Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Добро пожаловать в блог ректора!

 

 

Уважаемые посетители сайта!
 
 
Блог ректора создан для установления контактов со студентами, сотрудниками и преподавателями университета. Вы можете оставлять свои комментарии, задавать вопросы, вносить предложения. Открытое и регулярное обсуждение вопросов поможет плодотворной работе руководства университета.
 
Надеюсь, что эта площадка расширит возможности для решения многих проблем в нашей общей работе, станет важным механизмом эффективного взаимного обмена информацией и реализации поставленных задач.
 
Мы открыты для диалога, все обращения будут обязательно рассмотрены. Ни один вопрос не останется без внимания.
 
 

Электронная почта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 

 
Приём ректора по личным вопросам осуществляется в 1-ю и 3-ю пятницы каждого месяца в течение учебного года - с 15.00 до 17.00 часов.
  • Вопросы-ответы
  • Задать вопрос
  • Статистика
16-01-2019 10-43-00   От студента

Автор вопроса: Мұса Аян Дастанұлы

Вопрос № 803
Құрметті Ректор мырза мен Халықаралық құқық мамандығының 3 курс студенті Мұса Аян Дастанұлы бір сұрағыма жауап алайын деп едим маған және менің группаластарыма біз жақсы бағаға тапсырып кеткен пәндерге университет жүйесі летник қойып берді. Қыркүйектен бастап жан-жаққа бардық өтініш жаздық бірақ осы уақытқа дейін ешқандай өзгеріс көрмедік.Осы мәселе тезірек шешілсе қуанышты болатын едік.
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Сұрағыңызда көрсетілген мәселе бойынша Оқу ісі жөніндегі проректор Асан Адасбекұлы Сәтмырзаевқа жолығыңыз. Байланыс тел.: 293-81-53.

15-01-2019 18-14-54   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 802
Здравствуйте. Мне бы хотелось узнать подробности поступления в магистратуру с сменой одной педагогической специальности на другую. Есть ли при этом возможность поступления на грант и какие при этом нюансы подачи документов ?
Ответ:

Здравствуйте. По всем  вопросам, касающимся поступления в магистратуру, следует обращаться к сотрудникам Центра профориентационной работы и приема обучающихся. Контактные тел.: 8(727)291-57-68, 291-73-71, 291-87-80.

15-01-2019 11-35-23   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 801
Салеметсіздерма мен пересдача тапсырып жоғары алдым енді менде степендия каладыма
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Егер емтиханды «А», «А-», «В+», «В», «В-», «С+» (70-74) – «жақсы» бағаларына тапсырсаңыз, Сізге шәкіртақы төленеді.  Сұрағыңызға рахмет!

12-01-2019 13-22-26   От родителей

Автор вопроса: Мананбаева Фарида

Вопрос № 800
Құрметті Такир Оспанұлы, мен Мананбаева Фарида Алматы облысы, Райымбек ауданы, Талас ауылының тұрғынымын. Көпбалалы анамын. «Алтын алқа» төс белгісінің иегерімін. Менің немере қызым, Нурғалық Марфуға осы университеттің филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2-курсының күндізгі бөлімінде ақылы түрде білім алып жатыр. Былтырғы жылы немерем ҰБТ-дан 95 бал алған. Бірақ сіздердің қызметкерлеріңіздің салғырттығының кесірінен 30% жеңілдікке қол жеткізе алмай келеміз. Оған қоса әлеуметтік жағдайға байланысты жеңілдік те берілмеді. Сізге жазған кезімізде «келесі жылы міндетті түрде қарастырамыз» деп жауап қайтарған едіңіз. Биылғы оқу жылында әлеуметтік жеңілдікке байланысты, атап айтқанда «көпбалалы және ата-анасы жұмыс істемейді» деген құжаттарды 14-қыркүйек күні Филология және көптілді білім беру институтының директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Молдасанов Ерсайынға өткізген болатынбыз. Міндетті түрде қарастырылады деген болатын. Биыл да жеңілдік берілмеді. Немере қызым 5 ағайынды, ұлым мен келінім жұмыс жасамайды. Осыған байланысты бір көмек беруіңізді сұраймын. Немесе уақытыңызды бөліп мені қабылдауыңызды өтінемін.
Ответ:

Құрметті ата-ана!

Сіздің сұрағыңызға бұған дейін жауап (№719 сұрақ) берілген болатын. Сұрағыңыз бойынша нақты ақпарат алу үшін институт директоры Балтабай Әбдіғазиұлымен хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 291-16-06, 291-18-35. Сұрағыңызға рахмет!

11-01-2019 22-33-52   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 799
Курметти ректор мырза, сизге айтарым отинишим, тест орталыгынын кызметкерлери, практиканттар, (жас мамандар) оздерин оте нашар тартиптик корсеткишьерин корсетип, оздерин университеттин жогары сатысындагы адамдар катыра енгизетин негиз корсетип жур! Тест орталыгынын бас маманы , биздин айыбымызды тындамай, терис кылык арекеттерин корсетеди! Отиниш тест орталыгынын кызметкерлеримен, бас маманымен тарбие исин жургизуинизди сураймыз.. Ракмет!!
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Тестілеу орталығының қызметкерлері «Тестілеу емтиханын қабылдау» ережесіне сәйкес жұмыс жүргізеді.

Емтихан барысын қадағалаушы комиссия және видеобақалаушылар студенттің немесе магистранттың тестілеу емтиханы ережесін бұзғандығын анықтаса, емтихан нәтижесін жоюға құқығы бар.

Басшылық аталған ережеге сай емес түрлі ереже бұзушылық мәселелері дәлелденбеген жағдайда, студенттердің өтініштерін қанағаттандыра алмайды.

11-01-2019 17-39-04   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 798
Құрметті ректор мырза!Менің сізге сұрағым мынадай: неге студенттер,магистранттар, докторанттар тапсырған индивидуальный пландарын, отчеттарын жыл сайын тексеріс келген сайын қайта тапсыру керек? Кафедраларда тапсырған құжаттарды өмірі таба алмайды, бір тапсырған затты әр тексеріс келген сайын қайта жасатады. Іс-қағаздарын жүргізу жұмысы неге дұрыс жолға қойылмаған?
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Шағымыңызда аталған құжаттар үш данада жасалынып, әрі қарай өзгеріске ұшырауы тоқтатылады. Құжаттың бір данасы Сізге, екіншісі директоратқа, үшіншісі Ғылым департаментінде сақталуы тиіс. Іс-қағаздарын жүргізу жұмыстарына қатысты шағымыңыз бойынша институт басшылығына ескерту жасалатын болады.

11-01-2019 13-03-21   От абитуриента

Автор вопроса: Атабек Консбеков

Вопрос № 797
Окуга тапсыруга не кужжаттар кажет
Ответ:

Құрметті талапкер!

Оқуға тапсыруға қажетті құжаттар тізімімен және мамандықтар туралы қосымша ақпараттармен сайтымыздың талапкерлерге арналған бөлімі арқылы таныса аласыз: http://www.kaznpu.kz/kz/2175/page/.

Сұрағыңыз бойынша Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының қызметкерлерінен толық ақпарат алуыңызға болады. Байланыс тел.:  8(727)291-57-68, 291-73-71, 291-87-80.

11-01-2019 10-59-43   От студента

Автор вопроса: Оразбаева Фатима

Вопрос № 796
Салеметсізбе Тахир Оспанович! Менің сізге сұрағым мен пересдачадан 100 балл алдым общий рубежкамен қосқанда балымм 90 болып тұр. Мен пресдача тапсырғандықтан степендияға іліге алмаймынба барлық сабағым В+
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Егер емтиханды қайта тапсыру нәтижесінде біліміңіз «В+» көрсеткішімен бағаланған болса, Сізге шәкіртақы төленеді.

 

11-01-2019 00-41-11   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 795
Сәлеметсіз бе? Менің ИКС Нөмерім 112093 болатын... Өкінішке орай 2014 жылдың екінші семестрінде мен оқудан шығарылдым! 2011 жылдың грант иегері едім! Енді маған қазір диплом қажет! Бірақ 5 жыл өтіп кетті! Не істеуіме болады!?
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Өтінішіңізді жазып, «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының директоры Тимур Абдрашұлы Сейлхановқа жолығыңыз.  Байланыс тел.: 291 64 97.

10-01-2019 18-10-04   От абитуриента

Автор вопроса: Атабек Консбеков

Вопрос № 794
Мен Өзбекстан республикасынан сурак койып жатырмын
Осы жылы колежди битиремин
Казакстанга университетке калай дакумент тактап окуга тапсырсам болады
Спорт саласына
Ответ:

Құрметті талапкер!

Спорт саласының маманы болғыңыз келсе, оқу орнымызда Өнер мәдениет және спорт институтына қарасты «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы оқытылады. Оқуға тапсыруға қажетті құжаттар тізімі және қосымша ақпараттар ресми сайтымызда көрсетілген: http://www.kaznpu.kz/kz/2150/page/.

Сұрақтарыңыз бойынша Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының қызметкерлерінен толық ақпарат алуыңызға болады. Байланыс тел.:  8(727)291-57-68, 291-73-71, 291-87-80.

10-01-2019 17-44-07   От студента

Автор вопроса: Аида

Вопрос № 793
Сәлеметсізбе! Мен Шымкент қаласында бір оқу орында 3курста сырттай бөлімінде оқитын едім. Осы көктемде сіздердің оқу орнына ауыстыруға болама? Рақмет!
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысу туралы толық мәліметті Академиялық мәселелер жөніндегі департамент қызметкерлерінен алуыңызға болады. Байланыс телефондары: 8 (727) 291-13-71, 291-71-06.

10-01-2019 17-33-43   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 792
Сәлеметсізбе! Мен Шымкент қаласында бір оқу орнында оқимын. 3курс сырттай бөлімінде. Енді сіздерге ауыса аламынба? Рақмет!
Ответ:

Құрметті Аида!

Университетімізге ауысу жолдары туралы нақты ақпаратты Академиялық мәселелер жөніндегі департамент қызметкерлерінен алуыңызға болады. Байланыс телефондары: 8 (727) 291-13-71, 291-71-06.

10-01-2019 15-13-03   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 791
Қайырлы күн! Мен 2-ші курс магистарнтымын ПиП, жақында Президенттік стипенидияға конкурс жайлы оқыдым. Бірақ ол жайлы ешкім білмейді, Шапағат Центрі нақты білмейді, Институт ол да нақты ештене білмейді. Нақты кім айналысады осы сұрақпенен? Хайрулла Нышанович маған емес, Шапағат Центріні дейді, ондағы инспектор ештене білмейді. Қорытындысы қашан болады? Неше үміткер таңдалады? Бакаларвлар секілді магистранттар рейтингісін шығаруыңызды сұраймын. Толық жауап күтемін, себебі бұл стипендия мен үшін үлкен материалды көмек болғалы тұр.
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Университеттің ресми сайтында 2018/2019 оқу жылына Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген шәкіртақыға үміткерлерді Білім және ғылым министрлігіне ұсынуға арналған конкурс туралы хабарландыру 2018 жылдың 25 қаңтарында жарияланған болатын. Хабарландыру мәтінінде үміткерлерге арналған талаптар мен ұсынылатын құжаттар тізімі көрсетілген.

Оқу үрдісіне қатысты мәліметтерді Академиялық мәселелер жөніндегі департамент және директорат қызметкерлері білмеуі мүмкін емес.

Конкурс туралы нақты ақпарат алу үшін Оқу ісі жөніндегі проректор Асан Адасбекұлы Сәтмырзаевқа жолығуыңызға болады. Байланыс тел.: 293-81-53.

 

10-01-2019 13-37-08   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 790
Сәлеметсіз бе! Мен магистратурада оқимын, тестілеу емтихан тапсыру барысында екі студенттен телефон(простушка), шпор қолданды деп бізді біреуімизге тесттен шығарып жіберсе, бірімізді жинап шыққан баллды жоққа шығарып отыр, қолданбағанды қолданды деп, олар кобірек студентті жазған сайын жалақы көп төленема әлде? НЕГЕ ӘДІЛДІК ЖОҚ!!! ОСЫЛАЙ ӨТІРІК ЖАЛАМЕН СТЕПЕНДИЯДАН ҚҰЛАУ ҮШІН АГУДІ ТАҢДАДЫҚПА? Неге соншалықты қиындатып жатқандарын түсіне алмадық, неге не ушін? Сіздің алдыңызға кіруге де рухсат бермеді?
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Оқу үрдісіндегі кез-келген білімді бақылау формалары мен түрлерін жүзеге асыру  кезінде (ағымдағы аттестаттау, аралық бақылау және т.б.) білім алушылар академиялық адалдық нормаларын бұзған жағдайда, университеттің ішкі Ережелеріне сәйкес ескерту беру, қатаң сөгіс жариялау, оқудан шығару шаралары қолданылады.

Тест тапсыру кезінде емтихан тапсырушылардың немесе комиссия мүшелерінің тарапынан емтихан ережесі мен тәртіп бұзушылық әрекеттерін қадағалау мақсатында орнатылған аудиториялардағы видеоқұрылғылар арқылы тиым салынған кез-келген тәртіп бұзушылық әрекеттер анықталып, скриншотпен тіркелетіндігін ескертеміз.

Егер шағымыңызды видеодағы мәліметтер арқылы дәлелдей алсаңыз, аптаның бейсенбі күні сағат 15:00-17:00 аралығында қабылдауыма келсеңіз болады.

10-01-2019 13-20-27   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 789
Cалеметсиз бе Такир Оспанович! Мен емтиханнан(тест) 0 балл алуыма байланысты, кредит толеп пересдачага кируиме боладыма жане де степендиядан умиттенуге болама?
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлына (221-кабинет) жолығуыңызға болады.

10-01-2019 02-24-46   Другие

Автор вопроса: Алмас Жұмаділов Сансызбайұлы

Вопрос № 788
Саламатсыз ба? Балықбаев Такир Оспанович. Мен осы 2018 жылы "Тарих жене Құқық" институтының "Мəдениеттану"мамандығының магистрі дипломын алдым. Енді осы сіз басқарып отырған оқу орнында жұмыс жасағым келеді. Бакалавр мамандығым Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының "Өнертану" мамандығын бітіргем. Сіз басқарып отырған оқу орнына мəдениетпен өнер жағынан сəлде болса еңбегімді тигізссем деймін. Неге екені Университтеттің аурасы маған ұнайды жəне талмай қызмет жасағым келеді.Магистиратураны бітере салғанда отбасы жағдайыма байланысты жағдай болған еді,енді өзіңіздің блогыңызға жазып тұрған ұсынысым. Ізгі ниетпен Университет түлегі Жұмаділов Алмас Сансызбайұлы. Рахмет.
Ответ:

Құрметті Алмас Сансызбайұлы!

Университет туралы пікіріңіз үшін рахмет!

Мамандығыңыз бойынша бос жұмыс орындары туралы мәлімет алу үшін Әкімшілік департаментінің Персоналды басқару жөніндегі бөлімімен хабарласуыңызға болады. Мекен-жайы: Достық даңғылы, 13, тел.:  +7 (727) 291-18-29.

09-01-2019 20-19-37   От родителей

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 787
Салеметсизбе Такир Оспанович мен анамын кызым филология болминде окыйды грантта . Сизге сурак коймастан бурын айтып алайын менин кызым катты сыркат одиммен омирдин арасында денсаулыгы дурысталып жатыр деп 3 топ мугедектигин берген болатын казир анализдер тапсырып дурыс болмай 2 мугедектик тобына ауыстырылды мен сизге кояр сурагым 3 жыл бойы ауызша тапсырып журген адам неге барлык студенттермен тестке кирди жане ешким Барлыгындай тест тапсырасын деп ескертпеген сондыктанда томен бал алып шакиртакыдан айрылып отыр мени осы маселе кынжылтат сонда мугедектер адам емеспе?
Ответ:

Құрметті ата-ана!

Қысқы сессия қарсаңында шетелдік студенттердің, академиялық ұтқырлық бойынша білім алып жатқан және денсаулығы нашар, мүмкіндігі шектеулі студенттердің тізімі (барлығы 86 өтініш) жасалып, барлығына ауызша емтихан тапсыруға рұхсат берілген болатын. Жыл сайын берілетін мұндай мүмкіндік туралы студенттер жақсы хабардар. Сіздің қызыңыз денсаулығы жөнінде құжаттарын әкеліп, өтініш жасамаған болуы мүмкін.

Сұрағыңыз бойынша Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековке (бас оқу ғимараты, 221-кабинет) жолығуыңызға болады.

 

 

09-01-2019 18-09-43   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 786
Мен емтиханнан 23балл алып калдым кайта тапсыруга мумкиндик бере аласыздарма.
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Сессия уақытының аяқталуына байланысты емтиханды қайта тапсыра алмайсыз. Емтиханды қайта тапсыру мүмкіндігі 25-49 аралығында балл алған студенттерге берілді. Сұрағыңызға рахмет!

09-01-2019 13-00-51   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 785
Мен сессиядан құлап қалдым қиын мүлдем бизге таныс емес сұрақтар келді
Менің айтаын дегенім кейбір студенттер филологияның директораты арқлы қиын деген тест түріндегі эмтихандарын директораттағы адамдармен келісіп ауызшаға өзгертіп алып оп оңай тапсырып кетті. Құлап қалдым десем группаластарым ауызшаға ауыстырып алмадын ба деді
Сессия сонда әділ өтпегеніме деп ойладым
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Емтиханды қайта тапсыру үшін 13 қаңтарға дейін өтінішіңізді институт директоратына өткізуіңіз қажет.  

09-01-2019 11-33-42   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 784
Сәлеметсіз бе? 2 семестрдің сабағы 1-2 курстарға нешесі басталады? Рақмет
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Университеттің академиялық күнтізбесіне сәйкес барлық институттар бойынша көктемгі семестрдің  1-2 курстарына арналған сабақ кестесі 2019 жылдың 14 қаңтарында басталады.

Всего записей: 4042

« перв. ... < пред. ...  165  166  167  168  169 170  171  172  173  ... след. > ... посл. »

Фамилия имя отчество: *

Убедительно просим внимательно заполнять все пункты заявки. Обращения в электронном виде, поступившие с неполной информацией об отправителе, рассмотрению не подлежат. Анонимные обращения не рассматриваются. Данные (ФИО, e-mail, телефон) лица, задающего вопрос, не будут публиковаться на сайте и передаваться третьим лицам, они нужны исключительно для предоставления Вам уведомлений. Обращаясь с вопросом, Вы имеете право поставить отметку о неразглашении Вашего имени.

Е-майл:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Телефон:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Тематика вопроса:


Вопрос: *


Введите код с картинки: *


Количество вопросов

Апрель, 2024
10
Март, 2024
5
Февраль, 2024
20
Январь, 2024
11
Декабрь, 2023
21
Ноябрь, 2023
19
Октябрь, 2023
17
Сентябрь, 2023
25
Август, 2023
39
Июль, 2023
29
Июнь, 2023
60
Май, 2023
41
Апрель, 2023
49
Март, 2023
22
Февраль, 2023
42
Январь, 2023
68
Декабрь, 2022
55
Ноябрь, 2022
50
Октябрь, 2022
62
Сентябрь, 2022
52
Август, 2022
33
Июль, 2022
32
Июнь, 2022
49
Май, 2022
139
Апрель, 2022
64
Март, 2022
45
Февраль, 2022
46
Январь, 2022
57
Декабрь, 2021
29
Ноябрь, 2021
43
Октябрь, 2021
70
Сентябрь, 2021
75
Август, 2021
109
Июль, 2021
79
Июнь, 2021
62
Май, 2021
69
Апрель, 2021
74
Март, 2021
47
Февраль, 2021
42
Январь, 2021
68
Декабрь, 2020
61
Ноябрь, 2020
62
Октябрь, 2020
42
Сентябрь, 2020
48
Август, 2020
57
Июль, 2020
81
Июнь, 2020
88
Май, 2020
65
Апрель, 2020
86
Март, 2020
57
Февраль, 2020
37
Январь, 2020
28
Декабрь, 2019
47
Ноябрь, 2019
72
Октябрь, 2019
70
Сентябрь, 2019
61
Август, 2019
88
Июль, 2019
47
Июнь, 2019
71
Май, 2019
54
Апрель, 2019
70
Март, 2019
51
Февраль, 2019
45
Январь, 2019
75
Декабрь, 2018
87
Ноябрь, 2018
51
Октябрь, 2018
54
Сентябрь, 2018
77
Август, 2018
105
Июль, 2018
46
Июнь, 2018
43
Май, 2018
45
Апрель, 2018
36
Март, 2018
30
Февраль, 2018
28
Январь, 2018
17
Декабрь, 2017
17
Ноябрь, 2017
12
Октябрь, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений