16-05-2019 16-47-00
From students
Author: Байдуллаева Назира Жалғасқызы Question # 1089 Біз ұлттық академиялық ұткырлық бағдарламасы бойынша Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университеті мен Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Университеті Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының 2 курс студентері Абай атындағы ҚазҰПУ-ға 2 семестрде тәжірибе алмасуға және білім алу мақсатында келген болатынбыз.
Үлкен қалаға келгенде, әрине, алғашында қорқыныш болғаны рас. «Жақсының жақсылығын айт – нұры тасысын» демекші, ұстаздардың еңбегі орасан зор. Себебі, небір мықты ғалымдардың шәкірттері, сонымен қатар талай ғылыми кітаптардың авторлары сырттан келген біздерді өз студенттерінен бөліп жармай, білім нәрімен сусындатуда, өз ісінің маманы болуға даярлауда ақыл кеңестерін аямады. Бізді кафедраның оқытушылары мен студенттері жылы жүзбен қарсы алды. « Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының меңгерушісі Ұлбосын Қозыбаевна Қияқбаеваның көмегімен барлық қиындықтардың шешімін таба білдік. Ұлбосын Қозыбаевнаның ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы №1 Балалар үйіне барып, кішкентай бүлдіршіндер мен жасөспірім балаларға арналған қайырымдылық акциясына қатыстық. Мәдени жерлерге барудан да қалыс қалмадық. Мысалы, асқаралы Алматыдағы ең үлкен Ұлттық кітапханаға, М. Әуезов атындағы драма театрға, сонымен қатар Алматының атағын шығарған Дінмұхамед атамызға арналған Д.Қонаев атындағы меморуальдық мұражай-пәтерін атап кетпеске болмас.
Осы уақыт аралығында біздің эдвайзеріміз М.Құрманбековнаның аналық қамқорын атап өткіміз келеді. Бізге тек білім беріп қана қоймай, қамқорлық танытып, тобымыздан бөлінбей, шет қалдырмай, жақсы атмосфераны ұйымдастыра білді. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті өзінің терең тарихымен, қонақжайлылығымен, өзінің білім деңгейімен ерекшеленіп, біздің есімізде мәңгі калады. Біздің әлі де білімімізді шынықтырып, көрер қызығымыз алда деп ойлаймыз. Құрметті ректор мырза Такир Оспанұлы университет арасындағы осындай пайдалы академиялық ұтқырлыққа байланысты келісімшарттар тоқтамай, одан әрі жалғасын тапса дейміз. Осындай мол тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берген Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің ректоры Б.А.Ердембековке, ТарМПУ-нің ректоры Е.Әмірбекұлына және академиялық ұтқырлық бөліміне де алғысымыз шексіз.
Құрметпен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университеті Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының 2 курс студентері: Дүйсенбай Гүлнұр, Жақсылық Аяжан, Калданова Алина, Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Университеті Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының 2 курс студенті Байдуллаева Назира.
Answer:
Қайырлы күн!
Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы ұжымының еңбегін бағалап, алғыс білдіргендеріңіз үшін Сіздерге үлкен рахмет!
Ұсыныстарыңызды міндетті түрде ескереміз. Сіздерге ғылым мен білім жолында тек сәттілік тілейміз!
16-05-2019 12-41-42
Other
Author: Шуакаев Марат Капашевич Question # 1086 Выражаю свою искреннюю благодарность Лауреату Пушкинской премии Корниловой Т.Б. за высокий уровень проведения курсов повышения квалификации по теме «Педагогический дизайн в организации обучения будущего педагога». Эта тематика является актуальной на нынешнем этапе в воспитании и обучении студентов педагогических специальностей, по скольку ею были даны основные направления и алгоритмы обучения в сфере новой педагогики 21 века.
Answer:
Уважаемый Марат Капашевич, благодарим за приятный отзыв. Спасибо!
Руководство университета продолжит работу в данном направлении.
15-05-2019 22-16-27
From applicant
Author: Оразов Иса Question # 1085 Здравствуйте.Хотел бы узнать насчет летнего семестра.В систиме универ написано что стоимость 0тг и одноклассник,который учится в КазУМ и МЯ сказал что уних летний семестр бесплатно.А у нас также?
Answer:
Здравствуйте. Летний семестр организуется по инициативе обучающегося для ликвидации академической задолженности или академической разницы и повышения среднего балла успеваемости (GPA).
Финансирование обучения в летнем семестре осуществляется только за счет средств обучающегося, независимо от формы обучения (платное, грант).
(п. 248 Академической политики КазНПУ им. Абая)
Расчет стоимости 1 кредита на летний семестр: бакалавриата – 10500 тг. (дневное отделение), 10000 тг. (заочное отделение), магистрантов – 13500 тг., докторантов PhD – 50000 тг.
14-05-2019 17-16-58
From students
Author: Anonymous Question # 1084 Саламатсыз ба, 2018-2019 оқу жылының 2 семестрының қазір емтихандары өтіп жатыр. Менің сұраймын дегенім 1 семестрдың сессиясындағыдай 50жетпей, бірақ 25 асқан студенттер пересдача тапсыра алады ма? Деканатта тапсыруға болмайды деп айтты, неліктен?
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Емтихан нәтижесін бағалау бойынша 25-49 аралығындағы баллдар «FX» болып есептеледі, сондықтан Сізге қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі. Емтиханды қайта тапсыру үшін «Univer» жүйесі арқылы тіркеліп, директорат қызметкерлеріне жолығуыңыз қажет.
14-05-2019 14-55-42
From applicant
Author: Anonymous Question # 1083 Кешіріңіз. Бізге пересдача болмайды деген ееді.Неге?
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Сұрағыңыз бойынша нақты жауап алу үшін институт директорымен хабарласыңыз.
14-05-2019 14-40-28
From applicant
Author: Anonymous Question # 1082 Добрый день!Звонила несколько раз в приемную комиссию с вопросами, специалист грубая, бросает трубку. Прошу разобраться.Имя не называет.Это секрет?
Answer:
Здравствуйте!
Для рассмотрения жалоб касательно сотрудников приемной комиссии необходимо уточнение фамилии сотрудника.
По Вашему обращению руководителю приемной комиссии дано поручение разобраться с проверкой жалобы и устранением имеющихся проблем.
13-05-2019 12-46-55
From students
Author: Anonymous Question # 1075 Сәлеметсіз ба Такир Оспанович мен 1 курс студентымін мен 1 ғимаратта оқимын мен айтқым келгені мен оқу ақша төлеп бітпей қалдым бірақ менің анам мамырдың аяғына дейін төлейміз деп қол хат жазып беріп кеткен. Оған 1 ғимараттың директоры да келісімін берген болатын бірақ сол бірінші ғимараттың ақша жайлы мәселені қарайтын Ляззат апай сессияға кіргізілмейсын деп допуск бермей жатыр мен өзім жартылай жетіммін менің әкем жоқ анам жалғыз өсіріп жатыр. Маған 25% женілдік берген бірақ ол біз үшін өте аз. Бізде бар жоғы 25%-ын төлеу керек болатын. Анамның айлығын əлі берген жоқ берсе тез арада төлейміз деп отрғанбыз бірақ 13.05.19 жылы бүгін біздің бірінші сессиямыз басталу керек бірақ маған допуск бермей жатыр бірақ по контракту біз оқудын ақшасын 2 июньға дейін төлеу керек емеспіз ба? Сол жағын қарастырып бересіз ба?
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Университетіміздің бакалавриат бойынша білім беру қызметтерін ақылы негізде көрсету туралы келісім-шартында оқу төлемақысын жазғы емтихан сессиясының басталуына дейін төлеу керектігі көрсетілген. Келісім-шартқа сәйкес оқу үрдісіндегі белгіленген талаптар бойынша төлемақының уақытылы төленуі қадағаланып, директорат тарапынан оқу ақысының төленбеу себебі көрсетілген құжат талап етіледі.
Сұрағыңызда көрсетілген мәселе бойынша институт директорына жолығыңыз. Байланыс тел.: 291-47-66.
12-05-2019 23-30-02
From students
Author: Қалибек Оңалар Question # 1074 Құрметті, Такир Оспанұлы. Ең алдымен сізге коворкинг орталық үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. Ал негізгі сұраққа келсем, бізді, студенттерді, жазбаша емтиханға 60 минут уақыт берілетіндігі кішкене қиындыққа түсіреді. Себебі 3 сұрақ үшін 1 сағат жеткіліті емес. 1-курс оқып жүргенімізде (қазір 2-курс) 1,5 сағат уақыт берілетін, бұл асықпай ойлануға, асықпай жазуға мүмкіндік беретін. 1 сағатта үлгермей қаламыз ба деген ойлмен, тез жазамыз, тез жазған сайын жазу каллиграфиясы бұзылады. Ал жақсы бағаға жазу каллиграфиясы да аз болсын үлес қосады-ау деп ойлаймын. Осы мәселеге жауап қатсаңыз, мүмкін болса шешуге тырысуыңызды сұраймын.
Answer:
Құрметті студент!
Сұрағыңыздағы мәселе міндетті түрде қарастырылады. Рахмет!
10-05-2019 14-38-56
From students
Author: Anonymous Question # 1071 Кешириниз. Бирак шапагат орталыгы кашанга дейин дем алады. Рахмет
Answer:
Сәлеметсіз бе!
«Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының жұмыс уақыты сағат 9.00-дан 18.00-ге дейін, 13.00-ден 14.00-ге дейін үзіліс. Қосымша ақпарат алу үшін «Шапағат» орталығының қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291 64 97.
09-05-2019 16-33-57
From applicant
Author: Anonymous Question # 1069 Сәлеметсізбе
Сұрайын дегенім мен осы жылы колледж бітіретін едім,сіздерге жоғарғы оқу ға тапсырсам деп едім педагогика и психология мамандығына грантка түсу үшін неше балл жинау керек және тест қандай сабақтардан болады
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Колледжден кейін грантқа үміткер болу үшін ҰБТ(КТ) тапсыруыңыз қажет. Құжат қабылдау 1 сәуір-10 мамыр аралығында жүргізіледі. Егер колледждегі мамандығыңыз «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасына байланысты мамандық болса, ҰБТ-де «Педагогика және психология негіздері», «Тәрбие жұмысының теориясы мен практикасы» пәндерінен емтихан тапсырасыз. Грантқа түсуге шектік балл әр жылы өзгеріп отырады.
Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 8(727)291-57-68, 291-73-71, 291-87-80.
08-05-2019 18-58-53
From students
Author: Anonymous Question # 1067 Оқу министрінің назарына ! Абай атындағы Ұлттық педагогикалық Университетінде сұмдық жағдай болып жатыр.Жақпай еден жуушылар аула сыпырушылар,жұмысшыларды жұмыстан шығарып жатыр,Оптимизация дейді.Шаруашылық бөлімінің директоры - Султанбековпен оның көмекшісі- Саттаров ойларына келгенін істеп жатыр. 1 ставка еден жуушы - 500-600 квадрат метр еден жуу керек деп шығарып алған.Оның ішінде еңбек кодексінде ағаш еденнің квадрат метрі бөлек. Линоулемнің квадрат метрі бөлек,паркеттің квадрат метрі бөлек. Саттаровтың айтуы бойынша панель,плинтус,терезелерде кірмейді дейді. Ал оның барлығын жуғызады. Ректордың жалақы қосқаны 15000 тенге ,соншама жәй халықты қинауы дұрыс болмады. Қолға алатынымыз 44000 тенге. Барлығымыздың басымызда 2-3 кредит.Бүкіл жұмысты тындыратын сол жұмысшылар, еден жуушыларғой, неге қысқартуды қарапайым халықты қанаудан бастады.Жәй ақша алып, істемей жүрген мұғалімдерде жетеді. Директор,зам,директордан көп нәрсе жоқ.Бастықтың үстінде бастық.
Ректор соны қадағаламай не істеп отыр ?...Өңкей жұмыс білмейтіндерді зейнеткерді директор қылып отырғызып қойған. Оның көмекшісы мөлдем шаруашылықты түк білмейді. Қысқартуды солардан бастау керек. Директордың көмекшісі деген ешқашан болмаған,жалақыларыда көп болар. Кімнен көмек сұрауға болады ?Тек оқу министірімен еңбек министірі ғана көмек берер деген үміттеміз.
Құрметті Ректор,Шара қолданбасаныз біз министірліктен осы хатты жіберіп көмек сұраймыз,басқа амал қалмады. Ұжымыныз жын ойнақ қазақ болды.
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Шағымыңызда аталған мәселелер бойынша арнайы тексеріс жүргізіледі. Тексеріс нәтижесіне сәйкес тиісті шешім қабылданады.
06-05-2019 22-09-37
From students
Author: Anonymous Question # 1066 Салеметсизбе құрметті Такир Оспанович!
Мен 2курс химия- ағылшын мамандығында оқимын. Біздің группада 10студентпіз. Оның тек 1еуі грантта оқиды(подкурс оқып түскен). Қалған 9студент ақылы бөлімде оқып жүрміз. Біз ағылшын группасына түскен кезде грантқа ауысу мүмкіндіктерін бар деген еді. Ақылы бөлімде оқып жатырмыз.Сұрайын дегенім бізге,ағылшын группасына, грант бөлінема?
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Сұрағыңыз бойынша толық ақпаратты Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қызметкерлерінен алуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-13-71, 291-71-06. Сұрағыңызға рахмет!
06-05-2019 21-20-58
From students
Author: Anonymous Question # 1065 Сәлеметсіз бе? Менің қойайын деп отырған сұрағым былай біз оқу ақысының қаншасын төлегенімізді қалай нақты білуге болады. Чектердің бір екеуін жоғалтып алған едім. Интернет арқылы біле алсақ жақсы болар еді. Мен Алматы да емес едім. Рахмет !
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Оқу ақысы бойынша ақпаратты «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының қызметкерлерінен алуыңызға болады. Тел.: 8(727) 291-37-54. Рахмет!
06-05-2019 12-33-05
From students
Author: Аноним Question # 1063 Добрый день, уважаемый Такир Оспанович!
Прошу ваше содействие, чтобы выпускной у магистрантов прошел торжественно и незабываемо по статусу Национального вуза. В прошлом году дипломы раздали в аудитории, мы были свидетелями этого и были в культурно удивлены. Вручение одно из знаменательных событий.
Answer:
Здравствуйте, уважаемый магистрант. Спасибо за очень важный вопрос. На данный момент идет подготовительная работа к церемонии вручения дипломов бакалаврам. В этом году количество выпускников составляет 1850 студентов. Вопрос вручения дипломов магистрантам в данный момент на рассмотрении.
04-05-2019 17-55-28
From students
Author: Anonymous Question # 1061 Здравствуйте, можно ли к вам записаться на прием ?
Answer:
Здравствуйте!
Конечно, можно. Для записи Вам следует придти или позвонить в приемную ректора. Прием ректором по личным вопросам осуществляется во вторник и четверг - с 15.00 до 17.00. Тел.: 291-63-39. Спасибо!
30-04-2019 17-26-10
Other
Author: Иманқожаева Мәдина Сейсенқызы Question # 1058 Қайырлы күн, құрметті Такир Оспанович! Біз Математика, физика және информатика институтының 6М011100-Информатика мамандығы бойынша магистранттарымыз. Бізде 15.04-27.04 аралығында магистранттар, докторанттар және мұғалімдерге арналған "Білім беруді цифрландыру жағдайында мектеп информатикасын оқыту әдістемесі" атты курс өтті. Ең біріншіден, курсты жұргізген бізге өз тәжірибиесімен бөліскен МПГУ профессорына Л.Л. Босоваға алғысымызды айтқымыз келеді және де осы шараны ұйымдастырушы «Информатика және білімді ақпараттандыру» кафедрасы мұғалімдеріне және кафедра меңгерушісі Е.Ы. Бидайбековке алғысымыз шексіз. Осы өткен шарадан біз мол мағұлмат алдық, болашақта жас ұрпақты цифрландыру заманында оқытуда Л.Л. Босова бөліскен әдіс-тәсілдерді қолданамыз деп ойлаймын. Л.Л Босова тек әдіс-тәсілдерді айтып келтіріп қана қоймай мұғалімге цифрландыру заманында қандай талаптар қойылатыны туралы мол ақпарат берді. Ізгі ниетпен 6М011100-Информатика мамандығы бойынша бірінші курс магистранттары.
Answer:
Құрметті магистранттар!
Математика, физика және информатика институтының информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы ұжымының жұмысын жоғары бағалағандарыңызға рахмет! Сіздің ұсынысыңыз міндетті түрде ескеріледі. Рахмет!
30-04-2019 17-17-10
From students
Author: Бердияров Болат Амзебайулы Question # 1057 Добрый день, Такир Оспанович!
Хочу выразить благодарность от имени магистрантов, по специальности Информатика, института Математики, Физики и Информатики, за организацию курса, с 15 апреля по 27 апреля, с профессором МПГУ, д.п.н. Людмилой Леонидовной Босовой. Вопрос, поднятый на курсе "Методика обучения школьной информатике в условиях цифровизации образования", очень своевременный, в контексте направления стандартов образования в нашей стране. Благодаря которому, мы смогли узнать новые методы, новые слова и новые возможности в образовательном пространстве других стран. Уверены, знания, полученные в данном курсе, обязательно пригодятся в дальнейшем при преподавании и в нашей научно-исследовательской работе к диссертации. Надеемся, что такие мероприятия, республиканского масштаба, в нашем ВУЗе будут проходить частенько. Такие мероприятия помогут познать новые знания, новые методы и новые взгляды для нашей деятельности. Хотим также выразить благодарность зав. кафедры Информатика и Информатизации образования Бидайбекову Е.Ы. и другим преподавателям кафедры.
С уважением, магистранты ИМФиИ.
Answer:
Уважаемый студент!
Спасибо Вам за то, что оценили труд сотрудников кафедры информатики и информатизации образования Института математики, физики и информатики!
Ваше предложение обязательно будет учтено. Желаю Вам удачи!
30-04-2019 11-25-21
Other
Author: Университеттің Ерлер қауымы Question # 1056 Құрметті университет басшысы Тахир Оспанұлы! Біздер, осы университеттің профессор-оқытушы Ерлер қауымы Сізді келе жатқан атаулы мерекелермен құттықтаймыз! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз! Сіздің көрегенді басшы ретінде оқу ордасы үшін атқарып жатқан әрбір ісіңізді барлық университет қызметкерлері қолдайды және шынайы ризашылығын білдіреді. Өзіңізге мәлім, жыл сайынғы "8-наурыз - Халықаралық әйелдер күніне" орай университет тарапынан әрбір әйел қызметшілерге премия түрінде сый-ақы үлестіріледі. Біздер профессор-оқытушы Ер азаматтар және оқытушылардан бөлек қызметтегі Ерлер қауымына өкінішке орай "Ер азаматтар, Отан қорғаушылар" күніне мұндай ақшалай сыйақы алынған емес. Университет қабырғасында қызмет атқарып жүрген Ер азаматтарды қолдауыңызды сұраймыз!
Answer:
Құрметті Ерлер қауымы, келе жатқан мерекелеріміз құтты болсын!
Университет тарапынан мамыр айындағы мерекелерге орай ақшалай сыйақы берілетін болады. Сұрағыңызға рахмет!
30-04-2019 02-22-35
From applicant
Author: Anonymous Question # 1055 Сәлеметсізбе құрметті Такир Оспанұлы!
Мен сіз басқарып отырған оқу орданың, физика, математика және инфлрматика иниституның 4 курс студентімін.
Сізге сұрағым, қызыл дипломның талаптары қандай? ( біз педагогика мамамандықтары гост тапсырмағанбыз)
Answer:
Құрметті студент!
Үздік диплом оқудың барлық кезеңінде емтиханды А, А- «өте жақсы», В-, В, В+ «жақсы» деген бағаға тапсырған, орташа үлгерім баллы (GPA) – 3,5 кем емес, мемлекеттік емтихандарды және диплом (жоба) жұмысын қорғауды А, А- «өте жақсы» бағаға тапсырған, оқудың барлық кезеңінде жазғы (қосымша) семестрді және емтиханды қайта тапсырмаған білім алушыларға беріледі.
29-04-2019 17-17-46
From students
Author: Туленди Айгерим Question # 1053 Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің Математика, физика және информатика институтында «Ғылым онкүндігі»-нің шеңберінде информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасынан Есен Ықыласұлының басшылығымен және Ерболат ағай, Нұржамал Тұрашқызы, Айнұр Есенғазиевна, Шырын Тілеубергеновна, Гүлнар Сатыбалдиевна және Индира Тойшыбекқызының ұйымдастыруымен институтымызда 11.04.2019ж. “робототехникадан” 3-курс студенттері арасында алғаш рет «Цифрландырылған ғылым-білім» атты интеллектуалдық сайыс өтті. Бұл сайыс 3 кезеңнен: бірінші топтардың өзін – өзі таныстыруынан, және «ROBOT-BATTLE» атты роботтар сайысынан және үшінші «Әл-Фарабиден цифрландыруға дейін» атты сұрақ жауап сайысынан тұрды. Жарысқа 6 команда қатысты. Информатика мамандығынан Нурланбек ағайдың жетекшілігімен SMART DREAMS тобы; Информатика ағылшын тобы мамандығынан Қайсар ағайдың топтық жетекшілігімен KEY ТO LIVE тобы; Ақпараттық жүйелер мамандығынан Абишев Нубол және Қайрат ағайдың жетекшілігімен TRANSFORMERS тобы; Математика мамандығынан Бақтыгерей ағайдың жетекшілігімен МАТЕМАТИКТЕР тобы; Кәсіптік оқыту мамандығынан Қамбар ағайдың жетекшілігімен KINEZISТ тобы; Физика мамандығынан Алтынбек ағайдың жетекшілігімен ТУРБО топтары қатысты. Бас жүлдені Нұрланбек ағай жетекшілік еткен Информатика 162 мамандығының SMART DREAMS тобының студенттері алды. Жарыс өте қызықты және әділ өтті. Бәріміздің сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, осы «Цифрландырылған ғылым-білім» атты интеллектуалдық сайысты ұйымдастырып отырған ұлағатты ұстаздарымызға алғысымыз шексіз. Алдағы уақытта тағы осындай жарыстар ұйымдастырылып отырса студенттердің робототехникаға деген қызығушылыға арта түседі деген сенімдеміз.
Answer:
Құрметті Айгерім!
Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының қызметкерлеріне жолдаған алғысыңыз үшін рахмет!
Ұсынысыңыз міндетті түрде ескеріледі.
Total records: 4046