Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Welcome to the rector’s blog!

 

 

Dear visitors to the website!
 
The Rector`s blog was created to connect with students, staff and teachers of the University. You can leave your comments, ask questions and make suggestions. Open and regular discussion of issues will help the University administration to work fruitfully.
 
I hope that this platform will expand opportunities for the solution of many problems in our common work, will become an important mechanism for effective mutual exchange of information and implementation of tasks.
 
We are open for dialogue, all appeals will be considered. Every question will be answered.
 
 
Email: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 
 
 
 
 
The Rector's personal reception takes place on the 1st and 3rd Fridays of each month during the academic year - from 3.00 p.m. to 5.00 p.m.
  • Quessions-answers
  • Ask a question
  • Statistics
12-09-2020 03-00-59   From students

Author: Anonymous

Question # 2390
Салеметсізбе, құрметті Тахир Оспанұлы!Мен ҚазҰПУ-нің 3 курс студентімін.
Елдегі пандемия ешкімге оңай соқпады, соның салдарынан көп адамдар жұмыссыз қалып жатыр. Осы мән-жайды ескеріп ақылы бөлімде оқитын студенттердің оқу ақысын 25% қысқартуыңызды сұраймын! Тағы да бір себеп біз онлайн оқу форматында болғанымыздақтан біздің университке барып аудиторияларды, жарық, интернет, тағы да басқа университетке тиесілі мүмкіншіліктерді пайданалып жатқанымыз жоқ. Түсіністікпен қарауынызды өтінемін!
Answer:

Құрметті студент! Еліміздегі болып жатқан жағдай бізді де алаңдатады. Университет үшін Сіздер мен оқытушыларымыздың денсаулығы мен қауіпсіздігі маңызды. Сіздер толыққанды білім алуларыңыз үшін университет қызметін тоқтатқан жоқ. Аталған мәселелерді ескере отырып оқу ақысын бөліп төлеу және білім алушылардың әлеуметтік жағдайына байланысты жеңілдік беру мүмкіндіктері қарастырылуда. Жеңілдік Сіздің әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңыздың негізінде беріледі. Өтінішіңізді жазып, институт директораты қызметкерлеріне жолдауыңызға болады. 

11-09-2020 21-12-13   From students

Author: Anonymous

Question # 2389
Сәлеметсіз бе құрметті Тахир Оспанұлы!
Біз 3-курс студенттері биылғы жылы педагогикалық практиканың жыл сайын өз уақытымен өтетіндей осы жылы да практиканың келесі жарты жылдықта өткізілуін қалаймыз (яғни қаңтар айынан бастап).Себебі бізде осы жылғы шешім бойынша теория мен практиканы қатар алып жүру қиынырақ болады деп ойлаймыз.Яғни теорияны толық бітіріп,практикаға содан кейінгі уақытта көшуді қолайлы шешім деп ойлаймыз.Қазіргі жағдайларға байланысты өзгерістер қаңтар айына дейін шешімін тапса,мектептерге барып дәстүрлі түрде,көзбе-көз практика өту біз үшін де тиімді әрі пайдалы болады деп ойлаймыз.Осыған байланысты педагогикалық практиканы келесі жарты жылдыққа қалдыруыңызды өтініп сұраймыз.Егер де еліміздегі жағдай келесі жарты жылдықта өзгермесе де ең бірінші бізге педагогикалық практиканы теория жүзінде оқып содан кейін ғана толығымен практикамен айналысуымыз өте тиімді болар еді.Тахир Оспанұлы осы жағдайды қайта бір қарап өтуіңізді өтінеміз!!!
Теориялық білім алмай жатып практикадан өту өте қате шешім деп ойлаймыз.
Практиканың келесі жарты жылдықта, мектепке барып өтуді қалаймыз!!!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Оқу жылының оқу жүктемесіне сәйкес теориялық сабақтар мен практика белгіленген кезеңде жүргізіледі. Елімізде болып жатқан жағдайға қарамастан мүмкіндігінше білім алуға және практикадан да жоғары дәрежеде өтуге тырысыңыздар. Практикадан өту бойынша арнайы нұсқаулық беріледі. Рахмет!

11-09-2020 18-24-33   From parents

Author: Anonymous

Question # 2388
Салеметсызбе,мен ата-анамын кызым шетел филолгиясынын 2-курс студенты оларда сабак алы басталмады,расписанияда шыкпаган баска мамандыктар оз сабактарын окып жур мен кызымнын кандай маман болып шыгатынына аландаймын.Осы маселены шешсеныздер деймын,устаздар немкурайлы карамаса екен!
Answer:

Құрметті ата-ана! Университетімізде оқу жылының басында бекітілген сабақ кестесіне сәйкес сабақтар жүргізіліп жатыр. Хатыңызда көрсетілген мәселе мәндетті түрде тексеріледі.   

10-09-2020 21-34-03   From applicant

Author: Anonymous

Question # 2387
Сәлеметсіз бе, сұрағым: 2 курс студентімін, көпбалалы отбасы
Оқуға түсер алдында жеңілдік 30 пайыз болады деп айтылған.
Бірнеше рет сұралды, 30 пайыз жеңілдік беріледі деп айтылған. Сайтта ақпарат ретінде де сол жеңілдік.
Бірінші курс 50 пайыз жеңілдік болған ( қызыл аттестат)
2 курста енді жеңілдік мөлшері 10-15 пайыз көлемінде болатыны айтылып жатыр.
Оқуға түсер алдында неге жалған ақпарат берілді? Сұрағыма жауап берсеңіз.. Алдын-ала рахмет!
Answer:

Құрметті студент! Университет тарапынан  білім алушыларға жеңілдік 1 оқу жылына ғана беріледі. Жеңілдік ережесі сайтымызда жарияланған: https://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/Pol_2020.pdf. Оқу ақысына жеңілдік алғыңыз келсе, әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды тіркеп, өтініш жазуыңызға болады. Өтінішіңіз міндетті түрде қарастырылады. 

10-09-2020 20-17-46   From students

Author: Anonymous

Question # 2386
Сәлеметсіз бе Такир Балықбаев мырза!Сізге ұсынысымды айтсам деп едім.Бұл 3 курс студенттеріне қатысты.Былтырғы 3 курс студенттері қысқы семестрде толықтай теория яғни сабақ оқып,ал көктемгі семестр толықтай пратикада болды.Ал биылғы 3 курс студенттері теориялық білім алмай жатып,бірінші практиканы сабақ кестесінде қойылып тұр.Бұл қазіргі онлайн режимде бізге сабақ пен практиканы алып жүру қиын.Және де мектеп оқушыларымен жузбе жуз жұмыс істеген тиянақты тәжірибені қалыптастырады.Ал онлайн режимде біз олармен жұмысты дұрыс жасай да алмаймыз.Ауылдық жерлерге интернет желісі өте төмен ол студенттер практиканы өткізбек түгілі теориялық сабақтарға әрең қосылады.Құрметті ректор мырза,оқу жүйесін бұрынғы қалыпта болуын қарастырып көрерсіз деген үміттемін!!!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Оқу жылының оқу жүктемесіне сәйкес теориялық сабақтар мен практика белгіленген кезеңде жүргізіледі. Елімізде болып жатқан жағдайға қарамастан мүмкіндігінше білім алуға және практикадан да жоғары дәрежеде өтуге тырысыңыздар. Практикадан өту бойынша арнайы нұсқаулық беріледі. Рахмет!

10-09-2020 12-56-01   From students

Author: Anonymous

Question # 2385
Сәлеметсіз бе Такир Балықбаев мырза!Сізге ұсынысымды айтсам деп едім.Бұл 3 курс студенттеріне қатысты.Былтырғы 3 курс студенттері қысқы семестрде толықтай теория яғни сабақ оқып,ал көктемгі семестр толықтай пратикада болды.Ал биылғы 3 курс студенттері теориялық білім алмай жатып,бірінші практиканы сабақ кестесінде қойылып тұр.Бұл қазіргі онлайн режимде бізге сабақ пен практиканы алып жүру қиын.Және де мектеп оқушыларымен жузбе жуз жұмыс істеген тиянақты тәжірибені қалыптастырады.Ал онлайн режимде біз олармен жұмысты дұрыс жасай да алмаймыз.Ауылдық жерлерге интернет желісі өте төмен ол студенттер практиканы өткізбек түгілі теориялық сабақтарға әрең қосылады.Құрметті ректор мырза,оқу жүйесін бұрынғы қалыпта болуын қарастырып көрерсіз деген үміттемін!!!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Оқу жылының оқу жүктемесіне сәйкес теориялық сабақтар мен практика белгіленген кезеңде жүргізіледі. Елімізде болып жатқан жағдайға қарамастан мүмкіндігінше білім алуға және практикадан да жоғары дәрежеде өтуге тырысыңыздар. Практикадан өту бойынша арнайы нұсқаулық беріледі.

Практика бойынша толық ақпарат алу үшін «Мансап» орталығының қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс деректері: Қазыбек би көшесі, №30, №1 оқу ғимараты, 204-каб

 +7(727)291-83-50
raximberdi777@mail.ru

 

10-09-2020 12-50-31   From students

Author: Anonymous

Question # 2384
Сәлеметсіз бе құрметті Тахир Оспанұлы?! Біз 3 курс студенттері биылғы жылы пед.практиканың жыл сайын өз уақытымен өтетіндей осы жылы да практиканың келесі жарты жылдықта өткізілуін қалаймыз( яғни қаңтар айынан бастап).Себебі бізде осы жылғы шешім бойынша теория мен практиканы қатар алып жүру қиынырақ болады деп ойлаймыз.Яғни теорияны толық бітіріп,практикаға содан кейінгі уақытта көшуді қолайлы шешім деп ойлаймыз.Қазіргі жағдайларға байланысты өзгерістер қаңтар айына дейін шешімін тапса,мектептерге барып дәстүрлі түрде ,көзбе-көз практика өту біз үшін де тиімді әрі пайдалы болады деп ойлаймыз.Осыған байланысты пед.практиканы келесі жарты жылдыққа қалдыруыңызды сұраймыз.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Оқу жылының оқу жүктемесіне сәйкес теориялық сабақтар мен практика белгіленген уақытта жүргізіледі. Практикадан өту бойынша арнайы нұсқаулық беріледі. Педагогикалық практика бойынша толық ақпарат алу үшін «Мансап» орталығының қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс деректері: Қазыбек би көшесі, №30, №1 оқу ғимараты, 204-каб

 +7(727)291-83-50
raximberdi777@mail.ru

10-09-2020 11-43-49   From applicant

Author: Anonymous

Question # 2383
Саламтсызба, Тахир Оспанулы!СIз келгелI университетимиз жақсы жаққа қарай өзгеруде. Сол үшін алғыс бiлдiремiн.
Келесі сұрақты шешіп беруінIздI сураймын. зум-мен сабак отудI мIндеттемеулерIнIздI сураймын. СебебI маған, мысалы, Google meet, Discord оте ынгайлы. Наурыздан берI соган уйренип калган устаздар бар! ТIкелей эфире сабак беруши жаксы осы Google meet, Discord. Сапалы сабак оту ушин бIзге тандау жасауга руксат берсениздер деймIн. ОСЫ МАСЕЛЕНI шешIп берIнIзшI, Тахир Оспанулы.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Оқу барысы онлайн форматта жүргізілуде. Жаңа оқу жылында сабақты сапалы, тиімді өткізу үшін оқытушылар арнайы «Цифрлы педагог» курстарынан өтті. Білім алушыларға сабақ дұрыс өткізіліп жатқандығын қадағалау мақсатында қолайлы платформалар таңдалды. Сондықтан педагог қай платформада сабақ өтсе де, бастысы білім алушаларға толыққанды білім берілуі керек. 

09-09-2020 15-08-20   From applicant

Author: Anonymous

Question # 2382
Уважаемый Такир Оспанович, выше я уже задавала вопрос по поводу пересылки моих документов из архива (аттестат, приложение аттестата и приложение диплома), спасибо большое за оперативность мне ответили, аттестат с приложение выслали, но приложение диплома каким то образом затерялось и в личном деле моем не обнаружилось,зная что дубликат образования можно заказать через портал Егов я попыталась это сделать, но КазНПУ им.Абая по всей видимости каким то образом оказалось не обслуживается данным порталом, по горячей линии Егов мне ответили что раз выходит такая ошибка, то нужно обратиться за дубликатом в Университет. Можно ли получить ответ по какому номеру можно обратиться для получения дубликата приложения диплома Факультета ПиП 2006г. выпуска, курса педагогика-психология?
Заранее спасибо за ответ.
Answer:

Здравствуйте, для того, чтобы получить дубликат приложения к диплому, Вам необходимо обратиться в ЦЦОС «Шапағат». Вы можете связаться с его сотрудниками по телефону 291-64-97, или написать по e-mail centr.shapagat@mail.ru. Также прийти в центр «Шапағат», который находится по адресу: ул. Казыбек би, 30 (уг. Валиханова), 1 этаж

08-09-2020 20-38-03   From students

Author: Anonymous

Question # 2381
Сәлеметсіз бе! Мен 2 курс студенті едім. 2 семестрде пәеге тіркегенде отчествамнан қате кетіпті. Енді кімге жүгінуім керек. Қалай жөндетемін?
Answer:

Құрметті студент!  Сұрағыңыз бойынша өтінішіңізді институт директорына жолдауыңызға болады. Рахмет! 

08-09-2020 12-24-30   From applicant

Author: Anonymous

Question # 2380
Саламатсыз ба Тауар Оспанұлы. Магистратураға түскен студенттерге жатақхана беріледі ме?
Answer:

Құрметті студент! Университет жатақханасынан орын беруде басымдық ең алдымен бакалавриаттың грант негізінде оқитын студенттеріне беріледі.

07-09-2020 18-15-41   From students

Author: Нурту

Question # 2379
Универде оқиды деген анықтаманы қалай аламыз
Answer:

Сәлеметсіз бе! Анықтаманы «Univer» ақпараттық жүйесі арқылы алуыңызға болады. «Univer» жүйесінде электрондық қызметтерді алу бойынша нұсқаулықпен сайтымыздың «Хабарландырулар» бөлімінен таныса аласыз: https://www.kaznpu.kz/kz/3007/notice/.  Анықтаманы алу кезінде сұрақтарыңыз туындаса, Call-орталығы қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Тел.: 8(727) 221-85-14. Рахмет!

07-09-2020 08-14-22   From applicant

Author: Anonymous

Question # 2378
Здравствуйте,Такир Оспанович,у меня такой вопрос.У нас задолженность по 5предметам,связи с форс мажорными объстоятельствами в стране,мы не смогли их погасить и нас оставили ,не перевели с курса на курс ,такое возможно в университете?,ведь мы учимся на платном отделении и не хотим терять ещё год,как можно решить этот вопрос, спасибо
Answer:

Уважаемые студенты! Информация о переводе с курса на курс сообщается заранее, информация об этом размещается как на сайте университета, так и в системе "Univer" и директората институтов. В справочнике студента (https://kaznpu.kz/docs/obrazovanie/PUT_2018.pdf) также оговаривается порядок перевода с курса на курс. Со своей стороны Университет имеет право принимать соответствующие меры в отношении студентов, не набравших баллов к переводу с курса на курс. Вы можете подать заявление на восстановление, закрыть занятия с академической задолженностью и перейти на следующий курс. Спасибо!

06-09-2020 20-16-13   From parents

Author: Шахаева Айнагүл Аманкелдіқызы

Question # 2377
Инстаграм желісінің тікелей эфирінде Өзініз берген ақпаратқа сәйкес
1-ші курста Алтын белгі иегерлеріне жеңілдіктер беріліп, бір жылға грант бөлінген болатын. Сонымен қатар студент 2-ші жылға толыққанды өз бағасын ақтаған жағдайда грант одан әрі жалғасатын болады дегенсіз. Алайда бүгінгі күні университет сіз берген ақпаратты жоққа шығарып, осы жылға оқу ақысы үшін 600 000 теңге көлемінде төлеу қажет екендігін айтты. Қызымыз 1-ші курсты өте жақсы бағамен оқып, GPA 4, орташа балл 4,92 аяқтады. Осындай жағдайда 2-ші курста грант сакталады ма???
Answer:

Құрметті ата-ана! Университетіміздің ақылы бөлімінде оқитын білім алушыларына 1 оқу жылына 100 пайызға дейін жеңілдік қарастырылған. Жеңілдік ережесі сайтымызда жарияланған: https://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/Pol_2020.pdf. Сұрақтарыңыз бойынша институт директораты қызметкерлерінен толық ақпарат алуыңызға болады. Рахмет!

05-09-2020 21-22-33   From students

Author: Anonymous

Question # 2376
1 семестрден кейін мамандығымды өзгерте аламын ба?
Answer:

Құрметті студент! Егер Сіз өзіңіз оқып жатқан мамандықтан басқа мамандыққа ауысқыңыз келсе, таңдаған мамандығыңыздың білім бағдарламалары бір топта болса, пән айырмашылықтары белгіленген шектен аспаса, ауыса аласыз. Толық ақпарат және кеңес алу үшін институт директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарына хабарлассаңыз болады. Рахмет! 

05-09-2020 15-55-59   From students

Author: Anonymous

Question # 2375
Құрметті, Ректор мырза!
Бізге карантин кезінде жатақханада тұрмаған айымыздың ақшасын қайтарып алуға болады делінген болатын.
Шапағат орталығында бізден көптеген құжаттар сұратып, жатақханаға оқу жылының басында төлеген квитанциямызды сұратып жатыр. Комендант общагаға келіп аласыздар квитанцияны дейді. Алыс аймақта тұратын студенттер мынадай уақытта сабақ кезінде сол квитанция үшін Алматыға бара алмайды ғой. Сондықтан квитанцияны туысымыз біздің жеке куәлігімізді көрсету арқылы алып кете ала ма?
Біз өткен оқу жылында базада универ жүйесі арқылы алған болатынбыз, ол жақта нақты мәліметіміз тұр ғой (осы жатақханаға берілді, осы комнатаға ордер берілді деп)
Answer:

Құрметті студент! Белгіленген талаптарға сәйкес үшінші тұлға Сіздің құжаттарыңызды нотариуспен бекітілген сенімхат негізінде ала алады.

04-09-2020 16-01-33   From students

Author: Anonymous

Question # 2374
Здравствуйте,почему в центре Шапагат ужасное отношение к студентам. Справку не могут отправить,который раз звоню,говорят ждать ,либо то,что заявка не отправлена.
Answer:

Здравствуйте! Ваше обращение принято к сведению. Мы обязательно его рассмотрим и примем меры. Спасибо!

03-09-2020 19-10-29   From students

Author: Anonymous

Question # 2371
Сәлеметсіз бе, Тахир Оспанұлы!
Мен "Филология және көп тілді білім беру" институтының студентімін; қазіргі таңда 2 курсты үздік бітіріп, 3 курсқа өттім. Бірінші курстан бастап "повышенный" стипендия аламын, яғни 2 жыл бойы тек жоғарғы көрсеткішті көрсетіп келем, конференцияларға қатысып келем, ендігі кезекте "призиденттік" стипендия алғым келген. Бұл жөнінде жақсылап іздендім, кураторлар мұндай ақпараттардан мүлдем бейхабар, бірдеңе сұрасам көңілге қонымды еш жауап айтпайды. маған тек 4 курста ғана ала аласың деп деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары айтуда. Алайда, басқа ЖОО-ның мен қатарлы студенттері призиденттік стипендияны алуда. Ең қызығы, универ системаны байқап отырып менімен қатарлас: ЖГИ, ПИП, ТҚИ студенттері "призиденттік" стипендия иегерлері атануда! Не себепті мұндай система орнауда, не себепті әр институт студенттерінің құқықтары біркелкі емес, бұл аты айтып тұрғандай призиденттік(мемлекеттен, министрліктен берілетін) стипендия түрі емес пе. Декан орынбасарынан, басқалардан тұшымды жауап ала алмаған соң өзіңізден тікелей сұрағым келеді.
Ендігі кезекте мен бұл стипендия түріне қалай қол жеткізе аламын деген сұрағыма сіздің нақты жауабыңызды тағатсыздана күтетін боламын!
Жауабыңызға алдын ала рахмет)
Answer:

Құрметті студент! Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы №183 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылға арналған шәкіртақыны жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу туралы» ЕРЕЖЕЛЕРІНЕ сәйкес шәкіртақы күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге 3-ші курстан бастап, магистранттарға – екінші оқу жылынан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде тек «өте жақсы» (А, А-) оқитын студенттерге беріледі. Шәкіртақыға университет тарапынан ұсынылған үміткерлерді тікелей ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан құрылған комиссия қарастырып, тағайындайды. Ал, университет тарапынан жыл сайын міндетті түрде шәкіртақыға қатысты хабарландырулар мен барлық ақпараттар директораттарға алдын ала айтылып,  сайтқа және «Univer» жүйесінің «Хабарландыру» бөліміне орналастырылып келеді. 
Шәкіртақыға қатысты барлық хабарландырулар мен ақпараттардың өзі университетке нақты бір мерзімде келіп түспейді (қысқы сессиядан соң немесе жазда деген секілді нақты мерзімі жоқ), бұл туралы министрлік тарапынан кез келген уақытта арнайы хат келеді, біз соның негізінде ғана шәкіртақы бойынша ақпараттарды уақытылы таратып, үміткерлерді іріктейміз. Бір оқу жылында шәкіртақыға үміткерлер ұсыну туралы хат 1 рет қана келіп түсуі мүмкін, себебі шәкіртақыны университет тағайындамайды, ескерткеніміздей хабарлама тікелей министрліктен келеді, ал шәкіртақы тікелей Президент тарапынан тағайындалады. Шәкіртақыға ұсынылатын үміткерлерді іріктеу барысында міндетті түрде алдымен жоғары GPA балы ескеріледі (GPA бойынша шектік 4,0 баллға ие білім алушыларымыз өте көп). Сонымен қатар, қандай да бір институттың білім алушыларына басымдық беру секілді жағдаяттар бізде орын алған емес. Себебі, шәкіртақыны тағайындаудың арнайы ережесі бар және ол ережеге жоғарыда сілтеме беріп өттік. 
Егер Сізге уақытылы ақпарат жетпеген болса, бұл туралы директоратыңызға ескерту жасалынады және алдағы уақытта осы сұрақпен тікелей университеттің Академиялық мәселелер жөніндегі департаментіне хабарлассаңыз болады (Бас оқу ғимараты, 221-кабинет).   
 
03-09-2020 13-20-07   From applicant

Author: Anonymous

Question # 2370
Ассалаумағалейкүм менің сұрағым қазіргі кезде ауылдық жерде сеть нашар соның салдарынан сабақ оқу қолайсыз кеше ашық алаңда ауылдық жерде сеть нашар болса жатаханаға өтініш беріп жатуға болады деді осы жағдайды сіздер қалай ойлайсыздар сіздердің пікірлеріңіз маңызды болып тұр қазіргі пандемия жағдайында туыстардың өзі қауіптеніп отқаны белгілі осы жағдайды ретке келтіріп толық мәлімет берсеңіз менде толық құжаттар дайын рахмет
Answer:

Құрметті студент! Қазіргі таңда әлемде және елімізде болып отырған жағдай барлығымыз үшін де оңай емес. Алайда, ақпарат және коммуникациялар министрлігі еліміздің көптеген өңірлеріне Интернет орнатылуын қамтамасыз етуде. Қазіргі таңда сіздердің денсаулықтарыңыз және университет ұжымының қауіпсіздігі үшін қашықтан оқыту жүйесі әзірге тиімді болып отыр. Сондықтан мүмкіндігінше өз өлкеңіздегі мектептердегі компьютер сыныптарында немесе аудан орталығында онлайн жүйеде оқысаңыз дұрыс болады.Интернет желісіне қатысты өтініш, сұрақтарыңыз және өлкеңіздегі мектептермен байланыс жасау, Интернетке қол жеткізу бойынша өз эдвайзеріңізге, институт директоратына хабарлассаңыз болады, міндетті түрде қарастырылады.

02-09-2020 18-58-42   From students

Author: Сейсенқан Айгерім

Question # 2369
Здравствуйте, господин Ректор! У нас начался этот учебный год с онлайн учебы, и от нас требует подключится к программе Google meet, хотя в инструкциях дистанционного обучения можно подключаться и к программе Zoom. У меня дома с гаджет технологии имеется только телефон, и оно не поддерживает приложение Google meet, я это объясняю преподавателям и эдвайзеру, а они в том числе своим боссам, что послушав мою проблему и проблему моей группы проигнорировали и сказали чтобы мы подключать к данному приложению. В специальности регионоведение всего лишь 3 студента, у двое из них нет доступа к этому приложению. Но нам не дают решения, а оставляют безвыходном положении. Как я буду учится если не смогу присутствовать на уроках, которых к факту я плачу, это меня очень расстраивает. Прошу решить этот вопрос . ТКИ, 3 курс, регионоведение
Answer:

Уважаемый студент! Для проверки сведений Вашего обращения даны поручения ответственным лицам. Этот вопрос будет обязательно рассмотрен.  Результаты решения будут Вам сообщены. Спасибо! 

Total records: 4046

« перв. ... < пред. ...  103  104  105  106  107 108  109  110  111  ... след. > ... посл. »

First name: *


E-mail:



Phone:



Subject:


Question: *


Enter the code from the image: *


Number of questions

May, 2024
4
April, 2024
10
March, 2024
5
February, 2024
20
January, 2024
11
December, 2023
21
November, 2023
19
October, 2023
17
September, 2023
25
August, 2023
39
July, 2023
29
June, 2023
60
May, 2023
41
April, 2023
49
March, 2023
22
February, 2023
42
January, 2023
68
December, 2022
55
November, 2022
50
October, 2022
62
September, 2022
52
August, 2022
33
July, 2022
32
June, 2022
49
May, 2022
139
April, 2022
64
March, 2022
45
February, 2022
46
January, 2022
57
December, 2021
29
November, 2021
43
October, 2021
70
September, 2021
75
August, 2021
109
July, 2021
79
June, 2021
62
May, 2021
69
April, 2021
74
March, 2021
47
February, 2021
42
January, 2021
68
December, 2020
61
November, 2020
62
October, 2020
42
September, 2020
48
August, 2020
57
July, 2020
81
June, 2020
88
May, 2020
65
April, 2020
86
March, 2020
57
February, 2020
37
January, 2020
28
December, 2019
47
November, 2019
72
October, 2019
70
September, 2019
61
August, 2019
88
July, 2019
47
June, 2019
71
May, 2019
54
April, 2019
70
March, 2019
51
February, 2019
45
January, 2019
75
December, 2018
87
November, 2018
51
October, 2018
54
September, 2018
77
August, 2018
105
July, 2018
46
June, 2018
43
May, 2018
45
April, 2018
36
March, 2018
30
February, 2018
28
January, 2018
17
December, 2017
17
November, 2017
12
October, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений