Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Добро пожаловать в блог ректора!

 

 

Уважаемые посетители сайта!
 
 
Блог ректора создан для установления контактов со студентами, сотрудниками и преподавателями университета. Вы можете оставлять свои комментарии, задавать вопросы, вносить предложения. Открытое и регулярное обсуждение вопросов поможет плодотворной работе руководства университета.
 
Надеюсь, что эта площадка расширит возможности для решения многих проблем в нашей общей работе, станет важным механизмом эффективного взаимного обмена информацией и реализации поставленных задач.
 
Мы открыты для диалога, все обращения будут обязательно рассмотрены. Ни один вопрос не останется без внимания.
 
 

Электронная почта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 

 
Приём ректора по личным вопросам осуществляется в 1-ю и 3-ю пятницы каждого месяца в течение учебного года - с 15.00 до 17.00 часов.
  • Вопросы-ответы
  • Задать вопрос
  • Статистика
29-10-2018 11-40-45   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 605
Саламатсыз ба Тахир Оспанұлы.Филология және көптілді білім беру институтының 4 курс студенттері, оқу ақысына байланысты сауалымыз бар.Қараша айының отызыншы жұлдызына дейін оқу ақысын 100% төлеу керектігі жөнінде деканаттан хабарлаған болатын.Ізденушілердің көпшілігінде қаржы жағынан мәселе туындауда. Қараша айының отызына дейін 100% төлем жасай алмайтынымызға байланысты, бізге желтоқсан айының 15-20 дейін оқу ақысын төлеуге рұқсат берсеңіз екен.
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Университеттің оқу жоспарына сәйкес оқу ақысын екінші ағымдық бақылауға дейін төлеу қажет. Егер қаржы жағынан мәселелер туындауына байланысты оқу ақысын уақытылы төлей алмайтын болсаңыз, институт директорына өтініштеріңізді қалдырсаңыздар болады. Өтініште көрсетілген мерзімді ескере отырып, жауабы міндетті түрде хабарланатын болады.    

28-10-2018 19-46-54   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 603
Құрметті, ректор ағай! Сізге үлкен рахметтен өзге айтарым жоқ. Ауырмаңыз, сырқамаңыз! Және 28
10.2018 жылғы студенттермен Бутаковкаға барғаныңыз, көрсеткен үлгіңіз үшін көп рахмет! Сізді қатты сыйлаймын. Сіз сияқты кемеңгер басшы біздікі екенімен мақтан тұтамын!
Ответ:

Құрметті студент! Тілегіңізді айтып, пікір білдіргеніңіз үшін үлкен рахмет! 

26-10-2018 21-10-59   От студента

Автор вопроса: Mereke

Вопрос № 602
Уважаемый Такир Оспанович! Я студент! Я хочу поблагодарить девушку, которая является секретарем проректора по учебной работе Айнур. Потому что получил ответы на все мои вопросы, и сразу поставили роспись на мои документы, и сказала следующую месту прибывание. Мы очень рады, что у вас работают такие культурные девушки. Мне очень понравилась ее вежливость.Спасибо еще раз!
Ответ:

Уважаемая Мереке! Спасибо за отзыв. 

26-10-2018 16-25-53   Другие

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 601
Сәлеметсіз бе, 30 қазан күні Сіз басқаратын университетте ҚР Білім және Ғылым вице министрінің төрағалығымен конференцияға қатысу үшін жолға шыққалы тұрмын, өкінішке орай қай мекен -жайда өтетіні туралы ақпарат ала алмай отырмын. Қандай телефонға байланысуға болады? Алдын ала кешірім сұраймын
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Конференция Жамбыл көшесі, 25 (Уәлиханов көшесінің қиылысы) мекен-жайында өтеді.

26-10-2018 01-44-31   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 600
Құрметті Такир Оспанұлы! Менің "Шапағат" студенттерге цифрлы көмек көрсету орталығының жұмысына көңілім толмайды.Бұл жерге барсаң қызметкерлер орнында болмайтынына, дөрекілігіне және жұмыс жасау тәртіптеріне көңіліміз толмайды. Толығырақ айтатын болсақ, мен 3 курс студентімін, 1-2 курста "Оңай" картасын алуға қажеттілік болмады. Және де осыдан 2-3 апта бұрын "Оңай" студенттік картасын жасатуға бардым, маған қызметкердің айтқаны: "Ұялмайсың ба? Осы күнге дейін не істедің? Өзіміз үлгермей жатқанда 1 курстармен жағаласып, не істеп жүрсің?" - деп айтты. Қызмет көрсету орталығы болғандықтан, өз қызметтерімен айналыспай, конфликтке келіп жұмыстарын дұрыс атқармауда. Мұндай жағдай менің ғана басымнан өткен жағдай емес, группаластарымда осы жағдайды айтуда. Осы мәселеге байланысты бір шара қолдануыңызды сұраймын!
Ответ:

Құрметті студент! Шағымыңыз бойынша басшылық тарапынан «Шапағат» орталығының қызметкеріне ескерту жасалды. Бұл мәселе қайталанған жағдайда, Университетіміздің оқу ісі жөніндегі проректоры Асан Адасбекұлы Сәтмырзаевқа хабарласуыңызды сұраймыз. Байланыс тел.: 293-81-53.

Қызмет көрсету барысында келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Сұрағыңызға рахмет!

25-10-2018 16-02-12   От студента

Автор вопроса: Қалибек Игнат

Вопрос № 599
Құрметті Тахир Оспанұлы!
Біз Өнер,мәдениет және спорт институтының 4-курс студенттеріміз. 2018 жылы әскери кафедраны тәмамдадық.4-ші маусыммен 11-ші шілде аралығында өткен әскери оқу жиынын сәтті аяқтадық.Сіздің сайтыңызға жарияланған әскери кафедра оқытушылары Полковник Баймаганбетов Е.Н, старшина Ахметов Б.Н. қатысты сайтыңызға жарияланған ақпаратты жоққа шығарамыз.Осы жазылған барлық мағлұмат жалған.Студенттер атынан жариялап,өтірік жала жауып отыр.Керісінше біз осы әскери қызметшілердің арқасында нағыз әскери өмірге тәрбиелендік.Әскери және дене дайындығымызды үнемі жоғары деңгейде ұстауға осы кісілердің қосқан үлесі зор.Бұл оқытушылар өз істерінің кәсіби мамандары деп білеміз.Сол себепті жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды.Керек десеңіз,есімдері аталған студенттермен кездесу өткізуіңізді сұраймыз.2016-2018 жылдар аралығында әскери дайындықтан өткен 4 курс студенттері:Кален Жақсылық,Қалибек Игнат,Қалибекұлы Ерғанат,Жақсылықбай Ернат,Абен Абзал,Кудабек Елтінді,Женисов Асан,Жақсылық Ерік,Болатбеков Амандық,Сембаев Асет,Түгелбай Жамбыл,Сыдықбек Айдар,Қапизаев Мақсат,Сатылхан Әділет,Маметов Мадияр,Төретай Мерей,Ашимов Мухиддин,Жармұханбет Болашақ,Ғабит Сұлтан,Умиртай Султан,Зауытбек Айдар,Кожаханов Нурсултан,Құрмаш Азамат,Қасымхан Дастан,Аманқұл Әділ,Сакенов Абылайхан,Илиев Мухиддин,Зиявдинов Асимжан,Марис Ильшат,Абдуваитов Рамзат,Азербайжан Ердан,Қасымжан Уларбек және 1-ші рота студенттері атынан.
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Жоғарыда аталған Әскери кафедра қызметкерлеріне қатысты шағымға байланысты жолданған хатыңыз міндетті түрде ескеріледі. Рахмет!

 

25-10-2018 14-11-50   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 598
Салеметсіз бе құрметті Таркир Оспанович?!
Академиялық ұтқырлық болынша магистранттарға бір семестр Қазақстанның өзге қалаларындағы университеттерде алмасып оқуып келуіне болады ма?
Ответ:

Құрметті студент! Магистранттардың академиялық ұтқырлық бойынша Қазақстанның басқа жоғары оқу орындарында семестрлік білім алуға мүмкіндіктері бар. Академиялық ұтқырлық бойынша қажетті ақпаратты Халықаралық ынтымақтастық басқармасының қызметкерлерінен білуіңізге болады. Байланыс тел.: 291-36-92, 291-12-45. 

25-10-2018 13-14-34   От студента

Автор вопроса: Кайролдина Ж.

Вопрос № 597
Уважаемый Такир Оспанович. Такой вопрос: участие в общественно-развлекательных мероприятиях (спортивных, субботниках и т.д.) сторого обязательна для всех или это добровольная инициатива, которая приветствуется? Заранее спасибо за ответ!
Ответ:

Уважаемый студент! Активное участие обучающихся в социально значимых и культурных мероприятиях, проводимых в Университете, безусловно, необходимо. Это помогает развивать личностные качества будущих профессионалов, формируя их организационные способности. Мероприятия, направленные на создание эффективного досуга студентов, должны проводиться во внеучебное время, не мешать успеваемости в учебе, быть хорошего качества при оптимальном количестве.  Спасибо за вопрос.
 
24-10-2018 22-29-37   Другие

Автор вопроса: р

Вопрос № 596
Саламатсызба!Такир Оспанұлы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде киім дизайнер мамандыгы барма ,оқу ақысы және неше жыл
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Университетіміздің Өнер, мәдениет және спорт институты «Дизайн» мамандығы бойынша мамандарды даярлайды.  Оқу ақысы 506 000 тенге. Өнер, мәдениет және спорт институтында оқытылатын мамандықтар мен оқу ақысы туралы ақпаратты сайтымыздың талапкерлерге арналған бөлімінен (http://www.kaznpu.kz/kz/2150/page/) қарауыңызға болады. Сұрағыңызға рахмет!

23-10-2018 23-04-57   От родителей

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 595
Здравствуйте ! 1 вопрос : как записаться на приём к ректору?
2 вопрос : почему сборы за учебу собирают до конца этого года!? А не до конца мая как указано в договоре ?
3 вопрос : по какому принципу идёт допуск к дипломной работе
Заранее спасибо
Ответ:

Здравствуйте! 1. На прием к ректору можно записаться во вторник и четверг с 15.00 до 17.00.  2. Время оплаты определено согласно договору, когда Вы поступали в вуз, Вас об этом уведомили. 3. Разрешение на допуск  к диплому выдается обучающимся, которые сдали все экзамены и практики; освоили все кредиты;  имеют Gpa 2.33. 

23-10-2018 21-50-46   Другие

Автор вопроса: Даркен Ардақ

Вопрос № 594
Сәлеметсіз бе? Тахир Оспанұлы!Сіз басқарып отырған университеттің жалпы орталық ғылыми кітапханасының (Төле би, 85) қызметкерімін.Университетіміздің 90жылдық мерейтойына орай Сіздің бұйрығыңыздың негізінде түскен 72000 теңге көлеміндегі сыйақыны алдым.Сізге үлкен алғысымды білдіремін.Біздің университетіміге жасап жатқан еңбегімізді бағалағаныңыз үшін рахмет!Менің айтайын дегенім осы сыйақыны бізді алды дегенді естіп кітапханадағы әріптес кісілер өз наразылықтарын білдірді.Сыйақы алмаған кісілер біз алған сыйақыны толығымен қайтар деп отыр.Мен оларды түсініп жарты ақшасын қайтармақшы болдым.Бірақ ол кісілер оны қанағаттанбай толық ақшаны талап етіп отыр.Мен ол алған сыйақыны өз қажетіме жаратып қойдым.Енді олар алдағы айлығымыздан ұстап қаламыз дейді.Ол сыйақы менің еңбегімнің бағаланғанына түскен ақша ғой.Мен ол ақшаны өзге адамға беруге тиісті емеспін.Кеше,бүгін осы мәселе қозғалып,менің жанымдағы әріптестерім жерге алып-салумен болды.Жұмыста маған қысым көрсетіп,жұмысты жасауыма мүмкіндік бермеді.Университетіміздің 90жылдық мерейтойына өткізлген іс-шарада ол кісілер көмектесуге келмеді.Біз таң атқаннан көрмені ұйымдастырып,басы аяғында жүрдік.Осы еңбегімізді бағалап директорымыз сыйақы алушылардың тізіміне ұсынды.Ал қалған сыйақы алмаған әріптестер басшымыздың бұл шешіміне қарсы шықты.Ешқандай еңбектері болмай тұра сыйақыны талап еткендері дұрыс емес деп ойлаймын. Тахир Оспанұлы сізден осы мәселені қарастырып,бір шарасын қолдануыңызды өтінемін.
Ответ:

Құрметті Ардақ! Сізге сыйақы ректордың бұйрығымен берілгендіктен, оны бөлісуге ешкімнің құқығы жоқ. Бұл мәселе қадағаланатын болады. Сұрағыңызға рахмет!

23-10-2018 10-49-44   От студента

Автор вопроса: Жусупова Жанерке

Вопрос № 593
Сәлеметсіздер ме? Менің қоятын сұрағым осы Қазан айында менің грантқа өтуге мүмкіндігім бар ма? Мен ректорский грантта 50 пайыз скидкамен оқимын.
Ответ:

Құрметті Жанерке!

Оқу барысында мемлекеттік білім беру гранты бойынша орын босаған жағдайда, белгіленген тәртіппен грант орындарына үміткер білім алушылардың өтініштері қарастырылады. Нәтижесі бойынша тиісті құжаттар рәсімделіп, бұйрық шығарылады. Сұрағыңызға рахмет!

23-10-2018 03-53-16   Другие

Автор вопроса: Аскар Магзумов

Вопрос № 592
Ассалаумугалейкум Тахир Оспанович! Мен осыдан 3 ай бурын собеседованиядан откенмин Сиздин университеттен, алайда отпей калдым, тажиберем аздык етти, алайда кейн бир мумкиндик тагы болар деп умиттенип журмин, уйымдастыру жумыстарына кабилттимин жане осы багытта жумыс тажиберем 10 жылдай бар, TV саласында уйымдастыру жумыстармен айналыстым. Мамандыгын журналист. Егер мумкиндик болып жатса Алматыга ауыскым келеды Астанадан. Рахмет
Ответ:

Құрметті Асқар! Университетіміздің Қоғаммен байланыс бөлімінде бос орын болмағандықтан, Сіздің өтінішіңізді қанағаттандыра алмайтынымызды назарыңызға саламын.Сұрағыңызға рахмет!

22-10-2018 16-35-24   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 591
Уважаемый Такир Оспанович! У меня вопрос такой, откроется ли доп.семестр для 4 курсов?
Ответ:

Здравствуйте!
По кредитной технологии обучения для обучающихся выпускных курсов дополнительный семестр не предусмотрен. 

22-10-2018 14-57-48   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 590
Сəлеметсіз бе ректор мырза!Мен педагогика жəне психология институтының 4курс студентімін.Мен 3курста 2 пəннен жазғы сессияға қалғам едім.Отбасылық жағдайыма байланысты ол пəндерді жаба алмай қалдым.Енді сол пəндерді жабу үшін офис регистраторларға барсам ол жақтағылар бұл сабақтар 4курста оқытылмайтын пəндер болмаған соң кесте шықпайды деп қайтарып жіберді.Енді не істесем болады?Менің бұл сұрағымды ескерусіз қалдырмасаңыз екен!
Ответ:

Құрметті студент! Кредиттік технология жүйесі бойынша бітіруші курстарда қосымша жазғы сессия ұйымдастырылмайды. Сондықтан Сіз биылғы оқу жылын, яғни 4-курсты академиялық қарызбен бітіресіз. Академиялық қарызыңызды жою үшін келесі оқу жылы пән айырмашылығын тапсыруыңыз керек.

21-10-2018 07-27-40   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 589
Құрметті Такир Оспановаич, университетімізде магистранттарға академиялық ұтқырлық бойынша бір семестр Қазақстанның басқа қалаларында барып оқуға мүмкіндік бар ма?
Ответ:

Құрметті студент! Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша толық ақпаратты алу үшін Халықаралық ынтымақтастық басқармасының қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-36-92, 291-12-45. 

20-10-2018 22-39-43   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 588
Құрметті, Тахир Оспанұлы! Мен Тарих және құқық институтының 5В011400 Тарих мамандығының 1курс ЖО (жоғарғы оку орнынан кейін) сырттай бөлімінің студентімін. Анам осы оқу орнында 19 жылдай жұмыс атқарып келеді.Осыған байланысты оқу төлемакыма жеңілдік ала аламын ба?
Ответ:

Құрметті студент! Жеңілдік берілу үшін университетімізде анаңыздың 19 жыл қызмет атқарғандығы туралы мәліметтер көрсетілген анықтаманы және өтінішіңізді  институт директоратына өткізуіңіз қажет. Өтінішіңізді институт жанынан құрылған комиссия қарастырып, университет деңгейіндегі арнайы комиссия қарауына ұсынады.

20-10-2018 10-54-57   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 586
Добрый день, уважаемый Такир Оспанович!
У меня такой вопрос. Мной, и еще несколькими студентами 31 августа сего года было написано заявление на присуждение вакантных образовательных грантов. О такой возможности мне стало известно так же 31 августа и от третьих лиц. Результатов присуждения грантов нам так и не озвучили.
На нашем сайте выложили список тех, кому присудили гранты по приказу от 29.08.18. И вот в чем вопрос - это и есть те самые гранты? и если это так, то как получилось так что у нас взяли заявление 31.08, а приказ вышел 29.08?
Ответ:

Здравствуйте! По рассмотрении данного вопроса сообщаем следующее: после окончания сессии (в каникулярное время) на высвободившиеся места были выбраны по три претендента на одно место из тех, кто имел максимально высокий GРА балл. Все заместители директоров институтов 20 августа были уведомлены о  кандидатурах студентов, назначенных  на грантовое обучение. Что-либо изменить сейчас не представляется возможным.

К сожалению, все последующие действия исполнителей, в том числе сотрудников директората, были некорректными. И по всей видимости, произошедшее вызвано их, мягко говоря, неосведомлённостью об истинном положении дел со сроками зачисления и условиями приема заявлений.

Директорам и заместителям директоров институтов руководством университета сделано предупреждение о недопустимости подобных ситуаций.

Просим в аналогичных случаях записываться на прием к проректору по учебной работе Асану Сатмурзаеву. Тел.: 293-81-53.

20-10-2018 10-09-26   Другие

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 585
Сәлеметсізбе!менің білгім келгені неге хатшы,инженер,лобаранттардын айлыгы аз біздің универде.Айлык аз болған менен талап етілетін жұмыс көп. Еки есе көп десем қателеспеймін.Айлыкты истеген жұмысына карай алгымыз келеді. Алып жүрген айлык жолымыз бен түскі асымызга гана жетеди.Осы жагын карастырып корсениздер деймін.
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Қызметкерлердің жалақы мәселесі оқу орнымыздың жаңа стратегиялық жоспарына сәйкес қарастырылып жатыр.

19-10-2018 14-33-49   От студента

Автор вопроса: Бисенбаева Мира

Вопрос № 584
Құрметті Таxир Оспанұлы!
МФжИ институтының 4 курс студенті Бисенбаева Мира боламын. 3 жыл бойы N5 жатақxанада тұрып, 2-3 курсымда өзін-өзі басқару ұйымының төрайымы міндеттін атқардым. Студенттермен тығыз байланыста болып, жатақxанадағы жағдайды да қадағалайтынмын. 3 жыл бойы жатақxанадағы өмірімде ешқандай жамандық көрмедім. Иә, біздің меңгерушіміз қатал. Тәртіпке және тазалыққа аса мән береді. Бізге де кезінде ұрысып алатын. Бірақ барлығы орнымен. Осы тәртіп болмаса, жатақxананың күйі кетпей ме? тәрбие жөніндегі директордың орынбасары Біргебаев Ақтай Біргебайұлы ағайымызбен де тығыз байланыста отырамыз. Осы екі басшының арқасында Наурыз, Құрбан айт т.б. Мерекелерде мал сойып, студенттерге үлкен дастарxан жайылатын. "Ең белсендi бөлме", "Ең таза бөлме" номинациялары бойынша марапатталып, Тұрмыс жағдайға керек заттарды сыйлайтын. Басқа жатақxаналарды болдым. Достарым сол жақта тұрады. Бірақ дегенмен де еш жатақxанадан бұндай тәртіп және тазалық көрмедім. Мен ешкімді жақтап отырған жоқпын. Тек менің 2-ші үйімдей болып кеткен жатақxанымды және оның басшысын жазықсыз даттағанына қарап отыра алмаймын. Тәртіп бұзбаған, тазалық сақтаған адамға кім жазықсыз тиіседі?! Осыған дейін бұндай мәселе болмаған. Мүмкін 1-курс студенттері бұндайға үйрене алмай жүргені шығар. Қазіргі таңда ас бөлмелердегі тұрмыстық теxникалар, себезгілер жаңартылды. Әрқашанда студенттердің жағдайын ойлап жүретін адамға жала жапқанына қарап отыра алмаймын. Өзіңіз келіп көрсеңіз де болады. Рақмет.
Ответ:

Құрметті Мира! Сұрағыңызда аталған мәліметтер міндетті түрде ескеріледі. Университет қызметкерінің еңбегін жоғары бағалап, пікір білдіргеніңізге рахмет!

Всего записей: 4046

« перв. ... < пред. ...  174  175  176  177  178 179  180  181  182  ... след. > ... посл. »

Фамилия имя отчество: *

Убедительно просим внимательно заполнять все пункты заявки. Обращения в электронном виде, поступившие с неполной информацией об отправителе, рассмотрению не подлежат. Анонимные обращения не рассматриваются. Данные (ФИО, e-mail, телефон) лица, задающего вопрос, не будут публиковаться на сайте и передаваться третьим лицам, они нужны исключительно для предоставления Вам уведомлений. Обращаясь с вопросом, Вы имеете право поставить отметку о неразглашении Вашего имени.

Е-майл:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Телефон:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Тематика вопроса:


Вопрос: *


Введите код с картинки: *


Количество вопросов

Май, 2024
4
Апрель, 2024
10
Март, 2024
5
Февраль, 2024
20
Январь, 2024
11
Декабрь, 2023
21
Ноябрь, 2023
19
Октябрь, 2023
17
Сентябрь, 2023
25
Август, 2023
39
Июль, 2023
29
Июнь, 2023
60
Май, 2023
41
Апрель, 2023
49
Март, 2023
22
Февраль, 2023
42
Январь, 2023
68
Декабрь, 2022
55
Ноябрь, 2022
50
Октябрь, 2022
62
Сентябрь, 2022
52
Август, 2022
33
Июль, 2022
32
Июнь, 2022
49
Май, 2022
139
Апрель, 2022
64
Март, 2022
45
Февраль, 2022
46
Январь, 2022
57
Декабрь, 2021
29
Ноябрь, 2021
43
Октябрь, 2021
70
Сентябрь, 2021
75
Август, 2021
109
Июль, 2021
79
Июнь, 2021
62
Май, 2021
69
Апрель, 2021
74
Март, 2021
47
Февраль, 2021
42
Январь, 2021
68
Декабрь, 2020
61
Ноябрь, 2020
62
Октябрь, 2020
42
Сентябрь, 2020
48
Август, 2020
57
Июль, 2020
81
Июнь, 2020
88
Май, 2020
65
Апрель, 2020
86
Март, 2020
57
Февраль, 2020
37
Январь, 2020
28
Декабрь, 2019
47
Ноябрь, 2019
72
Октябрь, 2019
70
Сентябрь, 2019
61
Август, 2019
88
Июль, 2019
47
Июнь, 2019
71
Май, 2019
54
Апрель, 2019
70
Март, 2019
51
Февраль, 2019
45
Январь, 2019
75
Декабрь, 2018
87
Ноябрь, 2018
51
Октябрь, 2018
54
Сентябрь, 2018
77
Август, 2018
105
Июль, 2018
46
Июнь, 2018
43
Май, 2018
45
Апрель, 2018
36
Март, 2018
30
Февраль, 2018
28
Январь, 2018
17
Декабрь, 2017
17
Ноябрь, 2017
12
Октябрь, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений