Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
РЕКТОР БЛОГЫ
Казахский национальный педагогический
университет имени Абая
БЛОГ РЕКТОРА
ҚАЗ   РУС   ENG

Ректордың блогына қош келдіңіз!

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
 
Ректор блогы университет студенттерімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен байланыс орнату үшін құрылған. Сіздер сұрақтарыңызды қойып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жолдай аласыздар. Мәселелерді ашық және үнемі талқылау университет басшылығының жемісті жұмысына көмектеседі.
 
Бұл алаң біздің ортақ жұмысымыздағы көптеген мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара тиімді ақпарат алмасудың және қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды тетігі болады деп сенемін.
 

Біз кері байланыс орнату үшін ашықпыз, барлық өтініштер міндетті түрде қаралатын болады. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

 
Құрметпен,
Басқарма төрағасы-ректор
Дархан Біләлов
 
 
Электронды пошта: rector_blog@abaiuniversity.edu.kz
 
 
Ректордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы оқу жылы бойы әр айдың 1-ші және 3-ші жұмаларында сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
  • Статистика
09-08-2018 19-09-06   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 362
Мен биология мамандығы бойынша тапсырып едім жаратылыстану бағыты бойынша сырттаига орын барма сіздерді
Жауап:

Құрметті талапкер! Колледж бітірген немесе екінші жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар талапкерлер үшін сыртай бөлімге құжаттар биыл қабылданады.

09-08-2018 17-37-18   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 361
Сəлеметсіз бе ректор мырза! Менің бұл сұрағымды ескерусіз қалдырмасаңыз екен деймін!Мен биылғы жылы жазғы семестрге қалып қалған болатынмын.Кредит ақшасын төлей алмай жазғы сессияны жабу уақыты аяқталып кетті.Мен толық жетіммін,тұрмыстамын жəне аяғым ауыр.Енді сол жазғы семестрді қалай жапсам болады?4 курсқа көшірілмей қалуым мүмкін бе?Не істесем болады?
Жауап:

Құрметті студент! Сіздің қойған сұрағыңызға бұған дейін де жауап берілген болатын. Сұрағыңыз бойынша институт директорымен хабарласыңыз.

Егер директорат тарапынан оқу үрдісіне қатысты мәселеңіз шешілмеген жағдайда, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлына (221-кабинет) жолығуыңызға болады. Сұрағыңызға рахмет!

 

09-08-2018 16-40-37   Басқа

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 360
Сəлеметсізбе ректор мырза!жауабыңыз үшін алдын ала рақмет. мен сіз басқарып отырған оқу орнын 2010ж аспирантураны əдебиет саласынан аяқтаған едім.баспа бетінде ғылыми мақалаларым жарық көрген.Ғылыми жетекшім осы оқу орнынан еді.өкінішке орай ,тұрмысқа шығып,балалы шағалы боп,мен кандидаттық жұмысымды қорғай алмай қалдым.енді жалғастыруға ниет еткен едім,бірақ маған магистратураны оқисыз деді.сол уақытта бакалаврды қызыл дипломға бітірген соң бірден аспирантураға түскен едім.енді не ңстеуім керек?жалғастырғым келеді.жауап береді деген үміттемін.
Жауап:

Сәлеметсіз бе! Қазіргі білім және ғылым саласындағы заңнамаларға сәйкес магистратура бітіргеннен кейін ғана докторантураға тапсыруыңызға болады.

08-08-2018 22-58-34   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 357
Құрметті Такир Оспанұлы! Мен филология және көптілді білім беру институтының 3 - курс студенті боламын. Менің сізге қояр сұрағым, универ жүйесі бойынша біз 3 - курста сабақ уақытын таңғы сағат 8:00 де басталатындай етіп өтініш жазсақ болады ма? Деканат өтінішті қабылдауы тиіс пе?
Жауап:

Құрметті студент! Сабақ кестесі міндетті түрде әрбір курстың бекітілген уақытына сәйкес жасалынады. 

08-08-2018 20-45-20   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 356
Сәлеметсіз бе, Тахир Оспанұлы! Менің сізге қояр сұрағым осы Абай атындағы педагогикалық университетінің жатақханасы жылына қанша болады екен?
Жауап:

Құрметті талапкер! Университетіміздің жатақханаға төленетін 2018-2019 оқу жылына арналған жылдық төлем ақысы тамыз айының соңына таман бекітіледі.

Жатақханаға қатысты сұрақтарыңыз бойынша Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.: 291-83-82.

08-08-2018 11-40-15   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Акботаева Шынар

Сұрақ № 355
Здравствуйте. Моя дочь поступила на грант. Мы из г.Актобе. Хотелось узнать по поводу общежития. Смотрю, комментарии и отклики не хорошие в интернете. Насколько это правда?
Жауап:

Здравствуйте! Мы рады, что Ваша дочь стала студенткой нашего университета. 

Что касается общежитий, то в этом году проведен капитальный ремонт, созданы хорошие условия для проживания. Общежития расположены  рядом с учебными корпусами.

Места в общежитиях выделяются в первую очередь первокурсникам. 

08-08-2018 03-35-26   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 354
Сәлеметсізбе, Таxир Оспанұлы! Мен филология факультетінің 3 курс студенті боламын. Сізге қояр сауалым ректор гранты туралы болмақ. Бұл біздің университетімізде бар ма? Болған жағдайда оған қойылатын талаптар қандай? Назар салғаныңызға раxмет!
Жауап:

Құрметті студент! Ректордың гранты толық жетім білім алушылардың оқу үлгеріміне, әлеуметтік жағдайына байланысты қарастырылып, беріледі. Егер Сізде әлеуметтік жағдайыңызға байланысты жеңілдік берілетіндей анықтамалар болса, құжаттарыңызды және өтінішіңізді жылда жеңілдік беру бойынша өткізілетін комиссияға тапсыруыңызға болады.

Сондай-ақ, биыл Университетімізде білім аламын деуші талапкерлерге көптеген жеңілдіктер жасалуда. Жеңілдіктер туралы ақпарат Университетіміздің ресми сайтында (http://www.kaznpu.kz/kz/2150/page/) көрсетілген. Сұрағыңызға рахмет!

08-08-2018 01-36-14   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Raia

Сұрақ № 353
Сəлеметсіздерме.Грантты басқа қалаға ауыстыруға болады ма?
Жауап:

Құрметті Рая! Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы №19 бұйрығының 31-тармағына сәйкес «білім беру гранты бойынша білім алатын студент білім беру грантын сақтай отырып басқа ЖОО-ға ауыса алады. Жекелеген ЖОО-лар үшін бекітілген білім беру гранты бойынша нысаналы орындарға, сондай-ақ бөлінген квота шегінде педагогикалық мамандықтарға түскен студенттер басқа ЖОО-ға тек ақылы негізде ғана ауыса алады».
Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанұлына (221-кабинет) жолығуыңызға болады.

07-08-2018 20-12-52   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 351
Салеметсіз бе Тахир Оспанович Балықбаев.
Менің сізге сұрағым.Мен ҚаЗҰПу Құқықтану мамандығында ақылы түрде оқимын.Мен 1курсты үздік бағалармен аяқтадым.Осыған байланысты 2курста университет тарапынан жеңілдіктер көрсетіле ме?
Жауап:

Құрметті студент! Студенттеріміздің әлеуметтік жағдайына байланысты 10%-100% дейін жеңілдіктер қарастырылған. Ағымдағы жылдың  қыркүйек, қазан айларында  әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды және ректордың атына жазылған өтінішіңізді директоратыңызға өткізуіңізге болады. Жеңілдіктер туралы ақпаратпен Университетіміздің ресми сайтынан келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: http://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/skidka_kaz.pdf .

Ескерте кететін жағдай, егер Сіздің 1-2 курстағы бағаларыңыз тек «5» (өте жақсы)  деген баға болса,3 курста Президенттік шәкіртақыға үміткер бола аласыз. Сұрағыңызға рахмет!

07-08-2018 20-09-52   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 350
Сәлеметсіз бе,Такир Оспанович? Мен филология және көптілді білім беру институтының студенті едім. 1-курста ҰБТ-дан алған баллыма байланысты 50% жеңілдікпен оқыдым. GPA баллым жоғары. 2-курста жеңілдікті сақтап қала аламын ба?
Жауап:

Құрметті студент! Талапкерлерді оқуға қабылдау кезінде ҰБТ-дан жоғары балл жинауына байланысты қарастырылатын жеңілдік тек бірінші жылға беріледі. 2-курста оқу төлемақысына жеңілдік алуға қыркүйек, қазан айларында директоратыңызға өтініш жазып, тиісті құжаттарыңызды өткізуіңізге болады. Студенттеріміздің әлеуметтік жағдайына байланысты 10%-100% дейін жеңілдіктер қарастырылған. Жеңілдіктер туралы ақпарат Университетіміздің ресми сайтында (http://www.kaznpu.kz/kz/2150/page/) көрсетілген. Сұрағыңызға рахмет!

07-08-2018 15-26-13   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Беске Гүлнұр

Сұрақ № 349
Салеметсиз бе?Мен осы университетке түстім.Документ бойынша барғалы отырмын Шымкент қаласынан.Кандай документтер қажет?
Жауап:

Құрметті Гүлнұр! Егер республикалық конкурс негізінде біздің оқу орнымызға грантқа оқуға қабылданған болсаңыз, құжаттарыңызды қабылдау комиссиясына 25 тамызға дейін тапсыруыңыз қажет. Қабылдау комиссиясының мекен-жайы: Қазыбек би көшесі, 28. 

Оқуға тапсыруға қажетті құжаттар тізімі: жеке куәлік көшірмесі - 2 дана, аттестат немесе диплом (түпнұсқа), 063 профилактикалық егу картасы (көшерме), медициналық анықтама 086-У форма (флюорография суретімен), 3х4 көлемдегі 6 дана фотосурет, ҰБТ немесе КТ сертификаты, мекен-жай анықтамасы.

07-08-2018 11-50-47   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Мұратова Назым

Сұрақ № 346
Сәлеметсізбе Такир Оспанұлы.Менің сізден сұрайын дегенім,мен,сіздердің оқу орындарыңызға заңгер мамандығына ақылы-қазақ бөліміне түспекшімін бұйырса.Оқу ақысы қанша?Төрт бөліп төлеуге болады ма?Сіздердің қабылдау комиссияларыңыздан сұрағанымда төрт бөліп төлеуге болады деген.Жауабыңызға алдын ала рахмет!
Жауап:

Құрметті Назым! Университетіміздің «5В030100-Құқықтану» мамандығының жылдық оқу ақысы 634 000 теңге. Келісім шарт бойынша Сіз оқу ақысын төрт бөліп төлей аласыз. Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) сертификатындағы баллдық көрсеткішіңіз кем дегенде 65 болуы қажет. Сұрағыңызға рахмет!

06-08-2018 21-48-02   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 345
Сәлеметсіз бе мен осы жылы 99 балл алған едм Ентдан.таңдау панім биология химия.бірақ грантқа іліге алмай қалдм енді сіздерге түссем деп едім.Сіздерде биология пед химия пед оқу ақысы қанша.
Жауап:

Құрметті талапкер! Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Сіз таңдаған бейіндік пәндер бойынша келесі мамандықтар бар: «5В011200-Химия» (506 000 тг), «5В011300-Биология» (506 000 тг), «5В060700 – Биология» (510 000 тг).

Сонымен қатар оқу орнымызда ақылы бөлімнің білім алушыларына арнайы жеңілдіктер қарастырылған. Жеңілдіктер туралы ақпаратпен Университетіміздің ресми сайтынан келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: http://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/skidka_kaz.pdf. 

06-08-2018 19-32-34   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 344
Сәлеметсіз бе, мен 2018 жылдың түлегімін. ҰБТ-ден 106 балл жинадым. "Алтын белгі" иегерімін. Ауылдық квота иесімін.Өзім оқу үздігімін, көптеген жас ақындар мүшайраларының жеңімпазымын( республикалық емес) Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін таңдадым. ҚазҰПУ-ды екінші етіп таңдадым, бірақ түсе алмадым. Сізден сұрайын дегенім: қосымша университет бөлген грант есебінен бе немесе ректор гранты деген сияқты жеңілдіктермен сіздердің университеттеріңізге қалай түссем болады?Өтініш, осы сұрағыма жауап бересіз бе?
Жауап:

Құрметті талапкер! Оқу орнымызда ақылы бөлімнің білім алушыларына арнайы жеңілдіктер қарастырылған. Жеңілдіктер туралы ақпаратпен Университетіміздің ресми сайтынан келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: http://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/skidka_kaz.pdf.  

Сұрағыңыз бойынша нақты ақпаратты Университетіміздің Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығынан білуіңізге болады. Байланыс тел.: 291-87-80, 291-73-71.

06-08-2018 19-22-39   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 343
Әскери кафедраға биыл ҰБТ-ға қатысқан азамат құжат тапсыра аладыма?
Жауап:

Құрметті талапкер! Әскери кафедраға қатысты сұрақтарыңызға нақты жауапты 8(727) 382-27-35 телефонына хабарласып, біле аласыз.

06-08-2018 19-08-44   Ата аналардан

Сұрақ қоюшы: Жиенбаева Раушан

Сұрақ № 341
Сәлеметсізбе! менің ұлым 76 балл жинап отыр дене шынықтыру мамандығына грант барма сіздерде? Құжат тапсырудан кеш қалып отыр, өтініш көмектесіңіздерші грантқа іліктіріп жіберіңіздерші.
Жауап:

Құрметті ата-ана! Мемлекеттік білім беру грантына өтініштер 18-29 шілде аралығында қабылданды. Өкінішке орай, құжаттарды тапсыру мерзімінен кеш қалдыңыздар. Университетіміздің ақылы бөліміне оқуға тапсыруларыңызға болады. Оқу орнымызда ақылы бөлімнің білім алушыларына арнайы жеңілдіктер қарастырылған. Жеңілдіктер туралы ақпаратпен Университетіміздің ресми сайтынан келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: http://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/skidka_kaz.pdf.  

06-08-2018 18-22-34   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: құлтаева мадина

Сұрақ № 340
саламатсыздар ма сіздерде география мұғалімдікке жылына қанша?
Жауап:

Құрметті Мадина! «5В011600- География» мамандығының жылдық оқу ақысы 506 000 теңге. Оқу орнымыздың ақылы бөлімінің білім алушыларына арнайы жеңілдіктер қарастырылған. Жеңілдіктер туралы ақпаратпен Университетіміздің ресми сайтынан келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: http://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/skidka_kaz.pdf.  

06-08-2018 16-37-11   Студенттен

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 339
Сәлеметсізбе. Мен осы университеттің 2- курс студентімін. Биылғы оқу жылында қандай да бір жеңілдіктер (көп балалы ана, ата- анасы жұмыс істемейді, т.б) бола ма? Болған жағдайда қай уақыт аралығына дейін өткізу керек? Рахмет.
Жауап:

Құрметті студент! Университетімізде студенттеріміздің әлеуметтік жағдайына байланысты 10%-100% дейін жеңілдіктер қарастырылған. Жеңілдіктер туралы ақпаратпен Университетіміздің ресми сайтынан келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: http://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/skidka_kaz.pdf.  

Ағымдағы жылдың  қыркүйек, қазан айларында әлеуметтік жағдайыңызды растайтын құжаттарыңызды және ректордың атына жазылған өтінішіңізді директоратыңызға өткізуіңізге болады.

06-08-2018 16-00-40   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Аноним

Сұрақ № 338
Салеметсизбе сурайын дегеним бастауыш мұғалімінің ақылы оқығанда қанша төлейді жане де ақылы оқыған кезде жатаханада берілеме?
Жауап:

Құрметті талапкер! Университетіміздің «5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» және «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының жылдық оқу ақысы 506 000 тенге. Жатақхана шалғай аудандардан келген барлық бірінші курс студенттеріне беріледі. Сұрағыңызға рахмет!

06-08-2018 15-56-39   Талапкерден

Сұрақ қоюшы: Дюсенбаева Бибигуль

Сұрақ № 337
Здравствуйте! В программе вступительного экзамена по специальностям PhD докторантуры по специальности Дефектология остается 4 направления без изменения? По каким вопросам готовиться? Скажите пожалуйста дату проведения вступительного экзамена по специальности Дефектология. Спасибо!
Жауап:

Здравствуйте!
Программы по докторантуре PhD выставлены на сайте, и они не изменятся. 
Вопросы будут составлены по темам, включенным в программу.
Экзамены по иностранному языку будут проходить с 10 по 15 августа. Расписание вступительных экзаменов по специальным предметам будет вывешено на сайт 13 августа.
Барлығы: 3321

« перв. ... < пред. ...  148  149  150  151  152 153  154  155  156  ... след. > ... посл. »

Аты жөніңіз: *

Өтініштің барлық тармақтарын мұқият толтыруыңызды сұраймыз. Жіберуші туралы толық емес ақпаратпен жолданған электрондық нысандағы өтініштер мен анонимді өтініштер қаралмайды. Сұрақ қойған адамның деректерін (аты-жөні, электронды поштасы, телефоны) сайтта жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Егер Сіз сұрақ қою барысында есіміңіздің сайтта жарияланбағанын дұрыс деп есептесеңіз, есіміңізді жарияламау туралы белгіні қоюды ұмытпаңыз.

Е-майл:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Телефон:

Бұл өріс құпия ретінде сақталады және жарияланбайды.

Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ: *


Суреттегі кодты жазыңыз: *


Қойылған сұрақтар саны

Тамыз, 2022
10
Шілде, 2022
31
Маусым, 2022
49
Мамыр, 2022
139
Сәуір, 2022
64
Наурыз, 2022
45
Ақпан, 2022
46
Қаңтар, 2022
57
Желтоқсан, 2021
29
Қараша, 2021
43
Қазан, 2021
70
Қыркүйек, 2021
75
Тамыз, 2021
109
Шілде, 2021
79
Маусым, 2021
62
Мамыр, 2021
69
Сәуір, 2021
74
Наурыз, 2021
47
Ақпан, 2021
42
Қаңтар, 2021
68
Желтоқсан, 2020
61
Қараша, 2020
62
Қазан, 2020
42
Қыркүйек, 2020
48
Тамыз, 2020
57
Шілде, 2020
81
Маусым, 2020
88
Мамыр, 2020
65
Сәуір, 2020
86
Наурыз, 2020
57
Ақпан, 2020
37
Қаңтар, 2020
28
Желтоқсан, 2019
47
Қараша, 2019
72
Қазан, 2019
70
Қыркүйек, 2019
61
Тамыз, 2019
88
Шілде, 2019
47
Маусым, 2019
71
Мамыр, 2019
54
Сәуір, 2019
70
Наурыз, 2019
51
Ақпан, 2019
45
Қаңтар, 2019
75
Желтоқсан, 2018
87
Қараша, 2018
51
Қазан, 2018
54
Қыркүйек, 2018
77
Тамыз, 2018
105
Шілде, 2018
46
Маусым, 2018
43
Мамыр, 2018
45
Сәуір, 2018
36
Наурыз, 2018
30
Ақпан, 2018
28
Қаңтар, 2018
17
Желтоқсан, 2017
17
Қараша, 2017
12
Қазан, 2017
2
© 2017 Абай атындағы ҚазҰПУ
Besucherzahler
счетчик посещений