01-02-2019 16-36-01
Ата аналардан
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 855 Сәлеметсізбе, Құрметті Такир Оспанович. қазіргі уақытта мектеп бітіруші түлектер 4 рет ҰБТ-ге қатыса алады. сізден сұрайтыным, қаңтар айында өткізілген ақылы тестілеуге қызым қатысқан болатын. Сертификат алды 43 балл. Осы сертификат арқылы сіз басқарып отырған университеттің ақылы бөліміне дефектолог мамандығына қабылдана аладыма?
Жауап:
Құрметті ата-ана!
Университетіміздегі «Дефектология» мамандығының ақылы бөліміне оқуға тапсыру үшін ҰБТ-ның шектік балы 60-тан төмен болмауы керек. Сұрағыңызға рахмет!
31-01-2019 22-51-53
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 854 Сәлеметсіз бе, құрметті Такир Оспанович! Абай атындағы ҚазҰПУ мен Польша Республикасы, Пшасныш қаласындағы Лингистикалық-Теxникалық университеттерінің арасындағы келісімшартпен маған, Тулешова Сауле, филология, екі шетел тілі мамандығының 3-курс студенті, бакалавр, қос дипломды бағдарламамен оқуға ұсыныс жасады. Қос дипломдық бағдарлама бойынша оқуға баратын студенттерге жол шығындары, тұрғын-үй және оқу ақысы Абай атындағы ҚазҰПУ-нің мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқып жатқан студенттері үшін бөлетін қаржысы есебінен өтледі ме?
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Қос дипломдық бағдарлама бойынша білім алуға студенттер өз қаражаттары есебінен баруына болады. Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпаратты Халықаралық бағдарламалар мен ынтымақтастық бөлімінің қызметкерлерінен алуыңызға болады. Байланыс телефондары: 291-36-92, 291-12-45. Сұрағыңызға рахмет!
31-01-2019 20-23-58
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 853 Сәлеметсіз бе! Менің сұрайын дегенім магистратурада негізгі шәкіртақы көлемі н3530 теңге, неге бізге ай сайын 52995 теңге түседі? Сол сұрақ барлық магистрантты мазалайды, бірақ не үшін екенін білмейміз! 535 теңге көлемінде не үшін ұстап қалады?
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Студенттік кәсіподақ ұйымының ұжымдық келісім-шартына сәйкес шәкіртақы мөлшерінің 1% кәсіподақ жарнасына алынып отырады.
Сұрағыңызға байланысты толық ақпарат алу үшін Қаржы-экономикалық департаментінің қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-79-36, 291-37-54.
31-01-2019 17-07-47
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 852 Құрметті ректор мырза! Шәкірт ақымызды, сонғы кезде көп кешіктіретін болдыңыздар неге ар айдын 20 нан кешіктірмей беруге болмай ма? Ел басы айтып өткендей, жастар жылы биыл, басқа бөліп бермесеңіздерде мемлекеттің берген шәкірт ақысын уақытында беруіңізді сұраймыз.Жастардың атынан ұсыныс.
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Мемлекеттік грант иегерлеріне шәкіртақының берілуі сессия қорытындысына байланысты болғандықтан, қаңтар айындағы шәкіртақы кешіктіріліп берілді.
Шәкіртақы әр айдың соңына дейін міндетті түрде беріледі. Ұсынысыңызды ескереміз. Рахмет!
31-01-2019 10-56-34
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 851 Құрметті ректор мырза!
Сізге айтар өтінішім, университет оқытушысы Намазбаева Ж.И. сабақ барысында докторанттарға өзінің оқылықтарын белгілі бір бага (5000 тг) қоя отырып сатады. Бұл бірінші рет орын алып жатқан жағдай емес, сұрастыра келе Намазбаева Ж.И. докторанттардың қорғалуға шығуы алдында, міндетті түрде оған келіп кетуін және бірнеше оқулықтардың сатып алуын ұсынатынын білдік.
Еліміздің ұлттық жоғары оқу орынында бұндай жағдайлардың орын алуы шектен тыс деп ойлаймын. Сол себепті, өтініш, бұл мәселені өзініз қолға алып, шешуіңізді сұраймын.
Рахмет!
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Шағымыңыз бойынша арнайы комиссия құрылып, тексеріс жүргізіледі.
30-01-2019 20-25-29
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 850 Салеметсиз бе ректор мырза!
Университетимизде акылы болимде окитындарга жол акасы тусема?
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Мемлекет тарапынан ақылы бөлімде оқитын білім алушыларға жол ақысына берілетін төлемақы қарастырылмаған. Сұрағыңызға рахмет!
30-01-2019 16-49-15
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 849 Салеметсизбе! Менин сурайын дегеним биыл сонгы жылым. Менде жабылмаган сабактарым 10 кредит болып тур екен(5сабактан). База ашылыпты бирак барлык кредиттарды жаба алмайсын тек 8 кредитти жабу мумкиндигин бар деп айтты. Сонда бир сабагымды кашан жабамын соны тусинбей отырмын.
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Сұрағыңызға байланысты өтінішіңізді жазып, институт директорына немесе Оқу ісі жөніндегі проректор Асан Адасбекұлы Сәтмырзаевқа жолығыңыз. Байланыс тел.: 293-81-53.
30-01-2019 15-40-02
Басқа
Сұрақ қоюшы: Докторант Сұрақ № 848 Курметти ректор мырза!биздин неге шакирт акы берилмей жатыр?Биыл жастар жылы, шакирт акыны уакытысында ягни, ар айдын 20 на дейн берилсе?Екинши сурагым, жастар жылына орай жас окытушыларга кандайда бир уй алуга комектериниз тиедиме?Ешкандай комек болмаса сизден жалпы жастардын атынан шакирт акыны корсетилген уакытта беруинизди сураймыз.Сиздер жаксы билесиздер,докторанттарды занды штатка жумыска алмайды,сол себепти ескеруинизди сураймыз.рахмет
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Мемлекеттік грант негізінде оқитын білім алушыларға шәкіртақы сессия қорытындысына сәйкес берілетіндіктен, қаңтар айындағы шәкіртақы кешіктіріліп берілді.
Жастар жылында Университет тарапынан жастарымызға білім және ғылым, әлеуметтік жағынан қолдау көрсетіліп, жоспарланған бірқатар жұмыстар жүзеге асырылады. Ұсынысыңызды міндетті түрде ескереміз. Сұрағыңызға рахмет!
29-01-2019 22-43-50
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 847 Салеметсизбе Такир Оспанулы! Аралык бакылау кезинде мемлекеттик шакиртакыга 1-балл жетпи калды. Сизге уакытынан кеш жазып отырмын дегенимен уакытында барынша арекет жасадым болмайды деп кайтарып жатты. Ел басымыздын 2019ж "Жастар жылы" деген жолдауы маган серпилис берди,кишигирим болсада умит отын жакты. Сизден отинишим 1-балл косып бере аласызба мемлекеттик шакиртакы алума! Рахмет сизге!
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Сұрағыңыз бойынша өтінішіңізді жазып, Оқу ісі жөніндегі проректор Асан Адасбекұлы Сәтмырзаевқа жолығыңыз.
28-01-2019 06-22-04
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 846 Құрметті ректор мырза, бітпейтін шағым, өтініш, сұрақтардан шаршаған шығарсыз. Жай біріншіден сізге алғыс айтайын. Үлкен рахмет сізге. Менің бірінші курсымнан бастап ректор болмағаныңыз қандай өкінішті. Мейлі бітіріп кетсем де, университетімізді одан әрі көркейтіді деп семенін. Жақсы игі бастамалар одан әрі жалғасын табады деп сенемін.
.
Енді өтініш: Болашақ мұғаліммін. 4-жыл оқыдым, қазір мектепте тәжірибеден өтіп жатырмын. Бірақ өкінішті жағдай, мамандық бойынша беретін пәніме қатысты сабақты тек 1 курстың 1-семестірінде ғана оқыдық. Ары қарай тереңдетілген ғылыми сабақтарды, және ауызша түрлі сабақтарды оқыдық. Бәрі стандарт бойынша, білеміз, бірақта біз болашақ мектеп мұғалімі ретінде, өзіміз мектепте беретін сабақтарымызды қалай беретініміз туралы университеттен өте аз білім алдық (тек әдістеме сабағы біздің болашағымызға байланысты, оны тек 6кредит оқыдық)
.
Осы жағдайды қарай отырып, сапалы мұғалім дайындау үшін, өте қиын ғылыми пәндердің орнына мектеп программасының әдістемесін тереңінен үйретуге тапсырма берсеңіз жақсы болар еді...
.
Құрметпен, барлық студенттер
Жауап:
Құрметті студент!
Қазіргі таңда орта білім беру орындары мен жоғары оқу орындарындағы білім сапасын және педагогтардың біліктілігін арттыру мәселелері қолға алынып, арнайы курстар және кәсіби білікті мамандармен тәжірибе алмасу семинарлары ұйымдастырылуда.
Педагогика саласының жас маманы ретінде білім сапасын жақсарту, кәсіби мамандарды даярлау бойынша жолдаған ұсыныстарыңыз міндетті түрде ескеріледі. Аталмыш мәселеге қызығушылық танытқаныңыз үшін үлкен рахмет!
26-01-2019 12-54-31
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 844 Құрметті Такир Оспанович! Мен университетіміздің Жаратылыстану және география институтында биология 5В011300 мамандығы бойынша ақылы бөлімде оқимын. Алдыңғы семестрде барлық сабағымды А және А- бағалау шкаласы бойынша тапсырып шықтым, алдыңғы курстардағы семестр бойынша В+ 4-5 сабағым бар еді. Грантқа өтініш жазып едім, комиссия қарастырады деген еді. Комиссия шешімі қай уақытта белгілі болады? Грантқа ауысуға мүмкіндігім бар ма?
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Академиялық қарызы жоқ және оқу үлгерімі «өте жақсы» көрсеткіштеріне ие білім алушылар бос грант орындарына ұсынылды. ҚР Білім және ғылым министрлігі университет тарапынан ұсынылған үміткерлердің тізімін бекіткеннен кейін, бекітілген ішкі ережелерге сәйкес құжаттар рәсімделіп, грант иегерлеріне хабарланады.
25-01-2019 18-09-54
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 843 Саламатсыз ба ! Біздің универде 2 топтағы мүгедектерге грант қарастырылған ба ?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Университетімізде студенттеріміздің әлеуметтік жағдайына байланысты бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Жеңілдік алу үшін белгіленген тәртіпке сәйкес әлеуметтік жағдайыңызды растайтын тиісті құжаттарыңызды және өтінішіңізді институт директоратына тапсыруыңыз қажет.
Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін институт директорына немесе Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен (бас оқу ғимараты, 221-кабинет) хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-13-71.
25-01-2019 15-02-47
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Тарих және Құқық институты Сұрақ № 841 Сәлеметсіздер бе Тахир Оспанұлы! Біз Тарих және Құқық институты сізге алғысымыз шексіз! Бізге жастарға қолдау көрсетіп, осындай "Active style" шарасын ұйымдастырып, ақшалай қаржыландырғаныңызға рахмет! Жастар жылы құтты болсын!
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Бұл іс-шара Жастар жылының бастамасы ретінде ұйымдастырылды. Алдағы уақытта жастарымыздың қатысуымен өткізілетін ғылыми жобалар конкурстары мен мәдени-танымдық іс-шаралар саны артатын болады. Пікір білдіргеніңіз үшін үлкен рахмет!
25-01-2019 14-59-31
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 839 Саламатсыздар ма! Менын сурайын дегеным осы жылы 1 Курска 100% скидкамен тускен едым, сол скидканы 2жылга сактап калуга болады деген рас па? Менын баллым 3,67 болса ?
Жауап:
Құрметті студент!
Университетімізде студенттеріміздің әлеуметтік жағдайына байланысты 10%-дан 100% -ға дейін жеңілдіктер қарастырылған. Жеңілдік беру университеттің белгіленген тәртібіне сәйкес, арнайы комиссия шешімімен жүзеге асырылады. Сондықтан ағымдағы жылдың қыркүйек, қазан айларында әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды және ректордың атына жазылған өтінішіңізді директоратыңызға өткізуіңіз қажет.
25-01-2019 14-52-05
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Умбетова Динара Канатбековна Сұрақ № 838 Здравствуйте , 24.01.2019г. Весь КазНПУ им Абая ездил на Медео , где мы все провели прекрасно время. Покатались на коньках в такую чудесную погоду. Была очень уютная атмосфера ,также флешмоб был на высшем . Очень рада тому , что съездила. Почаще так нужно выезжать с университетом , ведь это очень весело и классно.
Жауап:
Уважаемая Динара. На 2019 год в КазНПУ подготовлен к реализации комплексный план мероприятий в рамках Года молодежи с активным участием студентов университета, будет организовано большое количество важных проектов, направленных на выполнение широкомасштабной программы «Духовное возрождение», которая призвана напрямую оказать воспитательно-образовательное влияние на молодежь. Спасибо за отзыв!
25-01-2019 14-36-28
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Дарханқызы Жанерке Сұрақ № 837 Сәлеметсізбе Такир Оспанович. Жастар жылының ашылуына орай өткізілген жаппай сырғанау іс-шарасын ұйымдастырғаныңызға алғысым шексіз.Жастар жылы құтты болсын!
Жауап:
Құрметті Жанерке, пікір білдіргеніңіз үшін үлкен рахмет!
25-01-2019 14-32-03
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Аноним Сұрақ № 836 Сəлеметсіз бе, құрметті Тахир Оспанұлы. Мен педагогика жəне психология институтының 1 курс студентімін. Мен 24.09.2019 күні болып өткен "Active style" атты жаппай сырғанау іс-шарасыда болып қайттым. Менің бұл күннен алған əсерім шексіз. Сізге алғысым шексіз!
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Пікір білдіргеніңіз үшін үлкен рахмет!
25-01-2019 14-14-45
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Сундетова Әсемгүл Сұрақ № 835 Құметті Таxир Оспанұлы. Мен филология және көптілді білім беру институтынын 1 курс студенті Сүндетова Әсемгүл сізге өз алғысымды білдіргім келеді. 24.01.2019 күні өзініңіздің Жастар жылына орай "Медеу" мұз айдынында ұйымдастырған алғаш іс-шараңызда болып қайттым.. ҚазҰПУ студенттерінің басын бір ортаға жиып өткізілген қызықты кештен алған әсеріміз өте ерекше және есімізде ұзақ сақталар күннің бірі болды. Студенттік өмірімізге әсерлі сәттер сыйлап, қызықты өтуіне қосып жатырған үлесіңізге үлкен алғыс айтамын. Жастар жылы құтты болсын!
Жауап:
Құрметті Әсемгүл, пікір білдіргеніңіз үшін үлкен рахмет!
Бұл іс-шара Жастар жылының бастамасы ретінде ұйымдастырылды. Алдағы уақытта жастарымыздың қатысуымен өткізілетін ғылыми жобалар конкурстары және мәдени-танымдық іс-шаралар саны артатын болады.
25-01-2019 14-12-52
Студенттен
Сұрақ қоюшы: Төлегенова Мөлдір Сабырқызы Сұрақ № 834 Құрметті Тахир Оспанұлы! Жастар жылы аясында, Сіздің бастауыңызбен жүзеге асқан, ҚазҰПУ жастарының басын қосқан, Медеу мұз айдынында күні кеше өткізілген жаппай сырғанау шарасы өте жоғары деңгейде өтті. Концерттік бағдарламамен қатар, шараның көркін қыздырған ҚазҰПУ-лықтардың көңілді флешмобы да өз деңгейінде өте керемет әсер қалдырды. Конькимен толық қамтылған студенттер шараны жақсы көңіл-күймен аяқтап, көңілді кештің куәсі болды. Оқу ордамыздың жалынды жастарының атынан сізге үлкен алғыс білдіреміз! Жастар жылында Университетіміздің беделін одан әрі биіктетер шараларда, біз- студенттер, белсенділік танытамыз! Елбасымыздың бізге артқан үкілі үмітін ақтайтын, сеніміне селкеу түсірмес, Тәуелсіз елдің талантты жастары болуға уәде етеміз!
Жауап:
Құрметті Мөлдір, тілегіңізге және ниетіңізге рахмет!
Университет тарапынан білімді, белсенді және талантты жастарға қолдау көрсетіліп, мүмкіндігінше жағдай жасалынатын болады.
25-01-2019 14-12-09
Талапкерден
Сұрақ қоюшы: Ақылжан Ұлбосын Сұрақ № 833 Такир Оспанұлы! Кеше өткізілген Медеудегі жаппай сырғанау бәрімізге ұнады! Жастар жылына деген жақсы бастама болды! Осы шаралар ізін тауып жалғаса берсе деген тілегіміз бар
Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Жастар жылына орай 2019 жылы өтетін кешенді іс-шаралар жоспары құрылып, оқу орнымыздың белсенді жастарының атсалысуымен жүзеге асырылуда. Пікір білдіргеніңіз үшін рахмет!
Барлығы: 4046