті білім алушылар! Ізгі тілектеріңіз бен алғыстарыңыз үшін көп рахмет. Білім және еңбек жолында толағай табыстар тілейміз!
10-12-2020 22-58-21
From students
Author: Ақжолбек Жанель Question # 4440 мен 1 курс студенті боламын. фек -201 тобы. мен қазір Ақпараттық-коммуникациялық технология пәнінен беретін Диана Ермекова ға алғысымды айтамын. Бізге көөөптеген сапалы білім үйретті. Біз білмейтін көп нәрсені көрсетті. шын жүегіммен алғысымды білдіремін ДИАНА ЕРМЕКОВА
Answer:
Сәлеметсіз бе! Алғыс жолдағаныңыз үшін Сізге рахмет айтамыз. Білім және ғылым жолында табыс тілейміз!
10-12-2020 02-14-53
From applicant
Author: Anonymous Question # 4427 Сәлеметсіз бе Тахир Оспанович.Мен осы универдің (ақылы)платный бөлімінде оқимын.Байқағаным универде көбінесе гранттағы студенттерге көңіл бөледі!! Мұғалімдер студенттер гранттан түсіп қалмасын деп олардыда ескеріп жатады!Әрине ол дұрыс!Менің оған ешқандай өкпем жоқ!Бірақ неліктен Студенттің оқыған біліміне лайықты балл қоймайды?Платныйда оқып жатсақта ,грантка ауысу үшін қолымыздан келгенше күн-түн демей оқимыз.Алайда Ол студент-Грант десе болды гранттан түспесін деп көтермелейді,ал егер ол студенттің ақылы екенін білсе,ақылы екенгойййй дейдіда төмен балл қойып тастайды!Сонда Студенттің біліміне қарап бағалау қайда қалды?!Бізді әке-шешеміз қатарынан қалмасыншы деп тапқанын оқуымызға төлеп отырады.Біздіңде грантка ауыскымыз келеді.Біз әдейі түсейікші деп ақылы бөлімге түскен жоқпызғой,бізде тек грант/ақылы деп алаламай оқығанымызға лайық қойып берсе екен дейміз.
Алайда, Универде қатып қалған ереже бар-Студентті Гранттан құлатпау деген!!!
Сонда Универге Грантпен түссе , бітіргенге дейін студенттің білім деңгейі төмен ,грантта оқуға тұрмайтын студент болсада грантта қалуы керекпа?
Бұл Біздің Универде Ақылы бөлімде оқитын көп студенттің басындагы Үлкен ПРОБЛЕМАСы деп ойлаймын.Басқа Универде гранттан, степендиядан құлатпау деген қағида жоқ.Тек ,Білім сапасына мән береді!Ал біздің Универімізде неліктен Білім сапасына көңіл бөлінбейді?
Осыны қарастырасыз деген ойдамын!!!
Answer:
Құрметті студент! Біз үшін әр білім алушы маңызды. Грант иегерлеріне мемлекет тарапынан шәкіртақы берілсе, университет тарапынан ақылы негізде оқитын білім алушыларға бірқатар жеңілдік қарастырылған. Жеңілдік білім алушылардың әлеуметтік жағдайын растайтын құжаттар негізінде, арнайы комиссия құрамының шешімімен ұсынылады. Сонымен қатар оқу үлгерімі "өте жақсы", белсенді студенттерімізге бос мемлекеттік грант орындарына ауысуына мүмкіндіктер берілген. Ол үшін бос мемлекеттік грант орындары конкурсына қатысуыңызға болады. Конкурс туралы ақпараттар ресми сайтта жарияланады.
Сұрағыңыздағы білім алушылар білімінің дұрыс бағалануы туралы мәселені міндетті түрде ескереміз. Бұл мәселе бойынша жауапты тұлғаларға тапсырма берілді. Рахмет!
09-12-2020 21-23-01
From applicant
Author: Сара Question # 4426 Сәлеметсіз бе! Сізге үлкен өтініш филиппин мұғалімдері біздің білімімізді дұрыс бағалай алмайды, сабақтан қалмай,уақытылы қатысып барлық тапсырманы орындап жүрсекте!
Answer:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңызда көрсетілген мәселе қарастырылады. Рахмет!
09-12-2020 10-30-28
From applicant
Author: Anonymous Question # 4421 Сәлеметсіз бе, Такир Оспанович! Мен Педагогика және психология институтының 2-курс студенті боламын. Мен сізбен кездесуге қатысқан болатынмын. Сіз өтінішті кез келген уақытта жаза аласыздар деген болатынсыз. Алайда бізден 8 желтоқсан таңғы сағат 10 ға дейін тапсырыңыздар деген. Енді мен өтінішті қайта жаза аламын ба!? Мен кез келген уақытта жаза аламын деп ойлаған едім.
Answer:
Сәлеметсіз бе! Өтінішті директорат тарапынан белгіленген уақытта өткізу қажет. Сұрағыңыз бойынша институт директораты қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Рахмет!
08-12-2020 17-51-12
From applicant
Author: Anonymous Question # 4420 Салеметсизбе мен осымен 3 рет хат жазудамын, али жауап бермединиз,
Менин маселем мен 4 курс информатика мамандыгынын студентимин, толык емес отбасы ретинде оку акысына женилдик алушы едим, осы жылы пандемияга байланысты кужаттарды онлайн тапсыратын болдык , кужаттарымды группа старостасы алган еди откиземин деп, енди оку акысын толер уакыт келгенде кужаттарын откизбегенсин кешиктин енди женилдик берилмейди деп жатыр, сизден сурайын дегеним кужаттарды кешиктирип откизуиме руксатынызды берсениз, себеби оку акысын женилдиксиз толеуге мумкиншилигим болмай тур.Бей жай карамауынызды отинемин.
Answer:
Сәлеметсіз бе! Хатыңызда көрсетілген мәселе бойынша жауапты тұлғаларға тапсырма берілді. Өтінішіңіз бойынша Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен хабарласуыңызға болады. Тел.: 8 (727) 291-13-71. Рахмет!
08-12-2020 17-41-09
From students
Author: Anonymous Question # 4419 Сәлеметсізбе Тахир Оспанұлы. Менің сізге қояр өтінішім бар еді.Мен 2-курс студенті ФилКбби да оқимын. Бізді апайлар дұрыс бағаламайды.Латынәліпбиі қазақ жазуынан пәнінен сабақ беретін апай, яғни Бисенбаева Меруерт РК бағамды төмен қойып қойған.Әйтпесе мен барлық тапсырмаларды жіберіп жүрмін, әр апта сабақ айтып жүрмін, сабақ айтпаған болсам бір сабағын айтпаған шығармын болмаса сабақтарға қатысып жүрмін.Осы мәселені қарастырып берсеңіз құрметті Тахир Оспанұлы.
Answer:
Сәлеметсіз бе! Хатыңызда көрсетілген мәселе бойынша Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен хабарласуыңызға болады. Тел.: 8 (727) 291-13-71. Рахмет!
08-12-2020 15-24-35
From students
Author: Anonymous Question # 4418 Құрметті, Такир Балықбаев!!! Сізге өтініш айтсам деп едім. Отбасылық жағдайға байланысты оқудың төлемақысын кешіктіріп төлеуге рұқсат етіңізші!!! Төлемақы міндетті түрде төленеді. Оған дейін менің 1 семестр бағамды қоя беруге рұқсат етіңізші!!
Answer:
Құрметті студент! Рұқсат беріледі. Өтінішіңіз бойынша институт директорымен немесе Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен хабарласуыңызға болады. Тел.: 8 (727) 291-13-71. Рахмет!
08-12-2020 09-01-16
From students
Author: Студент Question # 4417 Курметти Тахир Оспанұлы! Биздин сизге айтар назымыз бар.Бизге Серік Асылбекұлы деген агай сабак береди.Сабағында Каралы сұлу жане Ақбілек романдарындағы айелмен еркектің ара қатынасы туралы сұрақ коп койып,сол жағын талдата береді.Бизге қыз балаларға оны айту ынғайсыз.Осыны ескерсеніз.Откулак асады деген ойдамыз
Answer:
Сәлеметсіз бе! Хатыңыз назарға алынды. Аталған мәселені қарастыру үшін жауапты тұлғаларға тапсырма берілді.
07-12-2020 21-57-27
From students
Author: Anonymous Question # 4416 Құрметті, Тахир Оспанұлы! Сызге ФМжИ институтының 5в010900 - Математика мамандығында окитын МОК-182 тобының студенттері атынан мың алғыс айткымыз келеді. 2 күн уакытынызды болып, әр бір студенттің сұрагына жауап беріп, сонымен қоса қысқы емтиханға бірталай жеңілдіктер жасап бердіңіз. Біздің университет студенттеріне барлық жағдай жасап отыр, біз сізбен мақтан тұтамыз!!!
Answer:
Құрметті студенттер! Қысқы сессияны сәтті аяқтап, ата-аналарыңызды қуантыңыздар. Алғыстарыңыз үшін үлкен рахмет!
Total records: 4046