Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Welcome to the rector’s blog!

 

 

Dear visitors to the website!
 
The Rector`s blog was created to connect with students, staff and teachers of the University. You can leave your comments, ask questions and make suggestions. Open and regular discussion of issues will help the University administration to work fruitfully.
 
I hope that this platform will expand opportunities for the solution of many problems in our common work, will become an important mechanism for effective mutual exchange of information and implementation of tasks.
 
We are open for dialogue, all appeals will be considered. Every question will be answered.
 
 
Email: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 
 
 
 
 
The Rector's personal reception takes place on the 1st and 3rd Fridays of each month during the academic year - from 3.00 p.m. to 5.00 p.m.
  • Quessions-answers
  • Ask a question
  • Statistics
05-01-2021 19-23-56   From students

Author: Anonymous

Question # 4518
Сәлеметсіз бе Тахир Оспанұлы!
Сізге былтырғы бірінші курс кезінде жатақханаға төлеген төлемақының қалғанын қайтарып береаіздерме деп сұрағым келеді,басқа университеттер төлем ақыларының қалғанын өтініш жазып қайтарып алып жатыр екен
Answer:

Сәлеметсіз бе! Жатақханаға төленген төлемақы өтінішіңіздің негізінде қайтарылады. Сұрағыңыз бойынша ақпарат алу үшін институт директорының орынбасарымен немесе эдвайзеріңізбен хабарласуыңызды сұраймыз. Рахмет!

04-01-2021 23-25-25   From students

Author: Anonymous

Question # 4517
Сəлеметсізбе?Мен 1 курс студенті боламын.1курстар барып оқиды дегенді естіп жатырмыз.2семестрдің онлайн форматта болғаны жақсы.Ауру əлі де көп болып жатыр əсіресе алматы қаласында.Кейін, барып оқысақ ауырып қалсақ не болады?Өз денсаулығыма алаңдаймын жəнеде барлық студентпен олардың ата- аналары балаларының өмірі үшін алаңдайды.Сол себепті оқу форматы онлайн болса
Answer:

Құрметті білім алушы! Екінші семестрде оқу үдерісін ұйымдастыру Білім және ғылым министрлігінің шешіміне сәйкес жүзеге асырылады. Қабылданған шешім бойынша институт директораты тарапынан міндетті түрде хабарланатын болады. Біз үшін негізгі басымдық - сіздердің денсаулықтарыңыз. Сондықтан шыдамдылық танытып,күтулеріңізді сұраймыз. Рахмет!

04-01-2021 20-21-20   Other

Author: Anonymous

Question # 4515
Сәлеметсізбе, Тахир Оспанулы! 2 семестрден бастап корпуста сабақ өтуге дайындалып жатырмыз. Аптасына 3-4 сағаттық практикалық, лабораториялық сабағы бар оқытушылар 30-40 студентпен бір аудиторияда сонша сағат отыруы өте қауіпті деп ойлаймын. Сондықтан, сабақ кестесін жасағанда практикалық сабақтарды 1-2 сағаттан артық қоймаса екен деген тілегіміз бар. Уйде қарт ата-анамыз, жас балаларымыз бар, сондықтан уайымдап отырған жайымыз бар. Осы нәрсені ескеруіңізді өтініп сұраймыз. Рахмет!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Біз үшін білім алушылар мен оқытушылардың денсаулығы маңызды. Сондықтан оқу үдерісін ұйымдастыру форматы жан-жақты талқыланып, Білім және ғылым министрлігінің шешіміне сәйкес жүзеге асырылады. Хатыңызда көрсетілген мәселе міндетті түрде ескеріледі. Рахмет!

04-01-2021 14-18-45   From students

Author: Anonymous

Question # 4513
Құрметті Тахир Оспанұлы! 1-ші курс студенттеріне 2 семестр қандай форматта болады? Мен Батыс Қазақстаннан болғасын билет жағы қиындау болып тұр, себебі қазіргі таңда Алматы да оқитын барлық студенттер билеттерді алып қойып жатыр. Сондықтан билет болмай қалуы мүмкін! Сізден жақын арада хабар беруіңізді өтінемін?! Түсіністікпен қарауыңызды сұраймын.
Answer:

Құрметті білім алушы! Екінші семестрде оқу үдерісін ұйымдастыру Білім және ғылым министрлігінің шешіміне сәйкес жүзеге асырылады. Қабылданған шешім бойынша институт директораты тарапынан міндетті түрде хабарланатын болады. Біз үшін негізгі басымдық - сіздердің денсаулықтарыңыз. Сондықтан шыдамдылық танытып,күтулеріңізді сұраймыз. Рахмет!

04-01-2021 14-15-07   From applicant

Author: Anonymous

Question # 4512
Құрметті, Тахир Оспанович. Біз 1курс студенттері ретінде оқу форматының онлайн немесе оффлайн екенін ертерек білгіміз келеді. 10ыншы қаңтарға дейін күтсек, шет жақта тұратын студенттер үшін қиынырақ болып тұр. Билет табылмай қалуы немесе қымбаттап кетуі деген сияқты мәселелер туындайды. Осы 1-2 күнде бізге нақты хабарын айтсаңыз. Рахмет!!
Answer:

Құрметті студент! Біз үшін негізгі басымдық - сіздердің денсаулықтарыңыз.Сондықтан екінші семестрдегі оқу үдерісін ұйымдастыру мәселесі жан-жақты талқыланып, Білім және ғылым министрлігінің шешімінің негізінде жүзеге асырылатын болады. Әзірге эпидемиология жағдайы қиын болып тұр. Егер оффлайн оқу басталатын болса, алдын-ала хабарлаймыз. Шыдамдылық танытып,күтулеріңізді сұраймыз.Рахмет!

01-01-2021 02-46-04   From students

Author: Anonymous

Question # 4510
Сәлеметсіз бе! 1 курстарға дорожный қанша түседі және қашан түседі. Рақмет! Жаңа Жылыңызбен!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Қаржы-экономикалық департаментінің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Тел.: 2913754, 2917936.

31-12-2020 23-26-41   From students

Author: Anonymous

Question # 4509
Саламатсыз ба! Қазақстан кафедрасы оқытушысы т.ғ.д Сайфулмаликова Сабира Сабытханқызына алғысымды білдіргім келеді. Сайфулмаликова Сабира оқытушымыз өзінің педагогикалық әдістемесімен,шеберлігімен,жоғары талабымен ерекше. Әсіресе пандемия кезінде, қашықтан оқыту барысында ,оқытушымыз дәстүрлі форматтан өзгешеленбеген толыққанды дәрісін оқып, семинар сұрақтарын толық тексеріп,жеке талдаулар жүргізіп,әр уақытта кері байланысты белсенді көрсетіп,бағдарламаны жетік меңгеруге жағдай жасап отырды.Мен біздің Ұстазымызға өте ризамын және үлгі аламын. Мен осы университетте осындай Ұстаздан білім алғаныма қуаныштымын.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Ұстазыңызға алғыс жолдағаныңыз үшін рахмет айтамыз. Жаңа жыл құтты болсын!

30-12-2020 23-40-01   From students

Author: Ақанбай Темірлан Бағдатұлы

Question # 4508
Мен Ақанбай Темірлан Бағдатұлы 1курс 1 топ "6В01408 -Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру спорт" мамандығының студентімін. 24.12.2020 күні "Қазіргі заман тарихы" пәнінен сағат 10 :30 да мемлекеттік емтихан (тест) тапсырдым. Онлайн форматта бірінші рет емтихан тапсырғандықтан емтихан уақытысында қатты қобалжып тест тапсырдым, сонымен қатар интернет желісінің дұрыс ұстамауы үлкен қиыншылық тудырды.
Онлайн оқуға байланысты егер емтиханнан F алған жағдайда 2-3 рет қайта тапсыруға рұқсат беріледі деп ақпарат алдым. Дәл мен сияқты 18 бал алған тобымыздағы студент қайта тапсыруға өтініш жазғанында, өтінішін қабылдап емтиханды қайта тапсыруға рұқсат берілді, ал менің жазған өтінішімді қабылдамай жазғы емтиханға тапсыруға қалдырды. Талап барлық студентке бірдей болуы керек, неге менің өтінішім қабылданбай қалғаны түсініксіз болып отыр. Осы мәселені қайта қарап, шешіп беруіңізді сұраймын.
Answer:

Құрметті студент! Тест қорытындысына байланысты туындаған мәселе бойынша Тестілеу орталығының басшысы Даража Нағашыбайқызы Исабаевамен хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 291-57-50. Рахмет!

30-12-2020 19-16-03   From students

Author: Н

Question # 4507
Құрметті Т.О.Балықбаев сізге айтар өтінішім бар еді.Біз барып оқитын болдық па?Ертерек хабар берсеңіздер және елде ауру әлі де бар,соны ескеріңізші!Біз денсаулығымызға қауіп төндіргіміз келмейді Студенттердің де жағдайын ескеріңіз.Қазір жан жақтан барып оқу пандемия уақытында дұрыс емес секілді.
Answer:

Құрметті білім алушы! Екінші семестрде оқу үдерісін ұйымдастыру Білім және ғылым министрлігінің шешіміне сәйкес жүзеге асырылады. Қабылданған шешім бойынша институт директораты тарапынан міндетті түрде хабарланатын болады. Біз үшін негізгі басымдық - сіздердің денсаулықтарыңыз. Сондықтан шыдамдылық танытып,күтулеріңізді сұраймыз. Рахмет!

30-12-2020 01-41-11   From students

Author: Anonymous

Question # 4506
Сәлеметсізбе? Тахир Оспанович. Жаңа жылыңызбен құттықтаймын. Сізге қояр сұрағым бар еді.
Мен басқа универдің ақылы түрде оқитын студентімін, алдағы екінші семестрде сіздерге ауыспақ ойым бар ақылы түрде.
65 баллмен екі шет тілі мамандығына түсуге мүмкіндігім бар ма? Ал аударма ісі мамандығына ше?
Оқу ақысы, жатақхана ақысы қанша? Мен орналаса аламын ба? Егер оқу орнына құжат тапсырып түсіп жатсам.

отбасылық жағдайға байланысты жатақханадан орын ала аламын ба?

Және түсу барысында тест тапсырамын ба?



Көп сұрақ үшін кешіріңіз, бүкіл мазалап жатқан сұрақтарымды бірден қоюды жөн көрдім. Ескересіздер деген ойдамын
Answer:

Сәлеметсіз бе! Сұрақтарыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс деректері: 291-13-71, 291-71-06, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!

28-12-2020 10-33-32   From applicant

Author: Anonymous

Question # 4493
Сәлеметсіз бе Тахир Оспанұлы?!
Мен ПИП курс студентімін.Және босаған грант орындарында ПИПтан бос орын жоқ деп көрсетілген.Және грантқа көтерілуге маған мүмкіндік жоқ па?Бағаларым барлығы жақсы отбасылық жағдайым тағы бар.Мен грантқа өтініш жазсам болама?
Мен грантқа ауысқым келеді.Жауап беріп ескерсеңіз деймін.
Answer:

Құрметті студент! Бос білім беру гранттарын тағайындау конкурсы жарияланды. Конкурс талаптарына сәйкес оқу үлгеріміңіз бойынша GPA  көрсеткішіңіз 3.0 төмен емес, академиялық қарызыңыз жоқ болса, конкурсқа қатыса аласыз. Ол үшін: ҚР Білім және ғылым министрінің атына өтініш; Абай атындағы ҚазҰПУ ректорының атына өтініш; оқу үдерісінің барлық мерзіміне сәйкес ресми транскрипт; жеке төлқұжаттың көшірмесін тапсыруыңыз қажет. Рахмет!

27-12-2020 22-07-16   From students

Author: Anonymous

Question # 4492
Сәлеметсіз бе Такир Балықбаев мырза, келе жатқан жаңа жылынызбен! Сізге сұрағым, жатақхананын ақшасын алу үшін түбіртек,яғни 1 жылдық ақшасын төлегендегі чекті сұрап жатыр, біз оны қайдан аламыз, жоғалтып алдық немесе лақтырып тастадық дегендей. Басқаша жеңіл алу жолы жоқпа? Және осы 1 семестрде дорожный береме, жоқпа??? РАХМЕТ АЛДЫН АЛА
Answer:

Сәлеметсіз бе! Жатақханаға төленген төлем туралы түбіртектің екінші көшірмесі жатақхана меңгерушісінде болуы керек. Жол ақысына бөлінетін төлемге келетін болсақ, оқу жылының ақпан және маусым айларында төленеді. Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпаратты институт директораты қызметкерлерінен алуыңызға болады. Рахмет! 

24-12-2020 18-34-46   From applicant

Author: Жанерке Турарова

Question # 4491
Құрметті, Абай атындағы Қаз ҰПУ мүшелері,ректор, Педагогика және Психология институт директоры және менің кураторым Исмагулова Раузия апайға алғысымды білдіргім келіп отыр❤️, осы онлайн оқу жылында бізді өмірде көріп, танымаса да, қол ұштарын беріп, көмектескені үшін, жағдайымызды түсінгендеріңіз үшін Алғысым шексіз!!!! Алда тек қана жақсылықта кездесіп, әр қашан бір-бірімізді қолдап жүре берейік ☺️
Answer:

Сәлеметсіз бе! Алғыс білдіргеніңіз үшін рахмет айтамыз. Сіздің алғысыңыз бен пікіріңіз біз үшін өте маңызды. Сізге зор денсаулық,бақытты өмір тілейміз!

24-12-2020 18-25-23   From parents

Author: Айдаркулова Замира

Question # 4490
Курметти ректор мырза, кызымнын кураторы Исмагулова Раузия Сыдыковнага алгыс билдиремин. Ата-аналар мен тыгыз карым-катынаста болып, кыздарымызга багыт-багдар берип отырганы ушин, киын жагдайда демеу берип, колдан келгенше комектескени ушин шексиз алгыс айтамын.Себеби 1 курс окуды онлайн режимде окып отырган кыздарымызга барынша колдау бергени ушин алгыс айтамын.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Алғыс білдіргеніңіз үшін Сізге рахмет айтамыз. Келе жатқан Жаңа жыл — бірлік пен татулықтың жылы болсын! 

24-12-2020 15-20-39   From students

Author: Anonymous

Question # 4483
Сәлеметсіз бе, біздің университеттің студенттері жатақхана ақшасын қайтарып алып жатыр екен, біз ол жайлы естімедікте,және де басқа қалада тұрамын.Қайтару үшін барып өтініш жазу керек дейді, қалай алсақ болады ?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша институт директорымен немесе директор орынбасарларымен хабарласуыңызға болады. Рахмет!

24-12-2020 15-14-51   From students

Author: Anonymous

Question # 4482
Здравствуйте, психологов 4ого курса , каждый год отправляли в военные учреждение для прохождение практики . Но в этом году нам сказали найти самим место для прохождение практики, объясняя это карантинным режимом. Но если разница мы же всеравно будем ходит на практику . Поэтому просим вас по мере возможности для того что бы мы прошли практику как и каждый год все студенты 4ого курса в военном корпусе. Спасибо за внимание.
Answer:

Уважаемый студент! В связи с пандемией в 2020-2021 учебном году поменялись условия прохождения производственной практики студентов-психологов 4-го курса. Так, в этом году для студентов данной специальности прохождение производственной практики с 18.01.2021 по 27.03.2021 будет организовано в дистанционном режиме. Однако, по желанию студентов, они могут пройти производственной практику по месту жительства. Для этого студенты должны заполнить соответствующее ходатайство.

24-12-2020 15-09-37   From students

Author: Anonymous

Question # 4481
Сәлеметсіз бе , біз өндірістік практикаға жылда әскери бөлімге жібепетін , бірақ биыл өзіміз табуымыз керек болып жатыр. Бізге оны карантин есебібен түсіндірді.Бірақ соңғы практикамызды ықпалды өткузгіміз келеді.Мүмкіндік болса жылды өтіп жүргендей әскери бөлімге жіберуіңізді сұраймын
Answer:

Құрметті студент! Пандемиялық жағдайға байланысты 2020/2021 оқу жылындағы "Психология" мамандығында оқитын 4 курс студенттерінің өндірістік практикасына өзгерістер енгізілді. Сондықтан, 2021 жылдың 18 қаңтар – 27 наурыз аралығында жоспарланған өндірістік практика қашықтан өткізіледі. Сонымен қатар, студенттердің қалауы бойынша, сұраныс хат негізінде тұрғылықты мекен жайында өндірістік практикадан өтуге де рұқсат беріледі.

23-12-2020 19-49-50   From students

Author: Anonymous

Question # 4479
Сәлеметсізбе! Кеше жаңалықтардан 1-курс студенттері университетке барып оқиды деген хабарды естіп едік. Нақты жауап қашан шығады? Ертен билет болмай қалмасын дегеніміз
Answer:

Құрметті студент! Оқу үдерісіне қатысты ресми ақпарат директорат тарапынан міндетті түрде хабарланады. Рахмет!

23-12-2020 11-55-05   From students

Author: Anonymous

Question # 4478
Қайырлы күн Такир Оспанұлы президенттік стипендия алу үшін 1,2,3 семестрді (А, -А) өте жақсы жабу керек па. Толығырақ ақпарат беріңізші. Бізге 1 ші курста оқып жүргенде осылай айтылған еді. Бірақ бүгін оқу бөлімінен сұрағанда 3 курста беріледі деп жатыр.
Answer:

Құрметті студент! Оқу бөлімі тарапынан Сізге жалған ақпарат берілмейді. Оқу үдерісіне қатысты сұрақтарыңыз бойынша нақты жауап алу үшін институт директорымен тікелей хабарласуларыңызға болады. Рахмет!

21-12-2020 09-13-52   From students

Author: Anonymous

Question # 4476
Қайырлы күн! 1курс студенті едім, 2 семестр грантка ауысуга мүмкіндік бар ма? Бар болса қалай ауысуға болады? Алдын ала рахмет!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Екінші семестрда грантқа ауысу үшін оқып жатқан мамандығыңыз бойынша грантта бос орын болуы керек. Оқу үлгеріміне қатысты талапқа келетін болсақ, бірінші  семестрдегі емтихандардың барлығы "өте жақсы" (А, А- ) деген бағалармен тапсырылуы тиіс. Грант бойынша бос орындар туралы мәліметті эдвайзеріңіз немесе институт директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарынан біле аласыз. Рахмет!

Total records: 4039

« перв. ... < пред. ...  93  94  95  96  97 98  99  100  101  ... след. > ... посл. »

First name: *


E-mail:



Phone:



Subject:


Question: *


Enter the code from the image: *


Number of questions

April, 2024
7
March, 2024
5
February, 2024
20
January, 2024
11
December, 2023
21
November, 2023
19
October, 2023
17
September, 2023
25
August, 2023
39
July, 2023
29
June, 2023
60
May, 2023
41
April, 2023
49
March, 2023
22
February, 2023
42
January, 2023
68
December, 2022
55
November, 2022
50
October, 2022
62
September, 2022
52
August, 2022
33
July, 2022
32
June, 2022
49
May, 2022
139
April, 2022
64
March, 2022
45
February, 2022
46
January, 2022
57
December, 2021
29
November, 2021
43
October, 2021
70
September, 2021
75
August, 2021
109
July, 2021
79
June, 2021
62
May, 2021
69
April, 2021
74
March, 2021
47
February, 2021
42
January, 2021
68
December, 2020
61
November, 2020
62
October, 2020
42
September, 2020
48
August, 2020
57
July, 2020
81
June, 2020
88
May, 2020
65
April, 2020
86
March, 2020
57
February, 2020
37
January, 2020
28
December, 2019
47
November, 2019
72
October, 2019
70
September, 2019
61
August, 2019
88
July, 2019
47
June, 2019
71
May, 2019
54
April, 2019
70
March, 2019
51
February, 2019
45
January, 2019
75
December, 2018
87
November, 2018
51
October, 2018
54
September, 2018
77
August, 2018
105
July, 2018
46
June, 2018
43
May, 2018
45
April, 2018
36
March, 2018
30
February, 2018
28
January, 2018
17
December, 2017
17
November, 2017
12
October, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений