Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Welcome to the rector’s blog!

 

 

Dear visitors to the website!
 
The Rector`s blog was created to connect with students, staff and teachers of the University. You can leave your comments, ask questions and make suggestions. Open and regular discussion of issues will help the University administration to work fruitfully.
 
I hope that this platform will expand opportunities for the solution of many problems in our common work, will become an important mechanism for effective mutual exchange of information and implementation of tasks.
 
We are open for dialogue, all appeals will be considered. Every question will be answered.
 
 
Email: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 
 
 
 
 
The Rector's personal reception takes place on the 1st and 3rd Fridays of each month during the academic year - from 3.00 p.m. to 5.00 p.m.
  • Quessions-answers
  • Ask a question
  • Statistics
13-01-2021 22-47-17   From students

Author: Anonymous

Question # 4550
Сәлеметсізбе, Такир Оспанұлы! Мен 1ші курс магистрантымын. Отбасылық жағдайларыма байланысты, Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетіне ауысқым келеді. Ауысқан жағдайда білім грантым сақталадыма? Және ауысу құжаттары мәселесімен кіммен байланыссам болады.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Бір жоғары оқу орнынан екіншісіне ауыстыру және қайта қабылдау жазғы және қысқы демалыс кезеңінде жүзеге асырылады. Ауысу жолдары туралы толық ақпарат алу үшін институт директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарына хабарласуыңызға болады. Рахмет! 

13-01-2021 22-46-48   From students

Author: Ақанбай Темірлан

Question # 4549
Саламатсызба. Біз онлайн оқысақ екен деймін, себебі дәл қазіргі уақытта офлайн оқуға жағдайым жоқ соны сүсінуіңізді сұраймын!!!
Answer:

Сәлеметсіз бе! ҚР Білім және ғылым министрлігінің талабы бойынша 1 курста оқитын күндізгі бөлім студенттерінің барлығы офлайн форматта оқуы тиіс. Оқуға келе алмаған жағдайда, білім алушының денсаулығына байланысты медициналық анықтамасы болуы қажет. Рахмет!

13-01-2021 21-53-00   From students

Author: Дядюнова Екатерина Константиновна

Question # 4548
Здравствуйте! Почему я не могу получить скидку на оплату? Почему на сайте написано одно, а мне говорят другое???
Answer:

Здравствуйте! Если Ваши подтверждающие документы соответствуют требованиям по скидке за обучение, то Вам обязательно предоставят скидку. По вопросам скидок обращайтесь к заместителю директора института по воспитательной работе. Спасибо!

13-01-2021 21-51-40   From students

Author: Дядюнова Екатерина Константиновна

Question # 4547
Здравствуйте. Я вот пишу Вам уже 3й раз!!! Почему на сайте университета написаны скидки, я звоню тем кто отвечает за эти скидки, а мне говорят что таких нет???
Answer:

Здравствуйте! Если Ваши подтверждающие документы соответствуют требованиям по скидке за обучение, то Вам обязательно предоставят скидку. По вопросам скидок обращайтесь к заместителю директора института по воспитательной работе. Спасибо!

13-01-2021 16-03-04   From students

Author: Anonymous

Question # 4546
Саламатсыз ба, осы айда дорожный туседи ма
Answer:

Сәлеметсіз бе! Ақпан айында беріледі. Төлем ақы бойынша сұрақтарыңызбен студенттік бухгалтерияға хабарласуыңызға болады.Тел.: 291-37-54.

13-01-2021 15-36-55   From students

Author: Ч

Question # 4545
Барлығы бірдей онлайн форматта оқысыншы!!!!Бұл барлығымыз үшін өте тиімді.Жартысы офлайн жартысы онлайн болғаны дұрыс емес секілді
Өтініш біздің жағдайымыз ескерілсінші.Алыс аймақтан жылдың қақ ортасында бару өте қиын
Answer:

Сәлеметсіз бе! Оқу үрдісі министрліктің бұйрығына сәйкес ұйымдастырылады. Офлайн форматында оқуға шақырылған 1 курс студенттері жатақханамен қамтамасыз етіледі. Оқу үрдісіне қатысты сұрақтарыңыз бойынша институт директорымен хабарласуыңызға болады. Рахмет!

 
13-01-2021 10-14-56   From students

Author: Толыбаева Жазира

Question # 4544
Сәлеметсіз бе 1 ші семестрда неге гратнқа түскен студенттер тізімі шықпады. Егер шықса қайда тұрғанын айта салыңызшы. Өтініш өте маңызды. 2ші семестрда да шықпады неге?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Грант иегерлерінің тізімі сайттың "Хабарландырулар" бөлімінде жарияланған. Рахмет!

12-01-2021 16-55-34   From students

Author: Аяла

Question # 4536
Сәлеметсіз ба. Қаңтар айының стипендиясы түсе ме қашан түседі.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Шәкіртақы қаңтар айында міндетті түрде беріледі. 

12-01-2021 02-54-29   From students

Author: Anonymous

Question # 4533
Сәлеметсіз бе Такир Оспанұлы! Менің сізден 1-курс студенттерін 2-семестрда онлайн режимде қалдыруыңызды сұрағым келеді.Себебі қазір Алматы қаласында эпидемиологиялық жағдай мәз емес. Үлкен қалада ауру жұқтырып аламыз деген қорқыныш бар.Денсаулығымыз үшін алаңдаудамыз.Алдын ала рақмет!
Answer:

Құрметті студент! Оқу процесі Білім және ғылым министрлігінің шешімінің негізінде ұйымдастырылады. Екінші семестрдегі оқу форматына қатысты ақпарат университетіміздің ресми сайтында жарияланған:https://www.kaznpu.kz/kz/3391/notice/ . Қазіргі уақытта институттарға оқу форматы бойынша нұсқаулық беріліп, білім алушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қосымша ақпаратты институт директораты қызметкерлерінен алуыңызға болады. Рахмет!

12-01-2021 02-42-18   From students

Author: Anonymous

Question # 4532
Сәлеметсіз бе,Такир Оспанұлы! Сізге қояр сұрағым 1 курс стунденттері 2-семестрде қандай форматта оқитын болды?Ал сабақтың басталуына болса 1 апта ғана уақыт қалды .Алыс жақтан да келетін студенттер бар дегендей. 2- семестрде оқуды онлайн түрде жалғастырсақ деп өтінгім келеді себебі,Алматы қаласында эпидемиологиялық жағдай мәз емес болғандықтан,денсаулығымыз үшін алаңдаудамыз.Алдын ала Рақмет!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Екінші семестрдегі оқу форматына қатысты ақпарат университетіміздің ресми сайтында (https://www.kaznpu.kz/kz/3391/notice/) және әлеуметтік желідегі парақшаларда жарияланды. Институттарға оқу форматы бойынша нұсқаулық беріліп, білім алушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қосымша ақпаратты институт директораты қызметкерлерінен алуыңызға болады. Рахмет!

11-01-2021 17-03-23   From applicant

Author: Anonymous

Question # 4531
Сәлеметсіз бе! Біз екінші семестрді онлайн оқысақ екен. Себебі қазіргі уақытта басты мәселе пандемияға қатысты. Сондай-ақ қысқы уақытта барып оқуға көбі материалды дайын емес. Біздер, студенттер үшін, онлайн оқу ең дұрыс шешім деп ойлаймыз.Өтінішімізді ескерсе екен!рахмет
Answer:

Сәлеметсіз бе! Оқу форматы бойынша ресми ақпарат сайтымызға жарияланды: https://kaznpu.kz/kz/3391/notice/. Қосымша ақпаратты институт директоратынан алуыңызға болады. Рахмет! 

10-01-2021 19-46-48   From applicant

Author: Anonymous

Question # 4530
Сәлеметсіз бе құрметті ректор мырза, мен 1 курс магистрантымын, сіздер сабақты оффлайн ретінде болады депсіздер. Біз сабақтан қашпаймыз, бірақ сіздер біздің денсаулығымызға жауап бере аласыздар ма? Сонымен қатар Алматы қаласы үлкен регион қаншама адам келіп кетуде, сырттан келетін студентер бар дегендей. Жалпы кімге болсада денсаулық қымбат. Сол үшін біздің денсаулығымызға кепіл бере аласыздар ма? Негізі нақты індет жойылды деген бұйрық бар ма? Болса көрсете аласыздар ма? Осы семестр онлайн біткен дұрыс, алдағы уақытта оқытып қайта өршіп кетте сіздердің қандай әрекет, сақтандыру болады?
Answer:

Құрметті магистрант! Университеттің Академиялық саясатының және Академиялық күнтізбесінің негізінде магистраттар мен докторанттар теориялық оқуын қашықтан жалғастырады. Оқу форматы бойынша институттарға нұсқаулық берілді. Оқу процесіне қатысты сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін  институт директорына хабарласуыңызға болады. Рахмет!

09-01-2021 13-50-57   From students

Author: Дана Толеубекова.

Question # 4529
Қайырлы күн, Такир Оспанұлы!
Мен филология институтының 1 курс магистрантымын. Сізден көмек сұрап жазып отырған себебім, білім грантын сақтап, Еуразия ұлттық университетіне көшу мүмкіндігі бойынша туындаған қиындықтар реті.
Жыл басында Нұр-сұлтан қаласына тұрмысқа шығуыма және жұмыс орнымның ауысуына байланысты көшуім туралы және Еуразия ұлттық университетіне білім грантын сақтап ауысуым жайлы декантқа айтқан едім, бірқатар қиындықтар барын хабарлады.
Біріншіден, 1 курс басталмас бұрын пререквизит құнын төлеген болатынмын, алайда олар оқу жоспарына қостырылмай, яғни оқылмай қалуы.
Екіншіден, Еуразия Ұлттық университеті 14 қаңтар құжаттарды қабылдаудың соңғы күні екенін хабарлады, алайда деканаттың айтуы бойынша 14 қаңтарға дейін ведомость жабуға мүмкіндік жоқ, себебі, бағалар қойылып қойғанның өзінде, құжат бойынша қорытынды экзамендердің аяқталу уақыты 14і күніне сай келіп отырғанын айтты.
Осы мәселе бойынша ауысуыма ықпал етуіңізді сұраймын.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Сіз өз өтінішіңіз бойынша білім грантын сақтай отырып ұлттық университеттен басқа ұлттық университетке ауыса аласыз. Ауысу екі оқу орнының келісімімен, каникул уақытында рәсімделеді. Ұлттық университеттерде мемлекеттік білім грантымен оқитын магистранттың 1 жылдық оқуын қаржыландыруға бөлінетін қаражат көлемі бірдей. 

Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмахан Әуесбекұлымен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-57-68. Рахмет!
08-01-2021 13-17-10   From students

Author: Anonymous

Question # 4528
Құрметті Такир Оспанұлы студенттердің оффлайн оқуы туралы ресми мәлімдемені күтудеміз.
Сұрақ: Педагогикалық практика мысалы менде жетекшілік ететін және сабақ өтетін сыныбым 9 сынып, егер Алматы қаласында бітіруші сыныптар дәстүрлі оқу форматына ауысса (9-11 сынып) біздің Алматы қаласына практиканы өткізуіміз қажет пе?
3- курс Тарих-Дінтану мамандығы.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Алматы қаласы бойынша бас cанитар дәрігердің қаулысына сәйкес рұқсат берілсе, мектептердегі 9-11 сыныптарға сабақ өткізіп жүрген 3-4 курс студенттерін практикадан өтуге шақыра аламыз. Қазіргі уақытта рұқсат берілмегендіктен,практика белгіленген талапқа сәйкес өткізіледі. Карантин жағдайына байланысты өзгерістер еңгізілсе, міндетті түрде хабарланатын болады. Рахмет!

08-01-2021 12-29-52   From students

Author: Anonymous

Question # 4527
Демеуова Лязат Нурмахановнаға үлкен алғысымды білдіргім келеді
Біздің студенттер үшін тер төгіп, еңбек етуде
Осы студенттер үшін жақсылығыңызды ешқашан умытпаспыз
Сізге көп рахмет
Алдағы уақытта үлкен табыстарға жетіп, мақсаттарыңызды бағындыра беріңіз
Answer:

Сәлеметсіз бе! Алғыс білдіргеніңіз үшін рахмет айтамыз. Білім жолында тек сәттілік тілейміз! 

07-01-2021 20-33-25   Other

Author: Anonymous

Question # 4526
Сәлеметсіз бе!
Мен Абай атындағы Педагогикалық Университетіне 2 немесе 3 курста грантымды сақтап бара аламын ба химия және биология пәні бойынша . Дәл қазір мен Алматы Технологиялық университетінің студентімін
Answer:

Сәлеметсіз бе! Оқу орнымызға ауысу туралы толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс деректері: 291-13-71, 291-71-06, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!

07-01-2021 18-32-05   From students

Author: Айзада

Question # 4524
Сәлеметсіз бе! 2 семестр 1 курс студенттері университететке барып оқитын болды ма? Қашан нақты жауап айтылады.Университетке барып оқысақ біліміміздің сапасы туырланар еді.Сеть бойынша қиын болып жатыр! Рақмет!
Answer:

Құрметті студент! Біз үшін негізгі басымдық - сіздердің денсаулықтарыңыз. Екінші семестрдегі оқу үдерісін ұйымдастыру мәселесін қарастырып жатырмыз.Оқу форматы Білім және ғылым министрлігінің шешімінің негізінде ұйымдастырылады. Әзірге эпидемиология жағдайы қиын болып тұр. Егер оффлайн оқу басталатын болса, алдын-ала хабарлаймыз. Рахмет!

06-01-2021 14-22-11   From parents

Author: Кунтуарова Бибайша

Question # 4521
Құрметті Тахир Оспанұлы!Келіп жеткен жаңа жылыңыз құтты болсын тек қуаныш бақыт әкелсін. Менің қызым осы университеттің студенті грант орындары босады ДЕП өтініш жаздық, өзім бес балаңның анасымын күйеуім Оспанның қайтқанына алты жыл болады. Екі студентім бар.Қызымның GPA 3.76 Сізден өтініш ,гранттардың дұрыс бөлінуін қадағаласаңыз.
Answer:

Құрметті ата-ана! Бос білім беру гранттары білім алушыларға конкурс нәтижесінің негізінде тағайындалады. Үміткерлерді іріктеу кезінде арнайы комиссия құрамы жұмыс жасайды. Өтінішіңіз міндетті түрде ескеріледі. Рахмет!

06-01-2021 13-56-13   From students

Author: Anonymous

Question # 4520
Здравствуйте уважаемый Тахир Оспанович!Поздравляя вас с новым годом хотела бы задать вопрос. Я студентка ИПП, 3-курса, специальность психология, 5в050300. Ответье пожалуйста на вопрос: как на 3-курсе второго семестра будет проходить практика?
Answer:

Здравствуйте! Для нас самое главное - здоровье и безопасность обучающихся. В соответствии с постановлением главного санитарного врача по г. Алматы о состоянии карантинного режима мы можем пригласить студентов  на практику. Поскольку в настоящее время разрешение не выдано, практика проводится только в соответствии с установленными требованиями. В случае внесения изменений, связанных с условиями карантина, информация обязательно будет сообщена. Спасибо!

06-01-2021 13-49-51   From students

Author: Anonymous

Question # 4519
Сәлеметсіздер ме! 3-курс, 2-семестрдегі педагогикалық практика қандай форматта өтеді?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Оқу жылының оқу жүктемесіне сәйкес теориялық сабақтар мен практика белгіленген кезеңде жүргізіледі. Практикадан өту бойынша арнайы нұсқаулық беріледі. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін «Мансап» орталығының қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс деректері: Қазыбек би көшесі, №30, №1 оқу ғимараты, 204-каб.

 +7(727)291-83-50
raximberdi777@mail.ru

Total records: 4039

« перв. ... < пред. ...  92  93  94  95  96 97  98  99  100  ... след. > ... посл. »

First name: *


E-mail:



Phone:



Subject:


Question: *


Enter the code from the image: *


Number of questions

April, 2024
7
March, 2024
5
February, 2024
20
January, 2024
11
December, 2023
21
November, 2023
19
October, 2023
17
September, 2023
25
August, 2023
39
July, 2023
29
June, 2023
60
May, 2023
41
April, 2023
49
March, 2023
22
February, 2023
42
January, 2023
68
December, 2022
55
November, 2022
50
October, 2022
62
September, 2022
52
August, 2022
33
July, 2022
32
June, 2022
49
May, 2022
139
April, 2022
64
March, 2022
45
February, 2022
46
January, 2022
57
December, 2021
29
November, 2021
43
October, 2021
70
September, 2021
75
August, 2021
109
July, 2021
79
June, 2021
62
May, 2021
69
April, 2021
74
March, 2021
47
February, 2021
42
January, 2021
68
December, 2020
61
November, 2020
62
October, 2020
42
September, 2020
48
August, 2020
57
July, 2020
81
June, 2020
88
May, 2020
65
April, 2020
86
March, 2020
57
February, 2020
37
January, 2020
28
December, 2019
47
November, 2019
72
October, 2019
70
September, 2019
61
August, 2019
88
July, 2019
47
June, 2019
71
May, 2019
54
April, 2019
70
March, 2019
51
February, 2019
45
January, 2019
75
December, 2018
87
November, 2018
51
October, 2018
54
September, 2018
77
August, 2018
105
July, 2018
46
June, 2018
43
May, 2018
45
April, 2018
36
March, 2018
30
February, 2018
28
January, 2018
17
December, 2017
17
November, 2017
12
October, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений