Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Welcome to the rector’s blog!

 

 

Dear visitors to the website!
 
The Rector`s blog was created to connect with students, staff and teachers of the University. You can leave your comments, ask questions and make suggestions. Open and regular discussion of issues will help the University administration to work fruitfully.
 
I hope that this platform will expand opportunities for the solution of many problems in our common work, will become an important mechanism for effective mutual exchange of information and implementation of tasks.
 
We are open for dialogue, all appeals will be considered. Every question will be answered.
 
 
Email: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 
 
 
 
 
The Rector's personal reception takes place on the 1st and 3rd Fridays of each month during the academic year - from 3.00 p.m. to 5.00 p.m.
  • Quessions-answers
  • Ask a question
  • Statistics
23-01-2021 16-08-56   From parents

Author: Anonymous

Question # 4583
Сәлеметсіз бе?! Мен шет тілі:екі шет тілі мамандығының 2 ші курс студенті едім. Бізге 1 курста ағылшын тілі өтіліп еді. 2 курста тек қана шет тілінен білім беру методикасы өтіліп жатыр. Неліктен бізге ағылшын тілі пәні өтілмейді? Осы сұрақты бірнеше рет қойған болатынмын жауап жоқ. Және айта кететін жайт қытай тілінен 1-ші семестрде фонетика өтілген болатын,2ші семестрде ештене өзгерген жоқ,ал универ жүйесінде грамматика деп жазылып тұр. Неге грамматика өтілмейді соны білейін деп едім?!
Answer:

Құрметті студент! Білім алушы «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасын толыққанды меңгеруі үшін 2 курста  мамандықтың ерекшелігіне байланысты екінші шетел тілінің базалық пәндерін  (Практикалық фонетика (екінші шетел тілі: ағылшын/ француз/ неміс тілі-5 кредит), Практикалық грамматика (екінші шетел тілі: ағылшын/ француз/ неміс тілі – 5 кредит))  оқуы керек. Әр мамандықтың өз ерекшелігі болғандықтан, бекітілген әр семестрдің оқу жоспарына сәйкес теориялық және практикалық сабақтар жүргізіледі. Яғни, білім беру бағдарламасы бойынша меңгеруге тиіс барлық пәндер қамтылып, бекітілген пәндер және кредит сандары толық орындалуы керек.

Оқу үрдісіне байланысты сұрағыңыз туындаған жағдайда Сіз институт директорымен хабарласып, қажетті ақпаратыңызды алуыңызға болады. Рахмет!

 

22-01-2021 19-04-23   From applicant

Author: Мұрат Асаров

Question # 4582
Кеш жарық, мен аталған оқу орнында 1983-1987 жылдары Физика-математика факультеті, физика-математика мамандығында оқып едім. Осы оқу орнында оқыды деген анықтама қажет.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Анықтама алу үшін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ректорының атына өтінішіңізді жазып, куәлік және диплом көшірмелерінің электронды нұсқасын өткізуіңіз қажет. Өтінішіңіз бойынша мұрағаттық анықтама 5 күннің ішінде дайын болады. Косымша ақпаратты «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының қызметкерлерінен алуыңызға болады. Байланыс тел.: 8(727) 291 64 97, e-mail: centr.shapagat@mail.ru.
 
22-01-2021 09-02-21   From applicant

Author: Anonymous

Question # 4581
Сәлеметсіздер ме? Шет елге магистратураға тапсыруға өтінім беру басталды. Документтерді жинау барысында, 11-сынып аттестаты керек екенін білдім. Маған тек сканерь түрі қажет. Оны қалай және қайдан алуыма болады.Рақмет
Answer:

Сәлеметсіз бе! Құжатыңыздың көшірмесін Студенттік кеңсе қызметкерлерінен алуыңызға болады. Байланыс телефоны: 295-16-65 (Қазыбек би,30, 116 каб.). 

21-01-2021 19-24-53   From students

Author: Anonymous

Question # 4579
Мен 1 курста оқимын және де сұрайын дегенім жатақхананы қандай жағдайларға байланысты береді мен алыс аймақтан және көп балалы үйден боламын соның өзінде берілмеген?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Жатақхана бойынша толық ақпаратты институт директорының орынбасарынан алуыңызға болады. Қосымша ақпаратпен сайтымыздан таныса аласыз: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/2507/page/. Рахмет!

 
21-01-2021 17-08-27   From students

Author: Қазыбек Диляра

Question # 4578
Здравствуйте, Такир Балыкбаев. Ситуация такая: 21 января 2021 года студентам поступила стипендия. По итогам зимней сессии у меня по всем дисциплинам 4-5 и я ожидала поступления стипендии. Но заметив, что стипендии всё же нет, я позвонила в бухгалтерию и спросила, почему же так, на что мне ответили, что по постановлению (какому именно не уточнили), январь считается ещё 1 семестром, а по итогам зимней сессии студенты будут получать стипендию только с начала февраля. Такого постановление я не нашла и прошу вас разъяснить данную ситуацию. Извините, что потревожила с таким вопросом, но доверие есть только к вам. Благодарю.
Answer:

Здравствуйте! Государственная стипендия на первый академический период назначается всем студентам, магистрантам, зачисленным на первый курс (первый год обучения) по государственному образовательному заказу, и выплачивается с 1 сентября ежемесячно до завершения первого академического периода и каникул включительно. В последующих академических периодах государственная стипендия назначается студентам, магистрантам и выплачивается по результатам промежуточной аттестации (экзаменационной сессии) за предшествующий академический период. Можете ознакомиться с Порядком назначения и выплаты государственной стипендии: http://adilet.zan.kz/rus/docs/P080000116_. По данному вопросу также можете позвонить директору Финансово-экономического департамента Тамаре Садирбаевне Сапарбаевой. Тел.: 291-30-67. Спасибо!

21-01-2021 13-44-16   From students

Author: Anonymous

Question # 4577
Сәлеметсіз бе?! Менің сұрайын дегенім, мен қыстық емтиханды жақсы жауып шәкіртақыға ілінген болатынмын. Бірақ қаңтар айында маған шәкіртақы түспеді. Старостамнан сұрасам біздің тек ақпан айынан бастап алатынымызды айтты. Неліктен олай? Ол қашан қабылданған заң? Қандай бұйрық?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Бірінші академиялық кезеңге мемлекеттік шәкіртақы мемлекеттік тапсырыс бойынша бірінші курсқа (бірінші оқу жылына) қабылданған барлық студенттерге, магистранттарға тағайындалады және 1 қыркүйектен бастап бірінші академиялық кезең және каникул аяқталғанға дейін ай сайын төленеді. Келесі академиялық кезеңдерде мемлекеттік шәкіртақы білім алушыларға Мемлекеттік шәкіртақыны тағайындау және төлеу тәртібіне сәйкес алдыңғы академиялық кезеңдегі аралық аттестаттау (емтихан сессиясы) нәтижелері бойынша тағайындалады және төленеді.

Шәкіртақы туралы қосымша ақпарат алу үшін Қаржы-экономикалық департаменті қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-37-54. Рахмет!

 

21-01-2021 12-54-54   From students

Author: Anonymous

Question # 4576
Сәлеметсіздер ме?! 2021жылдан бастап шәкіртақыға 25% қосылады ма?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Шәкіртақы мемлекет тарапынан қаржыланатындықтан, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес төленеді. Рахмет!

21-01-2021 11-35-33   From students

Author: Anonymous

Question # 4575
Сәлеметсіз бе құрметті Тахир Оспанұлы! Мен ПИИ-ң 3-курм студентімін. Сізге қояр сұрағым:Президент шәкіртақысына үміткерлердің тізімі шықты ма? Шыққан жағдайда шәкіртақы қашан түседі?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Президенттік шәкіртақы туралы хабарландыру сайтымызда жарияланған: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/3406/notice/. Шәкіртақының төленуі туралы Қаржы-экономикалық департаменті қызметкерлерінен сұрауыңызға болады. Тел.: 291-37-54.  

21-01-2021 11-32-51   From students

Author: Anonymous

Question # 4574
Сәлеметсіз бе! Мен ЖГИ-де Биология-ағылшын тобының 3 курс студентімін,менің сұрайын дегенім бізде сабақ таңғы 9:00 де басталып кешкі 20:00 де аяқталады. 11 сағат сабақ оқу деген зуммен онлайн түрде, дұрыс па?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Бекітілген сабақ кестесі бойынша сабақ 12.00-18.50 аралығында өтеді. Қосымша 3 сағат ағылшын тілін меңгеру бойынша курс жүргізіледі.

20-01-2021 19-53-21   From students

Author: Anonymous

Question # 4572
Құрметті Такир Балыкбаев мырза бізге 1-ақпаннан бастап оқу оффлайн деп жатыр, сол себепті сізге айтар өтінішім бізге негізінен онлайн оқу тиімді қазір Алматы қаласында Короновирус індеті өршіп тұр сол себепті онлайн оқу өтінішімді қарастырып көрсеңіз?
Answer:

Сәлеметсіз бе! ҚР Білім және ғылым министрлігінің талабы бойынша 1 курста оқитын күндізгі бөлім студенттерінің барлығы офлайн форматта оқуы тиіс. Оқуға келе алмаған жағдайда, білім алушының денсаулығына байланысты медициналық анықтамасы болуы қажет. Рахмет!

19-01-2021 18-55-15   From students

Author: Anonymous

Question # 4571
Сәлеметсіз бе Тахир Оспанұлы! Мен 2 курс студентімін. Біз елдегі ахуалға байланысты онлайн форматта оқып жатырмыз бұл формат бізге тиімсіз болсада. Сізден сұрарым тым болмаса практиканы оффлайн өтуге рұқсат етсеңіз. Біз болашақ ұстаздар тәжірибе арқылы шыңдала,біліміміз тереңделе түседі емес пе? Тым болмаса аптасына 1-2 күн мектептерден практикадан өтіп тәжірибе алуға мүмкіндік берсеңіз. Әр студент өзінің тұрғылықты жерінен өтсе жақсы болар еді
Answer:

Сәлеметсіз бе! 2 курс үшін оқу офлайн форматына көшкен кезде тәжірибе де офлайн режимінде жүргізіледі.

19-01-2021 18-50-33   Other

Author: Anonymous

Question # 4570
Здравствуйте, Тахир Оспанович! Хотели высказать свою просьбу. Мы преподаватели института филологии. Почему у нашего института нет своего корпуса? Все институты в своих отдельных корпусах, а почему институт филологии без своего здания? Рассмотрите пожалуйста наше предложение, а оно такое: у Факультета для иностранных студентов (фаундейшн) есть отдельное здание (на ул. Абая), но студентов там раз два и обчелся, может распределим студентов и преподавателей факультета, а они многие по нашим специальностям, на наши кафедры и филологам выделите данное здание,и будет у нашего института свой корпус. И кабинеты отдельные будут у преподавателей, а то кафедры свыше 50-60 человек и все в одном кабинете. Как смотрите на такое предложение?
Answer:

Здравствуйте! Учебный корпус №6 ГУК является корпусом Института филологии и полиязычного образования (1, 3, 4 этажи). В дальнейшем будет рассмотрен вопрос для выделения корпуса для администрации.

19-01-2021 10-55-55   From students

Author: Айман

Question # 4568
Сәлеметсіз бе қаңтар айының стипендиясы қашан түседі?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Шәкіртақы 25 қаңтарға дейін беріледі.

18-01-2021 12-25-35   From students

Author: Anonymous

Question # 4566
Здравствуйте! Я магистрант 1 курса специальности ПМНО, по семейным обстоятельствам, я бы хотела перевестись в Кызылординский Государственный университет имени Коркыт Ата на эту же специальность, возможен ли перевод с сохранением образовательного гранта? И по поводу перевода кому я могу обратиться?
Answer:

Здравствуйте! С информацией о правилах перевода в другие вузы можете ознакомиться, пройдя по ссылке: https://www.kaznpu.kz/ru/123/page/. Дополнительную информацию можно взять у сотрудников Департамента по академическим вопросам. Контактные данные: 291-13-71, 291-71-06, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Спасибо! 

17-01-2021 17-27-22   From students

Author: Anonymous

Question # 4564
Сәлеметсіз бе 2015 жылы оқудан шығарылуына байланысты,қазір жалғастыра аламын ба? 4 курстың екінші семестрінен бастап оқуды жалғастыруыма мүмкіндік бар ма?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толығырақ ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс деректері: 291-13-71, 291-71-06, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!

17-01-2021 12-27-16   From students

Author: Anonymous

Question # 4563
Сәлеметсізбе.Университет сайтынан керекті ақпарат ала алмадым.ҚазҰПУ де “Әлеуметтік жұмыс” мамандығы бар ма ? Ақпарат саны жеткіліксіз.Институт, кафедралар бөліміне кіргеніммен, ол жақтан сол кафедра мамандықтардың нақты тізімі шықпады.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Оқу орнымыздың білім беру бағдарламаларымен және оқу ақысы, жеңілдіктер туралы ақпараттармен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: https://www.kaznpu.kz/kz/2150/page/ .Қосымша ақпарат алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмахан Әуесбекұлымен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-57-68. Рахмет!

16-01-2021 23-10-47   From students

Author: Anonymous

Question # 4562
Сәлеметсіз бе Т.О.Балықбаев сізге айтар өтінішім бар еді. Офлайн оқу біз үшін өте ТИІМСІЗ. Себебі біріншіден денсаулығымызға қатты алаңдаймыз, екіншіден аз уақытта алыстан бару өте тиімсіз.
ЖӘНЕ бізге өз таңдауымызды(офлайн/онлайн) жасауға мүмкіндік берсеңіздер❗❗❗
Answer:

Сәлеметсіз бе! Оқу форматы Білім және ғылым министрлігінің шешімінің негізінде, университетіміздің Академиялық күнтізбесіне сәйкес ұйымдастырылады. Қазіргі уақытта оқу форматы бойынша әр институт тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Оқу үрдісіне қатысты сұрақтарыңыз болса, институт директорымен немесе эдвайзеріңізбен хабарласуыңызды сұраймыз. Рахмет!

 
16-01-2021 22-05-19   From students

Author: Anonymous

Question # 4561
Сізден онлайн оқуды қалдыруыңызды сұраймын. Себебі алыс аймақтан барып жүру бізге қиын. Және өз денсаулығымызға аландап,онлайн оқуға өтініш жазуымызға неге рұқсат жоқ?
Тек ковидпен ауырып,өтініші болғанда ғана онлайнға рұқсат деген өте тиімсіз. Өтініш барлық жағдайды ескеріңізші!!!
Answer:

Сәлеметсіз бе! ҚР Білім және ғылым министрлігінің талабы бойынша 1 курста оқитын күндізгі бөлім студенттерінің барлығы офлайн форматта оқуы тиіс. Оқуға келе алмаған жағдайда, білім алушының денсаулығына байланысты медициналық анықтамасы болуы қажет. Рахмет!

16-01-2021 10-04-12   From applicant

Author: Anonymous

Question # 4560
Сəлеметсіз бе! Мен 2 курста окитын едим. Туратын каламда сеть жок Алматыга келген едим 18і сабак басталады Өтініш маган жатақханадан орын бересіз бе!
Answer:

Құрметті студент! Егер Сіз офлайн форматында оқитын 1 курс студенті болсаңыз, жатақханадан орын алу үшін өтініш жазуыңыз қажет. Өтінішіңізді институт директораты қызметкерлеріне тапсыруыңызға болады. Рахмет! 

15-01-2021 17-20-24   From applicant

Author: Anonymous

Question # 4559
Сәлеметсізбе? Сіздерге қояр сұрағым не үшін өтініш арқылы келу келмеуді қарастырып жатсыздар? Нақты келу керек демесеңіздер студенттер оңай жолды яғни онлайнды таңдап отыр. Себебі барсақ бізді қинайды стипендиядан айырылып қаламыз дейді. Басқаларға солай шығар бірақ біздің универ қабырғасында оқығымыз келеді. Онлайннан бізге ешқандай білім жоқ ! Кешегі өткен нәрсені бүгін ұмытып қаламыз. Себебі ұйқыдан тұра сала онлайн кіре саламыз. ұйықтап отырамыз. дұрыстап қарастырсаңыздар екен! Бізге білім керек. Біз болашақ мұғалімбіз!
Answer:

Сәлеметсіз бе! ҚР Білім және ғылым министрлігінің талабы бойынша 1 курста оқитын күндізгі бөлім студенттерінің барлығы офлайн форматта оқуы тиіс. Оқуға келе алмаған жағдайда, білім алушының денсаулығына байланысты медициналық анықтамасы болуы қажет. Рахмет!

Total records: 4046

« перв. ... < пред. ...  91  92  93  94  95 96  97  98  99  ... след. > ... посл. »

First name: *


E-mail:



Phone:



Subject:


Question: *


Enter the code from the image: *


Number of questions

May, 2024
4
April, 2024
10
March, 2024
5
February, 2024
20
January, 2024
11
December, 2023
21
November, 2023
19
October, 2023
17
September, 2023
25
August, 2023
39
July, 2023
29
June, 2023
60
May, 2023
41
April, 2023
49
March, 2023
22
February, 2023
42
January, 2023
68
December, 2022
55
November, 2022
50
October, 2022
62
September, 2022
52
August, 2022
33
July, 2022
32
June, 2022
49
May, 2022
139
April, 2022
64
March, 2022
45
February, 2022
46
January, 2022
57
December, 2021
29
November, 2021
43
October, 2021
70
September, 2021
75
August, 2021
109
July, 2021
79
June, 2021
62
May, 2021
69
April, 2021
74
March, 2021
47
February, 2021
42
January, 2021
68
December, 2020
61
November, 2020
62
October, 2020
42
September, 2020
48
August, 2020
57
July, 2020
81
June, 2020
88
May, 2020
65
April, 2020
86
March, 2020
57
February, 2020
37
January, 2020
28
December, 2019
47
November, 2019
72
October, 2019
70
September, 2019
61
August, 2019
88
July, 2019
47
June, 2019
71
May, 2019
54
April, 2019
70
March, 2019
51
February, 2019
45
January, 2019
75
December, 2018
87
November, 2018
51
October, 2018
54
September, 2018
77
August, 2018
105
July, 2018
46
June, 2018
43
May, 2018
45
April, 2018
36
March, 2018
30
February, 2018
28
January, 2018
17
December, 2017
17
November, 2017
12
October, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений