18-08-2020 18-16-42
From students
Author: Anonymous Question # 2324 Сәлеметсіз бе ректор мырза!
Мен педагогика және психология институтының студентімін.Мен 2019жылы оқуды бітіруім керек болған.Бірақ 2018жылы яғни 3курста 2сабақтан қарызымды отбасылық жағдайыма байланысты жаба алмай қалдым.4жылдық оқу ақысы түгелімен төленіп қойды.Енді сол қарыз сабақтарымды жауып оқуыма восстанавление жасап, дипломымды алсам деймін.Карантин кезінде онлайн форматта өтінім беруге болады ма? Өзім отбасылы, қолымда 1жасқа толмаған сәбиім бар.Менің бұл сұрағымды ескерусіз қалдырмасаңыз деймін!
Answer:
Сәлеметсіз бе! Өтінімді онлайн режимінде 24 тамызға дейін тапсыра аласыз. Сұрағыңыз бойынша Педагогика және психология институтымен тікелей хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 291-84-09, 8-701-378-66-12. Рахмет!
18-08-2020 14-49-24
From parents
Author: Anonymous Question # 2322 Саламатсыз ба?
Общежитаға кандай кужаттар тапсырады?!
Және осы оку жылы онлайн боладыма алде барып окидыма? Сонымен катар кызым гылыми химия багытына тусип еди олардың степендиялары канша болады? Жауап ушин рахмет.
Answer:
Сәлеметсіз бе! Жатақханалардан орын бөлу ережелері мен талапкердің/студенттің бірінші кезекте қоныстануға басым құқығын растайтын құжаттар тізімі туралы толық ақпаратпен сайтымыздан келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: https://kaznpu.kz/kz/2507/page/.
Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңа оқу жылы онлайн оқыту форматында басталады. Грант мемлекет тарапынан бөлінетіндіктен, шәкіртақы көлемін Білім және ғылым министрлігі бекітеді.
18-08-2020 12-18-08
From students
Author: Құдайберген Question # 2321 Неден қабылдау коммисиянынсында профайлдегі "Туу мекенжайы" формада Ақтау кала деген жоқ?
Answer:
Құрметті талапкер! Сұрағыңыз бойынша қабылдау комиссиясы қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: Call-орталығы - 8(727) 221-85-14. Қабылдау комиссиясы - 8 727 291 57 68 Нұрмахан Әуесбекұлы, 8 727 291 73 71 Ақтілек Қадырқызы.
18-08-2020 11-05-18
From applicant
Author: Құрманәлі Д. Question # 2320 Қайырлы күн, Такир Оспанович!
1. Мен ақылы бөлімге (НВП қ/б, алған баллым -107 ) түсу үшін бірінші төленетін жарнаны -взносты 30% қазіргі елімізде орын алып жатқан жағдайға байланысты 10% бен төлеу жағын қарастырасыз ба?
2, Ақылы бөлімге құжат тапсыру тек 24.08-не дейін құжат қабылдана ма?
Жауабыңызға алдын-ала рақмет
Answer:
Сәлеметсіз бе! Оқу орнымыздың ақылы бөлімінде оқитын білім алушыларына 100 пайызға дейін жеңілдіктер қарастырылған. Жеңілдік ережесі сайтымызда жарияланған: https://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/Pol_2020.pdf.
Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін қабылдау комиссиясы қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: Call-орталығы - 8(727) 221-85-14. Қабылдау комиссиясы - 8 727 291 57 68 Нұрмахан Әуесбекұлы, 8 727 291 73 71 Ақтілек Қадырқызы.
17-08-2020 23-00-14
From applicant
Author: Жанар Question # 2319 Салеметсизбе! Әкімдік грантқа қалай қатыссам болады? Өте маңызды ,жауап бересізбе?
Answer:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін қабылдау комиссиясы қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: Call-орталығы - 8(727) 221-85-14. Қабылдау комиссиясы - 8 778 588 1280 Нұрмахан Әуесбекұлы.
17-08-2020 14-21-48
From students
Author: Атагази Олжас Question # 2318 Саламатсыз ба? Мен Атагази Олжас Сапарбайұлы қазіргі таңда Абай университетінде 2курс бітіріп 3курсқа ауыстым.Неліктен біздің университете онлайн түрде анықтама алатын партал жо ? Ректор кайда қарап отыр. Шапағаттың жұмысына базар жоқ айтқан затынды орындап береді, бірақ мен қалайша Ақтауда отырып ол атықтаманы алмақпын. Әрине мен Алматы қаласында бос журген адам іздеймін табылса жақсы табылмаса онда анықтаманы өзім барап алуыма тура келеді. Бұл маган тиімсіз. Басқа университете уйден шықпай ақ анықтаманы алуга болады бізде ол да жоқ Неге біз сонша артта қалып бара жатырмыз Неге университетке жаңартулар ергізілмен Осы Абай университеті Қазақстан бойынша ен алғаш ашылған университет топ үштікке тіреміз деп мақтағанда жақсысыздар бірақ цифрлық техника жағынан артта қалып бара жатырмын Біздің университете аити маманды,ын бітіріп жатқан қаншама студенттер бар одан басқа Цифрлық технология деген сабақ та бар бұның барлығы не керек Егер бізде өзіміз пайдаланатын партал жоө болса Жубанов университетінде оқитын достарымды көріп қызығып кетемін гой Уйден шықпай ақ анықтаманы онлаин турде алып керек жерге тапсыра алады бізде ол да жоқ Осы менің университетке деген улкен назым Соны тез арада дұрыстасаңыз жақсы болар еді
Answer:
Құрметті студент! Университет тарапынан берілетін анықтаманы «Univer» ақпараттық жүйесі арқылы алуыңызға болады. «Univer» жүйесінде электрондық қызметтерді алу бойынша нұсқаулықпен сайтымыздың «Хабарландырулар» бөлімінен таныса аласыз: https://
www.kaznpu.kz/kz/3007/notice/. Анықтаманы алу кезінде сұрақтарыңыз туындаса, Call-орталығы қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Тел.: 8(727) 221-85-14.
Университеттегі енгізілген цифрлық технологиялар мен қызметтер туралы толық ақпаратты Білімді ақпараттандыру департаментінің директоры Бақытжан Сражатдинұлы Ахметовтен алсаңыз болады. Тел.: 293-92-68. Сұрағыңыз үшін рахмет!
17-08-2020 13-55-05
From students
Author: Төленбек Естай Question # 2317 Құрметті Такир Оспанұлы, осы жолы сабақ онлайн өтеді ме? Әлде барып оқимыз ба?
Answer:
Құрметті студент! Жаңа оқу жылы карантин жағдайына байланысты онлайн форматында басталады.
17-08-2020 10-21-46
From parents
Author: Anonymous Question # 2316 Амансыз ба, Тахир Оспанұлы! Сіңлім Көлен Аружан 90 балмен педагогика мамандығына түсе алмады. Мектепті үздік аттестатпен бітірген. Сіздердің жоғары оқу орындарыңызда осындай талапкерлерге қандай да бір жеңілдіктер бар ма? ҚазҰПУ-де бір жыл тегін оқып, босаған грант орындарына конкурсқа тапсырса болады деп естіп едім. Қаншалықты рас?
Answer:
Сәлеметсіз бе! Университетіміз тарапынан берілетін жеңілдіктер ережесімен сайтымыздың келесі сілтемесі арқылы таныса аласыз: https://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/Pol_2020.pdf.
Оқу жылы барысында мемлекеттік грант орындары босаған жағдайда грант орындарына конкурс жарияланады. Конкурс нәтижесі бойынша грантқа бекітілген талаптарға сәйкес іріктеуден өткен үміткерлер ие болады. Грант иегерлері министрлік тарапынан бекітіледі.
17-08-2020 10-19-54
From applicant
Author: Асильханова Диана Question # 2315 Саламатсыз ба!Менин аты-жоним Асильханова Диана.Мен 2020 битируши тулекпин.Окинишке орай мемлекеттик грантка илинбедим.Енди сурайын дегеним,менде квота бар,тул жетиммин.Сиздерге окуга грантка илине аламын ба?Отиниш...
Answer:
Құрметті талапкер! Сұрағыңыз бойынша қабылдау комиссиясының қызметкері Ақтілек Қадырқызы Ормановамен хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.: 8707 767 36 26.
17-08-2020 10-15-08
From applicant
Author: Асильханова Диана Question # 2314 Саламатсыз ба!Менин аты-жоним Асильханова Диана.2020 жылы битирген тулекпин.Тандау паним Джт-Агылшын Убт-дан 71 балл жинадым.Бирак мемлекеттик грантка илинбедим.Енди менин сурайын дегеним,менде квота бар еди мен тул жетиммин,Аке-шешем жок.Сиздерде мен сиякты балаларга грантка тусуге мумкиндик барма?Карастырып кориниздерши отиниш...
Answer:
Сәлеметсіз бе! Оқу орнымыздың ақылы бөлімінде оқитын білім алушыларына 100 пайызға дейін жеңілдіктер қарастырылған.Жеңілдік алу үшін өтінішіңіз бен әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды институт директораты қызметкерлеріне тапсыруыңыз қажет. Сайтымызда жеңілдік ережесі жарияланған: https://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/Pol_2020.pdf.
Сұрағыңыз бойынша қабылдау комиссиясы қызметкерлерімен де хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: Call-орталығы - 8(727) 221-85-14. Қабылдау комиссиясы - 8 727 291 57 68 Нұрмахан Әуесбекұлы, 8 727 291 73 71 Ақтілек Қадырқызы.
16-08-2020 19-39-54
From applicant
Author: Anonymous Question # 2313 Құрметті Тахир Oспанұлы менің сізге айтарым универдегі оқу ақысы мәселесі біз ФКББИ студенттері оқу ақысын толесекте толемеген студенттердің қатарындамыз бірақ біз толығымен толеп оқу ақсын жауып тастағанбыз бірақ бугалтерге қайта қайта чек жіберсекте әлі ол тізім өзгермед і ең сорақысы бүгін оқудан шығаралатын студенттердің тізімінде тұрмын бұл жалғыз мен ғана емес тағы осындай 10 нан аса студенттер бар шара қолдануыңызды сұраймыз ОҚЫ АҚЫСЫН ТӨЛЕСЕКТЕ ЖАЙДАН ЖАЙ ОҚУДАН ШЫҒЫП КЕТКІМІЗ КЕЛМЕЙДІ ❗️❗️❗️ Жұмысқа жауапкершідікпен қараса жақсы болар еді қаншама адамның жүйкесін жұқартпай!!!!!!
Answer:
Сәлеметсіз бе! Хатыңызда көрсетілген мәселе міндетті түрде тексеріледі. Тексеріс нәтижесі бойынша шешім қабылданады. Рахмет!
15-08-2020 23-05-45
Other
Author: Anonymous Question # 2312 Саламатсыз ба,осы университете коп балалы отбасыларға ақылы бөлімде оқуға қандай жеңылдыктер бар
14-08-2020 23-47-19
From applicant
Author: Anonymous Question # 2311 Салеметсизбе! Сиз баскарып отырган университеттин акылы болимине тустим. Алматы обл. турамын. Биздин ауылда тек кана ватсап желиси истейди, ноутбук болганымен интернет жок.Зум деген программа мулдем iстемейдI. Ватсаппен жане почтамен жумыс жасауга болама? Накты жауап берсениз деймин. 1 курс болгандыктан уайымдап журмиз уй ишиммен
Answer:
Сәлеметсіз бе! Жаңа оқу жылында оқу үдерісі онлайн форматта ұйымдастырылады. Оқу барысында интернет желісі мен техникалық қажеттіліктерге байланысты мәселелер орын алған жағдайда институт директоры мен оқытушыңызға ескертуіңізге болады.
Қашықтан оқыту платформаларына келетін болсақ, университет тарапынан арнайы нұсқаулықтар беріледі. Қолданыстағы платформаларды білім алушылар компьютер, ноутбук және телефон арқылы қолдана алады.
14-08-2020 13-22-16
From students
Author: Anonymous Question # 2310 Сәлеметсіздер ме!Келе жатқан оқу жылында төлемақы бойынша жеңілдіктер боладыма?Оған да документтер жинауымыз керекпе?
Answer:
Құрметті талапкер! Университетімізде ақылы негізде оқитын білім алушыларға берілетін жеңілдіктер ережесімен сайтымыздың келесі сілтемесі арқылы таныса аласыз: https://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/Pol_2020.pdf. Жеңілдік алу үшін өтінішіңіз бен әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды институт директоратына өткізу қажет. Рахмет!
13-08-2020 13-49-57
From students
Author: Anonymous Question # 2309 Ғылыми мамандықтардың стипендиясы 42.000 тг болама? Себебі оқуға түсетін кезде мұғалім болып та жұмыс жасауға болады деп айтқан еді.
Answer:
Құрметті студент! Шәкіртақы тек педагогикалық мамандықтарға ғана көтеріледі.
11-08-2020 11-29-39
From parents
Author: ата-ана Question # 2308 Сәлеметсіз ба?Бір мәселені шешіп беруіңізді сұраймын. Былтырғы оқу жылында қызым осы оқу орнының туризм бөліміне құжат тапсырғанбыз. Яғни 2019-2020 оқу жылында сіздерде "Алтын белгімен"барғандар бір жыл тегін, Қызыл аттестатпен барғандар 50 пайыз жеңілдікпен оқылады деген. Біздер сол 50 пайыз жеңілдікпен оқып шықтық. Енді күні кеше қызыма сіздің оқу ақысы түгел төленбеген деп хабарлама келіп тұр. Мен есеп бөліміне телефон соғып сұрағанымда, сізде 20 пайыз жеңілдік деп тұр дейді.л қандай жеңілдік екенін, қалай болғанын түсінбедім. Құжат қабылдаған комиссиядан кеткен қателік болар, енді осы мәселені шешіп беруге көмек жасауыңызды сұраймын.
Answer:
Құрметті ата-ана! Хатыңызда көрсетілген мәселе қарастырылып, ақылы негізде оқитын білім алушыларға жеңілдік беру туралы бұйрықты рәсімдеу кезінде техникалық қателік жіберілгендігі анықталды. Қателік түзетіледі. Өткен жылға студент А.А. Набидолллаеваның оқуына 50% жеңілдік беріледі. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!
10-08-2020 20-56-46
Other
Author: Ибраева Магрипа Курманбековна Question # 2307 Құрметті Тахир Оспанұлы,Сізді 63 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіз өз мерейтойыңызға лайықты да қошеметтеуге тұрар жетістіктермен келіп отырсыз.Өз еңбек жолыңызда талай белеске шығып,ұжымның құрметіне бөлендіңіз.
Сіздің өрелі істеріңізді айтқанда ауыз толады, өйткені Сіздің өміріңіз нағыз майталман маманның, ұлағатты ұстаздың, еліміздің абзал азаматының өнегесі. Отанымыздың өркендеуі және халқымыздың игілігі жолында әлі де талай игі істерді атқарарыңызға кәміл сенімдіміз.
Бүгінгі мерейтойыңызда Сізге және туыстарыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, еңбекте тың табыстар мен өмірдің асқақ абыройын тілейміз!
Шаңырағыңызда береке-бірлік, ырыс-ынтымақ бола берсін!
Answer:
Құрметті Мағрипа Құрманбекқызы! Ізгі тілектеріңіз үшін алғысымды білдіремін.Сіздердің қолдауларыңыз бен жоғары сенімдеріңіз мен үшін маңызды. Рахмет!
10-08-2020 11-04-01
From students
Author: Anonymous Question # 2306 Сәлеметсіз бе! Осы жылы магистратураға документтерді қашан тапсырамыз? Онлайн форматта тапсырамыз ба әлде офлайн ба? Елдегі жағдайға байланысты 0.86 медициналық анықтаманы алуда қиындықтар туындауы мүмкін, ол жағдай қарастырылуда ма? Осы сұрақтарға мәліметтер қашан шығады?
Answer:
Сәлеметсіз бе! Магистратураға өтініш беру 19 шілде күні аяқталған. Құжатты КТ тапсырып, қажетті балл жинағаннан кейін тапсырасыз.
09-08-2020 11-34-21
From parents
Author: Anonymous Question # 2305 Сәлеметсізбе біз қала әкімі бөлген грантқа қатыса аламызба.Сіздердің университеттеріҢІзге бөліндіма.Біз алматы қаласында тұрамыз
Answer:
Сәлеметсіз бе! Университетімізге оқуға тапсыру бойынша толық ақпарат алу үшін қабылдау комиссиясы қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: Call-орталығы - 8(727) 221-85-14. Қабылдау комиссиясы - 8 727 291 57 68 Нұрмахан Әуесбекұлы, 8 727 291 73 71 Ақтілек Қадырқызы.
05-08-2020 13-40-22
From applicant
Author: Жангелди Тултебаев Question # 2304 Саламатсызба Такир Оспанулы! Оскемен каласындагы С.Аманжолов атындагы университетке жалпы конкурс бойынша « Азык тулик онимдерин ондеу » мамандыгына тускен кызымды сиздерге биология—химия мамандыгына ауыстыруга болама ? Акылы болимине биринши курсты аяктады.
Answer:
Сәлеметсіз бе! Бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысу туралы толық ақпаратты Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қызметкерлерінен алуыңызға болады. Байланыс деректері: 291-13-71, 291-71-06, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!
Total records: 4046