Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Welcome to the rector’s blog!

 

 

Dear visitors to the website!
 
The Rector`s blog was created to connect with students, staff and teachers of the University. You can leave your comments, ask questions and make suggestions. Open and regular discussion of issues will help the University administration to work fruitfully.
 
I hope that this platform will expand opportunities for the solution of many problems in our common work, will become an important mechanism for effective mutual exchange of information and implementation of tasks.
 
We are open for dialogue, all appeals will be considered. Every question will be answered.
 
 
Email: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 
 
 
 
 
The Rector's personal reception takes place on the 1st and 3rd Fridays of each month during the academic year - from 3.00 p.m. to 5.00 p.m.
  • Quessions-answers
  • Ask a question
  • Statistics
21-04-2019 12-09-19   From applicant

Author: Саят Нығымет

Question # 1030
Саламатсызба Такир Оспанұлы!!!
Мен қоятын сұрағым мынадай...
Сіздерге "Заңгер" мамандығына түсу үшін ҰБТдан қанша балл жинау керек,Грант қанша балл?
Жәнеде Тарих пәнінің мұғалімі мамандығына грант қанша балл?
Answer:

Құрметті талапкер!

Сұрағыңыз бойынша толық ақпаратты қабылдау комиссиясының қызметкерлерінен алуыңызға болады.  Байланыс телефондары: +7 (727) 291-57-68, +7 (727) 291-73-71.

19-04-2019 17-15-59   From applicant

Author: Anonymous

Question # 1028
Құрметті,Тахир Оспанұлы! Сіз келгелі физика, математика және информатика институтының жағдайы жақсы жаққа қарай өзгереді деп үміттеніп едім, бірақ әлі олай болмай тұр.Институтта көптеген жасы пенсия жасынан асып кеткен мұғалімдер жұмыс істейді. Ол кісілер өте дөрекі сөйлеп, педагогикалық ЖОО ұстаздары емес, базардағы сатушылар сияқты студенттермен сөйлеседі. Ол кісілерді неге пенсияға жібермейді??? Көптеген математика оқулықтарының авторы Алма апайдың қоластындағы адамдары және студенттермен қалай сөйлесетінінде сөзім жоқ (әкеңнің басы, собака такая т.б). Сабақтар мүлдем болмайды, себебі апай сабақтарын басқа апайға тапсырып қойған. Кім біреудің сабағын өткісі келеді? Искакова Макпал апай болса, әрдайым өзінің жұмыстырын, тапсырмаларын студенттерге істетіп қояды, істемесе Алма апайға айтып берем, быт-шытыңды шығарады үнемі қорқытып отырады. Сонымен қатар, декан, зам декан, зав кафедралар бірігіп докторантура, магистратура гранттарын сатады. Мұғалімдердің көбі коррупцияға үйренген, әрдайым студенттерден сыйлық күтіп тұрады. Жасы келген мұғалімдер жастарға жол беруі керек деп ойлаймын. Дәл қазір ол ағайлар мен апайлар институттың дамуын тежеп отыр. Сондықтан сізден институтта түбегейлі өзгеріс жасауыңызды сұраймыз
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Математика, физика және информатика институтында 98 профессор-оқытушылар қызмет жасайды, оның ішінде 21 зейнеткер, яғни  21,5% - ды құрайды. 2019-2020 оқу жылына профессор-оқытушылар құрамының орта жасын 51-ге  немесе зейнеткерлердің үлесін 18% -ға жеткізу жоспарланып отыр. Сұрағыңызда аталған кафедра меңгерушісі Алма Әбілқасымованың PhD докторанттарға өткізген сабағы 2018 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында сабақ кестесіне сәйкес жүргізілді, бұл семестрде сабағы жоқ. Мақпал Искаковаға және басқаларға қатысты мәліметтер қарастырылып, міндетті түрде тексеріледі. Тексеру нәтижесі бойынша шешім қабылданады.

Университетіміздің 2018-2025 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспарына сәйкес институт құрылымы, кадрлар саясаты, білім сапасы, корпоративтік мәдениет, білім бағдарламалары, педагогикалық шеберлік және білімді цифрландыру бойынша өзгерістер енгізілетін болады. Ұсынысыңыз міндетті түрде ескеріледі. Сұрағыңыз үшін рахмет!

19-04-2019 15-01-22   Other

Author: Anonymous

Question # 1027
Құрметті Тахир Оспанұлы Құрметті Сатмурзаев Асан сіздерден сұрайық деп едік, востановлениеге келген приложениелерді шапағат орталығы жасауы керекпе әлде директораттар жасап береме? қарасаңыз негізгі жұмыс ішіннің толтырылуы, шығарылуы директоратқа қарайды, ал печатын өздері қойдырып аяқтайды. Біздің ойымызша жұмыс бастан аяқ берілуі біржақты жасалуы керек сияқты жартысын шапағат жартысын директораттар жасауы дұрыс емес. Шапағат орталығының атқаратын жұмыстарының тізімін қалай көруімізге болады
Answer:

Сәлеметсіз бе!

«Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының атқаратын қызметі туралы ресми сайтымыздан (http://kaznpu.kz/kz/2408/page/) танысуыңызға болады.

Оқу үрдісіне жауапты құрылымдық бөлімдердің қызметтері  туралы толық мәлімет алу үшін оқу ісі жөніндегі проректор Асан Адасбекұлы Сәтмырзаевпен жолығуыңызға болады. Сұрағыңызға рахмет!

19-04-2019 14-21-51   From students

Author: Көпжүрсінова Еңлік

Question # 1025
Сәлеметсізбе Тахир Оспанұлы.Менің қояр сұрағым, бұл сұрақ та емес наразылық. Оқу мерзімін 2семестрде ерте басталу себебін ерте аяқтаумен түсіндіріп едіңіздер. Енді сол шешімге келгенде неге маусым айына сессия уақытын қалдырдыңыздар?Ондай жағдайда декантта артық әңгіме жүргізбеуіңіз керек еді.Қаншама алыс аймақтағы студенттер мамыр айының 18 жұлдызына бітеді деп ұшаққа билет алып қойды.Оны өткізуде,ауыстыруда аз ақша емес екенін білетін боларсыз.Бұл жерде деканаттыңда 18-і бітеді деп әңгіме таратқаны кесірін тигізді. СӨЗ БЕРГЕСІН,ОНЫ ОРЫНДАУ МІНДЕТ деп санаймын. ҚҰРМЕТПЕН 2курс студенті
Answer:

Сәлеметсіз бе, Еңлік. Билет алып қойған білім алушыларға емтиханды арнайы кестемен тапсыруға рұқсат берілген. Билетті қайта тапсырудың қажеті жоқ.

Емтихан сессиясының уақытына байланысты ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-13-71. Сұрағыңызға рахмет!

 

19-04-2019 14-19-15   From applicant

Author: Anonymous

Question # 1024
Қайырлы күн, құрметті ректор Тахир Оспанұлы! Біздің университетіміздің бас ғимараты мен география институтының (7 этажка) оқу ғимаратының күзетшілеріне көңіліміздің толмайтындығын айтқымыз келеді. Сөйлеу мәдениетінен жұрдай, білімгерлердің алдында абыройымызды түсіріп дөрекі сөйлейді.("Ей, сен кімсің, сен оқытушы емессің, ей қайда бара жатырсың" сияқты) Оқытушы ретінде жеке басымызды сыйламайды, субординация болу керек деп ойлаймын. Ескерту айтып, шара қолдануыңызды сұраймыз.
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Шағымыңыз бойынша басшылық тарапынан қауіпсіздік қызметкерлеріне ескерту жасалды.

19-04-2019 12-16-25   From students

Author: Anonymous

Question # 1023
Сәлеметсіз бе, Таxир Оспанұлы сізге айтар өтінішім академиялық уақыт өз реттілігін сақтаса. 10 маусымға деин созу бұл тым артық. Сессия тапсыратын 5 сабақ болса, оған бір ай уақыт берілген. Бұл тым көп уақыт. Осыны қолға алып, бұрынғы уақытты қайтадан орнатуыңызды сұраймын.
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Емтихан сессиясының уақытына байланысты ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-13-71. Сұрағыңызға рахмет!

19-04-2019 12-16-09   From students

Author: Аноним

Question # 1022
Сәлеметсіз бе? Такир Оспанович біздің өтінішіміз сессияның және сабак бітуінің уақыты сол бұрынғысынша қалғанын қалаймыз. Сонымен қатар сессия уақытының да тез уакыты біткенін қалаймыз. Жаңадан шыққан сессия уақыты барлық студенттердің ойынан щығып жаткан жок. Барлығы қарсы десекте болады. Барлық студенттердің өтінішін қарап сессия уакытын бұрығысынша қалғанын калаймыз.
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Көктемгі емтихан сессиясының уақыты төмендегі себептерге байланысты өзгерді:

1. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін және регламенттейтін жаңа нормативті-құқықтық актілер (НҚА) енгізілді. Жаңа НҚА-ға сәйкес аралық  аттестацияны дайындауға және өтуге семестрде игерілген кредиттердің жалпы санының 10% бөлінеді, бұл орта есеппен 90 сағатты құрайды;

2. Университеттің Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша бітіруші курстар кешенді емтиханды тест түрінде тапсырады. Ал 4 курстардың қорытынды аттестациясын өткізу кезеңімен 1-3 курстардың емтихан сессиясының кезеңі сәйкес келеді, бұл емтихандарды ұйымдастыру кезінде қолайсыздық тудырады және тестілеу орталығына артық жүктеме жасайды;

3. Алдыңғы емтихан сессияларының тәжірибесі көрсеткендей, аралық аттестаттауды өткізудің қысқа мерзімі білім алушыларға толық көлемде емтиханға дайындалуға мүмкіндік бермейді (дайындыққа 1-2 күн беріледі), бұл үлгерімге әсер етеді.

Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-13-71. Сұрағыңызға рахмет!

19-04-2019 12-13-24   From students

Author: Anonymous

Question # 1021
Құрметті Тахир Оспанұлы. Сізден сурар сұрағым жылдық қорытынды емтихан дардың уақытын өзгерту сіз бұрынғы кесте бойынша калдыруыңызды сұраймын.
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Емтихан сессиясының уақытына байланысты сұрақтарға толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен немесе институт директорымен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-13-71. Сұрағыңызға рахмет!

19-04-2019 11-37-48   From applicant

Author: Anonymous

Question # 1020
саламатсызба
7 этажкадагы шапагат центр неге жай жумыс жасайды
кыздар телефон шукылап жайбыракат журеды
улкен универ болган сон жылдам жумыс жасау керек кой
4 курстар диплом жұмысын антиплагиаттан өткңзу үшін сағаттап кезекте отырады
кашан бәрі жақсарады екен
осыны қолға алсаңыз
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Шағымыңыздағы мәселелерді назарға алдық. Алдағы уақытта «Шапағат» орталығының қызметі қадағаланатын болады.

19-04-2019 11-33-28   From applicant

Author: Anonymous

Question # 1019
Сәлеметсізбе,Тахир Оспанұлы. Сізге өтінішіміз бар еді, сіз ұзартқан академиялық уақытты қысқартуынызды өтінеміз.Тым болмаса Мамырдың аяғына дейін қысқартасызба ,қыс кезіндеде демалыс уақыты екі жеті ғана болды. Батыс Қазақстан облысының студенттері билет, алып алдын ала дайыналып қойған болатын.Өтінішімізді ескересіз деген ойдамыз! Рақмет!
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Билет алып қойған білім алушыларға емтиханды арнайы кестемен тапсыруға рұқсат берілген.

Емтихан сессиясының уақытына байланысты сұрақтарға толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен немесе институт директорымен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-13-71. Сұрағыңызға рахмет!

19-04-2019 10-54-49   From students

Author: Назира

Question # 1018
4-курстың вручениесі қай уақытта болады?
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Қазіргі таңда түлектерімізге дипломды табыстау рәсімі бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дипломды табыстау күні бекітілгеннен кейін ресми сайтымызға хабарландыру жарияланып, директорат тарапынан білім алушыларымызға ескертіледі. Сұрағыңызға рахмет!

18-04-2019 16-28-38   From applicant

Author: Anonymous

Question # 1017
Добрый день, пишу по поводу внезапного продления обучения до 10 июня.
Нас, студентов, интересует по какому принципу принимаются такие решения, и кто идейный вдохновитель.
Также есть информация, о том, что какие-то студенты, жаловались что не успевают подготовиться к рубежному контролю и к экзамену из-за практики, что очень удивительно, ведь практика занимает пол дня максимум, считайте тоже самое что и обычная учеба, даже без нагрузки, кто-то вообще её не посещает.... Собственно говоря, это не причина удлинять обучение, и абсолютно не поддерживается студентами. Многие купили билеты, строили планы, и тут вдруг, из-за какой-то кучки непонятных людей, обрываются все планы и теряются деньги. Вторая причина- это то, что короткие каникулы зимой, были обусловлены тем, что мы раньше закончим обучение, но на деле происходит обратное.
Просим объяснений и немедленного решения этой проблемы.
Answer:

Уважаемый студент, сроки сессии были перенесены с 13 мая до 10 июня т.г. в связи с тем, что:

1.  с 1 января 2019 года введены новые НПА, регулирующие и регламентирующие деятельность организаций высшего и послевузовского образования. В соответствии с новыми НПА на подготовку и прохождение промежуточной аттестации отводится  10% от общего количества освоенных  кредитов в семестре, что составляет в среднем 90 часов;

2.  по решению Ученого совета университета выпускные курсы сдают комплексный экзамен в тестовой форме, при этом время проведения итоговой аттестации 4-х курсов и экзаменационная сессия 1-3 курсов совпадают, что создает неудобства при организации экзаменов и  излишнюю нагрузку на центр тестирования;

3. как показала практика предыдущих экзаменационных сессий, сжатые сроки проведения промежуточной аттестации не позволяют обучающимся в полной мере подготовиться к экзамену (на подготовку отводится 1-2 дня), что сказывается на успеваемости.

Студенты, которые взяли билеты, могут сдать экзамен по специальному расписанию. Для получения дополнительной информации по данному вопросу Вы можете связаться с директором Департамента по академическим вопросам Хайруллой Нышановичем Джанбековым. Тел.: 291-13-71. Спасибо за вопрос.

18-04-2019 15-55-09   From students

Author: Рысалдиева Алия

Question # 1014
Здравствуйте Тахир Оспанович, я бы хотела сказать о состоянии корпуса Истории и права. У нас просто нету условии для студентов. Все кабинеты не оборудованны,не чистые и даже уже 2 год не работает лифт и никто не собирается отремонтировать, и все уборные ужасном состоянии и многие не работают. Просто не чисто и не красиво, не хочется посещать университет, мы учимся на юриспруденции тем более на платной основе и не малые деньги плотим, где условия для студентов ? Кому только наши студенты не писали, и обещали уже год назад сделать компьютерные классы, установить wifi, но мы никаких изменений не видем. Очень надеемся на то что вы примете меры.
Answer:

Здравствуйте!

Касательно выше указанных жалоб руководство в курсе. В рамках стратегического плана развития нашего университета планируется и проводится ряд мер по улучшению инфраструктуры, в том  числе создание надлежащих условий для обучающихся.

В текущем году в компьютерных классах (409, 511, 10) были установлены новые компьютеры, переустановлено программное обеспечение. По Wi-Fi-оборудованию - сейчас проходит открытый конкурс, по окончании которого мы планируем установить его во всех учебных корпусах и общежитиях.

Лифт корпуса №10 работает с 1 мая т.г. Указанные проблемы с туалетами в ходе возникновения будем устранять. Также будем контролировать работу комендантов, ответственных за состояние всех зданий нашего университета.

18-04-2019 15-25-17   From applicant

Author: Anonymous

Question # 1013
Қайрлы күн ,құрметті Тахир Оспанұлы . Біздің сізге қояр сұрағымыз:
Біз дефектология мамандығына қысқы демалыста ерте шақыртып сабақты мамыр айында ерте бітіресіңдер деп айтқандықтан 1-апта ерте бастаған едік және практиканы сабакпен бірге зорға алып жүрдік.(ал басқа мамандықтарда сабақ кеш басталып практика сабақтан тыс отеді).Енді бізге келіп мамырдың 13 мен маусымның 10 дейін сессия қойылған, және де біз сабақты 9 апта оқитын болып тұрмыз.Неліктен біз сабақты ерте бастап кеш бітіруіміз керек, жаңа оқу жылы болса тамыз айында..?Осы мәселеге көңіл бөлсеңіз!!
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Көктемгі емтихан сессиясының уақыты төмендегі себептерге байланысты өзгерді:

1. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін және регламенттейтін жаңа нормативті-құқықтық актілер (НҚА) енгізілді. Жаңа НҚА-ға сәйкес аралық  аттестацияны дайындауға және өтуге семестрде игерілген кредиттердің жалпы санының 10% бөлінеді, бұл орта есеппен 90 сағатты құрайды;

2. Университеттің Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша бітіруші курстар кешенді емтиханды тест түрінде тапсырады. Ал 4 курстардың қорытынды аттестациясын өткізу кезеңімен 1-3 курстардың емтихан сессиясының кезеңі сәйкес келеді, бұл емтихандарды ұйымдастыру кезінде қолайсыздық тудырады және тестілеу орталығына артық жүктеме жасайды;

3. Алдыңғы емтихан сессияларының тәжірибесі көрсеткендей, аралық аттестаттауды өткізудің қысқа мерзімі білім алушыларға толық көлемде емтиханға дайындалуға мүмкіндік бермейді (дайындыққа 1-2 күн беріледі), бұл үлгерімге әсер етеді.

Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-13-71. Сұрағыңызға рахмет!

17-04-2019 10-43-21   From students

Author: Магистрант

Question # 1012
Добрый день, уважаемый Такир Оспанович. Повторно пишу письмо, так как мое письмо осталось без ответа.
Совсем скоро мы как магистры защитимся, получим дипломы, время уже наступило. Но в декабре месяце прошлого года(включительно январь 2019) сдавали документы для Президентской Стипендии, прошло уже много месяцев, а ответа нет. Столько учились, столько старались учиться только на 95 и выше. Для меня лично получить такую стипендию исторически значимое событие. Прошу ваше содействие ускорить назначение данной стипендии для одаренных магистрантов КазНПУ имени Абая.
Answer:

Здравствуйте!

Для получения ответа по данному вопросу Вы можете записаться ко мне  на прием. Спасибо!

16-04-2019 21-19-09   From students

Author: Анар Кишкенебаева

Question # 1011
Сəлеметсізбе, мен Екі шет тілі мамандығының 4-курс студентімін. Бакалавриаттан кейін магистратураға тапсыруға жоспарлап жүр едім. Магистратураға тапсыру үшін емтихан форматы жаңартылған деп естідім, яғни GMAT тестімен, сол распа? Əлде сол баяғы форматта емтихан тапсырамызба? Егер емтихан жаңа форматта өтілетін болса, сол туралы қысқаша түсініріп кете аласызба?
Рахмет, жауабыңызды асыға күтемін,
Анар Кишкенебаева
Answer:

Құрметті Анар!

Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен (бас оқу ғимараты, 221-кабинет) хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-13-71. Сұрағыңызға рахмет!

13-04-2019 17-31-43   From students

Author: Қаныш Нахан

Question # 1009
Сәлеметсізбе Такир Оспанұлы менің сізден сұрайын дегенім бізді неге массовкаға көп алып кетеді сабақ уақытында сабақтан алып кетеді тіпті 1 күнде бірнеше іс шараға еркімізден тыс қатысуға мәжбүрлейді жəне де бізді сабақ уақытынан тыс уақыттада Университетке шақырып алады бара алмаймын десең өздеріне шақырып алып ұрысып жəне ол істерін бұл СӨЖ деп айтады.
Біз мұнда оқуға келдік массовка болу үшін емес.Біз бос уақытымыз да демалғымыз келеді ешкімге қызықсыз іш шараларға қатысқымыз емес.
Сіздер біздің ЖЕКЕ ӨМІРІМІЗГЕ қол сұғып жатыр сыздар.
Студент сіздерге қуыршақ емес қайда қойғыларыңыз келсе сонда отырғызып қоятын мен сіздерге ақшаны массовкаға барғаным үшін емес оқу үшін төлеймін
Answer:

Құрметті студент!

Университет деңгейінде өткізілетін маңызды іс-шаралар арнайы бекітілген жоспар бойынша жүргізіледі. Қазіргі уақытта бірқатар іс-шаралар сабақ уақытынан тыс өткізілуде. Мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен насихаттау мақсатында көптеген іс-шаралар әкімдік, мемлекеттік мекемелердің тапсырмалары бойынша өткізілгендіктен, қызметкерлер мен білім алушыларды ақпараттандыру үшін университет тарапынан аталмыш іс-шараларға қолдау көрсетіледі.

Білім алушыларды іс-шараларға еркінен тыс шақырту мәселесі назарға алынды. Алдағы уақытта университетімізде жоспарланатын іс-шаралар мен жобалардың бағдарламалары мұқият талданып, қадағаланатын болады.

13-04-2019 11-42-33   From applicant

Author: Үсенова Балнұр Еркінқызы

Question # 1008
Сəлеметсіз бе, Тахир Оспанұлы!Мен Үсенова Балнұр Еркінқызы, Агу-ға түскім келеді . Сіздерде білім жақсы деп естідім. Мен өткен жылы 2018жылдың түлегімін . ҰБТ тапсырып 98 балл жинадым. Алайда грант ала алмадым. Қазір Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде 1-курс қазақ тілі жəне əдебиеті мамандығында оқимын . КТА тапсырып сіздердің оқу ордаларыңызға түскім келеді. Сұрағым :КТА-ны АГУ-да тапсырамын ба ? Жалпы осы жайлы ойыңыз?
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Университетімізге оқуға тапсыруыңыз үшін  2019 жылдың 10 мамырына дейін құжаттарыңызды тапсырып, 20 маусым  - 5 шілде аралығында өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысуыңыз керек.

Егер Ұлттық бірыңғай тестілеуді Тараз қаласында тапсырған болсаңыз, ҰБТ нәтижесі бойынша сертификат алып келуіңіз қажет.

Қабылдау комиссиясының қызметіне қатысты сұрақтарыңыз болса,  Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмахан Әуесбекұлымен хабарласуыңызға болады. Тел.:291-57-68. Сұрағыңызға рахмет!

12-04-2019 10-05-57   Other

Author: Бабаханова Эльмира Ардашевна

Question # 1007
Құрметті Такир Оспанұлы! Тарих және құқық институтының ұйымдастыруымен өткен,
ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында "Рухани жаңғыру - білім саласының жаңа көкжиегі" атты ғылыми - тәжірибелік конференция аясында "Ұлы даланың жеті қыры" ғылыми жоба сайысы өтті. Аталған шараға Алматы облысы Қарасай ауданы Көкөзек ауылының орта мектебінің 10 - 11 сынып оқушылары қатысты. Аталған шара өте жоғарғы деңгейде өтті. Жарыс жеңімпазы ретінде еліміздегі елеулі атағы мен абыройы бар білім ордасына үлкен рахметімізді айта отырып, алдағы уақытта да осындай іс - шаралар көптеп ұйымдастырылса деген тілегіміз бар.
Answer:

Сәлеметсіз бе!

Жоба туралы пікіріңіз үшін рахмет! Ұсынысыңыз өте орынды, алдағы уақытта міндетті түрде ескереміз. 

11-04-2019 13-00-44   From students

Author: Anonymous

Question # 1005
Құрметті,Тахир Оспанұлы.Біз Шетел тілі:екі шетел тілі,101 "а,б"тобы студенттері атынан Дене шынықтыру және спорт кафедрасына алғыс айтамыз.Кафедра мұғалімдері өз жұмыстарын тиянақты атқарады.Соның ішінде бізге сабақ беретін Акмырза Кенджибаев Борисовичті атап өткіміз келеді. Ағай өз жұмысын адал атқарады.Студенттердің сабаққа қатысуына қарай тиісті бағаны әділ қояды.Өз жұмысын тиянақты орындайды.Сол үшін өз ризашылығымызды білдіргіміз келеді.
101 "а,б" тобы студенттері:
Әбдіғаппар Ақбота
Әбділ Аружан
Бақытжанова Әсем
Байганатова Аяулым
Ерген Мадина
Ерболатқызы Әдемі
Дүйсенова Камила
Қайратқызы Айгерім
Төлеген Мадинабану
Абдусаттарова Углай
Абил Ардак
Дуйсенбек Жулдыз
Ерикова Лаура
Кенжеаликызы Раушан
Баткей Гулнур
Балмағамбетова Анель
Зада Айжан
Жүнісқан Алтынай
Әзімхан Алтынай


Answer:

Құрметті студенттер!

Дене шынықтыру және спорт кафедрасы ұжымына жолдаған алғыстарыңыз үшін үлкен рахмет!

Total records: 4046

« перв. ... < пред. ...  156  157  158  159  160 161  162  163  164  ... след. > ... посл. »

First name: *


E-mail:



Phone:



Subject:


Question: *


Enter the code from the image: *


Number of questions

May, 2024
4
April, 2024
10
March, 2024
5
February, 2024
20
January, 2024
11
December, 2023
21
November, 2023
19
October, 2023
17
September, 2023
25
August, 2023
39
July, 2023
29
June, 2023
60
May, 2023
41
April, 2023
49
March, 2023
22
February, 2023
42
January, 2023
68
December, 2022
55
November, 2022
50
October, 2022
62
September, 2022
52
August, 2022
33
July, 2022
32
June, 2022
49
May, 2022
139
April, 2022
64
March, 2022
45
February, 2022
46
January, 2022
57
December, 2021
29
November, 2021
43
October, 2021
70
September, 2021
75
August, 2021
109
July, 2021
79
June, 2021
62
May, 2021
69
April, 2021
74
March, 2021
47
February, 2021
42
January, 2021
68
December, 2020
61
November, 2020
62
October, 2020
42
September, 2020
48
August, 2020
57
July, 2020
81
June, 2020
88
May, 2020
65
April, 2020
86
March, 2020
57
February, 2020
37
January, 2020
28
December, 2019
47
November, 2019
72
October, 2019
70
September, 2019
61
August, 2019
88
July, 2019
47
June, 2019
71
May, 2019
54
April, 2019
70
March, 2019
51
February, 2019
45
January, 2019
75
December, 2018
87
November, 2018
51
October, 2018
54
September, 2018
77
August, 2018
105
July, 2018
46
June, 2018
43
May, 2018
45
April, 2018
36
March, 2018
30
February, 2018
28
January, 2018
17
December, 2017
17
November, 2017
12
October, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений