Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Добро пожаловать в блог ректора!

 

 

Уважаемые посетители сайта!
 
 
Блог ректора создан для установления контактов со студентами, сотрудниками и преподавателями университета. Вы можете оставлять свои комментарии, задавать вопросы, вносить предложения. Открытое и регулярное обсуждение вопросов поможет плодотворной работе руководства университета.
 
Надеюсь, что эта площадка расширит возможности для решения многих проблем в нашей общей работе, станет важным механизмом эффективного взаимного обмена информацией и реализации поставленных задач.
 
Мы открыты для диалога, все обращения будут обязательно рассмотрены. Ни один вопрос не останется без внимания.
 
 

Электронная почта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 

 
Приём ректора по личным вопросам осуществляется в 1-ю и 3-ю пятницы каждого месяца в течение учебного года - с 15.00 до 17.00 часов.
  • Вопросы-ответы
  • Задать вопрос
  • Статистика
11-12-2018 12-16-11   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 691
Құрметті ректор мырза! Менің білейін дегенім, докторанттардың шетелдік стажировкасына мемлекет қанша ақша бөледі және Scopusта мақала жариялауға мемлекет тарапынан ақша бөлінеді ме? Мақала жазайын десем құны 1000-1500$ дейді. Ал менің ондай қаражатым жоқ!
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Мемлекет тарапынан докторантура бағдарламасы бойынша білім алушыларға тағылымдамадан өтуі үшін 1 200 000 теңге, ал  жарияланымға 50 000 теңге көлемінде қаражат бөлінеді.

11-12-2018 02-45-06   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 690
Сəлеметсіз бе құрметті Тахир Оспанұлы.Мен 8 жатақхана тұрғынымын.Менің түсінбейтін нəрсем біз жатақханада тұрғанымызбен не үшін душ,этаждарды жуып,тазалаймыз?Ол біздің міндет пе? Асхананы кезекшілікпен тазалаймыз.Ол дұрыс.Алайда этаждың полын жуу, душтың ішін жуу жазалау ретінде қолданылады.Қарапайым терезе,айнаға дейін жудыртады.Бұл жұмыстар вахтершалардың жұмысығой.Ол кісілер бізге ұрсып,жаза ретінде жасатады.Осыған байланысты шара қолдануыңызды сұраймыз.
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Шағымыңызда көрсетілген мәселе бойынша арнайы тексеріс жұмыстары жүргізіледі. Тексеріс нәтижесінде шағымыңызда аталған фактілер анықталса, жатақхана меңгерушісінің қызметіне қатысты тиісті шара қолданылады.

08-12-2018 00-26-48   От родителей

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 689
Сәлеметсізбе. Менің қызым 11 сыныпты аяқтағалы отыр. Абай атындағы АлМУ-дың дефектология факультетін таңдап отыр. Қызымның мумкіндігі шектеулі (ДЦП). Осы оқу орнына түсуде жеңілдіктер қарастырылған ба? Болса қандай жеңілдіктер? Рахмет.
Ответ:

Құрметті ата-ана!

Оқу орнымызда білім алушылардың әлеуметтік жағдайына байланысты бірқатар жеңілдіктер (http://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/skidka_kaz.pdf) қарастырылған. Сізге нақты қандай жеңілдік көрсетілетіндігін қабылдау комиссиясына тиісті құжаттарыңызды өткізген кезде комиссия анықтайды.

Сұрағыңыз бойынша ақпарат алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмахан Әуесбекұлымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-87-80, 291-57-68. Сұрағыңызға рахмет!

07-12-2018 20-34-23   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 688
Раздражает когда в универе царит вот это вот казахская диктатура , жогарыдан айтты так что выходите ! С фигали я должна стоять на морозе и ждать когда меня заберут , когда я должна стоять в универе !!!!
И что теперь что придут важные люди , при виде студентов они что инфаркт получат ?! Займитесь воспитательными работами и отношениям в институте права и истории !!!!!
И самое любимое наших учителей : « во время урока отправляют на тупые конференции которые нам не нужны, и их самое любтимпя фраза : « бармасандар баганы томендетем1н» АЛЁ , когда это прекратиться уже ёмаё?????
Ответ:

Здравствуйте. Конференции, которые проводятся в университете, способствуют развитию научного мышления, предоставляют возможность приобрести навыки ведения дискуссии и публичного выступления, коммуникативных компетенций, формированию исследовательской культуры студентов.

Вы думаете, что все это Вам не понадобится в будущей работе и вообще, на Ваш взгляд, не нужно – пустая трата времени? Ну, что же, дело Ваше, не ходите на них, и все. Никто не будет заставлять силком. Хотя, думаю, это будет опрометчивый шаг.

Если у Вас есть конкретные факты, когда преподаватели за отказ от участия в конференциях грозятся намеренно снизить баллы, сообщите об этом.

Касательно Ваших неэтичных выражений делаем предупреждение. Таким некультурным студентам не место в нашем университете.

07-12-2018 20-26-03   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 687
Здрасьте ректор! ПРОЧИТАЙТЕ ЭТО И ЗАЙМИТЕСЬ СВОИМИ ПОДОПЕЧНЫМИ КРОЛИКАМИ!
Какого фига в универе где я плачу деньги за обучение не предоставляют никакую возможность для комфорта студента ?!
Сегодня в институте истории и права снова проходила «важная» конференция. Из-за этой «важной» конференции : 1) нас выгоняли из столовой ( хотя это столовая для нас ) ; 2) не брали куртки в гардероб ( хотя этот гардероб создан для нас) ; 3) не работает лифт видите денег нету у вас ( хотя все мы знаем что есть бабки) и мы должны подниматься на 7 и 8 этаж пешком ; 4) САМОЕ ГЛАВНОЕ ВЫГОНЯЮТ СТУДЕНТОВ ЖДАТЬ НА УЛИЦЕ В ТАКОЙ ХОЛОД, ВИДИТЕ ЛИ КТО-ТО ВАЖНЫЙ ПРИДЁТ СКАЗАЛИ ВЫВЕСТИ СТУДЕНТОВ , ЧТОБЫ ОНИ НЕ СИДЕЛИ ВНИЗУ !!! УЖАСНОЕ ОТНОШЕНИЕ К СТУДЕНТАМ УЖАСНОЕ ОТНОШЕНИЕ К ОБУЧАЮЩИМ ПРОСТО ЖЕСТЬ!
НЕТ УСЛОВИЙ В ИНСТИТУТЕ ИСТОРИИ И ПРАВА!
БЕТАЛДЫ ОТЫРМАЙ , ЗАЙМИТЕСЬ ЭТИМ!
Ответ:

Уважаемый студент. Можно понять Ваше возмущение по поводу того, что вокруг все не так, как Вы желаете, но, прежде всего, в диалоге следует уважительно относиться не только к себе, любимому, но и к Вашему собеседнику, тем более, что Вы человек, который со временем войдет в среду интеллигенции. В обращении нельзя использовать такой лексикон, за употребление Вами неэтичных выражений делаем предупреждение. А теперь по существу:

1. Научные конференции в Институте истории и права, как, впрочем, и в других институтах КазНПУ, проводятся и будут проводиться постоянно, их пользу трудно переоценить. Но, к сожалению, они «уплотняют» пространство университета, вместимость которого НЕ безгранична. Возможно, в данной конкретной ситуации руководство института действительно не позаботилось должным образом обеспечить в это время приемлемое для студентов размещение. От директора вуза в связи с этим получено разъяснение.

2. Освободить помещение столовой сразу после еды Администрация просит всякий раз потому, что вместимость этого пункта питания не позволяет находиться в нем одновременно (и тем более вести неспешные беседы) всем, кто этого хочет. Однако, спасибо Вам, это повод к размышлению...

3. Сотрудника гардероба не было на месте? Безусловно, это непорядок. С этим разобрались. Объяснил, что он, гардеробщик, тоже человек, и ничто человеческое ему не чуждо... отлучился ненадолго... В таких случаях нужно обращаться к охраннику или в директорат.

4.Относительно лифта, мы согласны с замечаниями, на данный момент проводятся технические работы для устранения этой проблемы. Потерпите немного.

07-12-2018 19-58-24   От студента

Автор вопроса: Ибадулла Сымбат Нурланқызы

Вопрос № 686
Сәлеметсіз бе,Құрметті Такир Оспанұлы! Мен Ибадулла Сымбат Нұрланқызы ( ЖГИ-нің 4 курс, биология білім беру мамандығында оқимын) Ректорат жанынан құралған "Мансап" орталығының ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан "I teach in English" жобасының қатысушы студентімін. Бүгін 07.12.2018ж "Мансап" орталығы және " ATOY" шет тілдер үйрету орталығының ұйымдастыруымен " Жаңа- заман, жас-маман" атты екінші семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингті "Өрлеу", БАҰО АҚ филиалы, Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ тренерлері: Баекешева Клара Елтаевна және Арзынбетова Салтанат Жақсылықовна жүргізді . Ұлағатты ұстаздармен кездесу барысында, болашақта енбек ету жолымызда акелер пайдасы мол мағлұматтар алдық. Соның ішінде жаңартылған бағдарлама бойынша ҚМЖ, ҰМЖ, ОМЖ секілді жоспарлардың түрімен танысып, олардың қалай орындалатын талаптарын, мақсат міндеттерін əсіресе смарт мақсатты толықтай ұғына білдік. Бұл бастамалар практикадан өту барысында көптеген көмегін тигізіп, одан әрі білігімізді кеңейтіп, мамандығымыздың xас шебері болуға өлшеусіз көмек болады.
Жоғарыда айтылған мəселелерді хабарлай отырып, ең алдымен бізге білім алу үшін мүмкіндік жаратқан сізге алғыс білдіреміз!!!
Ответ:

Құрметті Сымбат!

Университет тарапынан білім алушылардың білімдерін шыңдау мақсатында жасалынып жатқан мүмкіндіктер болашақта одан әрі дами түседі деп сенемін. Рахмет!

07-12-2018 17-57-02   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 685
Сәлеметсіз бе Тахир Оспанулы.Осы жылы магистрантарды шетелге практикаға жибермеуи мумкин деп естип жатрм неге?Биз ушин жаксы мумкиндик Еди!Неге одан айырып жатырсыздар
Ответ:

Құрметті студент! 
Жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың тағылыдамадан өтуі мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Білім және ғылым министрлігінен қаржы бөлінген жағдайда, магистранттар міндетті түрде тағылымдамадан өтуге жіберіледі. 
 
05-12-2018 14-19-23   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 684
Здравствуйте Уважаемый Такир Оспанович,хотела задать вам вопрос.Я претендую на президентскую стипендию,мой GPA 3,95,все предметы сдала на отлично,участвую активно в жизни университета , также участвую в научно-практических конференциях и олимпиадах международного и республиканского масштаба. Неоднократно подходила в деканат нашего института Педагогики и психологии с вопросом о получении стипендии. Но так говорили не раз, что конкурс еще не начался и распределения еще не было. С это проблемой ходила с сентября месяца. Вчера узнали, на встрече с вами, что распределение уже произошло. И решилась написать вам это письмо. Надеюсь вы рассмотрите эту проблему. Спасибо!
Ответ:

Здравствуйте!

Вам нужно обратиться с заявлением к директору Департамента по академическим вопросам Хайрулле Нышановичу Жанбекову (главный учебный корпус, каб. 201).

05-12-2018 11-26-46   Другие

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 683
Сәлеметсіз бе Такир Оспанұлы! Мен Ғылыми инновациялық парктің құрамындағы Жаратылыстану ғылымдарының мәселелері және экологиялық реконструкция зертханасының инженері Конканова С.Е. 2017 жылдың 31 желтоқсанында келісім шарт бойынша жұмыстан босатылдым. Осы жылдың 1 қыркүйегінен мектепке жұмысқа орналастым. Кадр бөлімінен еңбек кітапшасын ала алмай жүргеніме 4 ай болды, себебі зертханадағы құрал жабдықтарға жауапты тұлға ретінде бухгалтериядан обходной листқа қол қоймай жатыр. Сен материалды жауапты тұлғасың деп. Мен осы мәселемен бірінші проректор М. Бектемисовке, университеттің заң басқармасына Даулет ағайғада, ҒИП-директоры Данияр Даулетұлынада кіріп шықтым. Менің мәселемді ешкім шешпеді. Осы кісілерден жауап ала алмадым. Бір біріне сілтейді. Менің аяғым ауыр, қаңтар айында декретке шығамын. Адам сияқты мойнымдағы заттарды өткізіп кетейін десем, зертхананы қабылдап алатын адам жоқ. 1 жыл болды менің университетте штаттық бірлікте жұмыс істемейтініме. Осы зертханада 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс істедім. Бізге ешқандай расчетный төленбейді ме? Сізден өтініп сұраймын, осы мәселені шешіп беруіңізді сұраймын.
Ответ:

Құрметті Сандуғаш Елікқызы!

Университеттің ішкі талаптарына сәйкес Сіз материалды жауапты тұлға болғандықтан Персоналды басқару бөлімінің тарапынан еңбек кітапшаңыз уақытында берілмеген. Бірақ денсаулығыңызға байланысты, қол хат негізінде еңбек кітапшаңызды 10 желтоқсанда берілгендігі анықталды.

Екінші сұрағыңызға келетін болсақ, Сіз 2017 жылы 2 қыркүйекте ғылыми жоба бойынша келісім-шарт негізінде жұмысқа қабылданғандықтан, өтемақы қарастырылмайды. Сұрағыңызға рахмет!

05-12-2018 10-31-39   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 682
Саламатсыз ба ректор мырза! Мен Атагази Олжас қазіргі таңда Қостанай қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде Биотехнология мамандығы бойынша білім алып жатырмын.2 семестрден бастап Абай университетінде ақылы түрде білім алсам болады ма? Менде қазір Шет тілі кридит саны 3 Орыс тілі кридит саны 3 Философия кридит саны 3 Бейорганика және аналитикалық химия 1 кридит саны 3 Дене шынықтыру кридит саны 2 Экология және тұрақты даму кридит саны 2 Дінтану және діни қауіпсіздік негіздері кридит саны 2 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері кридит саны 2 осындай сабақтар өтіп жатырмын.Абай университетіне докуметті қай уақытта тапсыру керек және 1 кридит саны неше теңге Мен барған кезде шамамен қанша теңге төйлеуім керек? Сол жайлы біліп бересіз ба?
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Олжас, Сіз Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 1-ші семестр аяқталғаннан кейін ауысып келуіңізге болады. Ол үшін Сіз университет басшылғының атына өтініш жазып, қажетті құжаттарды (транскрипт және  ҰБТ немесе КТ  сертификаты, аттестаттың (қосымшасы) көшірмесі) алып келуіңіз керек.

Егер Сіз А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «Биотехнология» мамандығында оқысаңыз, бізге кез-келген мамандыққа ауыса аласыз. Пән айырмашылығы  тек транскрипт алғаннан кейін ғана белгілі болады.

04-12-2018 11-56-20   Другие

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 681
Ассалаумағалейкум құрметті Тахир Оспанұлы! Құрметті Тахир Оспанұлы сіздің атқарып жатқан ерен еңбегіңізбен, мол және нәтижелі жұмысыңызға күш-қуат берсін! Сіз басқарып отқан университет ең мәртебелі, ең құрметті жоғарғы оқу орны.Бойыңыздағы еңбекке адал, мақсатқа берік қасиеттеріңіздің арқасында, сіз бүгінде кең байтақ еліміздің оңтүстік астанасы – Алматының ірі жоғарғы оқу орнының бірін шебер басқарып келесіз. Әріптестеріңіз сізді ақылман басшы, іскер ұйымдастырушы, жарқын бастамалардың қолдаушысы ретінде ерекше бағалап,құрмет тұтады.
Тахир Оспанұлы биыл 2019 жылы магистартура тапсыратын талапкерлерге өгеріс енгізіліпті, нақтырақ айтсақ шет тілінен кейінгі, екінші пән (өз пән) тест түрінде өтіледі дейді. Осы ақпарат қаншалықты дұрыс? Және магистратураға құжаттарды тапсыру қай уақыттан басталады? Алдын ала рахмет!
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Жылы лебізіңізге алғысымды білдіремін!

Сұрағыңызға келетін болсақ, өзгеріс енгізілгені туралы ақпарат рас. ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №600 бұйрығы бойынша «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының» 11 тармағына сәйкес магистратураға түсуші тұлғалар шет тілі бойынша тесттен, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен және оқуға дайындығын анықтауға арналған тесттен тұратын білім беру бағдарламаларының топтары бойынша кешенді тестілеу тапсырады.

Магистратураға түсуге құжат қабылдауды  күнтізбелік жылдың 3-25 шілде аралығында ЖОО-ның қабылдау комиссиясы жүргізеді.

03-12-2018 13-24-37   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 680
Сәлеметсіз бе! Оқу төлемақысы жөнінде өтініш айтқым келеді. Филология факультетінде қара аспанды төндіріп оқу төлемақысын үлкен дау қылып жатыр. Негізі біздің келісімшартта оқу төлемақысын бітіруші түлектер үшін 1- сәуіріне дейін деп көрсетілген. Ал дәл біздің факультетте осы желтоқсан айының 3-не дейін төлемегендерді оқудан шығару туралы бұйрық шығаруда. Бұл дегеніңіз олар ешқандай келісімшарт, заңмен жасалып отырған жоқ. Студенттерді бұйрықпен қорқыта берсе, сапа да сан да төменделеді емес пе? Былтыр 3-курс оқыған кезімізде де қысқа дейін 100пайыз төленеді деп жағамыздан алды. Біздің арамызда әлеуметтік жағдайы төмен, бір айлыққа қарап отырған студенттер қаншама. Олардың жағдайына не эдвайзер, не деканат, не ректорант қарап отырғаны шамалы. Университеттің қай офисінде отырған қызметкер болмасын студентпен сөйлесуді мүлдем білмейді. Төлемақы жөнінде біз келісімшартты алға тартып отырған жоқпыз, жай ғана аралық бақылауға дейін уақыт сұрап отырмыз. Сізді әділ, адал, адамгершілігі зор басшы ретінде өтінішімізге байланысты шара қолдануыңызды сұраймыз.
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Оқу төлемақысын келісім-шартта көрсетілген уақытқа дейін төлеу қажет. Білім алушылардың сұрағына дөрекі жауап берген, дұрыс ақпарат бермеген қызметкерлерге қытысты шағымдарды қарастыру үшін қызметкердің аты-жөнін көрсетулеріңізді сұраймыз. Шағымыңызда көрсетілген мәселелер ескерілетін болады. Сеніміңізге рахмет!

02-12-2018 19-19-19   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 679
Аса мәртебелі Ректор! Біз 2 курс, тарих мамандығының магистранттарымыз.Біз Түркияға 10 күнге академиялық мобилділік бойынша барып келдік. Сол аралықта практика уақыты сай келді. Практикадан Түркиядан келген соң өттік. Алайда біздің практикамызды қабылдауша тарап (әлем тарихы кафедрасынан Жұмахан ханым) деген кісі бізге төмен қоймақ. Ол кісі біздің қалай сабақ өткенімізді де көрген емес? Ендеше қалайша ол бізге объективті баға бермек. Тек қана бізді емес, басқа кафедрас студенттерін қинап, себепсіз стипендиядан құлатпақ. Осы мәселені реттеулеріңізді сұраймыз. Практика бағасын практика жетекшісі қойған дұрыс емес пе, практикантты тек қана баға қоятын сәтте көретін жан емес!
Ответ:

Құрметті студент!

Шағымыңыз міндетті түрде ескеріледі. Бұл мәселе бойынша Тарих және құқық институтының директоры Болат Сағидоллаұлы Жұмағұловқа жолығуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 291-03-09.

02-12-2018 15-12-58   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 678
Салеметсизбе, Тахир Оспанулы! Осы жылгы кыскы демалыс уакыты 14-15 кантарда аякталады деп жатыр. Мысалы: Сатпаев,КазАТК, АэСа сынды университеттерде 1 ай демалыс деп жарияланыпты. Бизде гана неликтен 2 гана апта? Накты уакытын айтсаныз? Кайтарга билет алу да маселе гой билесиз озиниз де.
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Университеттің Академиялық күнтізбесіне сәйкес, 1-12 қаңтар аралығы қысқы каникул күндері, 14 қаңтар көктемгі семестрдің басталу күні болып бекітілген. Академиялық күнтізбе оқу жылының басында университет сайтына жарияланған болатын: http://kaznpu.kz/kz/2246/page/.

02-12-2018 00-02-17   От студента

Автор вопроса: Дьяченко Авелина Ильинична

Вопрос № 677
Здравствуйте! Хотела бы узнать, почему студенты учащиеся на платной основе не могут претендовать на бесплатное обучение в других вузах по программе " Академическая мобильность студентов", участие на присуждение грантов в другие страны могут принимать только те, кто в данный момент имеет грант в нашем вузе.Заранее спасибо за ответ.
Ответ:

Здравствуйте!

Согласно Приказу МОН РК от 11.04.2018 г. № 145  «Об утверждении Планов реализации программы академической мобильности»,  в программе могут участвовать студенты, обучающиеся на государственном образовательном гранте. 
Студенты, которые обучаются на платной основе, могут участвовать в программе академической мобильности, но только за свой счет. 
Студенты – «платники» могут самостоятельно выиграть зарубежный грант и пройти обучение на бесплатной основе.

01-12-2018 00-38-42   От студента

Автор вопроса: Студент 4 курса.

Вопрос № 676
Салеметсизбе құрметті Такир Оспанұлы!
Мен Тарих жане құқық институтының 《ҚҰҚЫҚТАНУ》мамандығының 4 курс студентимин. Оқу ақысын 50% төлеп қойдым.Сізге жазған себебім,осы 2018 оқу жылының 2 ағымдық бақылауына (рубежный контроль) дейін, (8семестр) 4 курс студенттеріне, оқу ақысын 100% толесін деген талап қойылуда.Толық төлеуге қаржы жағынан шама жетпейтінде студенттерде жетерлік. Алайда келісім шарт бойынша бітіруші курстар оқу ақысын сауір (апрель) айына мемлекеттік емтиханға дейін толеуге құқылы деп жазылғандай. Сол себепті, біз 4 бітіруші курстарға, оқу ақысын келер 2019 жылдың сауір (апрель) айына дейін, оқу ақысын төлеуге толық 100% толенуіне рұқсат беруіңізді сұраймыз.





Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Оқу орнымызда ақылы негізде оқитын білім алушылар оқу төлемақысын келісім-шартта көрсетілген мерзімге дейін төлеуі тиіс. Сұрағыңызға рахмет!

30-11-2018 18-10-48   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 675
Қайырлы кеш, Тахир Оспанұлы! Сізге 4-курс бітіруші түлектердің атынан арыз айтқым келіп отыр. Бізге осы 2018 жылдың желтоқсан айына дейін 100 пайыз оқу төлемін төлеу қажет болған. Алайда, барлық факультеттердің ішінде дәл осы филология факультетінде қысым өте жоғары. Студенттерге ескертпей, оқудан шығару туралы бұйрықтар шығарылуда. Деканат тарапынан бітіруші түлектерге аз да болса көмектесіп желтоқсан айының ортасына дейін мүмкіндік беруіңізді сұраймын. Біздің арамызда әлеуметтік жағдайлары төмен, 1 айлыққа қарап, сабақ үлгерімі жоғары студенттер өте көп.Былтығы түлектер үшін 1 қаңтарға дейін уақыт бергенсіз. Және де келісімшартта 100 пайыз деген бөлім жоқ. Енді бір ай қалғанда жыламсырап жүрген студенттерге ата-ана ретінде түсіністік танытып, өтінішімізді жерге қалдырмауыңызды сұраймын.
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз  міндетті түрде ескеріледі. Рахмет!

30-11-2018 16-28-47   Другие

Автор вопроса: Гулинова Айгуль Кайратовна

Вопрос № 674
Уважаемый Такир Оспанович! Приказ ректора не может покрыть постановление правительства, оно может распространятся только на учебный процесс. В связи с этим хочу спросить почему красный день календаря 03.12.2018 является рабочим днем для тех у кого 5-ти дневный рабочий день? Заранее благодарю за ответ.
Ответ:

Здравствуйте. Для сотрудников административно-управленческого аппарата университета 1,2,3 декабря 2018 года нерабочие дни. С приказом  ректора Такира Балыкбаева можно ознакомиться в Отделе по управлению персоналом Административного департамента университета. Спасибо. 

29-11-2018 09-42-43   Другие

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 670
Саламатсыз ба Такир Оспанұлы! Сіздердің университетте биыл бекітілген "Положение о порядке реализации образовательных программ докторантуры РНД" деген ереже бар, ол сайттарыңызда да тұр. Алайда, оның қазақшасы жоқ, ол жасалмаған, жасалса қайда? Бұл дегеніміз еліміздегі осындай белді Ұлттық университеттің мемлекеттік қазақ тіліне деген қарым қатынасын білдіре ме, әлде бұл қазақ тобындағы докторанттарға деген менсінбеушілік пе? Осы жағы мүлдем түсініксіз!!!!!!!!!!!!!
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Бұл Ғылым департаментінің кемшілігі, жуық арада жөнделеді. Басшылық тарапынан департамент  қызметкерлеріне ескерту жасалды. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтініп, түсіністік танытуыңызды сұраймыз.

Мемлекеттік тілге деген құрметіңізге рахмет!

28-11-2018 19-24-35   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 669
Сәлеметсіз бе, Балықбаев Такир Оспанович! Мен Жаратылыстану-география кафедрасының 4 курс студентімін. Бізге осы жылы оқу ақысын желтоқсанның 10на дейін төлеп бітіріңдер деп деканат айтып жатыр. Бірақ, оған әркімнің жағдайы келе бермейді ғой. Тіптен желтоқсан соңына дейін созылса да. Келісім шарт бойынша университетпен контрактіге қол қойғанда біз мамыр айына дейін 100% төлеу керекпіз. Ал енді келіп асықтырып жатыр. Мүмкіндік болса төлер едік бірден. Алдында воуд болды. Жұмыс істесемде сол ақшаны тауып беруге тырысар едім. Мұғалімдер жұмыс істемеңдер, воудқа дайындалыңдар деп қысты. Мен воудты жақсы тапсырдым. Және сабағымды да жақсы оқимын . Бірақ универдің ешбір түсунушілік танытпайтынына қынжыламын. Оқудан шығарамыз дейді төлемесеңдер. Бұл стутенттерге өте үлкен стресс. Ойламайтын күнім жоқ. Шығып кетсем де дұрыс па деген ойлар туындай бастады. Мен 4/3 бөлігін төледім деуге болады. Ал қалған ақшаны қалай төлерімді, үлгеретінімді білмим. Отбасылық жағдай да проблемалық жағдайлар бар қазір материалдық. Мұғалімдерден сұрасақ, практикаға кеткенде сендерді кейін ұстай алмаймыз дейді, сондықтан төлеу қажет деп, диплом алмай қайда барамыз біз. 4 жыл бойы соны аңсап келеміз ғой. Тек менің емес , көп студенттерде осы проблема. Жақсы оқысамда грант бөлінбегендіктен бұйырмады. Студенттердің сұрауына көңіл бөлсеңіз. Бұл тек менің атымнан емес, барша жаратылыстану-география кафедрасы. Нақты биология! сұрайтыным тек осы. Студенттерге көмек болсыншы!...
Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Шағымыңызға байланысты Жаратылыстану және география институтының басшылығы түсініктеме берді.

  1. Жаратылыстану және география директораты «4 курс студенттері оқу ақысын желтоқсанның 10-на дейін төлеп бітірсін» деген ұсыныс бойынша эдвайзерлер барынша студенттерге түсіндіру жұмыстарын жүргізген, «100 пайыз төлемесеңдер, оқудан шығарыласыңдар» деген хабарлама айтылмаған.
  2. Директорат және биология кафедрасы тарапынан студенттердің сабаққа қатысуы қатаң қадағаланып, сабаққа келмейтін студенттермен арнайы жұмыстар жүргізіліп, сабаққа дұрыс қатыспай жүрген 4 курс студенттеріне «жұмыс істемеңдер» деп директор тарапынан ескерту жасалған. Себебі күндізгі бөлімде оқитын студенттер ең алдымен сабаққа қатысуы тиіс.
  3. Грант мемлекет тарапынан бөлінгендіктен, институттың грант беруге мүмкіндігі жоқ. Мемлекеттік грант орны босаған жағдайда, грант GPA балл ең жоғары студенттерге университет ректораты деңгейінде арнайы коллегиялық шешім негізінде бөлінеді.
  4. 2018-2019 жылдың қысқы сессиясына іс жүзінде 50 пайыздан артық төлегендердің барлығы жіберіліп, 50 пайыздан кем төлеген бір ғана студент сессияға жіберілмеген.
Всего записей: 4039

« перв. ... < пред. ...  170  171  172  173  174 175  176  177  178  ... след. > ... посл. »

Фамилия имя отчество: *

Убедительно просим внимательно заполнять все пункты заявки. Обращения в электронном виде, поступившие с неполной информацией об отправителе, рассмотрению не подлежат. Анонимные обращения не рассматриваются. Данные (ФИО, e-mail, телефон) лица, задающего вопрос, не будут публиковаться на сайте и передаваться третьим лицам, они нужны исключительно для предоставления Вам уведомлений. Обращаясь с вопросом, Вы имеете право поставить отметку о неразглашении Вашего имени.

Е-майл:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Телефон:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Тематика вопроса:


Вопрос: *


Введите код с картинки: *


Количество вопросов

Апрель, 2024
7
Март, 2024
5
Февраль, 2024
20
Январь, 2024
11
Декабрь, 2023
21
Ноябрь, 2023
19
Октябрь, 2023
17
Сентябрь, 2023
25
Август, 2023
39
Июль, 2023
29
Июнь, 2023
60
Май, 2023
41
Апрель, 2023
49
Март, 2023
22
Февраль, 2023
42
Январь, 2023
68
Декабрь, 2022
55
Ноябрь, 2022
50
Октябрь, 2022
62
Сентябрь, 2022
52
Август, 2022
33
Июль, 2022
32
Июнь, 2022
49
Май, 2022
139
Апрель, 2022
64
Март, 2022
45
Февраль, 2022
46
Январь, 2022
57
Декабрь, 2021
29
Ноябрь, 2021
43
Октябрь, 2021
70
Сентябрь, 2021
75
Август, 2021
109
Июль, 2021
79
Июнь, 2021
62
Май, 2021
69
Апрель, 2021
74
Март, 2021
47
Февраль, 2021
42
Январь, 2021
68
Декабрь, 2020
61
Ноябрь, 2020
62
Октябрь, 2020
42
Сентябрь, 2020
48
Август, 2020
57
Июль, 2020
81
Июнь, 2020
88
Май, 2020
65
Апрель, 2020
86
Март, 2020
57
Февраль, 2020
37
Январь, 2020
28
Декабрь, 2019
47
Ноябрь, 2019
72
Октябрь, 2019
70
Сентябрь, 2019
61
Август, 2019
88
Июль, 2019
47
Июнь, 2019
71
Май, 2019
54
Апрель, 2019
70
Март, 2019
51
Февраль, 2019
45
Январь, 2019
75
Декабрь, 2018
87
Ноябрь, 2018
51
Октябрь, 2018
54
Сентябрь, 2018
77
Август, 2018
105
Июль, 2018
46
Июнь, 2018
43
Май, 2018
45
Апрель, 2018
36
Март, 2018
30
Февраль, 2018
28
Январь, 2018
17
Декабрь, 2017
17
Ноябрь, 2017
12
Октябрь, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений