Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Welcome to the rector’s blog!

 

 

Dear visitors to the website!
 
The Rector`s blog was created to connect with students, staff and teachers of the University. You can leave your comments, ask questions and make suggestions. Open and regular discussion of issues will help the University administration to work fruitfully.
 
I hope that this platform will expand opportunities for the solution of many problems in our common work, will become an important mechanism for effective mutual exchange of information and implementation of tasks.
 
We are open for dialogue, all appeals will be considered. Every question will be answered.
 
 
Email: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 
 
 
 
 
The Rector's personal reception takes place on the 1st and 3rd Fridays of each month during the academic year - from 3.00 p.m. to 5.00 p.m.
  • Quessions-answers
  • Ask a question
  • Statistics
05-07-2020 21-39-51   From applicant

Author: Anonymous

Question # 2239
сәлеметсізбе,мен грантқа өту үшін өтініш жазған болатынмын енді жауабын күтіп жүп едім,грантка өткендердің тізімі қашан шығады соны білсем боладыма?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Грант бос орындары конкурсының қорытындысы туралы ақпарат институт директораты тарапынан хабарланады. Сұрағыңыз бойынша нақты жауап алу үшін институт директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарымен хабарлассаңыз болады. Рахмет!

05-07-2020 17-34-43   From students

Author: Алия

Question # 2238
Здравствуйте,Такир Оспанович!Я выпускница кафедры ПИП и хотелось бы точно узнать , каким образом будем получать диплом?Почтой или надо приехать каждому выпускнику?Ситуация в стране утрудняет передвижение между городами.Заранее благодарю за ваш ответ.
Answer:

Здравствуйте! В связи с ростом числа случаев заболевания коронавирусом по городу Алматы, согласно Постановлению №40 Главного государственного санитарного врача города Алматы Жандарбека Бекшина от 15 июня 2020 года, вручение дипломов выпускникам 2019-2020 учебного года состоится в онлайн-режиме. По вопросу получения дипломов Вам следует обратиться к заместителю директора института. Также рекомендуем ознакомиться с информацией  о графиках вручения дипломов: http://kaznpu.kz/ru/2862/notice/. Спасибо!

04-07-2020 22-10-26   From students

Author: Anonymous

Question # 2237
Сәлеметсіз бе? Мен жақында 1 курс бітірдім. ТАРИХ САБАҒЫН 5 КЕ ЖАПТЫМ. 1 КУРС БОЙЫНША
GPA 3.3.Практика 88 балл жинап 4 болды.Енді сұрағым мен қызыл диплом ға үмітім барма?Қызыл диплом ға 1 курста тарих САБАҒЫ әсер етема тек.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Университетіміздің Академиялық саясатының 374-тармағына сәйкес А, А- — ­­«өте жақсы», С+, В-, В, В+ —  «жақсы» деген бағамен емтихан тапсырған және бүкіл оқу кезеңінде орташа GPA балл кемінде 3,5 және «өте жақсы» деген бағалармен кешенді мемлекеттік емтиханды тапсырған немесе диссертацияны (жобасын) қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери дайындықтағы бағалардан басқа) беріледі.

Оқудың барлық кезеңінде емтихандарды қайта тапсырған білім алушы үздік диплом алмайды.

04-07-2020 22-08-34   From students

Author: Мұратбек

Question # 2236
Құрметті,Такир Оспанұлы.Мен біздің университетіміздің бітіруші түлегімін. Сізге дипломға байланысты сауалым бар еді. Бізге диплом 10 шілде күні почтамен жіберіледі деп айтты. Бірақ, магистратураға тапсыру мерзімі 15 шілде күні аяқталады. Мен өзім Батыс Қазақстан облысынан боламын. Мен сияқты алыс өңірлерден студенттер өте көп. Диплом почтамен жіберілген жағдайда біз өзіміздің университетіміздің магистратурасына тапсырып үлгермейміз. Соған байланысты барлық сақтық шараларды орындай отырып, дипломды жеке-жеке корпустан алып кетсек деп едік.Бұл мәселенің шешімі табылады деп үміттенемін.
Answer:

Сәлеметсіз бе!  Дипломды табыстау мәселесі талқыланып, институт директорларына нұсқаулық берілді. Карантинге байланысты барлық сақтық шараларын орындауымыз қажет. Дипломды алу талаптары туралы институт директоратынан толығырақ біле аласыз. Рахмет!

04-07-2020 21-04-28   From students

Author: Zhazira

Question # 2235
Сәлеметсіздер ме!Бос орын гранттары осы жылға шықты ма? Менде GPA 3.95 (барлық сабақтарым 90-95+)Келесі оқу жылына грантқа өте аламын ба? Грантқа конкурстар қашан жарияланады. Педагогикалық мамандықтардан басқа да спец-тарға бөлінсе екен!( әйтпесе барлық дерлік тек педагогикамен шектеліп жатыр)СК 2курс студентімін. Бос орын гранттары болған жағдайда сайтқа жарияланады ма?
Answer:

Сәлеметсіз бе!  Мамандықтар бойынша босаған бос білім беру гранттарын тағайындау үшін конкурс жарияланады. Конкурс туралы Univer жүйесінде және сайтта хабарландыру беріледі. Грант бойынша толығырақ ақпаратты оқып жатқан институт директоратынан біле аласыз.

04-07-2020 14-02-13   From students

Author: Anonymous

Question # 2234
Сәлеметміз бе Такир Оспанұлы! Жазғы семестр сессиясын тапсырмай, екі рубежка қорытындысымен бағалауға рұқсат беруіңізді сұраймын.Себебі сессия тапсыруға ноутбук жоқ және интернет нашар жұмыс істейді.
Answer:

Құрметті студент! 2019/2020 оқу жылының жазғы емтихан сессиясында ағымдағы бағалар негізінде пән бойынша баға қоюға рұқсат беріледі. Ағымдағы бағалар негізінде пән бойынша баға қою форматында емтихан тапсырғысы келетін білім алушылар институт директорының атына өтініш жазуы қажет. Өтініш пән оқытушысына жолданады. Өтініш үлгісін институт қызметкерлерінен алсаңыз болады.

03-07-2020 19-14-11   From students

Author: Аңсаған Арман

Question # 2233
Құрметті Такир Оспанұлы, біз университетіміздің 2020 жылғы бітіруші түлектері дипломымызды күтіп жүргелі көп болды. Бүгін енді тағы карантиннен кейін деген ақпарат алдық. Алда жұмысқа тұру үшін, магистратураға тапсыру үшін диплом керек. Осы мәселе қалай шешім табады? Басқа жоғарғы оқу орындары пошта қызыметі арқылы болсада студенттерге жіберіп жатыр. Тездетуге бола ма?
Answer:

Сәлеметсіз бе!  Дипломды табыстау мәселесі талқыланып, институт директорларына нұсқаулық берілді. Карантинге байланысты барлық сақтық шараларын орындауымыз қажет. Дипломды алу талаптары туралы институт директоратынан толығырақ біле аласыз. Рахмет!

03-07-2020 13-13-48   From students

Author: Anonymous

Question # 2232
Сәлеметсіз бе, әскери кафедра жайлы мәліметті кімнен біле аламыз?? Онлайнтапсырамыз ба құжаттарды, әлде қалай? Осы жөнінде айтып кетсеңіз.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпаратты әскери кафедра қызметкерлерінен алуыңызға болады. Тел.:  382-27-35, 8-778-955-2121 Оразбеков Бауыржан Жарқынбекұлы,  кезекші бөлім: 382-28-36.

03-07-2020 12-43-48   From students

Author: Сабыржан Молдир

Question # 2231
Сәлеметсіз бе Тахир Оспанович!
Мен ауылды жердің тұрғыны болғандықтан,жазға қалған пәндерімді онлайн түрде өту қиындыққа соғып жатыр.
Жазғы семестрдегі сабақтардың балын рубежка балымен қойса деген өтінішім бар.
Жағдайды түсініп,осы мәселені қарастырсаңыздар!
Answer:

Құрметті студент! 2019/2020 оқу жылының жазғы емтихан сессиясында ағымдағы бағалар негізінде пән бойынша баға қоюға рұқсат беріледі. Ол үшін білім алушы институт директорының атына өтініш жазуы қажет. Өтініш пән оқытушысына жолданады. Өтініш үлгісі мен қосымша ақпарат алу үшін институт қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Сұрағыңыз үшін рахмет! 

03-07-2020 07-18-48   From students

Author: Anonymous

Question # 2230
Мен 4 курс студентімін. Биылғы жылдан бастап шәкіртақы 26мың көлемінде болып беріле бастағаны барлығына белгілі . Бірақ, белгісіз себеппен осы соңғы айда 20мың көлемінде шәкіртақы салды және жол ақысы берілмеді. Осының себебін білгім келеді.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Бітіруші курс студенттеріне жол жүру төлемақысы берілмейді. Бұйрық бойынша 25 маусым оқуларын аяқтағандықтан, шәкіртақы 24 күнге есептелген.

Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпаратты Қаржы-экономикалық департаменті қызметкерлерінен алсаңыз болады. Тел.:291-37-54, Baisbaeva.bibigul@mail.ru. Рахмет!

03-07-2020 02-13-01   Other

Author: Байкулаков Нурлан Таубаевич

Question # 2229
Уважаемый Такир Оспанович!
Выражаю Вам огромную благодарность за организацию масштабной, грандиозной мероприятии с участием 9-ти ВУЗов Казахстана – летней онлайн школы цифровой транформации образования с Андреем Комиссаровым!
Как человек новатор, сторонник современных технологии в образовании, Вам удалось объединить и вовлечь многих педагогов Казахстана в таком нужном мероприятии - «ЛЕТНЯЯ ШКОЛА». Такие масштабные мероприятия объединяет педагогов Казахстана вместе решать глобальные задачи перед ними.
Курс онлайн школы цифровой трансформации Университета 20.35 для университетов Казахстана подготовил своеобразный ТРАМПЛИН для стартов в цифровое образовательное пространство!
За эти дни команда Андрея Комиссарова нас погрузил в свой мир – ЦифроГАЛАКТИКА! В этом мире мы узнали и научились как совместить лекции с игропрактикой, тайм-менеджменту, геймификацию, пользоваться рубрикатором, отслеживать цифровой след, Самое главное в процессе обучения получили навыки проектирование, постановки цели и задач.
Обучаясь на курсах я не увидел минусы, наоборот, увидел огромные плюсы в расширении наших знаниевых компетенции. Для нас открываются огромные возможности расширить горизонты цифрового образования будущего, пересмотреть методы преподавания.
Огромное спасибо Вам, за увлекательный, интересный и познавательный курс, в котором все участники окунулись в другой цифровой мир и испытали незабываемые впечатления!
Answer:

Здравствуйте! Благодарим за участие и приятный отзыв! 

03-07-2020 00-00-17   From students

Author: Anonymous

Question # 2228
Сәлеметсіз бе Балықбаев Такир мырза.Сізден сұрарым,1 курсты бітірген едім,сабағымнын барлығы жақсы және өте жақсы деген бағада жабылды.GPA балым-3.51. Енді сұрақ, мен қызыл аттестат алуға мүмкіндігім бар ма? Қызыл аттестат алу үшін не маңызды,ьаға қанша болу керек, толық ақпарат бере аласызба, мен іьіге аламынба бастысы қызыл алуға? Алдын ала рахмет!!!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Университетіміздің Академиялық саясатының 374-тармағына сәйкес А, А- — ­­«өте жақсы», С+, В-, В, В+ —  «жақсы» деген бағамен емтихан тапсырған және бүкіл оқу кезеңінде орташа GPA балл кемінде 3,5 және «өте жақсы» деген бағалармен кешенді мемлекеттік емтиханды тапсырған немесе диссертацияны (жобасын) қорғаған білім алушыға үздік диплом (әскери дайындықтағы бағалардан басқа) беріледі. Сұрағыңыз үшін рахмет!

02-07-2020 18-18-18   Other

Author: Anonymous

Question # 2227
Тахир Оспанұлы, сіз басқарып отырған университетте қызмет атқарып жатқаным ушін өте қуаныштымын.Сіздерге алғысым шексіз. Карантин кезінде уақытылы жалақымызды алып, отбасымызды асырауға мумкіндік болды. Ол сіздің бір улесіңіз деп ойлаймын. Алла өзіңізге және отбасыңызға береке берсін. Мен 2019 жылы конкурстан өтіп, сіздерге жұмысқа орналасқанмын. Өз альма-матерімде қызмет жасап жургеніме бақыттымын. Институт директорына, кафедра меңгерушісіне де қолдау көрсетіп, жас маман ретінде жол көрсетіп, қамқоршы болғандары ушін, кемшіліктерімізді жасырып, жақсылығымызды асырғандары ушін алғысым шексіз.Жас маман болған соң қорқыныш көп еді. Енді өзіме сенімді болып, жұмыс жасай аламын. Барлығы ушін рахмет!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Пікір жолдап, алғыс білдіргеніңіз үшін Сізге рахмет айтамыз. Біз кез келген қиындықты ұжым болып жеңеміз. Сізге денсаулық, қызметіңізде табыс тілейміз!

02-07-2020 17-54-50   From parents

Author: Әбжалиева Айткул

Question # 2226
Сәлеметсіз бе Такир Оспанұлы.Мен ата-ана Әбжалиева Айткул Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы,Жосалы кенті тұрғынымын.Балам биылғы жылдың түлегі.Алтын медаль иегері.Таңдау пәні физика-математика.Алған балы-80.Осы Абай атындағы университетке оқуға түсіп,білім алуы баламның арманы.Аудандық Т.Салқынбайұлы атындағы музыкалық мектепті 6жыл оқып,үздікке бітірді.Шахмат,теннис,күрес,түрлі ғылыми сайыстардың,олимпиадалардың жеңімпазы.Физика пәнінің мұғалімі мамандығына түскісі келеді.Осыған байланысты тікелей сіздерге құжат тапсыруға бола ма?Ректор грантына іліге ала ма?Сіздермен тікелей қалай байланыссам болады?Алтын белгіге 100%тік жеңілдіктер қарастырылы ма?Баламның барлық құжаттарын,жетістерін жинап,өткізсек?Нақты мәлімет бересізбе
Answer:

Сәлеметсіз бе! 80 балл жақсы көрсеткіш.13-20 шілде аралығында мемлекеттік грант конкурсына онлайн өтініш қабылдау жүргізіледі. Біздің универитетте «Алтын белгі» иегерлеріне 1 жылғы оқу ақысына 100% жеңілдік беріледі. 

02-07-2020 17-06-48   From students

Author: Anonymous

Question # 2225
Қайырлы күн! Осы өтінішті 2 күн дегенде әрең жазып отырмын.
Интернетке бірде кіріп, бірде кіре алмай отырмыз. Жазғы семестрде оқып жатырмыз. Өзіміз және ақылы бөлімде оқимыз. Алдағы жазғы семестрде тапсыратын экзаменнен құлап қалсақ қалтамызға ауыр салмақ. Өзіміз сабаққа, лекцияға кіруде қиын болып жүр. Бірде кірсек, келесі жолы интернет жасамайт. ЕМТИХАННЫҢ ОРЫНЫНА жинаған балл-дарымыздан ОРТАҚ БАЛЛ ШЫҒАРЫП берсе үлкен жеңілдік болар еді. АУЫЛДА жүріп ОҚИМЫЗ, КАРАНТИНДЕ ҚАТТЫ СОҚҚЫ БОЛЫП ОТЫР. Ата-анамыз біз экзаменнен құласақ ақша тауып бере алмайды.
Answer:

Құрметті студент! 2019/2020 оқу жылының жазғы емтихан сессиясында ағымдағы бағалар негізінде пән бойынша баға қоюға рұқсат беріледі. Ағымдағы бағалар негізінде пән бойынша баға қою форматында емтихан тапсырғысы келетін білім алушы институт директорының атына өтініш жазуы қажет. Өтініш пән оқытушысына жолданады. Өтініш үлгісін және сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін институт қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Сұрағыңыз үшін рахмет! 

02-07-2020 16-58-10   From students

Author: Anonymous

Question # 2224
Кайырлы кун интернет желісі нашар,ауыллық жерден болғаннан кейін тест тапсыра алмаймын 2 рубежканын балымен корытынды шыгаруға руксат беруинизди сураймын
Answer:

Сәлеметсіз бе! 2019/2020 оқу жылының жазғы емтихан сессиясында ағымдағы бағалар негізінде пән бойынша баға қоюға рұқсат беріледі. Ол үшін білім алушы институт директорының атына өтініш жазуы қажет. Өтініш пән оқытушысына жолданады. Өтініш үлгісін және сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін институт қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Сұрағыңыз үшін рахмет! 

02-07-2020 16-40-26   From applicant

Author: Аноним

Question # 2223
Здравствуйте, Тахир Оспанович! Хочу выразить слова благодарности за проведенный так скажем аудит со стороны Alma U. Очень правильное решение! Как полезно было послушать, мнение и увидеть взгляд со стороны на работу нашего университета. Какие грамотные управленцы! Особенно понравилась Гульмира Аманжоловна Кургамбаева! Какая умничка! За такой короткий срок провести полный анализ нашего университета и предоставить готовую стратегию дальнейшего развития! Это Супер!Нам бы в университет пару таких топ-менеджеров, было бы круто! Правильно они подметили в нашем университете есть все : и база материальная и человеческие ресурсы и тд, нет у нас хорошего менеджмента! Правильно подметили, что у нас "очень пенсионный коллектив". Вот это уж точно надо бы поменять!Недавно также вы организовали летнюю школу с участием А Комиссарова,замечательная была школа с молодыми продвинутыми ребятами! там вы обратили внимание, какие у нас в университете молодые, энергичные, продвинутые, уверенные в себе сотрудники и преподаватели, с каким энтузиазмом, с каким рвением, какие новые идеи подавали, какие проекты создали , АКТУАЛЬНЫЕ на сегодняшний день и за такой коротки срок. К чему я это пишу? Да к тому что, есть у нас в университете грамотные сотрудники, почему их не привлекаете к развитию университета? Зачем держать сотрудников на ключевых, руководящих постах пенсионного возраста? Не будем далеко ходить, Департамент Стратегии и развития, кто у нас возглавляет ? Да, Дамитов Базар Кабдошевич, уважаемый человек, ничего личного., но сколько ему лет? каково его состояние здоровья? как часто он бывает в университете? не мне наверное здесь описывать. И это в стратегии развития университета! В этом году, слетели с QS, да и в прошлом тоже, также кто возглавляет? Тасбулатов Темирхан Джумасеитович, опять пенсионер пенсионером. и вот так можно продолжать перечислять наши ключевые посты. И по структуре тоже команда Кожахметова правильно отметила: застряли в советской прошловековой структуре, с завкафедрами, с замдиректорами. Да надо менять HR, надо переходить на топ менеджеров, на менеджеров, классную идею они дали : переименовать институты в школы: школа инженерии, школа бизнеса, вот это круто! Необходимо избавиться от определении начальник отдела, зам директора, директор, лаборанты, инспектор.Думаю что топ менеджеры, менеджеры вполне достаточно, сократить все эти должности зам замы, зав завы. сделать открытые офисы, а не кабинетные системы. У нас как: у каждого начальника отдельный просторный кабинет, а как у преподавателей? кафедра из 30-60 человек сидит в маленьком кабинете с 2-3 компьютерами, о каких знаниях и о каком инновационном образовании может идти речь? надо поменять местами. Преподавателям отдельные кабинеты, а сотрудники в открытых офисах. Ну примерно так, вкратце решил изложить свое мнение. Надеюсь на изменения в лучшую сторону!
Answer:

Здравствуйте! По поводу вопроса о привлечении грамотных сотрудников к развитию университета Вы можете представить конкретные предложения и выдвигать кандидатов. Руководство готово рассмотреть Ваши предложения. Мы видим, что вы болеете душой за наше общее дело. Благодарим Вас за отзыв!

02-07-2020 16-11-26   From applicant

Author: Адал Айтжамал

Question # 2222
Сәлеметсіз бе
Мен ҰБТ -дан 81 балл жинадым
Биология пәні мұғалімін оқысам ба деймін
Грантқа түсе аламын ба осы универге
Answer:

Сәлеметсіз бе! Грант иегерлері мемлекеттік білім гранттары конкурсының нәтижесіне байланысты анықталады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарыңызды тапсыруыңыз қажет.

02-07-2020 09-58-58   From students

Author: Аманжолұлы Алмат

Question # 2220
Сәлеметсіз бе, құрметті Такир Оспанұлы. Мен "5В010900-математика" мамандығының биылғы бітіруші түлегі Аманжолұлы Алмат! Осы 4 жыл арасында маған білім беріп, бар ынталарымен нағыз педагог болып шығуыма қол-ұштарын созған ұстаздарыма алғысымды айтқым келеді.
1. МФжИИ басшылығы: Бекпатшаев М.Ж., Хамраев Ш.И., Уалиев З.Г., Мухашев Ж.Е. және деканат қызметкерлері.
2. МФжИОӘ кафедрасының профессор - оқытушылар құрамы: Әбілқасымова А.Е., Шуакаев М.К., Ералиев С., Қосанов Б.М., Капарова Р.М.
3. Педагогикалық және өндірістік іс - тәжірибеден өту барысында XXI ғасырға сай педагог болып шығуым үшін түрткі болған ұстаздарым: Тұяқов Е.А., Нурмухамедова Ж.М. және жас болсада бас бола білген жетекшім Сарсенова А.К.
4. Әр уақытта қолдау білдіріп, бар білгендерін жігерлене үйреткен ұстаздарым: Байшемиров Ж.Д., Нурбаева Д.М., Рысқан А.Р., Темирбекова Л.Н., Дюсов М.С.
5. Студенттің екінші анасындай болған эдвайзерім: Жансеитова Л.Ж.
6. Гуманитарлық, қоғамдық және педагогикалық бағытта білім нәрімен сусындатқан ұстаздарым:
- Жумашева С.С. (Педагогика, Білім берудегі менеджмент, Тәрбие жұмыстарының теориясы мен әдістемесі).
- Нурбаева А.М. (Орыс тілі).
- Жазылбек Л.И. (Экономикалық теория негіздері).
- Тулбасиева С.К. (Қазақстан тарихы).
- Лимашева Л.А., Садреймова А.Ж., Тукебаева С.А., Ауталипова Е.Н. (Психология).
- Мадалиева Ж.К. (Философия).
- Лукпанова С.М. (Ағылшын тілі).
Алдағы оқу жылдарыңызда сіздерге тек шығармашылық табыстар тілеймін. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың беделді де, белді ұстаздары болып жүре беріңіздер!
Answer:

Құрметті Алмат! Ұстаздарыңызға жолдаған алғысыңыз бен ізгі тілектеріңіз үшін рахмет айтамыз. Еңбек жолында Сізге тек табыс тілейміз. Аман болыңыз!

02-07-2020 01-25-50   Other

Author: Anonymous

Question # 2219
Қайырлы күн, ректор мырза!
Мен осы жылғы бітіруші түлекпін. Төмендегі сұрақтарыма жауап алғым келеді.
1. Екінші жоғарғы білімді ақылы түрде қашықтан оқуға бола ма?
2. Магистратураға қашықтан грантқа түсу мүмкіндігі бар ма?
3. Қашықтан оқу ақысына жеңілдіктер қарастырылған ба? Оның ақысын бірден емес, бөлім төлеуге мүмкіндік бар ма?
Answer:

Құрметті талапкер! Сұрақтарыңызға жауап:

  1. Екінші жоғары білімді қашықтан алуға болады. 2 жыл оқисыз. Жылдық оқу ақысы 300 мың теңгені құрайды. 
  2. Магистратураға өтініш 2020 жылдың 15 маусым-15 шілде аралығында онлайн қабылданады.  Құжаттарды онлайн-тапсыру және қабылдау ережелері туралы мәліметпен сайтымыздың келесі сілтемесі арқылы таныса аласыз: http://kaznpu.kz/kz/2150/page/
  3. Қашықтан оқу ақысын 3 мәрте бөліп төлей аласыз. 2020 жылы 25 тамызға дейін 30%, жаңа жылға дейін және көктемгі сессияға дейін төлем жасауға болады. Қашықтан оқу білім беру бағдарламаларына жеңілдіктер қарастырылмаған. 

Оқуға тапсыру туралы қосымша ақпаратты алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмахан Әуесбекұлымен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-57-68.

Total records: 4046

« перв. ... < пред. ...  110  111  112  113  114 115  116  117  118  ... след. > ... посл. »

First name: *


E-mail:



Phone:



Subject:


Question: *


Enter the code from the image: *


Number of questions

May, 2024
4
April, 2024
10
March, 2024
5
February, 2024
20
January, 2024
11
December, 2023
21
November, 2023
19
October, 2023
17
September, 2023
25
August, 2023
39
July, 2023
29
June, 2023
60
May, 2023
41
April, 2023
49
March, 2023
22
February, 2023
42
January, 2023
68
December, 2022
55
November, 2022
50
October, 2022
62
September, 2022
52
August, 2022
33
July, 2022
32
June, 2022
49
May, 2022
139
April, 2022
64
March, 2022
45
February, 2022
46
January, 2022
57
December, 2021
29
November, 2021
43
October, 2021
70
September, 2021
75
August, 2021
109
July, 2021
79
June, 2021
62
May, 2021
69
April, 2021
74
March, 2021
47
February, 2021
42
January, 2021
68
December, 2020
61
November, 2020
62
October, 2020
42
September, 2020
48
August, 2020
57
July, 2020
81
June, 2020
88
May, 2020
65
April, 2020
86
March, 2020
57
February, 2020
37
January, 2020
28
December, 2019
47
November, 2019
72
October, 2019
70
September, 2019
61
August, 2019
88
July, 2019
47
June, 2019
71
May, 2019
54
April, 2019
70
March, 2019
51
February, 2019
45
January, 2019
75
December, 2018
87
November, 2018
51
October, 2018
54
September, 2018
77
August, 2018
105
July, 2018
46
June, 2018
43
May, 2018
45
April, 2018
36
March, 2018
30
February, 2018
28
January, 2018
17
December, 2017
17
November, 2017
12
October, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений