06-06-2019 22-27-25
From parents
Author: Anonymous Question # 1163 Здравствуйте! Хотела уточнить: мы из Актобе,хотим подать заявление на учебу в Ваш университет на факультет "Музыкальное образование".Два творческих экзамена будут проходить с 8 по 13 июля 2019 года, а сдача КТА с 17 по 20 августа. Где нам сдавать КТА, можно ли сдать его в Актобе, если да, то какова процедура, ведь при подачи заявления на творческий экзамен требуется оригинал аттестата и на КТА тоже требуется оригинал, или можно сдать творческий экзамен и КТА в своем городе, а потом обратиться к Вам в университет о принятии на учебу, приложив выписку из ведомости. Если у Вас перевод с университета имени Жубанова с факультета музыкальное образование в Ваш университет на схожий факультет музыкальное образование и каков порядок.Пожалуйста, ответьте срочно и подробно, потому что времени осталось мало.
Answer:
Здравствуйте!
Для получения подробного ответа по данному вопросу Вам следует обратиться к сотрудникам Центра профориентационной работы и приема обучающихся КазНПУ им. Абая. Контактные данные: +7 (727) 291-57-68, 291-73-71, WhatsApp,SMS - 8 775 189 9959, 8 775 140 7204, 8 775 413 7497. Спасибо!
06-06-2019 20-26-24
From students
Author: Anonymous Question # 1162 Курметти ректор мырза. Калыныз калай? Мен 1ши курс студентимин. Сизге бир отинишим бар. FX алган сабактан пересдача 07.06.2019 болады деп деканаттан ескертилген болатын. Сол себептен 11 маусым кунге пойызга билет алып койган едим. Енди бугин пересдача 14 маусым куни болады деп отыр. Осыган байланысты не истеримди билмей отырмын. Хотя бы 11не пересдача болса деген отинишим бар. Группадагы баплык балалардын басында осындай жагдай болып отыр. Рахмет.
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Сұрағыңыз бойынша Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековке (Бас оқу ғимараты, 221 каб.) жолығыңыз. Сұрағыңызға рахмет!
06-06-2019 13-12-32
From parents
Author: Kalbinur Question # 1161 Салеметсізбе ?сіздердің универде қандай жеңілдіктер бар мысалы шет елдің азаматтарына немесе ағылшын курстарына барған сертификаттарын алып баргандарга тб сол сияқты?
Answer:
Құрметті талапкер!
Білім алушыларға университет тарапынан бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Жеңілдіктер туралы ақпараттармен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: http://kaznpu.kz/docs/obrazovanie/Skidka_kaz_2019.pdf.
Сұрағыңыз бойынша қосымша мәлімет алу үшін қабылдау комиссиясының қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: +7 (727) 291-57-68, 291-73-71, WhatsApp,SMS - 8 775 189 9959, 8 775 140 7204, 8 775 413 7497. Рахмет!
06-06-2019 13-00-35
From applicant
Author: Anonymous Question # 1160 Сәлеметсізбе, Тахир Оспанұлы, мен сіздің қабылдауыңызға жазылайын деген едім. Бүгін 06.06 сағат 15:00ге. Мүмкін бе?
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Әрине, жеке сұрақтарыңыз бойынша қабылдауыма келіп немесе телефон арқылы жазылуыңызға болады. Байланыс тел.: 8 (727) 2916339.
06-06-2019 10-54-17
From students
Author: Anonymous Question # 1159 Құрметті ректор мырза, неге сіздің жұмыскерлерініңыз обедке 12-ден бастап, ал үйлеріне 17:00-ден бастап кетіп қалады? Қашан главный корпусқа барсам, сол.Қол қойтыруға документтерді 12-ден кете апарсаң, обедке кетіп қалды дейді, сөйтіп 2 сағат күтуге тура келеді. Жұмыс уақытында стол жасап, туған күндерін тойлап жатады. Осы мәселені қолға алсаңыз. рахмет
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Шағымыңызда аталған мәселелер бойынша тексеріс жүргізіледі. Алдағы уақытта құрылымдық бөлім жұмыстары Әкімшілік департаменті тарапынан қадағаланатын болады. Сұрағыңызға рахмет!
06-06-2019 10-31-33
From students
Author: Anonymous Question # 1158 Құрметті Тахир Оспанович, біздің университетте қашықтықтан оқу бар ма? Болса толық мәліметті қайдан ала аламын? Бағасы қанша?
Answer:
Құрметті талапкер!
Университетіміздің қашықтықтан білім беру бағдарламаларымен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: http://dis.kaznpu.kz/.
Қашықтықтан білім беру бағдарламасы бойынша ақпарат алу үшін Біліктілікті арттыру және қашықтықтан білім беру орталығының немесе қабылдау комиссиясының қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: +7 (727) 392-22-22, 291-57-68, 291-73-71, WhatsApp,SMS - 8 775 189 9959, 8 775 140 7204, 8 775 413 7497.
05-06-2019 20-05-59
From students
Author: Anonymous Question # 1157 Сәлеметсізбе, Такир Оспанұлы?! Біздің кафедра мұғалімдерінің жасы үлкендігінен, универ жүйесін дұрыс қолдана алмауынан қазір толық 1 ші курс зардап шегіп отырмыз. Бізге 2 семестрдің 2ші аралық бақылауында апайымыз қателесіп 180-170 баллдарын қойып қойған. Яғни, СРСП ге бөлек және кәдімгі сабаққа бөлек қойып ол біздің универ жүйемізге 0 болып түсті. Соңын кесірінен толық 1ші курс жазғы оқуға қалып қойды. Сессиямызды тапсырдық (бізде практика жүзінде сессиямыз). Бірақ емтиханның базасы ашылмайды, 2 ші аралық бақылаудың баллы қойылмағаннан кейін. Сол мұғалімнің кесірінен біз жазда қайтадан келгіміз келмейді.
Мен грантта оқимын. Апайдың қателігінен мен стипендиямнан айырылғым келмейді. Оның үстіне өзім квотамен түскен болатынмын оқуға.
Сол жағын қарастыруды өтінеміз!
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Шағымыңызда көрсетілген мәселе басшылық тарапынан тексеріліп, қадағаланатын болады.
05-06-2019 19-15-53
From applicant
Author: Сотрудники университета Question # 1156 Добрый день Такир Оспанович! Сегодня прочитали в новостях tengrinews.kz.Управление социального благосостояния города Алматы с июня повысят зарплату работникам бюджетной сферы. В целом зарплата вырастет до 30%. Больше всего повышение коснётся работников сферы образования. Хотим узнать, поднимут ли нам лаборантам и инспекторам зарплату? Спасибо!
Answer:
Здравствуйте!
Касательно зарплаты: с министерства образования и науки РК пока на эти цели не выделено денежных средств. Нашим сотрудникам подняли зарплату в январе текущего года. С июня повысят зарплату работникам школ и детских садов. Спасибо за вопрос.
05-06-2019 18-28-24
Other
Author: Гульнара Садыкжановна. Question # 1155 Здравствуйте. В 1994г. Моя одноклассница Иванова Оксана Борисовна 1967г.р.окончила Университет. Как получить из архива подтверждение(дубликат диплома)(в связи утерей)? Она живёт в России(возможности приехать сюда нет). Фото диплома имеется.Надеюсь на скорый ответ. Спасибо.
Answer:
Уважаемая Гульнара Садыкжановна! Для получения архивной справки на имя Оксаны Ивановой Вам следует связаться с сотрудниками архива КазНПУ. Контакты: 291-84-04.
05-06-2019 07-31-47
From students
Author: Anonymous Question # 1154 Здравствуйте. Я студент 1 курса и у меня по 2 урокам "лето" и хотел бы узнать, можно ли сдать эти задолженности после2 или 3 курса?
Answer:
Здравствуйте! По данному вопросу свяжитесь с директором Вашего института либо с сотрудниками Департамента по академическим вопросам.
04-06-2019 22-46-05
Other
Author: Anonymous Question # 1153 Бүгінгі жиналыста айтқан ойларыныз тиянақты. Маған ұнады! Жомарт. Кафедра ИиИО.
Answer:
Құрметті Жомарт, пікір білдіргеніңіз үшін рахмет!
04-06-2019 18-16-05
From students
Author: Anonymous Question # 1152 Саламатсызба Тахир Оспанұлы. 1-курс Магистрантпын.Елбасымыздың басшылығымен биылғы жылды "Жастар жылы" деп атап жатырмыз. Жастар жылында жастарға қолдау қөшемет көрсетіп жатқаныңызды да университет студенттері мақтана айтып жүр. Емтихан кезінде проходной бағаны аламай қалған студент қайта тапсыру құқығына ие болады, бұл жақсы әрине.Ал емтиханды ойдағыдай тапсырып шәкіртақыға 1-балл жетпи қалған студенттерге неге көмек қарастырмадыңыздар.Сіз қарастырған боларсыз бірақ қол астыңызда жұмыс жасап жатқан кісілерден рұқсат аламай қаншама студент қалып қойып жатыр.1-балл жетпей тұрған студент және магистранттарға Жастар жылы қарсаңында қолдау көрсетсеңіз сізге алғысымыз шексіз болары анық.Жастардың еңсесін түсірмейік!
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Сұрағыңызда көрсетілген мәселе бойынша жауап алу үшін оқу ісі жөніндегі проректор Асан Адасбекұлы Сәтмырзаевқа жолығуыңызды сұраймыз. Рахмет!
04-06-2019 16-36-57
From parents
Author: Anonymous Question # 1151 Сәлеметсіз бе! Менің сұрайын дегенім 1 ші курста қызым 1 сабақтан(4 кредит) өте алмай жазға қалған. Қазір 2 курсты аяқтады. Соны енді тездетіп төлеп оқыңыздар деп жатыр екенсіздер. Біз Маңғыстауда тұрамыз алдын ала билет алып қойғанбыз. Соған қол хат немесе арыз жазып келесі жылы тапсырсақ бола ма?
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Курстан курсқа өтуге қажетті орташа балл (GPA) жеткілікті болса, шалғай жақтан келгеніңізді ескеріп рұқсат беруге болады. Өтінішіңізді жазып, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековке жолығуыңызға болады.
04-06-2019 14-22-05
From students
Author: Anonymous Question # 1149 Сәлеметсіз бе Таxир Оспанович сізге қояр сұрағым,ректорский грантқа қалай іліксе болады оған қандай да бір арыз жазу керек пе?
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Грантқа қатысты мәселелер тек білім алушылардың өтінішінің негізінде қарастырылады. Ректор гранты және оның талаптары туралы толық ақпарат алу үшін директорат немесе Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қызметкерлеріне жолығуыңыз қажет. Рахмет!
03-06-2019 16-40-46
From applicant
Author: Өмірзақ Асылхан Асылбекұлы Question # 1148 Құрметті Такир Оспанұлы! Сізге «Жаңашамалған ауылдық округі әкімі аппаратының» атынан алғысымды білдіргім келіп жазып отырмын. Сіз басқарып отырған университеттің «Тарих және құқық институтының» студенттері округімізге қарасты Тұрар ауылында тұратын көмекке мұқтаж, көпбалалы отбасына «Балаларды қорғау күні» мерекесіне орай ұйымдастырылып жатқан қайырымдылық акциясына атсалысып, азық-түлік себеттерімен қоса балаларға ойыншықтар және қаржылай көмегін жасап кетті. Біздің қазақта «Жақсының жақсылығын айт-нұры тасысын» демекші осы студенттеріңіздің атқарған игі істері сіздердің өнегелі тәрбиелеріңізбен жол сілтеулеріңіз деп білемін. Көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету мақсатында атқарылып жатқан барша игі іс-шараларыңыз үшін мың алғыс алғысымды білдіремін.
Answer:
Құрметті Асылхан Асылбекұлы!
Студенттеріміздің игі істерін бағалап, алғыс жолдағаныңыз үшін Сізге көп рахмет!
03-06-2019 16-16-17
Other
Author: Anonymous Question # 1147 Құрметті Такир Оспанович. Мен осы университетте жұмыс істеп жүргеніме 10 жыл болды. Қазіргі таңда магистратура оқуыма байланысты 0,5 қосымша штатта жұмыс істеп жүрмін. 30 мамыр күні "Нұрлыжер"мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясындағы ұсынылған сатып алу құқығымен арендалық пәтер алу кезегіне тұруға құжаттар өткізіндер деді. Барлық құжаттарды жинап, өткізуге алып келген кезде қосымша штаттағы қызметкерлердің іс-құжаттары қабылданбайтының айтты. Себебі совместитель болып қызмет атқаруыма байланысты құжаттарым қабылданбайды екен. Құрметті Такир Оспанұлы, мен 2 баламен пәтер жалдап тұрамын. Не себепті совместитель қызметкерлердің құжаттарын қабылдамай отыр? Сізден өтініп сұраймыз, сіздің тарапыныздан құжаттарымызды қабылдауға рұқсат берілсе екен.
Answer:
Сәлеметсіз бе!
«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына құжаттарды қабылдау Білім және ғылым министрлігінің талаптарына сәйкес жүргізілді. Қосқызметтік бойынша жұмыс жасайтын қызметкерлерден әлеуметтік жағдайларына байланысты жалғыз басты ана немесе асыраушысы жоқ екендігін растайтын құжаттары бойынша қабылданды. Барлық құжаттар 2019 жылдың 1 мамырына дейін өткізілді.
03-06-2019 11-11-41
From students
Author: Anonymous Question # 1146 Добрый день, уважаемый Такир Оспанович!
Я магистрант выпускающего курса Бағдатұлы Мұхамед, на днях стал обладателем Президентской стипендии среди всех магистрантов университета, по итогам наивысшего GPA балла. Уже получил саму стипендию и был приятно удивлен.
Хочу выразить Вам и Жанбекову Х.Н. огромную благодарность за честное, объективное присуждение данной стипендии. Не смотря на то, что меня официально еще вуз не поздравлял, для меня лично это огромное достижение!
Answer:
Уважаемый Мухамед, поздравляю Вас с присуждением Президентской стипендии. Благодарим за приятный отзыв, это прежде всего Ваше достижение. Удачи и новых успехов в учебе!
02-06-2019 17-42-28
From students
Author: Жазира Өтесбай Question # 1145 Сәлеметсіз бе, Такир Оспанович! Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетенде оқып жатқаныма биыл алтыншы жыл. Сізге студенттерге көрсетіліп жатқан қолдауларыңыз үшін, университетімізде болып жатқан өзгерістер үшін алғысымыз шексіз. Алайда, әлі күнге дейін кейбір қызметкерлер студенттерге қалай болса солай қарауын тоқтатар емес. Айтпайын десең, тағы болмайды, бәрі де университетіміздің жақсаруы үшін, себебі қызметкерлер де студенттерге қатты ықпал етеді. Өткен апта Бас ғалым хатшы Сарсенбаева Ж.А.-ға магистрлік тақырбымның өзгеруіне байланысты выпискаға қол қойдыртуға бардым. Оның өзі бірнеше күнімді алды, бәрі көмекшінің базаны дұрыс тексермегенінен, неге ерінеді екен деп қаласың кейде, қызметі сол емес пе деп. Онымен қоймай, бір ақпарат алғын келсе айқайлай салады, дұрыс түсіндіріп анық ақпарат айтуға да ерінеді. Бірақ, қатты ренжіткені олардың есіктерін кілттеп отыратыны. Неге бас ғалым хатшы телефонмен сөйлескісі келсе көмекшісі сыртта күтіңдер деп есікті кілттей салады? Неге көмекшісі ішке кіргізбей өзі сыртқа шығып, ішке кірсе қайта есікті кілттеп кіреді? тіпті қағазымызды бергеннің өзінде тек есіктен қолын шығарып береді де қайта есікті кілттеп алады? неге есікті ашқанда да бұлднып ашады менің түсінбегенім. Университет қызметкерлерінің осылай есікті кілттеп отыратындығымен бірінші рет тап болып отырғаным. Болашақта, университет білім алушыларына осындай суық қарым-қатынас болмайды деген сенімдемін. Рахмет
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Шағымыңыз бойынша түсініктеме алынды. Алдағы уақытта бұл мәселе қайталанбайтын болады. Сұрағыңыз үшін рахмет!
02-06-2019 04-29-40
From applicant
Author: Anonymous Question # 1144 Сəлеметсіз бе Тахир Оспанұлы!
Мен ақылы бөлімде білім аламын. Менің сабақ үлгерімін өте жақсы деңгейде. Барлық емтихандарды 90 -100 деген бағаларға тапсырдым. Отбасында көп балалымыз, отбасында анам ғана жұмыс жасайды. Университет тарапынан үздік студенттерге жеңілдік қарастырыла ма? Егер ондай мүмкіндіктерім болса қайда жəне қандай құжаттар тапсыруым керек.
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Университетіміздің үздік студенттеріне және әлеуметтік жағдайы төмен білім алушыларына бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Жеңілдік түрлері мен талаптары туралы мәліметтер ресми сайтымызда көрсетілген: http://kaznpu.kz/docs/obrazovanie/Skidka_kaz_2019.pdf. Жеңілдіктер Ережесіне сәйкес ақылы бөлімде оқитын үздік студенттер мемлекеттік білім беру грантының бос орындарына ауысуына мүмкіндіктері бар. Білім беру грантының бос орындарына арналған конкурс туралы ақпаратпен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: http://www.kaznpu.kz/kz/2010/notice/. Сұрағыңыз үшін рахмет!
02-06-2019 04-20-00
From students
Author: Anonymous Question # 1143 Сəлеметсіз бе Т.О.Балықбаев оқу үлгерімінде мемлекеттік емтихан ғана 4 болса, бірақ қалғаннының барлығы 5 болса, қызыл диплом алуға мүмкіндік бар ма?
Answer:
Сәлеметсіз бе!
Қызыл дипломға үміткерлердің оқу үлгерімінің көрсеткіші «өте жақсы» болуы керек. Сұрағыңыз бойынша толық ақпаратты директорат қызметкерлерінен алсаңыз болады. Рахмет!
Total records: 4046