Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректордың блогына қош келдіңіз!

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
 
Ректор блогы университет студенттерімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер сұрақтарыңызды қойып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және үнемі талқылау университет басшылығының жемісті жұмысына көмектеседі.
 
Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.
 

Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

 
 
Электронды пошта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz
 
 
Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы оқу жылы бойы әр айдың 1-ші және 3-ші жұмаларында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
09-01-2019 20-19-37   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 787
Салеметсизбе Такир Оспанович мен анамын кызым филология болминде окыйды грантта . Сизге сурак коймастан бурын айтып алайын менин кызым катты сыркат одиммен омирдин арасында денсаулыгы дурысталып жатыр деп 3 топ мугедектигин берген болатын казир анализдер тапсырып дурыс болмай 2 мугедектик тобына ауыстырылды мен сизге кояр сурагым 3 жыл бойы ауызша тапсырып журген адам неге барлык студенттермен тестке кирди жане ешким Барлыгындай тест тапсырасын деп ескертпеген сондыктанда томен бал алып шакиртакыдан айрылып отыр мени осы маселе кынжылтат сонда мугедектер адам емеспе?
Жауап:

Құрметті ата-ана!

Қысқы сессия қарсаңында шетелдік студенттердің, академиялық ұтқырлық бойынша білім алып жатқан және денсаулығы нашар, мүмкіндігі шектеулі студенттердің тізімі (барлығы 86 өтініш) жасалып, барлығына ауызша емтихан тапсыруға рұхсат берілген болатын. Жыл сайын берілетін мұндай мүмкіндік туралы студенттер жақсы хабардар. Сіздің қызыңыз денсаулығы жөнінде құжаттарын әкеліп, өтініш жасамаған болуы мүмкін.

Сұрағыңыз бойынша Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековке (бас оқу ғимараты, 221-кабинет) жолығуыңызға болады.

 

 

09-01-2019 18-09-43   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 786
Мен емтиханнан 23балл алып калдым кайта тапсыруга мумкиндик бере аласыздарма.
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Сессия уақытының аяқталуына байланысты емтиханды қайта тапсыра алмайсыз. Емтиханды қайта тапсыру мүмкіндігі 25-49 аралығында балл алған студенттерге берілді. Сұрағыңызға рахмет!

09-01-2019 13-00-51   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 785
Мен сессиядан құлап қалдым қиын мүлдем бизге таныс емес сұрақтар келді
Менің айтаын дегенім кейбір студенттер филологияның директораты арқлы қиын деген тест түріндегі эмтихандарын директораттағы адамдармен келісіп ауызшаға өзгертіп алып оп оңай тапсырып кетті. Құлап қалдым десем группаластарым ауызшаға ауыстырып алмадын ба деді
Сессия сонда әділ өтпегеніме деп ойладым
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Емтиханды қайта тапсыру үшін 13 қаңтарға дейін өтінішіңізді институт директоратына өткізуіңіз қажет.  

09-01-2019 11-33-42   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 784
Сәлеметсіз бе? 2 семестрдің сабағы 1-2 курстарға нешесі басталады? Рақмет
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Университеттің академиялық күнтізбесіне сәйкес барлық институттар бойынша көктемгі семестрдің  1-2 курстарына арналған сабақ кестесі 2019 жылдың 14 қаңтарында басталады.

09-01-2019 09-55-01   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 783
құрметті Такир Оспанулы!
Жаңа жылыңызбен! сіз университетімізді дамуына бұрын соңды болмаған жақсы жаңалықтар енгізіп жатырсыз! бірінші соған қуанамын. мен сізге өтініш айту себебім, универ жүйесіне ғылыми жетістіктерімізді салып үлгермей қалдық. кафедра меңгерушісінің коды арқылы кіріуге рұқсат деп отыр. сол универ жүйесін әркімнің өзі кіруіне 2-3 күн рұқсат берсеңіз! себебі откен жаға жылға дейінгі уақытта үлгермедік, емтихан, кезекшілік, түсінбеушілік жұмыстармен жүріп калдық, мойындаймыз, бұл біз үшін сабақ! өз жетістіктерімізді салама алмай әуре болып отырмыз. Бұл тек менің ғана өтінішім емес деп ойлаймын. Біраз оқытушылр да құптайды. өз жетістіктерімізді кіргізе алмасак, олар университетіміздің ғылыми жұмысына да нысанын келтірді гой деп ойлаймыз! міндетті түрде жауап күтеміз!
Жауап:

Сәлеметсіз бе!
 
Сұрағыңыз «Univer» жүйесіндегі профессор-оқытушылар құрамының ғылыми жетістіктерін бағалау бойынша жауапты Сапаны сараптау және даму стратегиясы департаментіне жолданды. Өтінішіңіз міндетті түрде ескеріледі. Жылы лебізіңіз үшін рахмет!
08-01-2019 17-22-30   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 781
Құрметті Такир Оспанұлы! Алдағы күндері өтетін профессор-оқытушылар арасындағы қысқы спартакиада ойындарына тек ұстаздар қауымын қатыстыруыңызды өтінеміз. Әр жылда жанжал осы себептен болуда. Бұл жарыс оқытушылар арасындағы жарыс болғандықтан докторанттар мен магистранттардың жас ерекшеліктерін ескеріп, шектеусіз қатысуы дұрыс емес деген ойдамыз, әділетсіздік орын алмас үшін бұл мәселеге обьективті қарауыңызды сұраймыз.
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Спартакиада аясында өтетін спорттық жарыстар нәтижесі әділетті бағаланады деп сенеміз. Жоғарыда аталған мәселелер ескеріледі. Сұрағыңызға рахмет!

07-01-2019 23-40-44   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 780
Салеметсизбе, мен экономика гылымдарынын магистрантымын, бирак математикага phd га тапсырсам ма?
Жауап:

Құрметті талапкер!

Оқуға тапсыруға қатысты сұрақтарыңыз бойынша оқу орнымыздың Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының қызметкерлерінен толық ақпарат алуыңызға болады. Байланыс тел.:  8(727)291-57-68, 291-73-71, 291-87-80.

06-01-2019 05-30-44   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 779
Здравствуйте! Я студентка 3 курса института Педагогики и психологии. Учусь на Гранте, активистка. Я по причинам своего здоровья не смогла сдать 2 экзамена. Справка о том имеется. Остальные экзамены я сдала на 90+, и могу ли я сдать эти предметы, и при этом получать стипендия в следующем семестре. Как то сказала, что если сдавать, то с теми у кого FX
Жауап:

Здравствуйте. Вам следует написать заявление на сдачу экзамена до начало второго семестра. Для получения более подробного ответа свяжитесь с куратором/директором Института.

05-01-2019 16-51-50   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Орынбасарова Айнұр

Сұрақ № 778
Құрметті Балықбаев Такир Оспанович менім қызым Қонқабаева Әйкерім Жасұланқызы 2ші курс студентті факултет музыкалык білім.Менім сізден сұрайтын көмегім кызыма женілдік берсеніз.Мен өзім жалғыз басты анамын тұрақты жұмысымда жок әр жерде жұмыс істимін әрі пәтер жалдап тұрамыз оқу ақысын төлеуге жағдайым келмейт.Қатты қыйналып отырғасын сізден көмек сұрап отырмын.
Жауап:

Құрметті ата-ана!

Оқу орнымыздың ақылы бөлімінде оқитын білім алушылардың әлеуметтік жағдайына байланысты университет тарапынан бірқатар жеңілдіктер (http://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/skidka_kaz.pdf) қарастырылған. Жеңілдік алу үшін белгіленген тәртіпке сәйкес әлеуметтік жағдайыңызды растайтын тиісті құжаттарыңызды  және өтінішіңізді институт директоратына тапсыруыңыз қажет. Өтінішіңіз міндетті түрде қарастырылады.

Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін институт директорына немесе  Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековке (221-кабинет) жолығуыңызға болады.

04-01-2019 21-18-36   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 777
Сәлеметсіз бе, Такир Оспанұлы! Жаңа жылыңызбен! Мен 1-ші курс студентімін. Қазақ тілі және әдебиеті мамандығында, ректорлық грантта оқимын, алтын белгі. Оқуға тапсырған кезде, егер жақсы оқитын болсаңыз, ректорлық грантты келесі жылға сақтауға мүмкіндік бар деп еді қабылдау комиссиясы. Бірақ келесі жылы сақталмайды деп жатыр.
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Оқу үлгеріміңіздің нәтижесі «жақсы» және «өте жақсы» көрсеткіштермен бағаланған болса, Сіздің мемлекеттік грантқа ауысуға мүмкіндігіңіз бар. Сондықтан университеттің сайтындағы «Білім беру грантының бос орындарына арналған конкурс» туралы хабарландыруда (http://www.kaznpu.kz/kz/1677/notice/) берілген ақпараттармен танысып, конкурс талаптарына  сәйкес өтінішіңізді директоратқа өткізуіңізге болады. Сұрағыңызға рахмет!

04-01-2019 15-47-20   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 776
ҚҰРМЕТТІ БАЛЫҚБАЕВ ТАКИР ОСПАНҰЛЫ!
Мен, жаратылыстану және география институтының 1 курс магистратымын (география). 21.12.2018 күні ағылшын пәнінен емтихан тапсыру кезінде денсаулығыма байланысты мазам болмай, емтихан тапсыруды қиындықтар туындады. Қажетті балды жинай алмадым. Тест қорытындысы бойынша 43 балл алдым, жалпы жиынтық сумма 65 болып қалды. Қалған пәндерім бойынша оқу үлгерімім жақсы. Құрметті Такир Оспанұлы, мен ағылшын тілі бойынша тестті қайта тапсыруға өтініш беріп қойдым, тест тапсыру күні 12.01. Тесттен 70 баллдан жоғары жинаған жағыдайда шәкіртақым сақталады ма?

Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Емтихан нәтижесі білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа шкаласына сәйкес бағаланады. Яғни мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқитын білім алушыларға аралық аттестаттау бойынша барлық емтихандарды «А», «А-», «В+», «В», «В-», «С+» (70-74) – «жақсы» бағаларына тапсыру шартымен шәкіртақы төленеді.

04-01-2019 03-29-52   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 775
Салеметсиз бе! Мен сессиядан 49 балл алып калып fx- ка калып едим казир ауылымдамын аягымды сындырып алып едим бара алмаитын болып турмын тапсыра алмаймын денсаулыгыма байланысты оны енди кай кезде тапсырсам болады?
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Оқу үрдісінде белгіленген нормативті құжаттарға сәйкес Сіз екінші семестр сабағы басталғанға дейін тапсыруға құқығыңыз бар.

 

03-01-2019 12-52-30   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 774
Здравствуйте Балыкбаев Такир Оспанович. Я хотела узнать: будут ли повышаться стипендия и дорожные выплаты с 2019 г., т.к. повысились мрп и мзп. Заранее спасибо.
Жауап:

Здравствуйте. Повышения стипендии не предусмотрено, т.е. не будет.  Дорожные выплаты  в 2018 году были 9620 тенге, в 2019 году они повышены  и составят 10 100 тенге.

02-01-2019 15-29-48   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Өркен

Сұрақ № 773
Бас оқу ғимаратында оқитын 1-курс магистранттардың 2-семестрдегі сабақ кестесі түстен кейінге ауысыпты. Магистранттардың көпшілігі мектепте жұмыс істейді. 1-семестрде сабақ кестесі түске дейін болғандықтан, мектептегі сағат жүктемесін түстен кейінге алған. Енді университетті сабақ түстен кейін болса, магистранттарда қиындық туындайды. Осыны ескеріп,сабақ кестесін түске дейін жоспарласаңыздар деген өтініш айтқым келеді.
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Өтінішіңізге қатысты толық жауап алу үшін Оқу ісі жөніндегі проректор Асан Адасбекұлы Сәтмырзаевқа жолығуыңызға болады. Байланыс тел.: 293-81-53.

02-01-2019 10-26-24   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 772
Курметти Балыкбаев Тахир Оспанович сизден койатын сурагым тест тапсырганда 50 балдан томен алып калдым
Кайта тапсыруга отиниш калдырып койдым. Екинши мумкиндинтен отсем стипендия сакталадыма алде сакталмайдыма
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Егер 25-49 балл аралығында алсаңыз, «FX» жағдайына сәйкес өтініш жазу арқылы 11-12 қаңтарда емтиханды қайта тапсыруыңыз қажет. Емтихан нәтижесі бойынша жалпы қорытынды баллыңыз 70-тен жоғары болса, Сізге шәкіртақы тағайындалады.

01-01-2019 19-59-13   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 771
Салеметсізбе Тахир Оспанович! Менің сізге сұрағым бар еді!? Мен физматтта оқимын.Менің сұрағым бізге деканатағылар айтады егер сессия балы 50 ден төмен болса степендияға іліне алмайсындар деп. Общиий сессия мен рубежкаларды қосқанда баллымыз 70 тен жоғары болып тур сондада біз степендия алмаймызбане? Онда общий баллдын не қажетті бар?? Степендиянын баллын 70 ке қойды енді степендияға ілігу үшін сеесиянын баллы 50 ден жоғары болудын не қажетті бар?? 25 жоғары болсада степендияға іліге алмайма? Рубежка неге керек онда?? Соны түсіндіре кетсеңіз??
Жауап:

Құрметті студент!

Емтихан нәтижесі білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа шкаласына сәйкес бағаланады. Яғни мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқитын білім алушыларға аралық аттестаттау бойынша барлық емтихандарды «А», «А-», «В+», «В», «В-», «С+» (70-74) – «жақсы» бағаларына тапсыру шартымен шәкіртақы төленеді.

Егер Сізде оқу барысында емтихан бағаларына қатысты сұрақтар туындаса, нақты ақпарат алу үшін Оқу ісі жөніндегі проректор Асан Адасбекұлы Сәтмырзаевқа немесе Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековке жолығуыңызға болады. Байланыс тел.: 293-81-53, 291-13-71.

31-12-2018 09-47-30   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Алимкул Айжан Маратқызы

Сұрақ № 770
Сәлеметсіз бе құрметті ректор мырза! Мен педагогика және псиxология мамандығының 1-ші курс магистрантымын (ақылы бөлім). Сізге жазған өтінішім қосымша грант алуға мүмкіндігім бар ма? Бірінші семестр қорытындысы бойынша GPA баллым 4
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Қосымша грантқа қатысты сұрағыңыз бойынша нақты мәлімет алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековке (221-кабинет) жолығуыңызға болады.

28-12-2018 20-44-51   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Сарсен Рауан Нурболатұлы

Сұрақ № 769
Сәлеметсіз бе , Ректор мырза!
Біз Физика, Математика және Информатика институтының 1-курс магистранттарымыз. Біз 26.12.2018ж сағат 9/00-10/00 аралығында "Ғылыми - зерттеу жұмысының әдістемесі" (Методические основы научно - исследовательской работы) пәнінен емтихан (тест) тапсырдық. Тексеруші комиссия мүшелері тест тапсыру барысында бізге тыңғылықты,нақты түсіндірмегендіктен қасымызда отырған көршімізден компьютердің техникалық нұсқаулығын сұраған сәтте Тексеруші комиссия шпор қолдандыңдар деген ЖАЛҒАН АЙЫП тағып, мен Сарсен Рауан және Құдияр Жадыраны ЖАЛҒАН АКТ толтырып емтиханнан (тесттен) шығарды. Шыны керек, білдей бір ӘЛЕМДІК АРЕНАДА ойып алар орны бар, абыройы АСҚАҚ Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінен бұндай іш ашитындай ӘДІЛЕТСІЗДІК көреміз деп ойламадық. Шырылдап шындық іздеп , бармаған жеріміз, баспаған тауымыз қалмады. Әділетті қоғамда ӘДІЛЕТ таппадық. Тестілеу орталығы басшысының да есігін сан мәрте қақтық. Ол жақтан да ӘДІЛЕТ таппадық. Шпормен кіретіндей біліміміз таяз емес(шүкір). Видеобақылаудан көрсеңіздер екен деймін. Жадыра үздік степендия үміткері , менің де сабақтарым көз қуантарлық. Мемлекеттік степендия жақсы оқығандар үшін ғой. БАР ҮМІТІМІЗ сізде ғана қалды РЕКТОР МЫРЗА! Қайта тапсыруға мүмкіндік беруіңізді сұраймыз. Бұл бассыздықты бұлай қалдырмайды деген сенімдеміз. Рақмет!
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Емтихан кезінде тест тапсыру барысын қадағалау мақсатында аудиторияларда видеоқұрылғылар орнатылған болатын. Тест тапсыру кезінде емтихан тапсырушылардың немесе комиссия мүшелерінің тарапынан емтихан ережесі мен тәртіп бұзушылық жағдайлары кездескен болса, ол видеоқұрылғылардағы жазба арқылы анықталып, скриншотпен тіркеледі.

Егер шағымыңызда көрсетілген мәліметті видеоқұрылғыдағы жазбалар арқылы дәлелдей алсаңыз, Оқу ісі жөніндегі проректор Асан Адасбекұлы Сәтмырзаевқа жолығуыңызға болады. Байланыс тел.: 293-81-53.

 

28-12-2018 19-05-55   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 768
Құрметті Балықбаев Тахир Оспанұлы!
Мен 6М012200 - мамандығының 1 курс магистрантымын.22.12.2018 ж. күні №6 корпус, 411 аудиторияда "Педагогика" пәнінен емтихан жүргізілді.Емтихан кезінде ұялы телефон қолданылды деген себеппен, кезекшілер мені емтиханнан шығарып жіберді.Қалтамда ұялы телефонның болғандығын растаймын ,отбасылық жағдайға байланысты қолымда болды, дәлелдеме ретінде нақтылы себептермен қажетті қосымшаларды өтінішке тіркеген болатынмын. Ұялы телефонды қолданбағанымды дәлелдеу үшін бірнеше өтініш жаздым. Қарастырылмады.Сонымен қатар телефонның (қарапайым телефон) шпор немесе басқа да дереккөз ретінде қолданылмайтындығын аудитория кезекшілеріне көрсеттім, ескерілмеді. Сізден сұрарым, сол күнгі видеожазбаларды қайта қарауларыңызды сұраймын.Оқу үлгерімім жақсы. Мемлекеттік білім беру грантында оқитын болғандықтан,аталған жағдайларды қарастыра отырып, "Педагогика" пәнінен емтиханды қайта тапсыруға рұқсат беруіңізді өтініп сұраймын.
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Егер шағымыңызда көрсетілген мәліметті видеоқұрылғыдағы жазбалар арқылы дәлелдей алсаңыз, Оқу ісі жөніндегі проректор Асан Адасбекұлы Сәтмырзаевқа жолығуыңызға болады. Байланыс тел.: 293-81-53.

28-12-2018 19-03-53   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 767
salemetsizder, ekzamdi kaita tapsiru kai uakytta boladi
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Емтихан кезінде «FX» жағдайына сәйкес балл алған студенттер өтініш жазу арқылы 11-12 қаңтарда емтиханды қайта тапсыруға қатыса алады.

Барлығы: 4046

« перв. ... < пред. ...  166  167  168  169  170 171  172  173  174  ... след. > ... посл. »

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Мамыр, 2024
4
Сәуір, 2024
10
Наурыз, 2024
5
Ақпан, 2024
20
Қаңтар, 2024
11
Желтоқсан, 2023
21
Қараша, 2023
19
Қазан, 2023
17
Қыркүйек, 2023
25
Тамыз, 2023
39
Шілде, 2023
29
Маусым, 2023
60
Мамыр, 2023
41
Сәуір, 2023
49
Наурыз, 2023
22
Ақпан, 2023
42
Қаңтар, 2023
68
Желтоқсан, 2022
55
Қараша, 2022
50
Қазан, 2022
62
Қыркүйек, 2022
52
Тамыз, 2022
33
Шілде, 2022
32
Маусым, 2022
49
Мамыр, 2022
139
Сәуір, 2022
64
Наурыз, 2022
45
Ақпан, 2022
46
Қаңтар, 2022
57
Желтоқсан, 2021
29
Қараша, 2021
43
Қазан, 2021
70
Қыркүйек, 2021
75
Тамыз, 2021
109
Шілде, 2021
79
Маусым, 2021
62
Мамыр, 2021
69
Сәуір, 2021
74
Наурыз, 2021
47
Ақпан, 2021
42
Қаңтар, 2021
68
Желтоқсан, 2020
61
Қараша, 2020
62
Қазан, 2020
42
Қыркүйек, 2020
48
Тамыз, 2020
57
Шілде, 2020
81
Маусым, 2020
88
Мамыр, 2020
65
Сәуір, 2020
86
Наурыз, 2020
57
Ақпан, 2020
37
Қаңтар, 2020
28
Желтоқсан, 2019
47
Қараша, 2019
72
Қазан, 2019
70
Қыркүйек, 2019
61
Тамыз, 2019
88
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений