Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Welcome to the rector’s blog!

 

 

Dear visitors to the website!
 
The Rector`s blog was created to connect with students, staff and teachers of the University. You can leave your comments, ask questions and make suggestions. Open and regular discussion of issues will help the University administration to work fruitfully.
 
I hope that this platform will expand opportunities for the solution of many problems in our common work, will become an important mechanism for effective mutual exchange of information and implementation of tasks.
 
We are open for dialogue, all appeals will be considered. Every question will be answered.
 
 
Email: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 
 
 
 
 
The Rector's personal reception takes place on the 1st and 3rd Fridays of each month during the academic year - from 3.00 p.m. to 5.00 p.m.
  • Quessions-answers
  • Ask a question
  • Statistics
09-11-2020 16-34-47   From students

Author: Anonymous

Question # 2484
Сәлеметсіз бе Құрметті Тахир Оспанұлы! Мен 3 курс докторанты боламын.Мен пандемияға байланысты жоспарға сәйкес 2020 жылдың сәуір айында Түркия Республикаы Анкара қаласына шетелдік тағылымдамаға бара алмадым.Жалпы мен ғана емес 3 курс докторанттарының көбі бара алмай қалды.Егер келесі семестрде де бару мүмкіндігі болмаса пандемияға байланысты бізге Мемлекет тарапынан бөлінген ақша өзімізге беріледі ме? Негізі берілу керек деп ойлаймын.Біз докторанттар жұмыс істеуге болмайды, ғылыми жұмыспен айналысу керек деген соң жұмыс істеп жатқанымыз жоқ қазіргі уақытта. Шәкіртақы көтерілді. Бірақ ол біздің мақала шығаруымызға, Скопуска мақала шығаруға жеткіліксіз болады. Егер шетелге шыға алмасақ бөлінген ақшаға Скопусқа мақала шығарсақ деп ойлаймын.Осы мәселені министрлікке жолдап, шешіп беруіңізді өтінеміз.
Answer:

Құрметті докторант! Әлемде және елімізде болып жатқан пандемия жағдайына байланысты шектеулер қойылған. Мемлекетіміз үшін ең бастысы қоғамның, яғни сіздердің қауіпсіздіктеріңіз маңызды. Еліміздегі ахуал бойынша мемлекет тарапынан арнайы хабарлама болып, білім алу бойынша шетелге бару бағыты ашылатын болса, шетелдік тағылымдамадан өтесіздер. Тағылымдама бойынша қосымша ақпарат алу үшін Академиялық ұтқырлық секторының қызметкерімен хабарласуыңызға болады.

 

Байланыс деректері:

Қазыбек би көшесі, 30/1, 2 каб.
 +7(727)-291-12-45
acadmob@kaznpu.kz

07-11-2020 15-31-34   From applicant

Author: Anonymous

Question # 2482
Сәлеметсіз бе.Мен талапкермін,қазір Қарағандыда колледжде 3 курсте 2 шет тілі мұғаліміне оқимын.Сіздің университетіңізге түсейін дегенмін өз мамандығымды жалғастырып.Колледждең кейін түсушілерге жеңілдіктер бар ма?. Грантқа түсу үшін қанша бал керек?.Тағы да сұрағым, грантқа түспеген жағдайда жылына қанша төлеймін ?.Жатахананын бағасы қандай?
Answer:

Құрметті талапкер! Сұрақтарыңыз бойынша нақты жауап алуыңыз үшін университетіміздің қабылдау комиссиясы немесе Call-орталығы қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Тел.: +7(727)291-57-68, 8(727) 221-85-14.

06-11-2020 18-32-54   From students

Author: Орынбаева Диана

Question # 2480
Сәлеметсіз бе?!
Мен 6В01703 Шет тілі:екі шет тілі 2курс студентімін.Екінші шет тіліне қытай тілін таңдаған едім.
Енді сұраққа көшсем,екінші шет тілі аптасына бір рет қана болады және 2 ақ сағат. Осы аз сабақ уақытында екінші шет тілін үйрену қиынға соғады. Себебі біз бұл тілді жаңадан бастадық,педагогтың қарауынсыз үйренуде қиынға соғады.
Өтініш екінші шет тілінің сағатын көбейтуді қарастырсаңыз жақсы болатын еді!!!
Answer:

Құрметті студент! Білім алушыларға өткізілетін сабақтар, яғни пәндер білім бағдарламасының алдын ала бекітілген жұмыс оқу жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Алдағы уақытта ұсынысыңызды ескеретін боламыз. Рахмет!

06-11-2020 15-47-41   From applicant

Author: Дана

Question # 2479
«Бастапқы әскери дайындық» кафедрасы республикалық ұлттық рейтингі қорытындысы бойынша бакалавр дайындауда соңғы екі жыл қатарынан республика бойынша бірінші орын алып келеді. Бұл жетістігіміз университет рейтингісіне елеулі үлес қосады деп ойлаймыз.
Өкінішке орай, ішкі университеттің ранжирлік рейтингісінде сол жетістіктер еленбейді, біз секілді республикалық ұлттық рейтингтен орын алған кафедралардың аты да аталмайды. Бұл кафедра үшін де, университет үшін де үлкен жетістік деп есептейміз. Ал, университеттің ранжирлік рейтингісінен жүлделі орынға ие болған кафедра оқытушылары мен меңгерушілері, сіздің бұйрығыңызбен қосымша материалдық марапатқа ие болатындығын естідік.
Аса қадірлі ректор Такир Оспанұлы, кафедра ұжымы сізден республикалық ұлттық рейтингтен жүлделі орынға ие болған кафедра оқытушыларының еңбегі де бағаланса.
Сонымен қатар, кафедра кадр дайындауда үлкен жетістіктерге ие болу да, үш оқытушымыз докторантура бітіріп қорғауға дайын, ал екі оқытушымыз докторантура да оқып жатыр. Бұл кафедрамыздың жетістіктерінен сіздің де құлағдар болып жүргеніңізді қаладық.





Answer:

Сәлеметсіз бе! Құттықтаймын, университетіміз үшін өте жақсы жетістік. Оқу орнымыздың тарапынан жүргізілетін профессор-оқытушылар құрамының рейтингісінде  республикалық конкурстағы жетістіктерді ескеретін жұмыс көрсеткіші енгізілген. «Бастапқы әскери дайындық» кафедрасының білім беру бағдарламасы республикалық рейтингіндегі жүлделі орынға ие болуын кафедра меңгерушісі мен институт директоры ұсынған бір реттік сыйақымен атап өтуге болады. Рахмет!

06-11-2020 14-56-35   From students

Author: Anonymous

Question # 2478
Сәлеметсізбе,ректор мырза!Біз жаратылыстану және география институтынының студенттеріміз.Дене шынықтыру пәнінің оқытушылары бізге берілген тапсырмаларды видеоға түсіруді тапсырады немесе бұйырады.Біз танымайтын оқытушыға видеомызды жібергіміз келмейді.Және оқытушының қандай құқығы бар студенттерге жаттығуларды видеоға түсіріп орындатуға,біз түсінеміз біз дене шынықтыру пәні мұғалімі мамандығына түссек екен,мамандығымыз мүлдем басқа,мамандығымызға байланысты сабақтар бізді олай қинамайды.Қандай бұйрыққа негізделіп дене шынықтыру пәні осындай форматта өткізіліп отыр!Рахмет жауап күтемін!
Answer:

Құрметті студент! Пандемия жағдайына байланысты жоғары оқу орындарында оқу үдерісі онлайн жүргізілуде. Оқу жылында бекітілген жұмыс оқу жоспарына сәйкес білім беру бағдарламаларында «Дене шынықтыру» пәні өткізіледі. Бұл пән бойынша сіздердің білімдеріңізді бағалау үшін оқытушы видеоға түсіру тәсілін қолданып отыр. Сіз өзіңіздің «Дене шынықтыру» пәні бойынша сабақ беретін оқытушыңызға тапсырманы орындағаныңыздың дәлелі ретінде оны видео немесе басқа форматта орындап жібересіз, оқытушы орындаған тапсырмаңызға сай тиісті бағаңызды қояды. 

05-11-2020 17-38-00   From students

Author: Anonymous

Question # 2476
Сәлеметсіз бе! МЕн ауылда тұрамын.СЕть өте нашар ұстайды. Сол себепті күзгі сессияны 2 АБ дың ортақ баллынан шығарсаңыз екен. Бізде бір сабақ ауызша болса, қалай тапсырамыз?
Answer:

Құрметті студент! Қазіргі таңда университеттің барлық профессор-оқытушылар құрамы студенттерге білім беру және орындалған тапсырмаларды бағалау, тексеру үшін түрлі оңай әдіс-тәсілдерді және платформаларды қолдануда. Сондықтан оқытушы тарапынан берілген тапсырмаларды уақытылы орындап, өзге де білім алушылар секілді тиісті бағаңызды алғаныңыз дұрыс. 

05-11-2020 17-12-44   From students

Author: Anonymous

Question # 2475
Саламатсыз ба ! Студенттердің жағдайына неге дурыс қарамайды , біз ауылдың шалғай жерде тұрғандықтан күндізгі уакытта зумм және тимс жүйелеріне сабакка катыса алмаймыз , бірақ уақытылы сабақ жіберіп отырамыз жасап , ал мұғәлімдер қатысым жоқ деп балды 60 тан жағарылатпайды бұлай болмайды ғой ! Мұғәлімдер тым талапшыл студенттің жағдайына қарауларын айтуларыңызды сураймын !
Answer:

Құрметті студент! Оқу орындары қашықтан оқыту жүйесіне көшірілуіне байланысты жаңа оқу жылынан бастап студенттердің онлайн режимінде білім алуларын қамтамасыз ету үшін жүйелі жұмыстар жасалды. Білім алушылардың тиісті техникалық құрылғылармен және Интернет желісімен қамтамасыз етілгендігі туралы ақпарат алу және көмек көрсету мақсатында барлық институттар бойынша сауалнама жүргізіліп, эдвайзерлер тарапынан көмек көрсетілуі тиіс студенттердің тізімі әзірленіп, дайындық шаралары жүргізілді. Студенттер мен оқытушылар үшін жағдай жасалынды. 2-ші ағымдық бақылаудың аяқталуына аз уақыт қалған сәтте түрлі сылтау айту орынсыз. Сондықтан оқытушы тарапынан берілген тапсырмаларды уақытылы орындап, өзге де білім алушылар секілді тиісті бағаңызды алғаныңыз дұрыс. Сұрағыңыз үшін рахмет!

05-11-2020 11-24-18   From students

Author: Anonymous

Question # 2474
Құрметті Тахир Оспанұлы!
Біз қашықтықтан сабақ өткелі біраз сабақтар дұрыс өтілмей жүр !!! Кейбір оқытушылар жайбарақ қарайды. Университет деңгейінде өтіліп жатқан жоқ!! Кейбір оқытушыларымыз сабақ кестесін білмейдіде, өзіміз ескертіп отырамыз!!! Бір сабақтан өзіміз ссылка жіберетін болдық!!!Соңында аралық бақылау кезінде өтпеген сұрақтарымызды қойып, кей сабақтардан аралық бақылау болмай жатып бағаларымызды қойып тастапты!!! Атап айтсақ , психологиядан беретін оқытушымыз Диана Исаевна аралық бақылауға дейін кемінде 6 семинар болу керек еді, оның 2 ғана болды, қалған кезде менің қолым бос емес, мен ауырып тұрмын, мен басқа жердемін деп жүрді. Соңында аралық бақылау кезінде бағаларымыз біздің қалай сабақ айтатымызды көрмей жатып , білмей жатып көп студенттерге төмен қойып тастады!!! Осы жағдай ескерілсе деймін ! оқутушылар өз міндерін білсе екен.
Answer:

Құрметті студент! Шағымыңыз назарға алынды. Берілген мәлімет міндетті түрде тексеріледі. Тексеріс нәтижесіне сәйкес шешім қабылданады.Рахмет!

 
05-11-2020 00-25-35   From students

Author: Anonymous

Question # 2473
Саламатсыз ба!
Мен 6В511-Химия ағылшын тобында 2 курста оқимын. Біздің группада 23 студент болатын. Қазақ группасынан грант ұтып, 7 студент ауысып келді.Сонымен 30студент болдық. Неге бізді 3 топқа бөлмейді? Біз сабақ айтып үлгермейміз... Жоғары жаққа айтсақ, біз бөлмейміз барлықтарың 1 группа боласыңдар дейді. Негізінде 1 группада 15 адамнан артық болмау керек қой!
Осы маселені қолға алып, шешіп берсеңіз! Біз сабақ айтып үлгермегендіктен баллымыз да аз болып жатыр! Сұрағымды жауапсыз қалдырмассыз деп үміттенем!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз қарастырылды. Институттың «6В01511-Химия» білім бағдарламасының ағылшын бөлімінде студент санының 31-ге жетуіне байланысты үшінші топты ашу туралы шешім қабылданып, ресми түрде сағат саны бекітілді. Жаңадан келген студенттердің тілдік деңгейі анықталып, деңгейлік «Ағылшын тілі» пәні бойынша топтарға бөлу мәселесі қарастырылатын болады. Ол туралы институт басшылығынан сіздерге ақпарат беріледі.

Оқу үдерісіне қатысты шешілмей жатқан мәселелеріңіз болса, бірінші кезекте институт басшылығымен хабарласуларыңыз қажет. Білім алушылардың кейбір мәселелері институт деңгейінде шешуге болатындығын ескертеміз. Рахмет! 

04-11-2020 11-06-47   From students

Author: Anonymous

Question # 2472
Құрметті ректор!сізге 3курс студенті жазып тұрмын,қазіргі жағдайға байланысты оқу ақысына тым болмаса 30% жеңілдік беруіңізді сұраймын, өзім жұмыс істеп оқудын ақшасын төлеймін өте қиын,уақытылы төлей алмаймын, оқудан шығарып жібереміз деп айтады,Онлайн оқу универге барып оқығанға жетпейді!Өтіңіш жеңілдік жағын қарастырыңызшы!!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Университет тарапынан ақылы негізде оқитын білім алушыларға 100 пайызға дейін жеңілдік қарастырылған. Жеңілдік алу үшін өтінішіңіз бен әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды өткізуіңіз қажет. Оқу орнымыздың жеңілдіктер ережесімен сайтымыздан таныса аласыз: https://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/Pol_2020.pdf. Рахмет!

04-11-2020 10-18-40   From students

Author: Anonymous

Question # 2471
Саламатсыз ба, Тахир Оспанұлы! Қазіргі еліміздегі жағдайға байланысты онлайн оұып жатқанымыз белгілі, десе де онлайн оқу универге барып оқығанмен тең дәрежедегі білімді бере алмайды. Сонымен қатар індетке байланысты барлық отбасының табыс көзі азайғандығы мәлім. Осы жағдайларды ескере отырып, оқу ақысына деген 30-40% жеңілдік берулеріңізді сұраймын! Әлеуметтік жағдайға байланысты жеңілдік берілетінін білеміз, бірақ сол қатарға енбей қалып жатқан көп балалы отбасылар қаншама?! Сол себепті елеусіз қалдырмасаңыздар екен деймін.
Answer:

Құрметті студент! Әлеуметтік жеңілдіктер бойынша берілген өтініштер міндетті түрде қарастырылады. Жеңілдік білім алушының өтініші мен әлеуметтік жағдайын растайтын құжаттарының негізінде қарастырылады. Оқу орнымыздың жеңілдіктер туралы ережесіне сәйкес құжаттарыңызды тапсырсаңыз болады. Рахмет! 

03-11-2020 11-32-43   From parents

Author: Касым Канагат Токсеитовна

Question # 2470
Добрый день уважаемый ректор. Хотела узнать насколько достоверна информация, что ваш ВУЗ теперь является Акционерным т.е. он теперь не является Национальным? Ваш выпускник получит диплом частного ВУЗа?
Answer:

Здравствуйте! Выпускники КазНПУ имени Абая, как и ранее, будут получать дипломы собственного образца, университет сохранил статус «Национальный» и не является частным вузом. 

02-11-2020 16-15-15   From students

Author: Anonymous

Question # 2469
Біз қазіргі таңда қашықтықтан оқытылып жатқандықтан, оқудың ақшасын 40-50%-ға дейін азайтуларыңызды сұраймын. Студенттердің жағдайына түсіністікпен қарасаңыздар. Университет қабырғасында жүріп оқымаған соң университетте көптеген қаражат үнемделуде. Барлық студентке жеңілдік жасауларыңызды қарастырады деп үміттенемін. Көп рақмет!
Answer:

Құрметті студент!  Біріншіден, оқу орындары еліміздегі карантин жағдайына байланысты қашықтан оқу жүйесіне көшірілді. Қазіргі уақытта сіздердің толыққанды білім алуларыңыз үшін университет тарапынан барлық жағдай жасалуда. Оқу орны қашықтан білім беру үдерісін толықтай қамтамасыз ету үшін техникалық, ақпараттық, материалдық жағынан жұмысын тоқтатқан жоқ, сондықтан барлық білім алушыларына жеңілдік жасай алмайды. Жаңа жүйе тек сіздерге ғана қиындық тудырып жатқан жоқ. Оқытушылар арнайы біліктілікті арттыру курстарына қатысып, білімдерін шыңдауда. Сондықтан ұстаздарыңызға қолдау көрсетіп, білім алуға тырысуларыңыз керек. Түсіністік танытуларыңызды сұраймыз. 
Жеңілдік мәселесіне келетін болсақ, өтінішіңіз бен әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды директоратқа тапсырсаңыз болады. Құжаттарыңызды арнайы құрылған комиссия қарастырады. Рахмет!
02-11-2020 15-58-02   From students

Author: Anonymous

Question # 2468
Сәлеметсіз бе. Мен 4 курс студентімін. Қысқы президенттік стипендияны алған болатынмын.Енді тағы да президенттік шәкіртақыға құжаттар жиналады ма? Осы сұрақ бойынша кімге жүгінсем болады?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Президенттік шәкіртақы бойынша ақпарат ресми сайтымыз бен директорат тарапынан хабарланады. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін институт директорымен хабарлассаңыз болады. Рахмет!

 
02-11-2020 13-24-28   From parents

Author: Anonymous

Question # 2467
Сәлеметсіз бе! Менің қызым осы университеттің 2 курс студенті еді. Алматы қаласының акимат грантында оқиды. Қызыма степендия уақытында неге түспейді, оның үстіне заң бойынша 42мыңға көтерілді емес пе , педагог мамандығында оқиды ғой? Акиматка звандосак университеттен степендия көтеру туралы документ келмеді дейді, ал университетке звондасак нақты ешкім жауап бермейді. Неге бір бірлеріңізге сілтеп отыра бересіздер, Оның үстіне акимат грантында оқып жатқан студенттердің бәрі көп балалы отбасынан шыққандар.Акимат бізге июль, август айларына стипендия бермепті, оны универ өз есебінен төлеген. Енді универ сол акшаны бізден ұстап қалып отыр. Стипендия уакытылы төленбейді!!! Июль, август айларындағы стипендияны кайтаруды сұраймын. Стипендияны әр ай сайын, уакытылы төленсін! Сұрағыма нақты жауап күтемін.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Шәкіртақы 42000 теңгеге көтерілу мәселесі бойынша университет акиматпен хабарласып, бұйрықтың Әділет министрлігінде тіркеуде екенін және қолданысқа берілмегенін анықтады. Шәкіртақы бұйрыққа сәйкес төленеді.

02-11-2020 12-13-29   From students

Author: Anonymous

Question # 2466
Сәлеметсіз бе!Тахир Оспанұлы
мен бакалаврға басқа мамандық бітіріп,магистратураға басқа мамандыққа оқуға түстім,енді разница ақшасы бізге көрсетіліп бітті,оны бізге бүгін төлеп бітіңдер диді,біз қалай 250 мың теңгені 2-3 күнде таба саламыз,бізге счет,реквизитті 31 күні түнде жіберді
Разница ақшасын 1 семестр сессиясы басталғанға дейін төлесек болмайма ?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Пән айырмашылығы бойынша төлем бекітілген уақытқа сәйкес міндетті түрде төленуі тиіс. Белгілі себептермен төлемді уақытында төлей алмайтын болсаңыз, өтінішіңізді жазып институт директорына берсеңіз болады. Рахмет!

31-10-2020 11-21-33   From parents

Author: Anonymous

Question # 2464
Сәлеметсіз бе құрметті Тахир Оспанұлы. Менің қызым осы университеттің 2 курс студенті еді. Алматы қаласының акимат грантында оқиды. Қызыма степендия уақытында неге түспейді, оның үстіне 42мыңға неге көтерілмейді, педагог мамандығында оқиды ғой? Акиматка звандосак университеттен степендия көтеру туралы документ келмеді дейді, ал университетке звондасак нақты ешкім жауап бермейді. Неге бір бірлеріңізге сілтеп отыра бересіздер, акиматпен жұмыс жасауы тиіс приемная комиссия екен, неге приемная комиссия дұрыс жұмыс атқармайды? Неге акиматпен хабарласып студенттерге дұрыс степендия түсіру туралы келсіссөз жүргізбейді? Сонда сіздерді студенттеріңіздің жағдайы алаңдатпайма? Оның үстіне акимат грантында оқып жатқан студенттердің бәрі көп балалы отбасынан шыққандар.Сұрағыма нақты жауап күтемін.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Мемлекет тарапынан бекітілген арнайы қаулыға сәйкес шәкіртақы төленеді. Рахмет! 

31-10-2020 10-00-48   From applicant

Author: Anonymous

Question # 2463
Саламатсызба Құрметті Такир Оспанұлы!Мен Алматы Қалалық Әкімдік грантымен білім аламын,бізге қыркүйек айында Университеттің атынан 26 мың стипендия теңге түскен еді.Бізге 42 мың теңге түсеме?болмаса қазан айының стипендиясы әлі түскен жоқ ол қашан түседі?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Шәкіртақы 42000 теңгеге көтерілу мәселесі бойынша университет әкімдікпен хабарласты. Бұйрық Әділет министрлігінде тіркеуде екені анықталды. Шәкіртақы бұйрыққа сәйкес төленетіндігін ескертеміз.

31-10-2020 09-23-51   From applicant

Author: Anonymous

Question # 2462
Сәлеметсізбе Құрметті Такир Оспанұлы. Мен Педагогика және психология институтының 2 курс студентімін . Мен Алматы қалалық әкімдігінің грантымен білім алушы едім, бізге Университет атынан 26мың теңге стипендия түсті ,тек қыркүйек айына ғана .Енді мені мазалаған сұрақ : бізге 42 мың теңге түсеме ?болмаса 26 мың теңге қашан түседі?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Шәкіртақы 42000 теңгеге көтерілу мәселесі бойынша университет әкімдікпен хабарласып, бұйрықтың Әділет министрлігінде тіркеуде екенін және қолданысқа ұсынылмағаны белгілі болды. Шәкіртақы бұйрыққа сәйкес төленетіндігін ескертеміз.

29-10-2020 20-45-14   From students

Author: Anonymous

Question # 2461
Саламатсызба, жатакхананын акшасы кашан кайтарылады? Жарты жылдан узак уакыт оттигой уже
Неге калай болса солай карайсыздар?
Answer:

Құрметті студент! Жатақханаға берілген төлемақыны қайтару үшін өтініш жазып, институт басшылығына өткізуіңіз қажет. 

Total records: 4046

« перв. ... < пред. ...  99  100  101  102  103 104  105  106  107  ... след. > ... посл. »

First name: *


E-mail:



Phone:



Subject:


Question: *


Enter the code from the image: *


Number of questions

May, 2024
4
April, 2024
10
March, 2024
5
February, 2024
20
January, 2024
11
December, 2023
21
November, 2023
19
October, 2023
17
September, 2023
25
August, 2023
39
July, 2023
29
June, 2023
60
May, 2023
41
April, 2023
49
March, 2023
22
February, 2023
42
January, 2023
68
December, 2022
55
November, 2022
50
October, 2022
62
September, 2022
52
August, 2022
33
July, 2022
32
June, 2022
49
May, 2022
139
April, 2022
64
March, 2022
45
February, 2022
46
January, 2022
57
December, 2021
29
November, 2021
43
October, 2021
70
September, 2021
75
August, 2021
109
July, 2021
79
June, 2021
62
May, 2021
69
April, 2021
74
March, 2021
47
February, 2021
42
January, 2021
68
December, 2020
61
November, 2020
62
October, 2020
42
September, 2020
48
August, 2020
57
July, 2020
81
June, 2020
88
May, 2020
65
April, 2020
86
March, 2020
57
February, 2020
37
January, 2020
28
December, 2019
47
November, 2019
72
October, 2019
70
September, 2019
61
August, 2019
88
July, 2019
47
June, 2019
71
May, 2019
54
April, 2019
70
March, 2019
51
February, 2019
45
January, 2019
75
December, 2018
87
November, 2018
51
October, 2018
54
September, 2018
77
August, 2018
105
July, 2018
46
June, 2018
43
May, 2018
45
April, 2018
36
March, 2018
30
February, 2018
28
January, 2018
17
December, 2017
17
November, 2017
12
October, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений