Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректордың блогына қош келдіңіз!

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
 
Ректор блогы университет студенттерімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер сұрақтарыңызды қойып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және үнемі талқылау университет басшылығының жемісті жұмысына көмектеседі.
 
Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.
 

Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

 
 
Электронды пошта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz
 
 
Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы оқу жылы бойы әр айдың 1-ші және 3-ші жұмаларында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
14-05-2019 14-55-42   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1083
Кешіріңіз. Бізге пересдача болмайды деген ееді.Неге?
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Сұрағыңыз бойынша нақты жауап алу үшін институт директорымен хабарласыңыз. 

14-05-2019 14-40-28   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1082
Добрый день!Звонила несколько раз в приемную комиссию с вопросами, специалист грубая, бросает трубку. Прошу разобраться.Имя не называет.Это секрет?
Жауап:

Здравствуйте!

Для рассмотрения жалоб касательно сотрудников приемной комиссии необходимо уточнение фамилии сотрудника.

По Вашему обращению руководителю приемной комиссии дано поручение разобраться с проверкой жалобы и устранением имеющихся проблем.  

13-05-2019 12-46-55   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1075
Сәлеметсіз ба Такир Оспанович мен 1 курс студентымін мен 1 ғимаратта оқимын мен айтқым келгені мен оқу ақша төлеп бітпей қалдым бірақ менің анам мамырдың аяғына дейін төлейміз деп қол хат жазып беріп кеткен. Оған 1 ғимараттың директоры да келісімін берген болатын бірақ сол бірінші ғимараттың ақша жайлы мәселені қарайтын Ляззат апай сессияға кіргізілмейсын деп допуск бермей жатыр мен өзім жартылай жетіммін менің әкем жоқ анам жалғыз өсіріп жатыр. Маған 25% женілдік берген бірақ ол біз үшін өте аз. Бізде бар жоғы 25%-ын төлеу керек болатын. Анамның айлығын əлі берген жоқ берсе тез арада төлейміз деп отрғанбыз бірақ 13.05.19 жылы бүгін біздің бірінші сессиямыз басталу керек бірақ маған допуск бермей жатыр бірақ по контракту біз оқудын ақшасын 2 июньға дейін төлеу керек емеспіз ба? Сол жағын қарастырып бересіз ба?
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Университетіміздің бакалавриат бойынша білім беру қызметтерін ақылы негізде көрсету туралы келісім-шартында оқу төлемақысын жазғы емтихан сессиясының басталуына дейін төлеу керектігі көрсетілген. Келісім-шартқа сәйкес оқу үрдісіндегі белгіленген талаптар бойынша төлемақының уақытылы төленуі қадағаланып, директорат тарапынан оқу ақысының төленбеу себебі көрсетілген құжат талап етіледі.

Сұрағыңызда көрсетілген мәселе бойынша институт директорына жолығыңыз. Байланыс тел.: 291-47-66.

12-05-2019 23-30-02   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Қалибек Оңалар

Сұрақ № 1074
Құрметті, Такир Оспанұлы. Ең алдымен сізге коворкинг орталық үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. Ал негізгі сұраққа келсем, бізді, студенттерді, жазбаша емтиханға 60 минут уақыт берілетіндігі кішкене қиындыққа түсіреді. Себебі 3 сұрақ үшін 1 сағат жеткіліті емес. 1-курс оқып жүргенімізде (қазір 2-курс) 1,5 сағат уақыт берілетін, бұл асықпай ойлануға, асықпай жазуға мүмкіндік беретін. 1 сағатта үлгермей қаламыз ба деген ойлмен, тез жазамыз, тез жазған сайын жазу каллиграфиясы бұзылады. Ал жақсы бағаға жазу каллиграфиясы да аз болсын үлес қосады-ау деп ойлаймын. Осы мәселеге жауап қатсаңыз, мүмкін болса шешуге тырысуыңызды сұраймын.
Жауап:

Құрметті студент!

Сұрағыңыздағы мәселе міндетті түрде қарастырылады. Рахмет!

10-05-2019 14-38-56   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1071
Кешириниз. Бирак шапагат орталыгы кашанга дейин дем алады. Рахмет
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

«Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының жұмыс уақыты сағат 9.00-дан 18.00-ге дейін, 13.00-ден 14.00-ге дейін үзіліс. Қосымша ақпарат алу үшін «Шапағат» орталығының қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291 64 97.

09-05-2019 16-33-57   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1069
Сәлеметсізбе
Сұрайын дегенім мен осы жылы колледж бітіретін едім,сіздерге жоғарғы оқу ға тапсырсам деп едім педагогика и психология мамандығына грантка түсу үшін неше балл жинау керек және тест қандай сабақтардан болады
Жауап:

Сәлеметсіз бе!
 
Колледжден кейін грантқа үміткер болу үшін ҰБТ(КТ) тапсыруыңыз қажет. Құжат қабылдау 1 сәуір-10 мамыр аралығында жүргізіледі. Егер колледждегі мамандығыңыз «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасына байланысты мамандық болса, ҰБТ-де «Педагогика және психология негіздері», «Тәрбие жұмысының теориясы мен практикасы» пәндерінен емтихан тапсырасыз. Грантқа түсуге шектік балл әр жылы өзгеріп отырады. 
 
Сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығымен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.:  8(727)291-57-68, 291-73-71, 291-87-80.
08-05-2019 18-58-53   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1067
Оқу министрінің назарына ! Абай атындағы Ұлттық педагогикалық Университетінде сұмдық жағдай болып жатыр.Жақпай еден жуушылар аула сыпырушылар,жұмысшыларды жұмыстан шығарып жатыр,Оптимизация дейді.Шаруашылық бөлімінің директоры - Султанбековпен оның көмекшісі- Саттаров ойларына келгенін істеп жатыр. 1 ставка еден жуушы - 500-600 квадрат метр еден жуу керек деп шығарып алған.Оның ішінде еңбек кодексінде ағаш еденнің квадрат метрі бөлек. Линоулемнің квадрат метрі бөлек,паркеттің квадрат метрі бөлек. Саттаровтың айтуы бойынша панель,плинтус,терезелерде кірмейді дейді. Ал оның барлығын жуғызады. Ректордың жалақы қосқаны 15000 тенге ,соншама жәй халықты қинауы дұрыс болмады. Қолға алатынымыз 44000 тенге. Барлығымыздың басымызда 2-3 кредит.Бүкіл жұмысты тындыратын сол жұмысшылар, еден жуушыларғой, неге қысқартуды қарапайым халықты қанаудан бастады.Жәй ақша алып, істемей жүрген мұғалімдерде жетеді. Директор,зам,директордан көп нәрсе жоқ.Бастықтың үстінде бастық.
Ректор соны қадағаламай не істеп отыр ?...Өңкей жұмыс білмейтіндерді зейнеткерді директор қылып отырғызып қойған. Оның көмекшісы мөлдем шаруашылықты түк білмейді. Қысқартуды солардан бастау керек. Директордың көмекшісі деген ешқашан болмаған,жалақыларыда көп болар. Кімнен көмек сұрауға болады ?Тек оқу министірімен еңбек министірі ғана көмек берер деген үміттеміз.
Құрметті Ректор,Шара қолданбасаныз біз министірліктен осы хатты жіберіп көмек сұраймыз,басқа амал қалмады. Ұжымыныз жын ойнақ қазақ болды.
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Шағымыңызда аталған мәселелер бойынша арнайы тексеріс жүргізіледі. Тексеріс нәтижесіне сәйкес тиісті шешім қабылданады.

06-05-2019 22-09-37   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1066
Салеметсизбе құрметті Такир Оспанович!
Мен 2курс химия- ағылшын мамандығында оқимын. Біздің группада 10студентпіз. Оның тек 1еуі грантта оқиды(подкурс оқып түскен). Қалған 9студент ақылы бөлімде оқып жүрміз. Біз ағылшын группасына түскен кезде грантқа ауысу мүмкіндіктерін бар деген еді. Ақылы бөлімде оқып жатырмыз.Сұрайын дегенім бізге,ағылшын группасына, грант бөлінема?
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Сұрағыңыз бойынша толық ақпаратты Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қызметкерлерінен алуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-13-71, 291-71-06. Сұрағыңызға рахмет!

06-05-2019 21-20-58   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1065
Сәлеметсіз бе? Менің қойайын деп отырған сұрағым былай біз оқу ақысының қаншасын төлегенімізді қалай нақты білуге болады. Чектердің бір екеуін жоғалтып алған едім. Интернет арқылы біле алсақ жақсы болар еді. Мен Алматы да емес едім. Рахмет !
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Оқу ақысы бойынша ақпаратты «Шапағат» студенттерге цифрлы қызмет көрсету орталығының қызметкерлерінен алуыңызға болады. Тел.: 8(727) 291-37-54. Рахмет!

06-05-2019 12-33-05   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1063
Добрый день, уважаемый Такир Оспанович!

Прошу ваше содействие, чтобы выпускной у магистрантов прошел торжественно и незабываемо по статусу Национального вуза. В прошлом году дипломы раздали в аудитории, мы были свидетелями этого и были в культурно удивлены. Вручение одно из знаменательных событий.
Жауап:

Здравствуйте, уважаемый магистрант. Спасибо за  очень важный вопрос. На данный момент идет подготовительная работа  к церемонии вручения  дипломов бакалаврам. В этом году количество выпускников составляет 1850 студентов. Вопрос вручения дипломов магистрантам в данный момент на рассмотрении.

04-05-2019 17-55-28   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1061
Здравствуйте, можно ли к вам записаться на прием ?
Жауап:

Здравствуйте!

Конечно, можно. Для записи Вам следует придти или позвонить в приемную ректора. Прием ректором  по личным вопросам осуществляется во вторник и четверг - с 15.00 до 17.00. Тел.: 291-63-39. Спасибо!

30-04-2019 17-26-10   Басқа

Сұрақ қоюшы: Иманқожаева Мәдина Сейсенқызы

Сұрақ № 1058
Қайырлы күн, құрметті Такир Оспанович! Біз Математика, физика және информатика институтының 6М011100-Информатика мамандығы бойынша магистранттарымыз. Бізде 15.04-27.04 аралығында магистранттар, докторанттар және мұғалімдерге арналған "Білім беруді цифрландыру жағдайында мектеп информатикасын оқыту әдістемесі" атты курс өтті. Ең біріншіден, курсты жұргізген бізге өз тәжірибиесімен бөліскен МПГУ профессорына Л.Л. Босоваға алғысымызды айтқымыз келеді және де осы шараны ұйымдастырушы «Информатика және білімді ақпараттандыру» кафедрасы мұғалімдеріне және кафедра меңгерушісі Е.Ы. Бидайбековке алғысымыз шексіз. Осы өткен шарадан біз мол мағұлмат алдық, болашақта жас ұрпақты цифрландыру заманында оқытуда Л.Л. Босова бөліскен әдіс-тәсілдерді қолданамыз деп ойлаймын. Л.Л Босова тек әдіс-тәсілдерді айтып келтіріп қана қоймай мұғалімге цифрландыру заманында қандай талаптар қойылатыны туралы мол ақпарат берді. Ізгі ниетпен 6М011100-Информатика мамандығы бойынша бірінші курс магистранттары.
Жауап:

Құрметті магистранттар!

Математика, физика және информатика институтының информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы ұжымының жұмысын жоғары бағалағандарыңызға рахмет! Сіздің ұсынысыңыз міндетті түрде ескеріледі. Рахмет!

30-04-2019 17-17-10   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Бердияров Болат Амзебайулы

Сұрақ № 1057
Добрый день, Такир Оспанович!
Хочу выразить благодарность от имени магистрантов, по специальности Информатика, института Математики, Физики и Информатики, за организацию курса, с 15 апреля по 27 апреля, с профессором МПГУ, д.п.н. Людмилой Леонидовной Босовой. Вопрос, поднятый на курсе "Методика обучения школьной информатике в условиях цифровизации образования", очень своевременный, в контексте направления стандартов образования в нашей стране. Благодаря которому, мы смогли узнать новые методы, новые слова и новые возможности в образовательном пространстве других стран. Уверены, знания, полученные в данном курсе, обязательно пригодятся в дальнейшем при преподавании и в нашей научно-исследовательской работе к диссертации. Надеемся, что такие мероприятия, республиканского масштаба, в нашем ВУЗе будут проходить частенько. Такие мероприятия помогут познать новые знания, новые методы и новые взгляды для нашей деятельности. Хотим также выразить благодарность зав. кафедры Информатика и Информатизации образования Бидайбекову Е.Ы. и другим преподавателям кафедры.

С уважением, магистранты ИМФиИ.
Жауап:

Уважаемый студент!

Спасибо  Вам за то, что оценили труд сотрудников кафедры информатики и информатизации образования Института математики, физики и информатики!

Ваше предложение обязательно будет учтено. Желаю Вам удачи!

30-04-2019 11-25-21   Басқа

Сұрақ қоюшы: Университеттің Ерлер қауымы

Сұрақ № 1056
Құрметті университет басшысы Тахир Оспанұлы! Біздер, осы университеттің профессор-оқытушы Ерлер қауымы Сізді келе жатқан атаулы мерекелермен құттықтаймыз! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз! Сіздің көрегенді басшы ретінде оқу ордасы үшін атқарып жатқан әрбір ісіңізді барлық университет қызметкерлері қолдайды және шынайы ризашылығын білдіреді. Өзіңізге мәлім, жыл сайынғы "8-наурыз - Халықаралық әйелдер күніне" орай университет тарапынан әрбір әйел қызметшілерге премия түрінде сый-ақы үлестіріледі. Біздер профессор-оқытушы Ер азаматтар және оқытушылардан бөлек қызметтегі Ерлер қауымына өкінішке орай "Ер азаматтар, Отан қорғаушылар" күніне мұндай ақшалай сыйақы алынған емес. Университет қабырғасында қызмет атқарып жүрген Ер азаматтарды қолдауыңызды сұраймыз!
Жауап:

Құрметті Ерлер қауымы, келе жатқан мерекелеріміз құтты болсын!

Университет тарапынан мамыр айындағы мерекелерге орай ақшалай сыйақы берілетін болады. Сұрағыңызға рахмет!

30-04-2019 02-22-35   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1055
Сәлеметсізбе құрметті Такир Оспанұлы!
Мен сіз басқарып отырған оқу орданың, физика, математика және инфлрматика иниституның 4 курс студентімін.
Сізге сұрағым, қызыл дипломның талаптары қандай? ( біз педагогика мамамандықтары гост тапсырмағанбыз)
Жауап:

Құрметті студент!

Үздік диплом оқудың барлық кезеңінде емтиханды А, А- «өте жақсы», В-, В, В+ «жақсы» деген бағаға тапсырған, орташа үлгерім баллы (GPA) – 3,5 кем емес, мемлекеттік емтихандарды және диплом (жоба) жұмысын қорғауды А, А- «өте жақсы» бағаға тапсырған, оқудың барлық кезеңінде жазғы (қосымша) семестрді және емтиханды қайта тапсырмаған білім алушыларға беріледі.

29-04-2019 17-17-46   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Туленди Айгерим

Сұрақ № 1053
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің Математика, физика және информатика институтында «Ғылым онкүндігі»-нің шеңберінде информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасынан Есен Ықыласұлының басшылығымен және Ерболат ағай, Нұржамал Тұрашқызы, Айнұр Есенғазиевна, Шырын Тілеубергеновна, Гүлнар Сатыбалдиевна және Индира Тойшыбекқызының ұйымдастыруымен институтымызда 11.04.2019ж. “робототехникадан” 3-курс студенттері арасында алғаш рет «Цифрландырылған ғылым-білім» атты интеллектуалдық сайыс өтті. Бұл сайыс 3 кезеңнен: бірінші топтардың өзін – өзі таныстыруынан, және «ROBOT-BATTLE» атты роботтар сайысынан және үшінші «Әл-Фарабиден цифрландыруға дейін» атты сұрақ жауап сайысынан тұрды. Жарысқа 6 команда қатысты. Информатика мамандығынан Нурланбек ағайдың жетекшілігімен SMART DREAMS тобы; Информатика ағылшын тобы мамандығынан Қайсар ағайдың топтық жетекшілігімен KEY ТO LIVE тобы; Ақпараттық жүйелер мамандығынан Абишев Нубол және Қайрат ағайдың жетекшілігімен TRANSFORMERS тобы; Математика мамандығынан Бақтыгерей ағайдың жетекшілігімен МАТЕМАТИКТЕР тобы; Кәсіптік оқыту мамандығынан Қамбар ағайдың жетекшілігімен KINEZISТ тобы; Физика мамандығынан Алтынбек ағайдың жетекшілігімен ТУРБО топтары қатысты. Бас жүлдені Нұрланбек ағай жетекшілік еткен Информатика 162 мамандығының SMART DREAMS тобының студенттері алды. Жарыс өте қызықты және әділ өтті. Бәріміздің сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, осы «Цифрландырылған ғылым-білім» атты интеллектуалдық сайысты ұйымдастырып отырған ұлағатты ұстаздарымызға алғысымыз шексіз. Алдағы уақытта тағы осындай жарыстар ұйымдастырылып отырса студенттердің робототехникаға деген қызығушылыға арта түседі деген сенімдеміз.
Жауап:

Құрметті Айгерім!

Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының қызметкерлеріне жолдаған алғысыңыз үшін рахмет!

Ұсынысыңыз  міндетті түрде ескеріледі.

29-04-2019 16-03-08   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Мұстафаева Назерке Махмұтқызы

Сұрақ № 1052
Қайырлы күн құрметті Такир Оспанович!
Мен аталмыш білім ордасында 1 - ші курс информатика мамандығы бойынша магистрантпын. Бізде
15.04- 27.04 аралығында білім алып жүрген білім ошағына арнайы өз тәжірибесімен бөлісуге МПГУ Ресейден келген профессор Л.Л.Босованың жүргізген семинары мен аранайы ұйымдастырылған Республикалық семинардан үйренгеніміз көп болды. Осы орайда, біздер, яғни болашақ жас ұрпақты цифрлы Қазақстанға еңбек етуге ,жас ұрпақты үйрету мен өз өмірлерінде қолдануға аянбай еңбек етеміз деп сенемін. Сондай- ақ осындай үлкен іс- шараны ұйымдастырған «Информатика және білімді ақпараттандыру» кафедрасы мұғалімдеріне және кафедра меңгерушісі Е.Ы. Бидайбековке алғысымыз шексіз. Ізгі ниетпен 6М011100-Информатика мамандығы бойынша бірінші курс магистрант Мұстафаева Назерке
Жауап:

Құрметті Назерке!

Математика, физика және информатика институтына қарасты кафедра қызметкерлерінің еңбегін бағалап, алғыс білдіргеніңіз үшін үлкен рахмет!

27-04-2019 11-58-07   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1050
Құрметті Ректор мырза! Сізді мықты менеджер ретінде Білім және Ғылым министрлігіндегі, МАБ басқару кезеңіңіздегі қызметтеріңіз арқылы білемін! Өтініп сұрайтыным 1 курстың жазғы сессиясы кестесінің өзгеріп кетуі қынжылтуда, біз алыста (Маңғыстау облысынын ауданынан)тұратын балаларымыз үшін алдын ала арзан билет алып қойғанбыз. Енді аяқ асты кесте өзегереді деген хабарды ауызша баларымызға ескерткен ,бірақ нақты академиялық кесте шықпай тұр.Сондықтан қайтадан билет алуға кедергі келтіруде, ұшақтың билеті қымбаттады ,поезбен уш күн жүріп келеді. Балам бар мүмкіндігін пайдаланып повышенная стипендияда окып жүр.Осы жайттарды ескере отырып алыс облыстардың балаларына сессияны бұрынғы кестемен тапсыртып, жіберуіңізді өтінемін!Алдын ала Рахмет!
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Билет алып қойған білім алушыларға емтиханды арнайы кестемен тапсыруға рұқсат берілген. Билетті қайта тапсырудың қажеті жоқ.

Сұрағыңыз бойынша Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековпен хабарласуыңызға болады. Тел.: 291-13-71. Сұрағыңызға рахмет!

26-04-2019 16-33-49   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Турсынова Сания

Сұрақ № 1049
Добрый день! У меня вопрос касающийся срока справки, которую я предоставляю для получения гос. пособия, так как я сирота. Гос. выплата прекращается на 3 месяца за лето, из за того, что срок справки с места учебы лишь до мая месяца. Можно ли отметить в справке и летний период, так как и летом мне нужно получать деньги. Спасибо.
Жауап:

Здравствуйте!

Вы можете написать заявление и принести его лично или отправить на электронный адрес Цифрового центра обслуживания студентов «Шапағат». Для получения подробного ответа Вам следует связаться с сотрудниками центра «Шапағат». Контактные данные: ул.Казыбек би, 30, тел.: 291-64-97, e-mail: centr.shapagat@mail.ru. Спасибо за вопрос.

26-04-2019 16-28-30   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1048
Здравствуйте! Я получаю гос. пособие, так как семья моя считается потерявшей кормильца. Но так как университет не выдает справки в летний период, платеж пособия прекращается на 3 месяца. Можно ли удленить срок справки, так как и летом мне нужна выплата. Спасибо.
Жауап:

Здравствуйте!

Вы можете написать заявление и принести лично или отправить на электронный адрес Цифрового центра обслуживания студентов «Шапағат». Контактные данные: ул.Казыбек би, 30, тел.: 291-64-97, e-mail: centr.shapagat@mail.ru. Спасибо за вопрос.

Барлығы: 4042

« перв. ... < пред. ...  154  155  156  157  158 159  160  161  162  ... след. > ... посл. »

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Сәуір, 2024
10
Наурыз, 2024
5
Ақпан, 2024
20
Қаңтар, 2024
11
Желтоқсан, 2023
21
Қараша, 2023
19
Қазан, 2023
17
Қыркүйек, 2023
25
Тамыз, 2023
39
Шілде, 2023
29
Маусым, 2023
60
Мамыр, 2023
41
Сәуір, 2023
49
Наурыз, 2023
22
Ақпан, 2023
42
Қаңтар, 2023
68
Желтоқсан, 2022
55
Қараша, 2022
50
Қазан, 2022
62
Қыркүйек, 2022
52
Тамыз, 2022
33
Шілде, 2022
32
Маусым, 2022
49
Мамыр, 2022
139
Сәуір, 2022
64
Наурыз, 2022
45
Ақпан, 2022
46
Қаңтар, 2022
57
Желтоқсан, 2021
29
Қараша, 2021
43
Қазан, 2021
70
Қыркүйек, 2021
75
Тамыз, 2021
109
Шілде, 2021
79
Маусым, 2021
62
Мамыр, 2021
69
Сәуір, 2021
74
Наурыз, 2021
47
Ақпан, 2021
42
Қаңтар, 2021
68
Желтоқсан, 2020
61
Қараша, 2020
62
Қазан, 2020
42
Қыркүйек, 2020
48
Тамыз, 2020
57
Шілде, 2020
81
Маусым, 2020
88
Мамыр, 2020
65
Сәуір, 2020
86
Наурыз, 2020
57
Ақпан, 2020
37
Қаңтар, 2020
28
Желтоқсан, 2019
47
Қараша, 2019
72
Қазан, 2019
70
Қыркүйек, 2019
61
Тамыз, 2019
88
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений