Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Добро пожаловать в блог ректора!

 

 

Уважаемые посетители сайта!
 
 
Блог ректора создан для установления контактов со студентами, сотрудниками и преподавателями университета. Вы можете оставлять свои комментарии, задавать вопросы, вносить предложения. Открытое и регулярное обсуждение вопросов поможет плодотворной работе руководства университета.
 
Надеюсь, что эта площадка расширит возможности для решения многих проблем в нашей общей работе, станет важным механизмом эффективного взаимного обмена информацией и реализации поставленных задач.
 
Мы открыты для диалога, все обращения будут обязательно рассмотрены. Ни один вопрос не останется без внимания.
 
 

Электронная почта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz 

 
Приём ректора по личным вопросам осуществляется в 1-ю и 3-ю пятницы каждого месяца в течение учебного года - с 15.00 до 17.00 часов.
  • Вопросы-ответы
  • Задать вопрос
  • Статистика
17-09-2018 16-47-08   От студента

Автор вопроса: в

Вопрос № 524
Салеметсиз бе ректор мырза! Мен осы университетте лаборант кызметин аткарамын, оз институтымнан жогары жактагыралга кол койдыртуга главный корпуска кунине 5-6 рет барып келип жугиремин. Айтайын дегеним, оку иси проректоры Асан Адасбекович мырза казир ауырып калыпты, бирак неге хатшысы орныныда отырмайды??? Тура еки апта болды, кабинети жабык, ен болмаганда кагаздарымызды алып кете алмай отырмыз, канша студент кутип отыр справкаларын, Асан агайдын орнында баска проректорлар койып жатыр екен, кагаздарымызды кашан аламыз? Жауапкершили жок кызметкерлерди неге жумыска аласыздар? Осыган дейин де канша жумыспен толтырган кагаздарымызды да жогалтып, кайта жасатуга жумсап жиберип журди, кагаз жогалтуга кандай кукыгы бар? Студенттер мен ата-аналары бизге айкайлап жур, неге хатшысы телефонга жауап бермейди? Биз, лаборанттар - институттын барлык жумыстарын аткарып, куни бойы жугирип журип, директорымыз келмеген куннин озинде кабинетте отырып хаттарды кабылдап жумысты жургизип отырамыз, сондагы алатын айлыгымызды айтуга да уяламыз, 30мынга да жетпейди. Мен тусинбедим,биз жумысымызды молшеринен асырып кызмет аткарамыз ба немесе бастыгымыз келмеген кундери, хатшыларына да демалуга руксат берилген ба? Накты жауап беруинизди сураймын, рахмет
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Шағымыңыз міндетті түрде қарастырылып, тиісті шара қолданылады.

17-09-2018 16-27-06   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 523
Сәлеметсізбе Таxир Оспанулы!Біз 1 жатақxана студенттері Маржан апайдын жұмыстан шығарылғанына қарсымыз!Өйткені Маржан апай жатақxанаға көп үлесін қосты.Студенттермен өте жылы қарым қатынаста,жасаған жақсылықтары көп.Басқа жатақxана коменданттарына қарағанда әлдеқайда әділетті,шыншыл,бәріне бірдей қарайды.Осы жазда жатақxанамызға жоғары деңгейде жөндеу жұмыстары жасалды.Сондықтан Маржан апайымыздың мәселесін қайта қарауыңызды сұраймыз!!!
Ответ:

Құрметті студент! Қазіргі уақытта №1 жатақхана меңгерушісі Маржан Тұрысбековаға қатысты білім алушылардан түскен арыз-шағымдар басшылық тарапынан қарастырылып жатыр. Қысқа мерзімде мәселенің толық шешімі жарияланады.

16-09-2018 11-18-55   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 521
14-07-2018 21-05-29 От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 297
Саламатсызба, Такир Оспанович!
Міне бізде әскери кафедраны бітірдік деп қуанып отырмыз. 35 күндік әскери жиында біз көп нәрсеге үйреніп, офицер деген қандай болу керек екенін, ар-намыс, шын достық, адамгершіліктікті бойымызға сіңдірдік. Оған кафедра офицерлеріне мыңда бір рахметімізді айтамыз. Кафедра офицерлері күн-түніне, уақытына қарамай бар білімін, тәжірибесін бізге беріп тұрды. Офицерлер бізге әкесіндей, ағасындай қамқорлықпен қарады. Олардың бізге ұрысқан кездері де болды, бірақ студенттердің ар-намысын біреуі қорламады. Әрине бұл офицерлерді біз әр уақытта естен шығармаймыз және де көрген жерде сыйлап жүреміз.
Бірақ, Такир Оспанович, бір құмалақ бір қарын майды
шірітеді деген мақал бар ғой қазағымызда. Бұл кафедрадада сондай жағдай болып тұр. Осы мәселелермен сізге біз, бірнеше студенттер сізге жазып отырмыз. Бұның себептері: томенде айтылатын жаман нәрселерді тоқтатпаса болмайды дейміз.
Әскери кафедрада жақында цикл бастығы болған полковник бар, фамилиясы Баймаганбетов Ерен және старшина Ахметов Болат дегендер бар. Осы екеуі әскери жиын кезінде екі жыл бойы офицерлер «міндет, абырой, ерлік, офицердің ар-намысы» деген түсініктерін төңкеріп тастады.
Бірінші күннен бастап старшина Ахметов түрлі себептермен ақша жинауға кірісті. Оның бәрін не үшін жинадық? Бізге кафедрадағы аяғы ауыр капитан Федороваға детский коляска алып бересіңдер деді. Бірақ ол колясканың бағасы жүз қырық мың теңгеден жоғары екен. Оны алмадық. Старшинаның айтқаны бойынша Баймағанбетовтің машинасының сиденьесіне жаңа чехолдар, полына жаңа ковриктер, дворниктер алғызды. Ахметов өз машинасына сиденьелеріне жаңа чехолдар, полына жаңа ковриктер, жаңа радиатор, стеклоподъемник, рулевой рейкаларын ауыстырып бергізді баллардың ақшаларына. Тағыда старшина бірінші ротаның балларынан бір жарым мың теңгеден жинады. Оны старшина кафедраның қажеттілігіне керек деп түсіндірді. Ол ротаның командирі Баймағанбетов болды. Ол ақша кімге керек екенін біз сразу түсіндік. Старшинаның талабы бойынша жиырма сегізінші маусымда студенттер оны саунаға алып барды. Бірақ оның құтырғаны: «Зачет емес, он бірінші шілдеде тағы қайталайсыңдар» деген.
Бұған қоса, екеуінің стутенттермен сөйлескендегі мәдениетін көрсеңіз... Ауыздарынан шыққан сөздерін Сізге айтуға біз ұялып отыр-мыз. Сөздерінің бергі жағы «Эй, бараны... ишаки... тупые... черти...». Басқа балағаттап сөйлейтін сөздерді өзіңіз түсінерсіз. Баймағанбетов айқайлап балағаттағанда, біз өзімізді болашақ педагогтар емес мал ретінде сезініп қалып жүрдік. Бір сенбі күні офицерлер сағат төртке дейін сабақтар болады, сонан соң боссыңдар деген. Полковник Баймағанбетов үшке дейін жоқ болды. Сағат үштен асқанда Баймағамбетов пайда болып, «кешкі алтыға дейін жұмыс істейсіңдер» деп бәрімізге қара жұмыс ісвтетіп қойды. Мәселе жұмыста, уақытта емес болды. Мәселе оның жағдайында – беті қызарып, аузынан перегар ұрып түрды. Әрине, біз кафедра бастығына жазайын дедік сол кездерде, бірақ бәрімізге кесірі тиіп кетеді ма деп ойладықта үндемедік. Біз әлі қорқуға себептер бар. Оқуды бітіріп, дипломның копиясын өткізіп звание алғанша кафедраға тәуелді екеніміз анық. Осыменен штаршинада бәрімізді қорқытып жүрді.
Такир Оспанович, бұнын бәрін Сізге жазып жатқан себебіміз, аталған адамдарды қудалап, қаматып тастау, кафедраны төңкеру емес. Ойымызша осы екуі кафедрадағы білімді де ар-намысы мықты офицерлер ұжымына кір келтіреді. Бұл хат Сізге мәлімет үшін. Әрине бізде, басқа кафедрада оқыған баллар да ешқашан, ештеңе жазып қол қоя алмайды. Нағып екенін түсінесіз деп ойлаймыз.
Мұғалим офицерлермен жыл сайын келісім-шарт жасалады деп есітенбіз. Солай болса олардың келісім-шартын қайта қарасаңыз. Ендігі жылы кафедрадағы баллар олармен кездеспесе өте тамаша болар еді дейміз.
Ответ

Құрметті студенттер!
Бұл мәселе міндетті түрде университеттің жемқорлыққа қарсы отырысында қарастырылады. Сонымен қатар, университет басшылығы тарапынан аталмыш мәселеге қатысты арнайы тексеріс жүргізіліп, қабылданған шешімнің негізінде тиісті шаралар қолданылатын болады. Егер шағымдарыңызда аталған қызметкерлерге қатысты нақты дәлелдеріңіз болса, аптаның бейсенбі күні сағат 15:00-17:00 аралығында қабылдауыма келсеңіздер болады. Сұрақтарыңызға рахмет!

Кызык ештене шешилмеген
ОТИРИК РЕКТОР БЛОГЫ
Бул система омир бойы озгермитин шгар

Аттен

кандай факты сурап тур
вообще ужас

жемкорлык кашан куриды екен

Ответ:

Құрметті студент! Сіздің шағымыңыз бойынша тексеріс жүргізілді. Тексеріс нәтижесін хабарлайтын боламыз.

15-09-2018 17-10-40   От студента

Автор вопроса: Жақсылықова Ұлдана

Вопрос № 520
Сəлеметсізбе Тахир Оспанұлы.Мен Жаратылыстану жəне География институтының 3-курс студентімін. Менің қояр сұрағым ағылшын тобында оқитындар 3курста сендерге грантқа ауысу мүмкіншілігі бар деп айтқан болатын 2-курстың соңына қарай. Біз ол үшін не істеуіміз қажет дегенде əлі белгісіз бастысы GPA баллдарың жоғары болсын деді. Бізге демалыс уақытында хабарландыру келді. Құрметті 1,2-курсты бітіріп жатқан биология ағылшын,қазақ, орыс тобының студенттері тезірек IELTS немесе TOEFL тапсырып сертификатты тамыздың соңына немесе қыркүйек айының ортасына дейін алып келу қажет. GPA 2.67ден жоғары болса автоматты түрде грант болады деп. Мен хабарландыруды көре салысымен TOEFL тапсыруға өтініш жаздым. 15тамызда тапсыруым керек болған. Ал бізге 13-тамыз жəне бір хабарландыру келіп ертең соңғы күн сертификат алып келіңдер дейді.Мен TOEFL тапсырдым бірақ оның жауабы барлық жерде тек 3аптадан соң шығады. Біз 5-қыркүйек сертификат алып келгенде кешіктіңдер деді. Бізге берілген уəде бойынша қыркүйектің ортасына дейін уақыт берілген еді. Бізден басқа 1,2,4курс ағылшын топтары түгелдей грант.Былтырғы жылы грант берілгендей бізге грант берілмеуінің себебі неде?
Ответ:

Құрметті Ұлдана! Шағымыңызда көрсетілген мәселе институт директораты тарапынан дұрыс ақпараттың берілмегендігінен туындап отыр. Грант мәселесіне қатысты толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлына (Бас оқу ғимараты, 221 кабинет) жолығуларыңызды сұраймыз.

14-09-2018 15-56-01   От студента

Автор вопроса: Танатарова Шынар Кобейсиновна

Вопрос № 519
Кайырлы кун,курметти, Тахир Оспанулы!!!Мен КазНпу университеты, ЖГИ институты, 3 курс агылшын тобынын студентымын.Бизди мазалаган сурак: бизге грант болинет деген 2 курста бирак али болинбеди. Казиргы 4 курстар 2 курста агылшынга ауысканда автоматты турде грантка ауыскан болатын, бизге де дал солай грант болинеди деп келе жатканына 1 жылдын колеми болды((( бизге шилде айынын сонында кимде ielts 5.5 сертификат бар сол автоматты турде грантка ауысады деди, тапсыру уакыты кыркуйек айынын ортасына дейн деген болатын, бирак тамыздын 15 нде сонгы кун деди, озиниз де билесиз ielts ты тапсыру ондай кыска мерзимде мумкин емес( жарты ай)... Группамдагы студенттер соны естип консул га барып toefl тапсырып, сертификатын кутип жургенде тамыздын 15 отип кетти, келип сурасак улгермединдер,Сол кезде тапсыру керек еди деди. Жане де айтарым егер биз ielts ты сондай дарежеде тапсыра алатындай агылшын билсек, Казахстанда журмес те едик кой...Сизден отинип сурайтынымыз грант болине ме жок па соны бизге нактысын айтсаныз, себеби бизге ешким ештене накты айтпайды, бири кыста тагы болинет дейди, бири болинбейди болды дейди, бири jpa га карап берет дейт, арким артурли нарсе айтып жур, Сизден отинип сураймыз, нактысын озиниз айтынызшы, канша уакыттан бери алданып журмиз,агылшын группалары бизде толык грантта (1,2,4 курстар),биз гана акылыболимдемиз(((, грант болине ме алде тест тапсырып болмаса экзамен тапсырып алуымызга бола ма ( ielts емес) ? Осы суракты назардан тыс калдырмасаныз екен, отиниш Сизден)) жауабынызды кутемиз, Рахмет!
Ответ:

Құрметті Шынар! Шағымыңызда көрсетілген мәліметтерге қарағанда, институт директоратынан студенттерге дұрыс ақпарат берілмеген. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлына (221-кабинет) жолығыңыз.

14-09-2018 14-33-28   Другие

Автор вопроса: МФ және И институтының аға лаборант, инженерлерінен

Вопрос № 518
Математика,физика және информатика институтының аға лаборанттары мен инженерлерінен өтініш. Жалақымыз өте аз, өспегеніне бираз жыл болды. Алдымыз 36 жыл еңбек етіп келеміз. жалақының өте аз себебінен банктен кредитте ала алмаймыз. Жалақының көлемі 38000-48000 аралығында. Басқа жоғары оқу орнындарында ақылы түрде оқитын балаларымыз бар. Осы өтінішіміздің жауабын кутеміз.
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Қазіргі уақытта оқу орнымыздың жаңа стратегиялық жоспарына сәйкес жалақы мәселесі қарастырылып жатыр. Сұрағыңызға рахмет!

14-09-2018 07-18-33   От родителей

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 517
Жатакханалардын коменданттарын тегис ауыстыру керек деп ойлаймын
Олар кашангы отыра береди.4 орындыкты осы уакытка дейн сатып келгендер калай уялмай
комендант болып отыр али.Меним бир балам 5 жатакханада екинши балам 3 жатакханада турды
Содан жаксы билем.4 орындыкты сатып алдык 4 жыл бойы.Тарбие баскармасына айтып едим кезинде оларда еш шара колдана алмады.Сонда тарбие баскармасы да олармен ауызжаласкан болганы гой
Ответ:

Құрметті ата-ана! Шағымыңызда аталған мәселелерге байланысты арнайы жұмыс тобы құрылып, жатақханаларда тексеріс жүргізіледі. Тексеру нәтижесі бойынша орын сату мәселелері анықталса, оған қатысты тұлғаларға тәртіптік шаралар қолданылады. Жатақханаларда орын сату мәселесі бойынша жазбаша шағымыңыз және нақты дәлеліңіз болса, Университетіміздің Бірінші проректоры Мақтағали Әбдімәжитұлына немесе жемқорлыққа қарсы комиссия Төрағасына ұсынуыңызға болады.  Сауалыңызға рахмет!

13-09-2018 14-19-40   От студента

Автор вопроса: Өтикеев Мағжан

Вопрос № 515
Саламатсызба , Таxир Оспанұлы , МенІң есімім Өтикеев Мағжан, Жаратылыстану және География факультетінің Биология - агылшын тобының 3 курс студентімін.Агылшын тобында 1- ші Курстан бері ақылы бөлімде оқып келемін . 4 курс агылшын тобы - грант
2 курс агылшын тобы -грант
1 курс агылшын тобы - грант
*3 курс агылшын тобы - ақылы*
2 курс аягында бізге грант беріледі деген , бірақ 3 курста берілмейді деді
Осы мәселені Қарауыңызды өтінемін !!!! Раxмет
Ответ:

Құрметті Мағжан! Сұрағыңыз бойынша нақты ақпаратты алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-13-71.

13-09-2018 13-45-42   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 514
Құрметті Таxир Оспанұлы, сізге өтініш жазу себебім, «Тарих және құқықтану» институтында студенттік лифтің жасамай тұруы!
Мүмкін болса сол мәселені қарастырып, жасалуына ықпалдассаңыз!
Ответ:

Құрметті студент! Қазіргі уақытта Тарих және құқық институты орналасқан университеттің №10 корпусына қатысты шағымыңыз бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сұрағыңызға рахмет!

12-09-2018 18-54-12   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 513
Салеметсиз, тахир оспанулы, сизге алгысымызды билдиремиз, осы жылы студенттерден бираз акша алатын мугалимдер алынып тасталыпты,сол ушинде рахмет!!! Сонымен катар осы жылы магистранттардын емтихан тапсыру формасын тест жуйесын озгертсениз, магистранттын дарежесине мулде сай емес, студент кезимизде тапсырып шыктык, бир созден жаттап шыгамыз, ол тесттыде озимиз курастырамыз мысалы, шыны керек сапасыз дуние, 500 тест курастырып, онын жауабын жаттап алу, оте онай нарсе сиякты магистрант ушин, сол ушин осы жылы кишкене болсада емтиханды ауызша тапсырып,не болмаса, билетпен созбен сойлеп айткан дуние дурысау, онын устине кобиси тест центрмен сойлесип дайындалмаган магистранттар орнына емин еркин бакалавр студенттерин киргизип койып ак отыра бернди, тест центр басшылыгы акша алып кобисинин баллын жасап берип жатканын да кордик, осы жылы емтихан системасына озгерис енгизсениз магистранттар мен докторонттар
ушин
Ответ:

Құрметті студент! Сұрағыңызда көрсетілген ұсыныстар міндетті түрде ескеріледі. Тестілеу орталығына қатысты шағымыңыз бойынша нақты дәлелдеріңіз болса, rector_blog@kaznpu.kz  электронды поштасына жіберуіңізді сұраймыз. Пікіріңізге рахмет!

12-09-2018 00-46-44   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 512
Сәлеметсіз бе?Үшінші курс студентімін. Жартылай жетіммін,тагы да алеуметтик жагдайлар туралы кужаттар тапсыргам. Жатакxана бериле ме,жок па? Кай уакытка дейн кутейк? Накты бир жауабын берсениздер жақсы болар еди.
Ответ:

Құрметті студент! Биыл оқу орнымызға қабылданған студенттер санының көбеюіне байланысты жатақхана тапшылығы ең күрделі мәселе болып отыр. Сондықтан бірінші кезекте 1 курс студенттерін және әлеуметтік жағдайы төмен, толық жетім, мүмкіндігі шектеулі студенттер және әлеуметтік қолдауға зәру студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды. Сол шешімге сәйкес ұсынылған өтініштер қарастырылып, әлеуметтік мұқтаждықтарын растайтын құжаттар негізінде жатақханаға орналасуға жолдама беріледі. Егер Сіз әлеуметтік жағдайыңызға байланысты құжаттар топтамасын институт жанындағы арнайы комиссияға ұсынған болсаңыз, өтінішіңіз міндетті түрде қарастырылады. Сұрағыңызға рахмет!

11-09-2018 11-48-37   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 511
Курметти Тахир Оспанович! Вакантный гранттардын иегерлери тизими кашан шыгады? Осы айдын сонына дейин шыгу мумкин ба? Рахмет!
Ответ:

Құрметті студент! Мемлекеттік грант Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне берілгендіктен, біздің университеттен басқа жоғары оқу орнына ауысу кезінде мемлекеттік грант сақталмайды. Сұрағыңыз бойынша толық мәліметті Академиялық мәселелер жөніндегі департамент қызметкерлерінен алуыңызға болады. Байланыс телефондары: 8 (727) 291-13-71, 291-71-06.

11-09-2018 03-14-00   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 510
Здравствуйте, ув. Такир Оспанович. Я учусь на 2 курсе, по специальности иностранный язык:2 ин.языка, на платной основе. Возможно ли мне перевестись на грант?
Ответ:

Здравствуйте! Возможно, если Вы учитесь без троек и GPA максимально высокий. Для участия в конкурсе на получение вакантного гранта Вам следует в конце семестра подать заявление на имя ректора в ЦЦОС «Шапағат».

10-09-2018 16-30-42   Другие

Автор вопроса: Куланбаева Галиябану Алисултановна

Вопрос № 508
Саламатсизба Тахир Оспанулы! Менин мамам Илипбаева Керимжан Жолдасбаевна 1980-1982 жылдар аралыгында окыган. Ендиги маселе дипломды жогалтып алдык, Алда зейнетке шыгады. Сол себепти Сизден архивтик справка алуга руксат етуинизди сураймын.
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз Университеттің Мұрағат бөліміне жолданды. Анықтама даярланып, құжаттың электронды және түпнұсқасы көрсетілген мекен-жайға жіберіледі.

10-09-2018 16-11-58   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 507
Қайырлы күн! Мен осы университеттің 2 курс магистрантымын. Аталмыш курста шетелге 10 күндік тәжірибе алмасуға бару қажеттігін білемін. Алайда оған барудың мен үшін қажеттілігі аз. Сол себепті шетелге барудан бас тартуға бола ма? Болса, қайда барып өтініш жазу керек? Толық әрі нақты жауап береді деген үміттемін.
Ответ:

Құрметті студент! Сұрағыңызда көрсетілген тағылымдамадан өту мәселесін Ғылым департаменті және Халықаралық ынтымақтастық басқармасы арқылы қарастыру қажет. Себебі магистратура және докторантура бағдарламаларының жалпы ережелеріне сәйкес тағылымдамадан өту міндетті. Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін жоғарыда аталған құрылымдық бөлімдермен хабарласуыңыз қажет. Байланыс телефондары: 291-65-29, 291-36-92.

09-09-2018 18-18-29   От родителей

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 506
Сәлеметсізбе Тахир Оспанович! Менің қызым биыл 2 курс студенті, осы уақытқа дейін жатаханадан бөлме ала алмай жүр. Күнделікті ақшасын төлеп пәтерде тұрып жатыр, әкесі қайтыс болған мен жалғыз басты анамын пәтерге браз қаражат кетіп қалды. Сізден, Өтініш жатахана беруіңізді сұраймын!10 күн болды тұратын жері жоқ, сабағына да дұрыс көңіл бөле алмай жүр. Алматы облысы болғанмен біз 600 км қашықтықта тұрамыз.
Ответ:

Құрметті ата-ана! Биыл оқу орнымызға қабылданған студенттер санының көбеюіне байланысты жатақхана тапшылығы ең күрделі мәселе болып отыр. Сондықтан бірінші кезекте 1 курс студенттерін және әлеуметтік жағдайы төмен, толық жетім, мүмкіндігі шектеулі студенттер және әлеуметтік қолдауға зәру студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуді ұйғардық. Сіздерден бұл мәселеге түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

09-09-2018 16-38-50   От студента

Автор вопроса: Студент

Вопрос № 505
Саламатсыз ба, Тахир Оспанович. Биыл магистранттар аптасына неше рет окиды? Осы суракка жауап береди деген умиттемин. Рахмет
9508
Ответ:

Сәлеметсіз бе! Аптасына қанша рет оқитыныңызды және сабақ кестесін институтыңыздан білуіңізге болады. Сұрағыңызға рахмет!

09-09-2018 14-52-17   От студента

Автор вопроса: шолпан абаева

Вопрос № 503
Құрметті Тахир Оспанұлы,сізден 1ші жатақхананың коменданттын ауыстыруыңызды сұраймыз.Маржан Тұрысбекова өз жұмысын дұрыс атқармайды,мәдениетті сойлеуді білмейді,балалармен тіл табыса алмайды оған қоса жатақхананың тазалығын сақтай алмайды.Комендант студенттерден ақша жинайды,біз жатақханаға орналаса алмай жүргенде,бөтен адамдарды ақшаға тұрғызады.2018жылғы жазғы каникулға кетерде бізден ремонтқа деп 2000теңгеден жинаған еді,бірақ ремонтты университет жасатқан екен,сонда біздің ақшаның қайда кеткені?Ақшаны бермейміз деп қарсылық білдірушілерге дөрекі сөйлеп,қоқан лоқы корсетеді.Комендант бөлмелердің қулпысын студенттерге 1000теңгеден сатады.Сізге бұл өтінішпен 3рет шағымданғанбыз,ешқандай шара қолданылмады.Бұл сізден сұрайтын соңғы өтінішіміз,еш шара қолданылмаса, министр Е.K.Сағадиевтың блогына жазамыз.
Ответ:

Құрметті Шолпан! Меңгеруші Маржан Тұрысбекованың мәселесі қазіргі таңда университет басшылығымен толықтай қарастырылуда. Қысқа мерзімде бұл мәселе шешіледі.

09-09-2018 14-11-38   От студента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 502
Құрметті Тахир Оспанович мен осы универдин 1курс студентимин мен тарих динтану факультетінде оқимын мен грантты сактай отырып құқықтану факультетіне қашан ауыссам болады
Ответ:

Құрметті студент! Білім алушыны бір мамандықтан екіншісіне, бір оқыту нысанынан екіншісіне ауыстыру ақылы негізде ғана жүзеге асырылады, яғни екінші мамандыққа ауысу кезінде білім гранты сақталынбайды.Мамандықтан екінші мамандыққа ауысу жолдары туралы Университеттің Академиялық мәселелер жөніндегі департаментіне келіп немесе 8 (727) 291-13-71, 291-71-06 телефон нөмерлері арқылы толық ақпаратты алсаңыз болады.

09-09-2018 08-52-24   От абитуриента

Автор вопроса: Аноним

Вопрос № 501
Сәлеметсіз бе!Мен 1курс студентімін.Ақтөбе қаласынан Алматыға мемлекеттік грантпен оқуға түстім.Енді сіздерден сұраиын дегенім 2 семестірде өз мамандығымда грантты сақтап Ақтөбеге ауыса аламба?Денсаулық жағдайға байланысты?!
Ответ:

Құрметті студент! Мемлекеттік білім беру грантының бос орындарына үміткер студенттердің тізімі Білім және ғылым министрлігіне жіберілді. Жауабы белгілі болған жағдайда, министрлік тарапынан бекітілген грант иегерлерінің тізімі бойынша бұйрықтар рәсімделіп, университеттің ресми сайтында жарияланатын болады. Сұрағыңызға рахмет!

Всего записей: 4039

« перв. ... < пред. ...  177  178  179  180  181 182  183  184  185  ... след. > ... посл. »

Фамилия имя отчество: *

Убедительно просим внимательно заполнять все пункты заявки. Обращения в электронном виде, поступившие с неполной информацией об отправителе, рассмотрению не подлежат. Анонимные обращения не рассматриваются. Данные (ФИО, e-mail, телефон) лица, задающего вопрос, не будут публиковаться на сайте и передаваться третьим лицам, они нужны исключительно для предоставления Вам уведомлений. Обращаясь с вопросом, Вы имеете право поставить отметку о неразглашении Вашего имени.

Е-майл:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Телефон:

Содержимое этого поля является приватным и не будет отображаться публично.

Тематика вопроса:


Вопрос: *


Введите код с картинки: *


Количество вопросов

Апрель, 2024
7
Март, 2024
5
Февраль, 2024
20
Январь, 2024
11
Декабрь, 2023
21
Ноябрь, 2023
19
Октябрь, 2023
17
Сентябрь, 2023
25
Август, 2023
39
Июль, 2023
29
Июнь, 2023
60
Май, 2023
41
Апрель, 2023
49
Март, 2023
22
Февраль, 2023
42
Январь, 2023
68
Декабрь, 2022
55
Ноябрь, 2022
50
Октябрь, 2022
62
Сентябрь, 2022
52
Август, 2022
33
Июль, 2022
32
Июнь, 2022
49
Май, 2022
139
Апрель, 2022
64
Март, 2022
45
Февраль, 2022
46
Январь, 2022
57
Декабрь, 2021
29
Ноябрь, 2021
43
Октябрь, 2021
70
Сентябрь, 2021
75
Август, 2021
109
Июль, 2021
79
Июнь, 2021
62
Май, 2021
69
Апрель, 2021
74
Март, 2021
47
Февраль, 2021
42
Январь, 2021
68
Декабрь, 2020
61
Ноябрь, 2020
62
Октябрь, 2020
42
Сентябрь, 2020
48
Август, 2020
57
Июль, 2020
81
Июнь, 2020
88
Май, 2020
65
Апрель, 2020
86
Март, 2020
57
Февраль, 2020
37
Январь, 2020
28
Декабрь, 2019
47
Ноябрь, 2019
72
Октябрь, 2019
70
Сентябрь, 2019
61
Август, 2019
88
Июль, 2019
47
Июнь, 2019
71
Май, 2019
54
Апрель, 2019
70
Март, 2019
51
Февраль, 2019
45
Январь, 2019
75
Декабрь, 2018
87
Ноябрь, 2018
51
Октябрь, 2018
54
Сентябрь, 2018
77
Август, 2018
105
Июль, 2018
46
Июнь, 2018
43
Май, 2018
45
Апрель, 2018
36
Март, 2018
30
Февраль, 2018
28
Январь, 2018
17
Декабрь, 2017
17
Ноябрь, 2017
12
Октябрь, 2017
2
© 2017 КазНПУ им.Абая
Besucherzahler
счетчик посещений