Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Welcome to the rector’s blog!

 

 

Dear visitors to the website!
 
The Rector`s blog was created to connect with students, staff and teachers of the University. You can leave your comments, ask questions and make suggestions. Open and regular discussion of issues will help the University administration to work fruitfully.
 
I hope that this platform will expand opportunities for the solution of many problems in our common work, will become an important mechanism for effective mutual exchange of information and implementation of tasks.
 
We are open for dialogue, all appeals will be considered. Every question will be answered.
 
 
Email: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 
 
 
 
 
The Rector's personal reception takes place on the 1st and 3rd Fridays of each month during the academic year - from 3.00 p.m. to 5.00 p.m.
  • Quessions-answers
  • Ask a question
  • Statistics
09-10-2020 20-47-26   From applicant

Author: Сотрудники университета

Question # 2429
Добрый вечер, Тахир Оспанович! Весной этого года, до начала карантина, была информация о проведении курсов английского языка. БЕСПЛАТНАЯ ПРОГРАММА. Собрали списки участников, помним, что провели в актовом зале презентацию о предстоящем курсе. Это был выделенный грант по линии МОН вроде. Обьявили. что 10 месяцев будут проводить курсы лучшие преподаватели, лучших школ англ языка.Организатором выступал Игисинов Талгат. Хотим получить информацию, что стало с этим грантом, будут ли проводиться бесплатные курсы. Спасибо!
Answer:

Здравствуйте! По Вашему вопросу сообщаем следующее.​ Наш университет выиграл грант Всемирного банка на развитие офисов коммерциализации, в рамках которого планировалось провести обучение наших​ ученых​ английскому языку. В начале марта 2020 года проводились мероприятия по реализации данного проекта. По условиям конкурса проект должен был быть реализован до конца календарного года. Однако, в связи с карантином реализация проекта в 2020 году оказалась невозможной. Поэтому с грантодателем​ ведутся переговоры​ о переносе проекта на 2021 год.

09-10-2020 20-39-10   From applicant

Author: аноним

Question # 2428
Тахир Оспанович. здравствуйте! Замените пожалуйста директора Шапагат. Некомпетентный, не владеет ситуацией. устали уже писать о проблемах Шапагат
Answer:

Здравствуйте! Ваше обращение принято к сведению. Будет проведен тщательный анализ​ деятельности данного центра и его руководства. Только после этого​ мы примем соответствующее​ решение. Спасибо.

09-10-2020 14-56-23   From students

Author: Anonymous

Question # 2427
Салеметсизбе мен сизге коррупция туралы айткым келип отыр. Менен 1курста осы универде жумыс жасайтын Гулнар Сисембаевна деген мугалим(толык кай жерде отыратынын билмеймын, всегда жгига шакыратын)менен 2семестр грантка ауыстырам деп 400мын тенге акша алган болатын. Уйдегилер акшаны арен тауып берды. Маган егер грант болмаса окудан шыгасын деп ескертты. Ол жалгыз менен алган жок! Тагы комнаталас 4 кыздан алган! 2семестр болды Гулнар Сисембаевна ауыстырган жок! Одан болек сессиянын балын дурыстап берем деп акша сураган болатын. Бирак мен беруден бас тарттым. Негизи ол апайдын тагы акша алган кездеры коп. Мына жерге барин жазбаяк кояйн. Сонымен карантин болып уйге кайтып кеттик. Менен универ оплата сурай бастады(мен универге тускенде 30% толеп койганмын) Мен оны Гулнар Сисембаевнага айттым ол бугн толим кешке толим деп сонымен 2курс басталды. Менен ата-анамда сурай бастады грант кайда деп мен болад болад деп журдым. Гулнар Сисембаевна акшаныда кайтармады! 100мын тенгены кырылып айкаймен арен алдык! Енды калган 300мынды али кайтара алмай журмиз! Кунде жазамыз, бир апайды айтады акша сол апайда деп. Уйне барам акшаны алуга дитта жок болып кетеды. Биресе апай больницада жатыр дейды. Тахир Оспанулы мен сизге комек сурап жаздым. Егер бул маселе шешилмейтын болса ата анам буны жай калдырмаймын деп отыр!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз назарға алынды. Хатыңызда аталған пара алу фактісі бойынша тексеріс жүргізіледі. Тексеріс нәтижесіне байланысты шешім қабылданады.

09-10-2020 13-55-24   From applicant

Author: Anonymous

Question # 2426
Қайырлы күн! Мен қазір ҚазҰУ-де биология мамандығының 3-курс студентімін. Сіздердің университеттеріңізге ағылшын тілі мұғалімі мамандығына қалай ауыса аламын?
Answer:

Құрметті студент! Бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысу жолдары туралы сұрағыңызға  толық ақпарат алу үшін  Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс деректері: 291-13-71, 291-71-06, е-mail: okubolimi220@mail.ru. Рахмет!

07-10-2020 12-29-29   From students

Author: Anonymous

Question # 2424
Сәлеметсіз бе!
бізге магистранттарға степендия қашан түседі ?
1 курс
Answer:

Құрметті магистрант! Шәкіртақы қазан айының соңына дейін  міндетті түрде беріледі. 

07-10-2020 10-52-34   From students

Author: Anonymous

Question # 2423
Сәлеметсіз бе, алтын белгімен оқуға түсіп, бірінші курсты тек "5" пен бітірген студенттерге 100 пайыз жеңілдік берілді. Менің өтінішім, көпбалалы және қызыл аттестат алған студенттерге де жеңілдік болса! Барлығына бірдей қарап, Жағдайды түсінсеңіздер деймін!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Университет тарапынан ақылы негізде оқитын білім алушыларға 100 пайызға дейін жеңілдік қарастырылған. Жеңілдік алу үшін өтінішіңіз бен әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды өткізуіңіз қажет. Оқу орнымыздың жеңілдіктер ережесімен сайтымыздан таныса аласыз: https://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/Pol_2020.pdf. Рахмет!

06-10-2020 18-09-55   Other

Author: Кулпейсова Гулжазира

Question # 2420
Құрметті Такир Балыкбаевич,қайырлы кеш! Сіздер (білім ордасы) ұйымдастырған,24 қыркүйек 2020ж.сағат 14-00-де Абай Құнанбаевтың 175ж.мерей тойына арналған "Актуальные проблемы национального воспитания учащейся молодежи в современных условиях" тақырыбында zoon арқылы конференция өткен болатын. Өте тамаша,тағылымы мол конференция болды.Рахмет.Бізге (мен және әріптесім)Мен-Кулпейсова Гулжазира Елубайкызы, әріптесім- Какабаев Мурат Елегенулы конференцияға қатысқанымызды айқындай алатын, яғни дәлелдеу үшін ұсынатын куәлік (сертификат) келген жоқ. Конференцияға қатысқанымыз туралы сертификат қашан берілетіні жөнінде хабарласқан едім.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Хатыңыз конференция ұйымдастырушыларына жолданды. Жауапты тұлғалар Сізбен хабарласады.Рахмет!

06-10-2020 12-52-29   Other

Author: Anonymous

Question # 2419
Сәлеметсізбе, Такир Оспанұлы. Мен осы сұрақты тікелей өзіңізге қояйын деп шештім. Бұл сұрақ букіл ҚАЗҰПУ-дағы  әріптестерімді де толғандырады деп ойлаймын. Білім министірі Асхат Аймағамбетовке тікелей эфирде кездесуде ЖОО-да қызмет жасайтын қызметкерлердің жалақысы туралы сұрақ қойғанда - 2020 жылы қыркуйектен бастап 30-40% көтереміз деген болатын. Осы аталған нәрсенің ҚАЗҰПУ-ға қатысы бар ма? Жалпы жалақымызды 2020 жылы көтеру жоспарда бар ма? Бұл сұрақты қойғанымның себебі наурыз айынан бастап АЗЫҚ-ТУЛІК, КИІМ-КЕШЕК,БЕНЗИН,ОҚУ АҚЫСЫ, КӨРСЕТІЛЕТІН ТУРЛІ ҚЫЗМЕТТЕР, ПӘТЕРЛЕРДІҢ БАҒАСЫ  40-50% жоғарылағаны өзіңізге белгілі болар, сондықтан қойып отырмын. Куз келгенде қымбатшылықтың кушейгенін бәріміз байқадық. Сондықтан жалақының көлемін қарастыруларыңызды сұраймын.
Answer:

Сәлеметсіз бе! 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап профессор-оқытушылар құрамының жалақысы 25%-ға, қызметкерлердің жалақысы 20%-ға көтерілді.

06-10-2020 12-37-04   Other

Author: Anonymous

Question # 2418
Сәлеметсіздер ме,егер 1 ші курста ақылы бөлімде оқитын студент оқудан өз еркімен ,1 семестр аяқталғанға дейін оқудан шыққысы келсе,оқуға төлеген ақысы қайтарыла ма?
Answer:

Сәлеметсіз бе!  Оқудан шығу туралы бұйрық шыққан күнге дейінгі уақыттың (айлардың) төлемақысы ұсталынып, қалғаны қайтарылады. Сұрағыңыз бойынша студенттік бухгалтерия қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Телефон: 291-37-54.

05-10-2020 00-29-59   From students

Author: Anonymous

Question # 2417
Сәлеметсіз бе! Мен магистратураның 1 курс студентімін. Бакалавр басқа мамандық болғандықтан, разница төлеуім керек. Өзім көпбалалы отбасынанмын. Пандемия әсерінен ата-анам жұмыссыз қалды. Осы жағдайға қатысты разницаның төлемін азайтуға болады ма? Қандай да бір скидка болады ма?
Answer:

Сәлеметсіз бе!  Сұрағыңыз бойынша өтінішіңіз бен әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды институт директоратына өткізуіңіз қажет.  Өтінішіңізді арнайы құрылған комиссия қарастырады. Байланыс телефоны: 291-83-82. Рахмет!

03-10-2020 11-48-09   From students

Author: Anonymous

Question # 2416
Қайырлы күн, Тахир Оспанұлы! 5 қазаннан бастап Хореография мамандығы офлайн түрде сабағын жалғастырады. Ал сол мамандықта оқитын льгота(толық жетім, көп балалы, жартылай жетім) бар студенттерге 4 жылдық жатақханамен қамтамасыз етіледі деген болатын. Ол студенттер жатақханаға сеніп қалды. Ендігіде оқуға тұратын жері болмағандықтан бара алмай отыр. Бұл жағдайдын қандайда бір шешімі барма?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Ата-аналардың өтініші бойынша «Хореография» мамандығы 2-3 курс студенттерінің сабақтары офлайн және онлайнға көшіру мәселесі қарастырылды. 5 қазаннан бастап,  тек 2-4 курс студенттері ғана офлайн сабаққа шақырылады. Ал жатақхана мәселесіне келетін болсақ, аса мұқтаж санатындағы (толық жетім) студенттерге жатақханаға жолдама берілді.   

 

02-10-2020 17-04-32   From students

Author: Anonymous

Question # 2415
Қайырлы күн құрметті Тахир Балықбаев. Мен ҚазҰПУ-нің бітіруші түлегімін. Елімізде болып жатқан ахуалға байланысты дипломдық жұмысты жазу һәм қорғау мәселесі қарастырылып жатыр ма? Емтихан тапсырамыз ба? Жалпы қандай форматта ұйымдастырылады? Рақмет!!!
Answer:

Сәлеметсіз бе! Оқу үдерісі мен қорытынды аттестаттау 2020/2021 оқу жылының Академиялық күнтізбесіне сәйкес офлайн форматында өткізілу жоспарлануда.

02-10-2020 14-28-06   From students

Author: Anonymous

Question # 2414
Сәлеметсіздер ме! Біздің университетте неге 3-курстың үздік оқитын студенттеріне әлі күнге дейін президенттік шәкіртақы тағайындалмады? Өзіміз қатарлы басқа да педагогикалық ЖОО-ларда 3-курстан бастап үздік үлгерімді студенттер алып жатыр. Бізге қашан? Нақты ақпаратты сізден білуді жөн көрдім(оқу бөлімінен сұрасаңыз болады деп бағыттамауыңызды өтінемін)
Answer:

Құрметті студент! Президенттік шәкіртақы мемлекет тарапынан тағайындалатындықтан, нақты ақпарат бере алмаймыз. Ресми ақпаратты сайтымыздан бақылап отыруыңызды сұраймыз. Қосымша институт директоратынан да хабарланатын болады. Рахмет!

01-10-2020 12-37-36   From students

Author: Anonymous

Question # 2413
Саламатсыз ба?
Маған бұрын оңайлықпен алынатын документтерді қазіргі таңда алу қиыншылыққа алып келіп жатыр. Бізде дистонционное обучение болып жатқандықтан мен Алматы қаласында бара алмаймын. Документтерді қашықтықтан ала алтындай етіп жағдай жасаңыздаршы. (Шапағат тағы оқып жатыр деген справка емес)
Answer:

Сәлеметсіз бе! Қажетті құжаттар тізімі көрсетілген өтінішіңізді институт басшылығына жолдасаңыз болады. Институт директораты қызметкерлері міндетті түрде көмектеседі. Рахмет! 

29-09-2020 21-18-17   From students

Author: Байғазы Сая

Question # 2412
Сәлеметсізбе? Мен 1 курс студентімін!
Басқа студенттердің карточкасы дайын екен,мен звондап сұрап едім,менікі тіпті заяка берілмеген,мен қалай,қайдан білемін оны,қалай аламын степендияны?
Answer:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңызда көрсетілген мәселе бойынша жауапты тұлғаларға тапсырма берілді. Рахмет! 

29-09-2020 18-51-37   From students

Author: Anonymous

Question # 2411
Сәлеметсіз бе! Мен Педагогика психология институты, Дефектология мамандығының 4 курс студентімін. Өндірістік практика жәйлі өтінішім бар. Мен ауыл квотасымен грант иегерімін. Сол себепті, өндірістік практиканы ауылдың инклюзивті білім беру бағдарламасы бар ЖББ мектебінде офлайн түрде өткім келіп еді,себебі бұл мен үшін үлкен тәжірибе. Яғни, ол мектепте арнайы білім беруді қажет ететін балалар бар, және де Дефектолог маманының штаты бар.
Бірақ, біздің практиканың методист тәлімгері рұқсат бермей отыр. Мен практиканы өткім келіп отқан мектеп, алдағы уақытта, оқу бітіргеннен кейін жұмысқа міндетті түрде қабылдау туралы анықтама беріп отыр. Және де сұраныс хат жібереміз деп отыр. Бірақ тәлімгеріміз ол практиканы алдағы уақытта қорғау туралы айтып, бізді кішкене қорқытып қойды. Қазақстанның ешкандай ауылында арнайы білім беру мекемелері жоқ,тек инклюзивті білім беру бағдарламасы бар ЖББ мектепте ғана жұмыс жасай аламыз ғой алдағы уақытта, грант өтеу үшін. Неге соны ескермеске? Неге студентке мүмкіндік бермеске?!
Answer:

Құрметті студент! Бітіруші курс студенттеріне кәсіби (өндірістік) практикадан өту үшін университет тарапынан бірқатар мүмкіндіктер жасалуда:

- мамандық бойынша келісім шарт жасалған арнайы білім беру мекемелерінде пратикадан өту;

- мамандығы бойынша жұмыс жасап жүрген студенттер, жұмыс орнынан анықтама және жұмысқа қабылдану туралы бұйрықтың көшірмесін ұсынған жағдайда;

- мамандығы бойынша практикадан өтуге мүмкіндік жасап, мекемеде мамандандыруға сай (сурдопедагогика, олигофренопедагогика, тифлопедагогика, логопедия) жетекшілік ететін, арнайы дефектолог маман - әдіскер бекітіліп, оқуды бітіргеннен кейін сол мекемеге жұмысқа қабылдау туралы сұраныс хат жіберген жағдайда практикадан өтуге рұқсат беріледі.

Өзіңіз жазғандай бұл кәсіби өндірістік тәжірибе, инклюзивті оқу тәжірибесі емес. Сіз сұранып отырған мекеме инклюзивті сыныптары бар ЖББ мектеп болғандықтан, мамандандыру (сурдопедагогика, олигофренопедагогика, тифлопедагогика, логопедия) бойынша практикадан өту мазмұнын толықтай ашпайды. Даму бұзылысының түріне байланысты, яғни белгілі категория бойынша ерекше білім беруді қажет ететін балалармен арнайы түзету сабақтарына (жеке, фронтальды) қатысып, ұйымдастырып өткізу, кәсіби құзыреттіліктерге ие болу - аталған практиканың негізгі мақсаты. Сол себепті аталған білім беру мекемесінде кәсіби өндірістік практика мазмұнын, өзіңіз таңдаған мамандандыру (сурдопедагогика, олигофренопедагогика, тифлопедагогика, логопедия) бойынша толық орындау міндеттеледі. Практикадан өту барысында барлық студенттерге бірдей талап қойылады, барлық студенттермен бірге қорытынды есеп беруге (қорғауға) қатысасыз. Рахмет!

 

28-09-2020 19-20-13   From students

Author: Anonymous

Question # 2410
Құрметті Такир Балықбаев! Мен КазНПУ 2 курс студентімін. 2019 жылы Алтын белгі иегері болып 1жылға жеңілдік алған болатынмын. Егерде GPA баллым 3,67 жоғары болатын жағдайда , 2курста жеңілдік жалғасатындығы туралы айтылған болатын.Алайда осы жылы бұл мәселе белгісіз екендігін айтты.Осы жылғы пандемияға байланысты көптеген адамдар жұмыссыз қалды,соның қатарында бізде болғандықтан оқу ақысын төлеу қиынға соғып тұр. Осы жағдайларды ескере отырып, жеңілдікті GPA 3,67 жоғары болған жағдайда қалдыруды өтінеміз.
Answer:

Құрметті студент! Университет тарапынан ақылы негізде оқитын білім алушыларға 100 пайызға дейін жеңілдік қарастырылған. Оқу орнымыздың жеңілдіктер ережесімен сайтымыздан таныса аласыз: https://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/Pol_2020.pdf. Жеңілдік алу үшін өтінішіңіз бен әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды өткізуіңіз қажет. Рахмет!

27-09-2020 14-08-02   From students

Author: Anonymous

Question # 2409
Сәлеметсіз бе!1 курс магистратура
Сұрағым бізде степендия көлемі қанша болады,мамандық педагогика және психология
Басқа мамандықтан ауысып келгендіктен разницаны біз қай уақытқа дейін төлеуміз керек ,1 семерстр біткенге дейін бе ?
Answer:

Құрметті студент! Сұрағыңыз бойынша институт директораты қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Оқу үдерісіне қатысты сұрақтарыңызға толық ақпарат береді. Рахмет!

26-09-2020 22-05-58   From students

Author: Anonymous

Question # 2408
Сәлеметсізбе Ректор мырза!? Менің айтайын дегенім неге барлық студенттер 1 дей стипендия алмайды.Бәріміз бірдей оқып жатқан жоқпызба.1інің мүмкіншілігі болса бірінің мүмкіншілігі болмайды.Мысалы мен квартирада тұрамын,оған айына 20 000тг төлеймін,алатын стипендия менде 26 000 ал басқалардыкі 42 000тг неге адамды бөліп жарады.Сол жағын қарастырсаңыздар сіздерден өтініш.Барлық студентке бірдей шәкірт ақы төленсін!
Answer:

Құрметті студент! Шәкіртақы мемлекет тарапынан берілетіндіктен, шәкіртақы көлемін Білім және ғылым министрлігі тағайындайды. Жаңа оқу жылында педагогикалық білім беру бағдарламасында оқитын грант иегерлерінің шәкіртақысы көтерілді.

25-09-2020 22-49-36   From applicant

Author: Аноним

Question # 2407
Салеметсиз бе Тахир Оспанулы?Менин Сизге айтайын дегеним 4-курс студенттеринде отетин онлайн сабак мугалимдерин ауыстыруга боламаа?Болса Калай отиниш билдируге болады.
Answer:

Сәлеметсіз бе! Оқытушыны ауыстыру себебін нақты жазуыңызды сұраймыз.

Total records: 4042

« перв. ... < пред. ...  101  102  103  104  105 106  107  108  109  ... след. > ... посл. »

First name: *


E-mail:



Phone:



Subject:


Question: *


Enter the code from the image: *


Number of questions

April, 2024
10
March, 2024
5
February, 2024
20
January, 2024
11
December, 2023
21
November, 2023
19
October, 2023
17
September, 2023
25
August, 2023
39
July, 2023
29
June, 2023
60
May, 2023
41
April, 2023
49
March, 2023
22
February, 2023
42
January, 2023
68
December, 2022
55
November, 2022
50
October, 2022
62
September, 2022
52
August, 2022
33
July, 2022
32
June, 2022
49
May, 2022
139
April, 2022
64
March, 2022
45
February, 2022
46
January, 2022
57
December, 2021
29
November, 2021
43
October, 2021
70
September, 2021
75
August, 2021
109
July, 2021
79
June, 2021
62
May, 2021
69
April, 2021
74
March, 2021
47
February, 2021
42
January, 2021
68
December, 2020
61
November, 2020
62
October, 2020
42
September, 2020
48
August, 2020
57
July, 2020
81
June, 2020
88
May, 2020
65
April, 2020
86
March, 2020
57
February, 2020
37
January, 2020
28
December, 2019
47
November, 2019
72
October, 2019
70
September, 2019
61
August, 2019
88
July, 2019
47
June, 2019
71
May, 2019
54
April, 2019
70
March, 2019
51
February, 2019
45
January, 2019
75
December, 2018
87
November, 2018
51
October, 2018
54
September, 2018
77
August, 2018
105
July, 2018
46
June, 2018
43
May, 2018
45
April, 2018
36
March, 2018
30
February, 2018
28
January, 2018
17
December, 2017
17
November, 2017
12
October, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений