09-02-2019 11-47-02
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 877 Ассалаумағалейкүм Таxир Оспанұлы. Сізге , есепші xанымдарға сұрағым бар еді!?
Мен толық жетім едім. Айлық шәкірт ақым 46000тг құрайтын. Осы айда тек жол ақысы және шәкірт ақым түсіп (35000тг), қалғаны түспеді. Сол жағдайды сұрасам деп едім?
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан студенттерді, оның ішінде жетім балаларға арналған азық-түлікті қаржыландыру туралы келісімге әлі қол қойылмады. Қаржы бөлінгеннен кейін жетім балаларға арналған азық-түлік өнімдеріне бөлінетін қосымша қаражат қаңтар айынан бастап тиісті түрде берілетін болады.
08-02-2019 13-53-54
Басқа
Сұрақ қоюшы: Ерсайын Молдасанов Сұрақ № 875 Әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы. Қазақ КСР халық әртісі (1975), КСРО халық әртісі (1984), халық қаһарманы (1998). Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев және қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын.Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (шын аты Мұхаммедқали) – атты Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев атындағы мұражайға Филология және көптілді білім беру институтының студенттері, институт ректоры Т.Балықбаевтың қолдауымен студенттер кәсіподақ ұйымының төрағасы Ержан Тұңғышбекұлы Оразбаевтың ұйымдастыруымен мұражайға саяхат жасап қайтты. Студенттер мұражай саяхатында көптеген құнді ой-пікірлерге тәнті болды. Мұражайда Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев күйлері мен Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев өлеңдері оқылды. Іс –шараны ұйымдастырған басшылыққа айтар алғысымыз шексіз. 08.02.2019 жыл
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Іс-шара ұйымдастырушыларына алғысыңызды жолдағаныңыз үшін үлкен рахмет!
08-02-2019 12-23-22
Басқа
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 874 Курметти ректор мырза, грантта окитын магистранттарды жумыспен камту жумыстары алдагы уакытта жургизилсе, студенттермен катар магистранттарга да мемлекеттик мекемеде жумыспен камту бола ма? Грантниктардын отработка маселесине байланысты бос мемлекеттик мекеме вакансиялары усынылса жаксы болар еди, ойткени коптеген группаластарым магистранттар жеке меншик оку ордаларында колледждеринде кызмет аткарып журмиз, осы усынысмызды отинишимизге комек етсениз!!!
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Қазіргі таңда түлектерімізді жұмыспен қамту қызметін оңтайландыру мақсатында университетіміздің «Мансап» орталығы бірқатар жұмыстар атқарып жатыр. Алдағы уақытта бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, түлектеріміздің жұмыспен қамтылуы қадағаланатын болады. Өтінішіңізді міндетті түрде ескереміз.
Сұрағыңыз бойынша «Мансап» орталығы қызметкерлерімен жолығып, бос жұмыс орындары туралы толық ақпарат алуыңызға болады. Байланыс тел: 291-83-50. Сұрағыңызға рахмет!
08-02-2019 12-16-01
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 873 Саламатсыз, Тахир мырза, сизге хат жазып турган,педагогика психология институтынын магистранттары, жалпы озим староста болгандыктан, келисип сизге хат жолдайык деп едик. Биздин маселемиз грантта окыган магистрантиардын отработка маселеси, ол нарседен биз кашпаймыз, керисинше мемлекеттик мекемеде кызмет аткару биз ушин жаксы, грантта окып, оз елимизге енбегимизди тигызу улкен абырой, бирак кобисимиз жеке меншик колледж, университеттерде жумыс истеймыз, бизгеде мемлекеттик мекеменин вакансиялары келсе жаксы болар еди, мемлкеттик оку орындары елимизде санаулы гана, сол маселенин шешимин немесе бос вакансияларды биздин оку орнымыз карастырса, именно колледж жогары оку орындары болса, ойткени магистратураны битирип отырган сон колледж бен университеттерде кызмет аткарганымыз дурыс деп ойлаймыз. Жастар жылы болгандыктан елбасымыздын жолдауымен коптеген ойлар уаделер, багдарламалар айтылды сол нарсе бизге де пайдасы тиып калар, юумыспен камту жагынан. Рахмет биз оз ректорымызга сенемиз, жане колдаймыз.
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Қазіргі таңда түлектерімізді жұмыспен қамту қызметін оңтайландыру мақсатында университетіміздің «Мансап» орталығы бірқатар жұмыстар атқарып жатыр. Алдағы уақытта бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Сұрағыңыз бойынша «Мансап» орталығы қызметкерлерімен жолығып, бос жұмыс орындары туралы ақпарат алуыңызға болады. Байланыс тел: 291-83-50.
07-02-2019 22-30-16
Басқа
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 872 Сәлеметсіз бе?
Бакалаврга 2019 жылғы оқу ақысы қанша?
Қай күннен бастап документ тапсыруга болады?
Жауап:
Құрметті талапкер!
Университетіміздің мамандықтары мен оқу ақысы, құжаттарды тапсыру кезеңі, жеңілдіктер туралы мәліметтер сайтымыздың талапкерлерге арналған бөлімінде берілген: http://kaznpu.kz/kz/2150/page/ .
Оқуға тапсыру бойынша қосымша ақпарат алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-87-80, 291-57-68.
07-02-2019 19-39-39
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 871 Сәлеметсіз бе, Такир Оспанұлы. Мен Филология және көптілді білім беру институты, С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы, 5В012100-қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс студентімін. "Мевлана" бағдарламасы бойынша Түркияда академиялық ұтқырлықпен білім алуға мүмкіндігіміз бар екен. Бірақ біздің мамандық емес. 5В011700 -қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы.
Неге? Былай алып қарасақ, ИУП бойынша бірдей пәндерді игеріп жатырмыз.
Біздің мамандық атауының өзі айтып тұрған жоқ па? Өзге ұлтқа қазақ тілін оқыту. Яғни Түркияға баруға әбден құқылымыз.
Шет елге шығып оқығымыз келеді, білім алмасқымыз келеді. Бірақ, Қазақстан ішінде де өзіміз дәрежелі (ұлттық) университеттерде академиялық ұтқырлықпен оқи алмаймыз. Үлкен өтініш , біздің мамандықтың студенттерінің де Түркия, Ресей қалаларында академиялық ұтқырлықпен білім алуға мүмкіндік жасасаңыз екен.
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Түркиядағы «Мевлана» бағдарламасы бойынша білім алу үшін студенттер түрік немесе ағылшын тілдерін жақсы деңгейде білуі керек. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Ресейде білім алғысы келетін студенттер тек өз қаражаты есебінен оқуға мүмкіндігі бар. Ішкі академиялық ұтқырлық бойынша студенттеріміз тек Қазақстан Республикасының ұлттық жоғары оқу орындарына жіберіледі.
Академиялық ұтқырлық бойынша білім алу мүмкіндіктері туралы толық ақпаратты Халықаралық ынтымақтастық басқармасының қызметкерлерінен білуіңізге болады. Байланыс тел.: 291-36-92, 291-36-92, 291-12-45. Сұрағыңызға рахмет!
06-02-2019 18-38-26
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 870 Сəлеметсізбе Такир Оспанович мен 1 курс студентімін. Гранттагылардын бəріне (сессиядан өтпей калып гранттан кулагандаргада) дорожный бөлініпті платныйдагыларга неге болинбейді? Неге бүкіл студенттерді карастырмайсыздар?
Жауап:
Құрметті студент!
Мемлекет тарапынан жол ақысына бөлінетін төлемақы тек грант негізінде оқитын студенттерге ғана қарастырылғандықтан, ақылы бөлімде оқитын студенттерге төленбейді. Сұрағыңызға рахмет!
06-02-2019 17-23-21
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 869 Сәлеметсизбе, құрметті Тахир Оспанович. Мен Тарих институтының 1-ші курс студентімін. Бізде 511-ші кабинет компьютерлік кабинет болып есептелінеді. Сабақтан кейін 511-ші кабинетке барып сабаққа дайындалайын десек кабинет унемі жабық тұрады сағат 3-те,4-те де есігі қілттеулі болады.Онда отыратын лаборант орнында болмайды. Сізден өтінетініміз осы кабинет ашық тұрса екен.
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Сұрағыңыз бойынша Тарих және құқық институты басшылығынан және институтқа қарасты 511-ші компьютерлік кластың инженерінен түсініктеме алынды. Алдағы уақытта басшылық тарапынан компьютерлік кластың сабақ кестесіне сәйкес жұмыс жасауы тексеріліп, қадағаланатын болады.
05-02-2019 19-22-30
Басқа
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 868 Уважаемый Такир Оспанович
Хотим довести до Вашего сведения что твориться у Вас в управлений абсолютно все не на своих местах, хотим начать с Султанбекова К.П. директора по развитию инфраструктуры с его замом Саттаровым Б.К. душат просто душат всех работников университета до кого доходят руки, бедных комендантов собираются менять вымогая деньги заставляя преклоняться им и не только вымогают с комендантов и со всех остальных угрожая увольнением передумали комиссию и комиссиона пытаются выжить с работы тех кто не платит, в работе не разбираются вообще не специалисты ни в какой области ни кто из них , это видно на каждом пятничном собраний. Вечно прикрываются вашем именем что, мол, это вы отдали приказ. Далее директор Стадиона Спартак Серик сдает всем кому не лень зал, для футбола имея деньги и прикрываясь снова вами. Да и что за вид у него извиняюсь за выражение грубиян и очень не компетентный в своих вопросах прикрываясь, что он ваш родственник. Так же хочу сообщить о том что картридж получить не возможно принтер на ремонте уже год. Вообще этот Департамент занимается работой или нет? Приняли на работу совсем не компетентного Тимура заместителем директора который тоже строит из себя начальника и говорит что он пришел от Вас и будет делать делать все что ему заблагорассудиться, когда мы указали ему что он мешает работе по списанию старой не рабочей техники. Обращались к Директору департамента Кожахметову С.Т. он говорит, что будете делать что скажет этот Тимур, он поставил камеру на своем рабочем месте которая нас снимают противозаконно без нашего согласия. Теперь бы хотелось, сообщит о ВЫСШИХ эшелонах власти о Советнике Калдыбаеве К.Е. и о первом проректоре Бектемесове М.А. устроили бумажную бюрократию и войну между собой. Чтобы что то сделать нужно собрать 5 а то и 7 подписей, и счета оплачиваются только те с которых тоже что то имеют, Калдыбаев К.Е. посадил свою родственецу в столовую в которой цены очень высокие а качество продуктов очень низкое не возможно питаться всегда болит желудок. Хотелось бы сказать и о бухгалтерий Курманова К.А. совместно с Новым главным бухгалтером повышают заработную плату только избранным. Вечная нехватка техники, канцелярских товаров нет компьютеров, принтеров. Вы простите за такое письмо но уже нет сил а у нас дети, внуки и уходить с работы которой отдали более 10 лет мы не можем. Кругом произвол коррупция и все чей то родственники. Нет нормального климата на рабочих местах.
Жауап:
Здравствуйте. Спасибо за конструктивные резонные предложения. Все они обязательно будут рассмотрены руководством университета. Спасибо!
05-02-2019 18-38-24
Басқа
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 867 Ассалаумагалейкум Такир Оспанұлы! Мен ҚазҰПУ түлегімін!Еңбек кітапшасына 4 жыл оқығандық туралы қай жерден жаздыртып алуға болады????
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Оқу орнынан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде оқығандығыңызды растайтын анықтама беріледі. Анықтаманы алу үшін Мұрағат қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-84-04.
05-02-2019 14-48-01
Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 865 Сәлеметсізбе! Қарындасым грантқа ауысуға өтініш жазып еді. Енді сол грант бос орындар конкурсының нәтижесі шықты ма шықпады ма белгісіз. Шыққан жағдайда нәтижесін қай жақтан алсақ болады? Нәтижесін универ сайтына не универ жүйесіне жарияласаңыздар тамаша болар еді! Рақмет!
Жауап:
Құрметті ата-ана!
Босаған мемлекеттік грант орындарына ауысу конкурстық негізде жүзеге асырылды. Конкурсқа құжаттар тапсырған білім алушылардың өтініштері белгіленген талаптарға сәйкес қарастырылып, университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен іріктелген үміткерлердің тізімі ҚР Білім және ғылым министрлігіне жолданды.
Грант иегерлерінің тізімі университет сайтының «Хабарландыру» бөлімінде жарияланып, институт тарапынан грант иегерлеріне хабарланатын болады. Сұрағыңызға рахмет!
05-02-2019 14-03-36
Басқа
Сұрақ қоюшы: Аноним555 Сұрақ № 864 Уважаемый Такир Оспанович
Хотим довести до Вашего сведения что твориться у Вас в управлений абсолютно все не на своих местах, хотим начать с Султанбекова К.П. директора по развитию инфраструктуры с его замом Саттаровым Б.К. душат просто душат всех работников университета до кого доходят руки, бедных комендантов собираются менять вымогая деньги заставляя преклоняться им и не только вымогают с комендантов и со всех остальных угрожая увольнением передумали комиссию и комиссиона пытаются выжить с работы тех кто не платит, в работе не разбираются вообще не специалисты ни в какой области ни кто из них , это видно на каждом пятничном собраний. Вечно прикрываются вашем именем что, мол, это вы отдали приказ. Далее директор Стадиона Спартак Серик сдает всем кому не лень зал, для футбола имея деньги и прикрываясь снова вами. Да и что за вид у него извиняюсь за выражение грубиян и очень не компетентный в своих вопросах прикрываясь, что он ваш родственник. Так же хочу сообщить о том что картридж получить не возможно принтер на ремонте уже год. Вообще этот Департамент занимается работой или нет? Приняли на работу совсем не компетентного Тимура заместителем директора который тоже строит из себя начальника и говорит что он пришел от Вас и будет делать делать все что ему заблагорассудиться, когда мы указали ему что он мешает работе по списанию старой не рабочей техники. Обращались к Директору департамента Кожахметову С.Т. он говорит, что будете делать что скажет этот Тимур, он поставил камеру на своем рабочем месте которая нас снимают противозаконно без нашего согласия. Теперь бы хотелось, сообщит о ВЫСШИХ эшелонах власти о Советнике Калдыбаеве К.Е. и о первом проректоре Бектемесове М.А. устроили бумажную бюрократию и войну между собой. Чтобы что то сделать нужно собрать 5 а то и 7 подписей, и счета оплачиваются только те с которых тоже что то имеют, Калдыбаев К.Е. посадил свою родственецу в столовую в которой цены очень высокие а качество продуктов очень низкое не возможно питаться всегда болит желудок. Хотелось бы сказать и о бухгалтерий Курманова К.А. совместно с Новым главным бухгалтером повышают заработную плату только избранным. Вечная нехватка техники, канцелярских товаров нет компьютеров, принтеров. Вы простите за такое письмо но уже нет сил а у нас дети, внуки и уходить с работы которой отдали более 10 лет мы не можем. Кругом произвол коррупция и все чей то родственники. Нет нормального климата на рабочих местах.вот так вот
Жауап:
Здравствуйте.
Все указанные факты будут обязательно проверяться. По результатам проверки будут приняты соответствующие меры. Спасибо.
04-02-2019 19-21-12
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 863 Құрметті ректор мырза! Менің білейін дегенім, мен 3 курс докторантымын. TOMSON R- қа мақала жариялауға жібергенмін. Соның 50 000 теңгесін университеттен алуға болатынын естідім. Бірақ менің шетелмен жасалған келісімшартым (договорым) өз атымнан болғанымен ақшаны өз атымнан емес, басқа кісінің атынан төледім (белгілі себептерге байлнысты). Енді сол бөлінетін 50 000 теңгені қайтарып ала аламын ба университет тарапынан. Жауабыңызға рақмет!
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Жарияланатын мақалаға төленген ақшаның түбіртегі өз атыңыздан болмағандықтан, Сізге ақша қайтарылмайды.
Ғылыми журналдарда мақалаларды жариялау тәртібі мен талаптары туралы толық мәлімет алу үшін Ғылым департаментінің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-65-29, 291-10-22.
04-02-2019 18-15-07
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 862 Құрметті Такир Оспанович! Мен осы университетте докторантурада оқимын. Менің отандық жетекшім маған өз сабақ жүктемесі бойынша 1 пәннен сабақ өткізуімді талап етіп отыр. Бізде практика уақыты өтіп кеткен. Сол кезде магистранттарға сабағын өткізгенбіз. Енді осы жолы да сабағын өтуімді сұрап емес, талап етіп отыр. Практика кезеңі бітіп кетсе де неге сабағын маған жүктейтінін түсінбедім. Басқа докторанттардың жетекшілері ешқандай артық жұмысқа шақырып сабақтарын өтулерін сұрағанды естімедім де, көрмедім де. Университет Кеңесінде кафедраның профессор - оқытушыларына байланысты осы сұрақты көтеруіңізді өтініп сұраймын. Рақмет!
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Сұрағыңыздағы мәселені қарастыру үшін оқытушының аты-жөні туралы мәлімет беруіңізді сұраймыз.
Егер оқытушылар тарапынан бұл мәселе тағы қайталанатын болса, Оқу ісі жөніндегі проректорға немесе Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директорына жолығыңыз.
04-02-2019 15-19-32
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Докторанты 1 курса Сұрақ № 861 Глубокоуважаемый Такир Оспанович!
Мы, PhD докторанты 1 курса специальности 6D010500 Дефектология хотим ответить на письмо, пришедшее на Ваш блок на казахском языке. Академик Жамиля Идрисовна Намазбаева не проводила занятий докторантам казахского отделения. Дисциплину «Научные школы в дефектологии» у них вёл другой преподаватель, в этой связи, никто из них не приобретал книгу Ж.И. Намазбаевой «Истоки развития психологии и дефектологии в Казахстане». Жамиля Идрисовна читала курс «Научные школы в дефектологии» нам, докторантам русского отделения. Мы хотели иметь эту книгу в своей личной библиотеке и просили Жамилю Идрисовну продать нам по одному экземпляру, так как вышеназванная книга содержит обширный исторический и современный материал по теории и практики дефектологии, необходимый для расширения личностно-профессионального кругозора как единственный источник такого рода в Казахстане. Мы благодарны Жамиле Идрисовне за содержательные лекций и научные труды, которые принесут пользу не одному поколению будущих дефектологов .
Докторанты 1 курса р/о специальности 6D010500 Дефектология:
Ахметова А.Е.
Дербисалова Г.С.
Дюсенбаева Б.А.
Калыкбаева А.Ж.
Касымжанова Г.Н.
Шабанова Б.А.
Шохамбекова А.С.
Аса қадірлі, Құрметті, Тахир Оспанұлы!
Бүгін 4-ақпан күні психология ғылымдарының докторы Ж.И.Намазбаеваны кафедрада жолықтым. Ғалымның «Истоки развития психологии и дефектологии в Казахстане» атты кітабына қолым жетпей жүр еді, жақсы болды автордың өзінен сұрап алдым. Ғылыми зерттеу жұмысымен айналысқаннан кейін, автордың бұл еңбегін пайдаланбасақ қандай зерттеуші болар едік.
Менің ойымша, бұл оқулықты бізге күштеп сатты деген сөз тым асыра сілтеушілік. Себебі ондай олқылық болуы мүмкін емес! Керісінше, бізге нақты керек ақпарат көзі осы оқулықта орын алған. Автордың бұл еңбегі жоғары дәрежеде бағалануы керек деп есептеймін. Автордың құнды еңбегін бағалауымыз керек. Бұл кітаптың қазақша нұсқасы шықса нұр үстіне нұр болар еді.
Данабаева М.А.
Жауап:
Здравствуйте!
Приятно было читать ваши слова в адрес Жамили Идрисовны Намазбаевой о том, что ее содержательные лекции и научные труды принесут пользу не одному поколению будущих дефектологов, а ее книга «Истоки развития психологии и дефектологии в Казахстане» как единственный источник такого рода в Казахстане содержит обширный исторический и современный материал по теории и практике дефектологии, необходимый для расширения личностно-профессионального кругозора.
Все факты будут тщательно проверяться. При принятии решения будет учтен Ваш отзыв. Спасибо за сообщение.
04-02-2019 11-22-29
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 860 Құрметті Такир Оспанұлы! Мен қазіргі таңда Филология факультетінің 2-курс студентімін. Сізге қояр сұрағым бар еді. Өткен жылы 1-курстың 2-семестрында белгілі бір пәннен практика өтуіміз керек еді. Бірақ мүлде өтпеген болатынбыз. Оған бей-жай қарадық шыны керек (пән оқытушысы да). Енді жақын арада GPA балын білу үшін "Универ" жүйесінің ТРАНСКРИПТ бөліміне кіріп едім, аталған өткізілмеген практикаға 82 балл қойылған. Ескерте кететін нәрсе осы уақыт аралығында жалпы gpa балым 3,86. Транскрипте басқа барлық пәндер 90-нан жоғары. Игерілген 3 семестр бойынша жоғары стипендияның (повышенная стипендия) иегерімін. Президенттік стипендияға үміттім мол еді. Жоғарыда аталған практикадан өтіп, бғамызды жөндесек бола ма? Пән оқытушысынан сұрастырып едік, жүйедегі бағаның ОФИС-РЕГИСТРАТОР арқылы қойылғанын, ол бағаларды оқытушы өзі қоймағанын айтты. Қандай іс-шара қолдануға болады?
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Сұрағыңызда мамандығыңыз және тобыңыз туралы ақпарат көрсетілмегендіктен, нақты жауап бере алмаймыз. Сондықтан бұл мәселемен Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековке жолығуыңызды сұраймыз.
03-02-2019 22-38-12
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 859 Сәлеметсіз бе!
2019 жылдан бастап және әрі қарайғы оқу жылдарында Қызыл диплом алу үшін қандай қажеттіліктер керектігін білгім келген.
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Білім алушылардың үлгеріміне байланысты бекітілген Ережеге сәйкес емтихандарды А, А- – «өте жақсы», В-, В, В+ – «жақсы» деген бағаға тапсырған және оқытудың барлық кезеңіндегі үлгерімінің орта балы (GPA) 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ, барлық мемлекеттік емтихан мен диплом жұмысын (жобасын) А, А- – «өте жақсы» деген бағаға тапсырған білім алушыға қызыл диплом беріледі.
Алдағы уақытта, яғни 2018/2019 оқу жылында қызыл дипломға қойылатын талаптарға өзгерістер енгізілетін болса, директорат тарапынан білім алушыларға енгізілген өзгерістер туралы міндетті түрде хабарланады. Сұрағыңызға рахмет!
02-02-2019 20-26-35
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Кенесбеков Талант Сұрақ № 858 Салеметсизбе! Менин сурайын дегеним биыл сонгы жылым еди, осы уакытка дейн жабылмай турган 5 сабактан 10 кредит болып тур.База 28.01.19-04.01.19 уакыт аралыгында ашык болады деп айтты. Сол сабактардын акшасын толеп, кайта окиын десем тек 4 сабакты толеуге направление берди. Енди бир сабакты калай жабамын биыл битиремин. Енди бул 1 сабакты кашан жабамын соны тусинбей отырмын.
Жауап:
Сәлеметсіз бе, Талант!
Сұрағыңыз бойынша нақты жауап алу үшін институт директорына немесе Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директорына жолығыңыз.
02-02-2019 15-48-40
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 857 Құрметті Такир Оспанұлы!Жастар жылына ақылы оқитын студенттерге оқу ақысына қандайда бір жеңілдіктер қарастырылады ма?Екінші шакірт ақыны ар айдың 20 берілсе,себебі жатаханада орын жоқ,патер жалдап тұрамыз.Жастар атынан осы өтініш орындалса екен.Рахмет
Жауап:
Құрметті студент!
Оқу орнымыздың ақылы бөлімінде оқитын білім алушыларына университет тарапынан бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Жеңілдіктер туралы Ережемен келесі сілтеме арқылы танысуыңызға болады: http://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/skidka_kaz.pdf .
Шәкіртақы уақытылы беріледі. Өтінішіңізді міндетті түрде ескереміз. Рахмет!
01-02-2019 21-48-07
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 856 Құрметті Тахир Оспанұлы, университетімізге енгізілген универ жүйесінің толықтай дұрыс жұмыс жасалуы қарастырылса?
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Сұрағыңызды қарастыру үшін «Univer» жүйесінің нақты қандай қызметі дұрыс жұмыс жасамайтындығы туралы ақпарат беруіңізді сұраймыз.
«Univer» жүйесінің қызметі бойынша сұрақтар туындаған жағдайда Білімді ақпараттандыру департаменті қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 293-93-02, 293-92-68, 293-93-02. Сұрағыңызға рахмет!
Барлығы: 4046