Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректордың блогына қош келдіңіз!

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
 
Ректор блогы университет студенттерімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер сұрақтарыңызды қойып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және үнемі талқылау университет басшылығының жемісті жұмысына көмектеседі.
 
Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.
 

Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

 
 
Электронды пошта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz
 
 
Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы оқу жылы бойы әр айдың 1-ші және 3-ші жұмаларында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
06-06-2019 22-27-25   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1163
Здравствуйте! Хотела уточнить: мы из Актобе,хотим подать заявление на учебу в Ваш университет на факультет "Музыкальное образование".Два творческих экзамена будут проходить с 8 по 13 июля 2019 года, а сдача КТА с 17 по 20 августа. Где нам сдавать КТА, можно ли сдать его в Актобе, если да, то какова процедура, ведь при подачи заявления на творческий экзамен требуется оригинал аттестата и на КТА тоже требуется оригинал, или можно сдать творческий экзамен и КТА в своем городе, а потом обратиться к Вам в университет о принятии на учебу, приложив выписку из ведомости. Если у Вас перевод с университета имени Жубанова с факультета музыкальное образование в Ваш университет на схожий факультет музыкальное образование и каков порядок.Пожалуйста, ответьте срочно и подробно, потому что времени осталось мало.
Жауап:

Здравствуйте!

Для получения подробного ответа по данному вопросу Вам следует обратиться к сотрудникам Центра профориентационной работы и приема обучающихся КазНПУ им. Абая. Контактные данные: +7 (727) 291-57-68, 291-73-71, WhatsApp,SMS - 8 775 189 9959, 8 775 140 7204, 8 775 413 7497. Спасибо!

06-06-2019 20-26-24   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1162
Курметти ректор мырза. Калыныз калай? Мен 1ши курс студентимин. Сизге бир отинишим бар. FX алган сабактан пересдача 07.06.2019 болады деп деканаттан ескертилген болатын. Сол себептен 11 маусым кунге пойызга билет алып койган едим. Енди бугин пересдача 14 маусым куни болады деп отыр. Осыган байланысты не истеримди билмей отырмын. Хотя бы 11не пересдача болса деген отинишим бар. Группадагы баплык балалардын басында осындай жагдай болып отыр. Рахмет.
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Сұрағыңыз бойынша Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековке (Бас оқу ғимараты, 221 каб.) жолығыңыз. Сұрағыңызға рахмет!

06-06-2019 13-12-32   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Kalbinur

Сұрақ № 1161
Салеметсізбе ?сіздердің универде қандай жеңілдіктер бар мысалы шет елдің азаматтарына немесе ағылшын курстарына барған сертификаттарын алып баргандарга тб сол сияқты?
Жауап:

Құрметті талапкер!

Білім алушыларға университет тарапынан бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Жеңілдіктер туралы ақпараттармен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: http://kaznpu.kz/docs/obrazovanie/Skidka_kaz_2019.pdf.

Сұрағыңыз бойынша қосымша мәлімет алу үшін қабылдау комиссиясының қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: +7 (727) 291-57-68, 291-73-71, WhatsApp,SMS - 8 775 189 9959, 8 775 140 7204, 8 775 413 7497. Рахмет!

06-06-2019 13-00-35   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1160
Сәлеметсізбе, Тахир Оспанұлы, мен сіздің қабылдауыңызға жазылайын деген едім. Бүгін 06.06 сағат 15:00ге. Мүмкін бе?
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Әрине, жеке сұрақтарыңыз бойынша қабылдауыма келіп немесе телефон арқылы жазылуыңызға болады. Байланыс тел.: 8 (727) 2916339.  

06-06-2019 10-54-17   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1159
Құрметті ректор мырза, неге сіздің жұмыскерлерініңыз обедке 12-ден бастап, ал үйлеріне 17:00-ден бастап кетіп қалады? Қашан главный корпусқа барсам, сол.Қол қойтыруға документтерді 12-ден кете апарсаң, обедке кетіп қалды дейді, сөйтіп 2 сағат күтуге тура келеді. Жұмыс уақытында стол жасап, туған күндерін тойлап жатады. Осы мәселені қолға алсаңыз. рахмет
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Шағымыңызда аталған мәселелер бойынша тексеріс жүргізіледі. Алдағы уақытта құрылымдық бөлім жұмыстары Әкімшілік департаменті тарапынан қадағаланатын болады. Сұрағыңызға рахмет!

06-06-2019 10-31-33   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1158
Құрметті Тахир Оспанович, біздің университетте қашықтықтан оқу бар ма? Болса толық мәліметті қайдан ала аламын? Бағасы қанша?
Жауап:

Құрметті талапкер!

Университетіміздің қашықтықтан білім беру бағдарламаларымен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: http://dis.kaznpu.kz/.

Қашықтықтан білім беру бағдарламасы бойынша ақпарат алу үшін Біліктілікті арттыру және қашықтықтан білім беру орталығының немесе қабылдау комиссиясының қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: +7 (727) 392-22-22, 291-57-68, 291-73-71, WhatsApp,SMS - 8 775 189 9959, 8 775 140 7204, 8 775 413 7497.

05-06-2019 20-05-59   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1157
Сәлеметсізбе, Такир Оспанұлы?! Біздің кафедра мұғалімдерінің жасы үлкендігінен, универ жүйесін дұрыс қолдана алмауынан қазір толық 1 ші курс зардап шегіп отырмыз. Бізге 2 семестрдің 2ші аралық бақылауында апайымыз қателесіп 180-170 баллдарын қойып қойған. Яғни, СРСП ге бөлек және кәдімгі сабаққа бөлек қойып ол біздің универ жүйемізге 0 болып түсті. Соңын кесірінен толық 1ші курс жазғы оқуға қалып қойды. Сессиямызды тапсырдық (бізде практика жүзінде сессиямыз). Бірақ емтиханның базасы ашылмайды, 2 ші аралық бақылаудың баллы қойылмағаннан кейін. Сол мұғалімнің кесірінен біз жазда қайтадан келгіміз келмейді.
Мен грантта оқимын. Апайдың қателігінен мен стипендиямнан айырылғым келмейді. Оның үстіне өзім квотамен түскен болатынмын оқуға.
Сол жағын қарастыруды өтінеміз!
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Шағымыңызда көрсетілген мәселе басшылық тарапынан тексеріліп, қадағаланатын болады.

05-06-2019 19-15-53   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Сотрудники университета

Сұрақ № 1156
Добрый день Такир Оспанович! Сегодня прочитали в новостях tengrinews.kz.Управление социального благосостояния города Алматы с июня повысят зарплату работникам бюджетной сферы. В целом зарплата вырастет до 30%. Больше всего повышение коснётся работников сферы образования. Хотим узнать, поднимут ли нам лаборантам и инспекторам зарплату? Спасибо!
Жауап:

Здравствуйте!

Касательно зарплаты: с министерства образования и науки РК пока на эти цели не выделено денежных средств. Нашим сотрудникам подняли зарплату в январе текущего года. С июня повысят зарплату работникам школ и детских садов. Спасибо за вопрос.

05-06-2019 18-28-24   Басқа

Сұрақ қоюшы: Гульнара Садыкжановна.

Сұрақ № 1155
Здравствуйте. В 1994г. Моя одноклассница Иванова Оксана Борисовна 1967г.р.окончила Университет. Как получить из архива подтверждение(дубликат диплома)(в связи утерей)? Она живёт в России(возможности приехать сюда нет). Фото диплома имеется.Надеюсь на скорый ответ. Спасибо.
Жауап:

Уважаемая Гульнара Садыкжановна! Для получения архивной справки на имя Оксаны Ивановой Вам следует связаться с сотрудниками архива КазНПУ. Контакты: 291-84-04.

05-06-2019 07-31-47   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1154
Здравствуйте. Я студент 1 курса и у меня по 2 урокам "лето" и хотел бы узнать, можно ли сдать эти задолженности после2 или 3 курса?
Жауап:

Здравствуйте! По данному вопросу свяжитесь с директором Вашего института либо с сотрудниками Департамента по академическим вопросам.

04-06-2019 22-46-05   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1153
Бүгінгі жиналыста айтқан ойларыныз тиянақты. Маған ұнады! Жомарт. Кафедра ИиИО.
Жауап:

Құрметті Жомарт, пікір білдіргеніңіз үшін рахмет!

04-06-2019 18-16-05   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1152
Саламатсызба Тахир Оспанұлы. 1-курс Магистрантпын.Елбасымыздың басшылығымен биылғы жылды "Жастар жылы" деп атап жатырмыз. Жастар жылында жастарға қолдау қөшемет көрсетіп жатқаныңызды да университет студенттері мақтана айтып жүр. Емтихан кезінде проходной бағаны аламай қалған студент қайта тапсыру құқығына ие болады, бұл жақсы әрине.Ал емтиханды ойдағыдай тапсырып шәкіртақыға 1-балл жетпи қалған студенттерге неге көмек қарастырмадыңыздар.Сіз қарастырған боларсыз бірақ қол астыңызда жұмыс жасап жатқан кісілерден рұқсат аламай қаншама студент қалып қойып жатыр.1-балл жетпей тұрған студент және магистранттарға Жастар жылы қарсаңында қолдау көрсетсеңіз сізге алғысымыз шексіз болары анық.Жастардың еңсесін түсірмейік!
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Сұрағыңызда көрсетілген мәселе бойынша жауап алу үшін оқу ісі жөніндегі проректор Асан Адасбекұлы Сәтмырзаевқа жолығуыңызды сұраймыз. Рахмет!

04-06-2019 16-36-57   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1151
Сәлеметсіз бе! Менің сұрайын дегенім 1 ші курста қызым 1 сабақтан(4 кредит) өте алмай жазға қалған. Қазір 2 курсты аяқтады. Соны енді тездетіп төлеп оқыңыздар деп жатыр екенсіздер. Біз Маңғыстауда тұрамыз алдын ала билет алып қойғанбыз. Соған қол хат немесе арыз жазып келесі жылы тапсырсақ бола ма?
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Курстан курсқа өтуге қажетті орташа балл (GPA) жеткілікті болса, шалғай жақтан келгеніңізді ескеріп рұқсат беруге болады. Өтінішіңізді жазып, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы Жанбековке жолығуыңызға болады.

04-06-2019 14-22-05   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1149
Сәлеметсіз бе Таxир Оспанович сізге қояр сұрағым,ректорский грантқа қалай іліксе болады оған қандай да бір арыз жазу керек пе?
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Грантқа қатысты мәселелер тек білім алушылардың өтінішінің негізінде қарастырылады. Ректор гранты және оның талаптары туралы толық ақпарат алу үшін директорат немесе Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қызметкерлеріне жолығуыңыз қажет. Рахмет!

03-06-2019 16-40-46   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Өмірзақ Асылхан Асылбекұлы

Сұрақ № 1148
Құрметті Такир Оспанұлы! Сізге «Жаңашамалған ауылдық округі әкімі аппаратының» атынан алғысымды білдіргім келіп жазып отырмын. Сіз басқарып отырған университеттің «Тарих және құқық институтының» студенттері округімізге қарасты Тұрар ауылында тұратын көмекке мұқтаж, көпбалалы отбасына «Балаларды қорғау күні» мерекесіне орай ұйымдастырылып жатқан қайырымдылық акциясына атсалысып, азық-түлік себеттерімен қоса балаларға ойыншықтар және қаржылай көмегін жасап кетті. Біздің қазақта «Жақсының жақсылығын айт-нұры тасысын» демекші осы студенттеріңіздің атқарған игі істері сіздердің өнегелі тәрбиелеріңізбен жол сілтеулеріңіз деп білемін. Көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету мақсатында атқарылып жатқан барша игі іс-шараларыңыз үшін мың алғыс алғысымды білдіремін.
Жауап:

Құрметті Асылхан Асылбекұлы!

Студенттеріміздің игі істерін бағалап, алғыс жолдағаныңыз үшін Сізге көп рахмет!

03-06-2019 16-16-17   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1147
Құрметті Такир Оспанович. Мен осы университетте жұмыс істеп жүргеніме 10 жыл болды. Қазіргі таңда магистратура оқуыма байланысты 0,5 қосымша штатта жұмыс істеп жүрмін. 30 мамыр күні "Нұрлыжер"мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясындағы ұсынылған сатып алу құқығымен арендалық пәтер алу кезегіне тұруға құжаттар өткізіндер деді. Барлық құжаттарды жинап, өткізуге алып келген кезде қосымша штаттағы қызметкерлердің іс-құжаттары қабылданбайтының айтты. Себебі совместитель болып қызмет атқаруыма байланысты құжаттарым қабылданбайды екен. Құрметті Такир Оспанұлы, мен 2 баламен пәтер жалдап тұрамын. Не себепті совместитель қызметкерлердің құжаттарын қабылдамай отыр? Сізден өтініп сұраймыз, сіздің тарапыныздан құжаттарымызды қабылдауға рұқсат берілсе екен.
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына құжаттарды қабылдау Білім және ғылым министрлігінің талаптарына сәйкес жүргізілді. Қосқызметтік бойынша жұмыс жасайтын қызметкерлерден әлеуметтік жағдайларына байланысты жалғыз басты ана немесе асыраушысы жоқ екендігін растайтын құжаттары бойынша қабылданды. Барлық құжаттар 2019 жылдың 1 мамырына дейін өткізілді. 

03-06-2019 11-11-41   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1146
Добрый день, уважаемый Такир Оспанович!

Я магистрант выпускающего курса Бағдатұлы Мұхамед, на днях стал обладателем Президентской стипендии среди всех магистрантов университета, по итогам наивысшего GPA балла. Уже получил саму стипендию и был приятно удивлен.
Хочу выразить Вам и Жанбекову Х.Н. огромную благодарность за честное, объективное присуждение данной стипендии. Не смотря на то, что меня официально еще вуз не поздравлял, для меня лично это огромное достижение!
Жауап:

Уважаемый Мухамед, поздравляю Вас с присуждением Президентской стипендии. Благодарим за приятный отзыв, это прежде всего Ваше достижение. Удачи и новых успехов в учебе! 

02-06-2019 17-42-28   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Жазира Өтесбай

Сұрақ № 1145
Сәлеметсіз бе, Такир Оспанович! Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетенде оқып жатқаныма биыл алтыншы жыл. Сізге студенттерге көрсетіліп жатқан қолдауларыңыз үшін, университетімізде болып жатқан өзгерістер үшін алғысымыз шексіз. Алайда, әлі күнге дейін кейбір қызметкерлер студенттерге қалай болса солай қарауын тоқтатар емес. Айтпайын десең, тағы болмайды, бәрі де университетіміздің жақсаруы үшін, себебі қызметкерлер де студенттерге қатты ықпал етеді. Өткен апта Бас ғалым хатшы Сарсенбаева Ж.А.-ға магистрлік тақырбымның өзгеруіне байланысты выпискаға қол қойдыртуға бардым. Оның өзі бірнеше күнімді алды, бәрі көмекшінің базаны дұрыс тексермегенінен, неге ерінеді екен деп қаласың кейде, қызметі сол емес пе деп. Онымен қоймай, бір ақпарат алғын келсе айқайлай салады, дұрыс түсіндіріп анық ақпарат айтуға да ерінеді. Бірақ, қатты ренжіткені олардың есіктерін кілттеп отыратыны. Неге бас ғалым хатшы телефонмен сөйлескісі келсе көмекшісі сыртта күтіңдер деп есікті кілттей салады? Неге көмекшісі ішке кіргізбей өзі сыртқа шығып, ішке кірсе қайта есікті кілттеп кіреді? тіпті қағазымызды бергеннің өзінде тек есіктен қолын шығарып береді де қайта есікті кілттеп алады? неге есікті ашқанда да бұлднып ашады менің түсінбегенім. Университет қызметкерлерінің осылай есікті кілттеп отыратындығымен бірінші рет тап болып отырғаным. Болашақта, университет білім алушыларына осындай суық қарым-қатынас болмайды деген сенімдемін. Рахмет
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Шағымыңыз бойынша түсініктеме алынды. Алдағы уақытта бұл мәселе қайталанбайтын болады. Сұрағыңыз үшін рахмет!

02-06-2019 04-29-40   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1144
Сəлеметсіз бе Тахир Оспанұлы!
Мен ақылы бөлімде білім аламын. Менің сабақ үлгерімін өте жақсы деңгейде. Барлық емтихандарды 90 -100 деген бағаларға тапсырдым. Отбасында көп балалымыз, отбасында анам ғана жұмыс жасайды. Университет тарапынан үздік студенттерге жеңілдік қарастырыла ма? Егер ондай мүмкіндіктерім болса қайда жəне қандай құжаттар тапсыруым керек.
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Университетіміздің үздік студенттеріне және әлеуметтік жағдайы төмен білім алушыларына бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Жеңілдік түрлері мен талаптары туралы мәліметтер ресми сайтымызда көрсетілген: http://kaznpu.kz/docs/obrazovanie/Skidka_kaz_2019.pdf.  Жеңілдіктер Ережесіне сәйкес ақылы бөлімде оқитын үздік студенттер мемлекеттік білім беру грантының бос орындарына ауысуына мүмкіндіктері бар. Білім беру грантының бос орындарына арналған конкурс туралы ақпаратпен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: http://www.kaznpu.kz/kz/2010/notice/. Сұрағыңыз үшін рахмет!

02-06-2019 04-20-00   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 1143
Сəлеметсіз бе Т.О.Балықбаев оқу үлгерімінде мемлекеттік емтихан ғана 4 болса, бірақ қалғаннының барлығы 5 болса, қызыл диплом алуға мүмкіндік бар ма?
Жауап:

Сәлеметсіз бе!

Қызыл дипломға үміткерлердің оқу үлгерімінің көрсеткіші «өте жақсы» болуы керек. Сұрағыңыз бойынша толық ақпаратты директорат қызметкерлерінен алсаңыз болады. Рахмет!

Барлығы: 4046

« перв. ... < пред. ...  151  152  153  154  155 156  157  158  159  ... след. > ... посл. »

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Мамыр, 2024
4
Сәуір, 2024
10
Наурыз, 2024
5
Ақпан, 2024
20
Қаңтар, 2024
11
Желтоқсан, 2023
21
Қараша, 2023
19
Қазан, 2023
17
Қыркүйек, 2023
25
Тамыз, 2023
39
Шілде, 2023
29
Маусым, 2023
60
Мамыр, 2023
41
Сәуір, 2023
49
Наурыз, 2023
22
Ақпан, 2023
42
Қаңтар, 2023
68
Желтоқсан, 2022
55
Қараша, 2022
50
Қазан, 2022
62
Қыркүйек, 2022
52
Тамыз, 2022
33
Шілде, 2022
32
Маусым, 2022
49
Мамыр, 2022
139
Сәуір, 2022
64
Наурыз, 2022
45
Ақпан, 2022
46
Қаңтар, 2022
57
Желтоқсан, 2021
29
Қараша, 2021
43
Қазан, 2021
70
Қыркүйек, 2021
75
Тамыз, 2021
109
Шілде, 2021
79
Маусым, 2021
62
Мамыр, 2021
69
Сәуір, 2021
74
Наурыз, 2021
47
Ақпан, 2021
42
Қаңтар, 2021
68
Желтоқсан, 2020
61
Қараша, 2020
62
Қазан, 2020
42
Қыркүйек, 2020
48
Тамыз, 2020
57
Шілде, 2020
81
Маусым, 2020
88
Мамыр, 2020
65
Сәуір, 2020
86
Наурыз, 2020
57
Ақпан, 2020
37
Қаңтар, 2020
28
Желтоқсан, 2019
47
Қараша, 2019
72
Қазан, 2019
70
Қыркүйек, 2019
61
Тамыз, 2019
88
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений