Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Добро пожаловать в блог ректора!

 

 

Уважаемые посетители сайта!
 
 
Блог ректора создан для установления контактов со студентами, сотрудниками и преподавателями университета. Вы можете оставлять свои комментарии, задавать вопросы, вносить предложения. Открытое и регулярное обсуждение вопросов поможет плодотворной работе руководства университета.
 
Надеюсь, что эта площадка расширит возможности для решения многих проблем в нашей общей работе, станет важным механизмом эффективного взаимного обмена информацией и реализации поставленных задач.
 
Мы открыты для диалога, все обращения будут обязательно рассмотрены. Ни один вопрос не останется без внимания.
 
 

Электронная почта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 

 
Приём ректора по личным вопросам осуществляется в 1-ю и 3-ю пятницы каждого месяца в течение учебного года - с 15.00 до 17.00 часов.
  • Вопросы-ответы
  • Задать вопрос
  • Статистика
19-12-2018 21-19-50   От абитуриента

Автор вопроса: Аяжан Арxимедқызы

Вопрос № 718
Сәлеметсіз бе?! Мен Аяжан Арxимедқызы мектеп оқушысымын. Алла қаласы келесі жылы осы Абай атындағы ҚазҰпу-не дизайн мамандығына оқуға түспек ойым бар. Сізден сұрайын дегенім осы дизайн мамандығының оқу ақысы қанша? Дизайнға грант бөліне ме? Оқуға түсу үшін қандай құжаттар жинайды? Осы сұрақтарға толық жауап берсеңіз, жақсы болар еді!
Ответ:

Сәлеметсіз бе, Аяжан Архимедқызы! 
Университетіміздің «5В042100 – Дизайн» мамандығы бойынша 1 жылдық оқу ақысы 506 000 теңгені құрайды. 2018-2019 оқу жылына республика бойынша қазақ бөліміне - 49, орыс бөліміне - 16 орын, барлығы 65 орын бөлінген. Университетке оқуға тапсыру үшін төмендегідей құжаттар керек:
1) ЖОО-ның қабылдау комиссиясына оқуға қабылдау туралы өтініш беріледі; 
2) Жалпы орта білім туралы құжаттың төлнұсқасы;
3) 3х4 көлемдегі 6 фотосурет;
4) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) ҰБТ сертификаты (бар болса);
6) 086-У нысанындағы медициналық анықтама.

Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін оқу орнымыздың Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.:  8(727)291-57-68, 291-73-71, 291-87-80.

19-12-2018 17-21-16   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 717
Құрметті Ректор мырза!!! Сізге 1 курс студенттері артынан үлкен өтініш болып тұр!!! Біз енді ғана үлкен қалаға келіп, жаңа өмірге аяқ бастық. Ата-анамыздан мұнша уақыт алыстап көрмеген едік!!! 4 ай уақыт болды. Сізге деген өтінішіміз. Қысқы демалыс мерзімін қарастырыңызшы өтініш. Естуімізше демалыс тек қаңтар айының 12 жұлдызына дейін болады екен. Өтініш бір жылдары университетте демалыс мерзімі қаңтар айының 22-24 жұлдызына дейін болған екен. Осы жылғы демалыс мерзімі де сол уақытқа дейін болса екен деген үлкен өтінішіміз бар!!!
Ответ:

Құрметті студент!

Университеттегі әр оқу жылының академиялық күнтізбесі Ғылыми кеңес мәжілісінде бекітіледі. Осы күнтізбе негізінде кез-келген білімді бақылау формалары (ағымдағы аттестаттау, аралық бақылау және т.б.) мен семестр кезеңдерінің мерзімдері, тәжірибеден өту уақыты, демалыс күндері белгіленеді.

Демалыс мерзімін қарастыру туралы өтінішіңіз міндетті түрде ескеріледі. Рахмет!

19-12-2018 16-30-13   От студента

Автор вопроса: Гүлсара Ерболатқызы

Вопрос № 716
Құрметті Тахир Оспанұлы. Мен осы университеттің 1-курс магистрантымын. Мен бүгінгі өткен сессияға қатыса алмадым. Үлкен күрделі себептер болып. Бакалавр оқып жүрген кезде де бірде бір сессияны жіберген емеспін. Енді себебімді айтып өтініш жазып тапсырсам болады ма десем болмайды деп отыр. Әркімде әртүрлі жағдай болады, түсіністікпен қарауға болады ғой ағай.Көп адамнан сұрадым, біреуі нақты жауап бермейді. Сізден сұрайыншы өтінішімді жазып себебімді айтып тапсырсам болады ма? Рұқсат беріледі ме?
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Сұрағыңыз бойынша нақты жауап алу үшін Оқу ісі жөніндегі проректор Асан Адасбекұлы Сәтмырзаевқа хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 293-81-53.

18-12-2018 22-00-14   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 715
Саламатсыз ба? Балыкбаев Такир Оспанович айтайын дегенім,мен филология және көп тілді білім беру институтының 1 курс студентімін. Бізге биылғы жылы 1 рет сессия тапсырайын деп жатырмыз! Мен түсінбеймін неге 3-4 камерадан қойылып жатыр,біз биылғы жылы 1курс болғандықтан ондай қысымның қажеті жоқ!өйткені бұл ҰБТ емес қой,сол себепті сізден сұрайтыным бізге қатты қайыншылық көрсетпесінші, сізден сұрайтыным.
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Аудиториялардағы видеоқұрылғылар емтихан кезінде білім алушылар мен комиссия мүшелері тарапынан тест тапсыру ережелерінің бұзылмауын қадағалау үшін орнатылды. Білім алушыларға қысым көрсетілмейді.

17-12-2018 19-16-33   От студента

Автор вопроса: Қобландина Аружан Сұлтанбекқызы

Вопрос № 713
Мен,Қобландина Аружан Сұлтанбекқызы, "Құқықтану" мамандығының 1-курс студенті боламын. Осы блогты пайдалана отырып, барлық оқытушыларға алғысымды білдіремін. Әсіресе, Қасымбек Алия Орынбасарқызы, білімі мол, жоғары білікті, ой өрісі кең, жан-жақты оқытушы. Сабақ өткізу барысында аудиторияны өзіне тез бағындырып, сабағын қызықты өткізеді. Осы уақытқа дейін Қасымбек Алия Орынбасарқызының жетекшілігімен түрлі конференцияларға қатысып, сертификаттармен марапатталдым.
Ответ:

Құрметті Аружан! Оқытушыңыз Алия Орынбасарқызы Қасымбек туралы пікір қалдырғаныңыз үшін алғыс айтамыз.
 
Білім алушылар оқу барысында конференциялар мен университет қабырғасындағы маңызды іс-шараларға қатысу арқылы болашақта зерттеу жұмыстарын жүргізуге және пайдалы тәжірбиелермен алмасуға мүмкіндік алады. Рахмет!
17-12-2018 12-13-30   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 712
Салеметсіз бе!
жатаханада тұрғандар массовкаға баруға міндетті ме? Сессияға 2 күн қалса да, 1 күн қалса да қинап апартады. Сол массовканы өз еркімен барц үшін бір шара ойлап табу керек сияқты. Мысалы: әр барған массовкасына 1 балдан қойылса барлығы таласа барар еді.Өтініш осы сұрағыма жауап берсеңіз!!!
Ответ:

Құрметті студент!

Университетте өткізілетін маңызды іс-шараларға білім алушылар міндетті түрде қатысуы қажет. Массовкаға қатысу арқылы білім алушылардың қызығушылығы артады. 

17-12-2018 01-24-43   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 711
Сəлеметсізбе! Тахир Оспанұлы мен "Мектепке дейінгі оқыту жəне тəрбиелеу" мамандығына ауысайын деп едім қашан ауысуға болады өзім Математика физика жəне информатика институтының студентімін.Толық мəлімет бере кетсеңіз өтініш. Жауабыңыз үшін алдын ала рахмет.
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысу жазғы және қысқы каникул кезеңінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Сіз өтініш жазу арқылы 2019 жылдың 3-12 қаңтар аралығында ауысуыңызға болады. Сұрағыңызға рахмет!

16-12-2018 16-29-20   От студента

Автор вопроса: Ізтұрған Айбек Сандібекұлы

Вопрос № 710
Құрметті, Балықбаев Тахир Оспанұлы! Мен Ізтұрған Айбек Сандібекұлы ҚазҰПУ-нің Тарих және құқық институты Құқықтану мамандығының 1 курс студенті. Ерекше ниетпен университет қабырғасында маған сабақ беретін оқытушыларыма алғыс білдіргім келеді. Соның ішінде Қасымбек Алия Орынбасарқызына, Керімқұлов Әділ Темірұлына, Бекишева Рысжан Ибрайқызына, Молдахожаев Шакен Шабденұлына,Байсымақова Дана Сабитқызына,Тулбасиева Сәуле Калидилдайқызына алғыс білдіргім келеді. Ерекше атап өтіп келетіні Қасымбек Алия Орынбасарқызына,мені 7-ші желтоқсан күні Халықаралық деңгейде өткен «Жас ғалым» конференциясында жетекшілік танытып, өз тәжірбиесімен бөлісіп, осындай дәрежеде өткен жиынға қатыстырғаны үшін шексіз алғыс білдіргім келеді.
Сіздерге орасан зор еңбектеріңіз үшін үлкен алғыс білдіріп, зор ден-саулық, жаңа шығармашылық табыстар, істеріңізге сəттілік, отбасыларыңызға амандық тілеймін!
Ответ:

Құрметті Айбек!

Ұстаздарыңызға құрмет көрсетіп, алғыс жолдағаныңыз үшін Сізге рахмет! Болашақта ұстаздарыңыздың үмітін ақтап, үлкен жетістіктерге жетуіңізге тілектеспіз.

16-12-2018 12-24-22   Другие

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 709
Құрметті Такир Оспанұлы! Сізді Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! 15 желтоқсан күні Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты кешке қатыстық. Өзіміздің институтта да жиын өткізілді. Осы жиындарда мерейтойлық төсбелгімен көптеген оқытушылар, өзге де қызметкерлер марапатталды. Олардың ішінде биыл ғана жұмысқа тұрған оқытушылар, 0,5 ставкадағы магистранттар, лаборанттар, сондай-ақ белсенді студенттер де бар. Олар үшін қуаныштымыз, құтты болсын дейміз! Бірақ олардың жанында біраз жыл істеп келе жатқан мен ала алмай қалдым. Өзім туралы айтар болсам, 6 жыл еңбек етіп келе жатырмын осы университетте, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып жүрмін, 5-ші жыл кафедра бойынша тәрбие ісіне жауаптымын. Директор барлығын ұсындық деген болатын, бірақ комиссия өз қалауы бойынша қысқартқаны жайлы айтылды. Қандай критерий бойынша іріктеп алынды екен? Неліктен мен ілінбей қалдым екен? Рахмет!
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Тәуелсіздік күніне орай «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне – 90 жыл» мерекелік медалімен университет қызметкерлері институт директорларының, құрылымдық бөлім басшыларының ұсынысы негізінде марапатталды. Барлық түскен ұсыныстар 2018 жылдың 1 қарашасындағы №287 бұйрықпен құрылған комиссия отырысында қаралды. Комиссия шешімі бойынша университетте атқарып жүрген еңбек өтілі бар штаттық қызметкерлер және  90 жылдық мерейтой аясында өткізілген іс-шараларға белсене атсалысқан білім алушылар марапатқа ұсынылып, қос қызмет атқаратын қызметкерлер марапатқа енгізілмеді.

14-12-2018 21-55-26   От абитуриента

Автор вопроса: Каримов Азат

Вопрос № 708
Сәлеметсізбе,сізде Құқықтану мамандығы бойынша минималды балл қанша?Ол мамандықпен мұғалім болуға болама?
Ответ:

Құрметті Азамат!

Оқуға тапсыруға қатысты сұрақтарыңыз бойынша оқу орнымыздың Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының қызметкерлерінен толық ақпарат алуыңызға болады. Байланыс тел.:  8(727)291-57-68, 291-73-71, 291-87-80.

14-12-2018 17-07-49   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 707
Добрый день, уважаемый Такир Оспанович!
У меня имеется такое предложение. Почему бы не сделать платникам за отличную учебу небольшую, но скидку ?
Ведь грантники за отличную учебу получают повышенную стипедию, а у платников отсутсвует какой либо стимул учиться на отлично.
Ответ:

Здравствуйте.

Спасибо за предложение, руководство университета его рассмотрит.

14-12-2018 09-35-23   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 706
Саламатсызба! Менің айтайын дегенім, маған сабвқ беретін мұғалімдердің бірі сабақтан тыс жеке шаруасын тапсырды. Мен оны орындап жіберген болатынмын, алайда ол кісі жіберген жоқ деп шу шығарып, старостама ұрысты. Орындасаң рубежкада "учту" деді. Маған "жауапсыз студентсің" деді! Студенттермен "грубо" сөйлеседі.
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Шағымыңыздағы мәселені қарастыру үшін оқытушының аты-жөнін көрсетуіңіз қажет.

14-12-2018 00-02-55   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 705
Курметти Такир Оспанович! Сизге кояйын деген сурагым биыл 2018 жылы Педагогика жане психология мамандыгына магистратурага тапсырдым. Емтихан натижеси бойынша 168 баллмен грантка тусе алмадым.Акылы болимде оку ушин отбасылык жагдайыма байланысты мумкиндик жок. Егерде мумкиндик болса конкурстарга катысып косымша грант алуга боладыма?

Ответ:

Құрметті талапкер!

Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековке (Бас оқу ғимараты, 221-кабинет) жолығуыңызға болады.

13-12-2018 22-15-10   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 704
Курметти Тахир Оспанович. Мен кукыктану мамандыгынын студенттимин. Акылы болимде окимын. Коп балалы отбасынан шыкканмын. Менин сизге жазайын деп турганым мугалимдер рубежка алу ушин тест паракшасын озимизге шыгартады. Арине бари емес. Орыс тилден беретин Бекишева Р.И. Деген киси мени тест паракшасын шыгарып келмедин деп, рубежка кабылдамай койды. Осыган байланысты менин баллым 36 балл болып, экзаменге оте алмай отырмын. Бул адилдик пе? Кейде тест паракшасын шыгармак тугили, жолга акшамыз жок болып калады. Маган енди не истеуге болады. Бугин барсам базаны жауып тастадым деп отыр. Базаны ашып, рубежка баллын койса болмай ма? Алде летник багасына женилдик бере аласыз ба? Отбасы жагдайыма байланысты.
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Шағымыңыз бойынша тексеріс жүргізіледі. Тексеріс барысында шағымызда аталған мәселе анықталса, басшылық тарапынан шара қолданылады.

13-12-2018 17-24-19   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 702
Сәлеметсіз бе, құрметті Такир Оспанович!
Мен талапкер ретінде сізге қояр сұрағым: Сіздерде жыл сайын "Абай-сыйы" атты пәндік олимпиада өтеді. Бұл сайысқа қалай қатысуға болады және жеңімпаз 11-сынып оқушысына грант бөлесіздер ме? Филология немесе журналистика факультетіне грантқа түсу үшін қанша балл қажет, қанша грант бөлінеді?
Рақмет.
Ответ:

Құрметті талапкер!

Сұрағыңыз бойынша толық мәліметті оқу орнымыздың Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығынан білуіңізге болады. Байланыс тел.: 291-87-80, 291-73-71. Сұрағыңызға рахмет!

13-12-2018 15-18-38   От родителей

Автор вопроса: Кожакова Улмекен

Вопрос № 700
Здравствуйте Такир Оспанович!Я бы хотела чтобы Вы проконтролировали систематичность проведения урока и присутствие преподавателя русского языка на занятиях Дины Алтаевны. По словам моего ребенка она несправедливо относятся к студентам.Прошу Вас чтобы Вы провели с преподавателями беседу об коррупционных мероприятиях.Не у всех родителей бывают возможностей отдавать то, чего просят преподаватели. Я искренне надеюсь в рассмотрении моей просьбы.
Ответ:

Здравствуйте. Ваше обращение по поводу  ситуации на занятиях  Дины Сабировой  была принята к сведению. Руководством преподавателю сделано предупреждение. В случае повторения подобного негатива  обращайтесь к проректору по учебной работе Асану Адасбековичу Сатмырзаеву. Тел.: 293-81-53.

13-12-2018 13-51-44   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 699
Сəлеметсізбе Такир Оспанович! Мен педагогика психология институтының 1 курс студентімін. Маған орыс тілі пəнінен бағамды дұрыс қоймағанына байланысты өтініш жазып отырмын. Бірінші рубежкада үндемедім бірақ екінші рубежкада олай болмайдығой. Орыс тілі пəнінің мұғалімі Дина Алтаевна мүлдем сабағын дұрыс өтпейді сабаққа уақытылы келмейді қоңырау шалып шақырсақ тамақ ішіп отырмын сосын барамын деп айқайлап береді. айтпайтындардың жəне үй тапсырмасын орындамайтын студенттерге 90нан жоғары баға қойды. Менің даптерлерім толық сабаққа күнде дайндалып барамын. Брақ неге мен оқымайтындардың қасында төмен балл алуым керек. Осы мəселені шешуінізді өтінемін. Рахмет!
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Шағымыңызда аталған мәселе бойынша басшылық тарапынан оқытушы Дина Сабироваға ескерту жасалды.Бұл мәселе қайталанатын болса, Оқу ісі жөніндегі проректор Асан Адасбекұлы Сәтмырзаевқа жолығуыңызға болады. Байланыс тел.: 293-81-53.

13-12-2018 11-30-35   От студента

Автор вопроса: Самат Нәйла

Вопрос № 698
Абай атындағы ҚазҰПУ ға қадірлі,дарынды ұстаздардан білім алу үшін келдім.Сондай ұстаздардың бірі де бірегейі-аға оқытушы Қасымбек Алия Орынбасаровна.Білімі мен өзіндік ұстанымымен,талапшылдығымен ерекшеленген,студенттің пәнге,мамандыққа қызығушылығын арттыра білген ,үздік студент,үздік маман атануға құлшынысымызды арттырған,жан-жақты білім нәрімен сусындатқан қадірлі ұстаздан білім алғаныма қуаныштымын!Университетіміз осындай оқытушылардан білім алған студенттермен биік шыңдарға жете бермек!
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Ұстазыңыздың еңбегін бағалап, пікір жолдағаныңыз үшін алғыс айтамын. Рахмет!

13-12-2018 09-22-59   От студента

Автор вопроса: Әжіқұрман Аружан

Вопрос № 697
Құрметті Таxир Оспанұлы!Мен Әжіқұрман Аружан Бақтықұлқызы ҚазҰПУ-нің Құқықтану мамандығының 1 курс студентімін. Мен, маған сабақ беретін ұстаздарыма үлкен алғысымды білдіремін. Соның ішінде Қасымбек Алия Орынбасырқызы мен Тулбасиева Сауле апайларыма ерекше алғысымды білдіргім келеді. Атап өтетін болсам Алия Орынбасарқызына бізді 07.12.2018 жылы өткен жоғарғы деңгейдегі конференцияға қатыстырып, өз тәжірбиесімен бөлісіп, бізге жетекшілік еткеніне ризашалағымды білдіремін.
Ответ:

Құрметті студент! Ұстаздарыңыздың еңбегін бағалап, пікір білдіргеніңіз үшін Сізге алғыс айтамыз. Рахмет!

12-12-2018 23-07-05   Другие

Автор вопроса: Жумаш Латифа Мубарак

Вопрос № 696

Ректору
Казахского национального
педагогического университета им. Абая
Балыкбаеву Такиру Оспановичу

от гр. Жумаш Латифы Мубарак,
30.06.1985г.р.,
ИИН: 850630450718,
Проживающей: 110000
г. Костанай, ул. Наурыз 7, кв 26
телефон: моб. 8 707 4 55 74 70


БЛАГОДАРСТВЕННОЕ ПИСЬМО
Уважаемый, Такир Оспанович!
Позвольте выразить искреннюю благодарность Аяповой Танат Танирбердиевне – известному ученому Казахстана - за профессионализм и ответственность в работе.

Хочу сердечно поблагодарить, за все, чему она научила меня в области английского языка. Ее глубокие знания, мудрость и личный пример помогли мне изменить свое отношение к моей профессии, пересмотреть свой взгляд к английскому языку. Под ее чутким руководством я научилась брать ответственность за свой отдел и научилась управлять, оттачивая управленческие навыки, научила принимать верные решения, быть упорной в достижении цели. Благодарю за бесценный опыт и знания. Сегодня я являюсь директором и учредителем International Training Academy “Leader”, основной деятельностью, которой является обучение детей английскому языку.

Прошу Танат Танирбердиевну принять слова искренней благодарности за достойный вклад в воспитание подрастающего поколения, подготовку квалифицированных кадров для страны. Ее многолетняя плодотворная работа принесла ей заслуженный авторитет среди педагогического коллектива. В этой среде она известна как человек высокой квалификации, инициативный и ответственный руководитель, опытный и талантливый педагог.

Ее отношение к работе – это пример энтузиазма и самоотдачи, которые столь необходимы сегодня нашему обществу. Подтверждением этому служат выдающиеся результаты, которые демонстрируют ее студенты в многочисленных проектах.

Она смогла проявить не только знания, в ее учении есть то немногое, которым обладают педагоги с большой буквы: чувство порядочности, уважения к другим, отзывчивость и те эстетические нормы, которые не всегда сегодня в почете.

К сожалению, ее увидеть нет возможности сегодня, так как я живу в другом городе. Но несмотря на это, я, ее ученик, очень часто вспоминаю ее добрым словом, именно поэтому я решила напомнить таким образом о себе: я люблю и помню ее.
Желаю крепчайшего здоровья, успехов в Вашем благородном деле и личного счастья!

Я очень рада, что в нашей стране есть такие люди. которые следуют своим ценностям, принципам и не забывают служить нации, во благо государства и своему делу.

С уважением и благодарностью, Жумаш Латифа Мубарак!
12.12.2018







Ответ:

Здравствуйте. Благодарим за приятный отзыв. Мы обязательно передадим Ваше письмо профессору Танат Танирбердиевне Аяповой. Спасибо!

Всего записей: 4042

« перв. ... < пред. ...  169  170  171  172  173 174  175  176  177  ... след. > ... посл. »

Фамилия имя отчество: *

Убедительно просим внимательно заполнять все пункты заявки. Обращения в электронном виде, поступившие с неполной информацией об отправителе, рассмотрению не подлежат. Анонимные обращения не рассматриваются. Данные (ФИО, e-mail, телефон) лица, задающего вопрос, не будут публиковаться на сайте и передаваться третьим лицам, они нужны исключительно для предоставления Вам уведомлений. Обращаясь с вопросом, Вы имеете право поставить отметку о неразглашении Вашего имени.

Е-майл:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Телефон:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Тематика вопроса:


Вопрос: *


Введите код с картинки: *


Количество вопросов

Апрель, 2024
10
Март, 2024
5
Февраль, 2024
20
Январь, 2024
11
Декабрь, 2023
21
Ноябрь, 2023
19
Октябрь, 2023
17
Сентябрь, 2023
25
Август, 2023
39
Июль, 2023
29
Июнь, 2023
60
Май, 2023
41
Апрель, 2023
49
Март, 2023
22
Февраль, 2023
42
Январь, 2023
68
Декабрь, 2022
55
Ноябрь, 2022
50
Октябрь, 2022
62
Сентябрь, 2022
52
Август, 2022
33
Июль, 2022
32
Июнь, 2022
49
Май, 2022
139
Апрель, 2022
64
Март, 2022
45
Февраль, 2022
46
Январь, 2022
57
Декабрь, 2021
29
Ноябрь, 2021
43
Октябрь, 2021
70
Сентябрь, 2021
75
Август, 2021
109
Июль, 2021
79
Июнь, 2021
62
Май, 2021
69
Апрель, 2021
74
Март, 2021
47
Февраль, 2021
42
Январь, 2021
68
Декабрь, 2020
61
Ноябрь, 2020
62
Октябрь, 2020
42
Сентябрь, 2020
48
Август, 2020
57
Июль, 2020
81
Июнь, 2020
88
Май, 2020
65
Апрель, 2020
86
Март, 2020
57
Февраль, 2020
37
Январь, 2020
28
Декабрь, 2019
47
Ноябрь, 2019
72
Октябрь, 2019
70
Сентябрь, 2019
61
Август, 2019
88
Июль, 2019
47
Июнь, 2019
71
Май, 2019
54
Апрель, 2019
70
Март, 2019
51
Февраль, 2019
45
Январь, 2019
75
Декабрь, 2018
87
Ноябрь, 2018
51
Октябрь, 2018
54
Сентябрь, 2018
77
Август, 2018
105
Июль, 2018
46
Июнь, 2018
43
Май, 2018
45
Апрель, 2018
36
Март, 2018
30
Февраль, 2018
28
Январь, 2018
17
Декабрь, 2017
17
Ноябрь, 2017
12
Октябрь, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений