Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Добро пожаловать в блог ректора!

 

 

Уважаемые посетители сайта!
 
 
Блог ректора создан для установления контактов со студентами, сотрудниками и преподавателями университета. Вы можете оставлять свои комментарии, задавать вопросы, вносить предложения. Открытое и регулярное обсуждение вопросов поможет плодотворной работе руководства университета.
 
Надеюсь, что эта площадка расширит возможности для решения многих проблем в нашей общей работе, станет важным механизмом эффективного взаимного обмена информацией и реализации поставленных задач.
 
Мы открыты для диалога, все обращения будут обязательно рассмотрены. Ни один вопрос не останется без внимания.
 
 

Электронная почта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 

 
Приём ректора по личным вопросам осуществляется в 1-ю и 3-ю пятницы каждого месяца в течение учебного года - с 15.00 до 17.00 часов.
  • Вопросы-ответы
  • Задать вопрос
  • Статистика
01-02-2019 16-36-01   От родителей

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 855
Сәлеметсізбе, Құрметті Такир Оспанович. қазіргі уақытта мектеп бітіруші түлектер 4 рет ҰБТ-ге қатыса алады. сізден сұрайтыным, қаңтар айында өткізілген ақылы тестілеуге қызым қатысқан болатын. Сертификат алды 43 балл. Осы сертификат арқылы сіз басқарып отырған университеттің ақылы бөліміне дефектолог мамандығына қабылдана аладыма?
Ответ:

Құрметті ата-ана!

Университетіміздегі «Дефектология» мамандығының ақылы бөліміне оқуға тапсыру үшін ҰБТ-ның шектік балы 60-тан төмен болмауы керек. Сұрағыңызға рахмет!

31-01-2019 22-51-53   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 854
Сәлеметсіз бе, құрметті Такир Оспанович! Абай атындағы ҚазҰПУ мен Польша Республикасы, Пшасныш қаласындағы Лингистикалық-Теxникалық университеттерінің арасындағы келісімшартпен маған, Тулешова Сауле, филология, екі шетел тілі мамандығының 3-курс студенті, бакалавр, қос дипломды бағдарламамен оқуға ұсыныс жасады. Қос дипломдық бағдарлама бойынша оқуға баратын студенттерге жол шығындары, тұрғын-үй және оқу ақысы Абай атындағы ҚазҰПУ-нің мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқып жатқан студенттері үшін бөлетін қаржысы есебінен өтледі ме?
Ответ:

Сәлеметсіз бе!
 
Қос дипломдық бағдарлама бойынша білім алуға студенттер өз қаражаттары есебінен баруына болады. Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпаратты Халықаралық бағдарламалар мен ынтымақтастық бөлімінің қызметкерлерінен алуыңызға болады. Байланыс телефондары: 291-36-92, 291-12-45. Сұрағыңызға рахмет! 
 
31-01-2019 20-23-58   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 853
Сәлеметсіз бе! Менің сұрайын дегенім магистратурада негізгі шәкіртақы көлемі н3530 теңге, неге бізге ай сайын 52995 теңге түседі? Сол сұрақ барлық магистрантты мазалайды, бірақ не үшін екенін білмейміз! 535 теңге көлемінде не үшін ұстап қалады?
Ответ:



Сәлеметсіз бе! 

Студенттік кәсіподақ ұйымының ұжымдық келісім-шартына сәйкес шәкіртақы мөлшерінің 1%  кәсіподақ жарнасына алынып отырады. 

Сұрағыңызға байланысты толық ақпарат алу үшін Қаржы-экономикалық департаментінің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-79-36, 291-37-54.

 
31-01-2019 17-07-47   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 852
Құрметті ректор мырза! Шәкірт ақымызды, сонғы кезде көп кешіктіретін болдыңыздар неге ар айдын 20 нан кешіктірмей беруге болмай ма? Ел басы айтып өткендей, жастар жылы биыл, басқа бөліп бермесеңіздерде мемлекеттің берген шәкірт ақысын уақытында беруіңізді сұраймыз.Жастардың атынан ұсыныс.
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Мемлекеттік грант иегерлеріне шәкіртақының берілуі  сессия қорытындысына байланысты болғандықтан, қаңтар айындағы шәкіртақы кешіктіріліп берілді.

Шәкіртақы әр айдың соңына дейін міндетті түрде беріледі. Ұсынысыңызды ескереміз. Рахмет!

31-01-2019 10-56-34   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 851
Құрметті ректор мырза!
Сізге айтар өтінішім, университет оқытушысы Намазбаева Ж.И. сабақ барысында докторанттарға өзінің оқылықтарын белгілі бір бага (5000 тг) қоя отырып сатады. Бұл бірінші рет орын алып жатқан жағдай емес, сұрастыра келе Намазбаева Ж.И. докторанттардың қорғалуға шығуы алдында, міндетті түрде оған келіп кетуін және бірнеше оқулықтардың сатып алуын ұсынатынын білдік.
Еліміздің ұлттық жоғары оқу орынында бұндай жағдайлардың орын алуы шектен тыс деп ойлаймын. Сол себепті, өтініш, бұл мәселені өзініз қолға алып, шешуіңізді сұраймын.
Рахмет!
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Шағымыңыз бойынша арнайы комиссия құрылып, тексеріс жүргізіледі. 

30-01-2019 20-25-29   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 850
Салеметсиз бе ректор мырза!
Университетимизде акылы болимде окитындарга жол акасы тусема?
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Мемлекет тарапынан ақылы бөлімде оқитын білім алушыларға жол ақысына берілетін төлемақы қарастырылмаған. Сұрағыңызға рахмет!

30-01-2019 16-49-15   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 849
Салеметсизбе! Менин сурайын дегеним биыл сонгы жылым. Менде жабылмаган сабактарым 10 кредит болып тур екен(5сабактан). База ашылыпты бирак барлык кредиттарды жаба алмайсын тек 8 кредитти жабу мумкиндигин бар деп айтты. Сонда бир сабагымды кашан жабамын соны тусинбей отырмын.
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Сұрағыңызға байланысты өтінішіңізді жазып, институт директорына немесе Оқу ісі жөніндегі проректор Асан Адасбекұлы Сәтмырзаевқа жолығыңыз. Байланыс тел.: 293-81-53.

30-01-2019 15-40-02   Другие

Автор вопроса: Докторант

Вопрос № 848
Курметти ректор мырза!биздин неге шакирт акы берилмей жатыр?Биыл жастар жылы, шакирт акыны уакытысында ягни, ар айдын 20 на дейн берилсе?Екинши сурагым, жастар жылына орай жас окытушыларга кандайда бир уй алуга комектериниз тиедиме?Ешкандай комек болмаса сизден жалпы жастардын атынан шакирт акыны корсетилген уакытта беруинизди сураймыз.Сиздер жаксы билесиздер,докторанттарды занды штатка жумыска алмайды,сол себепти ескеруинизди сураймыз.рахмет
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Мемлекеттік грант негізінде оқитын білім алушыларға шәкіртақы сессия қорытындысына сәйкес берілетіндіктен, қаңтар айындағы шәкіртақы кешіктіріліп берілді.

Жастар жылында Университет тарапынан жастарымызға білім және ғылым, әлеуметтік жағынан қолдау көрсетіліп, жоспарланған бірқатар жұмыстар жүзеге асырылады. Ұсынысыңызды міндетті түрде ескереміз. Сұрағыңызға рахмет!

29-01-2019 22-43-50   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 847
Салеметсизбе Такир Оспанулы! Аралык бакылау кезинде мемлекеттик шакиртакыга 1-балл жетпи калды. Сизге уакытынан кеш жазып отырмын дегенимен уакытында барынша арекет жасадым болмайды деп кайтарып жатты. Ел басымыздын 2019ж "Жастар жылы" деген жолдауы маган серпилис берди,кишигирим болсада умит отын жакты. Сизден отинишим 1-балл косып бере аласызба мемлекеттик шакиртакы алума! Рахмет сизге!
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Сұрағыңыз бойынша өтінішіңізді жазып, Оқу ісі жөніндегі проректор Асан Адасбекұлы Сәтмырзаевқа жолығыңыз.

28-01-2019 06-22-04   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 846
Құрметті ректор мырза, бітпейтін шағым, өтініш, сұрақтардан шаршаған шығарсыз. Жай біріншіден сізге алғыс айтайын. Үлкен рахмет сізге. Менің бірінші курсымнан бастап ректор болмағаныңыз қандай өкінішті. Мейлі бітіріп кетсем де, университетімізді одан әрі көркейтіді деп семенін. Жақсы игі бастамалар одан әрі жалғасын табады деп сенемін.
.
Енді өтініш: Болашақ мұғаліммін. 4-жыл оқыдым, қазір мектепте тәжірибеден өтіп жатырмын. Бірақ өкінішті жағдай, мамандық бойынша беретін пәніме қатысты сабақты тек 1 курстың 1-семестірінде ғана оқыдық. Ары қарай тереңдетілген ғылыми сабақтарды, және ауызша түрлі сабақтарды оқыдық. Бәрі стандарт бойынша, білеміз, бірақта біз болашақ мектеп мұғалімі ретінде, өзіміз мектепте беретін сабақтарымызды қалай беретініміз туралы университеттен өте аз білім алдық (тек әдістеме сабағы біздің болашағымызға байланысты, оны тек 6кредит оқыдық)
.
Осы жағдайды қарай отырып, сапалы мұғалім дайындау үшін, өте қиын ғылыми пәндердің орнына мектеп программасының әдістемесін тереңінен үйретуге тапсырма берсеңіз жақсы болар еді...
.
Құрметпен, барлық студенттер
Ответ:

Құрметті студент!

Қазіргі таңда орта білім беру орындары мен жоғары оқу орындарындағы білім сапасын және педагогтардың біліктілігін арттыру мәселелері қолға алынып, арнайы курстар және кәсіби білікті мамандармен тәжірибе алмасу семинарлары ұйымдастырылуда.

Педагогика саласының жас маманы ретінде білім сапасын жақсарту, кәсіби мамандарды даярлау бойынша жолдаған ұсыныстарыңыз міндетті түрде ескеріледі. Аталмыш мәселеге қызығушылық танытқаныңыз үшін үлкен рахмет!

26-01-2019 12-54-31   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 844
Құрметті Такир Оспанович! Мен университетіміздің Жаратылыстану және география институтында биология 5В011300 мамандығы бойынша ақылы бөлімде оқимын. Алдыңғы семестрде барлық сабағымды А және А- бағалау шкаласы бойынша тапсырып шықтым, алдыңғы курстардағы семестр бойынша В+ 4-5 сабағым бар еді. Грантқа өтініш жазып едім, комиссия қарастырады деген еді. Комиссия шешімі қай уақытта белгілі болады? Грантқа ауысуға мүмкіндігім бар ма?
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Академиялық қарызы жоқ және оқу үлгерімі «өте жақсы» көрсеткіштеріне ие білім алушылар бос грант орындарына ұсынылды. ҚР Білім және ғылым министрлігі университет тарапынан ұсынылған үміткерлердің тізімін бекіткеннен кейін, бекітілген ішкі ережелерге сәйкес құжаттар рәсімделіп, грант иегерлеріне хабарланады.  

25-01-2019 18-09-54   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 843
Саламатсыз ба ! Біздің универде 2 топтағы мүгедектерге грант қарастырылған ба ?
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Университетімізде студенттеріміздің әлеуметтік жағдайына байланысты бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Жеңілдік алу үшін белгіленген тәртіпке сәйкес әлеуметтік жағдайыңызды растайтын тиісті құжаттарыңызды  және өтінішіңізді институт директоратына тапсыруыңыз қажет.

Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін институт директорына немесе  Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен (бас оқу ғимараты, 221-кабинет) хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-13-71.

25-01-2019 15-02-47   От студента

Автор вопроса: Тарих және Құқық институты

Вопрос № 841
Сәлеметсіздер бе Тахир Оспанұлы! Біз Тарих және Құқық институты сізге алғысымыз шексіз! Бізге жастарға қолдау көрсетіп, осындай "Active style" шарасын ұйымдастырып, ақшалай қаржыландырғаныңызға рахмет! Жастар жылы құтты болсын!
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Бұл іс-шара Жастар жылының бастамасы ретінде ұйымдастырылды. Алдағы уақытта жастарымыздың қатысуымен өткізілетін ғылыми жобалар конкурстары мен мәдени-танымдық іс-шаралар саны артатын болады. Пікір білдіргеніңіз үшін үлкен рахмет!   

25-01-2019 14-59-31   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 839
Саламатсыздар ма! Менын сурайын дегеным осы жылы 1 Курска 100% скидкамен тускен едым, сол скидканы 2жылга сактап калуга болады деген рас па? Менын баллым 3,67 болса ?
Ответ:

Құрметті студент!

Университетімізде студенттеріміздің әлеуметтік жағдайына байланысты 10%-дан 100% -ға дейін жеңілдіктер қарастырылған. Жеңілдік беру университеттің белгіленген тәртібіне сәйкес, арнайы комиссия шешімімен жүзеге асырылады. Сондықтан ағымдағы жылдың  қыркүйек, қазан айларында  әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды және ректордың атына жазылған өтінішіңізді директоратыңызға өткізуіңіз қажет.

25-01-2019 14-52-05   От студента

Автор вопроса: Умбетова Динара Канатбековна

Вопрос № 838
Здравствуйте , 24.01.2019г. Весь КазНПУ им Абая ездил на Медео , где мы все провели прекрасно время. Покатались на коньках в такую чудесную погоду. Была очень уютная атмосфера ,также флешмоб был на высшем . Очень рада тому , что съездила. Почаще так нужно выезжать с университетом , ведь это очень весело и классно.
Ответ:

Уважаемая Динара. На 2019 год в КазНПУ подготовлен к реализации комплексный план мероприятий в рамках Года молодежи с активным участием студентов университета, будет организовано большое количество важных проектов, направленных на выполнение широкомасштабной программы «Духовное возрождение», которая призвана напрямую оказать воспитательно-образовательное влияние на молодежь. Спасибо за отзыв!

 

25-01-2019 14-36-28   От студента

Автор вопроса: Дарханқызы Жанерке

Вопрос № 837
Сәлеметсізбе Такир Оспанович. Жастар жылының ашылуына орай өткізілген жаппай сырғанау іс-шарасын ұйымдастырғаныңызға алғысым шексіз.Жастар жылы құтты болсын!
Ответ:

Құрметті Жанерке, пікір білдіргеніңіз үшін үлкен рахмет! 

25-01-2019 14-32-03   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 836
Сəлеметсіз бе, құрметті Тахир Оспанұлы. Мен педагогика жəне психология институтының 1 курс студентімін. Мен 24.09.2019 күні болып өткен "Active style" атты жаппай сырғанау іс-шарасыда болып қайттым. Менің бұл күннен алған əсерім шексіз. Сізге алғысым шексіз!
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Пікір білдіргеніңіз үшін үлкен рахмет!

25-01-2019 14-14-45   От студента

Автор вопроса: Сундетова Әсемгүл

Вопрос № 835
Құметті Таxир Оспанұлы. Мен филология және көптілді білім беру институтынын 1 курс студенті Сүндетова Әсемгүл сізге өз алғысымды білдіргім келеді. 24.01.2019 күні өзініңіздің Жастар жылына орай "Медеу" мұз айдынында ұйымдастырған алғаш іс-шараңызда болып қайттым.. ҚазҰПУ студенттерінің басын бір ортаға жиып өткізілген қызықты кештен алған әсеріміз өте ерекше және есімізде ұзақ сақталар күннің бірі болды. Студенттік өмірімізге әсерлі сәттер сыйлап, қызықты өтуіне қосып жатырған үлесіңізге үлкен алғыс айтамын. Жастар жылы құтты болсын!
Ответ:

Құрметті Әсемгүл, пікір білдіргеніңіз үшін үлкен рахмет!

Бұл іс-шара Жастар жылының бастамасы ретінде ұйымдастырылды. Алдағы уақытта жастарымыздың қатысуымен өткізілетін ғылыми жобалар конкурстары және мәдени-танымдық іс-шаралар саны артатын болады.  

25-01-2019 14-12-52   От студента

Автор вопроса: Төлегенова Мөлдір Сабырқызы

Вопрос № 834
Құрметті Тахир Оспанұлы! Жастар жылы аясында, Сіздің бастауыңызбен жүзеге асқан, ҚазҰПУ жастарының басын қосқан, Медеу мұз айдынында күні кеше өткізілген жаппай сырғанау шарасы өте жоғары деңгейде өтті. Концерттік бағдарламамен қатар, шараның көркін қыздырған ҚазҰПУ-лықтардың көңілді флешмобы да өз деңгейінде өте керемет әсер қалдырды. Конькимен толық қамтылған студенттер шараны жақсы көңіл-күймен аяқтап, көңілді кештің куәсі болды. Оқу ордамыздың жалынды жастарының атынан сізге үлкен алғыс білдіреміз! Жастар жылында Университетіміздің беделін одан әрі биіктетер шараларда, біз- студенттер, белсенділік танытамыз! Елбасымыздың бізге артқан үкілі үмітін ақтайтын, сеніміне селкеу түсірмес, Тәуелсіз елдің талантты жастары болуға уәде етеміз!
Ответ:

Құрметті Мөлдір, тілегіңізге және ниетіңізге рахмет!

Университет тарапынан білімді, белсенді және талантты жастарға қолдау көрсетіліп, мүмкіндігінше жағдай жасалынатын болады.

25-01-2019 14-12-09   От абитуриента

Автор вопроса: Ақылжан Ұлбосын

Вопрос № 833
Такир Оспанұлы! Кеше өткізілген Медеудегі жаппай сырғанау бәрімізге ұнады! Жастар жылына деген жақсы бастама болды! Осы шаралар ізін тауып жалғаса берсе деген тілегіміз бар
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Жастар жылына орай 2019 жылы өтетін кешенді іс-шаралар жоспары құрылып, оқу орнымыздың белсенді жастарының атсалысуымен жүзеге асырылуда. Пікір білдіргеніңіз үшін рахмет!  

Всего записей: 4046

« перв. ... < пред. ...  163  164  165  166  167 168  169  170  171  ... след. > ... посл. »

Фамилия имя отчество: *

Убедительно просим внимательно заполнять все пункты заявки. Обращения в электронном виде, поступившие с неполной информацией об отправителе, рассмотрению не подлежат. Анонимные обращения не рассматриваются. Данные (ФИО, e-mail, телефон) лица, задающего вопрос, не будут публиковаться на сайте и передаваться третьим лицам, они нужны исключительно для предоставления Вам уведомлений. Обращаясь с вопросом, Вы имеете право поставить отметку о неразглашении Вашего имени.

Е-майл:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Телефон:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Тематика вопроса:


Вопрос: *


Введите код с картинки: *


Количество вопросов

Май, 2024
4
Апрель, 2024
10
Март, 2024
5
Февраль, 2024
20
Январь, 2024
11
Декабрь, 2023
21
Ноябрь, 2023
19
Октябрь, 2023
17
Сентябрь, 2023
25
Август, 2023
39
Июль, 2023
29
Июнь, 2023
60
Май, 2023
41
Апрель, 2023
49
Март, 2023
22
Февраль, 2023
42
Январь, 2023
68
Декабрь, 2022
55
Ноябрь, 2022
50
Октябрь, 2022
62
Сентябрь, 2022
52
Август, 2022
33
Июль, 2022
32
Июнь, 2022
49
Май, 2022
139
Апрель, 2022
64
Март, 2022
45
Февраль, 2022
46
Январь, 2022
57
Декабрь, 2021
29
Ноябрь, 2021
43
Октябрь, 2021
70
Сентябрь, 2021
75
Август, 2021
109
Июль, 2021
79
Июнь, 2021
62
Май, 2021
69
Апрель, 2021
74
Март, 2021
47
Февраль, 2021
42
Январь, 2021
68
Декабрь, 2020
61
Ноябрь, 2020
62
Октябрь, 2020
42
Сентябрь, 2020
48
Август, 2020
57
Июль, 2020
81
Июнь, 2020
88
Май, 2020
65
Апрель, 2020
86
Март, 2020
57
Февраль, 2020
37
Январь, 2020
28
Декабрь, 2019
47
Ноябрь, 2019
72
Октябрь, 2019
70
Сентябрь, 2019
61
Август, 2019
88
Июль, 2019
47
Июнь, 2019
71
Май, 2019
54
Апрель, 2019
70
Март, 2019
51
Февраль, 2019
45
Январь, 2019
75
Декабрь, 2018
87
Ноябрь, 2018
51
Октябрь, 2018
54
Сентябрь, 2018
77
Август, 2018
105
Июль, 2018
46
Июнь, 2018
43
Май, 2018
45
Апрель, 2018
36
Март, 2018
30
Февраль, 2018
28
Январь, 2018
17
Декабрь, 2017
17
Ноябрь, 2017
12
Октябрь, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений