Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Добро пожаловать в блог ректора!

 

 

Уважаемые посетители сайта!
 
 
Блог ректора создан для установления контактов со студентами, сотрудниками и преподавателями университета. Вы можете оставлять свои комментарии, задавать вопросы, вносить предложения. Открытое и регулярное обсуждение вопросов поможет плодотворной работе руководства университета.
 
Надеюсь, что эта площадка расширит возможности для решения многих проблем в нашей общей работе, станет важным механизмом эффективного взаимного обмена информацией и реализации поставленных задач.
 
Мы открыты для диалога, все обращения будут обязательно рассмотрены. Ни один вопрос не останется без внимания.
 
 

Электронная почта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 

 
Приём ректора по личным вопросам осуществляется в 1-ю и 3-ю пятницы каждого месяца в течение учебного года - с 15.00 до 17.00 часов.
  • Вопросы-ответы
  • Задать вопрос
  • Статистика
27-12-2018 00-38-49   От абитуриента

Автор вопроса: Тобышбай Мəншүк Тобышбайқызы

Вопрос № 759
Сəлеметсізбе ! Мен бұйырса келесі жылы осы универге түсейіндеп едім мұғалім (география ) мамандығына . География пəнінде грант аз дейді шамамен неше баллмен түсе аламын ? Акылы оқуда неше мың тенге? тандау пəнім география биология.
Ответ:

Құрметті Мәншүк!

Университетіміздегі «География» мамандығының оқу ақысы 510 000 теңгені құрайды. Бейіндік пәндер: биология және география. Мамандықтарға грант орындары мемлекет тарапынан берілетіндіктен,  2018/2019 оқу жылына қанша грант бөлінетіндігі туралы ақпарат бере алмаймыз.

Оқуға тапсыруға қатысты сұрақтарыңыз бойынша оқу орнымыздың Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының қызметкерлерінен толық ақпарат алуыңызға болады. Байланыс тел.:  8(727)291-57-68, 291-73-71, 291-87-80.

26-12-2018 23-45-04   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 758
Жатақханада явка деп өзін өзі басқару комитетінің мүшелері пропусктарымызды жинап алады. Өз еркінімізбен барғымыз келмесе де қинап, бізге дауыс көтеріп алып кетеді. Ол іс шараларға және мейрамдарға әр кім өз қалауымен бармаса ол несіне ұйымдастырылады. 8 жатақхана
Ответ:

Құрметті студент!

Шағымыңыз міндетті түрде ескеріледі.

26-12-2018 23-25-36   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 757
Здравствуйте уважаемый Тахир Оспанович. Я магистрант 1го курса. 19.12.2018г я сдавала экзамен по Философии истории и науки, в итоге получила 48 баллов(FX). В начале теста с компьютером были проблемы, он часто отключался. Из за того, что студентов было много меня не могли пересадить, и во время теста были сбои компьютера и это очень сильно отвлекало. По всем остальным предметам получила оценки на отлично. Так как у меня проблемы со здоровьем (справка прилагается) мне очень необходима стипендия. Прошу рассмотреть мой вопрос. Спасибо большое!!!
Ответ:

Здравствуйте. Итоговый балл экзамена (сессии) должен быть не менее 50. Согласно новой шкале оценки студентов, в этом году студентам, которые сдали экзамен по шкале «FX», то есть набрали 25-49 баллов, была предоставлена ​​возможность повторной сдачи экзамена, который состоится 11-12 января. Если вы набрали между 25-49 баллами, то Вам следует подать заявление. 
Вы сможете получить стипендию только в том случае, если результат экзамена превышает 50, а ваш общий балл – «C +» и выше.
Для получения более подробного ответа Вам следует обратиться к директору Департамента по академическим вопросам Хайрулле Нышановичу Жанбекову. Тел.: 291-13-71.
 
26-12-2018 13-12-38   От студента

Автор вопроса: Аяпберген Ануар Боранбайулы

Вопрос № 756
Сәлеметсізбе Тахир Оспанұлы. Мен сізге 24.12.18 күні ауырып қалу себебінен 2 аралық бақылауға келе алмадым деп жазып едім. Менде сол үшін емтиханға кіруге допуск болмай тұр. Мен сонғы 2 курс магистарнтымын. Мен сұрағанымда экзаменге допуск болмаған себебінен мені 2 курсты қайта оқисын немесе оқудан шығасын деді. 1.5 жыл бойы оқып соңғы сессия кезінде ауырып келе алмай оқуды қайта оқыған дұрыс емес деп ойлаймын. Мен Павлодар қаласынан целевой грантпен келген студентпін. Осы мәселеге комектесіп жүруінізді сұраймын.
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Сұрағыңыздағы мәселе бойынша Оқу ісі жөніндегі проректор Асан Адасбекұлы Сәтмырзаевқа жолығыңыз. Байланыс тел.: 293-81-53.

26-12-2018 13-09-56   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 755
Сәлеметсіз бе,ректор мырза. Мен магистрантпын. Бізді мәжбүрлеу арқылы Мансап орталығында келісім шартқа қол қойдыртып жатыр, келісім шартқа қол қою әркімнің өз құқығы емес па. Және де қай заң, қандай шешім екені жайлы ақпарат берілмеді. Студентті емтиханға жібермейміз, оқудан шығарамыз деп қорқытып оны күдік туғызатын құжатқа мәжбүрлеп қол қойғызу қаншалықты заңды? Қол қоймаған адамдар тізімі сізге жіберіледі деп айтылды, маған ешкім тек бұйрық беруден басқа нақты ақпарат бермегендіктен сізге жазып отырмын. Үш жыл мемлекеттік мекемеде істеуге міндетті екенбіз. Бірақ бұрын бітірген азаматтардан сұрағанымда, олар жұмыспен қамту орталығы ешқандай нәтижелі жұмыс жасамағанын айтты. Мені дәл осындай шантаж арқылы бакалавр студенті кезімде құжатқа қол қойдыртып, ол кезде де грантта едім, оқу ақысынан әлдеқайда жоғары ақша сомасын сот арқылы жеңіп төлетіп жатыр. Неге біз міндетті жұмыс істеу керектігіміз жайлы оқуға түспей жатып айтылмады екен. Ол жағдайда мен ақылы,несие алып болсын оқи салатын едім.
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

«Мансап» орталығы тарапынан білім алушыларға «Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту және «Білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №390 Қаулысының 4-тармағына сәйкес, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары ЖОО-ны бітіргеннен кейін мемлекеттік білім беру ұйымдарында кемінде міндетті түрде үш жыл жұмыс істеуге тиіс екені туралы ақпараттармен таныстыру жұмыстары жүргізілген. Құжаттарға қол қоюға мәжбүрлеу шаралары қолданылған жоқ.   

26-12-2018 12-47-44   От студента

Автор вопроса: Нұрсәлім Қастер

Вопрос № 754
Саламатсыз ба Тахир Оспанұлы!
Мен қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1 курс студентімін.
Мені 22.12.2018ж болған Әдебиеттануға кіріспе пәнінен емтиханда жанында отырған баламен сөйлестің деп емтиханнан шығарып жіберді жәнеде заявление жазып қайтадан тапсыруына болады деген. Ал заявление жазуға барғанда болды сен тапсыра алмайсың жазғы семестрға қалдың деді. Емтиханды қайта тапсыруыңызға рұқсат беруіңізді сұраймын.
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Емтиханды қайта тапсыру үшін өтінішіңізді институт директоратына өткізуіңіз қажет. Өтінішіңіз міндетті түрде қарастырылады.

26-12-2018 12-19-45   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 753
Сәлеметсіз бе, ректор мырза. Менің қояйын деген сұрағым стипендияға қатысты. Менің рубежкадан баллдарым - 94,97. Ал эмтиханнан аз балл алып қалдым, яғни 48 балл. Осындай жағдайда менің стипендия алуға мүмкіндігім бар ма? Жауабыңызға алдын ала рахмет!!!
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Биылғы білім алушыларды бағалаудың жаңа шкаласына сәйкес, емтиханнан 25-49 аралығында «FX» балл алған студенттерге жазғы семестрге қалдырылмауы үшін екі реттен артық емес қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі.

Егер Сіз 48 балл алсаңыз, «FX» жағдайына сәйкес өтініш жазу арқылы 11-12 қаңтарда өтетін емтиханды қайта тапсыруға қатысуыңыз қажет. Емтихан нәтижесі 50-ден жоғары, жалпы қорытынды көрсеткішіңіз «С+» және одан жоғары балл алған жағдайда ғана шәкірақы алуға мүмкіндігіңіз бар.

26-12-2018 11-22-48   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 752
Сәлеметсіз бе! Мен МфиИ 1ші курс студенті боламын.Сұрайн дегенім біздің университетіміз 70 баллдыққа көшті ма.70тен жоғары жинасақ степендия алуға мүмкіндігіміз бар ма?
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Емтихан нәтижесі білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа шкаласына сәйкес бағаланады. Яғни мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқитын білім алушыларға аралық аттестаттау бойынша барлық емтихандарды «А», «А-», «В+», «В», «В-», «С+» (70-74) – «жақсы» бағаларына тапсыру шартымен шәкіртақы төленеді. Сұрағыңызға рахмет!

25-12-2018 18-32-54   От абитуриента

Автор вопроса: Наргизп

Вопрос № 750
Сәлеметсіз бе!менің сұрайын дегенім биыл қызыл диплом алу үшін Gpa балл қанша болу
керек және шарттары қандай?
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Биыл қызыл диплом алу талаптары өзгеріссіз қалады, яғни: 
- мемлекеттік емтихандарды және диплом жұмысын (жобасын) тек «үздік» бағамен қорғау қажет;
- барлық оқу жылы барысында «қанағаттанарлық» бағаның болмауы;
- барлық оқу жылы барысында бағаны түзету, көтеру мақсатында «қайта тапсыру емтихан парақшаларының» болмауы;
- барлық оқу жылы барысындағы сабақ үлгерімінің GPA баллы – 3,5 жоғары болуы қажет.

25-12-2018 17-20-34   От родителей

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 749
Салеметсиз бе?Мен жалгызбасты анамын.Кызым Бидасова Назерке Максаткызы тарих жане динтану болиминин 1 курс студенти.Агылшыннан 55 балл алып калды,баска 3 панди жогары денгейде тапсырды.Енди 3 пан калды.Сизден отинерим Кызым степендиядан айырылып в алмасыншв.Мугалимиин,патер жалдап турамын.Кредит бар.Кызым тарихты суйип окиды,агылшынга да кызыгушылыгы жогары.Алда жаксы корсеткиш корсетеди деп сенемин.
Ответ:

Құрметті ата-ана! 

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа шкаласына сәйкес, мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқитын білім алушыларға аралық аттестаттау бойынша барлық емтихандарды «А», «А-», «В+», «В», «В-», «С+» (70-74) – «жақсы» бағаларына тапсыру шартымен стипендия төленеді. Сондықтан білім алушы қорытынды емтихан нәтижесі бойынша барлық пәннен 70 баллдан жоғары жинауы қажет.

25-12-2018 15-09-01   Другие

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 748
Добрый день, уважаемый Такир Оспанович!
Во время сессии сотрудники центра тестирования ведут себя неподобающий (как короли), привышая своими должностными полномочиями, тем самым нарушают права обучающихся и этику гос.слушащего. После оставлют плохое впечатление и портят репутацию нашего ВУЗа. Хотелось бы все так и права каждого человека (в стенах ВУЗа обувающего) не нарушались.
Ответ:

Здравствуйте. Во время тестовых экзаменах присутствует комиссия утвержденной учебным проректором, в число комиссии входили преподаватель военной кафедры,  преподаватель кафедры физической культуры и спорта, практиканты политехнического государственного колледжа, сотрудники Центра тестирования. Мониторинг процесса экзамена контролируется при помощи видеокамер тремя департаментами.

В случае превышения должностных полномочии со стороны комиссии во время тестирования просим обучающихся обращаться напрямую к Начальнику Центра тестирования.

25-12-2018 15-00-49   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 747
Сәлеметсізбе? мен икт-дан fx алдым, қайта тапсыруға өтініш жаздым. Каникулға дейін тапсырамын деген оймен. Енді мен қайта тапсыру экзамені 11,12 екенін білдім. Сол күні келіп тапсырсам мен степендияға қайта іліне аламынба? яғни келесі семестрде. Әлде ілінбеймінбе? Естуім бойынша іліне алмайды екенмін, яғни бір айырылғаннан кейін сонысымен қалып тек баға жөнделеді екен. Сосын жазғы экзамендерден кейін ілінеді екенмін. Бұл болжамым қаншалықты рас? Толықтай жауап берсеңіз?
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Қайта тапсыру емтихандары 11-12 қаңтар күндері жүргізіледі. Емтихан нәтижесінде С+ (70-74) және одан жоғары балл жинасаңыз, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа шкаласына сәйкес  стипендия төленеді.

 

25-12-2018 14-02-52   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 746
Сәлеметсіз бе.. Мен Анарбекова Данира физика, математика және информатика институтының 4курс студентімін..Менің бір сұраныс бар еді. 70 балдық университет жүйесіне қашаннан бастап енгізілді.Толығырақ мәлімет бересіз бе жүйе туралы
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Данира, сұрағыңыз бойынша толық мәлімет алу үшін институт директорына немесе Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековке жолығуыңызға болады.

25-12-2018 07-51-46   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 745
правда ли что начиная с этого семестра если студент получит как минимум 70 баллов, он остаётся на стипендии?
Спасибо заранее за ответ)
Ответ:

Здравствуйте. Итоговый балл экзамена (сессии) должен быть не менее 50. Согласно новой шкале оценки студентов, стипендию Вы сможете получать только в том случае,  если Ваш общий балл составит 70 и выше «С+».

За  более подробным ответом Вам следует обратиться к директору Департамента по академическим вопросам Хайрулле Нышановичу Жанбекову. Тел.: 291-13-71.

24-12-2018 18-55-04   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 744
Сәлеметсіз бе, ректор мырза!
Мен магистрантпын, философия сабағынан 20.12. күні тапсырған күні 411 бас ғимаратта өткен сессияға көнілім толмады, себебі көпшілік 1 аудиторияға 40 студентті кіргізіп у-шу базар болды, ол жердегі студенттер сотка және де наушникті еркін пайдаланды комиссия мүшелеріне тәртіпті қатал түрде қолға алынуын өтінемін, раxмет!
Ответ:

Құрметті студент!

Қысқы емтихан сессиясының өту барысы қатаң бақылануда. Шағымыңыз міндетті түрде ескеріледі.

24-12-2018 17-46-07   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 743
Салеметсизбе!Мен МФиИ дын 1 курс студенті боламын.Менің сұрайын дегенім мен сессиядан 45 балл алдым рубежкаларым 94;95 3еуінің ортақ балы =75 болып тур бірақ сессиядан 45 алған себептен мен степендия ала алмаимынба енді? Перездача тапсырсам шанс жокпа степендияға?
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Қорытынды емтихан (сессия) бағасы межелі 50 баллдан асуы керек. Білім алушы емтиханнан 50-ден төмен балл алса, аралық бақылаудың көрсеткішіне қарамастан академиялық қарыз ретінде қосымша (жазғы) семестр кезінде пәнді қайта тапсыруға қалдырылады. Биылғы білім алушыларды бағалаудың жаңа шкаласына сәйкес, емтиханнан 25-49 аралығында «FX» балл алсаңыз, жазғы семестрге қалдырылмауыңыз үшін екі реттен артық емес қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі. Сіз 45 балл алсаңыз, «FX» жағдайына сәйкес өтініш жазу арқылы 11-12 қаңтарда өтетін емтиханды қайта тапсыруға қатысуыңыз қажет. Емтихан нәтижесі 50-ден жоғары, жалпы қорытынды көрсеткішіңіз «С+» және одан жоғары болса, шәкірақы алуға мүмкіндігіңіз бар.

24-12-2018 17-13-00   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 741
Здравствуйте Такир Оспанович! Я учусь на магистратуре 1-курсе, по специальности русский язык и литература в школах с нерусским языком обучения(грант). Я сдала экзамен в 22.12.2018 по педагогику. На экране вышел ответ 85баллов из 100, думала автоматически будет на базе также балл, 100% уверена была... Хотя подготовилась всю ночью не спала, а они поставили мне ноль.... Если Вы понимаете это как печально... Тест центр сказали что баллов аннулирован, можете помочь рассмотреть мое письмо!!!! Мне некому обратиться кроме ВАС! Никто не разрешает мне сдавать тест ещё раз. Пожалуйста помогите мне!!! Дайте один шанс!!!
Ответ:

Здравствуйте!
По данному вопросу Вам следует обратиться к начальнику Центра тестирования Дараже Нагашыбаевне Исабаевой, ГУК, каб. 527.
 
24-12-2018 15-41-34   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 740
Салеметсизбе!менің сурайын дегенім мен сессиядан 45 алдым рубежкамен коскандагы ортак балым 75 болып тур мен енди степендияжа айрыламынба??
Перездача тапсырсам степендияны сактап кала аламба?
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Қорытынды емтихан (сессия) бағасы межелі 50 баллдан асуы керек. Білім алушы емтиханнан 50-ден төмен балл алса, аралық бақылаудың көрсеткішіне қарамастан академиялық қарыз ретінде қосымша (жазғы) семестр кезінде пәнді қайта тапсыруға қалдырылады. Биылғы білім алушыларды бағалаудың жаңа шкаласына сәйкес, емтиханнан 25-49 аралығында «FX» балл алсаңыз, жазғы семестрге қалдырылмауыңыз үшін екі реттен артық емес қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі. Сіз 45 балл алсаңыз, «FX» жағдайына сәйкес өтініш жазу арқылы 11-12 қаңтарда өтетін емтиханды қайта тапсыруға қатысуыңыз қажет. Емтихан нәтижесі 50-ден жоғары, жалпы қорытынды көрсеткішіңіз «С+» және одан жоғары болса, шәкірақы алуға мүмкіндігіңіз бар.

24-12-2018 14-44-28   От студента

Автор вопроса: Аяпберген Ануар Боранбайулы

Вопрос № 739
Құрметтi Тахир Оспанұлы! Информатика мамандығы бойынша 2 курс магистрантымын. Мен денсаулығыма байланысты 2 ағымдық бақылауымдагы 3 панге катыса алмадым, ендi қолымда ауырғаным туралы анықтама бар. Ағымдық бақылауымды қайта тапсыру үшiн институттың директорына өтiнiш жазып барғанымда менiң өтiнiшiме қол қоймады. Соған байланысты менi оқудан шығарамыз дейдi.Менен де басқа магистранттар сабаққа келмей ағымдық бақылау бағаларын алып, емтихан тапсырып жур.Маған ағымдық бақылауды тапсыруға рұқсат алып,мәселенi шешiп беруiнiздi сұраймын.
Ответ:

Құрметті студент!

Өкінішке орай, екінші ағымдық бақылауды қайта тапсыру мерзімінен кешігіп қалдыңыз.

Екінші ағымдық бақылау 10-15 желтоқсан аралығында өткізіліп,18 желтоқсаннан бастап барлық пәндер бойынша қысқы емтихан сессиясы өтіп жатыр.

24-12-2018 01-56-26   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 738
Менің Атым Асан Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университете оқимын менің мамандығым спорт және мәдйнетті 1курыспын Мен өзім платнимын Сәлемсізбе ректор мырза мен бір сұрақ қойян деген едім сол сұрағым қойян Шымкенте тұрам Шардара ауданы Қоссейіт ауылда туылғанмын мен Ағылышан құлап қалдым сон пере ыздашы алдын ала тапсырсауға болама мен ауылға 27 қайтатын едім сізден өтініш мысалы январдың төрт тасыратан болсақ мен ауылдан қайтып келуге жағдайым жоқ осын айтайын деген едім менің хаттымды оқыған жағдайда рахмет айтам.
Ответ:

Сәлеметсіз бе, Асан!

Емтиханнан 25-49 балл алған білім алушылар қаңтар айының он бірі күні қайта тапсыра алады. Сұрағыңыз бойынша толық ақпаратты институт директоратынан білуіңізге болады. Рахмет!

Всего записей: 4039

« перв. ... < пред. ...  167  168  169  170  171 172  173  174  175  ... след. > ... посл. »

Фамилия имя отчество: *

Убедительно просим внимательно заполнять все пункты заявки. Обращения в электронном виде, поступившие с неполной информацией об отправителе, рассмотрению не подлежат. Анонимные обращения не рассматриваются. Данные (ФИО, e-mail, телефон) лица, задающего вопрос, не будут публиковаться на сайте и передаваться третьим лицам, они нужны исключительно для предоставления Вам уведомлений. Обращаясь с вопросом, Вы имеете право поставить отметку о неразглашении Вашего имени.

Е-майл:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Телефон:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Тематика вопроса:


Вопрос: *


Введите код с картинки: *


Количество вопросов

Апрель, 2024
7
Март, 2024
5
Февраль, 2024
20
Январь, 2024
11
Декабрь, 2023
21
Ноябрь, 2023
19
Октябрь, 2023
17
Сентябрь, 2023
25
Август, 2023
39
Июль, 2023
29
Июнь, 2023
60
Май, 2023
41
Апрель, 2023
49
Март, 2023
22
Февраль, 2023
42
Январь, 2023
68
Декабрь, 2022
55
Ноябрь, 2022
50
Октябрь, 2022
62
Сентябрь, 2022
52
Август, 2022
33
Июль, 2022
32
Июнь, 2022
49
Май, 2022
139
Апрель, 2022
64
Март, 2022
45
Февраль, 2022
46
Январь, 2022
57
Декабрь, 2021
29
Ноябрь, 2021
43
Октябрь, 2021
70
Сентябрь, 2021
75
Август, 2021
109
Июль, 2021
79
Июнь, 2021
62
Май, 2021
69
Апрель, 2021
74
Март, 2021
47
Февраль, 2021
42
Январь, 2021
68
Декабрь, 2020
61
Ноябрь, 2020
62
Октябрь, 2020
42
Сентябрь, 2020
48
Август, 2020
57
Июль, 2020
81
Июнь, 2020
88
Май, 2020
65
Апрель, 2020
86
Март, 2020
57
Февраль, 2020
37
Январь, 2020
28
Декабрь, 2019
47
Ноябрь, 2019
72
Октябрь, 2019
70
Сентябрь, 2019
61
Август, 2019
88
Июль, 2019
47
Июнь, 2019
71
Май, 2019
54
Апрель, 2019
70
Март, 2019
51
Февраль, 2019
45
Январь, 2019
75
Декабрь, 2018
87
Ноябрь, 2018
51
Октябрь, 2018
54
Сентябрь, 2018
77
Август, 2018
105
Июль, 2018
46
Июнь, 2018
43
Май, 2018
45
Апрель, 2018
36
Март, 2018
30
Февраль, 2018
28
Январь, 2018
17
Декабрь, 2017
17
Ноябрь, 2017
12
Октябрь, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений