Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Добро пожаловать в блог ректора!

 

 

Уважаемые посетители сайта!
 
 
Блог ректора создан для установления контактов со студентами, сотрудниками и преподавателями университета. Вы можете оставлять свои комментарии, задавать вопросы, вносить предложения. Открытое и регулярное обсуждение вопросов поможет плодотворной работе руководства университета.
 
Надеюсь, что эта площадка расширит возможности для решения многих проблем в нашей общей работе, станет важным механизмом эффективного взаимного обмена информацией и реализации поставленных задач.
 
Мы открыты для диалога, все обращения будут обязательно рассмотрены. Ни один вопрос не останется без внимания.
 
 

Электронная почта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 

 
Приём ректора по личным вопросам осуществляется в 1-ю и 3-ю пятницы каждого месяца в течение учебного года - с 15.00 до 17.00 часов.
  • Вопросы-ответы
  • Задать вопрос
  • Статистика
05-11-2018 14-35-28   От студента

Автор вопроса: студенттер тобы

Вопрос № 631
Саламатсызба, Такир Оспанович!
Біз осы жылдың 14 шілдесінде Сізге әскери кафедрасындағы жағдайлар туралы хат жазған студенттерміз. Ол хатта біз өзіміздің аттарымызды жазбаған едік, кесірі тиіп кетпесін деп. Бүгінгі күнде, Ректор мырза, дұрыс істеген екенбіз деп ойлаймыз. Не дегенмен полковник Баймаганбетовта, старшина Ахметовта орындарында жүр! Оларға ештеңе болған жоқ. Біздің білетініміз олардың жасаған қылмыстары университеттің жемқорлыққа қарсы отырысында қарастырылмаған, бұл мәселемен ешқандай тексеріс жүргізілмеген. Тіпті кафедраның өзіндеде ешқантай әңгіме болмаған. Олардың контрактілеріне қол қойылын, жұмысының кезеңі созылған. Кафедраның офицерлері Сізге жазған хат туралы студенттерден қырқүйектің соңында есітіп, таң қалған. Олар неге әлі күнге дейін жұмыс істеп жүр? Сіз олардың «Біз ондай нәрсе істеген жоқпыз», - дегеніне сене қалдыңызба? Жоқ олардың арқасында Сіз қорқатын біреулер тұрма? Жоқ қазір сондайлардық дәуірі ма? Бүгін кімге сенуге болады? Енді студенттердің айтуына қарағанда жаңағы әскерилер оларды бір-біріндеп шақырып, «хат жазғанды табыңда» деген сауалдар қойып жатыр екен. «Горбатого и могила не исправит» дегендей жақында старшина әскери кафедраның екінші курс студенттеріне бокс грушасы мен оны ілетін шынжыр алып әскери техника паркіне ілесіңдер депті. Паркте старший – Баймағанбетов, старшина көмекшісі. Ол неден? Ол олар «ешнәрседен қорқпаймыз» дегеннен дейміз. Біз Сізге хат жазғанда бұл мәселелер университеттің 90 жылдығына орай еш жақа шықпасын деп ойлап едік. Окінішке орай болмады. Енді біз бұл мәселе шешілмесе, олар осы айдың соңына дейін өз еріктерімен кетпесе, инстаграмға салуға және прокуратураға жазуға мәжбүр боламыз. Мүмкін ол екеуіне ондай жаман нәрселерді істеу норма ретінде болса, бізден алған ақшалар олар үшін тиын болса, моралдық балағаттағаннан басқа, бізге көп ақша. Прокуратура оларды ұстаған кезде, біздегі материалдарды береміз.
Ответ:

Құрметті студент! Шағымыңызда көрсетілген мәселені анықтау үшін арнайы комиссия жұмыс жасап жатыр. Әскери кафедра қызметкерлеріне қатысты жолданған шағым бойынша жүргізілген тексеріс нәтижесі қарастырылып, қабылданған шешімге сәйкес тиісті шара қолданылады. Қазіргі таңда әскери кафедра қызметкері Б.Н. Ахметовтің жұмыстан шығарылғандығын хабарлаймыз.

05-11-2018 12-20-59   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 629
Сәлеметсіз бе құрметті ректор мырза! Осы жылы магистратурага тапсырған талапкерлерге доп граттар бөлінеме?
Ответ:

Құрметті талапкер! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Университетіміздің Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.:  8(727)291-57-68, 291-73-71, 291-87-80. Сұрағыңызға рахмет!

05-11-2018 08-59-56   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 627
Здравствуйте Тахир Оспанович!Я студент института ИИиП. Я хотела задать такой вопрос я перевелась к вам на втором курсе, на данный момент я на третьем курсе,у меня вышла разница, связи с тем что в прошлым летом у нас была археологическая и по причине что я перенесла операцию я не смогла её оплатить и пройти обучение. Я хотела узнать если я закрою разницу в конце третьего курса никаких проблем не будет? Зимой я её не могу закрыть по финансовому положению,потому что я учусь на платной основе. И хотелось бы уточнить этот момент можно ли закрыть летом и поменяется ли сумма кредита?
Ответ:

Здравствуйте. Да, сможете, сумма не будет меняться (в данное время не планируется), а если даже будет меняться, то незначительно.

Для уточнения Вам следует обратиться директору Департамента по академическим вопросам Хайрулле Нышановичу Жанбекову.

04-11-2018 19-45-03   От студента

Автор вопроса: Баймолда Айғаным Ермекқызы

Вопрос № 626
Сәлеметсіз бе? Мектепке дейінгі оқыту мамандығының 2 курс студентімін. 11 сыныптан кейін Ұбт дан 93 балл жинап осы мамандыққа түстім(өзім қалап емес). Егер де мен басқа мамандыққа ауысқым келсе, міндетті түрде разница төлеу керек пе? Оның орнына емтихан тапсыруға болмайды ма?
Ответ:

Құрметті студент! Қазіргі кредиттік оқыту технологиясына сәйкес бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысуыңызға болады. Ауысу барысында оқу жоспарындағы пәндердің айырмашылығының көлемі белгіленеді. Қосымша семестр кезінде міндетті түрде кредит санына байланысты төлем жасап, оқымаған пәндеріңізді оқып, тиісті балыңызды алуыңыз қажет. 

04-11-2018 15-29-36   От родителей

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 625
Сәлеметсіз бе Таxир Оспанұлы Сізге айтарым қол астыңыздағы қызметкер соның ішінде Жаратылыстану және география институтының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жатаxанаға жумысыннан тыс уақытта(19:00 мен 22:00арасында)келіп 1 курс студенттердің мазасын алып дөрекі сөйлейді.Бұл қандай тәрбие? Мен ата-ана ретінде бұл жағдайға шара қолдануыңызды сұраймын!!
Ответ:

Құрметті ата-ана!

Жаратылыстану және география институтының білімгерлері орналастырылған №2 жатақханада әр күнге профессор-оқытушылардан сағат 18:00-ден 23:00-ге дейін кезекшілік қойылған. Кезекші оқытушылар жатақхананың тәртібін, тыныштығын, әр студенттің бөлмелері мен қоғамдық бөлмелердің тазалықтарын қадағалайды. Сонымен қатар, студенттердің қауіпсіздігі үшін жатақханаға себепсіз қонбай қалған студенттер де тізімге алынып отырады. Осы талапты орындамаған студенттерге ескерту жасалады. Жатақхана меңгерушісі де, жатақханада студенттерден белгілі бір тәртіп бұзушылық бола қалса, бірден директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына хабарлап отырады. Сол кезде Нұрлан Манаповтың тарапынан студенттерге түсіндіру жұмысы жүргізіліп, тиісінше студенттерден түсініктеме алынады. Сондықтан бұл мәселеге  түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз.

Егер Нұрлан Манаповтың бір өрескел, келеңсіз немесе педагогикалық іс-әрекеттерге сай келмейтін әрекеттері болса, нақты шағыммен Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Дүйсенбайқызы Каймулдиновамен хабарласуыңызға болады. Байлыныс тел.: 8(727) 29147- 66.

04-11-2018 14-09-15   От студента

Автор вопроса: Salim

Вопрос № 624
Құрметті ректор қауымы. Сізден өтінеріміз 1 жатақxанадағы кір жуу мәселесін шешуіңізді сұраймыз, өйткені бүкіл жатақxанаға 1 ғана кір жуғыш машина. Қалғандары болғанымен істен шыққан. Раxмет.
Ответ:

Құрметті студент! Өтінішіңіз міндетті түрде қарастырылады. Рахмет

03-11-2018 23-52-19   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 623
Сəлеметсізбе! Тахир Оспанұлы мен Физика математика жəне информатика институтының 1-курс студентімін. Ақылыда күндізгі бөлімде оқимын ускоринник 3 жылдық мен оқу ақысының 30%-ын оқу басында төледім енді тағыда сессияға қатысу үшін 20%-ын төлеймінба? Бірақ мен педагогика жəне психологияға мамандығына ауыспақшы едім 1-семестрдан соң сондада төленедіма? Толық мəлімет бере кетсеңіз сізден өтініш алдын ала рахмет.
Ответ:

Құрметті студент! Сұрағыңыз бойынша толық мәліметті алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлына немесе Математика, физика және информатика институтының директоры Бекпатшаев Мұрат Жүсіпәліұлына жолығуыңызға болады. Сұрағыңызға рахмет!

03-11-2018 05-35-07   Другие

Автор вопроса: Алдабергенов Донияр Кошкарбаевич

Вопрос № 622
Курметты ректор мырза!
Мен география панынын 1- курс магистрантты едым.Мен сызден откенде сурап едым грант жайлы сыз 1-семестрдан кейын шешыледы дедыныз.Группамызда 63 грантта окитын магистранттар бар ал мен жалгыз акылы болымде окимын.Казыр бос 2 немесе 3 грант бар солардын орнына мены ауыстыруынызды сураймын? Бос (грант) орындар екенгой соган мены осы айда автоматты турде ауыстырынызшы курметты ректор мырза?!
Ответ:

Құрметті Донияр!

Жоғары оқу орындарына білім беру гранттары мемлекет тарапынан берілетіндіктен, оқу барысында босаған грант орындарына конкурс жүргізіледі. Конкурсқа білім алушы белгіленген тәртіппен құжаттарын тапсыруы қажет. Құжаттарыңыз және оқу үлгеріміңіз бойынша көрсеткіштер конкурс талаптарына сәйкес келсе, Сіздің өтінішіңіз міндетті түрде қарастырылады.

Сұрағыңыз бойынша Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлына жолығуыңызға болады.

02-11-2018 13-12-15   Другие

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 621
Құрметті Такир Оспанұлы!
Университетіміздің 90 жылдық мерей тойы құтты болсын! соңғы бір жыл төңірегінде жақсы жаңалық болып, университетіміздің педагогикалық жүйесі реттеліп келеді.
Сізден, "универ жүйесі" жайлы сұрақ қойсам деп едім.
жақында ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІН тексерді. екі айдан бері сабақ өтіліп жатыр, партал ашылғалы бері, барлық ОӘК "универ жүйесіне" ендірілген. тексеріс кезінде парталға ендіріліп қойған ОӘК жоқ деп жазып алып кетті. Басқа университетте "Универ жүйесіне" ендірмей қалған оқытушылардың тізімін алып солармен жұмыс жасайды. ал бізде керісінше, ондай болатын болса, неге "универ жүйесін" енгізілді. "Универ жүйесі" іске асқалы бері студенттер сабаққа қатысуы жақсара бастады. Сабақтан қалмауға, нәтижелі баға алуға тырысып отырады. екі айда қандай бағдарламамен оқып жатыр деген ой неге комиссия мүшелерін ойландырмайды. Бірінші парталға барлық ОӘК ендірілмей ме? "Универ жүйесіне барлық "ОӘК" ендімеген оқытушыларға қандай ұсыныс айтар едіңіз?
Тексерушілерді сабақта қандай әдіс-тәсіл қолдылып жатыр деген ой неге мазаламайды?
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Жылы лебізіңізге рахмет!

Шағымыңызда аталған тексеріс Даму стратегиясы және сапаны сараптау департаменті тарапынан жүргізілген болатын. Пәннің оқу-әдістемелік кешені қағаз жүзінде бекітіліп, «UNIVER»  жүйесіне енгізіледі. Кезекті тексерісті ағымдағы жылдың желтоқсан айының соңына дейін, бекітілген оқу-әдістемелік кешенінің негізінде Оқу-әдістемелік бөлімі қызметкерлері «UNIVER»  жүйесінде жүргізеді. Тексеріс нәтижелерін талқылау кезінде ұсынысыңыз ескеріліп, басшылық тарапынан қабылданған шешім бойынша тиісті бөлімдерге арнайы тапсырмалар беріледі. Сұрағыңызға рахмет!

02-11-2018 10-59-25   От абитуриента

Автор вопроса: Тұрлыбаева Арай

Вопрос № 620
Сәлеметсізбе құрметті Такир Оспанұлы. Мен Тұрлыбаева Арай физика, математика және информатика иниституның 4 курс студентімін. 2017 - 2018 оқу жылында және осы жылыда, №5 жатақхананың студенттер кеңесінің төрайымы қызметін атқарып келемін. Соңғы уақыттардағы жатақхана меңгерушісіне Ахатаева Ғайний Есентаевнаға жазылып жатқан пікірлердің барлығын дұрыс емес деп білемін. Себебі ол кісінің бізге бергені, жақсы істердің жаршысы болып келе жатқанын, бірі білсе бірі білмес. Біз жатақхана студенттері 1 жылдық жоспары бойынша, жан - жақтан арман қуып келген студенттерге жатақхана өмірін қызықты ету мақсатында, студенттердің жатақхана өміріне тез бейімделіп, тәрбиелікке, тазалыққа баулу мақсатында жыл бойына түрлі іс - шаралар өткізіп, кейде студенттерге арналған мерекелік дастархан жаямыз. Атап айтатын болсам, 2017 - 2018 оқу жылында "Күз ханшайымы мен ханзадасы", " "Мәуліт айы", "8-наурыз халқаралық аналар, қыз келіншектер күнін" "Қош келдің - әз Наурыз" және Ораза ұстаған жандарға Ауызашар бердік. Жыл соңында таза, тәртіпті, үлгілі бөлме болған студенттерге бөлмелеріне қажетті кілем, үтіг т.б. сыйлықтарымен марапаттап отырдық. Студенттердің жатақхана өмірінен тыс сабақтарында қадағалау мақсатында жатақхана ішінде 2017 - 2018 жылы физика, математика және информатика иниституның 3 курс студенттері (қазіргі 4-курс) Разақ Жеңісбек бастаған жоғары курс жігіттері жыл бойына, жатақхана студенттеріне тегін математика, физика ағылшын тілінен сабақ жүргізіп, КБО академиясын құрды. Бүгінде КБО академиясы өз жұмыстарын жалғастырып, жатақхана студенттеріне тегін курстар жүргізуде. Осы аталған іс шаралардың барлығына жатақхана меңгерушіміздің ықпалы зор деп білемін!
Ответ:

Құрметті Арай! Жатақхана қызметкері туралы жолдаған хатыңызды міндетті түрде ескереміз. Пікіріңіз үшін рахмет!

01-11-2018 17-41-03   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 618
Ташир Оспанович, здравствуйте ! Я студентка 1 курса , поступила на базе колледжа . Хочу задать вопрос насчет прохождения военной кафедры ,для девушек . Мне сказали , что военную кафедру на 2018 год закрыли. В моей группе собралось 9 девушек желающих пройти военную кафедру . Искренне просим Вас рассотреть этот вопрос .
Ответ:

Здравствуйте! В 2018 г. приема девушек на Военную кафедру не было, так как специальность исключили из Программы обучения. В следующем году прием возможен, если такое решение примет Министерство обороны РК. Об этом будет известно в марте/апреле 2019 г. Для получения подробного ответа Вам следует обратиться на Военную кафедру КазНПУ им. Абая. Контакты: Бауыржан Жаркынбекович Оразбеков. Тел.: 8778 955 21 21. 

01-11-2018 12-05-14   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 617
Сəлеметсізбе
Бізге степендия 23851 тускен
Ал баска универлерге 24091 туседы екен.
Жоғарытылған степендия дан біздің ақшамызды қайда жоғалтты.
Əр студенттен 240 тг ұстап қалған, ол есептесек баленбай акша ғой.
Мысалы 500 студент болса 120 мың ақша ғой...
Осы мəселені қарастырып көріңізші..
Қатты кетті д
емеңіз.
Рахмет
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Студенттер кәсіподақ ұйымының ұжымдық келісім-шарты негізінде шәкіртақының 1%-ы кәсіподақ жарнасына алынып отырады. 
Сұрағыңызға байланысты нақты ақпаратты Қаржы-экономикалық департаментінің қызметкерлерінен білуіңізге болады. Байланыс тел.: 291-79-36, 291-37-54.
 
01-11-2018 11-21-59   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 614
Салеметсизбе менин сизге коятын сурагым: Баска университетте откен аптадагы рубежканын барын беске жапкан жагдайда акылы болимдегы студенттерге грантка отуге мумкиндик бар екен.Мен де рубежканын брлыгы 5 болды.Менде ондай мумкиндик барма?
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Оқу барысында білім беру гранты бойынша орын босаған жағдайда, Сіз белгіленген тәртіппен құжаттарыңызды конкурсқа тапсыруыңыз қажет.

Сұрағыңыз бойынша толық ақпаратты Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің қызметкерлерінен алуыңызға болады. Байланыс телефондары: 8 (727) 291-13-71, 291-71-06. Сұрағыңызға рахмет!

01-11-2018 00-42-51   От студента

Автор вопроса: Төреxанова Ақтолқын

Вопрос № 613
Мен Төреxанова Ақтолқын 2018-2019 оқу жылының бірінші семестрінде КАЗНПУ ға Тараз қаласы ТАРМПУ университетінен академиялық ұтқырлықпен ауысып келдім.Университеттің білім сапасы маған ұнағандықтан осы оқу орнына ауысуыма болама?Маған жеңілдіктер болама?Себебі оқу ақысы отбасым үшін тым көп.Осы оқу орнында қалу үшін қандай құжаттар,кімнің келісімі керек? Жатаxана берілеме?
Ответ:

Құрметті Ақтолқын! Сіздер үшін Университетіміздің есігі әрдайым ашық.

Біріншіден, Білім және ғылым министрінің арнайы қаулысымен бекітілген Жалпы ережелеріне сәйкес білім алушыларды бір білім беру ұйымынан екіншісіне, бір мамандықтан екінші мамандыққа, ақылы негізде оқудан мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға ауыстыруға болады. Білімгерлерді бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауыстыру екі университеттің келісімімен ғана жүзеге асырылады және тиісті бұйрықтармен рәсімделеді.

Екінші сұрағыңызға келетін болсақ, оқу орнымызда студенттеріміздің әлеуметтік жағдайына байланысты 10%-100% дейін жеңілдіктер қарастырылған. Жеңілдіктер туралы ақпаратпен толығырақ Университетіміздің ресми сайтынан келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: http://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/skidka_kaz.pdf

Университетімізге ауысу жолдары туралы нақты ақпаратты Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің қызметкерлерінен алуыңызға болады. Байланыс телефондары: 8 (727) 291-13-71, 291-71-06. Сұрағыңызға рахмет!

31-10-2018 15-25-32   От абитуриента

Автор вопроса: Гүлім Маманова

Вопрос № 612
Сәлеметсіз бе? Магистранттарға жылда келетін қосымша грант, осы жылы қай уақытта келетін айта аласыздар ма? Жанбеков Хайрулла Нышанұлынан сұрағанымда осы мәселе бойынша,Хайрулла мырза қазан айында келуі қерек, келмесе онда осы жолы бөлінбейді деді. Нақты хабар бере аласыздар ма?
Ответ:

Құрметті талапкер! Қосымша грант Білім және ғылым министрлігі тарапынан бөлінетіндіктен, мемлекеттік грант орындарының қай уақытта берілетіндігі туралы нақты ақпарат бере алмаймыз. Грант орындары берілген жағдайда, үміткерлердің өтініштері негізінде қарастырылып, грант иегерлеріне хабарланады. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-87-80, 291-87-80.

30-10-2018 20-26-09   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 611
Салеметсиздер ме?! Мен магистрантпын. Бизде зан бойынша 53 530 степендия, бирак бизге 52 995 тг тусти кыркуйек айында. Булай болу себеби неде?
Ответ:

Құрметті студент! Студенттік профком ұжымдық келісіміне сәйкес, стипендия мөлшерінің 1% -ы кәсіподақ төлемдері үшін ұсталынады. Толық ақпаратты Қаржы-экономикалық департаментінен білуіңізге болады. Байланыс тел.: 291-79-36, 291-90-12. 

30-10-2018 16-12-56   Другие

Автор вопроса: Мұғалім

Вопрос № 609
Саламатсыз ба, құрметті, Балықбаев Такир Оспанұлы! Біздің ПОҚ құрамының қояр сұрағы бар еді, біз биыл бірінші жыл емес осы мәселені шеше алмай жүргенімізге. Бітіруші түлектердің жылда берілетін 3тілде жасалатын диплом қосымшасын (приложения) жылда кафедраға табыстайды. Кафедрадан лаборат қызметшісіне жүктеп береді, ия болмаса техникалық хатшы істеу керек деген сөз болады. Неге олай???? Лобарант онсыз да 9.00-17.00 дейін барлық қызметті атқарып кафедраға бөлінген СМК-ның 28 папкасы және барлық хаттамалар міндеттелген, алатын айлығы 38.000 теңге. Лаборант үлгермесе техникалық хатшы жасауға міндет дейді. Ол техникалық хатшы дегеніміз Біз Ұстаздар қауымымызғой. Жоғалған диплом қосымшасы болсын, бітіріп жатқан түлектердің диплом қосымшасы болсын неге студенттік бөлім жасамайды. Былтыр 2017-2018 оқу жылында Студенттік бөлімге берілген еді,1жылға жетер жетпес жасады да қайтадан кафераларға міндеттеп беріп жатыр. Неге қайтадан кафедра лаборанттары ия болмаса мұғалімдердің мойнына артып қояды, студенттік бөлімнің жұмысын неге кафедра жасауға міндетті. Осы мәселені бей жай қалдырмай шешеімін тауып бересіз деген ойдамыз. Сізге алдын-ала раxмет!
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Институттардағы мамандықтар бойынша енгізілген өзгерістер туралы кафедралар ғана жетік білетіндіктен, бітірушілерге диплом қосымшасының берілуіне мамандықтарға сәйкес бітіртуші кафедралар жауапты. Құрылымдық бөлімдердің және қызметкерлердің қызметтік функциясын қарастыру кезінде шағымыңыз міндетті түрде ескерілетін болады. Қызметкерлердің жалақысын көтеру  мәселесі қазіргі таңда Университетіміздің жаңа стратегиялық жоспарына сәйкес қарастырылу үстінде. Сұрағыңызға рахмет!

30-10-2018 15-00-28   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 608
Сәлеметсізбе! Мен осы университетте оқып жатырмын және сіздерге ұсынысым бар еді. Үш оқу жылында байқағаным осы физматтың мұғалімдері кез келген мейрам, мұғалімнің туған күні, защита, емтихан және т.с.с кездерінде оқу орнын ресторанға айналдырып жібереді.Университет ОҚУ ОРНЫ ғой!!! Кафедраларда үстел жасап, ыдыс жуып жатады,антисанитария. Сізден осындай шараларға қатаң тыйым салуыңызды сұраймын.
Ответ:

Құрметті студент! Шағымыңыз міндетті түрде қарастырылып, басшылық тарапынан қадағаланатын болады. Оқу барысында шағымыңызда көрсетілген мәселе қайталанған жағдайда, оқу ісі жөніндегі проректор Асан Адасбекұлы Сәтмырзаевқа жолығуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 293-81-53.

30-10-2018 08-47-35   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 607
Құрметті ректор мырза! Мен 1 курс студентімін, сізден екінші аралық бақылау қай күні болатынын сұрайын деп едім. Сізден сұрарым нақты айтыңызшы және біз алыстан келгендіктен алдын ала билет алуымыз керек еді. Сессия қай күні болады? Алдын ала раxмет! Ісіңізге сәттілік тілеймін! cv
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Екінші аралық бақылау ағымдағы жылдың 10-15 желтоқсан аралығында өтеді. Аралық бақылау, емтихан уақыттары туралы сұрақтарыңызға әр топқа бекітілген эдвайзерлер жауап беруге міндетті.  

30-10-2018 08-07-30   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 606
Сәлеметсізбе
Біз 4 курс студенттеріне шәкіртақы түспей жатыр.Жұмыс жасайық десек түстен кейін воуд-қа дайындалындар дейді.Қарызға әбден баттық,кейбір студенттер терминалдан ақша алған.оның проценті де әжептеуір.
Платниктерді қайта қайта тексереді оқу ақшасын төлемегені үшін.Неге бізге жаны ашымайды.
Осы сұрақты шешеді деп ойлаймыз.
Ответ:

Құрметті студент!

Шәкіртақыны айдың соңына дейін міндетті түрде аласыздар. Ақылы бөлімде білім алатын студенттер оқу жоспарына сәйкес оқу ақысын уақытылы төлеуге міндетті болғандықтан, директорат тарапынан қадағаланады.

Всего записей: 4046

« перв. ... < пред. ...  173  174  175  176  177 178  179  180  181  ... след. > ... посл. »

Фамилия имя отчество: *

Убедительно просим внимательно заполнять все пункты заявки. Обращения в электронном виде, поступившие с неполной информацией об отправителе, рассмотрению не подлежат. Анонимные обращения не рассматриваются. Данные (ФИО, e-mail, телефон) лица, задающего вопрос, не будут публиковаться на сайте и передаваться третьим лицам, они нужны исключительно для предоставления Вам уведомлений. Обращаясь с вопросом, Вы имеете право поставить отметку о неразглашении Вашего имени.

Е-майл:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Телефон:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Тематика вопроса:


Вопрос: *


Введите код с картинки: *


Количество вопросов

Май, 2024
4
Апрель, 2024
10
Март, 2024
5
Февраль, 2024
20
Январь, 2024
11
Декабрь, 2023
21
Ноябрь, 2023
19
Октябрь, 2023
17
Сентябрь, 2023
25
Август, 2023
39
Июль, 2023
29
Июнь, 2023
60
Май, 2023
41
Апрель, 2023
49
Март, 2023
22
Февраль, 2023
42
Январь, 2023
68
Декабрь, 2022
55
Ноябрь, 2022
50
Октябрь, 2022
62
Сентябрь, 2022
52
Август, 2022
33
Июль, 2022
32
Июнь, 2022
49
Май, 2022
139
Апрель, 2022
64
Март, 2022
45
Февраль, 2022
46
Январь, 2022
57
Декабрь, 2021
29
Ноябрь, 2021
43
Октябрь, 2021
70
Сентябрь, 2021
75
Август, 2021
109
Июль, 2021
79
Июнь, 2021
62
Май, 2021
69
Апрель, 2021
74
Март, 2021
47
Февраль, 2021
42
Январь, 2021
68
Декабрь, 2020
61
Ноябрь, 2020
62
Октябрь, 2020
42
Сентябрь, 2020
48
Август, 2020
57
Июль, 2020
81
Июнь, 2020
88
Май, 2020
65
Апрель, 2020
86
Март, 2020
57
Февраль, 2020
37
Январь, 2020
28
Декабрь, 2019
47
Ноябрь, 2019
72
Октябрь, 2019
70
Сентябрь, 2019
61
Август, 2019
88
Июль, 2019
47
Июнь, 2019
71
Май, 2019
54
Апрель, 2019
70
Март, 2019
51
Февраль, 2019
45
Январь, 2019
75
Декабрь, 2018
87
Ноябрь, 2018
51
Октябрь, 2018
54
Сентябрь, 2018
77
Август, 2018
105
Июль, 2018
46
Июнь, 2018
43
Май, 2018
45
Апрель, 2018
36
Март, 2018
30
Февраль, 2018
28
Январь, 2018
17
Декабрь, 2017
17
Ноябрь, 2017
12
Октябрь, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений