11-04-2019 11-25-57
From students
Author: Студенты 1 курса трех групп: 106А, 106Б, 108 специальности иностранный язык: два иностранных языка Института филологии и полиязычного образования КазНПУ им. Абая Question # 1004 Здравствуйте Уважаемый ректор университета Балыкбаев Тахир Оспанович мы студенты 1 курса трех групп: 106 А, 106 Б, 108 специальности иностранный язык: два иностранных языка Института филологии и полиязычного образования КазНПУ им. Абая, хотим выразить благодарность Вам за внимательное и теплое отношение к студентам, а также поблагодарить преподавателей, которые преподают нам в Университете и особую благодарность хотим выразить преподавателю Тусубековой Кунслу Кадыркуловне за высокий профессионализм и компетентность, доброжелательность, терпение, искренность, преданность своему делу.
Спасибо большое за ваш труд! Мы выбрали достойное учебное заведение в профессиональном становлении.
Answer:
Здравствуйте. Благодарим за приятный отзыв. Мы обязательно передадим ваше письмо преподавателю Кунслу Кадыркуловне Тусубековой. Спасибо!
10-04-2019 18-21-45
From applicant
Author: Бенашвили Динара Маратовна Question # 1003 Уважаемый Тахир Оспанович! Я студентка заочного отделения. Прошу Вас разобраться и решить вопрос прохождения антиплагиата. После написания дипломной работы, я несколько раз проверяла в онлайн на сайте антиплагиат.ру где показывал высокий процент уникальности. Я 2 раз проходила антиплагиат в «Шапагат», но почему-то процент уникальности показывает ниже. Что за программа такая? Директор «Шапагат» Задает не корректные вопросы: где работаешь?, кем работаешь?,какая заработная плата?, с кем живешь? Что за не этичные вопросы?! Почему такое отношение к студентам ЗАОЧНОГО ОТДЕЛЕНИЯ. Ведь мы учимся на платной основе.Обратилась к директору Института, к начальнику учебного отдела Жанбекову Х. Н., проректору по учебной работе Сатмурзаеву А.А писала заявление, было подписано! Пожалуйста решите этот вопрос в мою пользу!
Answer:
Здравствуйте!
В Вашем обращении звучат серьезные обвинения в адрес сотрудников нашего университета и они обязательно будут досконально рассмотрены и проверены. И только после этого будут, в случае правдивости приведенных Вами сведений, приняты соответствующие меры. Принятие справедливого решения требует определенного времени. В любом случае решение руководства по данному вопросу будет озвучено. Спасибо.
10-04-2019 17-27-44
Other
Author: Жұмағұлова Қалампыр Әбжаппарқызы Question # 1002 Құрметті Такир Оспанұлы!!!
Сіздің қолдауыңызбен университеттің ғылыми әлеуетін көтеру мақсатында бірқатар іс-шаралар атқарылуда. Атап айтқанда, жас ғалымдарға арналған «Стартап» және 2019 жылға арналған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жариялаған Жас зерттеушілердің ғылыми жобалары бойынша гранттық қаржыландыру конкурсына Жаратылыстану және география институтының магистранттары мен докторанттары қатысып, гранттар ұтып алды.
Сонымен қатар, Ғылым департаментінің қызметкерлері мен оның директоры Сахиев Саябек Қуанышбекұлының ұйымдастыруымен Elsevier, Springer компанияларының өкілдерімен тұрақты кездесулері докторанттар мен жас ғалымдардың халықаралық рейтингтік басылымдарда зерттеу нәтижелерін жариялау мүмкіндігін алып отыр. С.Қ. Сахиев институтымыздың Кеңес мәжілістеріне бірнеше рет қатысып, университеттің зерттеу бағытына қатысты ойларымен бөлісті.
Біздің институтта биылғы жылы ХИРШ индексіне ие профессор-оқытушыларға сыйақы берілуі ғылым жолындағы жас ғалымдарға ғылыми ізденіске деген үлкен құлшыныс тудыруда.
Такир Оспанұлы! Қазақ жоғары білімінің қара шаңырағы атанған Абай университетінің ғылыми әлеуетін даярлау жолындағы еңбегіңіз шексіз. Сізге Жаратылыстану және география институты ұжымы алғыс білдіреді.
Директордың ғылыми істер және халықаралық
қатынастар жөніндегі орынбасары
Жұмағұлова Қ.Ә.
Answer:
Құрметті Қалампыр Әбжаппарқызы!
Университет басшылығына жолдаған алғысыңыз үшін үлкен рахмет! Абай университетінің ғылыми әлеуетін нығайту және оны дамытуда профессор-оқытушылар құрамы мен жас ғалымдарымыздың қосар үлесі зор. Сондықтан алдағы уақытта ғалымдарымыз бен қабілетті білім алушылар үшін ғылым саласында барлық жағдайлар жасалатын болады.
10-04-2019 12-38-23
From applicant
Author: Жанерке Бақтыбекқызы Question # 1000 Салеметсизбе ректор мырза мен осы университетте жұмыс жасаймын.Педагогика және психология институтында ескі,жарамсыз компьютерден шаршадық дистпечер мен бір компьтерге күніміз қарап отыр оның өзі дұрыс жасамайды. Мен әдіскер болып жасаймын. Оқу жылы аяқталып қалды көктемгі емтихандарға билет шығару керек,келу парағын дайындау керек бізге жүктелетін міндет өте көп алайда компьютер істемегендіктен сөз де естіп жатырмыз әр кабинет аралап қай жерде компьбтер бар әркімнен сұрап,жалынғаннан шаршап кеттік.Неге бізге берілмейді? 1 жыл бойы күтіп отырмызғой бұдан арыға шыдай алмаймын.
Answer:
Сәлеметсіз бе, Жанерке!
Сұрағыңызда көрсетілген мәселені шешу Білімді ақпараттандыру департаментіне жүктелді.
10-04-2019 10-19-48
From applicant
Author: Сымбат Аскарова Question # 999 Қайырлы күн, құрметті ректор Тахир Оспанұлы! Менің Сізге мынадай сұрақтарым бар:
1) Биылғы жылы Докторнатураға құжат тапсыру мерзімі қай аралықтан қай аралыққа дейін?
2) Ағылшын тілінен Тест тапсыруды алып тастады ма? IELTS/TOEFL болуы міндетті ме? Егер міндетті болса IELTS неше балдан бастап қабылданады? ОСыны нақты жауап беріп өтуіңізді сұраймын. Өйткені бұл сұраққа ресми нақты жауап ала алмадым.
3) Докторантураға Сіздің университетіңізде ақылы түрде оқығымыз келсе, жылдық оқу ақысы қанша?
4) Не себепті Қабылдау комиссияның телефон номеріне хабарлассақ ешкім жауап бермейді, жауап бергеннің өзінде сол орталықтағы қызметкерлер телефонмен дөрекілеу сөйлеседі, бұл дұрыс емес. Телефонмен сөйлескен кезде дөрекі сөйлеспей, сыпайы сөйлеуді үйренсе екен.
Назар аударғаныңызға рахмет. Жұмысыңызға сәттілік тілеймін!
Answer:
Сәлеметсіз бе, Сымбат!
Университетімізде докторантура бағдарламасы бойынша құжаттар 2019 жылдың 3-25 шілде аралығында қабылданады. Докторантураға түсу үшін тапсырылатын емтихандар ағымдағы жылдың 8-16 тамызы аралығында келесі талапқа сәйкес жүргізіледі: - докторантураға түсуге үміткер ағылшын тілінен тест тапсырмайды, бірақ шет тілін толық меңгергендігін растайтын Халықаралық сертификат TOEFL - 560 балл, IELTS-4.5 балдан кем болмауы керек және сертификаттың жарамдылық мерзімі 2 жылдан аспауы керек.
Таңдаған мамандығыңыз бойынша докторантураның ақылы бөлімінде білім алатын болсаңыз, оқу төлемақысы 2018/2019 оқу жылында 1 307 000 тенге болған. 2019/2020 оқу жылына оқу ақысының сомасы бекітілмегендіктен, нақты қанша төлеу керектігін айта алмаймыз.
Университет сайтында көрсетілген қабылдау комиссиясының барлық телефондары жұмыс жасап тұр. Қабылдау комиссиясының қызметіне қатысты сұрақтарыңыз болса, Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмахан Әуесбекұлымен хабарласуыңызға болады. Тел.:291-57-68. Сұрағыңызға рахмет!
09-04-2019 21-04-33
Other
Author: Мейірбекова Гульжазира Question # 998 Құрметті Такир Оспанұлы!
ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Кезінде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауын осылай бастаған еді. «Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» - деген болатын.
Біздің Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті сіздің келгелі уақытыңыздан бастап жаңа деммен өмір сүріп, енді университетіміздің жаңа тарихи беті ашылып жазыла басталды. Оқу жүйесі, абитуриенттерді университетімізге тарту барысындағы жеңілдіктер, ұстаздар еңбегін бағалау, студент жастарға қолдау көрсетіле отырып білім беріле бастады.
Оның дәлелі, биылғы оқу жылында біздің Тарих және Құқық Институты, «Құқықтану» мамандығы бойынша 1 курста казіргі кезде 100% - 17 студент, 50% - 20 студент, 30% - 10 студент, 20% - 7 студент, 10% - 3 студент білім алуда. Бұл Университетімізде «Құқықтану» мамандығы бойынша жеңілдіктер берілген ең бірінші жыл деп есептеуге болады. Өйткені, «құқықтану» мамандығына Мемлекеттік гранттардың өзі өте аз мөлшерде бөлінетіні белгілі.
Екіншіден, оқытушылардың еңбектері еленіп, Білім және Ғылым Министрлігінің марапаттауларына, Университетіміздің өзінің марапаттарына биылғы оқу жылының өзінде кафедра меңгерушісі з.ғ.д.,профессор Е.Ә.Бурибаевтан бастап, барлық кафедра мүшелері өз еңбектері бойынша алды.
Үшіншіден ғылыми жұмыстар бойынша оқытушылар өз зерттеулерін, еңбектерін алыс жақын шетелге шығарып қорғау мүмкіндіктеріне ие болды. Оған дәлел кафедрамыздың он шақты оқытушылары осы мүмкіндіктерді пайдалануда.
Төртіншіден, шетелдік ғылыми басылымдарда еңбектері шығып, Хиршасы бар біздің кафедраның өзінен сегіз оқытушы ақшалай сыйақымен марапатталды.
Бұлда біздің кафедраның жетістігі деуге болады.
Осы жетістіктерімізді бағалап, көтермелеу шараларымен марапаттап отырған және өз мүмкіндіктерімізге жақсы жағдайлар жасап отырған Университетіміздің ректоры, Сізге құрметті Тахир Оспанұлы, кафедра басшысы және кафедра мүшелері өз алғыстарын білдіреді!
Answer:
Құрметті Гүлжазира!
Университет басшылығына жолдаған алғысыңыз үшін үлкен рахмет!
Бүгінгі оқу ордамыздың білім және ғылым саласындағы әр жетістігіне профессор-оқытушылар қауымының қосар үлесі зор. Абай университетінің білім беру және ғылыми әлеуетін одан әрі дамыту үшін профессор-оқытушылар құрамы мен жас ғалымдарымыздың бастамаларына әрдайым қолдау көрсетуге дайынбыз.
09-04-2019 15-17-16
From applicant
Author: strangler Question # 997 Сәлеметсизбе, құрметті Тахир Оспанұлы. Сіз біздің университетіміз үшін көптеген жұмыстар атқарып жүрсіз және оның дамуына, көркеюіне де игі ыкпал жасап жатырсыз. Қадірменді, Тахир Оспанұлы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев үстіміздегі жылды "Жастар жылы" деп атап, жалынды да, жігерлі, білімді жастарға көп мүмкіншілік беріп отыр.Біздің "Қазақстан тарихы" кафедрасының меңгерушісі Жангуттин Бауыржан Олжабайұлы зейнет жасындағы оқытушы. Елбасымыздың тікелей бастамасымен көтерілген озық бағытты негізгі тірекке ала отырып, неге біз, біздің "Қазақстан тарихы" кафедрасына білімді, ақылды, өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын, шынайы көзқарасты ғана ұстанатын жас оқытушыны қоймасқа.
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Тарих және құқық институтына қарасты «Қазақстан тарихы» кафедрасы меңгерушісіне қатысты ұсынысыңыз міндетті түрде ескеріледі. Рахмет!
08-04-2019 14-00-42
From students
Author: Курманалиев Артық Question # 996 Құрметті,Тахир Оспанұлы! Мен Тарих және құқық институтының, құқық және экономика негіздері мамандығының 2-курс студенті Курманалиев Артық. Тарих және құқық институтында оқитыныма өте қуаныштымын!Өйткені, сабақ беруші мұғалімдеріміз өзіме қатты ұнайды және Институт директорымыз Жұмағұлов Болат Сағидоллаұлына шексіз алғысымды білдіргім келеді.4-5 сәуір аралығында өткен ХІ-ші Республикалық пәндік олимпиадаға қатысуға мүмкіндік бергендеріңіз үшін үлкен рахмет! Алдағы уақытта үміттеріңізді ақтауға тырысамыз!
Answer:
Құрметті Артық!
Тарих және құқық институтының директоры мен оқытушыларына жолдаған алғысыңыз үшін Сізге үлкен рахмет!
08-04-2019 10-45-27
From applicant
Author: Anonymous Question # 995 Сəлеметсізбе ректор .Мен 2019 жылғы түлек боламын .Дизайн мамандығын таңдап жүрмін. Менің сізден сұрағам келетіні шығармашылық емтихан қалай өтеді,нені талап етеді.менің грантқа түсу мүмкіншілігім жайында кеңінен айтсаңыз деймін....
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Университетіміздегі «Дизайн» мамандығына мемлекеттік грант негізінде оқуға түсу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып,«Оқу сауаттылығы» және «Қазақстан тарихы» пәндерінен тест тапсыру қажет. Тест қорытындысы бойынша сертификат беріледі.
Ал қалған ЖОО тапсырылатын екі шығармашылық емтихан 2019 жылдың 8-13 шілде аралығында «Сурет» және «Сызу» пәндері бойынша қабылданады.
Шығармашылық емтихандар бойынша кеңес беру, талапкерлерді дайындау (консультация) 2019 жылдың 20 маусым - 5 шілде аралығында жүргізіледі. Рахмет!
06-04-2019 14-12-26
From applicant
Author: Не равнодушные Question # 994 Здравствуйте Тахир Оспанович ! Во первых огромное спасибо, что открыли свой блог, где можем изложить свою проблему, просьбу, пожелание! Пока вынуждены писать анонимно, надеюсь Вы понимаете, пока не готовы писать под своими именами, так как можем попасть под репрессию своих руководителей. Обрадовала нас новость, что ожидаются изменения в структуре университета. Полностью поддерживаем!!!!! Давно уже пора!!!! Все уже засиделись на своих креслах! Хорошая идея объединения отделов, не просто хорошая, а очень хорошая!!! А то в отделах на одного начальника, один инспектор, что это за отделы??? Услышав данную новость все начальники отделов зашевелились, решили все писать обоснование, чтобы оставили их отделы. Надеемся, что Вы не отступите от намеченных планов!!! Как поётся в песне В. Цоя: Перемен!!! Требуют наши сердца!!! ПЕРЕМЕН! Скоро сами увидите эти обоснования, мы за изменения в структуре, мы считаем, что Вы в правильном направлении двигаетесь!!! Уже видны изменения в нашем универе в лучшую сторону, поэтому мы поддерживаем Ваши начинания, а то расплодили начальников, да директоров с замами. Очень разумные сокращения! Уверяем Вас никто в университете не перерабатывается, никто не работает до потери пульса . Все только боятся потерять свои кресла начальников!!! Вы начали с ЦОС Шапагат, вот так и надо сделать из всех департаментов такие открытые, всегда доступные офисы открыть. А то наши начальники ведут себя как короли, университета. Спасибо, что наши проректора открыты к доступу, в любое время можно спокойно зайти к ним и получить ответы на свои вопросы. Единственное недопониманием у нас к Вам , это почему Вы всегда поддерживаете и прикрываете Даубасова, он Ваш родственник? Почему он открыто не выступает на советах, ректоратах , не отчитывается о своей проделанной работе, часто замечаем, что на заданные ему вопросы, ответ за него держите Вы. Просмотрев Ваш блог прочитала не один негативный отзыв в его адрес. Неужели нет достойного кандидата на его пост, который не пачкал бы Ваше имя. Не судите строго, если были где-то резки, прямы в своих высказываниях, накипело просто. Можете не публиковать наше письмо, мы просто хотели донести до Вас свои переживания. Спасибо Вам за понимание!
Answer:
Здравствуйте!
Спасибо за такое эмоциональное обращение и доверие! По поводу анонимности: данные обращающихся не публикуются, а их вопросы передаются руководителям для рассмотрения. Обращаясь с вопросом, Вы имеете право поставить отметку о неразглашении Вашего имени. Ваши данные нужны исключительно для предоставления Вам уведомлений. Также Вы можете обращаться на мой эл. адрес rector_blog@kaznpu.kz. Руководство всегда открыто для общества.
Касательно жалоб на директора Административного департамента: прежде, чем принять какое-либо решение, все факты будут проверяться.
В любых жалобах касательно сотрудников мы не можем принимать меры без проверки, доказательств фактов. Чтобы вынести справедливое решение, требуется время. Мы должны учитывать все нюансы работы указанного сотрудника, его личностные характеристики и такое понятие, как человеческий фактор. Но любое принятое руководством университета решение должно быть законным и обоснованным.
06-04-2019 12-14-21
From students
Author: Anonymous Question # 993 Құрметті Ректор мырза!!! Сізге өтініш сабақ уақытысында сабағы бар студенттерді конференцияға алып кетпеулеріңізді өті
неміз!!!
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Өтінішіңізді міндетті түрде ескереміз.
06-04-2019 10-27-34
Other
Author: Докторант Сауле Question # 992 Добрый день ! Подскажите пожалуйста сколько денег государство выделяет на стажировку докторантам? По каким критериям наши бухгалтера определяют стоимость проживания и суточных за рубежом.? Откуда они берут цену 14000 в сутки за проживание? Если мой научный руководитель из Франции, как мне уложиться за проживание в 14000 тенге? Во Франции даже хостел не найти за эту цену? В бухгалтерии внятных ответов на свои вопросы я не получила? Поэтому обращаюсь к Вам. Почему в бухгалтерии сидят агрессивные дамы, вечно чем то не довольные особенно Курманова, спокойно не ответит никогда, срывается на крики, какая-то неадекватная
Answer:
Здравствуйте!
Для получения исчерпывающего, т.е. полного и подробного разъяснения по этим вопросам Вам следует обратиться к главному бухгалтеру Тамаре Садирбаевне Сапарбаевой (главный учебный корпус, каб. 213). Контактные тел.: 291-30-67. Спасибо за вопрос.
05-04-2019 22-42-45
From students
Author: Досатова Надира Question # 991 Құрметті Тахир Оспанұлы мен Тарих және Құқық институының 2 курс студентті Досатова Надира Серғалиқызы сізге Елбасы кітапханасының ұйымдастыруымен Елордамызда "Болашаққа жол өзіңнен басталады" семинар-тренинг бағдарламасына қатысуға мүмкіншілік бергеніңіз үшін алғыс айтамын. Барлығы өте жоғары деңгейде болды.Әр бір тренингтен рухани байып, тың идеялармен, керекті керемет мағлұматтарды алдық.
Answer:
Құрметті Надира!
Алғыстарыңыз үшін рахмет!
Университет тарапынан жастарымыздың білімін жетілдіру, әлеуетін барынша тиімді пайдалану тұрғысында ұйымдастырылып жатқан әр түрлі жобалар мен конкурстарға қатысып, білімдеріңіз бен қабілеттеріңізді шыңдаңыздар. Сізге тек сәттілік тілеймін!
05-04-2019 20-44-25
From students
Author: Әсембек Думан Амангелдіұлы Question # 990 Құрметті Такир Оспанұлы сіздің арқаңызда 3-4 сәуір күндері Нұр-Сұлтан қаласында Тұңғыш Президент кітапханасында 2 күндік "Болашаққа жол өзіңнен басталады"! атты семинар-тренингте көптеген білім мен іс-тәжірибе жинадық.Осы семинар-тренингке қатысқан университетіміздің белсенді студенттері соның ішінде Атамекен ИПК белсенді мүшелері, жинаған білімдеріміз алдағы уақытта университетіміздің одан әрі дамып өркендеуіне септігін тигізетіненіне кәміл сенеміз!
Алғысымыз шексіз!!!
Атамекен ИПК координаторы,Тарих және Құқық институтының белсенді студенті:Әсембек Думан Амангелдіұлы.
Answer:
Сәлеметсіз бе, Думан!
Алғыстарыңызды білдіріп, семинар-тренингтен алған әсерлеріңізбен бөліскендеріңіз үшін рахмет! Сіздерге тек сәттілік тілейміз!
05-04-2019 17-41-08
From students
Author: Самсамова Алия Question # 989 Уважаемый ректор! пожалуйста, решите проблему с туалетом в главном корпусе. Туалеты в ужасном состоянии
Answer:
Здравствуйте!
Для решения проблемы касательно нерабочего состояния туалета Ваше обращение передано в Департамент по развитию инфраструктуры и взято на контроль. Спасибо!
05-04-2019 17-38-03
From parents
Author: Anonymous Question # 988 Уважаемый ректор! моя дочь обучается на платном отделений. Почему с деканата замдекан Зейнеп заставляет сидеть студентов и делать ее работу. Отправляет в столовую, в банк по своим личным делам. И еще намекает на то, что за подарки может закрывать сессию. Я как родитель плачу за то, что моя дочь получала знание или за то, что она должна делать чужую работу. Отказывать ей дочь боится, так как она им еще преподает.Решите проблему или мы будем вынуждены обратится министру. Почему такой без предел творится в вашем вузе?
Answer:
Здравствуйте!
Ваше обращение рассмотрено, зам. директора З.Ж. Османовой сделано замечание. Спасибо!
05-04-2019 17-29-59
From applicant
Author: Anonymous Question # 987 Салематсызба. Мен филология және көптілді білім беру инcтитутынын студентымын. Зам декан Зейнеп апай бизге отте дорекы сойлейд, оз жумысын беред жасауга, деканатын тапсырмасы деп. Жасамасак коркытып сессияда коресындер дид.Деканга барып айтканга ашык коркамыз. Жеке жумыстарымен коп жумсайды.Ата анамызга айтып Минстерствога шагым жасауга дайынбыз.
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Филология және көптілді білім беру институтының қызметкеріне қатысты шағымыңыз міндетті түрде қарастырылады. Сұрағыңызға рахмет!
05-04-2019 13-46-46
From students
Author: Anonymous Question # 986 Салеметсиз бе! Тахир Оспанович Мен жазгы окуга калып калып едим. Бир кредит канша? Жане кай уакытка дейин тойлеу керекпин? Жане осы сессияда жаксы тапсырсам стипендияга кайта илигем ба? Кай уакыттан бастап степендия
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Сұрақтарыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің немесе Тіркеу офисінің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-13-71, 291-18-53. Сұрағыңызға рахмет!
03-04-2019 12-02-01
Other
Author: Anonymous Question # 984 Здравствуйте,
Я выпускница КазНПУ имени Абая,закончила факультет филологии "Переводческое дело" в 2011 году, работала, и в 2012 году поступила в магистратуру научно-педагогического направления на специальность "Переводческое дело" успешно закончила в 2014 году, получила диплом магистра гуманитарных наук, с КазНПУ уволилась давно, работаю другом месте, хотелось бы заняться педагогической деятельностью, в годы своей работы простым инспектором в КазНПУ неоднократно заходила в Институты, чтобы меня взяли в качестве педагога, но мне отказывали, причину отказала объясняли тем, что у меня гуманитарное направление, скажите пожалуйста зачем я закончила научно-педагогическое направление, если я не имею право преподавать в КазНПУ или часы надо покупать? Два года подряд пыталась поступить в докторантуру, все экзамены проходят не честно, все продается, во время экзаменов возле корпусов "БАСТЫКИ" КазНПУ имени Абая сидят и смотрят на скамейках либо на по Кунаева Валиханова ходят с папками, что они потеряли на экзаменах ? и к ним подходят преподаватели, будущие докторанты или магистранты передают конверты. Мне кажется что это никогда не изменится, потому что это наше национальная особенность, прошу прощения, что то нахлынула)))
Читая Такир Оспанович Ваш блог, поняла в КазНПУ ничего не изменилось, остались те же грубые работники студенческой столовой, вернулся Даубасов С. еще на такую должность, когда я работала некоторые девушки рассказывали,что он приставал к ним, предлагал постель, Серик Жайлауович его уволил, но Вы его взяли, я у Вас не работаю, но как выпускница КазНПУ я должна была написать это.
Еще, хочу поблагодарить преподавателей Института филологии и полиязычного образования, которые преподавали в 2008-2014 годах !!!
Answer:
Здравствуйте!
Все выше указанные проблемы обязательно будут рассмотрены. Для их устранения проводится ряд мер. По противодействию коррупции в нашем университете создан специальный Совет. Касательно жалоб на указанного сотрудника проводится проверка фактов. Руководство не может без доказательств увольнять сотрудников. Если при проверке будут выявлены факты, то обязательно будут приняты административные меры. Для принятия решения необходимы время и справедливый подход.
Выпускников нашего университета и квалифицированных специалистов мы всегда рады принять на работу. Спасибо!
03-04-2019 09-28-48
From students
Author: Anonymous Question # 983 Сәлеметсіз бе Таxир Оспанович менің сізге қояр сұрағым тариx мамандығы 5В011400 грант бөлінеме 1 курсқа қысқы семестрде арыз қалдырғанбыз бірақ ол арызымыз жауапсыз қалды.Грантқа түсу үшін тағы қандай әрекет жасаумыз керек? Грантқа лайық емес студенттер грантта оқып жатқанда іштей қынжылатының рас. Осы сұрағыма жауап беруіңізді өтінемін!
Екінші сұрағым осы мамандықта 1 курсты аяқтап 2 курста басқа мамандыққа ауысатын болсақ айырмашылық ақша төлейміз бе?
Answer:
Құрметті студент!
Мемлекеттік бос грант орындарына конкурс жарияланып, грант үміткерлері арнайы бекітілген ережелер мен талаптарға сәйкес іріктеледі. Конкурс нәтижесінде анықталған үміткерлер тізімі университет тарапынан министрлікке ұсынылады. Грант иегерлерінің тізімі Білім және ғылым министрлігі тарапынан бекітіледі.
Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековке (бас оқу ғимараты, 221-кабинет) жолығыңыз. Сұрағыңызға рахмет!
Total records: 4046