Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Welcome to the rector’s blog!

 

 

Dear visitors to the website!
 
The Rector`s blog was created to connect with students, staff and teachers of the University. You can leave your comments, ask questions and make suggestions. Open and regular discussion of issues will help the University administration to work fruitfully.
 
I hope that this platform will expand opportunities for the solution of many problems in our common work, will become an important mechanism for effective mutual exchange of information and implementation of tasks.
 
We are open for dialogue, all appeals will be considered. Every question will be answered.
 
 
Email: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 
 
 
 
 
The Rector's personal reception takes place on the 1st and 3rd Fridays of each month during the academic year - from 3.00 p.m. to 5.00 p.m.
  • Quessions-answers
  • Ask a question
  • Statistics
09-07-2020 13-02-15   From students

Author: Anonymous

Question # 2253
Құрметті Тахир Оспанұлы, сәлеметсіз бе!
Бітіруші студенттер дипломдарын қашан алады? Біздің университеттен басқа барлық жоғары оқу орындары дипломдардың қағаз да, электрондық та форматтарын беріп тастаған баяғыда. Тым болмағанда онлайн жіберсеңіздер болады ғой. Не жұмысқа тұра алмай отырмыз, не магистратураға түсуге документтер бере алмай отырмыз. Оны бермей созудан не пайда? Университетте жұмыс істеп жүрген адамдар бар ма өзі? Университетке келсек, үнемі орындарында отырмайды немесе сағаттап обедте болады. Сұрақ қойсаң айғайлап шығады, жауап бермейді.
Осы мәселелердің шешімін тездетсеңіздер жақсы болар еді.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Дипломды табыстау мәселесі талқыланып, институт директорларына нұсқаулық берілді. Карантинге байланысты барлық сақтық шараларын орындауымыз қажет. Дипломды алу жолдары туралы институт директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарынан толығырақ біле аласыз. Рахмет!

09-07-2020 12-50-23   From applicant

Author: Anonymous

Question # 2252
Сәлеметсіз бе Такир Оспанұлы.Менің GPA балым-3.51. Мемлекеттік емтиханнан бағам 5. 1 курсты бітірдім, бағаларым өте жақсы және жақсы. Қызыл аттестат алуға мүмкіндігім бар ма? Қызыл аттестат алу үшін не маңызды рөл атқарады? Алдың ала рахмет
Answer:

Сәлеметсіз бе! Оқу үдерісіне қатысты сұрағыңыз бойынша толық ақпаратты институт директорынан немесе эдвайзеріңізден білуіңізге болады.

09-07-2020 11-02-33   From students

Author: Anonymous

Question # 2251
Сәлеметсіз бе, Такир Оспанұлы! Мен филология және көптілді білім беру институтының түлегімін. Диплом почта арқылы жіберіледі делініпті.
Олай болса бізге неге тек дипломның қабы ғана берілді, транскрипт әлі дайын болмай жатыр, білмейміз қашан дайын болатынын деген жауап естиміз Жанагуль Шынгысхановнадан. Магистратурага түсу үшін осы айдың 15не дейін дипломымызды тапсыру керекпіз. Группамызда шет елге оқуға тапсыратын студенттер де бар.
Осы сұраққа нақты жауап алайық деп едік. Рахмет!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Диплом табыстау рәсімі белгіленген талаптарға сәйкес өтеді. Институт директорларына нұсқаулық берілді. Шағымыңызды ескереміз. 

09-07-2020 10-32-43   From applicant

Author: Anonymous

Question # 2250
Саламатсыз ба?
Мен ҰБТ - дән 94балл жинадым.
Оның ішінде: физика 34
Математика 24
Оқу сауаттылық 19
Математикалық сауаттылық 13
Қазақстан тарихы 4
1)Физика мұғалім оқуына түсе аламын ба немесе ақылы бөлім неше теңге?

2)және тағы 1 сұрақ : 1 семестр ден кейін мемлекеттік грантта оқудан түсіп қалған студенттердің грантын ала аламыз ба? Оны қалай береді?


Answer:

Сәлеметсіз бе! Өкінішке орай, Сізде Қазақстан тарихынан 4 балл, бұл көрсеткіш бойынша ақылы бөлімге де түсе алмайсыз. Тамыз айында ҰБТ тапсырып, әр пән бойынша шекті балл жинап, бізге ақылы бөлімге оқуға келсеңіз болады. Сәттілік тілейміз! 

08-07-2020 19-13-28   From applicant

Author: Anonymous

Question # 2249
Сәлеметсізба ! Мен Абай атындағы пед университетке оқуга биология пәнінің мұғалім ретінде тапсырайсам ба деп ойлап жүрмін.
Бірақ Ент да 55 бал жинап қалдым . Январь да тапсырған тесттен 84 балл жинадм сол сертификатпен оқуға түсуге болады ма? Ақылы бөлім қанша жылына? негізі мен мектепте отличницамын оған жеңілдіктер қарастырылама ?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Университетіміздің ақылы бөлімінің педагогикалық білім беру бағдарламаларына - 70 балл, педагогикалық емес білім беру бағдарламаларына - 65 балл жинау қажет. Сізді қаңтар айында тапсырған сертификатыңызбен ақылы бөлімге қабылдай аламыз. «Биология» пәнінің мұғалімі  мамандығының оқу ақысы 550 мың теңгені құрайды. Толығырақ ақпарат алу үшін қабылдау комиссиясы қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: Call-орталығы: 8(727) 221-85-14. Қабылдау комиссиясы:  8 727 291 57 68 Нұрмахан Әуесбекұлы, 8 727 291 73 71 Ақтілек Қадырқызы.

08-07-2020 17-24-33   From students

Author: Денис

Question # 2248
Хотелось бы поблагодарить за отзывчивость, умение работать со студентами и не бросить в трудную минуту, Лязат Нурмахановну. Огромное спасибо ей, за быстрое, а главное успешное решение проблемы по определенным причинам.
Answer:

Здравствуйте! Приятно получать такие отзывы о своих  сотрудниках. Спасибо большое! Желаем Вам благополучия!

08-07-2020 17-24-31   From applicant

Author: Жахан Ақбота

Question # 2247
Сәлеметсіз бе! Мен 94 баллмен осы универге "биология-химия мұғалімдерін дайындау" деген факультетке түсе аламынба грантқа. Мүмкіндік барма?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Мемлекеттік гранттар конкурсына құжаттарыңызды тапсырып көріңіз.

08-07-2020 16-56-41   From applicant

Author: Қорғанбай Дамир

Question # 2246
Құрметті Балықбаев Такир мен ҰБТ-дан 78 балл жинадым. Физика пәнінің мұғалімі мамандығына гратқа түсе алам ба?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Грант иегерлері конкурс нәтижесіне байланысты анықталады. Мемлекеттік білім беру гранттары конкурсына қатысып көріңіз. Сәттілік тілейміз! 

08-07-2020 11-52-24   From students

Author: Anonymous

Question # 2245
Салеметсіз бе, құрметті Тахир Оспанұлы! Мен бітіруші түлекпін! Дипломды әрең деген де алдық, рақмет! Бірақ ішін қате болып шықты! Қайтадан жасату үшін сіздің және декандардың колы керек деп жатыр! Неліктен дипломды қатесіз жазбайды!!! Бізге черновой вариантын да жібермедіғой тексертуге!!! Жауапкершіліктері қайда бұндай іске?! Мынандай жағдайға қарамастан, алыс жерден келіп тұрмын! Маған тез арада қайтадан жасатып беруіңізді сұраймын!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз бойынша жауапты тұлғаларға тапсырма берілді. Жіберілген қателіктер үшін кешірім сұраймыз. Рахмет!

07-07-2020 16-49-38   From applicant

Author: Anonymous

Question # 2244
Сәлеметсіз бе, Такир Оспанұлы! Мен "Алтын белгі" иегері едім. ҰБТ-де 87 ұпай жинаған болатынмын. Сіздердегі ректорлық гранттың 1 жылдық мерзімі аяқталған соң, тегін оқу мүмкіндігі келесі жылға ұзартылады ма? Тағы бір сұрағым келетіні тегін оқу мерзімі ұзартылу үшін 4-5-ке оқу керек пе, әлде бірыңғай 5 болу керек па? Алдын ала рахмет!
Answer:

Құрметті талапкер! Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысымен мемлекеттік грант конкурсына тапсырып көріңіз. Университет тарапынан «Алтын белгі» иегерлеріне 1 оқу жылына  100% жеңілдік қарастырылған. Сізге сәттілік тілейміз!

07-07-2020 15-02-11   From parents

Author: Anonymous

Question # 2243
Сәлеметсізбе,сестренкам 52балл алды биохимнан
,52баллмен ақылы бөлімге түсе аладыма педагогика мамандығына?
Көп балалы отбасымыз жәнеде үйде инимиз инвалид қандай скидка и қандай көмек болады?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Оқу орнымыздың ақылы бөліміне тапсыру үшін шектік балл көрсеткіштерін ұсынамыз: педагогикалық білім беру бағдарламаларына - 70 балл, педагогикалық емес білім беру бағдарламаларына - 65 балл. Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысып, шектік балл жинасаңыз, ақылы бөлімге түсе аласыз. Университетімізде ақылы бөлім білім алушыларына бірқатар әлеуметтік жеңілдік қарастырылған. Жеңілдіктер туралы ақпаратпен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: http://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/Pol_2020.pdf. Сұрағыңыз үшін рахмет!

06-07-2020 23-35-02   From applicant

Author: Изтурганова Дана

Question # 2242
Құрметті, Тахир Оспанұлы! Мен, 5В010900-Математика мамандығының бітіруші түлегі Изтурганова Дана! Осы уақыт аралығында білім нәрімен сусындатқан ұстаздарыма, Әбілқасымова А.Е.,Жұмашева С.С., Ералиев С.Е., Тұяқов Е.А., Байшемиров Ж.Д., Нурмухамедова Ж.М., Нурбаева Д.М., Жансеитова Л.Ж.өз алғысымды білдіремін! «Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға»- деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті - жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.
Answer:

Құрметті Дана! Жолдаған алғысыңыз үшін Сізге рахмет айтамыз. Мансап жолында тек табыс тілейміз. Аман болыңыз!

06-07-2020 14-28-03   From applicant

Author: Нургул Тулегенова

Question # 2241
Сәлеметсіз бе мен сіздерге оқуға түсу үшін құжат тапсыруым керек еді енді сұрағым психометриялық тестті астана мед универінен тапсырдым ол болдыма әдде тағы сіздерде тапсырамын ба?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Педагогикалық тестті оқу орнымыздың сайтында берілген сілтеме арқылы тапсыра аласыз: http://kaznpu.kz/kz/2200/page/. Бізге оқуға тапсыруға ниеттенсеңіз, көрсетілген сілтеме арқылы тапсыруға кеңес береміз. Сәттілік тілейміз!

05-07-2020 21-39-51   From applicant

Author: Anonymous

Question # 2239
сәлеметсізбе,мен грантқа өту үшін өтініш жазған болатынмын енді жауабын күтіп жүп едім,грантка өткендердің тізімі қашан шығады соны білсем боладыма?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Грант бос орындары конкурсының қорытындысы туралы ақпарат институт директораты тарапынан хабарланады. Сұрағыңыз бойынша нақты жауап алу үшін институт директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарымен хабарлассаңыз болады. Рахмет!

05-07-2020 17-34-43   From students

Author: Алия

Question # 2238
Здравствуйте,Такир Оспанович!Я выпускница кафедры ПИП и хотелось бы точно узнать , каким образом будем получать диплом?Почтой или надо приехать каждому выпускнику?Ситуация в стране утрудняет передвижение между городами.Заранее благодарю за ваш ответ.
Answer:

Здравствуйте! В связи с ростом числа случаев заболевания коронавирусом по городу Алматы, согласно Постановлению №40 Главного государственного санитарного врача города Алматы Жандарбека Бекшина от 15 июня 2020 года, вручение дипломов выпускникам 2019-2020 учебного года состоится в онлайн-режиме. По вопросу получения дипломов Вам следует обратиться к заместителю директора института. Также рекомендуем ознакомиться с информацией  о графиках вручения дипломов: http://kaznpu.kz/ru/2862/notice/. Спасибо!

04-07-2020 22-10-26   From students

Author: Anonymous

Question # 2237
Сәлеметсіз бе? Мен жақында 1 курс бітірдім. ТАРИХ САБАҒЫН 5 КЕ ЖАПТЫМ. 1 КУРС БОЙЫНША
GPA 3.3.Практика 88 балл жинап 4 болды.Енді сұрағым мен қызыл диплом ға үмітім барма?Қызыл диплом ға 1 курста тарих САБАҒЫ әсер етема тек.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Университетіміздің Академиялық саясатының 374-тармағына сәйкес А, А- — ­­«өте жақсы», С+, В-, В, В+ —  «жақсы» деген бағамен емтихан тапсырған және бүкіл оқу кезеңінде орташа GPA балл кемінде 3,5 және «өте жақсы» деген бағалармен кешенді мемлекеттік емтиханды тапсырған немесе диссертацияны (жобасын) қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери дайындықтағы бағалардан басқа) беріледі.

Оқудың барлық кезеңінде емтихандарды қайта тапсырған білім алушы үздік диплом алмайды.

04-07-2020 22-08-34   From students

Author: Мұратбек

Question # 2236
Құрметті,Такир Оспанұлы.Мен біздің университетіміздің бітіруші түлегімін. Сізге дипломға байланысты сауалым бар еді. Бізге диплом 10 шілде күні почтамен жіберіледі деп айтты. Бірақ, магистратураға тапсыру мерзімі 15 шілде күні аяқталады. Мен өзім Батыс Қазақстан облысынан боламын. Мен сияқты алыс өңірлерден студенттер өте көп. Диплом почтамен жіберілген жағдайда біз өзіміздің университетіміздің магистратурасына тапсырып үлгермейміз. Соған байланысты барлық сақтық шараларды орындай отырып, дипломды жеке-жеке корпустан алып кетсек деп едік.Бұл мәселенің шешімі табылады деп үміттенемін.
Answer:

Сәлеметсіз бе!  Дипломды табыстау мәселесі талқыланып, институт директорларына нұсқаулық берілді. Карантинге байланысты барлық сақтық шараларын орындауымыз қажет. Дипломды алу талаптары туралы институт директоратынан толығырақ біле аласыз. Рахмет!

04-07-2020 21-04-28   From students

Author: Zhazira

Question # 2235
Сәлеметсіздер ме!Бос орын гранттары осы жылға шықты ма? Менде GPA 3.95 (барлық сабақтарым 90-95+)Келесі оқу жылына грантқа өте аламын ба? Грантқа конкурстар қашан жарияланады. Педагогикалық мамандықтардан басқа да спец-тарға бөлінсе екен!( әйтпесе барлық дерлік тек педагогикамен шектеліп жатыр)СК 2курс студентімін. Бос орын гранттары болған жағдайда сайтқа жарияланады ма?
Answer:

Сәлеметсіз бе!  Мамандықтар бойынша босаған бос білім беру гранттарын тағайындау үшін конкурс жарияланады. Конкурс туралы Univer жүйесінде және сайтта хабарландыру беріледі. Грант бойынша толығырақ ақпаратты оқып жатқан институт директоратынан біле аласыз.

04-07-2020 14-02-13   From students

Author: Anonymous

Question # 2234
Сәлеметміз бе Такир Оспанұлы! Жазғы семестр сессиясын тапсырмай, екі рубежка қорытындысымен бағалауға рұқсат беруіңізді сұраймын.Себебі сессия тапсыруға ноутбук жоқ және интернет нашар жұмыс істейді.
Answer:

Құрметті студент! 2019/2020 оқу жылының жазғы емтихан сессиясында ағымдағы бағалар негізінде пән бойынша баға қоюға рұқсат беріледі. Ағымдағы бағалар негізінде пән бойынша баға қою форматында емтихан тапсырғысы келетін білім алушылар институт директорының атына өтініш жазуы қажет. Өтініш пән оқытушысына жолданады. Өтініш үлгісін институт қызметкерлерінен алсаңыз болады.

03-07-2020 19-14-11   From students

Author: Аңсаған Арман

Question # 2233
Құрметті Такир Оспанұлы, біз университетіміздің 2020 жылғы бітіруші түлектері дипломымызды күтіп жүргелі көп болды. Бүгін енді тағы карантиннен кейін деген ақпарат алдық. Алда жұмысқа тұру үшін, магистратураға тапсыру үшін диплом керек. Осы мәселе қалай шешім табады? Басқа жоғарғы оқу орындары пошта қызыметі арқылы болсада студенттерге жіберіп жатыр. Тездетуге бола ма?
Answer:

Сәлеметсіз бе!  Дипломды табыстау мәселесі талқыланып, институт директорларына нұсқаулық берілді. Карантинге байланысты барлық сақтық шараларын орындауымыз қажет. Дипломды алу талаптары туралы институт директоратынан толығырақ біле аласыз. Рахмет!

Total records: 4039

« перв. ... < пред. ...  109  110  111  112  113 114  115  116  117  ... след. > ... посл. »

First name: *


E-mail:



Phone:



Subject:


Question: *


Enter the code from the image: *


Number of questions

April, 2024
7
March, 2024
5
February, 2024
20
January, 2024
11
December, 2023
21
November, 2023
19
October, 2023
17
September, 2023
25
August, 2023
39
July, 2023
29
June, 2023
60
May, 2023
41
April, 2023
49
March, 2023
22
February, 2023
42
January, 2023
68
December, 2022
55
November, 2022
50
October, 2022
62
September, 2022
52
August, 2022
33
July, 2022
32
June, 2022
49
May, 2022
139
April, 2022
64
March, 2022
45
February, 2022
46
January, 2022
57
December, 2021
29
November, 2021
43
October, 2021
70
September, 2021
75
August, 2021
109
July, 2021
79
June, 2021
62
May, 2021
69
April, 2021
74
March, 2021
47
February, 2021
42
January, 2021
68
December, 2020
61
November, 2020
62
October, 2020
42
September, 2020
48
August, 2020
57
July, 2020
81
June, 2020
88
May, 2020
65
April, 2020
86
March, 2020
57
February, 2020
37
January, 2020
28
December, 2019
47
November, 2019
72
October, 2019
70
September, 2019
61
August, 2019
88
July, 2019
47
June, 2019
71
May, 2019
54
April, 2019
70
March, 2019
51
February, 2019
45
January, 2019
75
December, 2018
87
November, 2018
51
October, 2018
54
September, 2018
77
August, 2018
105
July, 2018
46
June, 2018
43
May, 2018
45
April, 2018
36
March, 2018
30
February, 2018
28
January, 2018
17
December, 2017
17
November, 2017
12
October, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений