17-07-2021 10-45-19
From applicant
Author: Аноним Question # 5419 Құрметті Дархан Нұрланұлы! Сізге табыс тілей отырып ,айтайын дегенім мен ата-анамын. Менің Пондемия басталған кезде №5 жатақхана коменданты Нұрпашқа өкпем али қара қазандай. Балаларымыздың тапсырып кеткен заттарын дұрыс қарамағандықтан құнды заттарымыз жоғалды. Ол өзі кабинетіне кіріп алып түк жұмыс жасамайды екен.Біздің балаларымызды жұмсап соларға істетеді.Құжаттарды толтыртады. Ал ол жай отырып зарплата алып отырады. Өзінің студенттермен қарым қатынас жасай алмайды.Ұрысып,балағаттаағаннан басқа бітірері жоқ.Егер жаңа оқу жылында осы нәрсе тағы қайталанса мен оны орнынан алмай қоймаймын. Ондай мәдениеті төмен ,жалқау ,өз жұмысына немқұрайды қарайтын қызметкер керек емес. Біздің балаларымыз оның жалдамалы жұмыскерлері емес. Бір шара қолдануыңызды сұраймын. Басқада жатақханларда осы кемшіліктер кездеседі бари айтып отыр.
Answer:
Құрметті ата-ана! Шағымыңыз бойынша Инфрақұрылымды дамыту жөніндегі департаменттің басшылығына тапсырма берілді. Жатақхана қызметкеріне қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп, тексеру нәтижесіне сәйкес тиісті шешім қабылданады.
Қоғамммен байланыс орнатуда әділдік, парасаттылық және сенім үлгісі біздің қызметімізде маңызды рөл атқарады. Сондықтан жаңа оқу жылында басшылық тарапынан барлық қызметкерлер арасында этикалық қағидаларды сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады. Рахмет!
16-07-2021 09-50-51
From parents
Author: Айман Question # 5416 Сәлеметсіздер ме?! Менің қызым психологиялық тест тапсырмады. Себебі, қащақшасы жоқ таппай отырмыз. Ал орысшасын түсінбедік. Қазақшасын қалай қайндай сілтемеден алуға болады? Және бүгін тапсырсақ, сіздер соған көмектессеңіздер. Алдын ала рақмет
16-07-2021 07-20-57
From students
Author: Anonymous Question # 5415 Самы лучший универ! В плане организованности полный ноль диплом выданный 12 июля официально не можем получить до сих пор!! Стоим в километровой очереди без конца и края мало того женщина орущая на всех вся на нервах говорит что попало на эту самую очередь. Плюс ко всему обещанный КРАСНЫЙ ДИПЛОМ большей части нашей группы так и не получили так как нам говорили смотрят на балл GPA в итоге ни у кого нет красного учитывая что у многих по истории Казахстана средний балл 89 и 88. (Рк 1 + рк 2 + сессия )В свое время мы намек не поняли и из-за этого остались без красного. Так как мне на сессии снизили оценку по госу поставили 93 но потом мою оценку изменили на 91. В ходе повествования наверное вы уже поняли како намек мы не поняли
Answer:
Уважаемый выпускник! Требования к получению диплома с отличием четко прописаны в законодательных документах в области образования РК, поэтому университет при выдаче диплома с отличием опирается на тот же закон.
15-07-2021 15-47-49
From applicant
Author: Керимжанова Әсима Question # 5413 Сәлеметсіз бе мен педогогикалық тестты 28 маусым күні тапсырып, допуск алған едім бірақ сол күнгі выпискада менің аты жөнім жоқ тездетулерыңызды сұраймын
15-07-2021 01-11-26
From applicant
Author: Anonymous Question # 5411 Сәлеметсіз бе. Мен педагогикалық тестті 1шілде күні тапсырып едім. Нәтижесінде «допуск» деп тұрды, ал сол 1шілде күнгі выпискада мен жокпын. Неліктен солай? Тезарада шешулеріңізді сұраймын.
Answer:
Сәлеметсіз бе! Аты-жөніңіз бен ЖСН (ИИН) дерегіңізді 87272218514 телефон нөміріне жіберу қажет.
15-07-2021 00-54-57
From parents
Author: мендигалиева галина куановна Question # 5410 менің қызым Жұмажан Ақтілек Ғанибекқызы 1 ілдеде арнайы педагогикалық тестті тапсырып нәтижесінде допуск алғаны жөнінде спискада бар.Бірақ анықтама тізімінде жоқ неге,
14-07-2021 20-52-26
From applicant
Author: Anonymous Question # 5409 Саламатсыздар ма? 03.07.2021 ж пед.тест тапсырған едім...Нәтижеде аты жөнім бар ДОПУСК, дегенмен жүктелген анықтамада Есімім жоқ, себебін түсіндіре аласыз ба? Анықтаманы қайдан алсам болады?
Answer:
Сәлеметсіз бе! Аты-жөніңіз бен ЖСН (ИИН) дерегіңізді 87272218514 телефон нөміріне жіберу қажет.
14-07-2021 20-29-28
From applicant
Author: Шырын Мейрбек Question # 5408 Саламатсыз ба мен 06.07.2021 жылы Психолоштялық тест тапсфрғам, сіздің сайтынызда сол кунді ашып карадым докумменттен аты жонім тур допуск деп, сіздер осыған тапсырды деген сертификат алде растайтын документ бермейсіздерме???
14-07-2021 17-13-05
From applicant
Author: Мәлікұлы Рақым Question # 5407 Сәлеметсіз бе. Педагогикалық тестті 3 шілде күні тапсырып едім. Нәтижесінде "допуск" деп жазылған. Ал сол 3 шілде күнгі выпискада мен жоқпын. Сіз осы но ермен байланысума кеңес бердіңіз 291-57-68, бірақ бұл номер иесі жағдайды шеше алмайтынын,әрі тағы басқа мамандарға хабарласуымды өтінді.Тез арада шешулеріңізді сұраймын. Алдын ала рахмет
Answer:
Сәлеметсіз бе! Аты-жөніңіз бен ЖСН (ИИН) дерегіңізді 87272218514 телефонына жіберу қажет.
14-07-2021 16-38-51
From applicant
Author: Anonymous Question # 5406 Уважаемый ректор, 13 числа на онлайн-выпускном Абаева, директор института ПИП заявила, что 14 июня ВСЕ дипломы будут готовы и студенты могут прийти и забрать. Мы подошли к 9 утра и до 3 часов мы вынуждены были ждать дипломы, чтобы услышать в ответ, что они не готовы и сегодня забрать не получится. 6 часов потрачены впустую. Почему такая неорганизованность у администрации? Нам тоже пришлось брать на работе выходной, так почему мы должны были его потратить вот так, сидя в очереди и ожидая. Можно было сообщить заранее, что сотрудники не успевают, а не заставлять всех ждать на такой жаре в карантин. Почему мы должны страдать из-за того, что сотрудники администрации сделали ошибки толи в кьюар кодах, толи в именах? Сообщать нужно тогда, когда все действительно готово. Лично мне пришлось приехать из другого города. Прошу Вас, как главного руководителя, ректора, обратить внимание на эту ситуацию. Так же прошу обратить внимание на «организацию», даже сложно назвать это событие словом ВРУЧЕНИЕ онлайн дипломов. Все, что произошло на этот мероприятии, которое должно было принести нам только радость и счастье, превратилось в откровенный балаган. Во-первых, не показали фотографии выпускников кафедры педагогики и психологии, был слышен только голос, объявляющий фамилии. При соответствующих претензиях в чате зума от студентов, госпожа Абаева выставила студентов в таком свете, будто это мы не сдали вовремя фотографии, да и вообще если мы хотели нормальный выпускной мы должны были все сдать, причём, в чате студенты этих групп писали, что все было сдано вовремя. Остальные две кафедры вообще не были показаны и объявлены. Организаторы ссылались на ремонты и отключения электричества, хотя если вы были в курсе о такой ситуации в Университете, вы могли заранее позаботиться об этом и предпринять соответсвующие меры. Во всех остальных институтах все прошло хоть и печально, но это был настоящий плевок в душу. Все, что пошло дальше, более чем балаганом назвать невозможно. Когда госпожа Абаева начала отвечать на вопросы присутствующих, начался кошмар. Почему вручение дипломов превратили непонятно во что. До последнее дня КазНПУ не перестаёт подтверждать своё безразличное отношение к студентам и неорганизованность на всех уровнях. Элементарно показать презентацию не смогли, что уж говорить о том, чему вы научите будущих учителей страны.
Answer:
Здравствуйте! Ваше обращение принято к сведению. Заявляем, что мы сделаем все, чтобы избежать таких случаев в будущем. Приносим извинения за такие упущения наших коллег. В дальнейшем все презентационные данные будут отображаться широкой публике только после прохождения проверки. Спасибо за рекомендательные замечания.
14-07-2021 15-43-32
From applicant
Author: Anonymous Question # 5405 Саламатсыз ба менің сұрағым мен шығармашылық емтиханмен бірге 114 балл жинадым , менің отбасым толық емес тек анам және мен осыған байланысты , грантқа түсуге көмек көрсетіледіма ? Және ауылдық квота қосыладыма ?
Answer:
Құрметті талапкер! Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Қабылдау комиссиясы қосымша онлайн-кеңес жүргізуде. Білім беру бағдарламалары, оқуға түсу ережелері, оқу ақысы, жеңілдіктер, емтихан тапсыру және тағы да басқа сұрақтарыңыз бойынша әр институт мамандарынан онлайн-кеңес алуыңызға болады. Виртуалды қабылдау комиссиясының мамандарынан кеңес алу үшін сайтта көрсетілген сілтемеге қосылуыңыз қажет: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/2661/page/. Сұрағыңыз үшін рахмет!
14-07-2021 15-17-17
From parents
Author: Anonymous Question # 5404 Диплом алу үшін таңнан бері жүрміз. Бір уақытты айтады да қояды. ПИП бір біріне сілтеп жүгіртіп қояды.
Answer:
Сәлеметсіз бе! Институт басшылығына ескертілді. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
14-07-2021 14-59-02
From applicant
Author: Мәлікұлы Рақым Question # 5403 Сәлеметсіз бе. Педагогикалық тестті 3 шілде күні тапсырып едім. Нәтижесінде "допуск" деп жазылған. Ал сол 3 шілде күнгі выпискада мен жоқпын. Тез арада шешулеріңізді сұраймын. Алдын ала рахмет.
Answer:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының басшысы Нұрмахан Әуесбекұлына жолданды. Байланыс телефоны: 291-57-68. Рахмет!
14-07-2021 14-40-28
From students
Author: Anonymous Question # 5402 Сәлематсызба! Мен 1-курс студенті едім. Жақында карточкамды жоғалтып,онын орнына жанасын ашып едім. Енді маған степендия қалай түсетінін сурайын деп едім? Мәліметтерді жаңа картага ауыстыру қажетпе? Қажет болса мен қалай өзгерте аламын? Кімге хабарласамын?
Answer:
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Қаржы-экономикалық департаменті қызметкерлерімен хабарласуыңызға болады. Байланыс тел.:291-30-67, 291-90-12. Рахмет!
13-07-2021 17-58-11
From applicant
Author: Айнұр Жолдыбай Question # 5401 Саламатсыз ба! 1ші шілде күнгі тесттің анықтамасы қашан шығарылады?
13-07-2021 16-27-53
From applicant
Author: Аноним Question # 5400 За 29 июня не опубликаваны выписки о прохождении психологического теста как Вы пишите. Когда опубликуете?!
13-07-2021 15-47-34
From applicant
Author: Амангалиев Сабит Question # 5399 Сәлеметсіз бе Дархан Біләлов!
Біздің балаларымыз 11-шы сыныпты үздік және қызыл аттестатқа бітірді, және бірнеше олимпиада жүлдегерлері. Оқуға, өмірге, білімге деген ықыластары ерекше. Балаларымыздың қалауы Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Бастапқы әскери дайындық» мамандығы болып отыр. Себебі, мамандық «Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі» КЕМ қорытындысы бойынша соңғы 3 жыл қатарынан бірінші орын алып келген екен. Биылғы оқу жылына дейін бұл мамандықта грант болған. Шығармашылық мамандыққа тапсырылатын «Қазақстан тарихы» және «Оқу сауаттылығы» пәндері бойынша жоғары 35 балдың 32, 33, 34 балын жинап келіп отырмыз. Құжаттарымызды тапсырып, шығармашылық емтиханға дайындалып жүрген уақытымызда бұл мамандыққа Республика бойынша Грант бөлінбегенін білдік.Министр өзіңіз беріп жүрген сұхбаттардың бірінде рейтингісі жоғары университеттер мен мамандықтарды таңдау қажет деп айтқан еді. Сонда, Ұлттық рейтингте соңғы 2019, 2020, 2021 жылдары бірінші орын алып келген мамандыққа грант бөлінбегенін, қалай түсінуге болады? Сонымен қатар, бұл мамандыққа тапсырғандардың ішінде жетім және толық емес отбасынан шыққан талапкерлер де бар екен. Балалардың қалауы осы мамандық, осы мамандыққа қосымша грант бөлінгенін қалар едік. Тіпті болмаса Ректорский гранттың болғанын қалар едік.
Жауап күтуші талапкерлердің ата-анасы.
Answer:
Сәлеметсіз бе! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 2 шілдедегі №316 бұйрығына сәйкес, 2021-2022 оқу жылына мемлекеттік білім гранты білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бөлінді.
2021-2022 оқу жылында «В004- Бастапқы әскери дайындық» мамандығына Республика бойынша мемлекеттік білім гранты бөлінген жоқ. 2020-2021 оқу жылында аталған мамандыққа грант бөлінген болатын. Грант орындары мемлекет тарапынан бөлінетіндіктен, Қабылдау комиссиясының техникалық хатшылары талапкерлерден құжат қабылдау кезінде білім бағдарламаларына грант бөлінген бөлінбегенін алдын ала айта алмайды.
Ақылы бөлімде оқитын білім алушыларға университет тарапынан бірқатар жеңілдік қарастырылған. Жеңілдіктер ережесімен келесі сілтеме арқылы танысуыңызға болады: https://abaiuniversity.edu.kz/docs/postupaushim1_1/skidka_2021-22.pdf .
13-07-2021 10-36-54
From applicant
Author: Аноним Question # 5397 Когда можно получить выписку о пройденном
29 июня психологическом тесте? Нам срочно нужна эта выписка
12-07-2021 21-51-44
From applicant
Author: Аноним Question # 5396 Как получить сертификат психологического теста за 29 июня
Answer:
Здравствуйте! Результаты специального педагогического экзамена и справка опубликованы по следующей ссылке: https://abaiuniversity.edu.kz/kz/2200/page/ .
12-07-2021 15-46-52
From applicant
Author: Шөмішгүл Акбарова Question # 5394 Сәлеметсіздер ме! Құдай - ау дипломнын логотипі деген өте төмен деңгейде жасалған! Білдей - бір аты бар университет! Сәл дизайнерлермен ақылдасып, жақсы жасауға болмас па еді?
Answer:
Сәлеметсіз бе! Биылғы жылы диплом тапсыру рәсімін институттар ұйымдастырды, сондықтан мұндай түсінбеушіліктер болуы мүмкін. Бұл ескертулер туралы институт басшылығына хабарланады. Рахмет!
Total records: 4046